Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

14

 На главную          1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20             Библиотека 

 

Балшықтың көмегімен

емделетін ауру түрлері

 

Аденоидтар мен полиптер. Бұндай аурумен ауыратын сырқаттарға күніне екі рет тамағын суық сумен шайып, мұрнына балшық суын тамызу керек. Бұны таңертең және кешке істеу керек.

Ондай науқастарға балшық суы мен қозанақтың тұнбасынан жасалған сусынды ішу пайдалы. Бұл өсімдікте бактерияға қарсы эфир майы бар. Бұдан басқа қозанақта органикалық қышқылдар, флавонидтер, тритерпен қосылыстары, витаминдер, гликозид арбутин, кумариндер, илік заттар және басқа да микроэлементтер болады. Балшықтың пайдалы заттарымен және минералдарымен бірге тұнба қабынуға қарсы, ауруды тыныштандыратын, жөтелге қарсы, антисептикалық және тыныштандыратын қасиеттерге ие болады.

Баспа (ангина). Баспа кезінде қабынуды жазу үшін бір шай қасық балшықты бір стакан суға салып, әбден араластыру керек. Алынған ерітіндімен тамақты шайып, ауру күшейген жағдайда ішу керек. Балаларға кішкене лимон тілімімен бірге азғантай балшық кесегін соруға беруге болады. Ал түнде тамағы мен ішінің төменгі жағына таңғыш жасау керек.

Баспа кезінде тамаққа суық балшықты-сулы ерітіндіні, сондай-ақ су мен көктемгі қайың шырыны қосылған тұнбаны басу да жақсы көмектеседі. Шырынның орнына қайың бүршіктерінің судағы қайнатпасын немесе жапырақтарының тұнбасын пайдалануға болады. Бұл сусын ауруды тыныштандырып, зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді және ағзадан қалдықтарды шығарады. Бұндай балшық-қайың сусынын ішу пайдалылығымен бірге жағымды да.

Ауру жаңа басталып келе жатқан кезде дәрігерлер суық және ыстық балшықты кезек-кезек басуға кеңес береді. Суық балшықты іштің төменгі жағына, ал ыстығын тамаққа басу керек. Ыстық балшық таңғышы былай дайындалады: түкті шағын сүлгіні қайнап тұрған суға салады, содан кейін сығып, бірден ауру адамның мойнына орайды. Сүлгі суыған кезде тамаққа суық балшықтан таңғыш жасайды, іштегісін алып тастайды. Бұндай кезектестіру температура басылғанша күні бойы жасалады.

Асцит. Бұл ауруды басқаша ішперденің шемені деп атайды. Асцитті тек халық емімен емдеуге болмайды, сондықтан дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек. Бірақ тіпті ауыр жағдайларда науқас адамның ішіне балшық суын жағып ауырғанын азайтуға болады.

Атеросклероз. Балшықтың әлсіреген клеткаларды жаңар-татын қабілетін және ағзаға жақсы сіңетін микроэлементтер мен минералдық заттарды беретінін ескере отырып, оны атеросклерозды емдеуге қолданады. Науқас адамдарға балшық суын ішуге кеңес беріледі. Балшық өзіне уларды, уыттарды, артық қышқылды сорып алып, табиғи жолмен сыртқа шығарады.

Ұйқысыздық. Ұйқысыздықпен күресу бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, оның өз қиыншылықтары бар. Бұндай жағдайда халық емшілері ауру адамның аяғына сумен араластырылған уксустан копресс қоюды ұсынады. Сонымен бір уақытта маңдайға суық компресс жасау керек. Ол үшін балшықты ұйыған сүтпен жақсылап араластырып, осы қоспаны бірнеше қабатталған марліге салып, сосын маңдайға басу керек.

