Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 5 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Созылмалы қажу синдромы, дуа және көз тию синдромы Соңғы уақытта медицинада жаңа аурудың пайда болғаны туралы жаңалық ашылды. Бұл ауру өте қауіпті, жұқпалы әрі жазылмайды. Бұны дәрігерлер синдром деп атады – созылмалы қажу синдромы. Созылмалы қажу синдромын анықтау және емдеу ерте заманнан-ақ, дәлірек айтсақ, дәстүрлі халық медицинасы пайда бола бастағаннан-ақ белгілі. Ауруды анықтау бір минуттан аспайды, ал емдеу 15 минуттан бір сағатқа дейін (1-3 емдік шара немесе емдік сеанс). Бұны синдром деп қазіргі медицина атаса, халық ішінде бұл бұрыннан белгілі – теріс биоэнергетика немесе көз тию, дуа немесе басқа да теріс әсерлер, кейіннен бұларға “зомби” – деген атау да қосылды. Егер бұл аурулардың вирустық табиғатына келетін болсақ, ол ерекше вирус: ол тыныс алу органдары арқылы да, ас қорыту органдары арқылы да, қанмен де берілмейді, алайда оның салдары адам өмірінің түрлі органдары мен жүйелерін бұзады. Көз тию, дуаға адамдар ғана емес, жан-жануарлар да, пәтерлер де, ағаштар да, қалалардың тұтастай аудандары да, жекелеген аумақтар да ұшырай алады. Бұл вирустың табиғаты – биоэнергетикалық, ал оның көзі – адам, бұл адам вирусты адамдарға да, жануарларға да, табиғатқа да, біз айтқандардың бәріне де жұқтыра алады. Бұл вирус саналы түрде де, санадан тыс та берілуі мүмкін. Одан энергетикалық түрде қорғануға болады. Көз тию Көз әлсіз, энергетикалық жағынан қорғалмаған немесе әлсіз қорғалған адамға тиеді. Адамның көз тиюге де, дуаға да сенбегені дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, бір нәрсеге сенбеу жүз пайыздық қорғаныс әкелмейді. Көз тиюден, дуадан дінге сенетіндер де, сенбейтіндер де, идеалистер де, материалистер де, демократтар да, коммунистер де сақтандырылмаған. Егер олай болмаса, онда барлық белгілері көз тию мен дуаға ұқсас созылмалы қажу синдромы пайда болмас еді. Кейбір адамдармен араласу қуаныш әкеліп, жаңадан күш сыйласа, енді біреулерден қатты шаршап, өзімізді жайсыз сезінетінімізді бәрі біледі. Егер сол адаммен байланысымызды үзсек, онда шаршағандық басылса, бұл қарапайым вампирлік. Ал егер олай болмаса ше? Биоөрісі әлсіз және мінезі ынжық адамдарға биоөрісі күшті және мінезі қатты кез келген адам көз тигізе алады. Көз тию – бұл бір адамның екінші адамға теріс биоэнергетикалық әсері. Ол көз тиген адамның қоршаған ортамен энергия алмасуын бұзады. Көз өткен адамның биоөрісінде энергетикалық «тесіктер» пайда болып, солар арқылы адам бойындағы энергия ағып кетеді. Сіздің ағзаңыз энергия сіңіретін бір немесе бірнеше чакралар керісінше жұмыс істей бастағанын елестетіңізші. Бұл тесік бөшке сияқты, ішіндегі су фонтан болып атқылайды. Қалған тесілмеген чакралар жұмсалған энергияның орнын толтыра алмайды. Оның үстіне әр чакраның өз міндеті болады. Таңертең оянып, кешке жатуға сіздің күшіңіз жетпейді. Әлсіздік. Көз тию дегеніміз – тек сіздің таныстарыңыздың бірінің саналы түрде жасаған жаман ниеті емес. Сіздің көршіңіз «Қызыңыз қанлай әдемі!» дегенде, ол көршіңіздің өзі де сөзінің астарына мән бермейді, ал сөз астарында оның өз балаларына көңілі толмауы, іштарлық. Басқа біреудің өзінен гөрі бақытты екенін қаламау жатыр. Егер оның энергетикасы күшті