Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

16

 На главную          1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20             Библиотека 

 

Тағдырнамалық сан

 

Аңызға қарағанда, Пифогор заманында жасаған тағдырнама кестесін – өз заманындағы таңдаулы аз ғана адамдарға белгілі ілімнің бізге жеткізілуі қайран қалдырады. Пифогордың кестесінде біздің әрқайсымыздың қандай адам екендігіміз тайға таңба басқандай айқын көрінеді. Біздің әрбіріміздің қасиет-дарынымыз сол туған күніміз бен жылымызда жатыр. Бірақ туғаннан бізге табиғат сыйлаған қасиетті қалай жүзеге асыруымызға, адамның қандай ортаға, қандай жағдайға тап болуына байланысты болады. Егер ата-анамыздың қолында осы кесте болған болса, онда олар өз балаларын табиғи жаратылысына лайық тәрбиелеп, дүниеде біркелкі болып, талантсыз адамдар аз болған болар еді. Барлық адамдар туғаннан өз номерін алып туып, белгілі бір мінез-құлыққа ие болады. Өз сандарыңызды есептеп, кестені пайдалана отырып, сіз өзіңізге табиғаттың қандай қасиет сыйлағанын біле аласыз. Бәрін де мысалмен түсіндірейік.

Бұл үшін алдымен туған күнді аламыз. Оны, мысалы 29. 11. 1970 жыл

Туған күн мен туған ай сандарын қосамыз: 2+9+1+1=13.

Туған жыл санын да қосамыз: 1+9+7+0=17. Шыққан сандарды қосамыз: 13+17=30.

1. Алғашқы жұмыс саны -  30.

2. Жұмыс санын да қосамыз: 3+0=3. Бұдан соң алғашқы жұмыс санына туған күннің бірінші санын екі еселеп, аламыз: 30-4/2х2/=26.

3. Жұмыс саны – 26. Үшінші жұмыс санын да қосамыз: 2+6=8.

4. Жұмыс саны – 8. Туған күнді білдіретін сан қатары мыналар: 2 9 1 1 1 9 7

Екінші қатар жұмыс сандарынан тұрады:

30 3 26 8

Осы екі қатардағы сандарды санаймыз /0-есептелмейді/: 12.

Бұл деген сөз сіз 12 рет өмірге келгенсіз. Ал бір адам Пифогордың есептеуінше, жер бетіне 15 рет дүниеге келеді. Бұдан соң, оның өмірі одан да жетілген шектегі өмірге көшеді.

 

1-нағыз өзімшіл.

11-өзімшілдікке жақын.

111-жақсы мінезді.

1111-өте ерік-жігері күшті адам.

11111-диктатор, өктемдік жүргізуші адам.

111111-/өте сирек кездеседі/ қатыгез адам, бірақ соның өзінде жақындарына, туған-туысқандарына деген көмегін аямайды, бәрін істеуге әзір. Мұндай адаммен өмір сүру қиын.

2-шаршы /биоэнергия/:

  Екілігі жоқ – ол адам бойында биоэнергияның жоқтығын білдіреді, ал бұл биоэнергияны алу каналы ашық деген сөз. Бұл адамдар көне нәрселерді ұнатады, өзін қоршағандарға жаман қарамайды, міне, осыдан да олар басқалар арқылы өмір сүруге тырысады. Табиғатынан тәрбиелі жандар.

2-өмір сүруі үшін биоэнергиясы жеткілікті, бірақ нақ осы кезеңде ол аздық етеді. Сондықтан оған спортпен айналысу міндетті. Ауа райының құбылмалылығына өте сезімтал.

22-биоэнергиясы жеткілікті. Бұл адам басқаларды емдей алады.

222-сіз жақсы биоэнергетиксіз.

2222-мұндай адамдарды қарама-қарсы жыныстылар өте жақсы көреді. Егер оған үш алтылық /666/ шықса, ол адамнан сақтаныңыз, сізді қармағына түсіру оп-оңай.

3-шаршы /адамгершілік қасиеті/:

Үштігі жоқ – бұл өте ұқыпты немесе дәлдікті сүйетін адам. Қоршаған ортасында әңгімесі арқылы дараланып тұрады.

3-бұл адамдарды тәртіпсіздік мазалайды, көңіл-күйіне қарай әрекет етеді.