Егер ұйқысыздықтың себебі жүйке жұқаруына, қандай да бір оқиғаға күйгелектенуіне байланысты болса, онда сізге балшық итмұрынмен бірге көмектеседі. Бұл құрамдағы сусын былайша дайындалады: итмұрынның құрғақ жемістерін еттартқыштан өткізіп, ұнталғанша әбден араластырады. Егер құрғақ балшықпен араластыратын болса, оны да ұнтап, әбден араластыру керек. Осындай күйінде емдік материал ұзақ уақыт сақталады, пайдалану керек болған кезде оны стаканға салып (бір шай қасық), жылы су құяды. Біраз тұндырып қойып, кешке жұтымдап ішу керек. Итмұрын – ерекше өсімдік, оның құрамында қант, пектиндік және илік заттар, органикалық қышқылдар, витаминдер, каротин, флавонидтер, фосфор, калй, каьций, магний тұздары, темір және басқа микроэлементтер бар. Сондықтан да итмұрынды бұрыннан-ақ ұйқысыздықты және жүйке қозуын емдеуде пайдаланады.

Ми аурулары. Ісіктер болған кезде, абсцестерде, миға қан құйылғанда және тромбоздарда ауырғанды басу үшін балшықтан желке мен маңдайға таңғыш жасайды.

Сондай-ақ балшық суын ішкен де дұрыс, ол қанның күйін жақсартып, жалпы иммунитетті көтереді. Қаласаңыз, балшық суын қозанақтың судағы тұнбасымен араластыруға болады. Бұл сусын тыныс алу мен қан айналысын жақсартады, қан қысымын төмендетеді және жаңадан пайда болған ісіктердің өсуін тоқтатады.

Жүрек аурулары. Жүректің түрлі ауруларында жүрек тұсын балшық суымен ысқылау жақсы көмектеседі. Ысқылауды жай, қатты баспай, сыланып жатқан жердің температурасы көтерілетіндей етіп жүргізу керек. Қолыңыздың астындағы тері қыза бастағанда, ысқылауды тоқтатады, өйткені тері пайдалы заттардың өзіне қажетті мөлшерін сіңіріп алды.

Жүрек невроздарынан, гипертониялық аурудың бастапқы түрлерінен, жүрек қағысынан, қалқанша безінің ауруларынан, қан невроздарынан зардап шегетін ауру адамдар үшін бірдей көлемде долананың судағы тұнбасымен араластырылған балшық суын ішу пайдалы. Бұндай сусын өзінің пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол жүрек бұлшықеттеріне нәрлендіргіш әсер беріп, оның қысқаруын күшейтеді, жүрек қан тамырларындағы және мидағы қан айналысын жақсартады, жүрек жиырылуы ырғағын бәсеңдетеді, қандағы холестеринді азайтады. Сонымен бірге ол қан қысымын бір шама төмендетеді, іскенді, ауырғанды және жүректегі ауырлық сезімін басады, демікпеден арылтып, ауру адамның жалпы жағдайын жақсартады.

Сүйел. Сүйелдерді терінің жұқпалы ауруларына жатқызады, онда теріде тығыз бұдырлы түйіндер шығады, олар көбінесе сұр түсті болып келеді. Бұл ауру көбінесе балалар мен жасөспірімдерде кездеседі, өйткені ауру қоздырғыштары жанасу арқылы жұғады.

Сүйелдерден арылу үшін үгілген сарымсақпен немесе пиязбен араластырылған балшықты жағуға болады. Бұл өсімдіктер бұрыннан сүйелдерді кетіретін халық емінде қолданылып келеді. Еттартқыштан өткізілген немесе үгілген сарымсақты ерітілген қой майымен және балшық ұнтағымен араластырып, күнделікті сүйелге жағып отырған. Ал пиязды бірнеше сағат уксуста ұстап, тек содан кейін ғана сүйелді ысқылайтын болған, сосын құрғақ балшықтың ұнтағын сеуіп, дәкемен байлап, түнге қалдырған. Егер сүйелдер жазда немесе күзде шықса, онда қышқыл алманың шырынын пайдаланған.

