Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 12 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Санадан тыс сезім Санадан тыс сезім – адамның астралдылығын құраушылардың бірі, ол сананың айналасындағы (бастағы ми) ақпараттық өріс болып табылады. Онда айналадағы барлық ақпарат тіркеледі. Түйсік – санадан тыс сезім өрісінен оқылған ақпарат. Санадан тыс сезім өрісі адам қосымша түсініксіз шындық деп қабылдауы мүмкін ойды ұстайды. Шындығында, егер үйлесімділік заңымен өмір сүріп, өз ырғағымызды бұзбайтын болсақ, онда адам өмірінің шегі – үш жүз жыл. Егер жеке адам өзінің тәнінде берілген барлық әлеует күшін жұмсай алатын болса, бұл шек 700-800 жылға шегінеді. Жағымсыз қылықтармен, ойлармен теріс кармаға тап болып, соның нәтижесінде өз ағзасы мен психикасын түрлі сынақтарға ұшырататын болса, адам өзінің өмірін күрт қысқартады. Жердің ядросында, биосферасы мен астралында ақпарат пен биоэнергетиканың дөрекі бұзылуы және жетекшілердің санының аздығы салдарынан, жоғарғы және төменгі желілардың бір-бірімен қатынасуы айтарлықтай сиреді. Адамдар өмір сүрудің энергетикалық деңгейінің жетекшісін сезінбейді. Бірақ олар өздерінің қамқорлығындағыларға көмектеседі. Алайда Ғаламның ерік күші заңдылығына сәйкес жетекшілер адамдардың санасына тікелей әсер етуге хақылары жоқ. Жер жетекшілерінің иерархиялық пирамидасы аса үлкен емесе: Шамбала, белгілер жетекшілері, штамптар жетекшілері. Төменіректе – адамзат, өмірдің биологиялық деңгейі. Жетекшілерден басқа жер Шамбаласының иерархтары адамзат баласының пайдасына жарайтын процестерді астралдық деңгейде сіңіреді. Жердің плюстік нәзік қуатты жинау қабілетінен әбден айрылмауы үшін, Шамбала ғаламшардың оң тезаурусын күшейтуге ұмтылады. Адамдар өздерінің эволюциялық дамуына қарай екі санатқа бөлінеді: белгілер және штамптар. Белгі - өткен өмірі бай жеке адам, оның импульстік айналма күші түрлі ақпараттар мен сапалылығы бар маңыздарды көп мөлшерде жинақтаған. Штамп – жер эволюциясында үлкен жол күтіп тұрған жеке адам, қайта туылу саны көп, оның шығармашылық түп негізі әлі үлкен емес. Жоғарғы және төменгі белгілер де болады – бұлар жеке қасиеті мен тәнінің үйлесімсіздігі себебінен жеке дамудың ұшар шыңында тұрып, одан асып өте алмағандар. Егер төменгі белгі үдеп, төменгі штамптың деңгейіне дейін төмендейтін болса, құлдырау сөзсіз. Шамбала иерархтары үш әйгілі адамға, белгілердің орташа жетекшісі 10 адамға, штамптардың орташа жетекшісі 30 адамға қамқоршылық көрсеткен. Жетекшілердің ең бір жауапты шараларының бірі – жүктіліктің үшінші айында адам ұрығына импульстік айналма күшті қосу. Жетекші мүмкіндігі болғанша елді, отбасын, әлеуметтік жағдайын таңдайды. Бұл осы ақыл-ойдың эволюция үшін барынша тиімді қызмет етуі үшін жасалады. Жетекші адам ұрығына импульстік айналма күшті қосқаннан кейін, жеке адам басқа күйге ауысады, бұл күй туудың биологиялық әрекетінен де маңызды – ақыл-ой өзегімен бірге әлі тумаған адам жеке адам болады, бастапқы санаға (өткен тәжірибесіндегі