Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

2

 На главную          1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20             Библиотека 

 

Адам ағзасының қуаттылық сыйымдылығы

 

Адам ағзасының қуаттылық сыйымдылығы деген не? Бұл – ағзалық құрылымныың энергетикалық тұтыну деңгейі. Энергетикалық тұтынудың табиғи деңгейі ағзалық құрылымның шешуші мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Бұл мүмкіндіктер қандай? Бұл мүмкіндіктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1. Тұтынылатын энергетикалардың құрушы жиынтығы.

2. Ағзалық құрылымның тұтынуға және табиғи энергетикаларды өңдеуге финкционалдық мүмкіндіктері.

3. Энергетикаларды тұтыну кезеңділігінің уақытша сипаттамалары. Енді осы аталған мүмкіндіктерді адамның өзіндік реттелуінің биоэнергетикалық жүйелеріне қолдануға болатындығына қатысты қарастырамыз.

Тұтынылатын энергетикалардың құрушы жинақтары. Біздің әрқайсысымыз табиғи энергетикаларды өзімізше қолданамыз. Бұл энергетикалық әлеуетіміздің біздің басқа әлемдердегі өмірлерімізге сәйкес келетін энергетикалық құрауыштардың барлық түрін қамтитындығымен түсіндіріледі. Әрқайсысымыздың тек адам түріндегі ғана емес, басқа түрге де айналу шеңбері бар. Адамдар жануар кейпінде де, өсімдіктер кейпінде де, тіршілік айналасындағы табиғатта да, параллель әлемдерде де тіршілік ете алады. Бұл әлемдерде тіршілік ету бізге тиісті энергетикалар түрін алуымыз үшін керек. Біздің әрқайсысымыз белгілі бір энергетикалық әлеуетке иеміз. Бұл әлеуеттің күш қуаты біздің өміріміздің уақытша кезеңіне есептелген. Қандай да бір энергетикалардағы қуаттық құрылым-ның жұтаңдауы бұл энергетиканың басқа әлемде жинақталуына негіз болады. Біздің осы немесе басқа әлемде өмір сүруіміз міндетті болып табылады. Өйткені, адамның энергетикалық құрылымы құрамды болып келеді. Сол себепті де біз өзімізді қоршаған ортада өзімізді жайлы сезінеміз.

Біз пайдаланатын энергетикалардың құрамды жиынтығын әр түрлі. Табиғат анада адамға керекті энергетикалардың бәрі бар. Бұл энергетикалар қандай? Біздің тұтынатындарымыз – ретсіз кеңістіктің, жануарлар мен өсімдіктер әлемдерінің энергетикалары, жарықтың, күннің энергетикасы, ғаламшарлық күш өрістерінің энергетикалары. Энергетиканың әрбір жеке түрін біз энергетикалық функционалдық толқынды ағындар түрінде пайдаланамыз. Бұл ағындарды біздің энергетикалық органдарымыз өзгертіп, органдардың ткандік құрылымдары сіңіре алуы үшін бейімдеп ауыстырады.

 Біздің ағзалық құрылымымыз қоршаған кеңістіктен қажетті энергиялар түрлерін жинақтайды. Және өзінің қажеттіліктеріне сәйкес оларды өңдеу қабілетінің арқасында жұмыс істейтіндігін түсінгеніміз абзал.

Қажеттіліктердің келесі түрлері бар:

тканьдік құрылымдар мен сұйықтық жүйелеріндегі биохимиялық процестердің барлық түрін бақылайтын энергияларға ағзалық құрылымның қажеттілігі. Адамның ағзалық құрылымындағы биохимиялық процестердің барлығының дерлік негізі жарық пен күн энергиясы болып табылады. Дәл осы энергиялар синтез, құлдырау, ықпалдастық, диссимиляция және т.б. процестерді қалыптастырады;

иммундық қызметті бақылайтын энергияларға ағзалық құрылымның қажеттілігі. Иммундық қызмет дегеніміз, алдымен, ағзаның ткандік құрылымындағы барлық айналыс процестерінің функционалдық өміршеңдігінің нәтижесі. Дәл осы қызмет органдардың функционалдық өміршеңдігінің барлық аспектілерін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ иммундық қызмет ағзалық құрылымның уақытында энергетикалық тазару және түрлі жұқпалармен күресу болып табылады. Ағзалық құрылымның энергетикалық тазаруы ағзадан түрлі қалдықтардың, сондай-ақ энергиялардың пайдаланылған түрлерінің шығуына байланысты. Энергетикалық тазаруды ағзалық құрылымның чакралары мен кіші чакралары атқарады.