Көк тамырдың варикоздық ұлғаюы. Аяқтардың тарылған артериитінде көк тамырлардың ісінуін азайтып, қабынуды хирургиялық шараларсыз басу үшін жасыл, ол болмаса басқа балшық қолданылады. Оны ішіп, балшық суын ауырған жерге жағу керек. Емдік әсерін күшейту үшін суға үгілген сарымсақты салуға болады. Сұйық балшық пен сарымсақтың қоспасын жағып, оның үстінен түкті сүлгімен байлап тастау керек.

Құлақтың қабынуы. Аурулардың көбісі суық тигеннен немесе есту аппаратына бөгде зат кіріп кеткеннен болады. Құлақ қатты ауырып, кейде қан немесе ірің пайда болады.

Алдында айтылғандай, кейбір ауруларды кәдімгі қызыл кірпіштің көмегімен емдеген. Кірпіш қазіргі күні де көмектеседі. Мысалы, егер қызыл балшықтан жасалған кірпішті жақсылап қыздырып, төсектің жанына астына биіктеу тұғыр қойып, төсекке ауруды жатқызады. Мұнда аурудың құлағы мен кірпіштің арасы өте алыс болмауы керек, бірақ құлақты күйдіретіндей жақын да болмауы тиіс. Алғашқы кезде жағымсыз болуы мүмкін, бірақ біраз уақыт өткен соң, аурудың басылғаны байқалады.

Сондай-ақ балшық суына батырылған матаны немесе мақтаны құлаққа салуға болады. Емдік әсерін жеделдету үшін матаны жиі ауыстырып отыру керек.

Лимфотүйіндердің қабынуы және қатаюы. Лимфотүй-індердің қабынуы және қатаюы кезінде балшықты жағып, таңған жақсы. Бұл шараны толығымен жазылғанға дейін жасаған дұрыс.

Көтеу (геморрой), тік ішектің түсуі. Көтеуде қолданылатын халық емі – балшықты жағу. Сондай-ақ балшық ұнтағын қабылдау керек. Оны пайдалану жақсы нәтижелер береді. Бірақ ең жақсысы балшықтан клизмалар жасау және шайыну. Зығыр дәндерінің қайнатпасы мен балшық суынан жасалған клизма анағұрлым тиімді болып саналады. Бұл қоспаны дайындау үшін бір ас қасық зығыр дәнін бір литр суда қайнатып алып, сосын 20 минут баяу отта ұстау керек. Содан кейін сұйықтықты салқындатып, тұндырып, балшық суымен араластырады.

Бұндай клизманы аптасына төрт реттен асырмай жасау керек, бұл оны әсерлі етеді және ағзаның үйреніп кетпеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге емді қарапайым клизмадан бастау керек, сосын аз мөлшерде бірте-бірте ерітіндіні қосу керек, кейіннен мөлшерін көбейтуге де болады. Ем барысында ет тағамдарын шектеуге тырысу керек, өйткені ол сіздің ағзаңызды, асқазаныңызды онан сайын ластайды. Дұрысы вегетариандық тамақтануға көшу керек, өйткені ол пайдалы әрі балшықпен емделумен бірге тамаша нәтижелер береді.

Ал көтеу сізді ешқашан мазаламас үшін, дәретхана қағазының орнына анда-санда балшық кесегін пайдаланыңыз.

Бас ауруы. Бас ауруында маңдай мен желкеге балшық басу жақсы көмектеседі. Содан кейін отырып ванна қабылдау пайдалы.

Сонымен бірге былайша дайындалған жақпа май да жақсы көметеседі: аз ғана көк балшықты суда ерітіп, бірнеше тамшы уксус қосады. Осының бәрін әбден араластырады, қоспаның қоюлығы жақпа майдың қоюлығындай бола салысымен-ақ оны табанға жағады. Содан кейін аяқтың басын матамен орап, сыртынан жылы шұлық киеді де осылайша бір сағат жүреді.

Зарарсыз ісіктер. Зарарсыз ісіктерді емдеудің рак ауруларын емдеуден айырмашылығы шамалы. Бұнда да балшықты басып, балшық суын ішуге кеңес беріледі. Тек бұл жағдайда көк түсті балшықты пайдалану керек.