33-ғылыммен айналысуға бейім /керемет математиктер, физиктер, химиктер/.

333-ғылымға бейім /екі есе жігермен атқарады/, берілгендік, ұқыптылық басым адам.

4-шаршы /денсаулығы/:

Төрттігі жоқ – бұл адам жиі ауырады деген сөз.

4-жиі ауырмайды, негізінен қартайған шағында ауырады.

44-өте денсаулығы күшті адам немесе жоғары темпераментке ие кісі.

444-бұл да сондай, тек екі есе қуатты.

5-шаршы /сезім түйсігі/:

Бестіктің жоқтығы – туғаннан жабық каналды /саңылаулы/ адам. Бұл адамдар әртүрлі жағдайда әртүрлі шаруалар атқаруға ұмтылады, барлық кезде ойда жүреді. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, мұндай адамдар өмірде көп қате жібереді. Бұл адамға өмір сүру қиын тиеді. Олар басын анда да, мұнда да соғады. Әдетте бұлар математикпен немесе журналистпен үйленеді.

5-сезім саңылауы ашық, бұл адамдар аз қате жібереді.

55-сезімдік түйсігі күшті дамыған адамдар /тергеушілер, заңгерлер/.

555-көріпкел, төңірегіндегінің бәрін біліп отырады. Олар өткен мезгілге де, басқа кеңістікке де түйсігі арқылы бара алады.

6-шаршы /жергілікті/:

Алтылығы жоқ – дүниеден бір мамандық алуға келген адам, дене еңбегі қажет, бірақ ол еңбек етуді сүймейді.

6-жерлік адам, дене еңбегі қажет, оқу туралы да ойлаған жан.

66-өте жерлік адам, оған дене еңбегі қажетсіз, ал ол оны жақсы көреді.

666-қауіпті белгі. Өте көркем де тартымды адам, темпераментті. Оның серігі екілігі көп адам болғаны жөн.

6666-бұл адам бұрынғы дүниеге келулерінде жерлік болып алған, еңбекшіл адам. Ол үшін еңбек ету ауыр жүк емес, ол барлық кезде еңбек ете береді.

7-шаршы /таланты/:

Жетілігі жоқ – бұл адам келесі тууларында жетілікті көп алу үшін дүниеге келген. Ал оны аяушылықпен ғана ала алады. Өте ауыр өмір.

7-едәуір жеңіл өмір сүретін адам, таланты бар, бірақ онысы күшті емес.

77-егер ол өзін дамыта алса, бұл өте күшті белгі. Музыкаға бейім адам, көркемдік талғамы бар, суретті сала алады. Егер есептеулерде бірлік пен екіліктер бар болса, оның бұл таланты ешкімге қажетсіз. Пышақ жүзінде жүретін адам, онда бәрі бар: жақсы да, жаман да. Ол үшін жабық есік деген болмайды.

777-ерекше белгі. Бұл адамдар ерекше қиындықтарға тап болады.

7777-бұл қауіп-қатер белгісі. Бұл белгідегі адамдар абайлап, бәрін де ескеріп жүргені жөн.

8-шаршы /міндеткерлігі/:

Сегіздігі жоқ – бұл адам сізден бір нәрсе алса, соны қайтаруға асықпайды.

8-жауапкершілікті адам, басқаларға қол ұшын беруге дайын.

888-халыққа қызмет ету белгісі бар, үлкен жауапкершілікті адам.

8888-бұл белгі тек 1988 жылғы ғана болады. Балалар дамыған қабілет иелері, олар нақты ғылымды оқып, зерттеуге бейім.

9-шаршы /ақылы/:

9-бұл адам тағы да бір тоғыздықты дамытуға тиіс.

99-туғаннан ақылды бас иесі, бірақ оқуға деген құштарлығы нашар.

999-табиғатынан ақылды адам, оның қолынан бәрі де келеді.

9999-бұл белгідегі адамға сирек ақыл-еспен қосылудағы шындық ашық болады, бірақ ол дөрекілікпен, жанашырлықпен ерекшеленеді.

Ал енді сандарды торкөздегі орны-орнына қойыңыз да, кімнің қандай қабілетке, тағдырға ие екенін біле беруіңізге болады.          