менталдық қызметтің барлық түрлерін бақылайтын энергияларға ағзалық құрылымның қажеттіліктері. Менталдық қызмет дегеніміз адамның рухани тәніндегі органдар мен органдар жүйесіндегі функционалдық процестердің барлық түрі. Алдымен, бұл тірі ойдың, бейнелі ойдың, әрекетті ойдың құрылысына байланысты процестер. Бұл процестер энергетикалық ақпараттық ағындардың сана деңгейіне түсуіне байланысты. Ақпараттық энергетикалық ағындарға барлық табиғи энергетикаларды, яғни ғаламшарлық табиғаттың өміршең өнімі болып табылатын энергетикаларды, сондай-ақ адам өмірінің белгілі бір кезеңдерінде алатын ғарыштық энергетикаларды жатқызамыз. Әдетте, бұл кезеңдер адамның өміршеңдік кезеңінің бір уақытша циклінен келесісіне көшуіне байланысты.

Адамдардың менталдық қызмет түрлері дегеніміз – санамен, еспен, ойлаумен функционалдық жұмыс істеуі. Аталған қызметтің барлық түрін ақыл-ойдың тиісті органдары мен органдар жүйелері орындайды. Қазіргі кезде адам бұл органдардар, олардың функционалдық процестер, энергетикалық және функционалдық энергетикалық құырыстың деңгейлері мен қабаттары туралы іс жүзінде ештеңе де білмейді.

– адамның функционалды өміршеңдігінің күші артуының барлық аспектілерін бақылайтын энергияларға ағзалық құрылымның қажеттілігі. Біздің тәніміздің ақыл-ойлық және физикалық ширығуына қатысты әрқайсысымыз дербес болып табыламыз. Біздің өміршеңдігіміздің функционалдық артуы біздің тәніміздің күш белсенділігі, ол біздің өміріміздің тиісті режімі мен ырғағын қамтамасыз етеді. Әрқайсысымыз өзімізге жағымды өмір режімін таңдаймыз. Режімді де, ырғақты да біздің энергетикалық ортамыз бақылайды.

Адамның күштік функционалдық өміршеңдігінің барлық аспектілерін бақылайтын энергиялар біздің органдарымыздың функционалдық режімдерін жинақтайды. Бұл ғаламшарлық энергетикалық күш өрістері жасап шығаратын энергиялардың табиғи түрлері. Сәулелердің табиғи түрлерімен жұмыс істейтін бұндай өрістер бір шама. Бұндай өріс құрылымдарына, алдымен, ғаламшарлық электрмагниттік белдеу, сондай-ақ ғаламшарлық ретсіз кеңістіктердің функционалдық ілеспелілігін бақылайтын энергетикалық күш өрістері жатады.

Өзіндік реттелудің биоэнергетикалық жүйелері табиғи энергиялардың барлық түрлерін тұтынушы және өңдеуші болып табылады. Олар ағзаның функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес адамның белгілі бір денсаулық деңгейін құрастырады.

Ағзалық құрылымның табиғи энергетикаларды тұтынуға және өңдеуге функционалдық мүмкіндіктері қандай? Бұл мүмкіндіктер табиғи болуы мүмкін, бірақ қалыптастырылғанда болуы мүмкін. Яғни, ағзалық құрылымның табиғи энергияларды тұтынуы және өңдеуі әрқашан тұтыну және өңдеу процестерін бақылайтын функционалдық тәуелділіктерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тәуелділіктер адамның ағзалық құрылымының энергетикалық матрицасында белгіленген. Бұл тәуелділіктер келесі белгілеріне қарай топтастырылған:

функционалдық бағыт. Яғни энергетикалық тұтыну немесе өңдеу;

