Түнгі ғажайып

18

 
главная                                        вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18

 



ҚОСЫМШАЛАР

 

Қауымдастық президентіне

“Профессор” атағы берілді

 

“Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының” Ғылыми Кеңесінде ғалымдар бұған дейін осы академияның негізін қалаушы және президенті З.Қожалымовтың ғылыми еңбектеріне ғылыми талдамалық баға бергендігін Ғылыми Кеңестің ғылыми хатшысы профессор С.Құрбанқожа хабардар етті. Атап айтқанда: ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа т.б. ғалымдар З.Қожалымов он жылдан аса уақытта халық шипагерлігі саласында философиялық және психологиялық зерттеу тақырыптары саласы бойынша 40-тан аса ғылыми-танымдық мақалалары ғылыми журналдарда жарияланғандығы және жеті монографиялық еңбегінің оның ішінде төрт кітабының оқулық екендігі туралы құндылығына тоқталды, жоғары баға бергендігі  айтылды. Сондай-ақ ғалымдар, зерттеуші–ғалым З.Қожалымовтың ХV ғасырдағы ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін зерттеп, ғылыми айналымға енгеніне жол салғаны және оның құндылығы туралы Ғылыми Кеңесте атап өтілгендігі баяндалды. Ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың қазақ және орыс тілінде шыққан “Шипагерлік дәстүрі және философиясы” – “Целительская традиция и философия” атты монографиялық еңбегі (2009-2010) Қазақ Ұлттық Университеті философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылыми Кеңесі жиналысының шешімімен баспадан шығаруға бекітілгендігі аталып өтілді (Хаттама№4. 29.12.2008). Және де баспасөз беттерінде 400-ден аса ғылыми-танымдық, емдік мақалалары жарияланған. Өзі ашқан емшілер мектебінде оның негізгі бағдарламаларын жасаушы, оқулығын жазушы және басшысы әрі ұстазы болып келе жатқандығын да ғылыми Кеңесте аталып өткендігі туралы осы академияның Ғылыми Кеңесінің Төрағасы, профессор Ж.Молдабеков Ғылыми Кеңестің шешімінің қаулысымен форумға қатысушыларды таныстырды. Академияның Ғылыми Кеңесінің хатшысы,  профессор С.Құрбанқожа Ғылыми Кеңестің шешімін оқыды. Шешімде ғалым-зерттеуші З.Қожалымовқа “Халық медицинасы және ғарыштыққуат” Академиясының “Профессор” атағы берілсін делінген (Хаттама №01, 20.06.2012).

 

Ғылыми Кеңес Төрағасы,

философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков

 

Хатшысы, п.ғ.к.,проф. С.Құрбанқожа

 

Ғалымдары мен Қауымдастықтың басшылары, филиал басшылары және  мүшелері мен емшілері қауымдастықтың басшысын ғылыми атағымен құттықтап, деніне саулық, қызметіне табыс тілейді.

ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ КӨҢІЛІНЕН

ШЫҚҚАН ТҮЙІНДІ ОЙЛАРЫ

 

Адам баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам, байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді.

***

Көлденең тұрған шырмауық торлар – ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Жаратушының еркінде.

***

Біреудің қолбаласы болып одан жәрдем тілегенше, Алланың жарлықтарына үміт арту, одан жақсы амалдарының жемісін іздеу бірден-бір айқын жол және адамгершіліктің ең биік сатысы болмақ.

***

Киелі қасиет – ол Алла Тағала сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері. Ол халықтың рухани өрісінің жеткен биігі.

***

Тылсым күш құдіретін дарынды киелілерден хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының дарындыға сыйы әрі құпиясы.

***

Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – қазақ елінің тарихында дарынды, киелі құпиялы тылсым күш иелерінің басын қосқан, тылсым сырлары мен халық емшілігін тұңғыш ғылыми айналымға енгізген бәйтерегі.

***

Қауымдастық емшілері арасындағы ақылы жетпегендерге – ақыл, қиналғанға – қамқор, әлсірегендерге – қуат, жолдан адасқандарға – жарқын жол, діннен безгендерге – имандылық шуағын үйретуде, қисайғанға – сүйеу, құлап бара жатқанға – тіреу болды. 

