Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 3 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Біздің ауыру себебіміз біздің энергетикалық тәніміздің ауыруы. Ол қоршаған ортаның энергиялық-ақпараттық толығуына аса сезімтал. Дәл осы себепті қазіргі кезде жүрек-қантамыр аурулары, иммундық, эндокриндік жүйелердің аурулары көп тарап отыр. Бұл аурулардың бастапқы себептері – күйзелістер, қоршаған ортаның ластануы. Орталық жүйке жүйесінің көптеген ауруларының себептері – жүйке жүйесінің әлсіреуі, күйзелістер. Біздің энергетикалық тәніміз қоршаған ортамен әсерінен бұзылады, табиғи қорғанысты жоғалтады, соның себебінен біз созылмалы ауруларға ұшыраймыз. Адамның ағзалық құрылымының күш әлеуеті мен қоршаған орта саулығының деңгейі арасында тікелей байланыс бар. Адам өмірін қамтамасыз ететін жағдайлардың қатаңдануы күш ортасының әлсіреуіне, адам денсаулығы деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Адамның биоэнергетикалық денсаулығының деңгейлерін қарастырайық. Олар бірнеше: – денсаулықтың табиғи параметрлеріне биоэнергетикалық сәйкестік деңгейі. Бұл деңгей барлық органдарда, ағзаның барлық сұйықтық құрылымдарында функционалдық белсенділігін көрсетеді; – денсаулықтың қол жеткен параметрлерінің биоэнергетикалық теңдігінің деңгейі. Бұл деңгей адам ағзасының функционалдық белсенділігінің төменгі көрсеткіштерін көрсетеді; – денсаулықтың қол жеткен параметрлерінің биоэнергетикалық дағдарыс деңгейі. Бұл деңгей адамның еңбек етуге қабілетсіздігін көрсетеді. Бұл деңгей адам ағзасының өміршең әлеуетінің жоғалуын сипаттайды. – биоэнергетикалық ауытқу деңгейі, ол адам ағзасында орны толмайтын процестерін көрсетеді. Бұл деңгейде адам өмірден тез кетеді, өйткені оның өмірлік ресуры біткен. Бір деңгейден екінші деңгейге өту сәттері болады. Олар мыналар: – энергетикалық тәннің ткандік құрылымдарының ошақты зақымдануы. Бұндай зақымдар адамның көңіл-күйі деңгейінде байқалмайды. Бірақ дәл осы зақымдар дами келе, физикалық тән деңгейінде ауру-сырқаттардың барлық түрін тудырады; – энергетикалық тәнде өміршең процестердің бұзылуы. Бұндай бұзылу физикалық тәннің функционалдық белсенділігін азайтады, өйткені бірқатар өзара баайланысты органдардың функционалдық өміршеңдігінің деңгейін төмендетеді; – энергетикалық тәннің энергетикалық құрылысының бүтіндігінің бұзылуы. Бұндай бұзылу адам ағзасында созылмалы аурулардың дамуымен бірге жүреді. Денсаулықтың табиғи деңгейін сақтау үшін, алдымен, салауатты өмір салтын ұстанып, өзіңіздің тәніңіз бен рухыңызды тазалықта ұстауыңыз керек. Парасаттылық тазалықтың болмауы адамды жамандық туғызатын ойлар ойлауға, іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Бұл жағдайда жауапкершілік нақты аурулар деңгейінде жүреді. Өз ағзаңызды сауықтырып, оның одан әрі бұзылуына жол бермес үшін мынадай шаралар кешенін пайдалану керек: – физикалық, ақыл-ой және энергетикалық-ақпараттық жүктемелер шамасын бақылау. Ағзаның функционалдық құрылымдарын ұзақ уақыт ішінде артық жүктеу олардың әлсіреуіне, олардағы функционалдық табиғи процестердің бұзылуына алып келеді, бұл ағзаны ауру күйге түсіреді. Белсенділіктің