Түнгі ғажайып | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 | ||
АШЫЛСЫН БАҒЫҢ ҚАЗАҒЫМ Әні: Ләззат Зяданқызынікі Сөзі: З.Қожалымовтікі Нөсерлеп жаңбыр көктемде, Жыраны шайып кеткен де. Бетіңнен сүйген самал жел, Жүзіңнен шарпып өткен де. Жауыннан кейін жайнар бақ, Жабырқау көңіл жайраңдап. Төгілген нөсер тоқтарда, Сергіген көңіл мамырқап. Қайғырмай адам өткен бе? Қасірет күні жеткенде. Жер шарын кезіп шашырап, Қазағым каңғып кеткенде. Шапағат тілеп Алладан, Зарланбай қалған, бар ма адам? Жалынсыз от боп жат жерде, Оралып жатыр елге аман. Ойран да салып ордаға, Кәпірлер келіп шапқанда, Күлі ұшып көкке жұртының, Аттанған қашып жан-жаққа. Ғасырлар асып кеткен де, Бабасы жерін өпкен бе? Алыстан келген ағайын, Туысын іздеп жеткен бе! Жүректі жүрек жалғаған, Қуаныш алып арнадан. Тірілер қосып бастарын, Тірлікті кайта қамдаған. Ғасырда қалды-ау азалы үн, Тағдырдың тартқан азабын. Еркіндік алып ерледі, Ел болып дербес Қазағым! *** Үш ғасырлық отарлық, Бұғауы бір-ақ жоғалды. Желтоқсан үні таралып, Азаттық кезді даламды. Өшкен де халық ұрпағы, Жаңғырып бүгін тұр тағы. Жарқырап, жайнап, арайлап, Жалындап атты нұр таңы. Өз ұлы билеп шаттанған, Билікті алып жаттардан. Жалпы әлеммен жарасты, Қазағым ел боп атанған. Тігілген көк байрағы, Жарасып көкпен жайнады. Шапағат нұры шашылып, Естілді елге айғағы. *** Тағы да ауыл қаңырап, Жоқшылық шықты жамырап. Қарғыс алған «қаралар», Қалтасын жатыр қалыңдап. Халық пен жердің байлығы, Шеттерге кетті шашылып, Еңбекпен таппай майлығын, Көбейді үйдің масылы. Ардагер қарттар, аналар, Ерлікке ісі пара-пар. Сыйлаған жақсы өмірді, Бұл күнде кім деп саналар. *** Зерделеп сөзді айтпасаң, Мәнісі сөздің бола ма? Шындықты ашып жаймасаң, Өкініш орны тола ма? Иманды елдің баласы, Береді сәлем иіліп, Имансыз елдің баласы, Бетіңе қарар түйіліп. Инабатты әйелдер, Иманын сақтар бойынан. Өз арын сақтай білмеген, Саналмас адам, ол – хайуан. Кешегі сұлу даламның, Берекесі кетті анық. Ақ сүтін емген анамның, Ұрпағы кетті қорланып. Тойғандар мұны біле ме, Келеке болдық кімдерге? Сырттың сырлас сыртаны, Айналдырмай ма, кірмеге? Қойнауым толған қазына, Тектен тек кетіп барады. Халқымның батты жанына, Жас толған мұңды жанары. Өзін өзі сыйлаған, Ел едік қой ежелден. Біріне бірі сыймаған, Халық болдық не деген? Ақылдан кенде емеспіз, Ешкімнен кем де емеспіз. Данышпан, ойшыл даналар, Болды екен неге, керексіз?! *** Жылдар да өтер зымырап, Өседі баяу бұл ұрпақ. Бүгінгі күнгі қиянат, Шындық боп шығар шырылдап. Еңбек етпей тапқан мал, Тез суалар сіңбестен. Байлығы бастан асқандар, Аса алмас түбі бір көштен. Пейілі таза адамнан, Сөйлесе нұр төгілер. Мейірімсіз жаманнан, Арамдық пиғыл көрінер. Бөлініп жүрсе, болып жік, Іргесі тұрмас бекініп. Болса екен елде татулық, Тұрса екен ынтымақ көрініп. Өзгерді оңға сана да, Сыйын казақ Аллаға! Ашылсын бағың алдыңнан, Дұшпанға қалма табаға! Алматы, сәуір, 1997. СҰҢҚАРЫМ, ҚЫРАН ЕДІҢ БАЛА КЕЗДЕН Кешегі жас жігіт, бүгінгі кәрі қыран, Жоғын жоқтап келеді жан жағынан. Өртеп жатыр іштегі қайғы шері, Қандай ауыр айырылған тұңғышынан. Қырық жасқа ғұмырың ауған кезде, Ғанатым сынады деп ойладым ба? Жаратқан жазмышына көнудемін, Ойран болды-ау, іштегі арманым да. Кешкі мезгіл, жаз кезі, ашық аспан, Самал жел соққанды шығыс жақтан. Алматы да емханада анаң жатты, Күтуде еді Ляззат атты жас сәбиін. Апам жүрді жақсылық болады деп, Келіннен немерелі боламын деп. Әкең күтті сендерді сағынышпен, Анаңмен сенде келдің екеу болып. Көбейткен жалғыздықтың қатарында, Сеніп ем таңымның жарқырап атарына. Артыңнан қатар ерді сіңлі-інілерің, Өмірдің көріп жарқын жолдарында. Алғыр болдың жасыңнан айтарлықтай, Жаратушы қасиетін берді мақтарлықтай. Көре алмай кейбіреулер қылығыңды, Тілеуші едік өзіңді пәледен «сақта Құдай». Алматы да дүниеге кеп, тауда өстің, Тау самалына демалып талай кештің. Өзендердің жағалап тасын теріп, Нарынқол Сарыжазының