Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 15 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Жарақаттар. Жарақаттар дегеніміз – адам бұлшық еттерінің физикалық зақымдануы. Жарақаттардан көп мөлшерде қан кетіп, ауыр болуы мүмкін. егер уақытында медициналық көмек көрсету мүмкін болмаса, сол жерде алғашқы көмек көрсету керек. Жарақатты зарарсыздандырудың ең қарапайым түрі – оның үстіне балшық ұнтағын сеуіп, сосын сұйық балшықты қалың етіп жағып, қанды тоқтату үшін қатты қысу керек. Балшықпен бірге жараға бөгде заттар түсіп қабынады деп қорықпаңыздар. Керісінше балшықтың жарақаттағы бөгде заттарды сорып алатын қасиеті бар. Бұны таңғышты алғаннан кейін көруге болады. Балшықты кез келген жарақаттарға, тіпті жәндіктер (ара, маса, кене) шаққан жерлерге, қылқан кіргенде де басуға болады. Балшықтың зияны жоқ, ауруды, ашуды, дененің қызуын басады. Кейбір емшілер жазылып келе жатқан жарақаттарға балшық пен глицериннің қоспасынан таңғыш жасап басуға кеңес береді. Бұндай таңғыштар жарақаттарды ған жазып қоймайды, сонымен бірге сынған жерлердің жазылуын жылдамдатады. Буын аралығының созылуы. Жүріп келе жатқанда аяқ қайырылып кетеді де тобықтың бүйір буындары созылады. Аз ғана уақыт өтісімен-ақ аяқ ісіп, ауыра бастайды. Дене қызуы көтерілуі де мүмкін. Бұл ауруды емдеудегі ең кең таралған халық емі – үнемі балшық суын ішу, сонымен бірге қоймалжың балшықты ауырған жерге жағу. Бұл орайда салқын балшықты басқан дұрыс. Сіңір созылғанда сары балшықтан жапсырма таңғыш жасаған дұрыс. Таңғыш былайша жасалады: сары балшықтан қамыр илеп, оған азғана уксус қосып араластырады. Алынған қоспаны түкті матаға біркелкі етіп жағып, ауырған жерге басады. Таңғышты алғаннан кейін ауырған жерге ыстық сүттен компресс жасайды, бұл балшықтың емін нығайтады. Мешел ауруы. Мешелмен көбінесе ағзаға қажетті қоректік заттарды жеткіліксіз алатын балалар ауырады. Соның нәтижесінде сүйектер жұмсақ болады да сынуға бейім келеді. Ұлы Отан соғысы кезінде мешелмен көп бала ауырған, бірақ олар дәрісіз-ақ емделген. Аурулар балшық суын ішкен, ол иммунитетті жақсартып, аурудың жазылуына көмектескен. Тілме. Тілме ауруын емдеу үшін құрғақ балшықтың ұнтағын, күріш крахмалы мен ұнтақталған кірпішті бірдей мөлшерде алып араластырып, матаға салып, ауру жерге басады. Бұны күніне кемінде төрт рет жасау керек. Одан басқа балшық ұнтағын жалбыз немесе басқа шөп тұнбасымен бірге қантсыз қабылдау пайдалы. Тәтті дәрілерді қабылдауды жақсы көретіндерге қанттты балмен алмастыруға болады. Ал балшықты сүтпен, ыстық немесе алкогольдік сусындармен, сондай-ақ кофемен ішуге болмайды. Бұл өнімдерді бір-бірімен араластыруға мүлдем болмайды. Жақсысы балшықты жүзім немесе лимон шырынымен ішкен дұрыс. Егер ем кезінде ештеңе жемейтін болсаңыз, бұл аурудан үш күн ішінде айығуға болады деп есептеледі. Ағза ашығып жатқанда құрғақ бор ұнтағын қызыл кірпіш ұнтағымен және ұсақталған түймедағы гүлдерімен және шалфей жапырақтарымен араластыру керек. Бұл қоспаны ауырған жерлерге салып, тағып тастау керек. Таңғышты бір тәулік ұстайды, содан кейін алып, жаңадан бор ұнтағын сеуіп қайтадан байлап тастайды. Таңғышты күніне үш рет ауыстыру керек. Қант диабеті. Бұл аурумен ауырған адам үнемі шөлдеп жүреді. Соған байланысты науқастарға