 

 

 

ГЕОПАТЕГЕНДІК АЙМАҚ

 

Ежелден жер бетінде құпия әрі түсіне бермейтін  әсерлер көп болғанда, ол геопагендік аймақ деп есептеледі. Соңғы кездері жұмыстың көбейгеніме деп сәл-пәл шаршаңқырап жүргендерін айтатындарда көбеюде. Мойындауға тура келді. Ондайда отырған орыныңды тексеріп көру керек екені, мүмкін үстел  геопатегендік  нүктесінің үстінде тұрғанда болмауы мүмкін.

Алдымен геопатеген деген сөздің мағынасын біліп алуымыз керек сияқты. Ол «гео» – жер және «патеген» – зиянды деген екі сөзден тұрады. Демек, геопатегендік аймақ дегеніміз – зиянды жер, зиянды аймақ деген ұғымды білдірсе керек.

Оны қалай түсінуге болады? Егер сіз жерде ұзақ уақыт орын ауыстырмай отырып жұмыс істесеңіз немесе жатып демалсаңыз, ұйықтасаңыз тұрған соң денеңіз делсал болып, ауыр тартып қалса  немесе неше түрлі түс көріп, нашар демалсаңыз қайтер едіңіз? Әрине, оны сол күні немесе сол түнгі көңіл-күйге жатқызасыз да қоясыз. Тіпті  мән бермеуіңіз де мүмкін. Біртіндеп сол орынға  үйренсеңіз, дағдыланасыз. Ал бұл құбылыс қайталана береді де,адамды айықпас дерт ауруына душар етуі анық.

– Міне, гәп осында жатыр. Оны ешкім де білмеуі мүмкін. Себебі, бұл жәйт ғылымға кейіндері ғана белгілі бола бастаған...

Соның бірі – жұмыс  орнындағы  жағдай болмақ.  Шетелдерде  оған ерекше мән береді. Зерттей келе, гигиенашылар мен  физиологтардың тек  сыртқы  эстетикаға ғана емес, сонымен бірге  түрлі  метеорологиялық  факторға  да көп  көңіл  бөлінетінің білген. Рас, бізде де  жұмыс  орындарында  санитарлық нормаларға  назар аударушылық болған.  Бірақ, «геопатегендік аймақ» деген ұғым көп ескеріле  бермейді.

Алғаш АҚШ пен Канада, Англия мен Германия сияқты  өркениетті елдерде жүргізілген ғылыми зерттеулер адамдардың жұмыс қабілеттерінің төмендеп, түрлі ауруларға ұшырауы  олардың жұмыс істейтін орындары мен жататын орындарына  тығыз байланысты  екенін анықтаған. Содан бұл ғылым бірте-бірте  бізге ТМД елдеріне  де тарай  бастаған.

Біздің аталарымыз да мұндай қолайсыз аймақтардың  бар екенін бұрын да білген сияқты және оларды ең алдымен жануарлар жақсы  сезінетінін де байқаса керек.

«Қой» десе елең ете түсетін қалпымызбен, біз де  бір сәтке ойланып қалдық. Туғаннан көзін малмен ашып, малмен бірге  өмір кешкен атам қазақ табиғат құбылыстарын осы алдыңғы төрт  түліктің  мінез-құлқына  қарап болжап  отырған. Сондай-ақ, жұмыс орны  мен  жатын  жерді  қайдам, иен  даладағы  осындай  қолайсыз аймақтарды халық ықылым заманнан білген. Білген де, ол  жерлерді  айналып өтетін болған. Егер жол  сол аймақты  кесіп өтетін болса, абайлап өтуге тырысқан. Көлікпен келе жатса, жылдамдығын азайтып, тіпті жерге түсіп, біраз кідіретіндері  де болған.  Біреулер «қырсық жер» десе біреулер «киелі жер» деп сан-саққа  жүгіртетін ондай  аймақтар жөнінде  неше түрлі аңыздар да бар екенін білеміз. Геопатегендік нүкте сондай  аймақтың әлсіз  сәулесі болуы мүмкін.

