Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 6 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Өз өлімімен өлмеген, біреу өлтірген немесе өз өмірін өзі қиған адамдардың жандары жерге ешқашан қайтып оралмайды. Бұндай жардар ұзақ уақыт бойы өлгендердің денесінің үстінде ұшып жүреді, тек денеден ештеңе қалмағанда ғана, ол кетеді. Карманы анықтағанда мынадай тәсілді ұсынуға болады. Алдымен нақты адамның кармасын зерттеуге ойша бағдарлама беріп, «карманы қарау» керек. Карманы төртінші чакраның тұсынан қарайды. Егер осы орталықтың тұсында ешқандай көзге көрінетін өзгеріс болмаса, бұл адамның кармасы дұрыс деген сөз. Ал карма ауырлаған болса, онда екінші бағдарламаны да ойша қосу керек: «кармалық аурудың себебін іздеймін». Егер осыдан кейін миға қарай бағытталған із көрінсе, екі нұсқа пайда болады. Бұрын өз жамандығынан болған карма және өз ақымақтығынан болған карма. Егер әлгі із мидың сол жарты шарына барып тірелсе, бұл – жаман ойлардан болған карма, ал егер із оң жақ жарты шарға тірелсе, карма адамның эмоционалдық әрекеттерінен пайда болған. Өз ақымақтығынан болатын кармада қара із жарты шарлардан немесе біреуінен белгілі бір бағытқа қарай созылады. Ол бір ғана сызық түрінде де, бұтақтанып та тұруы мүмкін. Бір ғана сызықтың соңында бір адамды, ал бұтақталған сызықтың соңында бірнеше адамды көруге болады. Бұл кармасы ауырлаған адам жаман істеріне араласқан адамдардың саны. Егер карманың ізі кіндікке қарай немесе жүйкелердің шоғырланған жеріне қарай созылса, онда бұл анасы жағынан болатын генетикалық карма, егер жыныстық органдарына немесе алғашқы екі чакраның біріне не екеуіне қарай тартылса, онда әке жағынан келген карма. Егер карма ізі адамның тәнінен тысқары шығып кетсе, онда карма оның бұрынғы өмірінде бұзылған. Бұдан кейін толық кармалық талдау жасап, науқасты қарау басталады. Емделуге күнтізбелік күн және сағат белгілеп алған жөн. Егер талдауды диктофонға жазып алса, өте қолайлы болады, өйткені кейін одан науқасқа жазбаша анықтама беруге болады. Мысалы, науқастың жасы қырық екіде делік. Оны қырық екінші баспалдақта тұр деп елестетіп, өмірінің әр сатысын зерттейміз. Соңғы қырық екінші сатыдан кейін тағы да отыз сегіз саты бар деп есептесек, сырқаттың жалпы жасы сексен болады. Бірақ бізге оның осы уақытқа дейінгі жасы керек. Сондықтан сырқатпен бірге оның өмір баспалдағымен төменге түсу керек. Мысалы, жамандық немесе өз ақымақтығынан болған карма отыз жетінші сатыға дейін сақталады. Сонда отыз жетінші сатыны он екі бөлікке бөлеміз де карма пайда болған айды табамыз. Мысалы, карма бесінші бөлікте пайда болды делік, сонда сырқаттың кармасы оның отыз жеті жасында бесінші айда ауырлай бастағаны анықталады, осылайша тіпті күні, сағаты, минутына дейін анықтауға болады. Сөйтіп, науқастық өмір баспалдығымен оның өмірге келгеніне дейін төмен түсе отырып, қандай сәтте, күні, сағатта карманың жеңілдегенін немесе ауырлағанын білуге болады. Бұлар карманың «шыңдары» деп аталады. «Шыңдар» пайда болған кезде өзіне-өзі сұрақ қоя отырып, емші оқиғалар мен науқас ең болмағанда ойша жамандық жасаған адамдардың, жануарлардың сұлбасын көре бастайды. Ақырында нөлінші сатыға келгенде, кеуде чакрасына жоғарыдан доға бойымен жанның келіп түскенін көруге болады. Бұдан әрі баланың