болса, оның қызыңызға айтқан жақсы сөзі емес, санадан тыс білдірілген жағымсыз ойы тиюі мүмкін. Қызыңыз кенеттен әлсіреп, жиі суықтап қала беретін болады. «Көз тиді...». Көптеген аналар балаларының суреттерін жұмыс орнында көпшіліктің көз алдында ұстайды. Бұл дұрыс емес, өйткені сурет арқылы да көз тиюі мүмкін. Сізді көре сала мақтай жөнелетін адамдардан аулақ жүріңіз, өйткені олардың сылдыр мақтауларының аржағында көбінесе жайсыз ойлар жасырынып жатады. Егер сіздің биоэнергетикалық қабығы берік болмаса, онда оны тесіп өту қиын емес. Егер іштарлық пен жамандық тілеу саналы түрде әрі шынайы болса, ашық түрде айтылса, оның жүзеге асуына мүмкіндік көбірек. Бұндай жағдайда тіпті биоэнергетикасы онша дамымаған адамның өзі айтарлықтай зиян келтіре алады. Әсіресе, жеті чакралардың бәрі бүлігені аса қауіпті. Теріс биоэнергетикалық әсерлерді анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Көз тию мен дуаның белгілері ұқсас. Бәрінен бұрын бұл айқын көрінетін психикалық және физикалық астения, шаршау, қажу, өзін-өзі ұстай алмау, шыдамсыздық, төзімсіздік, ұйқының бұзылуы, ұзақ дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетсіздік, қатты дыбыстарды, жарықты, өткір иісті жақтырмау. Психикалық белгілері, әдетте, қамығудан, ашуланшақтықтан, ерік-күшінің жартылай немесе толық жоғалуынан көрінеді. Тәбет қашып, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Түрлі дәрігерлерге барып, ем таппаған көз тиген немесе дуаланған адамдардың психиатриялық ауруханалардан бір-ақ шығатыны жиі кездесіп жатады. Психиатрлар бұндай науқастарға шизофрения ауруы деген диагноз қояды. Бірақ бұндай «шизофренияны», сол сияқты басқа да психикалық ауруларды дәрігерлер де, науқастардың өздері де емдей алмайды. Көз тигенді анықтау үшін емшілер түрлі тәсілдерді қолданады. «Рентген» анықтау тәсілі көз өткен чакралардағы дақтарды бірден көрсетеді. Ауруды өзіңізге қырын қаратып қойып, бір-біріне параллель қаратылған алақандарды (бірі кеуде жақта, екіншісі арқада) жоғарыдан төмен қарай жүргізіп, қай жақтан қай чакра бұзылғандығын анықтауға болады. Емшінің қолы бұзылған чакраның тұсына келгенде тебілген қол көз тигеннің орнын анықтайды. Көз тигенді биолокация әдістерімен анықтаудың кез келген ауруды анықтау тәсілдерінен айырмашылығы жоқ. Көздің биолокациясы рамканың, қолдың және маятниктің көмегімен «сұрақ-жауап» әдісін қолданып жүргізіледі. Сұрақ-жауаптардың мысалдары төмендегідей: – Менің алдымдағы адамға көз тиді ме? – Иә. – Көз тию әдейі жасалған ба? – Иә. – Ер адамның көзі тиді ме? – Жоқ. – Әйел ме? – Иә. – Ол әйел елуде ме? – Иә. – Ол ашық сары ма? – Жоқ. – Қара торы ма? – Иә. Осылайша көз тиюдің қыр-сырын анықтайтын сұрақтарды қоюға болады. Түрлі әдістермен көз тигенді анықтау барысында көз тиюдің түрлі жағдайлары анықталып жатады. Көз тиюдің негізгі себептері және қозғаушы күші адамдар арасындағы іштарлық, жағымсыз қарым-қатынас, жек көрушілік және басқа теріс эмоциялар болып табылады. Көз тию әдейі жасалған және ойластырылмаған болады. Әдейі жасалмаған көз тиюдің басты себебі – менмендіктің ең бір күшті көрінісі – іштарлық. Іші тар адамдар, әдетте, вампирліктен зардап шегеді. Іштарлық дегеніміз – басқа адамның жақсы тіршілігінен, табысынан туындаған сәтсіздіктің, реніштің салдары. Іштарлық