төмендеуі, шаршағандық белгісі, жиі кездесетін бас ауруы – сіздің артық жүктелгеніңіздің және сізге демалу керектігінің белгісі; – табиғат аясында демалу. Қала сыртына шығып қыдыру, белсенді қимылдар жасауға кеңес беріледі. Ағзаны, бәрінен бұрын өкпені, жүрек-қантамыр органдарын тазалау, оларды белсенді, таза табиғи энергетикалармен қанықтыру қажет; – ауру адамдарға өзіндік реттелу, биоэнергетикалық тренинг, ішкі органдардың релаксациясы әдістерін меңгеру керек. Бұл әдістер ағзаның ішкі қорларын пайдалануға, ткандік құрылымдардың өзін-өзі тазарту, өзін-өзі сауықтыру және жасарту процестерін жақсартуға мүмкіндік береді. Өзіңіздің ағзаңызды дәрі-дәрмектермен жүктеуге асықпаңыз. Олардың көпшілігі химиялық негізде жасалған. Бұл осы препараттарды пайдалана отырып, бауыр, бүйрек, жүректі ластап, бірте-бірте олардың жұмысын бұзатындығын білдіреді. Оларды өте аз мөлшерде пайдаланыңыз. Біздің ағзамыз емнің табиғи әдістерін жақсы қабылдайтындай етіп құрылған. Шөптермен, бақ пен бақша өнімдерімен емделуді үйреніңіз. Олардың көбісінің күш-қуат беретін шынайы әсерлері бар. Тек оларды жинақтап, дайындау керек. – Бір-біріңізге мейірімді болыңыз, өйткені сіз жасаған жамандық өзіңізге тиеді. Ауру созылмалы түрге енгенде, біз емделуді бастаймыз, бірақ асқынған ауруларды медицина да емдей алмайды. Сондықтан денсаулығызды жақсартумен жастайыңыздан айналысыңыз. Адам психикасы және оның денсаулыққа Әсері Адам психикасы психикалық-физикалық денсаулық деңгейін бақылайтын рухани тән құрылымы болып табылады. Психиканың функционалдық күйінде ағзалық құрылым денсаулығының деңгейін көрсететін параметрлер бар. Бұл деңгейлер мынадай: 1. Өмірді қамтамасыз ететін органдар мен органдар жүйелерінің деңгейі. Бұл органдарға ми, омыртқа, жүрек бұлшықеті, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, энергетикалық чакралар жүйесі жатады. 2. Қондырма құрылымдардың деңгейі. Оларға орталық жүйке жүйесі, перифериялық жүйке жүйесі жатады. 3. Органдар мен органдар жүйесінің деңгейі. Оларға ақыл-ой органдары, соның ішінде деңгейлік сана, ес, ойлану, психикалық сфера жатады. Қазіргі кезде бұл органдар өте аз зерттелген, өйткені нақты уақытша кезеңдер шеңберінде сана ұғымдарын бақылайтын заңдар бар. Бұл жаңалықтарды алу және сезіну қоғамның дамуымен дайындалуы тиіс екенін білдіреді. Тек осындай жағдайда ғана жаңа білім меңгеріле алады. Адам психикасының өте күрделі энергетикалық құрылысы болады. Құрылымдық және функционалдық жағынан ағзалық құрылымның өміршеңдік аспектілерінің барлығын бақылайды. Психика саулығының деңгейлерін қарастырайық: 1. Денсаулықтың табиғи деңгейі. Тіпті психикалық тұрғыдан шала туған балада матрицалық құрылымында белгіленген табиғи көрсеткіште болады. Бұл көрсеткіштер психиканың табиғи мүмкіндіктерін нақты функционалдық тәуелділіктер түрінде бейнелейді. Бұл тәуелділіктердің көрінуі психика саулығының деңгейін білдіреді. 2. Қол жеткізген денсаулық деңгейі. Бұл деңгейге табиғи көрсеткіштерден ауытқыған психиканың функционалдық өміршеңдігінің параметрлері сәйкес келеді. 