функционалдық процесті нақтылау;

– функционалдық режімді нақтылау. Адам қалыптастырған табиғи энергияларды тұтыну және өңдеу мүмкіндіктері қандай? Өзінің өмірінде адам бірқатар уақытша циклдерді бастан кешіреді. Оның денсаулығы өзгереді, өйткені адамды оның өмір салтына, қызығушылықтарына, әдет-дағдыларына және басқаларына сәйкес келетін денсаулық деңгейіне шығаратын тұрмыс жағдайлары бар. Басқаша айтқанда, өмір жолында адам аздап-аздап денсаулығын жоғалтады. Адам қандай жағдайларда денсаулығын жоғалтады? Бұл – тіл-көз әрекеттері, түрлі сиқырлар, өзге ғаламшардың әсерлері. Бұл әсерлердің барлығы адамның тіршілік жүйесіндегі энергетикалық құрылысты бұзады. Әсердің күш қуатына байланысты адам өте тез арада өмірден өтуі мүмкін. Осылайша, адам қалыптастырған табиғи энергияларды тұтыну және өңдеу мүмкіндіктері – олардың денсаулық деңгейінің мүмкіндіктері.

Адамның өзі жеткен денсаулық деңгейінің мүмкіндіктерін өзгерте алатын жол бар. Бұл энергиямен емдеу әдісі. Адамдар белгілі бір органдардың төмен функционалдық мүмкіндіктерімен туады. Ауру немесе әлсіз органдар балаларға ата-аналарынан гендік жолмен беріледі. Бұл органдарды құрылымдық, функционалдық түрде қалпына келтіру керек. Бұл ауру немесе әлсіз органдарың функционалдық табиғи құрылыс қалпына келеді деген сөз, сөйтіп оның функционалдық ортасы қалпына келеді. Бұл ем сатылы жүргізіледі, өйткені берілген бағдарлама бойынша энергетикалық ортаның құрылуына уақыт керек. Бұл әдіспен адамның өмір жолында денсаулығын жоғалтқан органдары мен органдар жүйелері қалпына келтіріліп емделеді.

Адамның өзіндік реттелуінің биоэнергетикалық жүйелері өміршеңдіктің уақытша кезеңінің өзгеруіне байланысты өзінің параметрлерін өзгертеді. Яғни осындай әр циклге энергетикаларды тұтыну кезеңділігінің уақытша сипаттары сәйкес келеді. Энергетикаларды тұтыну кезеңділігі адам өміршеңдігінің режімі мен ырғағына байланысты және ағзалық құрылымның энергиялардың белгілі бір түрлеріне деген қажеттіліктеріне тәуелді. Анағұрлым энергия сыйымды деп балалық және жастық сияқты кезеңдерді айтуға болады. Бұл кезеңдер ағзаның дамуына және қалыптасуына, дене еңбегі мен ой еңбегінің үлкен ширығуына байланысты болады. Бұл кезеңнің екеуі де күрделі, өйткені ағзаның гармоналдық құрылымдануы жеке адамның психикалық-физикалық даму аясында жүреді. Энергетикалық тұтыну тұрғысынан анағұрлым тұрақты кезең ересектік болып табылады, өйткені адам өзіне өміршеңдік ырғақты, жүктемелер шамасын анықтап алған. Қарттық тұтынылатын табиғи энергиялардың көлемі мен құрамының төмендеуімен сипатталады, өйткені ағзалық құрылымдағы функционалдық процестер өзінің режімдерін өзгертеді. Адам қартайғанда өмірдің тыныш режіміне көшеді.

Өмір режімдерінің ауысуы немен түсіндіріледі? Алдымен, денсаулық деңгейімен. Дені сау адам қартайғанда да белсенді қалпын сақтайды, денсаулықтың жоқтығы жас адамды да әлсіз етеді.

