Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 8 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Нәзік сезімдер Медитациямен жүйелі түрде айналысатын адам жарық пен толқындарды жинай бастайды және бұл оған тартылыс күшін жеңуге мүмкіндік береді. Осы жарыққа ие бола отырып, шәкірттер ауырлық күші әрекет етпейтін күйлерді бастарынан кешеді. Яғни медитация кезінде немесе басқа жағдайларда, жүріп келе жатырып, отырып не тұрып олар салмақсыздық күйін кешеді. Кейде шәкірт өзін жарықтан жаралғандай сезінеді де медитация кезінде салмақсыздық жағдайында өзін ауада ілініп тұрғандай сезінеді. Ол түрлі жарықты көзін ашып та жұмысп та тұрып сезіне береді. Адам өз миында жарық жарқылын көреді. Ол ток ағынының денесінен өткенін сезінеді. Кейде жарық ағыны шектен тыс көп болған кезде, денеде жоғарғы әсер болады. Тыныштық және рахат сезімі тереңдей түседі. Қабілеттер еселеніп, күшейе түседі, тұрақсыз ойлар реттеледі. Медитация жасаушылар сезінетін осы және осыған ұқсас күйлер адамның рухани күшінің артуын және адамға әсер ететін жарық жүйесінің күшеюін дәлелдейді. Медитация және ұйқы Медитация мен ұйқыны біріктіруге болмайды, сізді ұйқы жеңіп бара жатқанын сезсеңіз, медитация жасаудың керегі жоқ. Егер сіз жаныңызбен де, тәніңізбен де шаршауды сезінсеңіз, медитация жасауға кіріспес бұрын біраз уақыт демалып алғаныңыз жөн. Шаршаңқы күйден арылу үшін, бірнеше рет терең, бірақ жай тыныс алыңыз, медитация басталғанға дейін денеңізді бос ұстаңыз. Терең демалып, қуат толқынының сіздің денеңізге кіріп жатқанын ойда ұстап отырыңыз. Осының бәрін бірнеше минут ішінде жасап шығып, сіз өзіңізді анағұрлым жақсы сезінесіз. Медитация аяқталғаннан кейін тағы да бірақ уақыт отыра тұрыңыз. Медитациядан шыққан кезде сіздің көңіліңіз ішкі дүниеден сыртқы дүниеге ауысады. Оянғаннан кейін ұйқының қалдығы мен сергектікті кезек-кезек сезінесіз. Осылайша, медитация позасында отырып, оны аяқтағаннан кейін медитация күйін сіз бірте-бірте сергектік күйіне тән жағдайға ауыстырасыз. Медитация біткеннен кейін біраз уақыт отырған күйіңізді сақтай отырып, тұрыңыз да бөлме ішінде жай және асықпай бірнеше қадам басып жүріңіз. Егер сізге сөйлесу керек болса, онда асықпай сөйлеңіз. Бұл шаралар медиатция күйінен сергектік күйіне ауысуға көмектеседі. Спиритуализм ілімінде өте ұзақ ұйқы жақсы жағынан қарастырылмайды, себебі ұзақ ұйықтау ақыл-ойдың әрекетсіздігіне алып келеді. Сондықтан да ұйқының шамадан тыс болмағаны жөн. Аз ұйықтау әдеті адамның рухани әлеуетін белсенді етуге өте қатты әсер етеді. Алайда қарапайым адамдарға, әсіресе медитация жасауды үйреніп жүргендерге ұйқыны бірден қысқартуға кеңес берілмейді. Ұйқының орташа ұзақтығы алты сағаттан аспауы керек. Кейбір адамдар көркем әдебиеттер мен журналдар оқуды әдетке айналдырған. Бұның нәтижелерінің бірі – ақыл-ой ұйықтар алдында оқыған кітаптан әсерлер қабылдап, бұл әсер ұйқы кезінде қайтарылады. Бұл ақыл-ой әдетінен пайда алуға болады. Ұйықтар алдында медитация жасасаңыз, оның әсері ойыңызда айналыс жасап жүреді. Бұдан бұрын айтылғандай, медитация мен ұйқыны араластыруға болмайды, яғни