Сары ауру. Бауырдың қабынуын (немесе сары ауруды) бауыр тұсына балшық басу арқылы емдейді. Сары аурумен көбінесе балалар ауырады. Оларға күні бойы лимон шырыны қосылған балшық суын ішкізу керек. Ересектерге балшық суын жолжелкен немесе жусан тұнбасымен араластыру керек. Бірден ескертетін жағдай – ем басталған кезде аурудың қозуы мүмкін, бұл тазару процесінің нәтижесі.

Көздің сарғыштығын азайту үшін әлсіз балшық-су ерітіндісін көзге тамызады, ал денеден өтті шығару үшін көк немесе тіпті қарапайым балшық қосылаған ванна қабылдау керек.

Әйелдер аурулары. Мастит, сүт бездерінің мастопатиясы, жатырдың түсуі, фибромиомалар, түймешіктер, сары сулар, етеккірдің жүйесіз келуі, вагинит, көптеген қабынулар – әйелдерге жағымсыз жағдайлар мен ауру туғызады. Олардың кейбірінен балшықтың көмегімен айығуға болады. Ол үшін кеудеге және іштің төменгі жағына балшық басу керек, бірнеше минуттардан кейін-ақ жеңілдік сезінесіз. Кейбір БАҚ басылымдарда кеуде мен ішке компрестер жасауға болмайды деген кеңестер айталады, себебі бұл шара ісінтіп және ауыртуы мүмкін. Бірақ мамандар бұл фактіні әзірге растамай отыр.

Түрлі қан кетулерде жұмыршақ пен балшық ұнтағының негізінде жасалған сусын жақсы нәтиже береді. Бұл өсімдік акушерлік тәжірбиеде бұрыннан пайдаланылады. Екі сағат ішінде бір стакан қайнаған суда құрғақ шөпті аздап салып тұндырады, содан кейін бір шай қасық балшық салып, күніне төрт рет бір ас қасықтан қабылдайды.

Көз аурулары. Еліміздің компьютерлендіру адамдардың көпшілігін көз ауруларына шалдықтырды: көздің қабынуы, көру қабілетінің төмендеуі, көзді шел басу. Бұлардың барлығын балшықтң көмегімен емдеу, әрине, мүмкін емес, бірақ жұмыстың аяғында көздің шаршағанын басуға әбден болады. Бар болғаны қабағыңызды балшық суымен сылап, көздің үстіне, маңдайға, самай мен желкеге балшық басу керек.

Егер балшық суына қытай лимоннигінің бірнеше тамшысын қоссаңыз, ол көру органдарының жарыққа төзімділігін арттырады, көздің қараңғыға және жарықтың күрт өзгеруіне үйренуін жеделдетеді. Көз қарығын (конъюнктивит) ауруына қарсы халық емі: балшық салынып бірнеше уақыт тұндырылған суды тамызғымен көзге тамызу керек. Бұл қабыну процестерін басып, сауығуды жеделдетуге көмектеседі.

Тыныс алу органдарының аурулары. Бронхит, өкпе қабынуы, өкпе қабының қабынуы, туберкулез, жай жөтел, қан құсқанда балшық суын ішіп, күніне екі рет кеудені үгілген сарымсақ қосылған сұйық балшықпен ысқылау керек. Жөтелген кезде кеуде мен тамаққа балшық басып, мезгіл-мезгіл кішкене балшық кесегін сору керек.

Мұрыннан су ағу, гайморит, синусит, мұрынның түймешіктері мен шөп таяқшасы қызбасында мұрынға, маңдайға және бетке балшық басу жақсы көмектеседі. Танауды балшық суымен шаю да артық емес, ал мұрыннан қан ағатын жағдайда балшық суына батырылған мақтаны танауға тығып қою керек.