Ағзалық құрылымның энергия сыйымдылығы жекелеген органдар мен органдар жүйелерінің энергетикалық құрылысына байланысты. Органдар мен органдар жүйелерінің энергетикалық құрылысы олардың функционалдық дамуын қамтамасыз етеді. Өйткені, кез келген энергетикалық құрылыс белгілі бір бірізділікте тәртіпке келтірілген энергетикалық және энергетикалық функционалдық өзара байланыстар болып табылады. Бұл өзара байланыстардың ткандік құрылымы, функционалдық жиыны, өміршеңдік режімдері әртүрлі болады. Органдар мен органдар жүйелерінің функционалдық өміршеңдігін, олардың ткандік құрылымдарын, функционалдық процестерді бақылайтын өзара байланыстар болады. Бұл өзара байланыстар ішкі жүйелі де немесе жүйе аралық та болады.

Ағзалық құрылымның функционалдық өміршеңдігінің белгілі бір кезеңін реттейтін өзара байланыстар бар. Мысалы, менталдық қызмет кезеңі. Бұндай өзара байланыстар сананың, естің, ойланудың функционалдық өміршеңдігін бақылайды, ткандік құрылымдардағы энергияның жинақталуына, ткандік құрылымдағы функционалдық процестерге жауапты болады. Деңгейлік және қабаттық функционалдық энергетикалық тәуелділіктерді өміршеңдіктің бір режіміне біріктіретін белгілі бір табиғи тізбек болады. Ауру немесе әлсіз органдар өздерінің табиғи энергияларды тұтыну және өңдеу кезеңін толық жүзеге асыра алмайды. Соның нәтижесінде ағзалық құрылымның белсендігі кемиді.

Табиғи энергиялардың күш белсенділігі олардың ағзалық құрылымының жылдам тұтыну сипаттарына қалай әсер етеді? Ағзалық құрылымның күш әлеуеттері мен күш қуатының арасында тәуелділік бар. Денсаулықтың табиғи деңгейін сақтайтын ағзалық құрылым өзіне керекті табиғи энергияны қоршаған ортадан қажет көлемде және құрамда жеңіл ала алады. Ағзалық құрылым табиғи энергияларды күш қарсылығанда белсенділігі төменірек көздерден алады. Әдетте, табиғатта энергетикалық өзара алмасу болып жатады. Біздің ағзалық құрылымымызда өмір сүру үшін қажетті энергетикалық құрауыштардың барлығы бар. Тіпті біздің ағзалық құрылымымыз өмір энергиясын жасап шығарады, ол органдар мен органдар жүйелерінің функционалдық өміршеңдігінің көзі болып табылады. Біз бұл энергияның артығын бізден әлсіздермен, Табиғат анамен бөлісетін болып жаралғанбыз. Әрине, энергетикалық өзара алмасу үнемі ерікті түрде болмайтыны сөзсіз. Өйткені, энергетикалық тұтынудың жоғарғы деңгейі бар күштірек ағзалық құрылым анағұрлым әлсіз ағзалық құрылымды қуатсыздандырып тастай алады, бірақ ол басқа жағдайларда оған энергетикалық жағынан қолдау болады. Бұл қандай жағдайлар?

1. Энергетикалық әлсіз ағзалық құрылым дегеніміз не? Бұның екі нұсқасы бар: алшақ энергетикалық әлеует ағзаның табиғи күш әлеуеттерін қалпына келтіре алмайды. бұл жағдайда ол – ауру адам. Басқа жағдайда – бұл тұйық энергетикалық орта, оның табиғи күш ортасы төмен. Яғни бұл дені сау адам болуы мүмкін, бірақ өміршеңдік ырғағы төмен, функционалдық күш-қуаты төмен.

Ағзалық құрылым өміршеңдігінің үйреншікті режімін не бұзады? Ең алдымен, бұл эмоционалдық күйзеліс, сонымен бірге ағзалық құрылымның энергетикалық жүйесінің бұзылуы, бұл өмірді қамтамасыз ететін органдардың жарақаттануы, табиғи аймақтардың сәулеленуі болуы мүмкін.