күшті болған кезде, іші тар адамның биоөірісінің дірілі ол іштарлық көрсеткен адамның энергетикалық орталықтарындағы (чакраларының) кеуденің бір жағынан бұзады. Нәтижесінде жұп шұңқырлардың бірі өзінің айналысын жоғалтады да, кеуденің екінші жағындағы өз жылдамдығы мен дірілін жоғалтпаған шұңқырдың әсерінен оған қарама-қарсы емес, адам биоөрісінің ішіне қарай айнала бастайды. Осылайша чакра бос жұмыс істейді. Бұзылған чакраның санына байланысты адам ағзасындағы түрлі органдар мен органдар жүйесінің жұмыстары бұзылып, содан кейін органикалық өзгерістер бел ала бастайды. Егер көз тию нәтижесінде энергетикалық бұзылыс бірінші чакрада орын алса, онда оның бастапқы белгілері қамығу және үрей болады. Одан кейін иіс сезу бұзылып, зәр шығарудың төменгі бөліктері мен сыртқы жыныс органдарының жұмысында ақау пайда болады. Психологиялық тұрақсыздық пен өз-өзіне сенімсіздік туады. Егер көз тию нәтижесінде екінші чакра бұзылса, алғашқы белгілері ішкі жайсыздық пен жыныстық невроздар болады. Содан кейін зәр шығару жүйесі (алдымен, оның ішкі органдары), дені сау ұрпақ әкелу қабілеті, ішек жұмысы бұзылады. Көз тигеннен бұзылған үшінші чакра жүйкелердің шоғырланған жерінде жайсыздық, үрей сезімін тудырып, асқазан, бауыр, өт қабы, вегетативтік жүйке жүйесі жұмыстарын бұзады. Көз төртінші чакраны бұзған кезде күйзеліс пайда болып, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруға ұшырайды. Егер көз тиген орын бесінші чакра болса, онда мойынның алдыңғы жағында жайсыздық байқалады, эмоционалдық тұрақсыздық артып, тыныс алу органдары мен жоғарғы бөлімнің ас қорыту органдарының, қалқанша безінің аурулары басталады, шығармашылық қабілеті мен сұлулықты сезінуі төмендейді. Алтыншы чакраға көз тию орталық жүйке жүйесінің ауруларына, психикалық ауруларға (мидың төменгі бөлігінің залалдануына), сол көзің, құлақтың, мұрынның ауруларына алып келеді, айлау деңгейі, зейінділік, ерік-күш төмендейді. Жетінші чакраға көз тигенде бәрінен бұрын мидың жоғарғы бөлігі мен оң көз зардап шегеді, қабылдау қабілеті, руханилық пен түйсік төмендейді. Егер көз тиюдің негізі іштарлық болса, ол бір адамның екіншісіне деген жек көрушілігінен туындайды. Жек көрушілік – біреуге жамандық ойлау, қастық, ыза, жиіркеніш. Жек көрудің биоэнергетикалық дірілі іштарлыққа қарағанда әлдеқайда күшті. Іштарлық етуші өзінің қызғанышын жасыра алады, ал жек көрген адам керісінше өзін ұстай алмай, ширығып тұрады. Іштарлық нақты бір нысандарға бағытталады: біреудің әдемілігін, күшін, денсаулығын, зиялылығын, дарынын және т.б. ерекше қасиеттерін қызғану. Сондықтан іштарлықтан болған көз тиюде ағзаның қандай да бір органдары мен жүйелерінің жұмысын басқаратын чакраларға зиян тигізеді. Әдетте, әдейі жасалмаған көз тиюде екі-үш чакрадан артық бүлінбейді. Жек көру әдетте нақты негізде немесе санадан тыс пайда болады. Қалай болған күнде де қастық, ыза және жиіркену сезімдері нақты бір адамға бағытталады, сол адам оған жау болып көрінеді. Әдейі жасалған көз тиюде күшті теріс (қара) энергетика адамдардың жекелеген чакраларын ғана емес, олардың көпшілігін (төртеуден кем емес) немесе барлығын зақымдайды, бұл денсаулық үшін де, көз тиген адамның өмірі үшін де аса қауіпті. «Суға кеткен тал қармайды» дейді. Ал көз тиген адамның бұндай