ақпараттық-энергетикалық нәтиже) ие болады. Қарапайым тұрғыдан алып қарағанда, ата-ана өз балаларын дүниеге алып келмейді. Бала өзінің қашан туарын таңдамайды – бұл оған жоғарыдан бұйырылады. Бұның терең мағынасы да осында. Тән – қорғалуы керек сый. Есуас болып туатын тіршілік иесіне жетекшілер ақыл-ой өзегін қоспаған, сондықтан ол санаулы айлар немесе жылдар ішінде жанып кетеді. Ақыл-ойды қоспау себебі – кейде (барлық уақытта емес) нәтижені алдын ала ескеруге болады. Мысалы, жаңа Гитлер өмірге келеді (Гитлердің бұрынғы қайта тууларының бірі – Кортес). Осындай жағдайларда да жетекші туылуы қалаусыз жеке адамның осы тууында іріуі тиіс деп шешеді. Бірақ бұл тек салмақты карма болған кезде ғана және қалаусыз жеке адамның импульстік айналма күшінің аз энергетикалық потенциясы болғанда ғана мүмкін. Адам өлгеннен кейін оның оң тәжірибесі сүзіп алынады да, терісі кармаға жіберіледі. Иерархтар жер астралына адамның ақпараттық өрісін шығарады, ол нақты физикалық келбет, сана және импульстік айналма күш береді. Бұл оның жекелігін, ажалсыздығын сақтайды – биологиялық өлімнен кейін энергетикалық ұрық қалады. Жеке адамның астралдық қабықшасы адам өлгесін үш күннен кейін тәннен әбден сыпырылып түседі (денені өртеуде қабыршақтар бірден ажыратылады, өлген адамның оны қоршаған айналамен кармалық байланысын бұзады, сөйтіп оны жермен байланысын үзеді). Қабықша сыпырылып түскеннен кейін импульстік айналма күш кармалық тартылыс каналы бойымен ақыл-ойдың ғарыштық көздеріне қарай ұмтылады. Олар жоғарғы желідың күшті энергиясының әсерінен ыдырап кетпеуі үшін, жетекші импульстік айналма күштің әлеуетіне қарай оны жер астралының белгілі бір қабатында тоқтатады. Содан кейін ол психологиялық сызбаны оның импульстік айналма күшіне салады, сөйтіп осы туылудың барлық ақпараты ақыл-ойда маңыз болып қайта өңделеді. Жер астралы ғаламшардың тартылыс өрісінің шекараларына дейін таралады (7 шақырымға дейін төменгі, астралдың ең тығыз әрі ауыр деңгейі). Астралға жеке адам кіріп, ондағының бәрін көреді. Жеке адам жер желісінің кармалық каналдарының бөлінісі мен реттелуін биологиялық өлімнен кейін 9 күн ішінде бақылайды. Тоғызыншы күні жеке адам кармасы жұлдызнама белгісінен ажырайды да жеке адам Жер астралынан жоғарығы көтеріле алады. Астралда ол биологиялық өлімнен кейін 40 күн бойы бола алады. Бұл кезде маңыздың ақырғы қалыптасуы жүреді – ақыл-ой өзінің тірлігін биологиялық желіда қайта басынан өткізеді. 40-ыншы күні жаңа маңызға ие болған импульстік айналма күш жер астралын тастап кетеді. Көлік ретінде жетекші жүреді. Ол импульстік айналма күшті Айдағы «жер асты» қоймасына немесе Плутондағы астралдық қоймаға апарады. Жеке адам Айда ең көп дегенде 3-6 ай бола алады, одан кейін ол жаңадан қайта тууға кете алады. Импульстік айналма күштің Плутонда ең ұзақ болу мерзімі – бір жарым мың жылға жуық. Энергетикалық ұрықтарды Плутон астралында олардың ақпараттылығына сәйкес таратады – Плутонның беткі жағына жақын болған сайын, зерде