Денсаулықты жақсарту

тәсілдерінің жолдары

7

 На главную          1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20             Библиотека 

 

Үш электр тогы

 

Алдында айтылғандай, адамдарда электр тогының үш түрі әрекет етеді, яғни адамның барлық қабілеттері үш өрісте көрінеді. Бұл үш токтың бәрі – сезімдер пішімі болып табылады. Әрі олардың әрқайсысының өзіне тән шамалары мен мәндері болады. Әр ток адамның денесіне қозғау салады, осылайша әр адамда үш дене болады: заттардан, жарықтан және нұрдан тұратын денелер. Барлық үш дене бір уақытта әрекет етеді, бірақ тәндік немесе материалдық дене санасында тек шектеулі материалдық қозғалыстар орын алады. Мысалы, біздің материалдық денемізде сансыз қозғалыстар мен әрекеттер жүріп жатады. Өкпелер өзіне ауаны жұтады, бауырда мыңдаған химиялық процестер жүріп жатады, электр тогы ми жасушаларында ғажайыптар жасайды, ескі жасушалар өліп, жаңалары олардың орындарын басып отырады. Бұл әрекеттердің басым көпшілігін біздің санамыз қабылдамайды, сондықтан да сана оларды бақылай алмайды. Бұл әрекеттердің барлығы белгілі бір тәртіпте біздің қалауымыздан тыс жүреді.

Тек біздің физикалық денеміздің санасының әрекет етуі тоқтала тұрған кезде медитация және түс көру барысында ғана біздің жарықтан тұратын денеміз көрініс береді. Физикалық денеміздің әрекетін тоқтатқанына қарамастан, біз тіршілік ете береміз және өзіміздің әрбір әрекетімізді басқара аламыз. Осы күйінде біздің жарықтан тұратын денеміз қозғалып, түрлі әрекеттер жасайды. Жарықтан тұратын бұл дене «Астралдық дене» немесе «Хиола» деп аталады.

Ақыл-ой күші айтарлықтай дамыған жағдайда астралдық дененің қозғалысын бақылап, сол астралдық денені өз қалауымызша пайалана аламыз. Астралдық дененің жұмыс істеу жылдамдығы физикалық дененің жылдамдығынан алпыс мың есе артық.

Ұйқы кезінде нұрдан жаралған дене де белсенді болады, тек оның жылдамдығының күштілігі соншалық, бұл дене жасайтын әрекеттерді біз бақылай алмаймыз. Нұрдан жаралған дененің жылдамдығы астралдық дененің жылдамдығынан мыңдаған есе көп. Егер ақыл-ой күші артып, белгілі бір шекке дейін дамитын болса, онда нұрдан жаралған денемен танысуға әбден болады.

Медитация әдістерін меңгерген рухани адамдар жарықтан жаралған және нұрдан жаралған екі дүниеге де саяхат жасай алады. Медитация физикалық дененің санасын жарықтан жаралған денеге ауысуына көмектеседі, бұл жарық жылдамдығымен саяхат жасауға мүмкіндік береді, сөйтіп адам жарықтан жаралған денеде болатын заттар туралы біле алатын болады.

Жарық әлемі біз көзбен көре алатын жарыққа қатысты емес екенін түсіндіріп кету қажет сияқты, біз айтып отырған жарық біздің көзімізге көрінбейді.

Дәл сол сияқты біздің санамыз нұрдан жаралған әлемге ауысқан кезде, нұр денесі әрекет ете бастайды, нұр толқындарының көмегімен кеңістік және уақыттық арақашықтықтарды бағындыру мүмкін болады.

 

Үш қабат

 

Әрбір адам үш денеден немесе үш жаннан тұрады, атап айтқанда: Ұлы жан, Адам жаны және Хайуан жаны. Әр жанның екі шеңбері болады.

Хайуан жанының екі шеңбері «Эго» (Латифа-э-нафси) және жүрек нәзіктігі (Латифа-э-кальби) деп аталады.

Бірігіп, Адам жанын қалыптастыратын екі шеңбер Рух нәзіктігі (Латифа-э-рухи) және Құпиялылық нәзіктігі (Латифа-э-сирри) деп аталады.

