Түнгі ғажайып

 главная                                        вернуться 

 

pic1944 жылы шілденің 1-жұлдызында дүниеге келген. Академик, профессор.  Мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы ғалым.  Философ-психолог. Дінтанушы. Ақын-сазгер. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың “Алғыс хатымен” марапатталған (2005). “Қазақстанның данқы” Орденімен және “Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін” медалымен марапатталған (2014). Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» (2004).

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» президенті. Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының мүшесі. ҚР Халық медицинасы және космоэнергетика академиясының президенті – академигі, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті. Халықаралық Экология академиясының академигі. Халықаралық М.Нострадамус атындағы тылсым ғылымдар академиясының академигі (Париж). Әлемдік рухани және халық емшілері академиясының академигі (Мәскеу). «ЖАС-АЙ» Шығыс-Тибет медицинасы журналының редколлегия мүшесі. Әлемдік емші. Халықаралық дәрежедегі парапсихолог. «Шипагерлік баян» газетінің Ақылдастар алқасының төрағасы-Бас редакторы.

Жетісу энциклопедиясына (2004), “Қазақ жерінің Зиялы азаматтары – Почитаемые люди земли казахской” жинағына (2005), «Қазақстан қажылары» кітабына (2004, том 2) енген. «Батыр баба Әлмерек» /2002/ және «Албан шежіресі» /2003, 2011/ кітаптарының авторларының бірі. 23 кітаптың  оның ішінде 7 монографиялық еңбектің және 450-ден аса танымдық-тәрбиелік, ғылыми мақалалар мен 30-ға жуық әннің сөзі мен сазының авторы.

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18