медитация кезінде әдейі ұйқыға кетуге болмайды, дұрысы бірнеше минут медитация жасаңыз да сондан кейін ұйқыға жатыңыз. Энергия қоры Біз әрқашан ғарыштық ақыл-оймен байланыста боламыз, әсіресе, бұл медитацияны жүйелі түрде жасағанда көрінеді. Бізде белгілі бір деңгейде ғарыштық-ой қуаты жинақтала бастайды. Бұл қуатты сақтап, оны тиісінше және қажетті мақсаттарға пайдалану үшін қуатты жоғалтуға әкелетін қандай да бір әрекеттерден аулақ болу керек. Бұл қуат медитация кезінде көбейіп қана қоймайды, сонымен бірге рухани әлемге жол ашатын сезімдерді белсенді етеді. Егер біз өзіміздің ақыл-ойымызды бақылай алмасақ, бұл қуат бізді қуаттандыратын жоғарғы жаққа бағыттаудың орнына төменге бағыттап, төменгі мақсаттарды орындауға бастауы мүмкін. Сондықтан ақыл-ойыңызды бір бағытта ұстап, бақылап отыру керек. Басында кейбір адамдар шыдамсыздық танытып, зерігіп кетеді, бірақ бірте-бірте бәрі қалыпқа түседі. Кез келген уақытты күйзелістер мен уайымға берілмей, тыныштық сақтауға үйреніңіздер. Ерік күшінің көмегімен ақыл-ой әділ әрі беліглі бір мақсаттарға бағытталған болады. Бұл біздің күнделікті мазасыздықтарымыз бен қиыншылықтарымыз ақыл-ойымызға әсер етпеуіне көмектеседі. Кейбір жаңалықтар бізге қуаныш пен ризалық сезімдер сыйласа, басқалары көңілімізді түсіреді. Бұл екі жағдайда да өзіміздің көңіл-күйімізді бақылай алуымыз керек. Жүйке қуатын жоғалтуға әкелетіндердің бәрін азайту керек. Мысалы, қатты дауыстар, мазасыздық, ашу, долдану, қажетсіз күмән, және т.б. Бұл жағдайлардың бәрінде де ақыл-ой қызметін бақылауда ұстау үшін қанағатшылдық ұстанымдарын алға қою керек. Түрлі қимыл-қозғалыстарымыз бен ақыл-ой қызметін бақылауға ала отырып, біз өз ақылымызды ерік күшімізге бағындыра алатын боламыз. Тіпті біз медитацияға бой алдырып, соның әсерін сезініп жатсақ та, ақыл-ойдың сергектігі санамызда әрекет етіп, бізге күшті әсер ете береді. Қоршаған ортаның әсерін бақылау тек белгілі бір шектерде ғана мүмкін, бірақ ойлану образын ішкі тыныштық пен ықыластану күйі бұзылмайтындай етіп өзгертуге болады. Шыдамдылық, ризашылдық, сенімділік, көнбістік және шынайылық күмандар мен сенімсіздіктен арылып, ақыл-ойдың жоғарғы дәрежеге көтерілуіне көмектесетін ізгі қасеттер болып табылады. Ерік күшінің көмегімен ақыл-ойды бұзылған әрі төмен ойлардан аулақ ұстау керек. Ақыл-ойы мазасыз адам өзі қайғырып қана қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардың да мазасын алады. Ақыл-ой әрекетсіз қалып, адаспауы үшін өміріңізде болып жатқан оқиғаларды ырғақты кезегімен қабылдау керек. Бос уақыттарыңызда қандай да бір пайдалы, салауатты істермен айналысу керек. Бұл ақыл-ой мен физикалық қуаттың босқа жұмсалуын болдырмайды. Әуестік ретінде кітап оқу, әңгімелер жазу, сурет салу немесе басқа да шығармашылық істі таңдап алуыңызға болады. Ойындар мен басқа да лайықты шынығу жаттығулары ақыл-ой мен дененің саулығын ұстап тұруға көмектеседі. Бос әңгімелерден аулақ болу қуатты сақтап қана қоймайды, сонымен бірге біліміңізді арттыруға да көмектеседі. Тыныс алу Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Ол жүйке жүйесінің жұмысы мен