***

 Қауымдастықтың алғашқы кезеңінде осы қауымдастық арқылы атақ, абыройға ие болған мүшелері мен емшілері арасында қарсы күштерге қосылып, сатқындық жасаған жалданбалы жалған атақтар иелері «әулиелер», «аналар», «пайғамбарлар» аз болмады. 20 жыл өткенде олар өз аттарын тарихтан өшірді.

***

Халық емшілігі – халықтық тектік мұра.

Емші біреулерді қасиеті арқылы байытатын «құлдар» мен «күңдер» емес.

Емші мен дәрігер қызметін біріктіру үшін елу жылдан аса уақыт керек.

***

Шипагерлер өз мәдениетін, білімін, имандылығын, адалдығын және парасаттылығын дамтықанда ғана абыройға ие болады.

***

Мен өткен заманда емші, балгер-бақсыларды, көріпкелдер мен болжампаздарды «есі ауысқандар» қатарына қосқан жандарды – бүгінде емшілерді бизнес көзіне айналдырғандарына таң қаламын.

***

Емші – мәдениетті, сауатты, иманды және қайырымды болу керек.

***

Шипагерлік те – мәдени мұраның бір саласы. 

***

Алла тағаланың шапағат рақымы – қазақ еліне нұрын шашуда. Қазақ елінің халықтарының имандылығы мен рухани парасаттылығын әлем халқы алдында асқақтатар күнде алыс емес.

***

Жақсылық ойлаған – жардан құламайды.

Жалған әулиелер өмірі – қысқа болады.

***

Бөлінгенді бөрі жейді.

***

Жаратушы атаққұмарлардан сақтасын.

***

Құдайсызға құдайдың да жазасы болады.

***

Қасқыр да қас қылмайды қандасына

***

Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кем де емес.

***

Жалғандықтың жолы қысқа болады.

***

Жасандылық – жазылмайтын жараның түрі.

***

Ұрлықтың бір түрі – «Жиендік».

***

Емшілік өнері – құпиялы қасиет және ол біреулердің тірі тауары бола алмайды.

***

Емшілік жүйесінің басшылары мен білімділерін жоюға әрекет еткен «бандиттік» топ ұйымдастырғандар жазаларын алары анық.

***

Емшінің еңбегіне белгіленген – Жаратушыдан баға жоқ.

***

Жетем бе, жетпеймін бе арманыма,

Ойымның шығар мақсат заңғарына.

Иман жүзді адамдар көбейсе екен,

Сыйынған бір Аллаға, аруағына.

***

Күндемегін ей досым, күндемегін,

Күндесең де іштен тың, үндемегін.

Іште сақта сырыңды, аша берме,

Жүрген жоқсың қасымда күнде менің.

***

Мал аласы сыртты болса, адамдікі ішінде,

Көріп тұрам жауларымды ұйықтағанда, түсімде.

Ақ жолымда жүре берем, адалдықты ұстанып,

Алғыс болып алдан шығар қайырымды ісім де.

***

Болғанымды, толғанымды, көре алмаса не етпекпін.

Дұшпанымды  адам етіп, мақсатыма жетпекпін.

***

Арамдықпен түсірем деп торына,

Тұзақ қойдың, тобырынмен жолыма.

Қалыңына сен табынсаң қалтаңның,

Мен табындым Құдайдың ақ жолына.

***

Ұрынсаң егер пәлеге,

Әйгілі болар әлемге.

Сондықтан ойлан достарым,

Жарайтын болғың кәдеге.

***

Айту керек ақылды,

Жеткізем десең дәлірек.

Түсінбеген наданға,

Ақыл айту не керек.

***

Адал достың қадірін,

Алыста жүрсең білерсің.

Арам достың қадірін,

Құм сияқты терерсің.

***

Сабыр, сабыр сабырым,

Сабырым менің тағдырым.

Сабыр түбі сары алтын,

Сабырдан қорқар қабырым.

***

Біреулер аңқау болғансып,

Арамдықты ойлайды.

Біреулер марқау болғансып,

Адалдықты ойлайды.

***

Өмірде бар ғой баршылық,

Көкіректе қалды – таршылық.

Қайдан шықты демегін,

Өсіп тұрған тал шыбық.

***

Күресіп дұшпаныммен күндіз түні,

Естілмейді жалғыздың жалғыз үні.

Селкілдеген серілер толып кетті,

Көреалмас түсінбейтін осы күні.

