Түнгі ғажайып

13

 
главная                                        вернуться

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18

 



V ТАРАУ

 

өнер жолында

 

 

 

 

«Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (XV ғ.)”

атты VI-Халықаралық конгресіне арнау

 

Ассалау мағалейкум ағайындар,

Ежелден ел жұртына бағалылар.

Шипагерлер конгресі құтты болсын!

Ел өнері тарихында орны барлар.

Баласағұн, Қарақан, Айша бибі,

Орта ғасырдың ғұлама-киелісі.

Жиырма ғасыр тарихын атап өткен,

Қасиетті Таразыма қош келдіңдер!

Тәуелсіз еліміздің туы астында,

Жоғалған дәстүрлері оралуда.

«Мәдени мұраның» бір саласы,

Шипагерлік өнер де гүлденуде.

Атаусыз кеткен еді емшілік те,

Бүгінде танылды ғой елімізге.

Қазақтың тарихы жоқ қасиеті,

Кереметі тарады бар әлемге.

Тәуелсіз ел еңсесі биік деген,

Қазақ елі көрінуде биіктерден.

Нұрекеңнің еңбегі бағаланып,

Қазаққа ЕвроОдақ төрін берген!

Еленді еңбектері емшілердің,

Алғысына бөленіп жамиғаттың.

Елбасы жолдаған «Алғыс хаты»,

Күш берді қатаюына қанатының.

Алматы да басталған конгресің,

Жалғасуда басқаруында Зиякенің.

Он сегіз жыл тарихы бар Қауымдастық,

Меңгерді ғылымын да тылсымның.

Бәріміз де қонағымыз бұл жалғанның,

Жақсы ғой орындалуы бар арманның.

Алтыншы рет бас қосқан бұл отырыс,

Орын алды-ау, төрінен Таразымның!

Шежіресінде халқының жазылмаған,

Тарихынан ғұламалар орын алған.

Жаһангер асылдардың көшін бастап,

Шипагер Өтейбойдақ дараланған.

Жетісу, Жаркент пен Нұралары,

Омбы мен Торғай, Сырдариясы,

Қасиетті мекені қазағымның,

Шипа ілімі орнына айналған-ды.

Даланың дарабозы Өтейбойдақ,

Әз Жәнібек ханнан бата алған-ды.

Шу бойы Қозыбасы Ақ Орда да,

«Шипагерлік баяны» жазылған-ды.

Өтейбойдақ қазаққа асыл адам,

Ғылымиға ілімін айналдырған.

Фараби мен Баласағұннан қуаттанып,

Өшпейтұғын іліми із қалдырған.

Жасады медицина ғылымы негіздерін,

Үш шыңы, тағы алты белестерін.

Бір еңбекке сыйғызып топ ғылымды,

Сөздік пен пәлсафалық шежіресін.

Перзентін Шалкөденің Айғайтасы,

Жаратып, жер қойнына жасырған-ды.

«Шипагерлік баяны» ұрпағына,

Он бесінші ғасырдағы аманаты.

«Шашты әзіздің» артында сөзі қалды,

«Шипалық баяндай» көзі қалды.

Жат елде жарты ғасыр қонақ болып,

Туған елге, дүние-ай, қайта оралды.

Жатсынбады туған жер өз баянын,

Ғалымдары қазақтың білді мәнін.

Қытайдың да мемлекеттік сыйын алып,

Қуантты ол жақтағы қандастарын.

Орындалуда шипагердің аманаты.

Бұл дағы ғалымдардың таза еңбегі.

Құт болып баба аяны Зияданға,

Зерттеуі «Шипа баянды» дараланды.

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Ұрпағы ғой бабаның «Шипа баян».

Іске аспаған арманы жүзеге асты,

Бес ғасырда қайтадан нұрын шашқан.

Жыр маржанын тізілтіп теремін мен,

Бабаларымыз алдағыны көре білген.

Төрт мың жылды болжаған ілгеріде,

Ғарышпен байланысқан Майқы бабам.

Артта қалды қиындық өткелдері,

Жаңаруда өмірдің көп белдері.

Көріпкел, болжамалық қасиетті,

Машһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеді.

Көре алмаса, көрмесін күндес деген,

Қайта оралды сегіз қырлы қасиетің.

Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдерін де,

Қауымдастық көрінуде интернеттен.

Емшілер жақсылығы көрінуде,

Білгендері ілім болып өрілуде.

Газеті «Шипа баян» тұмар болып,

Үнқағазы атанды білгендерге.

Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде,

Ғарыштың құпиясын меңгергенде,

Қожалымов Зиядан қажы ілімі ғой,

Алланың ақиқатын түсінгенге.

Кімге барып халқымыз табынбады,

Ұлылығы бабалардың дәлелденді.

Бұрынғының қанғысыз бұлақтарын,

Соңғылар қадірлейтін заман келді.

Алыстан да, жақыннан келді мейман,

Жиналуымыз шапағаты бір Алладан.

Зиядан қажы арнауын тарту етті,

Тараздық Еркебұлан жыр толғаған.

Мейман күткен қазақтың баласымыз,

Серік, Құдайберген, Зұлғиза, Шолпанымыз.

Тараздық ағайындарға мың рахмет,

Қабыл болсын жолдаған алғысымыз.

Ақындар мен даналар жырлап өткен,

Өмір, шіркін, өтеді-ау, тірлікпенен.

Қатарымыз көбейсін жылдан-жылға,

Өткізейік бас қосуды бірлікпенен.