халық емшілері балшық суын көп мөлшерде ішуге кеңес береді. Бірақ суды ауызда кішкене ұстап тұрып, аз-аз жұтымдап ішу керек. Бұндай суды күніне кемінде бес рет ішу керек. Кәрілік – ағзаның табиғи күйі. Алайда оған көңіл бөлу керек: құрамында түрлі витаминдер мен минералдар, әсіресе кальций мен фосфор бар тағамды пайдалану. Витаминді-минералды қорды дәрігерлер түрлі шөптердің: түймедағы, жусан, жалбыз және витаминдерден алуға кеңес береді. Бірақ халық емшілері бұл пайдалы заттардың барлығын бір ғана балшықтан алуға болатындығын бұрыннан байқаған. Өзіңіздің таңдауыңыз бойынша, балшық суын немесе ұнтақты ішуіңізге болады. Туберкулез. Біздің елде ғана емес, шет елдерде де дәрігерлер туберкулезді балшықпен емдейді. Белгілі болып отырғанындай, Германияда және Швецияда балшықты көп пайдаланады. Бірінші кезекте бұл балшықтың ісікке қарсы тұру қабілетіне байланысты. Сонымен бірге балшықтың биоөрісінің күшттілігі соншалық, оның әсерін экстрасенстің әсерімен салыстыруға болады. Экстрасенс сеансынан кейін де, балшықпен емдеу сеансынан кейін де ауру адамның биоөрісі қалпына келеді. Туберкулезді балшықпен емдеу аса қарапайым: балшықты мал майының аз мөлшерімен, жаңа сауылған сүтпен және шалфей қайнатпасымен араластырады. Алынған қоспаны әбден араластырып, оған үгітілген мүк қосып, содан кейін дайын қоспаны ауырған жерге жағады. Сыздауықтар. Сыздауықты емдеу оңай емес. Оларды ихтиол жақпасымен, Вишневский жақпасымен және көптеген басқа дәрілермен емдеуге тырысады. Бірақ тез әрі тиімді әсер ететін – балшық. Оны сыздауыққа жақса, бірнеше жаққаннан кейін-ақ жара жазылып кетеді. Целлюлит. Балшықтың қан айналысын жақсартатынын ескерсек, ол қабыну процестерін басып, ағзадағы зат алмасу процестерін және клеткалық метоболизмді жақсартады. Балшық маскалар мен компрестерді целлюлитпен күресте пайдаланады. Өкшенің ауруы. Өкшенің ауруларынан құтылу үшін ыстық компрестер немесе ыстық ванна көмектеседі. Балшық шелпектер де жақсы әсер береді, оларды аяққа 20 минутқа салып қояды. Бұндай әсер дәріханаларда сатылатын балшық жақпасын қолданғанда да көрінеді. Қояншық. Қояншық ауруында балшық суын ішіп, омыртқа мен желкені сумен күніне бір рет ысқылау керек.
Балшық және тағам өнімдері Емделуді ешкім жақсы көрмейді, әсіресе балалар. Бірақ оларды алдап та дәрі ішкізе алмайсың. Ол үшін мынадай бір қулықты пайдалануға болады. Кәдімгі балмұздақты алып, оны бөліп, ыдыстарға салыңыз да үстінен балшық ұнтағы мен аздап шоколад себіңіз. Бұндай қулықты дайындалған тамаққа да пайдалануға болады. Осылайша сіз көптеген аурулардың алдын аласыз, отбасы мүшелеріңіздің ағзаларын зиянды заттар мен қалдықтардан тазалап, ем қажетсінген адамдарға да көмектесесіз. Жазда жеткілікті мөлшерде балшық жинаңыз. Отбасы үшін кептірілген жемістен жасалған печенье дайындаңыз: бес алма қағын, бес алмұрт немесе басқа жемістердің қағын еттартқыштан өткізіп, бір шай қасық балшық ұнтағымен араластырады. Содан кейін сәбіз бен қызылшаны үгіп, 2 ас қасығын қосып, бәрін араластырып, бір қасық джем немесе тоспа қосады. Алынған қамырдан домалақтар жасап, пеште пісіреді, содан кейін печенье мен аздаған балшық ұнтағына аунатып алады. Сәндеу үшін домалақтардың үстіне джем тамызады. Балшық ұнтағын түрлі ботқаларға да қосуға болады. Егер бір шай қасық балшықты ботқаға әбден араластырсаңыз, оны ешкі де байқамай қалады. Бұл жерде де ботқаға бал қосуға болады, одан ботқаның пайдасы арта түседі. Сондай-ақ балшық ұнтағын дәмдеуіштер қосылатын тағамдарға да қосуға болады. Мысалы, палау, ет тағамдары және т.