адамның көңіл-күйінде маңызды орынға ие. Тыныс алудың ырғақтылығы мен жиілігі түрлі көңіл-күй кезінде өзгеріп отырады. Естен танған кезде тыныс алу қиындайды. Ашуланған және долданған кезде тыныс жиілейді. Тыныштық кезінде тыныс алу қалыпты болып, баяулайды. Егер біз қандай да бір толқуды басымыздан кешірсек «тынысым тарылып кетті» деп жатамыз. Бұдан шығатын қорытынды – рухани күштер мен тыныс алу бір-бірімен тікелей байланысты. Рухани ғылымдардың талаптарына сәйкес тыныс алу екі тұрғыдан қарастырылады: жоғарғы және төменгі. Демді ішке тарту – жоғарғы тыныс, демді шығару – төменгі. Тыныс алудың жоғарғы тұрғысы өзінің табиғи күйі бойынша бізді руханилыққа жақындатады, ал төменгі тұрғы төменге, гравитациялық тартылыс орталығына тартады. Біз демімізді ішке қаншалықты тартып тұра алсақ, соншалықты рухани күйде бола аламыз. Егер адам тыныс алуын тоқтатса, оның физикалық денемен байланысы үзіледі. Сондықтан саналы ақыл-ойда тұрып, санадан тыс сезімдерді пайдалану үшін өзіңіздің тыныс алуыңызды тоқтатудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше тыныс алу жылдамдығын азайтсаңыз, сол жеткілікті болады. Терең ұйқы жағдайында тыныс алу мәнері мен жиілігі айтарлықтай өзгереді. Тыныс алу жылдамдығы азайып, демді ішке тарту ұзақтығы артады, ал демді шығару жылдамдығы азаяды. Бұл бізде ішкі сезімдер басым болған кезде тыныс алу жылдамдығы баяулап, ал ұзақтығы артатынын дәлелдейді. Егер адама алдына мақсат қойып, тыныс алудың осы тәсіліне жаттығатын болса, санадан тыс күйге ол санасымен ұзақ уақытқа және өңінде де қол жеткізе алатын болады. 1-жаттығу. Сізге ыңғайлы кез келген қалыпта отырыңыз, басыңыз бен арқаңызды тік ұстаңыз, бірақ денеңіздің бір де бір мүшесіне күш түсірмеңіз, мұрыныңыздан деміңізді шығарып, өкпеңізді босатыңыз. Содан кейін мұрыныңызбен жай дем алыңыз, өкпеңіз ауаға толғанша өте баяу дем алғаныңыз аса маңызды. Деміңізді тартпай, ерніңізді ысқырған кездегідей ұстап, дем шығара бастаңыз. Демді алу мен шығару бір кезең болып табылады. Дем алу және шығарудың он бір кезеңін жасаңыз, кезеңдер саны бірте-бірте жиырма бірге дейін көбейтілуі тиіс. Бұл жаттығу адамға көкетінің қозғалысын бақылауға және демді ішке тарту ұзақтығын арттыруға көмектеседі. Медитацияны орындау кезінде тыныс алу жиілігін әдейі төмендетпеген жөн, бұл сіздің ойыңызды тек тыныс алумен әлек болып, медитацияның мақсатын бұзуға алып келуі мүмкін. сондықтан тыныс алуды медитация алдында баяулатқан дұрыс: біраз уақыт демді баяу ішке тартып, баяу сыртқа шығарыңыз, тек содан кейін ғана медитацияға кірісуіңізге болады. Тыныс алу өзінен-өзі баяулайды. 2-жаттығу. Бұл жаттығу бірінші жаттығудың жетілдірілген түрі болып табылады, сондықтан оған бірінші жаттығуды меңгермей тұрып, кірісуге болмайды. Өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырып, арқаңыз бен басыңызды тік ұстап, өкпеңіз ауаға толығымен толатындай етіп, мұрыныңызбен өте баяу дем алыңыз. Деміңізді 5 секунд ұстап тұрыңыз да содан кейін ерніңізді ысқырған кездегідей етіп, бірте-бірте деміңізді сыртқа шығарыңыз. Өкпеңіз ауадан толығымен босатылған кезде кішкене