Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

13

 На главную          1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19   20            Библиотека 

 

Мінез – субъектінің өтелетін қисыны

 

Мінез – субъектінің өтелетін қисыны. Объективті қисын – бұл санадан басқа болатын, ырғақты өзара қарым-қатынастар заңдылығы. Әр адамның өзінің диалектикасы, тұтас пен жекенің өзара байланысын сезіну шегі болады.

Адам көбінесе өзінің қисынын дүние туралы ойлауға емес, бір мезеттік істерге бағыттайды, сол себепті оның ақыл-ойы санада жеке адамның дамуына жағдай жасайтын ақпаратты реттейтін күш түйіндерін жасай алмайды.

Адамның мінездік сипаттары бір ақпаратты күшейтсе, екіншісін басып отырады. Импульстік айналма күшке осындай кездерде пайда болатын күштердің орынын толтыруға арналған қуатты жұмсауына тура келеді. Дұрысында сыртқы ақпараттың күштік әсері нақты импульстік айналма күштің қисынды мүмкіндіктеріне тепе-тең болуы тиіс.

Жер өркениеті дамудың басты заңынан ауытқып кетті.  Әлемде барлығы өз орнында толық үйлесімділікте болуы тиіс. Әлем дегеніміз тек қана жер мен көк емес, ол қарсыәлем және қарсыжаратылыс та. Әлем мен қарсыәлем бірге дамиды, тек олар энергетикалық тосқауыл – Ұлы қима айналысымен (ҰҚА) шектеледі. ҰҚА тірі клетка сияқты, бөлініп екі тірлік иесіне көбейеді. Адамдардың түсінігі бойынша, өмір пайда болмайды, ҰҚА барда ол да бар. Абсолют – бұл ҰҚА-ның аса жоғарғы санасы.

Адамдар ақыл-ойдың ең төменгі желісі бола отырып, өз ағзаларының иерархысымен ұқсастығы бойынша ғарыштық санада сүйектер деңгейінде болады.

Энергетикалық тосқауыл қабық болып табылады. Фигурадағы кеспекке ұқсас екі дөңгелек басталуды білдіреді, ол ҰҚА-ның екіге бөлінгенін көрсетеді. Әлемдегі және қарсыәлемдегі найзағай үдемелік пен құлдырау символы. Белгінің ортасында – линзаға ұқсас көлденең сопақ қуаттың бір әлемнен екінші әлемге өтетін Ұлы көпірін бейнелейді. Осы көпір бойынша қарсы күштермен қарым-қатынас жасауға болады.

Адам өрісі қарама-қарсы жаққа айналып тұратын екі айналма чакра – муладхара және сахахсрараның тудыратыны сияқты, абсолют өрісі де Әлем және қарсыәлем энергетикаларының көмегімен қалыптасады.

Бұған қоса жарық жылдамдығы тіпті Жұлдыздар әлемінде де әртүрлі болады. ҰҚА жылдамдығы Абсолюттің таза өрісінде нейтрино өтетін жылдамдықпен өлшенеді. Нейтриноның жылдамдығы осы бөлшек өтетін ортаға байланысты. Күннен Жерге дейін нейтрино секундтың жеті мың бөлігінде, жарық 8 минут шамасында өтеді.

ҰҚА-да ерекше дәліздер болады, олармен өтуге болады. Бұндағы жылдамдық Күн жүйесіндегі жарық жылдамдығынан үлкендігі жарық жылдамдығының трактор жылдамдығының үлкендігіндей.

Жақында ғалымдар ашқан қара тесіктер Әлемнің басқа спиральдарына алып барады. Қарсыәлемнен келетін каналдар да бар, бірақ адамдар олар туралы білмейді. Осы каналдар арқылы Абсолюттің бақылауымен әлемдер өзара қарым-қатынас жасайды. Ақ тесіктер Жұлдыздар әлемінің акупунктуралық нүктелері болып табылады.