2. Адам ағзасының иммундық қорғанышы болады, иммундық жүйе органдарының функционалдық өміршеңдігін қамтамсыз ететін энергетикалық құрылысы болады. Энергетикалық иммун-дық жүйе ағзалық құрылымның қорғаныштық күш ортасы болып табылады. Біздің ағзалық құрылымымыз қандай қорғанышты керек етеді? Ең алдымен, бұл – энергетикалық қорғаныш. Бұндай қорғаныс ағзалық құрылымның энергетикалық әлеуетін қоршаған орта әсерлерінен, соның ішінде адамның күш әсерлерінен қорғайды. Сонымен қатар біздің ағзамыздың энергетикалық күш орталары біздің органдарымызды энергетикалық жұқпалардың дамуынан сақтандырады.

Энергетикалық жұқпа дегеніміз – біздің ағзамыздың энер-гетикалық ткандерінде дамып, зиян келтіретін энергетикалық вирус. Әдетте, энергетикалық вирус анағұрлым әлсіз органдарды зақымдайды.

Сонымен келесі жағдай біздің ағзамыздың энергетикалық күш әсеріне қарсы тұру қабілеті болып табылады.

3. Үшінші және соңғы жағдай – біздің ағзалық құрылымымыз-дың артық энергетиканы арылу қабілеті. Біздің әрқайсысымызда статикалық кернеуден арылу жағдайы болғаны анық. Бұл уақытта ұшқындарды көруге болады. Дәл осындай жағдай өмір энергиясы энергетикалық тұрғыдан толып кеткенде болады. Адам өзінің эмоционалдық күйі тұрғысынан біркелкі өмір сүрмейтіндіктен, ағза оған бейімделіп, өмір энергиясының қажетті көлемін жасап шығарады. Осылайша бұл энергия Табиғат ананы, бізді қоршаған адамдарды қалпына келтіру үшін пайдаланылады.

 

 

 

 

 

Адамның өз денсаулығын

қалпына келтіру мүмкіндіктері

 

Бұл мүмкіндіктерді төмендегідей топтастыруға болады:

1. Энергетикалық функционалдық мүмкіндіктер. Адам, әдетте, өзінің қабілеттерінің, мысалы, сурет салуға, биге, ғылымдарға деген қабілеттерінің шығар көзін білмейді. Адамдардағы кез келген қабілет көзі нақты энергетикалық құрылыс болып табылады.

2. Биосенсорлық энергетикалық мүмкіндіктер. Біздің болатын оқиғаларды алдын ала сезінуіміз, біздің түйсігіміз, біздің қауіпті сезінуіміз – біздің биосенсорлық энергетикалық табиғи мүмкіндіктеріміз. Бұл қабілеттердің барлығы әрқайсысымызда әртүрлі көрінетіні сөзсіз.

Адам бұл қабілеттерді әрқашан дамыта алады, өйткені қандай

да бір ғылымға деген қабілетке қарағанда, биосенсорлық қабілет-тер адамның матрицалық құрылымында көптеген көрсеткіштер ауқымымен белгіленген. Олар белгілі бір жаттығулар мен үйрену сабақтарының нәтижесінде өздерінің күш белсенділігін таныта алады.

Биосенсорлық энергетикалық мүмкіндіктер адамның емшілік қабілеті құрылып, көрініс табатын іргетас болып табылады. Қазіргі кезде адамның ағзалық құрылымында өзгерістер болып жатыр, олар көптеген адамдарда емшілік қабілетінің ашылуынан көрінеді. Адамдар өздерінің энергетикалық қабілеттерін пайдалана отырып, өздері мен табиғатты емдеуге үйренуде.

Емшілікті адамзатты, оның тәні мен жанының ауруларын емдеу көздерінің бірі ретінде түсіну керек. Дәстүрлі медицинаның адамның физикалық тәнін емдеуде орасан тәжірибесі бар, бірақ ол адам жанын, рухани тәнді емдемейді. Адаммен жұмыс істеген тәжірибесі бар әрбір емші адам өмірінің парасаттылық аспектілеріне баса мән береді.

Қазіргі емшілер адам тәнінің көптеген бұзылуларына көбінесе иммундық жүйенің әлсіреуінен болады деп есептейді. Сол ағзалық құрылымның иммундық белсенділігінің әлсіреуі салдарынан физикалық тән аурулары көбейіп кетті. Өйткені тамақ, ауа, су экологиялық дағдарыс жағдайында техногенді өндіріс уларымен уланып жатыр. Бұндай жағдайда адам мен табиғатты бірдей емдеу керек, өйткені ауру табиғат адам тәніне сау энергияларды бере алмайды.