Ас қорыту органдарының аурулары. Бұл аурулардың қатарына гастрит, қыжыл, асқазан жарасы, ішек түйілулері, энтероколит, іштің қатуы және т.б. жатады. Аталған аурулардың кез келгенінде балшық суын күніне екі рет тамақтың алдында қабылдаған дұрыс. Бұл жағдайда судың мөлшерін бірте-бірте көбейтіп отыру керек, ал түнде ішке балшық басу керек.

Асқазан-ішек жолдарына түскен балшықтың радиоактивті бөлшектері асқазан мен ішектің шырышты қабығының жұмысын жақсартып, олардың ас қорыту жұмысын белсенді етеді. Ал бұл өз кезегінде бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді. Сонымен бірге балшық асқазанды қалдықтардан тазартуға көмектеседі. Оның ішкі улардың барлық түрін сіңіру қабілеті бар. Оларды зарарсыздандырып сыртқа шығарады, тіпті барлық патогендік микробтарды өлтіреді. Ақ балшық – коалиннің пайдасы ерекше.

Балшықпен емді бастағаннан кейін ішіңіз қатып қалса, одан қорқудың қажеті жоқ. Іштің қатуы сізде шынымен де асқазан-ішек жолдарының аурулары бар екендігінің дәлелі, іштегі жиналған қалдықтардың бәрі бірдей шыға алмайды. Бұл кезеңде суды көп ішпеуге тырысыңыз, жұтымдап, бірте-бірте мөлшерін көбейтіп ішіңіз.

Жара болған жағдайда клизмалардың көмегімен емдейді. Алдымен асқазанды таза сумен, сосын бал қосып, содан кейін балшық қосып, аздап тұздап шаяды. Осы шаралармен қатар бір шай қасықтан бор қабылдау керек. Шектен тыс газ пайда болған жағдайда балшық суынан компресс жасау жақсы көмектеседі. Нәтижесі бірден көрінеді.

Егер балшық суын қабылдар алдында ең болмаса бірнеше күн ашықсаңыз, сауықтыру процестері тиімдірек өтеді. Асқазан-ішек жолдарының ауруларында емнің тиімділігі ашығу мен сұйық тамақ жеу жағдайларында артатындығы дәлелденген. Лимон қосылған балшық суын ғана пайдалануға кеңес беріледі.

Тіс, тіл және қызыл етке зақым келтіретін аурулар. Тіс ауруларының себебі ауыз қуысының  қабынуынан да, тістер мен олардың түптерінің сыртқы және ішкі зақымдалуынан да пайда балады.

Талай жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз тіс ауруларында тіс пасталарын емес, балшықты пайдаланған. Онымен күніне екі рет тісті тазалап, балшық суымен ауызды шайып отырған. Қазірдің өзінде бұндай шаралар тістерді қатайтуға көмектеседі.

Балшық адамдарды қатты тіс ауруларында да құтқарып отырған. Балшықты ауру тіс пен осы тістің тұсынан бетке басып, осылай күні бойы жүрген. Қызыл ет қанағанда, балшықты суда езіп, оған матаны батырып, сосын қызыл етті сүртетін болған. Бұл шаралар тістің ауруын басып қана қоймай, сонымен бірге оны ағартатын да болған.

Ал тілдегі жарақаттар өздігінен кетіп қалады. Тамақ жеп отырғанда тістеп алу, ыстық тамақтан тілді күйдіру, кішкентай жаралар тез жазылады. Бірақ оны жеделдету үшін күніне бірнеше рет ауызды балшық суымен шайқауға болады. Тіл ауыра бастағаннан-ақ, кішкене жаралар пайда болысымен, балшық суына түймедағын немесе шалфей қосып, ауызды шайқау керек.

Бүйрек пен қуықтың аурулары. Несеп жолдары бітеліп қалған кезде несеп сыртқа шықпайды. Егер ауру адамға бірден көмек көрсетілмесе, ағза несеп қышқылымен улануы мүмкін, содан кейін адам өледі.

Несептің тұрмауы – бұл да ауру, балаларда ол ересектердің дұрыс қарамауынан, ішек құртының болуынан, сондай-ақ қорқынышты түстер көргенде, қарттарда несеп каналын жауып тұратын бұлшық еттің әлсізденуінен пайда болады.