Абсолют өзінің айналасына өзіне тең әлеует қалыптастырған кезде кетеді, осы уақытта ҰҚА-де ең үлкен энергетика болады. ҰҚА-ның физикалық желісі – жұлдыздар, ғаламшарлар... Жұлдыздар Абсолюттің күштік түйіндері, оның энергетикалық қаңқасы, ол адамның акупунктуралық нүктелеріне ұқсас болады.

 

Уақыт, қуат және сана

 

Уақыт, қуат және сана – әлемнің материалдық дағдысын тудыратын үш құраушы. Ғарыштық сана – ақыл-ойдың шығармашылық бастауы, ол материяның даму бағдарламасынан тұрады және бұл бағдарламаны тәжірибенің жинақталуына қарай өзгертеді.

Ғарыштық иерархия өзара астралдық негізде телепатемалармен қарым-қатынас жасайды, телепатемалар Жұлдыздар әлемінің бір шетінен екінші шетіне бір мезетте жетеді (адамнан мұндай сигнал жер уақытымен 7 секундта жетеді). Ғарышта бәрі де сенімділікке құрылған, өйткені онда толық сенімділік орнаған. Ғарышта бастықтар жоқ, лауазымдардың орнына ол жақта қандай да бір шамадағы жауапкершілік бар. Иерархиядағы орындар жеке адамның күші мен сапалылығына байланысты бөлінеді. Бұл орайда әркім өзіне қызмет аясын таңдап алады. Олар өмір сүру үшін ҰҚА-ның нөлдік қуатын пайдаланады. Адамдар үшін үйреншікті қалыпқа олар енді түсе алмайды. Жер Шамбаласы иерархтарының физикалық тәнге ене алатын мүмкіндіктері бар. Олардың деңгейлері әлі де жұлдыздар қуатын пайдаланатын деңгейде. Олар ғарыштық иерархтар сияқты нөлдік қуатты пайдаланбайды, оларға керегі – Күн қуаты. Оларда тамақ жеу, су ішу қажеттіліктері жоқ. Күн сәулесі олар үшін қорек болып табылады.

Адамдар да азық-түлікті пайдалана отырып, Күн қуатын да қолданады. Бірақ ол бұзылған, қайта өңделген күйде болады. Күн қуаты өсімдіктерде – Жердің биологиялық желісіндағы қорек негізінде көп бұзылмаған (жүгері, қызанақтар – жер өсімдіктері емес).

Ғарыштың биологиялық деңгейдегі өміріндегі тіршілік иелерінің бәрі адамға ұқсас келеді. Сыртқы жер өркениетінің басқа әлемдер өкілдерімен кездесуіне жақын қалды және ол көп сатылы болады.

 

Әр иерархияның өзінің уақыты, өзінің ырғағы болады. Алайда уақыт ырғақ қана емес, онда ырғақты болдыратын сапалылық болмайды.

Уақыт өзінің табиғаты бойынша материалдық болып табылады, өйткені ол қуатты алушы және беруші ырғақ. Ырғақты асықтыруға да, тежеуге де болмайды – бұл ортамен қарым-қатынасты бұзады.

Жұлдыз – ырғақтың жергілікті заңдылығы. Оның жарығы табиғатқа вектор бойымен жоғары немесе төмен жылжу мүмкіндігін береді.

Көлеңкеде күш векторы шеңбер бойымен жүреді, ал жарықта вектор спираль бойымен дамуға ықпал етеді. Температура ырғақтардың өзара байланысу күшін көрсетеді. Жарық температура деңгейін көрсетеді.

Ақыл-ойдың көлеңкесі болмайды, сондықтан ол статикалық бола алмайды.

Адам өзінің өмір ырғағын Күн бойынша, Күн Жұлдыздар әлемі бойынша өлшейді және т.б.