төмен болады. Жер мен Айда Плутонға жіберілетін импульстік айналма күшті ұстап тұруға болмайды. Плутондағы магнит өрісінің қасиеттері ерекше – онда жоғарғы зерделі жеке адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болмайды. Айға немесе Плутонға жіберу жердегі жеке адамдардың астралдық әлемде қарым-қатынас жасауы дұрыс болмағандығы үшін қажет. Олар өздерін бұзып ашады. Олардың міндеті - өздерін Жердің физикалық желісінде ашу. Өлген адамның артынан өткізілетін астар оған кармалық байланыстарды үзуге, тірліктің энергетикалық желісінда өмір сүрудің жаңа фазасын тезірек бастауға көмектесуі керек. Жақындарының қайғыруы, достарының өкініштері ол кетіп қалған әлемге оны байлап қояды. Өлгендер туралы көп қайғыра бермеу керек. Бейіт немесе тіпті крематорийден алынған капсула – күшті төменгі энергетикалық шұңқыр. Сондықтан оларға туған-туыстарының, достарының жиі-жиі келуі импульстік айналма күштің астралда бейімделуіне кедергі келтіреді. Бұл әсіресе өлгеннен кейінгі алғашқы 40 күнде қатты байқалады. Туған-туыстарының қайғылану энергиясы минустың энергетикалық шұңқырға барады, сонысымен олардың тірлігін ғана емес, сонымен бірге өздерінің сүйікті адамдарының да өлімін қиындатады. Егер жерлеу діни жоралғылар сақталып өткізілсе, онда ол шұңқырды жауып тастағандай болады. Бірақ өлген адам қаншалықты менмен, ал діни қызметкер әлсіз болса, жоралғылардың тиімділігі де соншалықты аз болады. Үйлесімділік заңдылықтарымен өмір сүруге тырысқан қасиетті және тылсым күш иелерінің бейіттері, керісінше, оң энергия шығарып тұрады. Келушілер де өздерінің энергетикалық қаңқасын түзеу үшін сол жаққа баруға тартылып тұрады. Қазір жер астралының жоғарғы қабаты минустық тірлік иелерінен тазарған кезде, биологиялық энергетикалық вампиризмнен басқа тек бір ғана қуатпен қамтамасыз ететін жол қалды. Сондықтан бейіттерге сирек бару керек. Жер физикасы қуат деңгейлері туралы аз біледі, қарапайым бөлшектерден әрі зерттеген жоқ. Дүниедегі қуаттың басты түрі – нөлдік қуат, ол энергтикалық түйірлер құрып, дүниетанымның кішкентай кірпіштеріне айналады. Карма заңы Карма заңы, қуатты сақтау заңы, күшпен кері әсер ету заңы – бүкіл әлемнің негізі. Карманың Ньютон заңы былай құрылған: қозғалыстың күші қарсы қозғалыстың күшіне тең. Механика ғылымының жетістігі болған Карма заңы жер ғылымына кірді, бірақ бірде бір адам бұл заңды материяның энергетикалық деңгейіне, мысалы, психологияға қолдануға әрекет жасамады. Ғарыштағының бәрінің энергетикалық табиғаты бар. Сондықтан кез келген әрекеттің, сөздің, ойдың кері күші, кері әсері болады. Карма заңы, кері әсер ету заңы бәрін қамтиды. Оны дамуға түрткі болатындай, шынайы өмірді жақсартатындай етіп пайдалану керек. Сөйтіп өзің үшін, отбасы, достарың үшін, ауылың, елің, Жер, Жұлдыздар әлемі үшін жағымды ұстаным жасауың керек. Кез келген әрекеттің қуаты, сөз, ой түрлене өзгеріп жеке адамға сол мезетте немесе бір жылдан кейін қайта оралады. Ойы биік, айналасына сүйіспеншілікпен қарайтын адам кеңстікті