Энергетикалық ем тек науқас адам емшіге белсенді көмек берсе ғана жақсы нәтижелер береді. Кей жағдайларда науқастардың емшіні кіналап жататыны бар, бірақ содан кейін оның емшінің айтқандарын түгелдей орындамағаны анықталып жатады. Бұнда жиі байқалатыны – адам өмір салтын өзгертпей, дәрімен емделу әдетімен жүреді. Адам оны ауруға алып келген әдеттерінен арылғысы келмейді, алайда әр адам өзіне-өзі көмекші болуы керек. Үнемі эмоционалдық күйзеліспен жүретін адамның өз денсаулығын қалай құртатынын емшісіз де білеміз. Бұл, әсіресе, әйелдерге тән, олар табиғатында ерелерге қарағанда көңілшек келеді. Содан барып күйзелістер, жабырқау, невроз, психоздар пайда болады. Адамның эмоциясы – оның ең жаман жауы. Өз эмоцияңызды бақылау әбден мүмкін, тек оған жас кезіңізден әдеттенуіңіз керек, кейін бұл үлкен күш-жігерді талап етеді. Кейде бұндай эмоционалдық жағдайларды сыртқа шығару керек дейді. Біреу бұл тәсілді спирттік ішімдіктерден іздейді, біреу жақындарына айқайлайды. Шынтуайтқа келгенде, бұлардың барлығы сағымдай нәрсе. Алкоголь күйзелістерді уақытша ұмыттырар, бірақ ол ағзаның көптеген жүйелерін энергетикалық күйзеліс жағдайына алып келеді. Ішкілікке салынған адам денсаулығын ғана емес, сонымен бірге ақыл-ойын да жоғалтады.

Айқайға келсек, адам эмоциясының табиғи функционалдық сипаттамалар диапазоны бар. Бұл диапазон адам тыныштық сақтаған кезде жан мен рухтың үйлесімін бақылайды. Кез-келген күйзеліс адамның функционалдық тыныштық жағдайын бұзады. Күйзелістегі, ашулы адам өзінің эмоциясының қуыршағы болады. Эмоцияға бағынған адам өзінің әрекеттеріне жауап беруден қалады, орны толмас қателер жібереді. Соңында ол психикалық-физикалық денсаулығын жоғалтып, физикалық жағынан да, психикалық жағынан да ауру болып қалады.

Психикалық-физикалық ауруларды энергетикалық емдеу мүмкіндіктері шексіз. Өйткені, энергетикалық емдеу әдістерімен адам ағзасындағы бір ғана ауру емделіп қоймайды. Қайта адамның жасына сәйкес келетін табиғи денсаулық деңгейі қалпына келтіріледі.

Әрбір адамға табиғи денсаулық деңгейін сақтап қалуы үшін келесі талаптар қойылады:

1. Еңбек пен демалысты кезектестіріп отыру.

2. Дұрыс тамақтану. Адамның ағзалық құрылымының ерекшеліктері, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары органдарының қызметі ескерілуі тиіс. Егер сіз етті және майлы тамақтарға құмар болсаңыз, әртүрлә сұйықтықтарды ішуіңіз керек, ол тамақтың қорытылуын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге асқазан мен ішек ткандерін артық тұз қалдықтарынан тазартады.

Диеталық немесе вегетариандық тамақтарды дұрыс көретін адамдар үшін табиғи шырындар ішу керек, өйткені қоршаған ортаның ластануы жағдайында оның адам үшін энергетикалық белсенділігі агрессивті болады. Табиғи шырындар ағзаға жақсы әсер етіп, энергетикалық шығындардың орнын толтырады.

3. Адамның эмоционалдық күйі белігілі жаттығуды немесе ерік-күшінің болуын талап етеді. Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін естен шығармаңыздар.

Эмоционалдық тәуелділіктен арылу үшін мынадай шараларды жасау керек:

– эмоционалдық күйдің басталуын белгілеуге үйреніңіз. Көптеген адамдар үшін бұл бақыланбайтын және реттелмейтін құбылыс. Бұл кезеңде сіз эмоционалдық күйдің басталуын белгілеп қана қоймай, оның дамуын тоқтатуыңыз керек.