мүмкіндігі жоқ. Бұл қауіпті, өте қауіпті. Көз тиген адам әлсірейді. Ал өзін физикалық немесе психикалық жағынан кемшін санайтын адамдар бұндай жағдайда қандай да бір күшке ие болса, онда «күш барда ақылдың керегі жоқ» қағидасына сүйеніп, түрлі теріс әрекеттерге барады. Дәрігерлерге сенсек, созылмалы қажу синдромы – инфекция, ал емшілер бұны энергетикалық инфекция деп қарайды. Егер бұл шынымен де инфекция болатын болса, онда оның күші қандай болмақ?! Әдейі жасалған көз тию, дуаның белгілері әдейі жасалмаған көз тиюдегі сияқты, тек ол анағұрлым күші және әсер ету аумағы кең болады. Және өкініштісі, әдейі тиген көз әдетте өте тез болады. Дуа Дуа – теріс биоэнергетикалық әсер. Ол көз тиюге қарағанда теріс эмоциядан (іштарлық, жамандық ойлау, жек көру) туындамайды. Бұл қара магтың мақсатты түрде жасаған салқын қанды әрекеті. Егер энергетикалық жағынан күшті кез келген адам көз тигізе алатын болса, дуаны тек кәсіби шеберлер ғана жүзеге асыра алады. Көз тиюге қарағанда дуа тек әдейі жасалады. Дуа – белгілі бір адамға, жануарға немесе басқа да нысанға (мысалы, баққа, табиғатқа, белгілі бір жерге, тіпті кейбір елді мекендерге) зиян келтіру, денсаулығын немесе сол нысанның өзін құрту мақсатында әсер ететін ақпараттан тұратын биоэнергетикалық код. Дуаның белгілері де көз тигендегі белгілерге ұқсайды – әлсіздік, қайдан пайда болғаны білгісіз аурулар. Дуаны емдеп-жазу әлдеқайда күрделі. Дуа алынбайынша, ешқандай ем көмектеспейді. Өкінішке орай, дуа мен көз тиюдің айырмашылығын ашатын әдебиет өте аз. Белгілеріне қарағанда олар ұқсас, бірақ оларды бір әдіспен емдеу оң нәтиже бере бермейді. Сондықтан дуаның көз тиюден қандай биоэнергетикалық айырмашылығы бар екенін түсіну керек. Дуаны бірнеше әдіспен анықтауға болады. Бірінші әдіс – бұл науқас адамның күйін анықтау. Мұны рамка, қол немесе «сұрақ-жауап» тәсілін қолданып маятник көмегімен анықтауға болады. Тек бұл жағдайда «көз тию» сөзін «дуа» сөзімен алмастыру керек. Дуаны анықтаудың тағы бір тәсілі – бұл мойынның сол жағында түйнектердің пайда болуы, сол жерде түрлі пішінді көгерген жерлердің пайда болуы, сол жерден шығатын суық сәулені сезіну, сүліктердің сол жерде үймелеуі. Тәжірибесі мол емші мойындағы суреттерге қарап отырып, оларды жүйелеп, дуаның қандай жерге жасалғанын анықтайды. Зомбилық Зомбилықтың ғылыми бағыты 30-жылдардан бері қарай келе жатыр деп негіздеуге болады. АҚШ, Франция, Израил, Жапония, Қытай және Ресей елдерінде жеке адамдарды да, тұтас ұжымдарды да зомбилау жұмыстары жүргізілгені туралы тікелей және жанама деректер бар. Егер бұрындары қатал программалау нәтижесінде биороботтар пайда болса, қазір зомбиді тек маман ғана анықтай алады, өйткені олардың әрекеттері ешқандай күдік тудырмайды. ...Электромагниттік, магнитті акустикалық, плазмалық және психотропты генераторлардың басқа да түрлері ерекше құрылған өрістерді жасап шығарады, олар ми мен жүйке жүйесінің жұмыс істеу процестерімен қайшылыққа ұшырайды. Бұл өрістерді «тәжірибе жүргізілетін» нысандарға бағыттай отырып, оператор олардың санасына арнайы қызметтерге қажетті ақпаратты жіберіп, қандай да бір тапсырмаларды орындауға дайын тұратындай етіп қалыптастыра алады. Сонымен зомбилық дегеніміз – арнайы препараттар мен ерекше техникалық құрылғылардың (соның ішінде