***

Оттай болып күйеміз,

Нардай болып желеміз,

Кетпесің кәдең өмірге,

Ақыры бір күн өлеміз!

***

Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегіммен сезгенім,

Ерекшелік қасиет бар, жылы жүзді пендемін.

Адасқанды ақ жолға сап, ізгіліпен асықпай,

Жамандықтан, арамдықтан тазалаумен келемін.

***

Имандылық ордасы да менің елім болады,

Бақыт құсы келіп саған мәңгілікке қонады.

Ырысың мен ырыздығыңның несібесі алдында,

Жаратушың бір өзіңді қорғауына алады (1999 ж.)

***

Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым,

Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым.

Тәңірімнің тағдырының сынағында келемін,

Сеземін,  ауыр жүкті көтермесін басқаның. (2013 ж.)   

Мазмұны

 

Алғы сөз...................................................................................... 3

I ТАРАУ

ТҮНГІ ҒАЖАЙЫП

 

1.1 Тағдыр  құпиясы.................................................................. 6

1.2 Ғажайып әлем...................................................................... 9

1.3 Керегедегі  ақ лента........................................................... 10

1.4 Теңізде шаңғымен ойнауда.............................................. 12 

1.5 Көзім де, көкірегім де  ояу................................................. 12

1.6 Алғашқы дыбыс пен  көмескі жарық.............................. 13

1.7 Үлкен залдағы адами бейнелердің елестері..................... 14

1.8 Үлкен қақпа ашылды........................................................ 14

1.9 Күтпеген көріпкелдікте пайда болды............................... 15

1.10 Саптағы әйел адамдардың көлеңкелі бейнесі........... 16   

1.11 Ер тұлғалы еркектердің көлеңкелі саптары................... 17

1.12 Кеңістіктегі көріністер..................................................... 17

1.13 Оң жақтағы теңіз мақұлықтары..................................... 18

1.14 Оң жақтағы кіші орман және  Жолбарыс пен аңдар.... 18

1.15 Етбетімнен жатқандағы айдаһар

мен жыландар көрінісі............................................................ 19

1.16 Сол жақтағы антенналы пластмассалы трубкалар... 19   

1.17 Сол жақтағы техникалар................................................. 20

1.18 Тағамдар  түрлері.............................................................. 20

1.19 Ұлттық киімдер түрлерін киген адам

бейнелі көріністер..................................................................... 21

1.20 Жалықтым, шалқамнан  жаттым..................................... 21

1.21 Беткей екіге бөлінді......................................................... 22

1.22 Жануарлар әлемі жаныма келді...................................... 22

1.23 Күтпеген дыбыс пен жарық.......................................... 22 

1.24 Көрінстерден  кейінгі өзгеріс......................................... 23

1.25 Қорытынды...................................................................... 23

II ТАРАУ

ЕЛ ІШІНДЕГІ ЕСТЕЛІКТЕР

 

2.1  Тылсым дүниенің құпиясы

2.1.1 Қажы баба туралы аңыз бен ақиқат.......................... 26

2.1.2 Тағдыр.......................................................................... 30

2.1.3 Үрей............................................................................. 30

2.1.4 Аян............................................................................... 32

2.1.5 Сапар............................................................................ 33

2.1.6 Алғашқы сезім............................................................. 37

2.1.7 Тосын хабар................................................................. 39

2.2.Шындыққа айналған әзіл................................................... 41

2.3 Аруаққа айналған адам...................................................... 45

2.4 Қақпанға түскен директор................................................. 48

2.5 Бастық пен молда өтірік айтпайды................................... 50

2.6 Ауыл әзілдері

2.6.1 Жүргізушілік құжатын өзі тескен.............................. 54

2.6.2 Пивоның көпіргені, ақшаның өкіргені.................... 55

2.6.3 Өзімнің қатқаным екен ғой....................................... 55

2.6.4 Өз тойын өзі бастаған................................................. 56

2.7 Мүсірбай палуанның айтқандары

2.7.1 Қалмақтың палуанын жыққан екен.......................... 57

2.7.2 Қасқырды қылқындырып өлтірген........................... 58

2.7.3 Шұңқырдан атты жалғыз шығарған......................... 59

2.8 Іскендір ағаның ерліктері

2.8.1 Бақсыны қуаған.......................................................... 60