іркілістен кейін жайлап деміңізді ішке тарта бастаңыз, деміңізді 5 секундқа тартып, сырқа шығарыңыз. Бірінші күні бұл жаттығуды бес рет қайталасаңыз жеткілікті. Екінші күні оған тағы да екі кезең қосыңыз. Кезеңдер саны бір күнде он бірге жетпейінше, әр күн сайын кезеңдер санын екі ретке көбейтіп отырыңыз. Бесінші күннен бастап, кезеңдер санын он бір етіп сақтаңыздар, бірақ демді тартып тұру ұзақтығын бір секундқа көбейтіп отырыңыз. Яғни бесінші күні демді алты секундқа, жетінші күні жеті секундқа тартыңыз, осылайша бұл жаттығуды орындау сізге қиын болмайынша жалғастыра беріңіз. Бұл жаттығуды меңгергеннен кейін он бес секундқа жеткенше, демді ішке тартып тұру ұзақтығын әр күн сайын бір секундқа арттырып отырыңыз. Жаттығуды әр күн сайын он бір рет жасаңыз, мұрыныңызбен баяу дем тартыңыз, он бес секунд демді ішке тартып ұстаңыз, сосын жайлап ерініңізді ысқырған сияқты етіп деміңізді шығарыңыз. 3-жаттығу. Өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырып, басыңыз бен арқаңызды тік ұстаңыз. Оң жақ танауыңызды оң қолыңыздың бас бармағымен басып тұрып, төр секунд бойы сол жақ танауыңызбен деміңізді ішке тартыңыз. Сол жақ танауыңызды оң қолыңыздың аты жоқ саусағы мен кішкентай саусағымен басып, сұқ саусағыңыз бен ортан қолыңызды қастарыңыздың арасына қойыңыз. Деміңізді төрт секунд тартып тұрыңыз. Басбармағыңызды алып, деміңізді оң жақ танауыңыздан шығара бастаңыз, қалған саусақтарыңыз сол жақ танауыңыз бен қастарыңыздың арасында қала берсін. Төрт секунд ішінде деміңізді сыртқа шығарып болыңыз да тоқтамай, оң жақ танауыңызбен төрт секунд ішінде демді сыртқа шығарыңыз. Оң жақ танауыңызды қайтадан бас бармағыңызбен басып, деміңізді төрт секундқа ішке тартыңыз. Сол жақ танауыңыздан аты жоқ саусағыңыз бен кішкентай саусағыңызды алып, төрт секунд ішінде демді сыртқа шығарыңыз. Бұның бәрі бір кезеңді құрайды. Бірінші күні осындай үш кезең жасаңыз, әр күн сайын бір-бір кезеңнен қосып отырыңыз. Бұл жаттығуды меңгергеннен кейін демді ішке тартуда екі-екі секундтан қосып отырыңыз. Яғни оң жақ танауыңыз арқылы төрт секунд демалыңыз, қос танауыңызды да басып тұрып, деміңізді алты секунд ішке тартыңыз, содан кейін сол жақ танауыңызбен төрт секунд ішінде демді сыртқа шығарыңыз, сосын тағы да сол жақ танауыңызбен төрт секунд ішінде ішке деміңізді тартып, тынысыңызды алты секунд тартып тұрыңыз да, төрт секунд ішінде сыртқа шығарыңыз. Күніне осындай жеті кезең жасаңыз. Осы жаттығуды меңгеріп, қиындық сезінбейтін болғаннан кейін, демді ішке тартып тұру ұзақтығын екі секундқа ұзартыңыз, осылайша демді ішке тартып тұру ұзақтығы он алты секундқа жетсін. Жаттығудың осы сатысын да меңгеріп, 4:16:4 кезеңдерін орындау барысында қиындық сезінбейтін болғаннан кейін, демді сыртқа шығару ұзақтығын сегіз секундқа дейін ұзартыңыз. Яғни төрт секунд демді ішке тартыңыз, он алты секунд ішке тартып тұрыңыз, сондан кейін сегіз секунд ішінде сыртқа шығарыңыз. Бұл үйреншікті жаттығу болуы тиіс. Кез келген жаттығуларды, әсіресе тыныс алу жаттығуларын тамақтан кейін екі жарым сағат өткесін жасау керек. Тыныс алу жаттығулары үшін ең жақсы уақыт – күн шықпай тұрғандағы таңғы мезгіл. Рухани ем Ауру-сырқаулардың түрі сан мыңдап кездеседі, әр аурудың өзінің себептері мен түп-тамырлары бар. Рухани емшілік жүйесіне сәйкес – кез келген ауру екі тұрғыдан қарастырылады. Атап айтқанда: физикалық және рухани. Аурудың физикалық тұрғысы химиялық немесе физикалық өзгерістерден немесе дене жүйесінің қандай да бір тепе-теңдігінің бұзылуынан тұрады. Рухани көзқарастан қарағанда, аурудың рухани табиғаты, сондай-ақ тиісті пішіндері мен қасиеттері болады. Физикалық және рухани тұрғылар бір-бірімен байланысты. Бұл соңғы кезде ғалымдар ашқан психологиялық және психикалық сырқаттардың атқаратын роліне қатысты жаңалықтардан айқан көрінеді. Рухани емшіліктің негізгі мақсаты – ауруларды физикалық және рухани тұрғыдан анықтау, сөйтіп физикалық құралдармен емдеуден басқа, ауруды рухани жағынан жою. Сонда ғана ем мақсатты болып қана қоймайды, сонымен бірге күрделі және жазылмайтын ауруларды емдеуге мүмкіндік туады. Аурулардың рухани тұрғысы бұл еңбектің негізгі тақырыбы болып табылмайды. Сондықтан терең зерттеулер жүргізбей, біз адамның емшілік қуатты барынша көп жинақтауына мүмкіндік беретін бағдарламаны ұсынамыз. Адамда сенімділік қаншалықты күшті болса, оның емшілік күші де соншалықты күшті болады және ол ауру-сырқауды немесе күйзелістерді соншалықты тез жеңе алады. – Таңертең ең болмаса күн шыққанға дейін жарты сағат ерте тұру үшін ерте жатыңыз. – Ваннаға түсіңіз немесе салқын сумен шайынып, № 1 тыныс алу жаттығуын жасаңыз. – Ойыңызды барлық ойдан арылтып, «Йа Хафизу»-ды (Қорғаушы) қайталап, таңғы дұға оқу уақыты келгенше серуендеп қайтыңыз. – Таңғы дұғаңызды оқып болғаннан кейін, медитация оқуға отырыңыз, іштей өзіңізді Жоғарғы Тақтың (Арш) қасында отырғандай және сізге тура «Йа Шаффа» (Емдеуші) Қасиетті есімінен толқындар келіп тұрғанын сезініңіз. – Бұл медитация он-он бес минут ішінде орындалады. – Егер осы бағдарлама жүйелі түрде орындалатын болса, онда тіпті ең ауыр аурулардың өзі жазылады. Медитацияны таңдау Медитацияның түрлерін рухани тәлімгер алға қойылған міндеттерге қатысты өзі таңдайды. Негізінен, барлық Мукарабтар үшін орындалу әдістемесі бірдей, ол туралы алдыңғы беттерде айтылған болатын. Медитацияның әртүрлі түрлерінде қандай да бір нысан белгіленеді, ол сол туралы ойлануға немесе медитацияны жасау барысында елестетуге керек. Ойлау немесе елестету нысаны медитация жасаушы адамның ақыл-ойы ұмтылатын бағытты анықтайды. Осы еңбекте айтылатын медитациялардың барлығын медитация оқытушысының немесе сіздің рухани ұстазыңыздың бақылауында өткізілгені маңызды. Жүрек медитациясы Рухани ғылымның ілімдеріне сәйкес жаратылыстың бәрі өзінің өлшемдерінің бірінде бір нүкте сияқты, жаратылыстағы барлық тіршілік иелері бір нүктеде өмір сүреді. Бұл бейненің кішкентай микропленкада бейнеленгені сияқты құбылыс. Дәл солай барлық тіршілік осы ғарыш нүктесінде бар. Осы ғарыш нүктесі қоғалысқа түскен кезде ол таралып, жаратылыс ретінде танылады. Бұған тағы бір мысал ретінде ағаштың кішкентай дәнін алуға болады, ол үлкен ағашты өзіне сыйдыру үшін өте кішкентай, солай бола тұрса