оң етіп құрады және өзін шындық ақпаратпен қамтамасыз етіп отырса, тез дамиды. Адамның кармалық каналдары күші бойынша иерархиялық болады. Туған-туыстардан каналдар жүрек чакрасына, достық қарым-қатынастар күн чакрасына, іскерлік байланыстар тамақ чакрасына, дұшпандық байланыстар жүрек және күн чакраларына бағытталады. Өзіндік жеке карма куандалиниге, сегізкөз аумағына бекиді. Төменгі штамптарда карма генетикалық аппаратқа әсер етеді. Карма барлығына да қатысады. Карма (өзінше энергетикалық қарыз) кристалда да, тірлік иесінде де, отбасы, ел, өркениет, Жұлдыздар әлемінде де бар. Кармалық каналдар тартылыс қуатынан тұрады, оның екі желісі бар – энергетикалық және парасат желісі. Парасат плюстің рөлін, тартылыс минустың рөлін атқарады. Парасаттың күші неғұрлым көп болса, оның тартылыс өрісі мен дамушы рөлі соғұрлым үлкен болады. Жеке адам үлкен күш парасатына жетіп, оны жүзеге асырған кезде ол өзінің тіршілік желісінің тартылыс күштерін жеңіп, өмірдің келесі деңгейіне шығады. Тартылысты сақтау заңы Тартылысты сақтау заңы – бұл дамуды сақтау, үйле-сімділікті сақтау заңы. Иман, психика, іс-әрекеттер, ойлар мен тән энергетикасы үйлесімді болған жағдайда ғана оң жеке тәжірибе тез жинақталады. Сондықтан туу кезеңдерінің саны белгісіз: ең аз дегенде 1 кезең. Егер жеке адамдар жердегі өмірдегі ең бастысы адамдарға қуаныш сыйлау, тыныштық пен қуаныш барлық тіршілік иелерінде болуы тиіс екендігіне оң көзбен қараса, онда жер астралындағы жетекшілердің саны тез-ақ толығар еді. Ұлы адамдар өмірдің анағұрлым биік желісіне үнемі шыға бермейді. Мысалы, Пушкин (бұрынғы тууында Моцарт) өзінің дамуының шарықтау биігінде нәзік желінің қуатын шашыратып алды. Данышпандардың өздеріне тән кармасы осындай. Есесіне ол көптеген жеке адамдардың дамуына септігін тигізді – бұл оның ақиқат жетістігі. Егер данышпандар ақыл-ойдың ғарыштық иерархиясы идеясына дендегенде, олар өздеріне тән карманы тез баяндап берер еді. Энергетикалық әлеуетті шынайы махаббат туралы естен шығармай, бар әлеммен үйлесімділікте аса ұқыптылықпен жинау керек. Йогамен айналысатын адамдар бұны барлық уақытта басшылыққа ала бермейді, сондықтан астралға толықпаған, былайша айтқанда жетілмеген ұрықтар түседі. Әрбір адам – өз-өзіне иерарх. Бұны терең түсінген сайын, өзіңнің табиғатыңдағы мақсатсыздықтан құтылу оңай. Өзіңе сүйіспеншілікпен, өзіңнің биологиялық айналма күшіңе деген жауапкершілікпен қарау керек. Өз бойынан жеке адам ашатын қасиет өз деңгейіне және тиісті орындарына жеткізілуі тиіс, бұл әрекетіңіздің даму заңдылықтарына қатысты мақсаттылығын анықтау үшін жасалады. Адамның тәні мен психикасы салыстырмалы симметрия ұстанымы бойынша құрылған. Ғарышта бәрі осылай құрылады, бәрі екі әлеуетке жинақталған: плюс және минус. Олардың арасында салыстырмалы тепе-теңдік болуы тиіс. Плюстің басымдылығы басылып тасталса және теріс карма жиналып қалатын болса, жеке адам немесе басқа материя жойылады. Адам өзінің білімсіздігін немесе шарасыздығынан шыдайды. Шыдам