генетикалық кармасы зерттеледі, анасының жүктілік кезі айлар, күндер және сағаттар бойынша зерттеледі. Сонымен бірге жүктіліктің мерзімін, бала қанша күнге ерте туғанын көре аламыз. Жанның кармалық талдауын туған күннен бастап артқа қарай жүргізеді. Бұнда нақты адамдардың күнәларын, олардың өмірлері мен өлімдерін көруге болады. Бұл, әрине, адамның бұрынғы өміріндегі оқиғалар туралы айтылып отыр. Диктофонға жазылған ақпаратты науқаспен бірге тыңдап, оған тиісті кеңестер мен ұсыныстар беріледі.
IV тарау ҒАРЫШТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Микроғарыш және макроғарыш Ғылым мен технология дамыған қазіргі дәуірде адам дегеніңіміз не және адам мүмкіншіліктерінің шегі бар ма деген сұрақ туындап, пікірталастар тудырды. Бұл тұрғыда адамның жан-жақтылығы басты назарда болып отыр. Әрине, адамды балшықтан жасалды дейміз, оның денесі ет пен сүйектерден тұрады, онда қан айналысы жүріп, түрлі әрекеттер жасалады. Оның денесінде мың сан химиялық әрекеттерді бақылауға болады. Адамның ақпаратты қабылдауы және оны басқаларға беруі өмір бойы жалғасып отырады. Адам дегеніміздің өзі – ой мен қиялдың жиынтығы. Оның әрбір қимылы қандай да бір ойдан немесе қиялдан туындайды. Адамзат баласының барлық жетістіктерінің негізі ой мен қиялдың көзге көрінбейтін күш-қуаты болып табылады. Өзіне келетін ойларға түрлі мән-мағына бере отырып, адам әртүрлі жаңалықтар ашады. Сәбидің ересек адам болып өскені сияқты адами сана өзінің қазіргі дәрежесіне дейін өсіп-жетілді. Жаңа туған нәрестенің санамен ұғыну қабілеті іс жүзінде жоқ деуге болады. Тек нәрестелік, балалық және жасөспірімдік кезеңдерден өтке келе ғана ол жастық шаққа жетеді. Осы жаста оның ойлау және дене қабілеттерінің барлығы дамудың шарықтау шегінде болады. Дәл сол сияқты адамның санасы да сәбиліктен өзінің қазіргі күйіне дейін жетті. Сонымен бірге адам санасы өзінің шарықтау шегіне жетті және біздің дәуіріміз сана дамуы мен әлемді бағындырудың шыңы деп айтуға болмайды. Адамның ақыл-ойы шексіз кең, бұл оны әрі қарай дамуға жетелейді. Әлі талай шығармашылық мүмкіндіктерді ашу керек. Адам мүмкіндіктерінің тек аздаған бөлігі ғана анықталған, демек адамның әлі белгісіз сансыз қабілеттері ашылуы тиіс. Барлық зерттеулеріміздің, уайым-реніштеріміз бен сезім-деріміздің көзі ақыл-ой болып табылады. Қандай да бір уақыттарды ашылған жаңалықтардың барлығын ақыл-ойдан бөлек қарауға болмайды. Әлдебіреу ойланған кезде оның ақыл-ойының кеңейетіні соншалық, өмірге жаңа формула немесе тіпті жаңа ілім келеді. Адамның ақыл-ойы өткен дәуірлердің адамдары үшін жұмбақ болған, қазірдің өзінде де ол толығымен зерттеле қоймаған құбылыс болып отыр. Қазіргі кезде белгілі және әлі де белгісіз құбылыстардың жаңа ұғымдарын ашуға көмектесетін көптеген ғылыми және тәжірибелік құралдар бар. Тереңірек жатқан қабатты ашу үшін алдымен оның үстіндегілерін аршу керек. Тереңдегі қабат әлі зерттелмеген, түсініксіз, сол себепті де біздің назарымызды аударатын жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ғалымдар мен психологтар адам баласының өз қабілеттерінің тек 5-10 пайызын пайдаланатынын анықтаған. Адамзаттың осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері оның қабілеттері мен мүмкіндіктерінің тек осы 5-10 пайызын пайдалану нәтижесі деп айтуға