Ұлы жанның екі шеңбері Жасырын нәзіктік (Латифа-э-кхафи) және Бұлдыр нәзіктік (Латифа-э-акхфа) деп аталады.

Осы алты шеңбердің барлығы түзу сызықтың бойымен айнала жүріп отырып, жарық пен нұрдың алты толқынына айналады. Сызықтық жарық өзінің пішіні бойынша үшбұрышты болып келеді, ал айналма қозғалыс табиғатынан дөңгелек болып келеді. Жарық толқындарының үш түрі күндізгі сезімдерді тудырады, ал нұр толқындарының үш түрі түнгі сезімдерді оятады. Үш жарық толқыны күндізгі тіршіліктің қозғалысына қолдау көрсетеді, ал түнгі тіршіліктің белсенділігі нұр толқындарының арқасында жүзеге асырылады.

Әрбір адам ұйқысынан оянғаннан кейін көзін ашып, сана сезімдерінің дүниесіне енеді. Бұл күйді ұйқылы-ояу кез деп атауға болады. Бұл жағдай адамның оянғаннан кейін бірден өзінің ақыл-ой зердесіне толық еніп кете алмайтындығын көрсетеді. Алғашқы фазада ойлау және әрекет ету қабілеті ояна бастайды және әрекет ету әдістерінің бәрі бірге жұмыс істейді.

Осы ұйқылы-ояу фазасынан кейін екінші фаза – ояну фазасы басталады, бұнда сезім тереңдігі орнына келе бастайды. Осылай адам ауыр ұйқылы-ояу күйден арылады. Осы ояну фазасында шабыт күйі етек алады. бұл күй кейде күшейіп, кейде әлсірейді. Осыдан кейін үшінші фаза басталады. Бұл фаза түйсік фазасы болып табылады, онда Рух нәзіктігі ақыл-ой жұмысынан басым тұрады.

Бірінші фаза: Ұйқыл-ояу шақ (саналы әрекеттердің басталуы) = Ойлау мен әрекеттердің шоғырлануы = «мен» нәзіктігінің белсенділігі.

Екінші фаза: ұйқы ауырлығын сезінудің аяқталуы және сезімдердің тереңдеуі = шабыт = Жүрек нәзіктігінің белсенділігі.

Үшінші фаза: шабыт күйінің тереңдігі = Түйсік = Рух нәзіктігінің белсенділігі.

Ұйқының да, ояу кездің де үш фазасы бар. Адам ұйқының үш фазасынан өтеді, сол сияқты ояу кездің де үш фазасын өткереді. Ұйқы мен өңнің арасындағы аралық фаза – қалғу фазасы. Қалғу фазасы күйінде Құпия нәзіктігі белсенді болады. Жеңіл ұйқы деп атауға болатын ұйқының келесі сатысында Жасырын нәзіктіктің белсенділігі артады. Ұйқының үшінші сатысында адам ұйқыға толық енеді, бұл сатыда Көрінбейтін нәзіктіктің оянуы бел ала бастайды.

Ұйқының бірінші фазасы: Қалғу = Сезімдердің ауырлауы + Санадан тыс сезімдер басталады.

Екінші фаза: Жеңіл ұйқы = Санадан тыс сезімдердің белсенділігі + Сана сезімдерін қабылдау.

Үшінші фаза: Қатты ұйқы = Санадан тыс сезімдердің басымдылығы + Сана сезімдерінің тұмандануы.

Осы алты фазаның барлығының басында инерттілік немесе тыныштық күйінің қысқа уақыт ішінде басым болатындығы аңғарылады. Адам ұйқысынан оянған кезде оның барлық ойдан ада кезі болады. Дәл сол сияқты ұйқының барлық үш фазаға кіру кезінде ақыл-ой аздаған уақыт тынышталады. Қалғу күйіне кірер алдында сезімдер тынышталады, бұл сезім аздаған уақытқа берік орнайды, осыдан адамныың ұйқысы келеді. Жеңіл ұйқы да тыныштық сәттерінен басталады. Терең ұйқы осындай тыныштық сәттерінде келеді.