Иерархия биік болған сайын оның ырғағы соғұрлым сирек болады, бірақ ырғақ күші үлкен болады. Табиғат неғұрлым төмен болса, оның ырғағы соғұрлым жиі, соғұрлым тығыз болады. Ырғақ ауысқан кезде сапалылық өзгереді.

ҰҚА біртұтастығы ырғақтармен біріктірілген. Тарақтың жиілігі әртүрлі тістері сияқты ырғақтар бір-бірінің ішінен өтеді. Тығыз тосқауылдың арасынан көру осының арқасында сияқты.

Өзін ойлармен шырмап, ақпаратты қабылдап-меңгеріп, адам өзінің негізгі ырғағын өзгертеді. Адамдағы басты ырғақты жүрек чакрасы жасайды. Жан күйзелістері ырғақты күрт өзгертеді, кейде тіпті жүректі тоқтатуы мүмкін.

Шектен шыққан эмоцияларды ауру деп айтуға болады. Теріс эмоцияларды өз ішіңде басу зиян, оларды өз тәжірибеңе айналдыруың керек. Қамығу дегендер де болмауы тиіс.

Биологиялық өмір Жерде 500 миллиард жыл бұрын пайда болған.

Мумие – жердегі кремнийлік қарапайым өмірдің негізі, ол бұрындары дами бастады да, сосын оны судан шыққан көміртегі тіршілігі ығыстырып тастады. Кремнийлік өмір қазіргі дамудан кем емес даму нәтижесін берген болар еді. Мумие – күшті биологиялық стимулятор, ол адам бойынан оның барлық құрылымдық деңгейлерінен өтіп, оларды түзетеді. Мумие тіпті адамның генетикалық кодына да әсер етеді. Сүйектер – адамдағы ең тығыз дене, ал мумие оларға бәрінен күшті әсер етеді. Рак ауруларында мумие метастазаларды дамытуға қабілетті.

Жердің кармалық каналдары Ғарышқа кетіп жатыр. ХХ ғасырда Жер екі әлем соғысының үрейін бастан кешіріп, биосферадағы дөрекі бұзылу фазасына түсті. Ғаламшардың астралы қатты ластанған кезде ғарыш иерархтары негізгі жер астралын құтқару үшін нақты шаралар жасайды. Біраз адамзат баласы өз ғаламшарының келбетін бұзып жатыр. Электрленген темір жолдар, телестанциялар мен радиостанциялар ғаламшардың энергетикалық каналдарын бітеп жатыр, сөйтіп жоғарғы желі мен төменгі желідың өзара байланысына кедергі келтіруде.

Су өзінің кез келген күйінде өзіне қуатты, әсіресе, минустық қуатты сіңіреді. Жаңбыр да, әсіресе, күн күркіреп жауатын жаңбыр жер астралының ең төменгі қабатын минутстан тазартады. Жаңбырдың астында қалған адам осы минустың қандай да бір мөлшерін алады. Сондықтан жаңбырдан кейін шайынып немесе өзенде я теңізде шомылған дұрыс. Бұлай еткен жағдайда ағзадан артық минус шайылып кетеді.

Орман – нәзік қуаттарды тамаша үйлестіруші. Жапырақты ағаштардан адамға бәрінен жақсы үйлесімділік әкелетіні – аққайың мен емен. Қылқан жапырақтылардан – самырсын, қарағай, шырша. Шырша, сонымен бірге, кармалық байланыстарды үзуге көмектеседі. Лавр ағашы тынығуға ықпал етеді.

Жер астралы ғаламшар полюстарына қарай тығыздалады. Егер астралдың осындай тығыздығы экваторда болатын болса, онда ол жақта солтүстік шұғыласы болар еді.