болады. Бұдан түсінетініміз – медицина немесе зоология саласында болсын, ботаника, генетика, физика, химия, инженерлік сала, психология, парапсихология немесе басқа салаларда болсын жеткен ғылыми жетістіктердің барлығы тек адам мүмкіндіктерінің көрінісі болып табылады. Алайда біз ғылым мен өнердің осы жетістіктерін көрген кезімізде, бұлардың барлығының бізге табиғат сыйлаған ақыл-ой қабілеттеріміздің нәтижесі екендігін сирек еске аламыз. Адамның ақыл-ойы мен оның жеке тұлға екендігінің қазіргі заманғы дәлелдері адам тірлігінің екі бөлікке бөлінетінін көрсетті, олар – оянудың сыртқы әлемі және ішкі әлемі, олар адамның ішкі әлемінде пайда болып, бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қалай болғанда да адам алдында үнемі сұрақ тұрады. Ол сұрақ адамның жай ғана тән қимылдары мен сыртқы жағдайлардың жиынтығы болып табылмайтындығы туралы. Адамда материалдық әсерлерге бой бермейтін өріс болады, ол өріс ойлар мен қиялдарымызды материалдық өріске жеткізеді. Біздің болмысымыздағы шынайы адам осы өріс болып табылады, ол жан деп аталады. Спиритуалистердің айтуынша, егер адам өзінің ішкі «меніне», яғни жүрегіне кіре алса, онда оның жаны күш ала бастайды. Барлық діннің қасиетті кітаптарында адамның ғажайып қабілеттерге ие екендігі туралы айтылады. Қасиетті кітаптарға сәйкес адам тән мен жаннан тұратын дене болып табылса да, ол Жаратушы Алла Тағаланың Қасиеттері болып табылатын қуатқа немесе ортаға ие. Бұл орта жан деп аталған. Жан адамға рухани ілімдердің мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Діни кітаптарда барлық сезімдер мен әсерлер екі топқа бөлініп көрсетілген: саналылық және санасыздық, сыртқы әлем және ішкі әлем немесе сыртқы және ішкі. Сыртқы – сыртқа көрінетін материалдық сезімдер, ал ішкі әлемнің ішкі өмірін құрайтын қасиеттердің жиынтығы болып табылады. Ішкі өріс шегінен тыс біздің біліміміз жоғарғы білімге апарар қозғалыстың бастапқы сатысына түседі. Бірнеше ғасырлар бұрын ғана физикалық ғылымдардың тәжірибелері мен жаңалықтары магия немесе сыйқырлық деп есептелген және таңғажайып жұмбақ құбылыс деп түсінген, ал қазір дәл осылай ойлау жан мен жан жөніндегі ғылымдардың шынайылығы туралы түсінікке тән болып отыр. Адамдарға бес сезім таныс, олар: көру, есту, иіс, сезім және сипап сезу сезімдері. Әр сезімнің өзінің нақты анықтамасы мен әрекет ететін шектеулі аясы бар. Мысалы, біз белгілі бір қашықтықтан алыстан көре алмаймыз, толқындар ұзындығының арнайы диапазонынан тыс дыбыстық толқындарды ести алмаймыз, сондай-ақ қолымызды тигізбей, қандай да бір нәрсені сипай алмаймыз. Материалдық өрісте бұл сезімдер шектеулі және арнайы диапазонның шегінен тыс әрекет ете алмайды, бірақ рухани өрісте олардың әрекеттері шектеусіз. Рухани көру сезімі кез келген қашықтықтан көре алады, ол ешқандай шекарамен немесе шеңбермен шектелмеген. Рухани есту қабілеті кез келген жиіліктегі дыбыстарды қабылдайды, сөз сөйлеу аппаратына тәуелді болмайды және техникалық байланыс құралдарын пайдаланбай-ақ әркім өзінің ойын басқаларға жеткізе алады. Адам сезімдерінің шынайы мүмкіндіктерін тек адамда рухани сезімдер әрекет ете бастағанда ғана сезінуге болады. Бұл бес сезім әсерлерге есік ашады, бұл әсерлерді сезіну осы есіктер жабық тұрғанда мүмкін емес. Бұл сезімдердің көмегімен аспан