3. Қауіпті денсаулық деңгейі. Бұл деңгейге орны толмас психикалық-физикалық процестердің қалыптасуына сәйкес келетін психиканың функционалдық өміршеңдігінің параметрлері сәйкес келеді. Психика саулығының қауіпті деңгейіндегі адам дәстүрлі медицина жағдайларында қалыпты жағдайға қайтып келуге мүмкіндігі жоқ, ол психикалық-физикалық денсаулығын тез жоғалтады да ол өмірден кетеді. Адам психикасының органдармен және органдар жүйелерімен өзара құрылымдық байланыстарының жүйесі бар. Бұл жүйе иерархиялық түрде құрылған. Ол функционалдық тұрғыда психикаға төмендегі параметрлер бойынша бағынатын біртұтас құрылымға түйісетін органдар мен органдар жүйелерін функционалды түрде байланыстырады: 1. Өмірлік ырғақ. 2. Функционалдық резонанс. 3. Өмір қорлары. 4. Биоэнергетикалық қор. Өмірлік ырғақ құрылымды болып табылады, өйткені адам ағзасы функционалды түрде бағытталған өмірлік процестердің, соның ішінде тығыз физикалық тән мен нәзік тәндердің деңгейіндегі тұтас құрылымынан тұрады. Функционалдық резонанс ағзалық құрылымның өмірлік қорларын анықтаушы болып табылады. Ол да құрылымдық болып табылады, өйткені ол ткандік құрылымдардағы, органдардағы, органдар жүйелеріндегі және тұтастай адам ағзасындағы функционалдық ширығу күйін бақылайды. Өмірлік қор ағзалық құрылымның өмір сүру мерзімін бақылайды. Оның әлсіреуі адам өмірінің мерзімін қысқартады. Биоэнергетикалық қор адам ағзасының түрлік биоқұрылымдарының саулығы деңгейін бақылайды. Психика саулығының деңгейі физикалық және рухани тәндер саулығының деңгейлерін анықтайды. Сондықтан да, әрбір адам өзінің биоэнергетикалық құрылымына бақылау жасап, оны реттіп отыруға мән берген дұрыс. II Тарау АДАМ ҚУАТЫ ҚАЛАЙ САРҚЫЛАДЫ?
Биоэнергетикадағы вампирлік Кез келген адам өзінің ағзасының қалыпты өмір сүруі үшін қоршаған әлемнен энергия алуы керек. Мамандардың айтуынша, адам ағзасының судан, ауадан, тағамнан алатын энергиясы оның қоршаған ортадан алатын энергиясының бір ширегіне де жетпейді. Адамның энергетикалық тепе-теңдігінің басым бөлігі – бұл ғарыштық энергия. Дәл осы энергияны тұтынудан тыныс алу органдарының, қан айналысының, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің және басқа жүйелер мен органдардың қалыпты жұмыс істеуі қалыптасады. Ғарыштық энергия ойлау процестері мен психика қызметі үшін энергияның негізгі күші болып табылады. Аз жеп, аз ішіп те тән мен жанның саулығын сақтауға болады. Бірақ ағзаға рухани энергияның қалыпты түсуі бұзылса, оның барлық жұмысы бұзылады, өйткені дәл осы энергия адамның энергетикалық деңгейінің күйін анықтайды. Сондықтан осы деңгейге қарай адамдар бірнеше дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежеге ауру, денсаулықтары жоқ адамдар жатады, олардың биоөрісі айтарлықтай әлсіз болады. Екінші дәрежеге адамдардың көпшілігі жатады, олар қандай да бір аурулардан зардап шекпесе де, өзінің биоөрісін де, басқа адамдардың, жан-жануарлардың, жалпы айтқанда, қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алмайды. Үшінші дәрежедегі адамдар өздерінің, басқа адамдар мен жан-жануарлардың, сондай-ақ қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алады. Бұндай адамдарды экстрасенстер деп