Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

1

 На главную          1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20             Библиотека 
 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығы РҚБ

 

 

 

Зядан Қожалымов

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 Алматы 2011

 

 

УДК   615.89(075)

ББК   53.59я7

Қ     56           

 

 Пікір жазғандар:  Әнуар Тарақ  филология ғылымдарының докторы,

                                 Бекенов Тұрсын – м.ғ.к., доцент

                                 Сансызбай Құрбанқожа   – п.ғ.к., профессор

                                 

 

 

 

 

           Қожалымов З.

Қ      56     Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары.

                  – Алматы: «Шалкөде», 2011, 228 бет.

 

 

ISBN   978-601-7262-07-5 

 

 

Кітап авторы бұған дейін де емдік саласында бірнеше еңбектер жазған, Республикаға белгілі халық медицинасы саласының ірі маманы. Бұл еңбекте адам денсаулығын жақсарту тәсілдерінің жолдарының ерекше түрлері биоэнергетика, адамның қуаты, карма, ғарыштық жүйенің ерекшеліктері, әуендік терапия, балдың емдік қасиеттері, ғарыштық жоғарғы ақыл-ой, балшықтың емдік сипаттамасы, киелі сандар, дыбыстың шипасы, зәр мен асыл тастардың емдік қасиеті, рухани даналық, зомбилаудың әсері, т.б. нәрселер жөнінде анықтамалар мен сипаттамалар береді. Әр адамның өз денсаулығын қорғау мен сақтандырудың және жақсартудың әдіс-тәсілдерінен де кең мәлімет беріледі.

 

Кітап зерттеушілер, дәрігерлер, емшілер және көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

 

                                                                                                   УДК  615.89(075) 

                                                                                                   ББК  53.59я7 

 

 

 

 

ISBN  978-601-7262-07-5                                                   © Қожалымов З., 2011

                                                                                              © «Шалкөде», 2011

 

 

 

 

Алғы сөз

 

Әлемдегі әр халықтың шипагерлік тарихының тамыры б.д.д. дами бастаған. Оның өзіндік ерекшеліктері, ұлттық формасы және емдік әдіс-тәсілдері де болды. Ол алғашқы б.д.д. қарапайым түрде пайда болып, біртіндеп сатылық жүйеде өркендеп дами бастады. Халықтық шипагерлік жүйесі өте қиын кедергілерге душар болғанына қарамастан, ол ашық және жасырын түрде дами бастады. Осының нәтижесі халықтық шипагерліктің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына мүмкіндік туғызды. Сол заманнан бастап ауру қайдан пайда болады, оның себеп-салдары неден деген сұрақтар ұзақ уақыт бойы адамзатты ойландырды, одан жазылып шығу жолдарын, сақтану жолдарын іздеп табуға ынталандырды. Бұл дами келе денсаулықтың қалыптылығы оның тәннің биоөрісінің тепе-теңдігі екендігі анықталды. Бұл тепе-теңдіктің адам жанының тазалығына және тұлғалық бітімінің көркемдігіне үлкен әсері барлығы анықталды. Бүгінде денсаулықты жақсартуда биоэнергетикалық жүйемен реттеу жолдары оның адамның психикасы мен денсаулығына кері әсері мен пайдалы жақтары зерттеліп, өндіріске енгізілді. Адам қуатының сарқылуына биоэнергетикадағы вампирлік, зомбилық, кармалық, дұға, көз тию сияқты кері әсер күштерінің тәннің биоқуатының тепе-теңдігін бұзатындығы толық анықталды. Бүгінде қарапайым халық та дәрісіз өзін-өзі емдеу және емделу жолдарын, сақтану, қорғану жолдарына бағыт беретін арнайы ұлттық тілде жазылған оқулықтар болмады. Басқа тілде жазылғандарды түсіну қиындыққа түсірді. Ең қарапайым ем жүйесі әуенмен емдеу, хош иістермен емдеу, астрологиялық әуенмен емдеу, балдың емдік қасиетін пайдалану, балшықтың табиғи емдік тәсілдерін, асыл тастармен, әріптік-дыбыстық әсермен, медитация әдістерімен, рухани емді қолдану әдістерімен жоғарыдағы айтылған адамның биоэнергетикасына әсер ететін кері күштердің келтірген зияндарын емдеуге болатындығы анықталды. Емшілер үшін өзінің емдеу мәдениетін көтеруде жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді пайдалану оларға сырқат жандардың сенімін арттырып қана қалмастан, абыройларын көтеріп, білімділіктерін өсіреді. Кеңес заманында тарихы жазылмаған, қазақтың халық медицинасы бүгінде тамырын жайып, елімізден тысқары шетелдерге де таныла бастады. Халықтық шипагерлікте емдеу мәдениетін көтеруде ең бастысы сөз шеберлігі мен тазалық және білімділік пен кішіпейілділік басты талаптардың негізгісінің негізгісі болып табылады. Бұл еңбекті пайдаланатын әрбір жеке адам өзінің жеке өмірінің денсаулығын жақсартып қана қалмастан басқа да азаматтарымыздың денінің сау болуына үгітші болғаны оның адамгершілігінің белгісі. Қорыта келгенде, адамның денсаулығының жақсаруына, сырқатын емдеуге арналған әртүрлі емдік шипалық әдіс-тәсілдердің пайдасын түсінген адамның ұтары мол.    