әлеміне кіруге және көзге көрінбейтін жаратылыстарды, мысалы, періштелерді көруге болады. Бұл сезімдерді оятудың ең тиімді әдісі МЕДИТАЦИЯ болып табылады. Медитация дегеніміз бұл – жаттығулар. Бұл – ойлау әдісі. Бұл ақыл-ойдың ұйықтап жатқан сезімдердің оянып, әрекет ете бастайтын күйі. Медитация техникасының көмегімен материалдық сезімдерге белгісіз күйде қалатын күштерді пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Медитацияны жүйелі түрде жасап тұратын адамдар қабылдау және түсінудің ғажайып тәсілдеріне қол жеткізеді. Медитация әртүрлі түрде барлық уақыттарда пайдаланылған. Медитацияның көптеген рухани, психологиялық және физикалық жетістіктері бар. Бұл жаттығу жабырқаулық пен жүйкедегі тынышсыздықтарды жою қабілетін дамытуға көмектеседі. Ол психологиялық қиындықтардан сақтап, имундық жүйені күшейтуге, соның арқасында түрлі аурулардан құтылуға жәрдем береді. Медитация жасап тұратын адам материалдық құралдарды пайдаланбай-ақ, көңілжайлылық пен тыныштыққа жете алады. Тұтастай көңіл-күйін, соның ішінде жағымсыз әсерлерді бақылауға қол жеткізеді, соның әсерінен адамныің күнделікті өмірдеге жалпы жұмысқа деген құлшынысы артады. Осы бір тамаша жаттығудың элементтерін әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі діни және нанымдық ғұрыптардан табуға болады. Әр дінде дұға оқу дәстүрін әбден беріліп өткізу керек екені атап көрсетіледі. Заңдылық Егер біздің өміріміз ойларымыздан ерекшеленетін болса, біз ешқашан олардың әсеріне ұшырамаған болар едік. Қандай да бір қуанышты ой келгенде, біз ризалық пен шаттық толқынын сезінеміз, ал қорқынышты ой келгенде, бізді үрей билеп, мазасыздана бастаймыз. Соның әсерінен біздің ойымыздың да басы бірікпей, тынышсызданамыз. Ойлардың әсерін қазір медицина да мойындайды, асқазан жарасы, асқазан аурулары, қан қысымының жоғарылауы, туберкулез және күйзелістер ойлардың бұзылуының және шатысуының нәтижелері болып табылады. Толқыған кезімізде өзіміз де тәбетіміздің қашатынын байқаймыз; ұнамсыз жағдайларды ойлағанда, жүрек соғысы жиілеп, кейбір адамдар тіпті қалтырауы мұмкін. Осындай жағдай туындайтын тағы бір мысал – жұмысқа бару керек деген ой келмейінше, біз жұмысқа бара алмаймыз. Кімде-кім үй салуға бел буса, алдымен оның басында үй салу туралы ой келеді. Бұл ой адамға қозғау салады, ол қаржы жинай бастайды, үй салуды білетін адамдармен ақылдасады. Тіпті инженерлік іс пен тұрғын үй құрылысы туралы ілім-білім адамдардың басында ой түрінде өмір сүреді. Сондықтан, ой күші әрекет күшімен бірлескен кезде ой-қиял түріндегі үй материалдық түрге көшіп, үйдің құрылысы басталады. Діни кітаптарда осы ойлардың пайда болу көздері болатындығы айтылады. Біздің сыртқы әлемнен таса ішкі дүниеміздің тереңінде жатқан «мен» бастауы осы ойлардың шығу көзі болып табылады. Осы көзден сан мың, шексіз ақпарат ой түрінде беріліп жатады. Алайда біз қабылдай алатын ой азғантай ғана емес, ол шектелуі және осы шектеулі ақпарат адамның білімі мен жадын құрап, АДАМ САНАСЫ деп аталады. Ауқымды ақпарат алу үшін өзімізді-өзіміз ойша талаптандыруымыз керек. Егер біздің ойымыз ақпарат көзіне немесе ішкі «мен»-імізге үздіксіз бағытталған болса, ол әдетте біз қабылдай алмайтын ақпаратты бірте-бірте өзіне шоғырландыра бастайды. Іс жүзінде бізге берілетін ақпаратты шектеудің соңғы сатысы Сана болып табылады. Анағұрлым кеңірек ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге білім мен біздің Санаға бағынбайтын сезімімізді зерттеу қабілеті керек. Физика ғылымындағы кез келген формула өнертабыс немесе жаңалық іс жүзінде Санаға бағынбайтын сезім аясына кіре алған адам қабылдаған жаңа ақпарат болып табылады. Ғалым немесе өнертапқыш өзінің Санаға бағынбайтын сезім аясына кіре алмайынша, мейлі айлар өтсін, мейлі жылдар өтсін, ешқандай жаңалық аша алмайды. Табандылық көрсетіп, Санаға бағынбайтын сезім аясына кірген кезде, ғалым жаңа жаңалық немесе өнертабыс ашады не шығармашылықпен айналысады. Өнертапқыш немесе ғалым алдымен ойды өзінің миында қабылдайды, сосын осы ойға ықыласын аударады. Ақыл-ой анағұрлым тереңірек болған сайын және оған деген ынта-ықылас күшейген сайын ойдың маңызы арта түседі. Сол кезде жаңа пішіндер мен нышандар пайда бола бастайды да, ой белгілі бір заттыр нышанына келе бастайды.Мысалы, адам аспандағы құстың ұшқанына қарап отырып, әуеде ұшу туралы ойға келді. Ұшу қиялын жүзеге асыру қолынан келмеген бір ұрпақ оны келесі ұрпаққа тапсырып отырды. Алдымен адам құстың қауырсынын қолына жапсырып алып, ұшу әрекетін жасап көрді, одан кейін де бұл талабын жалғастыра берді. Бірте-бірте ұшуға байланысты заңдылықтар адамның ақыл-ойына келе бастады. Ол ауаның қысымын мен оның қозғалу заңдылықтарын тауып, ақыр соңында ұша алатын машина жасап шығарды. Бұл әңгіменің мақсаты – әрбір өнертабысты, жаңалықты және ғылымды басқаратын бір ғана заңдылық екенін және оның ақыл-ойдың неғұрлым зерделі болса, неғұрлым заттарға ден қойса, соғұрлым сол зат туралы егжей-тегжейлі мәліметтер ашылатындығын дәлелдеу. Егер адамның ақыл-ойы заттың сыртқы салдарларына ауса, онда бұқаралық ғылымдар, ал заттың ішкі дүниесіне назар аударылса, онда ішкі қабілеттер туралы ғылымдар зерттеледі. Баланың санасы ересек адамның санасынан өзгеше. Бала туған кезде ол айнала туралы ештеңе де білмейді. Ол тіпті бір нәрсеге көз тоқтатып қарай алмайды, құлаққа келген дыбыстарды түсіне алмайды. Ол сөйлей де, уақыт пен арақашықтықты қабылдау қабілетін пайдалана да алмайды. Бірте-бірте бала айналасындағы тани бастайды, айналасындағылардан ақпаратты та қабылдай бастайды. Бұл жағдайда баланың қалау-тілегі басты орында болады. Алайда оның білімі негізгі фактор болып саналады, ол білімді балаға оны қоршаған ортаның мүшелері береді. Мысалы, бала ана тілінде сөйлеуді және оны түсінуді арнайы оқытусыз-ақ үйренеді. Дәл солай ол өзін қоршаған заттардың мәні мен пайдасын түсіне бастайды. Осылайша бала білімді ересек адамдар сияқты заттарды көре бастайды. Жасөспірім шағына жеткенде баланың санасында өзін қоршаған ортадағы маңызды құбылыстар туралы білімді жинақтай бастайды да ол өз өмірін қоғамдағы басқа адамдар сияқты өткізе бастайды. Сананы жарық түсетін айнамен салыстыруға болады. Сана өзінің назарын аударатын және өзіне таныс ерекше жарықты сіңіреді. Айнаға түскен жарық сана экранында қалып қояды, адам тек қана осы жарықты көріп-қабылдайды, ал оның ақыл-ойынан өткен жарық көзге көрінбейтін күйінде қалады. МЫСАЛ: Егер біздің алдымызда мөлдір әйнек болса, біз оның бар екенін сезбесек, онда оны көру мүмкін емес, өйткені осы әйнектен өтетін жарық шағылыспайды, тіпті шағылысқан күнде