да ағашты ағаш етіп тұрған нәрсенің бәрі, оның барлық қасиетті осы бір титтей дәнде. Бұл дәне өсе бастайды, басқаша айтқанда, қозғалысқа түседі, діңі, бұтақтары, жапырақтары, гүлдері мен дәндері бар нағыз ағашқа айналады. Ол дәндерден одан әрі да ағаштың тұқымдары өсіп шығады. Рухани ғылымға сәйкес жаратылыстың бір пішінде бір нүктеде болуы жалғыз «Мен», жүрек, ақыл-ой, ішкі «мен» деп аталады. Жүректің немесе ішкі «мен»-нің нүктесінің ең тереңіне бойлау үшін, тәлімгер ұстазыңыздың рұқсатымен көзіңізді жауып отырып, көңіліңізді жүрегіңізге аударуыңыз керек. Жүрегіңізге бір қара нүкте бар деп елестетіңіз. Біршама уақыт өткеннен кейін, осы нүктені анық елестете алағаннан кейін, бүкіл ақыл-ойыңыздың осы нүктеге ауғанын елестетуіңіз керек. Ақыл-ойыңыз бірте-бірте осы нүктеге тереңдеп енеді де, сол нүктенің ішкі дүниесі айқындалады.
Өлім медитациясы Адам өмірі тәннің өлуімен аяқталмайды. Адамның «мен»-і, біздің ішіміздегі шынайы тұлға, өлгеннен кейін тәнімізді тастап, басқа жарық денеге айналады, сөйтіп өмір басқа жарық денеде жалғасады. Бұл құбылысты адамның түс көруін мысалға алып түсіндіруге болады. Түсімізде материалдық сезімдер жарық әлеміндегі сезімдерге бағынады, бірақ олар өзінің қызметін толығымен тоқтатпайды. Ұйқы өлімді еске түсіреді. Материалдық сезімдер жарық сезімдеріне бағынған кезде, олардың қайта келуі мүмкін емес, ал бұның себебінен физикалық дене іри бастайды, бұл күй өлім деп аталады. Материалдық сезімдерді уақытша тоқтатып, жарықтың осы сезіміне кіруге үйрену үшін рухани шәкірт өлім медитациясын орындауы керек. Өлім медитациясын меңгерген адамдар материалдық сезімдерді өлім сезімдеріне жеңдіре алады және материалдық сезімдерге қалаған уақыттарында кері қайта алады. Бұл рухани шәкіртке өзінің сезімдерін жарық жылдамдығымен пайдалана алуына мүмкіндік береді. Дәл осы жағдай Пайғамбардың сөзінде айтылады: «Шынымен де өлер алдында өліп көріңдер». Бұл ана дүниеде болатын сезімдерді тану үшін, осы өмірде бола тұрып, ана өмірдегіні бақылай алу үшін, осы өмірде материалдық сезімдерді жеңе алу керек дегенді білдіреді. Бұл медитацияны орындау үшін өзіңізге ыңғайлы болатындай етіп, шалқалай жату керек. Денеңізді босатып, аяқ-қолдарыңызға және басқа да дене мүшелеріңізге көңіл аударыңыз, аяқтарыңызды башпайларынан басыңызға дейін бірте-бірте көшіңіз. Көзіңізді жұмып, өзіңізді жарық денесінде ана дүниеге ұшып бара жатқаныңызды елестетіңіз. Үнемі жаттығу осы материалдық дүниеде қала отырып, сіздің астралдық денеңіздің адам өлгеннен кейін болатын жерге саяхат жасауына мүмкіндік береді. Аян алу Жаратылыс ұжымдық ойларға ие. Әрбір бөлшек, жұлдыз, ғаламшар, жан-жануар, құс, адам немесе періште санадан жаратылыс туралы толық білім алады. Бұл санаға медитация көмегімен қол жеткізуге болады. Осы білімді меңгерудің бір әдісі көрінбейтін құбылыстардың дыбыстарын есту болып табылады, бұл «Анық есту» деп аталады. Бұл дауыстар жаратылыста мәңгі өмір сүреді және көңілін бір нәрсеге бөле алатын қабілеті дамыған, көңілі мен жаны таза адам өзінің назарын аудара отырып, осындай дыбыстарды ести алады. Егер қандай бір сұрақ қойылса, оған жауап алынады. Бұл жерде ескере кететін жайт, жаратылыста алғашқы пайда болған дауыс. Басқа адами сезімдермен салыстырғанда, дауыс солардың ішіндегі алғашқысы болып есептеледі. Есту сезімі белсенді болған кезде, көру қабілетіне белгілі мақсат қойылады: адамның естіп тұрған білімін көру. Тек осыдан кейін ғана иіскеп сезу және сипап сезу сезімдері әрекет ете бастайды да осы сатыда ақпаратты қабылдау кезеңі аяқталады. Басқаша айтқанда, адам көретін, қабылдайтын немесе сезетіннің бәрі дауыстың кеңейтілген және толықтырылған түрлері болып табылады. Барлық діндерде дауысқа айрықша басымдылық беріледі. Ескі Өсиетте Жаратушы: «Жарық» дейді, сондай жарық пайда болады. Бұл жаратылыстың ақ парағында алдымен Жаратушы даусы пайда болғанын білдіреді. Индуистік ілімде Ом дыбысы нағыз құдайшыл және қасетті дыбыс ретінде қарастырылады. Үнді спиритуалистерінің пікірінше, көк пен жердің арасындағы барлық тіршілік жаңғырықтанып қайталанатын «Ом» сөзі. Олардың айтуынша, дауыс жаратылыста мәңгі саяхаттап жүреді. Олардың пікірінше, бұл дауыс Көк дауысы (Акаш Уани) деп аталады. Сопылық ілімде де дауыс туралы айтылады. Сопылар дауысты Жаратушы (Саут-э-Сармади) деп атайды. Дәл осы дауыс Жаратушыға табынушыларды түйсік пен шабытқа бастайды. Төменде біз анық есту қабілетін дамыту әдісін баяндаймыз. Медитация жасау үшін отыратын қалпыңызда отырыңыз да, сыртқы дыбыстар мен дауыстарды естімеу үшін құлағыңызға мақтадан тығын тығып қойыңыз. Енді өзіңіздің ішкі дауыстарыңызға көңіліңізді бөліп, келесі дыбыстардың бірін еске түсіретін дыбысты естіп отырмын деп елестетіңіз: 1. Қоңыраулардың әдемі сыңғыры. 2. Аралардың ызылдағаны. 3. Суға немесе тасқа құлап ағып жатқан судың дыбысы. 4. Жұмсақ үнді сыбызғының дыбысы. Адам осыған ұзақ уақыт көңіл бөлетін болса, шынымен де дыбыстарды ести бастайды. Бірте-бірте дауыс анық естілетін болады да адам оның әуенін ажырата бастайды. Сондан кейін біршама уақыт өткеннен кейін сөздер мен сөйлемдер айтылатын дауыс естіледі. Сөйтіп медитация жасаушыға көптеген құпиялар белгілі бола бастайды. Адам жаратылыстың тылсым күштеріне жақындап, көзге көрінбейтін дүние мен болашақтың оқиғалары туралы ақпараттар алады. Егер адам ішкі дауысты ести алатындай деңгейде есту қабілетін дамыта алса, ол сұрақ қойып, оған жауап ала алатын болады. Көзге көрінбейтін дауысқа сұрақ қою былайша болады: медитацияда отырғандай қалыпта отырып, дауысқа өзіңіз жауап алғыңыз келетін сұрақты қоюыңыз керек, сұрақты бірнеше рет қайталап, көңіліңізді ішкі даусыңызға аударыңыз. Ойланбаңыз, сұрақты қайталамаңыз, жай ішкі дауысқа бар көңіліңібен беріліңіз. Қажетті көңіл аудару дәрежесіне жеткен кезде жауапты ойыңызда естисіз. Бұл жаттығуды орындаудың табыстылығы адамның ақыл-ойының күшіне тікелей байланысты болады. Анағұрлым ішкі дауысты естігісі келсе және өзін осыған бағыттаса, соғұрлым ол осы дауысты естуге мүмкіндік алады. Айтылған медитациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру әр адамның ақыл-ойы мен сезімталдығын арттырып қалмастан, жеке денсаулығын жақсыртып және ғарыштық ілімдік сезімін оята алады.
| ||