 

Құрметпен автор

 

 

 

 

 

 

 

I Тарау

 

БИОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биоэнергетикалық жүйелерді

реттеу жолдары

 

Өзіндік реттелудің биоэнергетикалық жүйелері дегеніміз – адам ағзасының энергетикалық құрылымының бір бөлігі. Бұл жүйелер адам тіршілігін энергетикалық тұрғыдан бақылайтын өзіндік реттелудің энергетикалық жүйелеріне қарағанда тіршілікті функционалдық тұрғыдан бақылайды, яғни ағзалық құрылымның тығыз ткандерімен тікелей жұмыс істейді.

Өзіндік реттелудің биоэнергетикалық жүйелері ағзаның физикалық күйін түзеді, оны біз өзіміздің көңіл-хошымыз деп атаймыз. Біздің көңіл-хошымыз көптеген нәрселерге, мысалы, мойнымызға алатын артық істерге, күңіл-күйімізге, ауа-райы құбылыстарына және тағы басқаларға байланысты болады. Шындығында өзіндік реттелудің биоэнергетикалық жүйелері біздің денсаулығымыздың жоғарғы деңгейінің анықтаушы болып табылады, өйткені олар біздің ішкі органдарымыздың тіршілік әрекеттерін бақылап, соларды көрсетіп отырады. Дәл осы уақытта біз өзімізді жақсы сезініп отырсақ, денсаулығымыз жақсы деп айта аламыз ба? Жоқ, өйткені адам тәнімен сезінетін жайсыздықты тек физикалық дененің тығыз ткандерінде ауру пайда болғанда ғана сезе алады. Басында аурулардың барлық түрі денсаулықтың төменгі деңгейіне жататын энергетикалық ткандерде қалыптасады. Яғни міндетті түрде ағза құрылымының энергетикалық денесінде аурудың қалыптасу және дамуының жасырын кезеңі болады.

Әдеттегідей тіршілік етіп жүрген адам қалай өзінің энергетикалық денесінің денсаулығын бақылай алады? Бәрінен бұрын кез келген аурудың ағзаның энергетикалық денесіндегі функционалдық байланыстардың бұзылу салдарынан болатынын түсіну керек, бұл қоршаған ортадағы энергетикалық-ақпараттық алмасу нәтижесінде болады. Біздің табиғи ортамыз күш-қуаты зор энергетикалық-ақпараттық ағындарға толы. Бұл, әсіресе, үлкен қалаларға қатысты, себебі оларда ақпараттық ағын өте тығыз әрі біртекті емес. Біз бен сіз өрістік энергетиканың нағыз ортасында жүрміз, біздің энергетикалық денеміз күшті қысымдар жағдайында қызмет етуге мәжбүр. Бұндай жағдайларға ағза құрылымының сау энергетикасы төзе алады. Әлсіз әрі аурушаң энергетика түрлі энергетикалық вирустарға шалығады, олар энергетикалық жабынды жұқартып, соның салдарынан тығыз тканьдік құрылым әлсірей бастайды. Осылайша адам иммундық энергетикалық қорғанысын жоғалтады.