де ол көзге көрінбейді. Көзге көрінбегендіктен, алдарындағы әйнек есікке адамдардың соқтығысқаны көптеп кездеседі, өйткені олар әйнекті сезбеді, тек соққаннан кейін ғана оның бар екенін түсінді. Сана бірдеңеден жарықты сіңдіру үшін оған ықыласы күшті болуы керек, өйткені оған таныс емес жарық жіті көңіл бөлгенде ғана білінеді. Сананың осылай ұстай алу қабілетін біз бақылау, тәжірибе немесе тану деп атаймыз. Рухани ғылымға сәйкес Көрінбейтін Әлем жұлдыздар мен аспан денелерінің сансыз жарық ағындарынан тұрады, олар рухани құпиялар мен ғылымдарға жататын сыртқы кеңістік тұрғындары болып табылады. Адам өзінің ішкі «мен»-іне жіті көңіл бөлген кезде іштегі ақпарат оның санасына бейнелер түрінде пайда болады да, сана көзге танылмаған қасиеттерге ие бола бастайды және дәл жас баладай өзінің білімі мен қоршаған ортадағы құбылыстарды тани алу дағдысын дамытып, бірте-бірте өз әсерлерімен таныса бастайды. Адамның ерік күші оның ішкі сезімдерінің оянып, белсенділігінің артуы үшін өмірлік маңызды болып табылады. Медитация кезінде біз көзіміздің алдына келетін қараңғылық пердесін түріп, оның арғы жағындағы құбылыстарды аша бастаймыз. Бұл білім мен сенімділік ішкі көру сезімінің белсенділігін арттыруға көмектеседі. Бұндай белсенділіктің бірінші сатысында ерік әлсірейді, бірақ үнемі жаттықтырып отырудың арқасында ерік күш әрекет ете бастайды. Медитация жасап отырған адам өзінің ішкі дүниесін көзін жұмып отырып-ақ бақылай алатын болады, бұл дәл айнала ортаны көзіңді ашып көргендей әсер береді. Батылдық пен сенімнің біздің істеген істеріміздің бәрінде де бірінші орында тұратынын бәріміз жақсы сезінеміз. Егер біз қандай бір елді мекеннің бар екеніне сенімді болмасақ, ол жерге ешқашан да бармаймыз. Дәл осы сияқты, химияның ғылым екендігіне сенімсіз болсақ, ешқашан заттардың химиялық қасиеттеріне қатысты білім алмаймыз. Рухани ақыл-ой Біздің өмірімізде болып жатқан көптеген оқиғалар адамның өз бойындағы қарапайым сезімдерден асып түсетін басқа қабылдау әдістерін де пайдаланатыны туралы хабар береді. Бұл әдістер қабылдау құралдары мен тәсіліне қарай әртүрлі аталады. Мысалы, алтыншы сезім, экстрасенсорлық қабылдау сезімі, ішкі түйсік, сана, ішкі дауыс, рухани шабыт және т.б. Кейде адам өзінің өмірінде қандай да бір нақты жағдайларды қалай түсіну керек, қандай әрекет жасау керек деген сұраққа жауап таба алмайтындай жағдайға ұшырап жатады. Терең ойлану оның ішкі дүниесін босатады да аяқ астынан бір ой келеді, бұл ой тіпті осы оқиғаға қатыссыз, түсініксіз көрінеді. Бұл ой қисынсыз болып көрінсе де, оның салмағы бар, оны елемеуге немесе мән бермей қоюға болмайды. Алда осы ойды басшылыққа ала отырып, әрекет жасайды, соның нәтижесінде өзін мазалаған мәселе шешімін табады. Біз күнделікті өмірімізде: «Менің алтыншы сезімім осы іске бармауымды сездіріп еді» немесе «Менің басыма бір ой келген, қанша қашсам да бұл ойдан арыла алмай-ақ қойдым, ақыры ойлаған нәрсем болды» деген тұжырымдарды жиі естиміз. Мысалы, аяқ астынан ешқандай себеп-салдарсыз сіздің басыңызға өзіңіздің бір жақын және сіз үшін қымбат адамыңыз туралы ой келеді және ол қайталана береді, ақыр соңында оның бейнесі сіздің көз алдыңызға жиі келе беретін болады. Не үшін бұлай болып жатқанын ойлай бастайсыз. Кейде бұл ойлар сенің көңіл-күйіңе