аса жоғары жиіліктегі генераторлар) көмегімен адамды қатал программалау, сондай-ақ адам психикасын басқару шарасы. Зерттеушілер Игорь Винокуров пен Георгий Гуртовой өздерінің «Психотропная война. От мифов – к реалиям» атты кітаптарын осы мәселеге арнаған. Осы кітаптың «Зомби выходит на связь» деген тарауында: «Күн тәртібінде үшінші ұрпақ зомбиін жасау мәселесі тұрды. Бұл жерде құпия, тылсым немесе эзотериялық білімді мамандардың қатысуынсыз болмағаны белгілі. Экстрасенсорлық әсер етудің ықтимал мүмкіндіктеріне назар аударылды. Сонымен бірге осындай әсерлерді техникалық құралдардың әсерімен күшейту әдістерін іздей бастады. Бұндай әсер адамның санасы мен психикасына енген кезде, адам оны өз санасынан тыс нәрсе деп емес, қайта өзінікі, өзінің ішінен, болмысынан туған нәрсе деп қабылдайды. Осылайша сырттан еріксіз таңылған осындай қылмыстық немесе басқа да күштің әсерінен адам қылмыс немесе қоғамдық адамгершілік қағидасына қайшы келетін іс-әрекеттер жасағанда, ол адам бұған тек өзін ғана кінәлайтын болады. Тіпті ол өзін қылмысқа итерген күштің сырттан келгенін сезсе де, оған ешкім сене қоймайды, керісінше оны есі ауысқан деп таниды» деп жазып түсініктемелер береді. іздің қоғамда мүндай әрекеттің өріс алуын да білу, ол әр адамның жеке басының амандығын қорғау болып есептеледі. III тарау КАРМА Карманың түрлері және оның оң, теріс әсерлері Карма – іс жүзінде тіршілік иесінің кейінгі өміріне әсер ететін оның әрекеттері мен олардың салдары. Адамдардың көпшілігі үшін карма көрінбейтін күш сияқты болып көрінеді. Оның ішкі әрекеті мүлдем түсініксіз. Жалпы алғанда, карма – адамның жасаған іс-әрекеттері үшін берілетін сый немесе жаза. Үндінің қоғамдық қайраткері, оккультизм саласының маманы Анни Безант кармаға мынадай анықтама береді: «Бар әлем бір-бірімен байланысты, олардың барлығында карма деп аталатын заң патшалық құрады. Бұл салдардан қашып құтыла алмайтындығың... Белгілі шарттар қойылады, олар барлық жерде анық, оларды ұстанады, содан белгілі бір құбылыстар пайда болады. Егер сіз күріш ексеңіз, онда сіз бидай емес, күріш жинайсыз. Табиғат сізге «күріш ек» немесе «бидай ек» деп айтпайды, ол сізге не еккіңіз келсе, соны егуге толық ерік береді. Ал табиғат заңы егу мен жинау аралығында көрінеді. Егер сізге күріш керек болса, бидай немесе шоңайна егу пайда әкелмейді. Карма дегеніміз осы». Карма жоғалмайды, ал оның жазалары жойылмайды. Оларды тек күнәларын жуып, бетін қайтаруға болады. Карма – адамның жақсы-жаман әрекеттері мен олардың салдары болып табылатындықтан, ол өзіне лайық карманы алады. Адам жақсылықтар жасап, өзінің күнәларын жууы керек, сөйтіп кармасы жеңілденіп, жақсарады. Егер ол жақсылықты осы өмірінде жасай алмаса, онда карма қайта туған адамға көшеді, яғни карма тұқым қуалаушылық сипатына ие болады. Карманы иелену туысқан адамдардың да арасында болады, мысалы, ата-аналарының кармалары балаларына, немерелеріне көшуі мүмкін. Биоэнергетика – оң нәтижесі жоғары, бір мезеттік әрекет те, ұзақ, сатылы әрекет те бола алады. Бәрі қойылған мақсатқа байланысты. Ал карма биоэнергия арқылы жүзеге асырылады, биоэнергия сияқты оның да түстері болады. Екі қарама-қарсы түс – ақ (жақсылық, жарық) пен қара (жамандық, қараңғылық) жеті негізгі түсті құрайды: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, аспан