Өзіңіздің төменгі денсаулық деңгейіңізді бақылау үшін, қалада тұратын болсаңыз, түнге қарай ыстық душ қабылдауыңыз керек, біріншіден, сіз өзіңіздің энергетикалық денеңізді күні бойы жиналып қалған энергетикалық-ақпараттық ағындардан тазартасыз, екіншіден, өзіңіздің тәніңізді жоғарғы иммундық белсенділік күйіне келтіресіз, ол сізде күні бойы жиналған энергетикалық вирустардың барлық түрін іс жүзінде әлсіретеді.

Өзіндік реттелудің биоэнергетикалық жүйелері қандай? Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өмірлік процестердің барлық түрін бақылайтын биоэнергетикалық жүйелер. Бұл процестер ағза құрылымы үшін тіршілік көзі болып табылады. Олар тіршілігімізді қамтамасыз ететін органдар мен органдар жүйесінің, соның ішінде: мидың, омыртқаның, қан-тамыр жүйелерінің, асқашан-ішек жолының, иммундық жүйенің, эндокриндік жүйенің функционалдық әрекетінің бастауы болып табылады.

2. Иммундық процестердің барлық түрлерін бақылайтын биоэнергетикалық жүйелер. Иммундық энергетикалық қалдықтар деген болады. Өзінің тіршілік ету барысында әр ткан белгілі бір энергетикалық құрамдар жасап шығарады, олар өзара байланысқан ткандік құрылымдардың кешенді функционалдық белсенділігін қамтамасыз етеді. Мысалы, омыртқаның шырышы қабығы 180-нен астам энергетикалық компонент шығарады, бұл көкбауырдың, бауырдың бұлшқы ет ткандерінің, жүрек бұлшық еттерінің функционалдық процесін қамтамасыз етеді. Иммундық қалдықтар органдардың матрицалық жүйесінде белгіленген режімде және мөлшерде шығарылады. Сау ағзада бұл режімдер мен мөлшерлер табиғи түрде болады. Энергетикалық денеде ауытқу пайда болса, режімдер бұзылады, ткан құрылымдарына қажеттілік сақталмайды. Нәтижесінде қажетті энергетикалық компоненттерді ала алмаған ткандік құрылымдар өздерінің функционалдық белсенділігі төмендейді. Басқаша да болуы мүмкін7 Энергетика құраушы бөліктердің ретсіз өндірілуі ткандік құрылымдардың зиянды қалдықтармен толып қалуына алып келеді. Зат алмасу процесі бұзылып, соның салдарынан адамдар әр түрлі тұз жиналудан зардап шегеді. Әдетте, тұз ағза құрылымының анағұрлым энергетикасы мол жерлеріне жиналады, мысалы, омыртқа, буындар, қан тамырлары.

3. Функционалдық энергетикалық байланыстардың барлық түрлерін бақылайтын биоэнергетикалық жүйелер. Бұл байланыстар ағзаның тіршілік ету әрекетінің барлық жақтарын қамтамасыз етеді, өйткені олар функционалдық процестердің біртұтастығын бақылайды.

Ағза құрылымындағы кез келген процестің өзіндік энергетикалық түзілімі болады. Функционалдық процестің параметрлері органның матрицалық құрылымында белгіленген. Функционалдық процесс бұзылмас үшін, оның түрлі функционалдық тіршілік ету кезеңінде бұл процесті құрайтын және қажетті температуралық режімін түзетін белгілі бір энергетикалық құрауыштардың келіп түсуі қажет. Қажетті энергетикалық құрауыштар функционалдық байланыстар арқылы тиісті органдарға, олардың тканьдік құрылымдарына қан тамырлары арқылы өткендей болып түседі. Табиғи функционалдық байланыстарды үзу немесе бұзу функционалдық процестер мен олардың режімдерінің бір тұтастығының бұзылуына алып келеді. Бұл ауыр науқастың басы болатын әрекетсіздікке алып келеді.

4. Биоқұрылымдық байланыстардың барлық түрлеріне жауап беретін биоэнергетикалық жүйелер. Биоқұрылымдық байланыстар гармоналдық, фермантативтік процестерді бақылайды. Бұл байланыстар адамға тұратын жерін ауыстырумен, дене еңбегін ой еңбегіне ауыстырумен байланысты жаңа жағдайларға бейімделуіне көмектеседі.

Адамның жасы ұлғайған сайын биоқұрылымдық байланыстардың белсенділігі төмендейді. Сондықтан да орта жастағы адамдар үшін тұратын орнын, жұмысын, достарын алмастыру қиынға түседі.