Астрал жер шарының физикалық желісінің оқиғаларына тез жауап береді: төменнен келетін ақпарат қандай да бір энергетикалық процестерді жібереді, олар өз кезегінде физикалық желіге әсер етеді. Осылайша, дауыл, борасын және құйындар – астралдағы нәзік қуаттар құйындарының нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIII тарау

 

БАЛШЫҚ ТА ТАБИҒИ ЕМ

 

 

 

 

 

Балшықтың емдік қасиеттері

 

Балшықтың тарихы өте қызық. Ол дүние жаратылысы туралы аңыздан басталатын шығар. Бірінші аңыз адамның пайда болуына қатысты, өйткені бірінші адам – Адам атаны Жаратушы балшықтан жасап, сосын барып оған жан кіргізді ғой.

Жұмсақ материал болғандықтан, балшық тіршіліктің барлық салаларында қолданылды. Тіпті бес мың жыл бұрын хат жазу ойлап табылған кезде бірінші «қағаздың» өзі жұқа балшық тақтайшалар болған, оған ұшы үшкір таяқшалармен жазған. Одан кейін сол тақтайшаларды күнге кептіріп сақтайтын болған.

Ежелгі дәуірде қолөнершілер балшықтан кеселер, құмыралар, пеш түбектерін жасап, сыртын түрлі-түсті балшықпен әшекейлеген. Бұл бояу қыш (керамика) бояуы деп аталған. Бірақ балшық бояу бұдан ертеде, алғашқы дәуір тайпаларында жасалған болатын. Олар дұшпандарын қорқыту үшін және кейбір ғұрыптарды атқару үшін денелерін түрлі-түсті балшықтармен бояп алатын болған. Осы күнге дейін балшық бояулардың негізі ретінде пайдаланылады және әзірге оны алмастыратын материал табылған жоқ.

Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген.

Балшық дұғалау, тіл-көзден емдеу, безгек ауруларын емдеуде де пайдаланылды. Саз балшықтан жасалған ыдыстарда дәрі-дәрмек жасап, өсімдік шикізаттарын сақтайтын болған, ал кішкене түбектерді қарапайым медициналық банкалар ретінде суық тигенде қолданған. Бірінші жылытқы (грелка) да балшықтан жасалған. Ол мойны тар құмыра болған, оған ыстық су құйған. Содан кейін аузын тығыздап жауып, жылытқыны ауырған жерге қойған.

Көптеген аталар мен әжелер әлі күнге дейін пеште қыздырылған қызыл кірпішпен бел құяңын емдейтінін естеріне алып отырады. Сондай кірпіштің үстіне жуаның қабығын салып, суық тигенде ингаляция жасау үшін пайдаланылған. Кірпіш бөлмені зарарсыздандыруға да көмектескен. Ол үшін жуаның қабығының орнына жусан мен аршаның бұтақтарын пайдаланған. Емшілер қандай кірпішті қолдануды, қандай дұға оқуды жақсы білген. Пеш балшығы бәрінен жоғары бағаланған.

Солтүстікте балшықты өздерінше пайдаланған. Чукчалар мен коряктар ақ балшықты тамаққа пайдаланған және оны жер май деп атаған. Бұл «майды» сорпаға қосып, «кәмпит» жасау үшін де қолданған. Сүт құйылған ыдысқа бір қасық балшықты салып қойса, сүт тіпті ыстық күнде де бірнеше күн ашымай тұратын болған.

Ал мысырлықтар балшықты мәйітті бальзамдау үшін пайдаланған. Олар сол кездің өзінде-ақ балшықтың күшті антибактериалық қасиеті бар екенін білген, өйткені балшықтың құрамында радий болады, ол біздің ағзамыздан барлық зиянды заттарды шығарады.

Орта ғасырларда балшықтың кішкене кесегін сусындарға тастап, оларды стерилдеу үшін қолданған. Індет ауру кезінде балшық бактерия жойғыш құрал ретінде жүрген. Түрмелерде, әскери бөлімдерде және басқа қоғамдық мекемелерде балшық ұнтағы үнемі болған, оны қандай да бір жұқпалы аурудың пайда болуы туралы ақпарат алғаннан кейін бірден қабылдай бастаған. Ал кемелерде балшықты ағзадағы жетіспейтін заттардың орынын толтыратын витамин ретінде қабылдаған.