деген осы. Шыдамдылық – басқаша, бұл шарасыздық пен әлсіздікке сүйіспеншілік және аяушылық танытып, белгілі бір сезімдерді адамгершілікпен өзгерту ұғымы. Аяушылық білдіру де қолдан келуі керек. Өзіңе басқа біреудің кармасын алған кезде, оны өзіңнің күштеріңмен өзгертуің керек. Бұл дамуға кедергі келтірмейтіндей болуы керек. Бұндай жағдайда аяушылық жақсылық әкеледі. Көмектесе алатын мүмкіндігің болғанда ғана аяушылық білдіру керек. Олай болмаса шыдамдылық шыдамға айналады. Артта қалғандық – бұл ұғынылмаған сенім. Егер эмоцияға ерік берсе, онда жағдаймен күресі қиын. Өз-өзіне ие болу – кез келген сыртқы әсерлер кезінде өзіңді қажетті күйге келтіре білу. Ерік – ұстанымдарды қисынды бақылау. Үйлесімнің бәрі адамгершілікте. Қуаныш адамгершіліктен туады. Қатыгездік өзін-өзі қорғаудан пайда болды. Жазмыш – ақпаратты дұрыс пайдалана білмегендіктен өзіңнің ішіңде минустың шамадан тыс пайда болуы. Балалардың жазмышына ата-аналарының тәрбиесінің әсері бар. Ұрық – ақыл-ой қуатын тартып алады. Үнсіздік – келтеліктің ең жетілген түрі. Қисын – ойланудың көмегімен бір нәрсеге жетудің ең қысқа жолы. Шындық – жалпы үйлесімділік жүйесінде тұратын заңдылық. Уақытында айтылмаған даналықтың күші жоқ. Ойлауда турашылдықтың маңызы бар. Дұрыс ойлаудың эмоционалдық реңкі болмайды. Адамдардың көпшілігі әзірге саналы ойлауға қабілетсіз – сана сырттан алынған ақпаратты да, импульстік айналма күш жасаған ойды да бұрмалайды. Адам санасында түйілу және құрысу болады. Шизофрения – сананың тұрақты түрде түйілуі. Летаргия шизофрениямен негіздес. Елестер (галлюцинация) – жүйке жүйесіндегі сезімдер жайсыздығы. Психиканың ең үлкен кемтарлығы – даңғойлық. Жамандық – дамудың үйлесімді тізбесін әдейі бұзу. Ар – жауаптылық шамасы. Баладағы ұят арды қалыптастырады. Жеке адамның даму сатысы неғұрлым жоғары болса, оның имандылығы соғұрлым биік. Өзіңді жетілдіргенің – дүниені жетілдіргенің. Ұран – бірлікті дамытудан жалпы дамуға. Әрбір ойланушының мақсаты – өзіне ұқсас адамдарды өз санасының деңгейіне дейін көтеру. Табыстарыңды айтып дандайсудың керегі жоқ – өзіңнің дамуыңа қарыздар болатын адам қашанда табылады. Қалай әрекет етуді біліңіз және білгеніңізше әрекет етіңіз, сонда еркін боласыз. Билік жауапкершілікпен бірдей қатынаста болуы тиіс. Адамзаттың кармасы шамамен 12,5 мың жыл бұрын «құдайлар соғысынан» кейін қалыптасқан, бұл соғыс барысында адамдардың энергетикалық желімен, дүниетаным ақпаратымен байланысын қамтамасыз ететін орташа иерархтар тізбегі жойылып бітті деуге болады. Адам ғылымның көмегімен өзі табиғат заңдылықтарын оқып-біле бастады. Бірақ дүниенің бүтін көрінісін жасай алмады, өйткені оқып-білу, негізінен, «қиратамыз - білеміз» ұстанымына құрылған. Білім алуға құштарлық, бұл білімдерді нақты жағдайларда пайдалану жеке адамның маңызын байытып, бүкіл адамзат баласын жоғарыға көтереді. Жеке адамның және оның маңызының жетілуіне орасан кедергі келтіретін нәрсе – бұл өлімнен қорқу. Егер өлім қорқынышынан арылса, барлық