көк, көк, күлгін, қара түстен – қоңыр. Күлгін түс – жетінші чакраның түсі – адамды Жаратушымен байланыстырушы түс, егер оны қоңырмен боясақ, онда адам қара энергияның, шайтан энергиясының әсерінде болады. Адамның кармасы негізінен оның ойларымен ағарады немесе қараяды. Ашық ойлар біріксе, жарық пен жақсылық басым болады, ал қара ойлар біріксе, керісінше, жамандық пен қараңғылық күштері күшейеді. Ойы ашық, істері жақсы адам өзінің кармасын орындап, оны жеңілдетеді. Ол өз ойын жақсылыққа өзгерте алады. Ойы қара адам өзі де өледі, өзінің жақындарын да, алдымен тәні мен жанын иеленетін мұрагерлерін де өлтіреді. Адам күнәларының бірі – өзіне жасалған жамандыққа кек қайтару. Егер адам өзінің кармасын ауырлатқысы келмесе, кектен бас тартуы керек. Егер келтірілген жамандыққа кек қайтаратын болса, онда ол адамның жамандыққа жауапты періштелері әлсізденеді, ал «қарсыластың» періштелері оларды жеңеді. Өзіңнің қауіпсіздігіңді қорғауда бастысы – жамандықпен күреске түспеу. Жамандықтың аты жамандық, кім оны көп жасаса, сол көп зардап шегеді. Карма болды, бар және бұдан кейін де болады. Карманы не екенін білетін адам өзінің жанына, өзінің өміріне, жақындарының тағдырына, тіпті өзі өмір сүретін қоғамға айтарлықтай әсер ете алады. Жақын адамдардың мәні бірдей іс-әрекеттері мен ойлары бір-біріне тартылады да, соның нәтижесінде адамның өзі де сезбейтін кармалық байланыстар орнайды. Егер ауру кармалық сипатта болса, аурудың ықтимал төрт себебі болады: 1. адамның осы өмірінде (физикалық тәннің осы туылыуында) жаман ойлары мен істерінің нәтижесінде карма ауырлаған; бұны өз жамандығының кармасы деп атаймыз; 2. ауру кармасы ауыр басқа адамның кармасы берілуі себебінен туындаған, өйткені сіз өз еркіңізбен немесе еріксіз сол адамның істеріне араластыңыз, оны қолдап отырдыңыз; бұндай карманы өз ақымақтығының кармасы деп атауға болады; 3. карма өз ата-анасынан көшті – генетикалық карма; 4. карма адамға оның жанымен бірге көшті – бұрынғы өмірлердің кармасы. Алғашқы екі себеп – адамның биоэнергетикалық сауатсыздығынан, тереңірек алатын болсақ, Жоғарғы санаға, Жаратушыға сенімсіздіктен туындайды. Шынай сенімдегі адамдарда мұндай карма болмайды. Егер біздің ата-аналарымыз өз кармасын физикалық өмірі біткенше жеңілдетіп, тазартып үлгірмесе, генетикалық карма бізге тұқым қуалау жолымен беріледі. Бұл генетикалық карманың бірінші себебі – балалары ата-аналары қайтыс болғаннан кейін олардың күнәлары үшін жауап береді. Екінші себеп басқада – не анасы (немесе ата-анасының екеуі де) баланың дүниеге келуін қаламаған, не жүктілік кезінде анасының өмірінде оның жанын жаралайтындай жағдайлар болған. Анасымен бірге бұл сынақтан баласы да өтеді. Бұрынғы өмірлердің кармасы адамға ол дүниеге келген мезетте көшеді. Кез келген нәресте – өз ата-анасының ғана емес, бүкіл ғаламның да баласы. Қарапайым тілмен айтсақ, ата-анасы балаға тән береді, ал ғалам оған жан сыйлайды. Жан дегеніміз – адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің тәндерінде өмір сүретін биоэнергетикалық субстанция. Жан – тәнді ұйқы кезінде немесе өлгенде тастап кетеді. Адамның жаны ол тірі жүргенде жоғарғы адамгершілік қасиеттерге жауапты болады. Оның орналасқан жері – төртінші чакра (Анахата). Жанның адам