Өйткені, ГПА – жердің  тартылыс күшінен  пайда  болатын сәуле. Жер астындағы түрлі гидро  және геологиялық  қозғалыстардың «энергетикалық демі» осылайша буырқанып жатады.  Оның аумағы 1,5 метрден 4 метрге  дейін жетуі  мүмкін. Шағын нүктелері  10х10 сантиметрге де әсер етеді. Жер  сәулесі  кез-келген кедергіні тесіп өтеді. Және  де оның  күші  барлық  жерге  тең  тарайды. Сіз көп  қабатты  үйдің  бірінші  қабатында  болсаңыз да, жиырмасыншы қабатында болсаңыз да, егер сол нүктеге дәл келсеңіз, бірдей әсер етеді.

 Ертеректе көп қабатты үйлердің бір жақ қабырғасына  орналасқан пәтерлерден рақ ауруына шалдығып, қайтыс  болғандардың  көбейіп кеткені анықталды. Алғаш дәрігерлер оны сонда  тұратын  отбасылардың генетикалық ерекшеліктеріне сай тұқым қуалаушылыққа жатқызбақшы болады. Бірақ, кейін бұл пәтерлерге мүлде басқа жақтан орын ауыстырып келген және бұрындары  ата-анасы мұндай аурулармен ауырып көрмеген отбасылардың  орналасып, олардың да айықпас дертке  ұшырауы ойландыра бастайды. Іске маман биолокаторшылар да кіріседі.  Сөйтсе әлгі үй тұрған пәтерлердің  аталмыш қанатындағы бір нүктеден  геопатегендік  сәулелер өтетін болып шыққан.

– Әсіресе ұйықтайтын бөлмедегі  кереуеттің үстіне дәл келсе, өте  қауіпті. Себебі, Жер  сәулесі бір нүктеден өзінің көрінбейтін толқындарын білдірмей шығарып тұрады да, адамның бүкіл ағзасын ақырындап мүжумен болады. Сөйтіп кейін оларды  айықпас ауруға ұшыратады.

– Әркімнің жұмыс орнындағы үстелінің немесе ұйықтайтын бөлмесіндегі кереуеттің қолайсыз аймаққа орналасқан-орна-ласпағанын қалай білуге болмақ?

– Оны биолакация тәсіліне  негізделген арнайы прибор арқылы  анықтауға болады. Ол ТМД елдерінің біразында  қазір  қолданылып та  жүр. Ал біз әзірше  қарапайым тәсілді ғана  қанағат  тұтудамыз. Әйтсе де соның өзімен-ақ  біраз  іс тындыруға болады.

Бірде бөлмені тексергенде екі жерден әлсіз тербеліс байқалды. Оның біреуі үстелімнің жанынан өтеді екен. Үстелді сәл-пәл шегіндіріп қойдық. Сақтықта  қорлық жоқ. «Сақтансаң - сақтаймын» деп Тәңірінің өзі  айтқандай бәрін білген де зиян болмасы анық.

 

БИОНИКАны да біліңіз

 

Адам баласы бұрын соңды болып көрмеген техникалық дамуына жетіп, тұрмысқа қажетті энергия қуатын, материалдық шикізаттарды тікелей табиғаттың көзінен алу үшін, қуатты да «ақылды» машиналарды жасауда.

Адам әлем кеңістігін /космос/ игеру барысында неше түрлі  автоматтық ғарыш кемелерін, жер серіктерін, планеталардың үстіне барып қонатын қозғалғыш және қозғалмайтын орбиталық ғарыштық станцияларды жетілдіре  түсуде. Сонымен бірге  мұхит мен теңіз  тұңғиықтарын игеру басталды.

Ғылым мен техниканың бір тұлға болып тұтасып кеткендігінің жарқын бір айғағының мысалы /дәлелі/ бионика бола алады.  Бионика – гректің “тіршіліктің бастамасы” деген сөзі. Кейінгі жарты ғасыр ішінде ғылымда жаңа бағыт – бионика  қалыптасты.

Биониканың пәнаралық ғылым немесе қазіргі уақытта ғы-лымдардың тоғысқан /қиылысқан/ тобы деп те жүр. Олай дейтіні ол жаратылыстану мен инженерлік-техникалық ғылымдардың негізінде өмірге келген. Атап  айтқанда бионика:  биологиядан, химиядан, радиотехникадан, кибернетикадан, биофизика мен зоопсихологиядан,  аспаптар құрылысын және құрылыс істерінен жинақталған білімдерді қорытып, бір жүйеге кел-тіріп зерттейді. Сондықтан да биониканың эмблемасы  үшін интеграл белгісімен қосылған скальпель және  дәнекерлегіш кездейсоқ алынбаған. Скалпель – биологтың еңбегін, ал  интеграл болса – математиктердің еңбегін бейнелейді. Осындай жан-жақты мамандықтардың бірігуінің  негізінде  құрылған бионика қазіргі  уақытта  шапшаң дамуда.