Қуықтың қабынуы, несептің шықпауы немесе тұрмауы, несеп тасы ауруларының барлығын дәрігерге бармай-ақ, уақытылы шара қабылдап, емдеп-жазуға болады. Балшық суын күнделікті қабылдай отырып, сіз ағзаңызды қалдықтардан тазартасыз. Ішке балшық басу қуықтың жұмысын белсенді етеді, ал бүйрек тұсына балшық басу олардың жұмысын жақсартады. Балшықтың зарарсыздандыру және тазарту әсерлері бар. Балшық суын алғашқы қабылдағаннан кейін-ақ сіздің несебіңіз лайланады, бұл балшықтың уыттарды шығарып жатқанының белгісі. Егер балшық суын ішуді тоқтатпаса, біраздан кейін несеп мөлдірленеді де біраздан кейін иісі де болмайды.

Жұқпалы аурулар. Кез келген жұқпалы аурулар кезінде әр жарты сағат сайын бір шай қасық балшық суын ішу керек. Бұл су ағзаға қажетті заттарды жеткізуші болып табылады. Бұндай аурулардың алдын алу үшін балшықты әлсіз шарапта еріткен жақсы. Бұндай емнің ұзақтығы аурудың дәрежесімен анықталады және бірнеше аптадан бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін. Алайда балшықты ұзақ қолданған жағдайда асқазан үйреніп кетпес үшін міндетті түрде үзіліс жасау керек.

Тері аурулары. Есекжем, теңге қотыр, қызыл жегі, іріңді жараларды халық емшілері әрқашан ауру жерлерге балшық басу, балшық суымен жуу көмегімен емдеген. Бір мезетте ауру жойылып кетеді деп күтпеу керек, жаралардың қара қотырланып жазыла бастауы тек ағзадағы уытты заттарды балшық өзіне сіңіріп алып, тазару процесі басталғанда ғана көрініс береді.

Егер сіз осындай аурулардың бірінен зардап шегіп жүрсеңіз, балшық қосылған ванна қабылдау керек және бірнеше күн тамақтанар алдында балшық суын ішу керек. Бұндай ванна теріні нәрлендіріп, қан айналысын жақсартады, тері тесіктерін тазалайды. Бұған әсіресе ақ және көк балшықтар жақсы.

Теңге қотырды емдеуде бірдей мөлшерде алынған балшық пен ірі тұз қоспасы тиімді. Көптеген дәрігерлер тері ауруларын емдеуде балшық ұнтағын себуге кеңес береді. Бұл әсіресе жаралар мен тері ыстығы кезінде өте жақсы әсер береді. Тек терінің ауру жерін алдын ала сулап, содан кейін ұнтақты себу керек.

Ақ ноғала (лейкома). Ақ ноғала деген тырнақтарда ақ дақтардың, жолақтардың пайда болуы немесе тырнақтардың сынуы. Аурудың себебі тырнақ түбіндегі қан тамырларының тарылуы, кальцийдің жетіспеушілігі және т.б. болып табылады. Қан тамырларын қалпына келтіру, кальцийдің орнын толтыруда сол балшық суы көмектеседі. Оны таңғы ас алдында және кешкі ас алдында ішу керек, біраз уақыт өткесін, тырнақтар толығымен қалпына келеді, қатайып, сынуын тоқтатады.

Ақ ноғаламен ауырғанда ең тиімді және қарапайым шара – тамаққа жемістер мен көкөністерден, әсіресе балдыркөк пен ақжелкеннен жасалған түрлі салаттарды құрғақ балшық ұнтағын қосып пайдалану. Бұл жағдайда сіздің тырнақтарыңыз әрқашанда сау болады, бұл бүкіл ағзаның да жұмысының саулығын білдіреді.