б. Тіпті балшық ұнтағын дәмдеуіш сақтайтын ыдысқа салып қойсаңыз да болады. Бұл өте ыңғайлы әрі балшықты асқа қосуды ешқашан ұмытпайсыз. Балшықты тағамды дәмдеуіштер сияқты дайын болардан 5 минут бұрын қосады. Балшық суын араластыруға болатын сусындарға шараптардың барлық түрі, сүтті сусындар (айран, ұйыған сүт), суық компоттар, табиғи шырындар жатады. Бұндай қоспаларды коктейльдерге де қосуға болады. Бір ғана шарты – балшық шөгіп қалмас үшін, оны сусынға ең соңында қосады. «Картоп» дәміне балшық қоссаңыз, ол тіпті де білінбейді. Тек оны бір ас қасық қантпен, екі қасық какаомен араластырып, жылы сүт құю керек. Содан кейін еттартқыштан үгілгіш печеньені өткізіп, оны дайындалған қоспаның үстінен себеді. Азғантай сары май қосып, бәрін әбден араластырады. Масса біркелкі болған кезде одан домалақтар жасап, жаңғақ ұнтақтары мен қант ұнтағына аунатады. Жарты сағатқа тоңазтқышқа салып қойып, сосын дастарханға қойыңыз. Балшық жер жаңғақ кесегіне де жақсы қосымша бола алады. Оны дайындау үшін бір стакан қант, азғантай сары май, кішкене балшық суын қосып, әбден араластыру керек. Бұның бәрін отқа қойып, араластыра отырып қайнату керек. Сосын оттан алып, суытып, тұзсыз жер жаңғақ пен бір ас қасық балшық ұнтағын себу керек. Алынған қоспаны қалыптарға құйып, әбден суытып, бөліктерге бөледі. Балшықты тек тағамдарға қосу үшін ғана емес, сонымен бірге көптеген өнімдердің сақтау мерзімін ұзартатын зат ретінде де пайдалануға болады. Балшықты тарелкеге салып, екі сағатқа тоңазтқышқа қойып қойса, оның иістің бәрін сіңіріп алатын қасиетін екінің бірі біле бермейді. Ал сәбіз, қызылша және картоп сияқты тамыржемістерді бірнеше секундқа балшық қоймалжыңына батырып алып, содан кейін кептірсе, олар қыс бойы бүтіндігін сақтайды әрі шірімейді. Қарсы әсерлері жоқ Балшық қарсы көрсетілімдері жоқ бірден бір өнім. Ол ешқандай зиян әкелмейді, әйтсе де бірден көп мөлшерде қабылдасаңыз, жағымсыз әсерлері (сезімтал теріге) болуы мүмкін. Дұрысы, емді аз ғана балшық салынған сумен емдеуден бастау керек, ағза үйренгеннен кейін мөлшерін көбейтіп, күніне екі қасық ұнтаққа дейін жеткізуге болады. Балшықты қабылдағанда ауырсыну сезінсеңіз, оны бірнеше сағат күн көзіне ұстау керек, сонда ағза оны жеңіл қабылдайды. Балшық суын бірден ішпей, жұтымдап ішіңіз. Балшық қабылдағаннан кейін бірден тойып тамақ жесеңіз, аурлық сезінуіңіз мүмкін. Балшықпен тіпті бала емізетін және жүкті әйелдердің емделуіне болады. Бұның себебі балшықтың тазалығы мен табиғилығында. Бұл ғажайып дәрінің мөлшерінде де шек жоқ. Сіз оны мөлшерден тыс қабылдасаңыз да, одан сізге зиян келмейді. Дегенмен, бір қарсы әсер бар. Балшықпен емделу кезінде қалдықтармен және зиянды заттармен бірге газдар да сыртқа шығарылады. Балшық көмегіне жүгінген адамдар дұрыс жасайды. Қандай да бір емдік өсімдіктердің әсерін күшейту үшін олар дәрі-дәрмектер ішпеген, есесіне емді сылаумен біріктіріп, спортпен, су процедураларымен айналысқан. Сіздерге де соны істеуге кеңес береміз.