2.8.2 Жабықбайдың қабағы жарылды............................... 61

2.8.3 Әйелдің үйіне бармаймын......................................... 62

2.9 Сенбай құданың айтқандары

2.9.1 Ормандағы кездесу..................................................... 64

2.9.2 Тас құлатқан екеу........................................................ 65

2.10 Қалқожа жездем

2.10.1 Ұлы Отан соғысына үш рет барған........................ 66

2.10.2 Берген ақшаға не алдың?......................................... 67

2.10.3 Жаңа етігінің қонышын кескен............................... 68

2.11 Халық, табиғат, аңқаулық

2.11.1 Халқы мен табиғатына ризалық............................. 68

2.11.2 Айланың да пайдасы бар......................................... 70

2.11.3 Аңқаулық................................................................... 71

3.11.4 Ағаның айласын өзім де пайдаландым.................. 71

 

III ТАРАУ

ДАЛАНЫҢ ҒҰМЫРЛЫ ҒҰЛАМАСЫ

 

3.1 Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян» атты еңбегі бойынша шағын тұңғыш сахналық көрініс........................................................ 74

 

IV ТАРАУ

ТЫЛСЫМ ДҮНИЕМЕН СЫРЛАСУ

 

4.1 Тылсым дүниемен сырласамын....................................... 86

4.2 Сарғая күткен сағыныш (радио әңгіме)........................... 94

4.3 Қожеке күйші...................................................................... 96

4.4 Өтейбойдақ бабамның ізімен келемін.............................. 99

4.5 Ғұмыры ғибратты рухани ұстаз еді............................... 113

4.6 Жанымның мәңгі өлмес жалғасы бар............................. 122

4.7 Халқыма айтар жан сырым............................................. 126

4.8 Ашылсын бағың қазағым................................................ 133

4.9 Сұңқарым, қыран едің бала кезден................................. 138

 

V ТАРАУ

өнер жолында

 

5.1 «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (xv ғ.)” атты Халықаралық конгресіне арнау. (Тараз қаласы, 24.07.2009 ж.)................................................. 144

5.2 “Рухани және музыкалық шипагерлік ” атты Халықаралық конгресіне арнау (Астана қаласы, 25.07.2010 ж.)............................................................................................. 147

5.3 Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20 жылдығына арналған қауымдастықтың кезекті XVI-құрылтайына арнау. (Алматы, 23.07.2011 ж.)..................... 151

5.4 «Халық емшілігінің өркендеуі және пайдалану жолдары» атты Республикалық форумына арнау  (Шымкент қ., 13.07.2012)....................................................... 154

5.5 «Халық емшілігінің емдеу жүйесінің болашағы» атты Халықаралық форумына арнау

(Түркістан қаласы, 14.09.2013).............................................. 157

5.6 Тамадалық та өнер

5.6.1 «Меруерт» мейрамханасы

(Астана, 24.07.2010 ж.)..................................................... 160

5.6.2 «Алтын Қарғалы» санаториясының мейрамханасы (Алматы, 23.07.2011)   167

5.6.3 «Ақжол» мейрамханасы (Шымкент, 13.07.2012).. 176

5.6.4 «Иса-1» мейрамханасы (Түркістан, 14.09.2013).... 182

 

Қосымшалар

Қауымдастық президентіне “профессор” атағы берілді.... 188

Зядан Қожалымовтың көңілінен

шыққан түйінді ойлары......................................................... 191

 

Мазмұны.................................................................................. 196

 

 

 

 

Қожалымов Зядан

 

 

 

Түнгі ғажайып

 

 

 

Редакторлары:              Жанболат Сәрсенбай, Түймекүл Құлмаханқызы

 

Суретпен көркемдеген: Райымбек Аршатұлы, Арнұр Мақсатұлы

 

Корректор:                     Әзиз Мақсатұлы, Әлімжан Мақсатұлы

 

 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының

«Шалкөде» баспасы

050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы 115, офис 412.

тел.: 8 (727) 225-78-17, 8 701 337 6454.

 

 

      Подписано в печать 25.06.2014 г. Формат 60х84 1/16.

      Объем 12,5. Бумага офсетная.    

Тираж 200 экз. Заказ № 511 

 

 

Отпечатано в типографии  «Нур-Принт»

Карасай. с. Алатау, ул. Наурыз, 74а

тел: 8 (727) 308-25-46. e-mail: nur-print@mail.ru

 

 

В начало