Қан аздық. Қан аздық, сондай-ақ лейкоздар кезінде балшық суын көбірек пайдаланған жөн. Ол күшті қалпына келтіріп, ағзаға жетіспейтін минералдық заттардың орнын толтыруға көмектеседі. Балшық суын бір апта пайдаланғаннан кейін ағзада қызыл қан түйіршіктері – лейкоциттердің санының көбейгені дәлелденген. Балшықпен емделу курсынан кейін қаны аз аурулардың өңі кіріп, бүйрек, бауыр және өттің жұмысы жақсарады. Сөйтіп бірте-бірте ауру қайтады.

Егер аурумен бірге науқас қалтырайтын болса, жылытқылармен жылытып, денесіне бірнеше рет балшық басу керек.

Мүйізгектер. Мүйізгектер – тері қабатының қалыңдауы. Әдетте мүйізгектер тар әрі ыңғайсыз аяқ киім кигеннен аяқта пайда болады. Қолда қолғапсыз жұмыс істегеннен болады.

Көбінесе мүйізгектер ауыратын болып келеді, олардың беті жарылып, солар арқылы ауру жұқтыратын микробтар түсуі мүмкін. Мүйізгектерден арылу үшін сары балшықтан жапсырма жасап немесе жай ғана балшық басу керек. Сонымен қатар мүйізгектерді шарап жемістерінің немесе сарымсақтың шырыны қосылған балшық суымен ысу жақсы көмектеседі.

Ерлер аурулары. Ерлердің аурулары әйелдердікінен аз емес. Бұл жыныстық органдардың қабынуы, простата аденомасы, ұрық бездеріндегі түйіндер, белсіздік және т.б. Бұл аурулардан болатын ауырсынуларды балшықтың көмегімен арылтуға болады. Анығырақ айтсақ, балшықты іштің төменгі жағына басу. Жай балшық суын ішу де пайдалы, оған кейбір дәрілік өсімдіктердің қайнатпалары мен тұнбаларын да қосуға болады.

Халық медицинасында ерлердің белсіздігі балшық ерітіндісіне төмендегі өсімдіктердің тұнбаларын қосып емдейді:

1. Алтын тамыр. Құрғақ тамырдың тұнбасын балшықты сумен араластырып, күніне үш ас қасықтан қабылдайды;

2. Заманиха. Бұл өсімдіктң тұнбасын балшық суында дайындап, күніне үш рет бір шай қасықтан асқа дейін 20-30 минут бұрын қабылдайды.

3. Аралия. Кептірілген тамырлардан алдыңғыдай тұнба дайындайды, бірақ ашқарынға ішеді.

4. Сафлора түріндегі левзея. Бұл тұнбаны күніне екі рет қабылдайды.

Жүйке аурулары. Түрлі жүйке аурулары: неврастения, күйзелістер, ұстамалы жүйке ауруы кезінде омыртқаны балшық суымен ысқылап, сондай-ақ ішу жақсы көмектеседі. Суды 20 күн бойы күніне үш рет ішу керек, сосын 10 күнге үзіліс жасайды. Бұндай үзіліс ағзаның балшыққа үйреніп кетпеуі үшін керек.

Бұл аурулардың түрлерінде балшық суына батырылған жаймамен орану да көмектеседі. Егер ауру адамды орап, сыртынан жылы көрпеше жауып, екі сағат жатқызып қойса, аурудың жағдайы жақсарады. Балшық терідегі ылғалды сақтайды, тері тесіктерін ашып, тазартады. Балшықтың әсерінен терінің беткі жағына қанның келуі күшейеді де, соның әсерінен іштегі ширығу мен ауру басылады. Бастысы – ауру адамға компресті көп ұстамау керек, уақытымен алып, денені ылғал шүберекпен сүртеді.

Ертеде жүйке ауруларын құйымшаққа балшық басу арқылы емдеген. Бұл емнің әсерін тездетіп, ауруды басады.

Күйіктер. Күйіктердің ауыр түрлерінде күйген адамды ауруханаға жеткізу керек. Болмашы күйіктерде терінің ашуын басу үшін күйген жерге балшық басу керек.