5. Адамның табиғи және қалыптасқан қабілеттеріне жауап беретін биоэнергетикалық жүйелер. Адамдар әр түрлі, бұған олардың дарындары мен қабілеттері ғана емес, ерік күші, мақсатқа ұмтылысы, мінезіндегі ұстамдылық қасиеттері де әсер етеді. Қабілетті адамдар да, дарынды адамдар да көп. Олардың табиғи мүмкіндіктерінің деңгейлері әртүрлі. Бірақ көп жағдай адамның ерік күші, ұмтылысына байланысты болады.

6. Адам денсаулығының психикалық-физикалық деңгейін жинақтайтын биоэнергетикалық жүйелер. Адамдар өздерінің денсаулығын бақылап отыруы керек, тіпті болар-болмас жайсыздықтарға да көңіл бөлу керек. Кез келген аурудың өзіндік кезеңі болады, онда аурудың қандай да бір белгілері көрініс береді, соларды дер кезінде бақылау аурудың созылуына кедергі болады.

Кез келген энергетиканың өзіндік тонусы болады, ол күш белсенділігінен көрінеді. Бұл біздің белсенді энергетикалық ортада тұратындығымызды білдіреді.

Бұндай жағдайларда қалай өмір сүру керек? Бұл үшін төмендегі шараларды орындау талап етіледі:

1. Адамға түсетін салмақты шамасына қарай мөлшерлеп отыру керек.

2. Өзінің энергетикалық тәнін тазарту әдістерін қолдану керек.

3. Өзінің ой ағындарын таза ұстау керек. Яғни біз жамандық ойлап, біредуі жек көрмеуіміз керек, бұндай ойлар қасымыздағы адамдарды жаралайды. Кармалық жауапкершіліктің құрылуына себепші болады. Жамандық қашанда өзіңе қайтып келеді, бұны естен шығармаған жөн.

4. Өз эмоцияларыңызды басып ұстаңыздар, өйткені олар сіздің денсаулығыңызды бұзады, сөйтіп сіз өзіңіз Кармалық жауапкершілікті құрасыз.

Адамның ойлары материалданатынын бәріңізде білесіздер. Олардың өзіндің энергетикалық әлеуеті бар. Осы әлеуеттің көмегімен басымызда туған ойлар бізді қоршаған ортада белсенді жұмыс істейді. Биоэнергетикалық жүйелер көптеген жағдайларда адамдар өмірін құтқарады. Мысалы, күтпеген қауіп-қатерден аман-есен қалып, оған өзіміз таңғалып жатамыз. Шын мәнінде бізге көмектескен биолакациялық жүйе. Ол қоршаған ортаның биоэнергетикалық құрылысындағы өзгерістерді байқап қалады да, адамды құтқара алатын ағзалық құрылымға әсер етеді. Бұл тірек-қозғалыс аппараты немесе түйсік, ес болуы мүмкін. Кейде біз үйдегі, жұмыстағы жағдайларды ойлап, аласұрамыз. Бұдан шығатын жол үнемі табылады, өйткені биолокациялық энергетикалық жүйе ғаламшарлық ақпараттық өрістен ақпаратты оқи алады.

Өзіндік реттеулідің биоэнергетикалық жүйелерінің энергетикалық бейімделу ақаулары бар. Яғни, бұл жүйелердің функционалдық қорғанысының шегі бар. Ауыр жарақттар алғанда, психоздар, күшті энергетикалық соққылар алғанда өзіндің реттелуінде биоэнергетикалық жүйелерінң энергетикалық құрылыстары бұзылады. Бұл адам ағзасында орны толмас процестердің дамуына алып келеді.

Биоэнергетикалық жүйелерді энергетикалық бейімделу ақаулары осы жүйелердің функционалдық қорғанысының жол берілетін шектерін белгілейтін түйінді нүктелер болып табылады. Денсалықтың табиғи көрсеткіштерін қалпына келтіру немесе қол жеткізген денсаулық деңгейін көтеру осы көрсеткіштерді бекіту арқылы жүруі керек. Бұл жұмыс кезеңдерге бөлінеді, өйткені әрбір адамның денсаулық деңгейі адам ағзасының барлық жүйелерінің функционалдық ширығу деңгейіне байланысты болады. Сондықтан бұл жұмысты кезең-кезеңге бөлу керек, өйткені ағза сіз жасаған өзгерістерді көтере алмауы мүмкін.

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 pic