Денені бұлай тазарту балшықпен жұмсақ материал ретінде жұмыс істеу барысында жүзеге асырылған. Өнер жан үшін ең үздік ем. Сондықтан да балшықпен емдеу барған сайын кең тарап бара жатыр.

 

  

 

Балшықтың құрамы мен түрлері

 

Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұр және қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.

Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп. Жасыл балшықта  – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.

Сары балшық  – темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.

Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.

Балшықтың қай-қайсысы да өзінше жақсы. Мысалы, ақ балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді. Көк түсті балшықтар қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ткандердері зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін арттырады. Сары балшық та қабынуға қарсы және ауруды басатын жақсы құрал болып табылады. Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді.

Қызыл балшық  – анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады. Ал сұр балшық  – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшық болып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді.

Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% балшық майлы, ал 30% құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады.

 

Балшық және оның емдік қасиеттері

 

Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді.

Балшықтың басты емдік қасиеті – оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтардан және ауыр металдардан тазартуда балшықтың осы қасиеті көмектеседі. Одан басқа балшық көптеген бактерияларды өлтіреді, иістер мен газдарды өзіне сіңіріп алады.

Балшықтың антибактериалдық қасиеттері оның құрамында радийдің болуынан. Бұл радиоактивті элементтің үлкен күшке ие. Егер ұсақталған балшықты күнде ұстаса, оның құрамындағы радий көбейеді. Біздің ағзамыз үшін радий таза күйінде өте аз мөлшерде керек. Біз оны балшықпен емделу кезінде ала аламыз. Бұндай сәулелену алдында ешқандай микроб, вирус және микроағза қарсы тұра алмайды. Осы радиокативтілік балшықты табиғи стерилдеуші етеді және ол химиялық антисептикке қарағанда микробтарды ғана емес, оның уыттарын да өлтіріп, жаңа микроб ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады.

Балшықтың магниттік қасиеті де бар. Ол өзіне ауа мен судың күндік және жандандыратын магниттілігін шоғырландырады.  Сондықтан оның магниттік әсері басқа элементтердің әсерінен асып түседі. Емдік құрал ретінде балшықтың өзін де, оның ерітіндісін, ұнтағын да пайдалануға болады.

Ішуге арналған балшық ерітіндісін дайындау. Балшық ерітіндісін дайындау қиын емес. Бір стакан су мен бір ас қасық балшық алып, балшықты суға сеуіп, ағаш қасықпен араластыру керек. Қасық металл емес, ағаш болуы керек. Өйткені метал емдік балшықтың құрылымы мен оның емдік қасиеттерін бұзады. Ерітінді дайын, енді оны ішуге болады. Қабылданатын сұйықтықтың мөлшері әр адам үшін жеке анықталуы керек.

Сұйықтықты ішіп болғаннан кейін, түбіндегі шөгіндіні төгіп тастау керек, оның ем үшін қажеті жоқ. Ерітіндіні қабылдап бастағаннан кейін шамамен бір апта өткесін, ағзаңыздан қалдықтардың шығып жатқанын өзіңіз де байқайсыз. Бұл бүйректегі және зәр шығару қабындағы еріп, сыртқа шығып жатқан тастар.

Балшықты сыртқа пайдалану. Құрғақ балшықты ұнтап, бөтен қоспалардан тазарту керек, сосын аузы кең ағаш немесе қыш ыдысқа саласыз. Сұйықтық негізгі массадан екі сантиметрге асып тұратындай етіп, су құю керек. Енді балшықты біраз уақытқа қоя тұрыңыз, бұл оның суды сіңіруі үшін қажет. Бұл процесті балшықты үнемі араластыра отырып, ішіндегі қатты түйіршіктерді езу арқылы жеделдетуге болады. Масса біркелкі болып, ақпайтын болған кезде, оны теріге жағу үшін пайдалан беруге болады. Егер емнен кейін біраз балшық қалатын болса, оны тастаудың қажеті жоқ. Қыш ыдысқа салып, аздап су құйып қойып қойыңыз, осылай ол біраз уақытқа дейін сақталып тұра береді.