– эмоционалдық күйзелісті кешенді шаралармен басуды үйреніңіз. Бұндай шаралар өзіңіздің алдыңызға қойған бағдарлама болуы мүмкін. Мысалы, тынышталу үшін үйге келіп, душқа түсуге, сүйікті фильміңізді көруге болады. Әркім өзінің өмір салтын, әдеттерін ескеріп, осындай бағдарлама құруына болады. Бұлардың нұсқалары көп, мысалы, жан-жануарлардың қасында болу, табиғат аясында серуендеу, сізді осы күйден арылтып, көңіліңізді басқа жаққа бұра алатын кез-келген әрекет.

– алдыңғы екі кезеңді меңгергеннен кейін өзіңізді ерік-күшіңізбен тоқтатуды үйреніңіз. Бұл былайша болады: сіз ойша өзіңізді ашу көзінен алыстатыңыз, осылай сіз ашуыңызды бақылауға үйренесіз.

Бұл жұмысқа сіздің бірнеше ай уақытыңыз кетуі мүмкін. Әрине, мезгіл-мезгіл сізде эмоциялық жағдайлар болып тұрады, бірақ ол бірте-бірте әлсіреп, кейін жоғалып та кетеді.

 

Табиғи денсаулықты қалпына келтіру

 

Біздің ағзамыз үзіліссіз жұмыс істеуі үшін оның биоэнергетикалық ресурсын қалпына келтірумен айналысу керек. Қалпына келтірудің келесі әдістері бар:

Биоэнергетикалық релаксация әдісі. Бұл әдіс бойынша ткандік құрылымдарды энергетикалық тазартатын барлық қозғалыс түрлері пайдаланылады. Мысалы, жүгіру кезінде энергетикалық чакралдық органдарды тербелту мүмкіндігін пайдаланады. Бұл былайша жасалады: жүгіріп жүріп, жоғарғы (еңбек) чакрасынан бастап 3-4 рет тыныс алып, ойша чакра гүлін ашып-жабады. Жұмысты аяқтағаннан кейін оны ашық қалдырады. Осылайша ол кезекпе-кезек тамақ чакрасымен, ашбүйір чакрасымен, кіндік чакрасымен, жүйке түйіндерімен, шат чакрасымен, қосақталған шап чакрасымен жұмыс істейді. Аяқтағаннан кейін энергетикалық чакраларды функционалдық тепе-теңдік жағдайына қайтару керек. Ол үшін еріксіз ашық қалдырылған чакралардан энергетикалық тетіктерді ойша ашу керек. Бұл әдісті тәулігіне бір рет пайдалануға болады. Нәтижесінде сіз өзіңіздің энергетикалық тәніңізді функционалдық белсенді күйде ұстайтын боласыз.

Ағзаның сұйық құрылымын биоэнергетикалық тазарту әдісі. Қан мен лимфаның біздің ағзамызда қандай рөл атқаратынын бәріңіз де білесіздер. Олар ағзаның ткандік құрылымдарының өміршеңдігі мен қорғанысын қамтамасыз етеді.

Біздің ағзамыздың сұйық құрылымын белсенді етіп, сонымен бірге оларды тазартуды былайша жүргізу қажет: барынша тынығып, шалқаңыздан жатып, сегізкөзден бастап бүкіл омыртқаңызға жеңіл энергетикалық массаж жасаңыз. Мойын омыртқасымен аяқтап, өкпеге көшіңіз (бірінші сол жақ өкпе, сосын оң жақ өкпе). Жүрек бұлшық етімен, бауырмен, ұйқы безімен, көкбауырмен жұмыс істеңіз. Осылайша сіз органдардың сұйық құрылымдарының жұмысын жақсартып, оларды белсенді биоқуаттармен толтырасыз. Бұндай шараны жүрек пен бауырдың созылмалы аурулары болмаған жағдайда аптасына бір рет жүргізуге болады.