атайды. Төртінші дәрежеге өздерінің биоэнергиясын шоғырландырып, оны кез келген нысанға бағыттай алатын адамдар жатады. Бұл деңгейге емшілер (хилерлер), шамандар, сиқыр иелері жатады. Бесінші энергетикалық деңгейдің дәрежесіндегі адамдар өз ағзаларындағы клеткалардың (жыныстықтан басқасын) көбеюін басқара алады. Бесінші дәрежеге өзінің энергетикасын күшейту жолында саналы түрде жұмыс істеген адамдар ғана жете алады. Алтыншы энергетикалық дәреже күрделі клеткалардың (жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардың) көбеюі мен құрылымын басқару мүмкіндігін береді. Бұндай дәрежеге жататын биоэнергетиктер мен жоғарғы дәрежелі емшілер көп емес. Жетінші энергетикалық деңгейдің дәрежесіне жеткен адамдар өздерінен төмен энергетикалық деңгейде тұрған басқа адамдардың психикасын бақылай алады. Бұндай адамдарға жоғарғы дәрежелі емшілердің көпшілігі жатады. Сегізінші дәрежеде күшті жасампаз немесе күйреткіш күшке ие адамдар болады, олар бұл күшті өздерінің қалауы бойынша алдына қойған мақсаттарын шешу үшін бақылап, қолданады. Бұл дәреженің міндеті мен мәнін әр адам өзінің энергетикалық дамуының осы дәрежесіне жақындауына қарай өзінше түсінеді. Сегізінші дәрежедегі адамдар уақыт аралығында (көріпкелдік бұдан төмен энергетикалық дәрежедегі адамдарға да тән) және кеңістікте көше алады, түрлі аудандардағы ауа райы мен экологияны өзгертіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімі мен мал басын арттыра алады. Адамның энергетикалық деңгейдің төменгі дәрежесінен анағұрлым жоғарғысына өтуі, оның өзінің энергетикалық деңгейін мақсатты түрде арттыру процесінде секіріс түрінде жүреді. Әрбір адамның биоөрісінің өз өлшемі, тығыздығы мен құрылымы болады. Өзінің, басқа адамдардың, тірі және өлі табиғаттағы заттардың биоөрісін сезуге және көруге қабілетті адамдар нысандардың биоөрістерінен тиісті ақпараттарды оқи алады. Мысалы, «оның ойы өткір», «ол менің басымды ауыртты» деген сөздер және т.б. биоөріс ақпаратынан алынған. Биоөрістің құрылымында энергетикалық конус болады. Конустың бұрышы анағұрлым сүйір болса, адамның зейіні соғұрлым жоғары болады және керісінше. Қандай да бір адамға теріс әсер ететін адамның биоөрісінен басқа адамның бауырына немесе көк бауырына қарай қара «шланг» тартылады. Ал вампирліктің энергетикасы туралы не айтуға болады? Вампирлік вампирлер мен донорлардың биоөрістеріне әсер етеді ме? Әрине әсер етеді, бірінші кезекте биоөріс пен оның аурасына (адамның физикалық тәнінен тыс өмір сүретін биоөрістің бір бөлі-гі), соның ішінде биоөрістің өлшемдеріне, пішініне, тығыздығы мен құрылымына әсер етеді. Адамның энергетикалық деңгейі де оның санасы мен адамдармен өзара қарым-қатынасына айтарлықтай әсер етеді. Вампирлік пен донорлықтың арақатынасында «беру керек пе әлде алу керек пе?» деген сұрақ қоюға болады. Вампирлер мен донорлардың арасындағы «бөліну» сызығы «алу - беру» шекарасынан өтеді. Вампирлер үнемі басқа адамдарды жеңуге, кез келген жақсы нәрсені алып қалуға және тегін алып қалуға тырысады. Басқа адамдар жоғалтып алған затты немесе ақшаны тауып алған вампир оған «бұл енді менікі» деп қуанады, ал