Таңу үшін балшықты жүн матаға салады, қабаттың қалыңдығы 4 см-дей болуы тиіс. Негіз ретінде жүн матаны алады, себебі ол балшыққа жақсы қосымша бола алады. Таңғыш үшін сапасы жақсы балшықты алып, оны күнге кептіреді, қысты күні оны кез келген жылу көзінің қасына қойып жасауға болады. Жартылай дайындалған балшықты пайдалануға жол берілмейді, өйткені ол суда дұрыс ерімейді.

Таңуға дайындаған сұйық балшықты ауырған жерге басу үшін де пайдалануға болады. Оны екі қабат етіп бүктелген кенеп, мақта-мата немесе жүн матаға салып, жайып тегістеу керек. Балшық қабатының көлемі үш сантиметрден артық болуына тырысу керек, және балшық массасы ақпайтындай болсын. Таңар алдында ауырған жерді ылғал дәкемен сүртіп, сосын матаны салып, жылжымайтындай етіп дәкемен байлап тастау керек.

Бұндай таңғышты ек-үш сағаттай ұстау керек. Бұл уақыт ішінде балшық қалдықтар мен барлық зиянды заттарды сорып үлгіреді. Егер таңғыш кеуіп тартып тұрса немесе ауырған жердің температурасы көтерілсе, таңғыштың кеуіп қалғаны, оны жаңасына ауыстыру керек. Таңғышты алғаннан кейін жарақатты және ауырған жерді шайып жуу керек. Таңғыштармен емдеу курсын бастағаннан кейін оны аяғына дейін жеткізу керек. Яғни толығымен жазылып кеткенше, тағы да біраз ем жүргізу керек. Бұл ауру адамға күш беру үшін керек.

Таңғыш жасағанда тек суық балшықты ғана пайдалану керек, өйткені ыстық (ысытылған) балшық өзінің емдік қасиеттерін жояды. Таңғышты тәуліктің кез келген мезгілінде салуға болады, тек асқазан мен кеуде тұсына тек тамақтаннан кейін бір сағат өткесін ғана басады.

Балшық суынан клизма жасау. Асқазан-ішек жолдарының көптеген ауруларын емдеу үшін балшық суынан клизма жасайды. Бұндай клизмалар былайша жасалады: су құйылған шыны ыдысқа төрт ас қасық құрғақ балшық ұнтағын салады да, оны күнге қойып қояды. Жарықта бірнеше сағат ұстағаннан кейін ерітіндіні әбден араластырып, сүзіп, содан кейін суық суымен бірге клизмаға құяды. Үлкен дәретке барған сайын бір стакан таза суға аздаған лимон шырынын немесе кішкене балшық қосып ішу керек. Бұл шараны төрт рет қайталаңыз да, содан кейін үш күн үзіліс жасаңыз. Бұндай емнің жалпы ұзақтығы аурудың жағдайына қарай анықталады.

Балшықты дайындау және сақтау. Ертеде балшықты шұңқырлардан, қазылған құдықтардан алатын болған. Алып келіп, тегіс жерге қойып, аяқтарымен басып, тастардан тазартатын болған. Одан балшық айналма шығырға салынып, бұйым жасалған. Одан кейін бұйымды пеште қыздырып, түрлі-түсті балшықтардан жасалған бояулармен бояған.

Қазіргі уақытта балшықты дайындаудың әдісінің бұдан айырмашылығы шамалы. Әрине, құрамына қарай әртүрлі балшықтар қазір сирек кездеседі. Табиғи кен орындарына жақын жерде бірден қыш өндіретін фабрикалар мен зауыттар ашылады.