қорқыныштар да жоғалады. Өлім жоқ, тек басқа бір күйге, дамудың шексіз тізбегінің бір буынына өту бар. «Мен бармын» - алдымен өзіңді импульстік айналма күш, ғарыштық ақыл-ойдың бір бөлшегі деп, содан кейін барып адам ретінде сезіну керек. Сосын шамамен былайша ойлау керек: маған – ипульстік айналма күшке – ештеңе де болмайды, бірдеңе болса, ол анау биологиялық адаммен, анау бастапқы санамен болады. Осыдан кейін өмірдің қайғы-мұңдары сондай салмақты болып көрінбейді. Ақыл-ой оң карма жасау үшін қызмет етеді. Бұл жердегі ең бастысы – жеке адамның шығармашылық көрінісі. Қарапайым жеке адамдар үшін оң кармаға ие болу дамуға кедергі келтіретін құбылыстарды жою дегенді білдіреді. Минустық карманы өзінің зерделік, биологиялық және парасаттық деңгейін жетілдіруді қаламау жасайды. Даңғойлық, сатқындық, жамандық пен зорлыққа қарсы тұрмау, мүсәпірлік, ішкілікке салыну, өтірік айту және басқаларды қазіргі заманғы мораль даттайды. Өркениеттің шынайы өркендеуі даму процесінің шамасына қарай адамгершілігі басым болатын мораль өзгергенде ғана мүмкін болады. Уақыт өте келе мораль жеке адамның өзінің және қоғамның алдындағы жауаптылығымен ауысады, Бұл жеке адамның мүмкіндігіне қарай ішкі және сыртқы үйлесімді құру жауапкершілігі болып табылады. Егер жеке адам өзін қоршаған адамдар үшін төзгісіз жағдайлар туғызатын болса, онда интеллектуалдық үйлесімсіздік тудырады немесе биосфераға залал тигізеді. Мұндай кездейсоқ болып жататын теріс қылықтар оған келесі қайта туылғанда күшті энергетикалық түрде қайтып келеді (мысалы, аурулар немесе ауыртпалықтар түрінде – объективті карма). Субъективті карма – бір мезеттік ұсақ, мән берілмеген ойлар мен әрекеттердің нәтижесі. Барлық әрекеттер кармаға бағынады. Мысалы, басшы адамның қандай да бір ағашты кесу туралы шешімі ойланып жасалған карма болады, ал ағашты кесетін жұмысшылар үшін бұл – ойлап жасалмаған карма. Ойланып жасалмаған карма қазіргі жеке адамдарда өте көп – орташа алғанда, кез келген жеке адамның ойланып жасалмаған кармасы 80%-ды құрайды. Жеке адам төмендейтін ең үлкен жағымсыз қылық – саналы түрде жасалған мүсәпірлік, бұл теріс карманы бірден арттырады. Мүсәпірлікке қара магтар (Жердің астралдық желісіндағы ұнамсыз тірлік иелері) итермелеуі мүмкін, олар даңғой және әлсіз адамдардың қуатын жұта отырып, олардың санасын ептеп қайта құрады, сөйтіп бүкіл адамзаттың кармасын күрделендіреді. Сонымен қатар жеке адамды астралдық үйлесімнен қоректену мүмкіндігіне айырады – ғарыштан Брама тесігіне баратын сәулені кесіп тастайды. Табиғат әйелдерді сапалылықты жинағыш етіп жаратты, сондықтан да астралдың қара күштері бірінші орында әйелдерді энергетикалық құлдыққа салуды қолға алады. Жоғары сапалылыққа, сондай-ақ биологиялық өріс күшіне ие әйел айналасын минуспен зарядтап, қара күштердің жайлы жағдайын бұзуы мүмкін. Ағзаның энергиялық статикасын куандалини басқарады. Ерелер өзінің жалпы плюсін арттыру үшін осы чакраны көтерсе болады, ал әйелдерге бұны істеудің қажеті жоқ.
| ||