 

Медитация және дін

 

Дін қызметкерлері мен діндарлар медитацияның дінмен ешқандай байланысы жоқ екендігін, Қасиетті діни кітаптарда медитацияға сілтемелер жасалмағандығын айтады. Бұл үстіртін ойлайтын адамдар үшін айтылған сияқты, алайда зер салып ойласаңыз, діни ілімдердің даналығы жоғарыда айтылған пікірдің қате екендігін түсінуге болады. Қасиетті діни кітаптардың ілімдерін зерделей отырып, барлық кітаптардың бізге ойлану және ойлау керектігіне жол сілтейтінін аңғаруға болады, ал бұл өз кезегінде ақыл-ойды барынша бір бағытқа шоғырландырып, бізді қоршаған Жаратушы туралы ойлау керек екендігін білдіреді. Дұға оқу барлық дінде дерлік әрбір салт жораныың бөлінбес бөлігі болып табылады. Дұға оқу дегеніміз – табынушымызбен етене жақын болып, байланыс орнатуды білдіреді. Егер дұға оқушы адамда тілек сұрап отырған Жаратқанмен ешқандай өзара байланысы болмаса, ол адам қалай дұға оқи алады? Бұдан ұғатынымыз – әрбір дін бізге жаратушымен рухани жақындықты ойлану және ойлау арқылы сезінуді талап етеді. Осындай ықыласпен ойлану медитация болып табылады.

Медитацияны белігілі бір қалыппен немесе әдіспен байланыстыруға болмайды. Медитация – ішкі «мен» сезімімен байланысты ақыл-ой күйі. Діни ғұрыптар мен салт-жоралар тәннің де, рухтың да қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Бір жағынан, салт қандай да бір міндеттер жүктейді, екінші жағынан адамның ішкі күйін күшейтуге көмектеседі. Осы екі элемент те дұға қылу салтында қажет.

Табыну салттарының көмегімен жетуге болатын ішкі күйдің жоғарғы деңгейі медитация немесе «Мартаба-э-ихсан» (шаттық күйі) деп аталады.

Қасиетті Пайғамбар бұл туралы: «Сіздер дұға оқыған кезде өзіңізді Жаратушыға қарап тұрғандай елестетесіз немесе Алла Тағала сізді көріп тұрғандығын сезінуге тырысасыз».

Дұға оқу салты, медитация және ойлау адамды шаттық күйге жетуге немесе басқаша айтқанда, Жаратушыны тануға көмектеседі.

Дін міндетті түрде орындалатын діни ғұрыптардың жиынтығына айналды. Сопылар мен діни адамдар діннің ішкі көріністеріне үлкен мән беріп, белгілі бір ереже-қағидалар ойлап шығарды. Олар мәнсіз салт-дәстүрлерге діни мағына бере бастады. Іс жүзінде терең ойға бату медитация (муракаба) деп аталды, бұл «қандай да бір нәрсе туралы асқан ықыласпен ойлау» дегенді білдіреді.

Барлық қасиетті діни кітаптарда ойлану мен ойлауға үлкен мән беріледі. Қасиетті мәтіндердің түрлі үзінділерінде ойлану, терең ойлану және медитация жасауға кеңес беріледі. Бір мәтіндерде аспан әлемі мен жер туралы ойлауға бағыт берілсе, басқаларында біздің назарымызды жаңбырға, өсімдіктердің өсу қабілеттеріне көңіл бөлу керектігі айтылып, одан әрі тіршілік туралы, әсіресе адамзат баласы туралы ойлан дейді. Түрлі мәтіндердің бәрінде айтылатыны – бізді терең ойландыратын, ойға жетелейтін ойлау образын табу. Діни кітаптарда ойлану қабілеті тек аздаған адамдарға ғана бұйырғандығы айтылады.

Медитацияның рухани ұстаздары дінге сенуді сананың ажырамас бір бөлігі ете отырып, медитацияның адамға шындықты көруге көмектесетіндігін айтады, өйткені жүйелі түрде медитация жасау тәжірибесі бұл шындықтың жүрекке жетуіне жол ашады да, адам жанының жанары нақты бір пішінді көре бастайды.