Ағзаның энергиялық-ақпараттық құрылымдарын биоэнергетикалық белсенді ету әдісі. Бұл құрылымдар ағзаның функционалдық ширығу күйін бақылайды. Артық ширығуды басу үшін келесі шараны жасау керек. Толығымен тынығып, өз миыңызды биотермалдық белсенді өріске кіргізіңіз. Бұл өріс сіздің энергиялық-ақпараттық құрылымдарыңыздың 20 минут ішінде артық ширығудан тазалануына немесе нормаға дейін белсенді етуіне көмектеседі. Осы 20 минут ішінде демалу керек. 1-1,5 сағаттан кейін-ақ сіз өзіңіздің жағдайыңыздың жақсарғанын сезе аласыз. Бұл шараны аптасына бір рет таңертең немесе күндіз жасау керек.

Өз ағзаңызбен жұмыс істеудің түрлі әдістері бар. Көрсетілген негізгі әдістерді пайдалана отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды көптеген ауыр сырқаттардан айықтыра аласыз.

 

Адамның биоэнергетикалық

денсаулығының деңгейлері

 

Біздің ағзамыздың биоэнергетикалық ерекшеліктерін қарастырайық. Бұл ерекшеліктер мыналар:

– біздің ағзамыз энергиялардың белгілі бір түрлерін жасайтын болғанының арқасында белсенді өмір сүруге бейімделген. Бұл энергиялар көп. Олар органдардың ткандік құрылымдар мен сұйықтық жүйелерінде пайдаланылады. Өмір көрсеткіші – қолдан жасалмайтын түрге жататын биохимиялық процестер. Біздің ағзамыз – табиғаттың сыйы, сондықтан біз оны қорғап, сақтауымыз керек;

– біздің ағзамыз бізге қоршаған ортаның әсерін сезіну мүмкіндігін береді. Егер ағза сау болса, бұл әсер байқалмайды. Біз ауырғанда айналадағы кішкентай өзгерістерді де, ауа райының бұзылуы болсын немесе бізді қоршаған адамдардың психикалық-эмоционалдық жағдайы болсын, олардың бәрін сезінеміз. Біз ауырған кезде табиғи энергетикалық қорғанысты жоғалтамыз. Әрине:

– біздің ағзамыз өздігінен сауығуға, жасаруға қабілетті. Бірақ біз оны пайдалана алмаймыз.

– біздің ағзамыз - өздігінен құрылымданатын жүйе, өйткені біз оқуға және жаңа білімдерді меңгеруге қабілеттіміз. Бұл әдеттегі жүктемелерді өзгертуді талап етеді. Энергетикалық жүктеме себепсіз шаршайды. Оны ыстық душ қабылдап басуға болады;

– біздің ағзамыз өзіне ұқсастарды зақымдап немесе көмек көрсетуі мүмкін. Бұнда тіл-көз залалы сөз болып отыр. Ашу, эмоционалдық күйзеліс кезінде сіз қасыңыздағы адамды энергетикалық жағынан жаралай аласыз. Егер сіз осы кезде біреу туралы ойласаңыз, онда тіл-көз зарарының көзі болып табыласыз, ол тек энергетикалық жарақаттар жасап қалмастан, тағдыр құрылысын өзгертудің себепшісі боласыз. Нәтижесінде энергетикалық жарақаттар ауыр тән ауруларының басы болады, ал тағдыр құрылысын өзгерту адамды бақыттан, табыстан және т.б.-дан айыруы мүмкін. Сонымен қатар сіз кармалық жауапкершілік жасай аласыз, оған сәйкес зардап шегетін сіз ғана емес, сіздің жақындарыңыз да.

Адам жақсылықты немесе жамандықты ойымен, сөзімен және қылықтарымен жасап, тек энергетикалық ортаға ие болғандықтан жасаған істеріне жауапкершілікті мойнына алады. Ойдың, сөздің және қылықтардың энергиясы кез келген арақашықтықтарды бағындыруға қабілетті. Ол мәңгі, өйткені ол өмірді құрады. Адамның биоэнергетикалық денсаулығының деңгейлері адамның энергетикалық және физикалық тәнінің өміршеңдігінің функционалдық параметрлерін байланыстырады.

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 

 pic