Тұз жиналу. Қазіргі кезде тұз жиналу аз қимылдайтын адамдардың екеуінің бірінде кездеседі, сол себепті де бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселе жиі көтеріліп жүр. Бұрындары ата-бабаларымыз буындардың ауруын балшықпен емдегеніне қарамастан, бұл ауруды балшықпен емдеу екінің бірінің ойына келмейді. Олар көк балшықты қолданған. Су құйып, балшықты қаймақ қоюлығына жеткенше араластырып, одан ауырған жерге компресс жасаған. Екі сағаттан кейін компресті алып, жаңасын салған, осылайша бірнеше рет жасағаннан кейін ауруды ұмытып кететін болған. Егер сіз осы әдісті қолдануды ойласаңыз, бірақ көк балшық таба алмасаңыз, оны күнге жақсылап қыздырылған және энергетикасы күшті жай балшықпен ауыстырып көріңіз.

Улану. Ерте заманнан бастап балшықты астан уланғандарға кеңінен қолданып келеді. Бұған кеміргіштер себеп болған. Адамдар тышқандарға у қойғанда, сол бөлмеде жұқалап қана жағылған балшық сылақ болса, кеміргіштерді улау мүмкін еместігін байқаған. Тышқандар уды жесе де уланбайтын болған. Кейіннен адамдар балшықтың бұл қасиетін өздеріне де пайдалана бастады. Осылайша орта ғасырларда уланудан қорыққан адамдар өздеріне ұсынылған сусынға немесе асқа бір кесек балшық тастап жіберетін болған немесе тамақтанар алдында балшық жеп алатын болған.

Қазіргі кезде тамақтан уланғанда ауру адамға бір стакан балшық суын ішіп, кесегін соруға кеңес беріледі. Ауыр жағдайларда асқазанды жуып, балшық суынан клизма жасау керек.

Сал болу. Сал болған аурулардың желкесіне және бүкіл омыртқа бойына күніне үш-төрт рет балшық басу керек. Сонымен бірге буындар мен сал болып қалған дененің бөліктерін балшық суымен ысқылайды, балшық суына үгілген сарымсақ қосу керек. Пайдаланылған балшықты қайталап қолдануға болмайды.

Бел құяңы. Ертеден белгілі, бел құяңында ауырған жерге балшық суынан салқын компресс (судың температурасы 25˚С-қа дейін) қояды, содан кейін ұзақ уақыт бойы ауру туралы ұмытасыз. Қазір бұл шараға балшықты ішке қабылдауды да қосып жүр. Кішкене кесек балшықты ауызға салып, ол ерігеннен кейін барып, оны жұтып, артынан бірнеше жұтым су ішіңіз.

Рак. Бұл ауыр сырқатта ертеден-ақ балшықпен емдеуге тырысады. Халық емшілері балшықтың негізінде қоспа дайындап, оған мата тампондарын батырып, ауру адамның денесіндегі ауырған жерлерге басатын болған. Қоспа балық майынан, аздаған уксустан және кейбір емдік шөптердің, соның ішінде убалдырғанның шырынынан тұрады. Убалдырған  емдік шөп ретінде бұрыннан танымал.

Қазіргі кезде рактың кез келген түрін осыған ұқсас қоспалардың көмегімен емдеуге кеңес беріледі, сонымен бірге сағат сайын бірнеше қасық балшық суын ішкізеді. Бұдан басқа бұндай аурумен ауыратын науқастар тамаққа көбірек сарымсақ, сәбіз шырынын пайдалануы керек, ал ауырған жерге олардың балшықпен араласқан қоспасын жағу керек.

Сондай-ақ ауру адамдарға балшықпен емдеу кезінде аздап ашығу керек. Тибетте ракты үш апталық ашығумен емдейтіні белгілі. Адам ағзасында жиырма күндік ашығудан кейін тағы да бір ай тазалану процестері жүреді. Содан кейін ашығу қайталанады. Бұндай әдіспен түрлі әйелдер ауруларын да емдеуге болады.

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 

 pic