донор болса, уайымдап қалады, кімнің жоғалтқанын білгісі келеді. Әдетте вампир болып туылмайды, жүре келе вампир болады. Әр түрлі энергетикалық деңгейлердегі адамдардан бірінші деңгейден жиі, екінші және үшінші деңгейлерден сирек вампир адамдар шығады. Иә, эстрасенстер де вампир бола алады, тек энергетикалық деңгей ғана вампирлікті немесе донорлықты анықтамайды. Бәрі адамның биоэнергетикалық өрісінің қаншалықты үйлесімді дамығанына, оның қаншалықты дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болады. Адамның биоөрісінің өзіне тән анатомиясы мен физиологиясы болады. Биоөрістің негізгі энергетикалық органдары энергетикалық орталықтар болып табылады, олардың кеңінен тараған атауы «чакралар». Басты энергетикалық орталықтар немесе чакралар адамда жетеу, олардың негізгі міндеті – адам ағзасының қоршаған ортамен белгілі бір діріл жиіліктерінде жұмыс істейтін арнайы каналдар арқылы энергия алмасуын қолдау. Әр чакраның діріл жиілігін адамдардың көпшілігі сезім органдарымен сезе алмайды, бірақ дәл осы каналдар арқылы және дәл осы чакралар арқылы адамның ғаламдардағы барша тіршілікпен негізгі байланысы орнатылады. Негізгі чакраларға бағынатын, көмекші, жеке жұмыстарды атқаратын көмекші чакралар да болады. Сондықтан да егер негізгі чакралар қалыпты жұмыс істейтін болса, адам ағзасының қалыпты екеніне сенімді болу керек. Негізгі жеті чакраның орталықтары омыртқалар арқылы өтетін тәннің өстік сызығының бойында орналасқан, тек шеткі екі – бірінші және жетінші чакра ғана тәннің алдыңғы және соңғы бөліктерінде шоғырланады. Әрбір чакраның өзінің белгіленген орны мен өзіне тән сипаттамалары: діріл жиілігі, мантрасы (дыбысталуы чакраның дамуына әсер ететін буын), дыбысталу нотасы, түсі болады. Белгілі бір түстің әсері адам денсаулығына оң әсер береді. Қызыл түс жүйке жүйесін қоздырып, сезімдерді оятады, қан айналысы жүйесінің жұмысын белсенді етіп, жұқпалы ауруларды, радиациялық сәуленің зардаптары мен ультракүлгін күйіктерді емдеуге көмектеседі. Фуксин немесе қызыл анилин бояуы өзінің түсімен эмоцияларды сабасына түсіріп, қан қысымын қалпына келтіреді, бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады. Алқызыл түс те бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады. Ол адамның эмоционалдық деңгейін көтеріп, жыныстық органдардың жұмысын белсенді етеді, қан қысымын көтереді. Қызғылт сары түс өкпе мен бронхылардың сауығуына көмектеседі, қалқанша безі мен асқазанның жұмыстарын жақсартады, тамырлардың тарылуы мен бұлшық еттердің тартылып қалуынан арылтады, сүйектердің өсуіне көмектеседі. Сары түс лимфа тамырларының, қозғалыс және сезім жүйкелерінің, ас қорыту жұмыстарын жақсартады, гармондардың түзілуін күшейтеді. Көк түс антиканцерогендік қасиеттерге ие. Әрбір чакра ағзаның белгілі бір органдары мен жүйелерінің, психикалық сезімдер жұмысына бақылау жасайды, әр чакраға сәйкес келетін ағза жұмысын қамтамасыз етеді. Чакралардың жұмысының бұзылуын ағзаның қандай да бір ауруларынан білуге болады. Энергетикалық чакралардың негізгі сипаттамалары кестеде берілген. Кесте Энергетикалық чакралардың негізгі сипаттамалары
| ||