Бионика да – биология сияқты тірі табиғатты  зерттеп,  зерделейтін ғылым. Бірақ  негізгі  мақсаты ол тек  техникамен тығыз байланысты. Бионика  тірі  табиғатты  мұқият зерттей отырып,  оның ерекшеліктері неде, қазіргі жетілдірілген техникадан қандай артықшылығы бар екенін жете түсініп,  меңгеріп, қазіргі техниканың алдында тұрған мәселелерді  шешу үшін  инженердің қолына жаңа білім,  әдістерді,  тиімді принциптерді  ұсынады.

Шын  мағынасында біздер тірі  табиғаттың жасампаздығына  таңданудан жалықпауымыз керек. Былай қарап отырсақ тірі  табиғаттың шеберханасында адам  өміріне  үлгі  аларлық заттар көп-ақ.  Мысалы, адам өрмекшіден гидравликалық реттегішті үйренсе, жарқанаттанультрадыбыстық локаторларды, кальмарлардан /моллюсканың бір түрі/ реактивті двигательді, барометр дәлдігін – бақа мен сүліктен, ал теңіз дауылын дер  кезінде анықтауды – медузадан, жер сілкінуді анықтауды – теңіз қоңызы мен шегірткеден үйренген болатын. Сондықтан кейбір таңқаларлық ғажап қызық мәселелерді шешуде ғалымдар алдымен табиғат заңдылықтарына сүйенуі заңды. Адам баласының қажетіне жаратқан қай затты алмайық – бәрі табиғат туындылары. Олай  болса  әрбір жануардың өнертапқыштар  мен конструкторларға ой  саларлық өзіндік ерекшеліктері бар.

1957-1958 жылдары конструктор А.Ф. Николаев Антрактидаға барған сапарында  пингвиннің үлпілдек  қалың қардың үстінде  тез  жүретініне  көңіл аударып, зерттеген болатын. Көп  кешікпей сол  зерттеудің  нәтижесінде инженерлер қарлы жерлерде және  кез-келген қолайсыз жағдайларда жүре алатын «ПИНГВИН» атты  машина  жасап шығарды.

Тірі табиғаттың инженерлерге  ой  салуының тағы бір  айғағы масаның нәзік иіс сезу мүшесін пайдалану арқылы  жасалғанын аспаптың пайда  болуы. Аспап шахтерлер жер  астында  жүргенде  улы  газдардың  пайда  болғанын дер кезінде  хабарлайды.

Үнемі жер астын мекендейтін көртышқанның жерасты  құрылыстары инженерлерінің назарынан тыс  қалмай метро, т.б. жер асты  құрылыстарын жасауда кеңінен пайдалануда. Көртышқанның жер қазу тәсілін пайдалана отырып «Живой бур»  атты  жер қазатын машина жасалды.

Адам өзінің ұзақ тарихының дамуында  саналы түрде  немесе кездейсоқ болсын әр уақыт табиғаттың көптеген үлгі боларлық құбылыстарын пайдаланып келді. Мысалы, қазіргі  тұрмыста  пайдаланып келе  жатқан кәдімге  іс тігетін инені  біздің  ата-бабаларымыз ертеректе  балықтың сүйегінен жасап, сол  инемен аң терілерінен  өздеріне киім  тіккен. Ол бірте-бірте жетіліп қазіргі  жағдайға жетті. Ортағасырда араб дәрігерлері  көздің  хрусталь  құрылысын зерттей келіп, бір мөлдір ортадан  екінші  ортаға өткенде жарықтың сыну қасиетін  байқап, бір заттың көзге көрінбейтін ұсақ  бөлшегін көруге  арналған линзаларды жасаған.

Тірі табиғат ерте уақыттан бері ғылым мен техниканың қарыштап дамуына  қызмет  етіп,  адамның ой-өрісінің шалқып өсуіне  септігін тигізіп келеді. Қоғамның даму тарихында адам табиғаттан көріп, үйреніп, оның ұқыпты  оқушысы болды  және сол үлгілерді күнделікті тұрмыста үнемі пайдаланды десек  қателеспейміз.