Іске ассын бабалардың аманаты,

Емшілердің шықпасын жаман аты.

Шүкір, Тәубе, қанағат иманымыз,

Қабыл ет Жаратушым тілектерді!

Тараз қаласы, 25.07.2009.

 

«Рухани және музыкалық шипагерлік»

 атты VII-Халықаралық конгресіне арнау

 

Самалы Сарыарқаның сағымданды,

Талайдың осы жерде бағы жанды.

Елімнің ұрпағының басын қосып,

Қазақтың ұлылары туын тікті!

Топырағы қасиетті менің далам,

Аты өзгерген Астана асыл қалам.

Бұл дағы белгісі ғой елдігімнің,

Қауымға Астаналық берем сәлем!

Бүгінде баянды ұлтқа айналдық,

Қасиетті, киелі жерге айналдық.

Әлемдегі діндерді біріктірген,

Құдайдың сүйікті құлы атандық.

Еуроодағы қауіпсіздігі мен ынтымағын,

Төріндегі басқаратын елі болдық.

Нұрекеңнің еңбегін әлем танып,

Нұрланған күн сәулелі елге айналдық.

Әлемде сұлулығы кескіндеген,

Астана мақтанады көркіменен.

Он жылдық тарихын атап өткен,

Бас қалам Астанама қош келдіңдер!

Қауымын Зядан қажы бастап келді,

Үмітін еліміздің ақтап берді.

Тылсымын бабалардың сырын ашып,

Халқымның құдіретін әлем білді.

Әрленіп гүлге оранды біздің дала,

Астанам әлем білген әсем қала.

Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық,

Көрінген ғаламтордан жеке дара.

Елемеді елімнің өнерлі үміттерін,

Ұқпады өсиеттің біліп тегін.

Киесіз, қасиетсіз ұлт десе де,

Мықтының бұзып өттік бөгеттерін.

Тәуелсіз дәстүрлі ел, сырын жиды,

Өскен соң адами рух болып құнды.

Өнері, ата-баба емшілікке,

Заманның өркендетер күні туды.

Шашуын жақсылықтың ақтарамыз.

Басшыңыз Зядан қажыны жақтағансыз.

Емшілер ұжымынан бірінші боп,

Елбасы «Алғыс хатын» біз алғанбыз.

Конгресс Алматыда бастау алды,

Киелі рух шаңырағы аспандады.

Қуанышпен бас қосып жетінші рет,

Шаттықпен Астанада басталғаны.

Интернетте үш тілде тарихы тұр,

«Шипагерлік газеті» ол дағы нұр.

Жоғалған өнер де гүлденді ғой,

Астананы бөлесін шапағат нұр!

Қазақта Өтейбойдақ дертті қуған,

Ибн Сина іліміндей сертті болған.

Ванга мен Нострадамустай даламызда,

Майқы би, пір Бекеттей ұлы болған.

Көріпкел мен болжампаздық қасиетін,

Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеген.

Қорқыт пен Қойлыбайдай бақсыларды,

Әлемде мұсылманның көбі білген.

Ежелден құпияны тектен білдік,

Тылсымның сырларына жаңа үңілдік.

Шайтанның жолдарынан сақтандырып,

Емшіні адалдыққа серттендірдік.

Осындай білім негіз үлгі етілген,

Бұдан бұрын алты рет жиын өткен.

Рухани, музыкалық шипагерлік,

Тақырып, конгрестің бекітілген.

Алланың орындалып аманаты,

Талқандалды талайдың қамалдары.

Қауымға қарсылас та аз болған жоқ,

Шықпады ұжымның да жаман аты.

Өтсе де қанша ғасыр қырғын сүргін,

Халқымның тарихына мойын бұрғын.

Ежелден қазақ жері киелі аймақ,

Дәстүрін ата-баба сақтап келген.

Ғарышқа ғылым жетіп теңелгенде,

Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде,

Он сегіз кітап жазған Зиядан басшы,

Жасаған жоқтан барды көрегенге.

Қауымда, көп еңбекпен тер төккелі,

Ағымға қарсы жүзді, селт етпеді.

Ақ жүрек, адал ниет емшілердің,

Тарихта жарқырасын еңбектері.

Тізіліп жыр маржаны төгілгелі,

Халықтың өркендеді емшілігі.

Көрмесін көреалмаса табысымды,

Күңкілді «күндестердің» күндестігі.

Емшіге бата жауған заман болсын,

Бір Алла төбемізден пана болсын.

Тағы да амандықпен бас қосайық,

Барлығы тілектестің аман болсын.

Әлемнің түкпірінен келді мейман,

Емшілер Астаналық құшақ жайған.

Қабылкарым, Күлай қажы, Шарбан қызға,

Нұр жаусын, шапағатты бір Алладан!

Несібе, ризығы бір Алладан,

Арнаудың Зядан ақын жырын жазған.

Көпшілік аз да болса көптей көргін,

Алтайың ән әуезді жыр толғаған.

Жаратқан сақтағайсың жамандықтан,

Өткенді жинақтайық аманаттан.

Келер жыл жүздесейік амандықта,

Еліңе сәлем айт, жамағаттан!

Қонақпыз, пендесіміз бұл жалғанның,

Оңынан жазылғандай парақтарың.

Осыған қанағатпен риза дейік,

Нұр жаусын еліме Жаратқанның!

Астана қаласы, 24.07.2010 ж

 

 

В начало