биоөрісінің ортасында орналасуы тегін емес. Бұл адамның физикалық тұғыры (бірінші, екінші және үшінші чакралар) мен рухани тұғырының (бесінші, алтыншы және жетінші чакралар) түйіскен жері іспеттес. Адам сергек жүрген кезде жан толығымен соның билігінде болады да, басқа энергетикалық орталықтардың әсерінен ол тазарып (жеңілдеп) немесе ластанып (ауырлап) тұрады. Тазаланатын жан адамның тәнінде барған сайын жоғарылай көшіп, жетінші чакраға дейін жетеді де, адамның Жаратушымен байланысын күшейтеді. Ластанатын ауырлайтын жан бірінші чакраға дейін төмендеп, адамның руханилығын жоқ қылады. Сөйтіп оның Жаратушымен байланысы үзіледі. Жанның жоғары-төмен орын ауыстыруы оның дірілінің жиілігіне байланысты. Адамда руханилық басым болған кезде діріл жиілігі артады, физикалық қабілеті артқанда, төмендейді. Ұйқы кезінде жан адам тәнін тастап кетеді де оған сырттан жұмыс істеп, жеңілдетуге көмектеседі. Сондықтан адам ұйықтаған кезде жеңілдеп, демалып қалады. Өлген кезде жан адам тәнінен шығып, жұмаққа не тозаққа бағыт алады. Жұмаққа күнәден толық тазарған адамдардың жандары барады, бұл жандар басқа біреудің тәніне енбейді, жерге қайтып оралмайды. Адам дүниеге келген кезде жандардың бірі оның тәніне орналасады, бұл жанның биоэнергетикалық ізі сақталады. Бұл із өше ме әлде сол адамның өміріне айтарлықтай әсер ете ме – ол көптеген жағдайларға байланысты болады. Біріншіден, бұл адамның ата-анасы тарапынан генетикалық тұқым қуалаушылық. Екіншіден, оның өмірлік жағдайлары, қоршаған ортаның ықпалы. Үшіншіден, адамдағы жанның құрамдас бөлігі болып табылатын тағдыр. Осының бәрі адамның кейінгі өмірін анықтап, төменге немесе жоғарыға бағытталатын жол салып береді. Қашанда төменге құлау жоғарыға өрмелеуден әлдеқайда оңай. Бұл жер ананың тартылыс күші, бізді қоршаған күнәһарлар, физикалық тұғырдағы үш чакрамыз да төменге – руханилықтан гөрі материалдық қызықтарға тартады. Ал біздің биоэнергетикалық ғаламымыздың төртінші чакрасы бізді өмірлік энергиямен қоректендіреді. Адам туғанда шыңғырып дыбыс береді, ол дыбысты жан естіп, оның тыныс алуына көмектесу үшін жанұшырып жетеді. Ол енді анасының құрасағындағы ұрық емес, нағыз адам, жаны бар адам. Басқаша да болуы мүмкін. Бала туады, бірақ дыбыс бермейді, тыныс алмайды. Оның кімді шақырарын білмегендіктен дыбыс бермеуі мүмкін. Оның биоөрісі, оның санасы жанды көрмеуі мүмкін, өйткені ол қандай да бір себептермен онымен байланыса алмай жатқан шығар. Сонда дәрігерлер баланы жұлқылай бастайды, сөйтіп қосымша шаралардың, дірілдің көмегімен жанның балаға келуін сұрайды. Бірақ бұл жерде бөгде діріл, бөгде адамдардың жандары қатысады, сондықтан да осылай дүниеге келген адамдар көбінесе өз табиғатына сай болмайды. Алдында айтқандай, адамдардың көбісі төменге қарай құлағанды қалайды, алайда жоғарыға ұмтылатындар да бар, оларды «аспанда қалықтап жүреді» дейді. Олар көбінесе бір түрлі, қызық болып келеді. Егер олар айналасына кедергі келтірмесе, оларды есінен ауысқандар деп қарайды. Ал егер олар өзінің «мен»-ін көрсете бастаса, олар қауіп келтіреді. Егер жан үйлесімді тепе-теңдік орталығында болса, онда бұл жанның төменге не жоғарыға ұмтылуын адамның өзі ойымен, миымен, дәлірек айтсақ эмоционалдық оң жарты шарымен немесе қисындық сол жарты шарымен шешеді.
| ||