төсінде өстің. Сұңқарым қыран едің бала кезден, Алланың құдіретін ерте сезген. Мектепті де медалмен бітіргенде, Өнеріңмен талайды таңсық еттің. Өтуде көз алдымнан өмір жолың, Әкенің жалғастырдың оқу жолын. Мамандық алдың инженер дипломы, Алматы темір жолы академияның. Жаратқанда талантты берді саған, Журналист ең теледидарда жарқыраған. Домбырамен ән салғанда тамылжытып, Деуші еді талай мамандықты ұтіп алған. Біз тіріміз, жалған-ай, жүрміз міне, Көреалмаймыз тек сені тіршілікте. Рухың шарлап аянын беріп жатыр, Әке, шеше, жақынның бәріне де. Бала кезің алғашқы балбыраған, Бесігіңді тербетіп, апаң әнін салған. Апаң кетті бір жасыңда ана жаққа, Қызғанатын қызым деп сені бізден. Сен атандың содан бері апа қызы, Болып жүрдің жанымда жалғыз көзі. Жалғызының алғашқы тұңғышы боп, Киелі апа қасиеті алғаш саған қонды. Жүрудеміз өмірдегі тіршілікпен, Бейнең түр алдымда күлімдеген. Ғанатсызбын ұшуға ана жаққа, Інгендей ботасы өлген зарлаудамын. Сен кеткелі кеудеден қуат кетті, Талай түн, ай, жылымен зулап өтті. Өмірдің жалғандығы сезілгендей, Ойпыр-ай, Ляззатым қайда кетті?. Өмірден кәрі мен жаста өтті, Өлмесе ата-баба қайда кетті. Өзің өскен ортада орының бос, Жалған-ай, құдіретің қандай еді? Дүние-ай, қуанттың да, жылаттың да, Жарқыраған күнімде таң атқанда. Адамзат қонағы мең бұл өмірдің, Қоштаспай-ақ, аттанар Жаратқанға. Қыста кеттің қызым-ау, қыста өтті, Көктем келіп, жаз кетіп, күзде жетті. Жалғызсырап әкең жүр, жаутаңдаған, Жаратқан ием неге осынша еңіретті. Жетімдікті көрген ем екі жастан, Төзімдімін, жаралдым қандай заттан. Көреалмайтын жауымда жанымда жүр, Әкеңменен топ болып арпалысқан. Есіңде ме қызым-ау, жас кезіңде, Біреулердің топ боп келгенінде. Біз ержеттік, әкем жалғыз емес деп, Есімде, жылап тұрып жеткенің де. Содан бері ширек ғасыр өтіпті, Жас балада жігіттікке толыпты. Әке, шешең самайы да ағарып, Аталықтың жолына да жетіпті. Жалғанның, ыстығы мен суығы да, Сезілмейды жарығы мен қараңы да. Анаң көріпті о дүниедегі бейнеңді, Қабырыңа кеп дұға оқып жатқанымда. Биязы үнмен жыламаңдар депсің сен, Ескерткішіңді жылап тұрып өптім мен. Қос бөбегің көз алдыма елестеп, Жер бетіне жалғыз сыймай кеттім мен. Қабірің де сезіп жатырсың ба, қарағым, Сен дегенде шөлдегенін әке-анаңның. Бұл дүниенің жалғандығын сезініп, Біздердің де сенің жаныңа барарын. Жалғыз едім жасымнан жылап өскен, Сен жалғыз деп жақында түртіп өткен. Атқарайын қызым-ау,шерімді сезесің бе? Көреалмайтын жауларымнан сезіктенем. Сұңқарым-ау, әніңді сағындым-ау, Сарғайып табытымда таңылдым-ау. Әніңді тыңдағанда жүрегім елжірейді, Дарыныңнан айналдым шырағым-ау. Сен кеткелі домбыраң үнсізденді, Құлағыма сарынды үнің келді. Кім сезеді іштегі мұңның зарын, Көңілім босап, денеде дірілдеді. Әкең түсті аурып аурухана төсегіне, Күшті болды денедегі кеселімде. Ақырын жан жағыма қараудамын, Есті жиған төртінші күн кешінде. Түн мезгілі көзім ашық жатқанды, Бір көрініс көз алдымда басталды. Ғажайып бір көріністер көрініп, Ғарыш байланысы денеме енгенді. Денем ысып жылып кетіп барады, Көріпкелдік бар денемде сезілді. «Қосайынба», деген даусың естіліп, Жіңішке сауле қараңғыда тарады. Есім дұрыс, көзім ояу жатырмын, Көрудемін керегедегі сызық жарығын. О дүниенің тіршілігі жердегіге ұқсайды, Мен түсіндім екінші өмір барлығын. Қайда жүрсем түсімде сені көремін, Әруағың да қоршауда мені сеземін. Сағындым сенің әсем үнді даусыңды , Бір күні менде сол жаққа да жетермін. Осыбір күні сен туғанда да қуандым, Есіме алып осы күні тағы да қуардым. Жаның да жәй тапсын жаннаттан, Жаратқан нұрына нұрлан шырағым. Тағдырым ғой қызым-ау тағдырым ғой, Мыңдарменен алысып шынықтым ғой. Жалғыздың жары Құдай деген екен, Қайытпайтын, құдірет күші намысы ғой. Бұл дүниенің есігін кімдер келіп ашпады, Аттанғандар қара жер топырағы жастығы. О дүниеде орының пейіштен болсын шырағым, Қанша мықты болсада баса алмайды қайғыны. 19.07.2010
| ||