IX тарау Киелі сандар және табиғи ем
КИЕЛІ 7 САНЫ Қазіргі өркениетті елдердің халықтары арасында «13» санын әзірейілдей көрсететіндер әлі де баршылық. Ал, көптеген халықтар, әсіресе, мұсылман елдерінің халықтары, соның арасында қазақ халқы «7» киелі сан деп таныған. Аңыз бойынша жержаһанда жеті күн /біреулер жеті ай дейді/ бойы топан су қаптаған. Тірі қалған жеті адам болған. Олар: Нұх, Хам, Сам, Жанас, Әшият, Айша, Ләйлә. Бүгінде олардан тараған 6 миллиардтай халықтың 10 миллионнан астамы ғана қазақтар. «Жеті жоқ жерде Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ», «Жеті жоқ жерде өлшем /өлшеуіш/ жоқ», - дейді нақыл. Жеті санының киелік ұғымынан гөрі эмоциялық мәні жоғары. Әлемге әйгілі шығыс жұлдыздарының атасы Әбу Насыр Мұхаммед Дархан би Ұзлақ ат - Түрки әл-Хаким әл-Мәшүр әл-Мұғаллим Сәни әл- Фараби /Әбу Әли ибн Сина - Авицена/ соңғы демі таусылып бара жатқанда алты дәріден шипа болмаған соң, «жетінші дәріні әкел», - деп киелі жетінші дәріден үміттенген екен. Сол сияқты, бүкіл батыс поэзиясының аспанында ай болып туған И. Гетенің шығыстың жеті жұлдызына қызыға қарап, ынтасын қоюы жайдан-жай болмас. «Парсылар өздерінің бес ғасыр ішіндегі барлық ақындарының атасынан жетеуін ғана айырықша бөліп атаған. «Ал шындығына келсек, сол аталмай жүргендердің өздері де анағұрлым артығырақ», - деген екен ұлы Гете. Түркі халықтарында жеті ғашықтар туралы аңыздар бар. Олар: Ләйлі мен Мәжнүн, Жүсіп-Зылика, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлік-Ғарра, Уәки мен Гүлшах. Аталмыш жеті сүйіспенділер сияқты жетімдікті де жетеуге жеткізген. Ол: «Тыңдалмаған сөз жетім, қиюсыз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, аққу-қазсыз көл жетім, басшысыз қалған ел жетім, туған жерінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім». Сондай-ақ, халық арасында «Жұт - жеті ағайынды» дейді. Олар: қантөгіс, соғыс, өрт, оба кесел, зілзала /жер сілкінісі/, құрғақшылық, мал жұтап ашаршылыққа тап болу. Қазақ халқында жетіге байланысты атаулар, нақыл сөздер көп-ақ. Киелі 7-ден өз баласына Жетібай деп ат қойған. Жетібай атынан әрі қарай жақсы үмітпен бала аты: Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай және Мыңбай өрбіген. Сан әлемінде бұлардан басқа адам аттары аз кездеседі. «Жеті жарық» /жеті планета/, жеті ру ел, жеті қабат жер асты, жеті күн-жеті түн бел асып, бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді, жеті шелпек /нан/ құдайы, Тәуке ханның Жеті жарғысы, сияқты есепсіз сөз тізбектері тілімізде жиі кездеседі. «Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені» демекші Қазтуған Сүйінішұлының «Жеті жұрты» бүгінде ел аузында. Олар: күйеудің, келіншектің жұрты, кіндік кесіліп қан тамған жұрт, бөтен елде тұрған жұрт /екінші жұрт/ әулетті-әділетсіз қамауда болған жұрт және қара жер тартқан соңғы жұрт. Киелі сандарға халық 3-5-9-40 сандарын да қосады. Баланы 40 күн толған соң 40 қасық сумен шомылдырып, қырқынан шығарады. Қызға қырық үйден тыйым, ертеде қыз сүйген жігітіне орамал шетіне 7 немесе 9 түрлі нәрсені түйіп беру әдеті, марқұм болғандардың жетісін, қырқын, жылдығын беру. Ертедегі Вавилон мұнарасы жеті қабат болып салынған. Осындай мұнаралар Римде жеті төбенің биік шоқысына орналастырылған. Будда дін басы жеті түрлі жеміс беретін ағаш көлеңкесінде отырған деседі қытай-тибет аңызы. Ертедегі гректер де әлемнің жеті кереметі мен жеті данышпанын сөз еткен. Сондай-ақ, Ислам дінінің бірінші талабы бойынша жасы жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті нәрседен тұруы шарт. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған тапырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Мейлі сен, мейлі сенбе, бұл сандарда құпия сыр жатыр. «Халық қалт айтпайтын» болуы керек... БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ БОЛЖАЙ БІЛіңіз 1 және 2,3,4,5,6,7,8,9, осы сандарда қандай құдырет бар дейсіз? Халқымыз 7 мен 9 санын киеліге балаған. Сөйтсек тегін емес екен. Белгілі бір сандарға орайлас туған адамның болмысы, болашағы тура алақанға салғандай сайрап тұрады. Шығыс күнтізбесінде, соның ішінде жапондықтарда мұны «Сан туралы ілім» - дейді. Бұл ілімнің белгілі болғанына мың жылдан асып барады. Цифрология, яғни «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмысымызды табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді қандай планета билеп, әсер етіп отырғанына түсініктеме жасайды. Мәселен былай: сіз өз тағдырыңыздың санын, яғни, бір ме, бес пе, жеті ме - білгіңіз келеді дейік. Ал сол әр санның /тоғызға шейін, әрине/, аржағында тоғыз планета тұрады. Сіз егер «7»-інің өзі қайдан шықты? Сіз қай күні, қай айда, қай жылда туылдыңыз? «27-шілде, 1962 жылы» дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне қосыңыз. Шыққан жалғыз сан-сіздің Тағдыр саныңыз. Енді іс жүзінде:2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7. Кейде қосынды екі саннан тұрады. Ондайда оларды бір-біріне қосу керек, қашан жалғыз таңбалы сан қалғанша... Мысалы, сіздің досыңыз, немесе, туысқаныңыз қыркүйектің 8-інде, 1955 жылы туды делік. Ал қосалық: 8+9+1+9+5+5=37. 3+7=10. 1+0=1. «1» Сол кісінің тағдыр саны. Атақты адамдар өмірінен мысалға жүгінейік: Егер сіз «1» санының астында дүниеге келсеңіз... /Мысалы: – 20.09.1934ж./ – онда сізді жебеп-желейтін планета – Күн. Олай болса, осы санның астында туған кісінің өмірі қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен, табандылықпен келген. Ол үшін талай-талай нәрселерді құрбандыққа шаласыз. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді көп ортадан шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы үшін пайдаланып кетесіз. Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға тырысу - «1» санына орайлас туғандардың басты қасиеті. Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады. Егер ойлағандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей түтеді. Егер «2» санына орайлас тусаңыз... Мысалы, /14.01.1931 ж./ болса қорғайтын нысан /планета/ – Ай. Ай жарықтай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек достық шыраймен қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды. Бәрі сізге ұмтылады. Соған орай ылғи да жолы болғыш, ештеңкені күшпен, зорлықпен алуға, белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ келеді. Егер «3» санына орайлас дүниеге келсеңіз, онда – планетаңыз Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра қойғыш, жүні жығылып, бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. Өн бойы желі оңынан соғады, қиын проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат – ол үшін ауадай қажет. Көптеген белгілі әртістер осы «3» санының астында туған. Егер сіз «4» санына орайлас тусаңыз, мәселенки, атақты киноактриса Брижит Бардо сияқты. Ол 28.04. 1934 жылы дүниеге келген. Сізді желеп-жебеп қолдайтын планета – Сатурн. Егер «4» тез байлыққа ие болса, қолдаушысы оны қашанда қуаттағаны. Еңбекте жетістікке жетсе, өз маңдай тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған сенім артады, бірақ достарының көбі - бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар, отбасында мәйін де жұмсақ. Өйткені, өздерін ең жақын адамдарынсыз бейшара сезінеді. Өмірге реалистік көзқараспен қарайды. «5» санына орайлас туған болсаңыз... Онда сізді желеп-жебейтін планета – Меркурий. Ол планета астында туған адамдардың айырықша мінезі – тас бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі. Өмір деген олар үшін – кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, митың тірлікке төзімсіз. Сезімтал, интелектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді. Жеке өз басы жауап беретін шаруа болса, жалтарып кетуге әзір. Өмірі тек ғана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды. Егер сіздің Тағдыр саныңыз – «6» деген сан болып кетсе... Онда Венера планетасының астында туғансыз. Сіздің жебеушіңіз мықты, мақсатты іске өне бойы жетелейді. Арман-аңсар, биік мұраттарға жеткізбей қоймайды. Өмірлік мән – сұлулық, агармония – үйлесімділік. Осыдан өнерге, музыкаға, жалпы әдемілікке ұмтылыс. Сүйісу, әуестену. Сөйте тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда біреуге мін таққысы келсе, оның өзінің тігісін жатқызып, «тістерін сындырып» барып жеткізеді. «6»-ның астында туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке өміріне үстірт қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады. ...Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз сізді қолдаушы планета – Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға, философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ өз-өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да кездер аз емес. Жалғыздыққа да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз «7» санының астында туғандардан таудағы ұлардай тек жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады. «8» санының астында жарық дүниеге келсеңіз. Қолдаушыңыз – Меркурий планетасы. Осы жебеушілеріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз. «9» санының астында тусаңыз егер... Желеп-жебеушіңіз – Нептун. Мінезіңіз осы айбынды су Құдайындай сан құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде аспандағы айға шауып әлек. Онысынан түк шықпайды, өз ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады. Рас, достарының әлсіз жақтарын ой таразысына салып, дұрыс қорытынды түйе біледі. Әсершілдік, сезімталдық оның – басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе, қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ, табиғаты ала-бөтен ерекше жан.
Киелі жетілік атаулар Математиканың ең негізгі ұғымдарының бірі – /1,2,3,4,5,6,7,... .../ натурал сандар. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, тіпті тарихы да бар. Соның ішінде оқырмандардың қаперінде жүйрсін дей отырып 7 санының кейбір қырлары мен сырларына тоқталмақпыз. Жеті күн – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті қарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқ жұлдыз. Жеті қарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық - осы шөміштің сабындағы соңғы және ең жарық жұлдыз. Жеті қарақшының ең жақсы көретін мезгілдері - наурыз, сәуір айлары. Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар /Қазақ Совет энциклопедиясы, 4 т. 430 - бет/. Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек. Жеті ру – Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан, Табын, Тама жєне Керейіт рулары. Жеті ата – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті қазына – Грек аңызды бойынша оған мыналарды жатқызамыз: Күн, Жер, Ай, Аспан, Су, От, Ит. Жеті қазынаға байланысты аңыздар көп. Жеті ғашық – Лєйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылика, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни-Күлшәт. Жеті амал – Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы. Жеті қат көктегі 7 саны «жеті жұлдызға» сәйкес келеді. Шығыс астрономиясы оларға Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурнды жатқызады. Жеті жетім - тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған тон жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім. Жеті ырыс – адамның ақыл-ой мен сана-сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит. Жеті жұт ағайынды – құрғақшылық, оба, мал жұтауы, өрт, соғыс, сел, жер сілкінісі. Әлемдегі жеті керемет – Мысыр пирамидалары, Галикернас сағанасы, Родос алыбы, Александрия шамырағы, Эфестегі Диена ғибадатханасы, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Семирамиданың аспалы бағы. Жеті жарғы – XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсындағы жазылған қазақтың әдет-құқықтық жинағы. Онда жер дауы, күң дауы, жан дауы, жесір дауы, мүлік дауы және хандық пен билік мәселелері қамтылған. Жетіген – қазақтың байырғы шертпелі музыка аспабы. Ертедегі нүсқасы тұтас ағаштан астау тәрізді ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған. Имандағы жеті парыз – Алланың барлығына, бірлігіне сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену. Шығыстағы жеті жұлдыздар – Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Фзули. Жеті ғалам – 7 саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар - дүниенің төрт бұрышы: күн-шығыс, күн - батыс, түстік, терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі ғалам. Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі тайқазан жеті түрлі металдан құйылған. 7 санына байланысты жер бетінде жеті нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ. Мұхаммед /с.ғ.с./ жетінші пайғамбар, жер асты жет қабат, жеті тамшы су бір грамм, қазанның жетісін береді, жеті нан құдайы таратады, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады және баланың тісі жеті жасында түсіп, сол жастан бастап мектепке бара бастайды. Мұсылман ғұрпында, түркі дүниесінде құдіретті әрі киелі саналатын жеті саны жөніндегі қысқаша пікір осылай.
| ||