Гректің философы Демокрит былай деп атап көрсетіпті: «Адамдар өздерінің жаңашылдық пен өнертапқыштық қызметінің барысында үнемі  тірі  табиғатқа  еліктеп отырады. Соның нәтижесінде  біздер жануарлардан аса маңызды  істерді үйрендік, атап айтқанда біз өрмекшінің оқушысымыз - себебі оған еліктей  отырып іс-тоқу өнерін үйренсек, қарлығаштардан берік үй, құрылыс салуды үйрендік, аққу мен бұлбұлдан, т.б. әнші құстардан сызылтып ән салуды үйрендік. Табиғат ауыл  шаруашылығында, т.б. салада да жетекші  қызмет атқарды дей аламыз».

Табиғаттағы  бар құбылысты тиімді пайдаланудың үлгісін біздер  Италияның ірі  оқымыстысы Леонардо да Винчидің /1452-1559/ жұмыстарынан көреміз. Ол осыдан 500 жыл бұрын құстардың ұшу сырын бақылай отырып, нәтижесінде қанатын қағып ұшатын аппараттың жобасын жасаған болатын.

Кейінгі кезде биониктердің жұмыстарында органикалық дүниедегі түрлі байланыстар мен сигналдар жүйесі жақсы зерттеліп жүр. Қазір жануарлардың «тілін» үйренуге  қол созып, олардың мінез-құлықтарын меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Бұл салада жасалынған жұмыстар да бар. Мысалы, аэропорттар құстар мен ұшқыштардың соқтығысып қалмауы үшін, сондай-ақ  жүзімдіктерде, бақтарда тоғай мен басқа  зиянкес құстарды қорқытатын сигналдар /хабарлаушы аппарат/ жасалынады. өсімдіктер мен жануарлардың қозғалу және  тіреуіш жүйелерін балықтың, дельфиннің және құстардың дене  пішіндерінің аэро  және гидродинамикалық қасиеттерін  зерттеу жұмыстарының нәтижесі  биониканың ерекше бір бағыты – биомеханиканың қалыптасуына  әкеліп соқты. Мұның өзі қазіргі  таңда корабльдерді  ұшақтарды, машиналарды жаңа типте жетілдіруге себепші болуда.

Бионика біздің дәуіріміздің тез дамып келе жатқан ең басты  ғылымының бірі және ғылыми-техникалық ревалюцияның қуат-ты  тездеткіш күші. Ол ғылым мен  техниканың бұрын соңды естіп көрмеген жаңа сатысына  жеткізетіні сөзсіз болмақ.

 

ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

 

Сырқат адам өзін-өзі жазу жолындағы тағы бір тәсіл – әр түрлі шипалы дыбыстарды ұдайы пайдалану болмақ. Әсіресе бұл жаттығуларды жаңадан ай туып  келе жатқан кезде 3,6,7-ші күндері жасаса жақсы болады. Қалай айтсада әркім өзі біледі. Кейбір шипалы  дыбыстардың мағынасын қарап шығайық.

«И» дыбысы /Күннің теңселуі, 1 саны/. «И» дыбысын соза айтуы гайморит, тұмау, көздің  қабынауын емдейді, әрі адамның творчестволық мүмкіншіліктерін ашады. Жоғарғы рухани жоспарларына икемін арттырады. Осы дыбысты  ұзақ уақыт бойы айтсаңыз қызуды және қуанышты сезе аласыз.

«А» дыбысын /Күннің теңселуі, 1 саны/ баланы жұбатып жатқандай айту қажет. Егерде «А» дыбысын ұзақ уақыт айтатын болсаңыз денеңіздің қатаюы босап демалып қаласыз. Творчестволық мүмкіншіліктеріңіз  нығаяды.

 «СИ» дыбысы /Күннің күшті  теңселуі, 1 саны/. Бұл дыбыс адамның денесін босатады, шошуды жазады, адамның сана-сезімін арттырады.

«У» /Марстың теңселуі, 3 саны/. Бұл  дыбысты айтсаңыз дана боласыз. Осы дыбыс күш-қуат және энергияны көбейтіп адам өмірінің динамикасын күшейтеді.