Бірақ емге жарайтын балшықты барлық жерлерден: жарылып кеткен жерлерден, бақтардан табуға болады. Кейбір аймақтарда балшық тіпті аяқ астында жатады, жаңбырдан кейін олар адам жүре алмайтын батпаққа айналады. Бұл балшық өте лас, қоспалары көп, бірақ астын үңгіп қазсаңыз, таза біркелкі қабаттарға да жетесіз.

Болгар емшісі Иван Йотов балшық туралы «бриллианттар жердің астында көміліп жатыр» деген. Балшықтарды көптен дайындап жүрген адамдардың айтуынша, балшық неғұрлым тереңіректен алынса, соғұрлым тазарақ болады. Себебі беткі қабаттар өзіне түрлі атмосфералық, соның ішінде қышқыл шөгінділерді сіңіріп алады. Сапалы балшық тек жұқа және тығыз болады.

Емдік балшықты дайындаудың өзіндік ережелері бар. Ертеден халық емшілері өзен-көлдердің қасынан балшық алатын болған.

Балшықты өзбетінше алғаннан кейін, әрине, оны одан әрі пайдалануға дайындау керек. Алдымен балшықты күн көзіне кептіріп алып, сосын ұнтау керек. Сосын оны електен өткізіп, түрлі қоспалардан, тастардан тазарту керек. Балшықтың дайындығы былайша тексеріледі: балшықтың азғантай мөлшерін сумен араластырып, одан шығыршық илейді де оны терезенің алдына кебуге қалдырады. Кепкеннен кейін ол жарылмауы керек. Егер жарықтар болса, ондай балшықты ем үшін қолданбаған дұрыс.

Дайын балшықты ағаш немесе шыны ыдыста ылғалданбайтын жерде сақтау керек. Балшықты металл ыдысқа салуға мүлдем болмайды. Онда олар уытты элементтерге айналады, тез кеуіп, өзінің тиімділігін жоғалтады. Балшық салынған ыдысты газдалған, лас жерлерден аулақ, көлеңкенің астында аузын ашық ұстаған жөн. Суық түсер алдында балшықты бірнеше сағатқа күнге қойып қояды, бұны балшықты пайдаланар алдында да істеу керек.

Балшыққа қосу үшін ерітілген суды немесе хлорсыз бұлақ суын пайдаланған жақсы. Егер бұндай суға қол жеткізу мүмкін болмаса, өзіңізде бар суды тазалап дайындап көріңіз. Бұл үшін суды пластик бөтелкелерге құйып, мұздатқыштарға салып қояды. Бөтелкеде жүзіп жүрген мұзды көрісімен-ақ суын құйып алып, мұзды лақтырып тастаңыз, өйткені сол мұзда барлық зиян заттар шоғырланады.

Ұзақ сақтау үшін көк балшықты дайындау әдісі өзгешерек. Оны тазаламай, бірден аздап ылғалдандырып, жаңғақтың көлеміндей етіп, шар илейді. Шарлар дайын болған кезде оларды жалпақ табаққа салып, күні бойы күн көзінде қалдырады. Кешкісін күн қуатын өзіне сіңірген балшықты ағаш қорапқа салып, құрғақ жерде сақтайды. Ол сізге қажет болған кезде, шарды қаймақтың қоюлығындай етіп жұмсартып, қажетінше пайдаланасыз. Балшық шыланған суды төгіп тастаудың қажеті жоқ, өйткені ол да емдік қасиеттерге ие. Оны шомылар кезде ваннаға құйып немесе жай ғана жуынуға болады.

Егер сіздің өз бетіңізше балшық дайындау мүмкіндігіңіз болмаса, оны дәріханадан сатып алуға болады. Сондай-ақ ол гүл сататын, косметика сататын дүкендерде де болады. Ондай балшықтар стерилденген, арнайы өңделген, сондықтан оны бірден дайын маска ертінде немесе дәрі дайындау үшін негіз ретінде пайдалана беруге болады.

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 

 pic