әсер ететін болады, мысалы, сіз уайымдайсыз немесе қуанасыз. Біраз уақыттар өткеннен кейін сіз өзіңіздің ойыңыздан шықпай жүрген адамның қандай да бір жағдайға тап болғанын естисіз. Кейде көптен бері кездеспеген досыңыз туралы кенеттен ойлай бастайсыз. Кенет бірнеше сағаттан кейін сіздің есігіңіздің қоңырауын қағып тұрған сол досыңызды көріп, жүрегіңіз жарылардай қуанасыз. Тағы бір мысал, сіздің қасыңызда жоқ адамды сөз еткен кезде, ол адамның аяқ астынан пайда бола кететіні соншалық: «кімді айтса, сол келеді» деп, таңданысымызды жасыра алмай жатамыз. Ғалым адам үнемі бір нәрсе туралы ойлап жүреді, өзі өткізген тәжірибелердің қорытындылары туралы ойлар оны тастап кетпейді. Зерттеулер барысында онда жаңа ой пайда болады, бұл ой жаңа ілімнің, заңның немесе ғылымдағы жаңа бағыттың ашылуына негіз бола алады. Ойдың бұлай пайда болуы бірте-бірте, сатылы немесе аяқ астынан, барлық сатыларды бір-ақ аттап өтетіндей тез болуы мүмкін. Ой бірте-бірте бейнелене бастаса, ол таңғаларлық болмайды, ал ол басымызға аяқ астынан келген кезде бұл біздің үйреншікті сезімдеріміздің жұмысы деп атай алмаймыз. Бензин формуласының құрылымының, органикалық химия қосылыстарының ашылуы осының мысалы бола алады. Химик Вольф бенцин молекуласының түрі қандай болуы мүмкін деген ойға шомып жүрді, өйткені сол кездегі белгілі теория бойынша бұл мәселені шешу мүмкін емес еді. Қанша күш жұмсаса да, ғалымның зерттеулері орынынан тапжылмай қойды. Бір күні түнде ол түс көреді, түсінде бір-бірінің құйрығынан тістеген алты жыланды көреді. Ол бұны өзі ойлап жүрген молекуланың құрылымы болуы мүмкін деп шешеді. Ояна сала жұмысқа кірісіп кетеді, ақырында бензин молекулаларының құрылымы дәл сол түсіндегідей болғанын дәлелдеп шықты. Дәл осындай түрлі дәрі-дәрмектің ерекшеліктері мен медициналық қасиеттеріне қатысты ашылған жаңалықтар көп жағдайда түйсіктің немесе ішкі басқарушылық сезімінің әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Медицина мамандары мен осы саладағы қызметкерлердің жұмысы олардың ойларын химиялық қосылыстарға, яғни дәрі-дәрмектерге қарай бұрады, содан кейін түйсік материалданып, тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижесіне өз әсерін тигізеді. Өнер және басқа шығармашылық қызметі нәзік сезімдердің көмегімен жүзеге асырылады. Көптеген әңгімелерді, проза мен поэзиядағы шығармаларды тек қана жоғары зерде мен бай тілдің нәтижесі деп айтуға келмейді. Өмірімізді мәнді етіп сүру үшін керектінің бәрі белгісіз дүниеден келеді. Ой мен ақыл басымызға белгілі бір тәртіппен және ретпен келеді, саналы өмір сүрудің басты себебі де ойлардың белгілі бір тәртіпке бағынатындығында. Туғаннан бастап о дүниеге аттанғанға дейін біздің санамыз қабылдайтын нәрселердің бәріне өз орнымен және дұрыс жету де біздің ақыл-ойымыздан тыс бір тылсым күштің әсері сияқты болып көрінеді. Ішкі оянудың маңыздылығын басқа адамдардың қызығушылықтары мен қабілеттерін бақылап отырып бағалауға болады. Санадан тыс нәрсе сананы адамның көңілі құлаған қызығушылығын таңдауға бағыттайды. Бір ата-ананың екі баласы бірдей жағдайда өседі, бірдей тәрбиеленеді, бірақ қызығушылықтары мен қабілеттері бір-біріне мүлде ұқсамайтын болуы мүмкін. Олар бір әлеуметтік жағдайдағы отбасында өседі, ата-аналарының ықыласына бірдей бөленеді, бір