«Э» дыбысы /Меркурийдің теңселуі, 4 саны/. Тапқырлықты және  пысықтықты күшейтеді.

«Ю» дыбысы /Юпитердің теңселуі, 5 саны. Бүйректі және  қуықты емдейді, науқас спазмаларды жазады, өмірдің жаңа  горизонттарын ашады.

«МН» дыбысы /Юпитер және Венераның теңселуі, 5-6 сандары/. Осы дыбыстың теңселуі үйіңізді  молшылыққа және аман-есендікке жеткізеді.

«Е» /Венерның теңселуі, 6 саны/. Осы дыбысты  айтқан кезде көкжасыл түрдің сезімі пайда  болады. Жасыл түр тіршілік белгісі боп саналады. Басым үнмен айтқан кезде адам  мен әлемді сүйе бастайды. Тұрақтылық және  тыныштылықты   сезінеді.

«ОЕ»  дыбысы /Венера және Сатурнның теңселуі, 6-7 сандар/-серіктік қарым-қатынасты жақсартатын тұтас дыбыс.

«О» дыбысы /Сатурнның теңселуі, 7 саны/. «О» дыбысын  неғұрлым көп айтсаңыз, соғұрлым сіздің өміріңіз  жақсарады.

«НГ» дыбысы /Венера және Меркурийдің теңселуі, 6-7 сандары/. Творчестволық күштерді көбейтетін дыбыс.

«ЮЯ»  дыбысы /Юпитер және Күннің теңселуі, 5-7 сандары/. Бұл дыбыс бүйрек және қуыққа  шипалы әсер етеді, тазартады әрі  энергия береді.

«ИЯ»  дыбысы /Венера және Күннің  теңселуі, 6-1 сандары/. Бұл  дыбыс  жүрек  ауруын емдеп аруақтармен қарым қатынасты  орнатады.

«ОН» дыбысы /Сатурнмен айдың теңселуі, 7-2 сандары/. Бұл дыбыс тік ішекке әсер етіп геморройды жазады. Талып қалған кезде есіне  келтіретін дыбыс. Егерде жаныңызда жүрген досыңыз талып қалса бар күшіңізді салып «ОН»-ды бақырыңыз.

«НГОН» дыбысы 6-4-7-6-4 теңселудің тізбегі. Бұл дыбыс асқазан, бауыр  және мида, күнде қосылуына жақсы әсер етеді. Гайморитты жазады. Ол евстахиев трубаларын ашады да адам аспан сферасының музыкасын ести бастайды.

 

АУЛАНЫ, ПӘТЕРДІ ЖӘНЕ ҮЙДІ ТАЗАРТУ

 

Әлдеқашан әртүрлі елдерде қоңыраудың шылдырымен тазарту бұрыннан мәлім болған. Ресей губернияларында тырысқақ және чума аурулары болған кезде күні-түні қоңырау шалған. Ауру жиі қоңырау шалған жердің жанынан жанай өтіп кететін болған. Дыбыс – ол теңселу, кеңістіктің молекуласын тазартатын, территорияға ауруды жұқпайтын ететін күшке ие болған.

Сіздің  пәтеріңізді де «тазартуға» болады. Бір неше амалдар бар. Мысалы: қоңырауды алып бөлме ортасына тұрыңыз да қоңырауды бір рет соғып оның дыбысы қалай шығады екен тыңдап көріңіз. Егерде қатаң дыбыс шықса үйді тазарту керектің белгісі, егерде дыбыс таза,  саңғырлап шықса үй ішінің тазалығын белгілейді.

Әрбір үй ішін  бірнеше минутқа созылатын ақ көңіл күлкімен тазартады. Егерде үй жануарын мысықты ұстасаңыз үй таза болады. Мысық астралдық және эфирлік пландарды тазартады, ит менталдық пландардың тазаруына әсер етеді.

Кейбір үйдің де иесі болады. Олар да кейде дыбыс шығарып белгі береді, тіпті  сайтанға қарсы болады. Үйді адыраспан, қылша сияқты қасиетті  өсімдік пен аластап та, дұға оқылып магниттенген суменде және  свечалармен де тазалауға болады.

Дұғада оқып,  дем салу /үшкіру/ әдісі де оң нәтижесін береді

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 

 pic