үйде бірдей жағдайда тұрады, бір мектепке барады, бірдей білім алады. Бірақ бірте-бірте есейген сайын олардың саналарының айырмашылықтары біліне бастайды. Егер біреуі сурет салуды қаласа, екіншісіне шахмат ойнау ұнайды. Біреуі дәрігер болғысы келсе, екіншісінің ойы заңгер болуды қалайды. Біреуі мектепте озат оқушы болса, екіншісі орташа бағаларды қанағат тұтады. Мүдделер мен қызығушылықтардың бұндай айырмашылықтарын түсіндіре алатын себептерді іздегенмен, біз мардымды ештеңе айта алмаймыз. Бір үйдің екі баласы да сол сияқты: олардан не үшін қандай да бір мамандықты қалағандықтарын немесе әлде бір затты ұнатқандықтарын сұрасаңыз, олар ешқандай жауап бере алмайды, өйткені бұның себептерін аша алмайды. Алайда шындық басқада: санадан тыс орныққан бастапқы сезім сананың мүдделерін анықтайды, сондықтан бір адамның мүмкіндіктері мен қызығушылықтары екіншісінікінен ерекшеленіп тұрады. Бұл құбылысты жануарлар әлемінен бақылауға да болады. Жан-жануарлар мен жәндіктердің тіршілігін бақылай отырып, олардан жеке және ұжымдық деңгейдегі санасын тануға болады, бірақ біз бұл саналылықтың үйрену арқасында немесе ақыл-ойға байланысты емес екенін жақсы білеміз. Мысалы, үйректің балапаны жұмыртқаны жарып шыға сала, суға түсіп, жүзіп кете береді. Бүркіттің ұша білу қабілеті оны аспанға шарықтатады. Дәл осылайша аралар да гүлдің нәрін жинап, бал дайындауды ешкімнен үйреніп-білмейді. Құстардың ұя салу қабілеті де жаттығу нәтижесінде тумайтын әрекет. Бұл жерде баяндалып отырған басты нәрсе – санадан басқа оның жұмысына әсер ететін басқа күштердің де бар екені. Адамның өмірі өзінің әрбір сатысында осы күшпен байланысты болады. Адам баласы бұл туралы ойланып та жатпайды, өйткені ол үйреншікті, өзінен-өзі белгілі нәрсе болып табылады, алайда өмірде әдеттегіден тыс болып жататын құбылыстар сан алуан. Сондықтан да адамның зейін-зердесі ақыл-ой жұмысын әртүрлі санаттарға бөлуге мәжбүр болады. Психолог ғалымдар бізді соқыр сезім және сана, парапсихологтар алтыншы сезім, ішкі дауыс және экстрасенсорлық қабылдау қабілеті деген ұғымдармен таныстырады. Дінтанушылар сана, түйсік және жан ұғымдарын алға тартады. Яғни адам өмірінің барлық кезеңдерінде басқа болмыс туралы айтылады. Тіпті дінге сенбейтін адамдардың өздері де ақыл-ой мен санадан жоғары тұратын болмыстың бар екеніне сенеді және оны табиғат деп атайды. Қарапайым тілмен айтқанда, адам бойында екі ақыл-ой болады: бірі – сыртқы, яғни көзге көрінетін, екіншісі – ішкі немесе рухани ақыл-ой. Көрінетін ақыл-ой мен ішкі немесе рухани ақыл-ой қаншалықты тығыз байланысты болса, біз соғұрлым тыныш өмір сүреміз, бұл жағдайда біздің рухани ақыл-ойдан ақпаратты алу және қабылдау қабілетіміз көп мәрте еселеніп артады. Рухани ғылымдардың басты мақсаты – адамды өзінің рухани ақыл-ойын мейлінше тиімді пайдалануға үйрету болып табылады. Телепатия (материалдық көмекші құралдарсыз байланысу), көріпкелдік (қандай да бір ақпаратты материалдық құралдарды пайдаланбай білу), ойлар мен заттарға рухани күштердің көмегімен әсер ету (заттарды дене күшін пайдаланбай жылжыту қабілеті), рухани ілімдерді білу, өзге дүниелерге саяхат жасау, періштелерді, рухтарды көру және тағы басқалардың барлығы тек адамның рухани ақыл-ойы белсенді әрекет еткен жағдайда ғана мүмкін болады.
| ||