Медитация барысын талдау бізге оның қызметі ақылдың ой тереңіне енуіне көмектесетінін көрсетеді, ақыл қиял мен ойдан асып түседі. «Муркаба» термині рухани ұстаздар мен сопылар медитация жасау техникасын жасап шығарғаннан кейін пайда болды, олар медитация жасауға қажетті ережелер мен әдістер ойлап шығарды.

Адамның ақыл-ойында барлық құбылыстың ішкі негізін көруге мүмкіндік беретін жарық болады, бұл қабілет бізге барлық жаратылысты түсініп қабылдауға көмектеседі. Басқаша айтқанда, біз заттардың ішкі жағын көре алатын болсақ, онда олар біз үшін құпия жұмбақ болмайды. Осылайша көзге көрінетін әлем құбылыстары адам ақылы үшін айқындалып, ненің қайдан шығатыны туралы түсіну мүмкіндігі туады.

Жаратушының пайғамбарлары құбылыстарды олардың ішкі жақтары арқылы танып-білді. Ақыл-ой заттардың ішкі жағын ойлауға әдеттенген кезде ол жарыққа бөленіп, жаратылыстың жасырын шынайылығын көруге мүмкіндік алады.

Ықыласпен ойлану жаратылыстану ғылымдарын оқығанда да, рухани ғылымдарды тануда да қажет. Білімнің қандай саласы болса да, біз ықылас бөліп, ынта, қызғушылық танытпасақ, оны оқып-білу мүмкін емес. Дәл сол сияқты жан туралы білімді зерттеп-білу үшін ақыл-ойды бір бағытқа ынталандыру қабілетін ұтымды пайдалануы керек.

Алла Тағала бізге өзінің белгілерін Қасиетті діни кітаптарда берді, бізге оларды ойлану және ықыластанып қарастыруға бағыт берілді. Белгі дегеніміз әлде бір нәрсенің қозғалысы арқылы берілетін сыртқы пішін болып табылады. Шындығында барлық жаратылыстану ғылымдары да, материалдық құбылыстар да рухани заңдылықтарға негізделген, бұл заңдар туралы тек назар аудару көмегімен ғана мүмкін болады.

Пайғамбарлар мен Алла Тағаланың елшілері адамзат баласын өздерін тану арқылы Жаратушыны тануды үйреткен. Медитация пайғамбарлар білімі мен Құдайды тану ғылымын игерген адамдар үшін маңызды рөл атқарады.

Медитация ақыл-ойдың әрекеті болып табылады. «Муракаба» сөзі арабтың «Ракиб» деген сөзінен шыққан, ол – Алла Тғаланың қасиетті есімдерінің бірі, «Әрқашан бақылаушы және сергек» дегенді білдіреді. Осылайша, медитация деген қажетсіз, төмен ойлардан арылғаннан кейін Жаратушыға, оның қасиеттеріне көңіл бөлу болып табылады. «Ракиб» сөзінің тағы бір мағынасы – мұқият, күтуші, жақын жүруші. Сондықтан медитация дегеніміз – адамның өзінің ішкі «мен»-іне назар аударатын ақыл-ойдың қызметі.

«Медитация» термині ақыл-ойдың ойлану, елестету күйі. Өз дәуірінің ұлы қасиетті адамы Уәлиулла шах медитацияға мынадай анықтама берген болатын: «Медитацияның шынайы мақсаты – қандай да бір нәрсені, мейлі ол Алла Тағаланың қасиеттері болсын, қабылдауға ынта-ықылас бөлу, жанның тәнді тастап кететін немесе осыған ұқсас күй. Бұлай ықылас сезімдер, ойлар және ақыл-ес оған бағынатындай мінсіз болуы тиіс және әдетте біздің сезімдеріміз қабылдай алмайтын нәрсе қабылданып қана қоймай, сонымен бірге танылуы да тиіс».

Адам зердесі мен санасынан тыс өмір сүретін ақпарат пен білім адам жанының бір мүшесі деген сөз және медитация техникасының көмегімен оларға қол жеткізуге болады. Қабылдау және сезіну шектерін бағындырғаннан кейін ғана ақпарат пен білімді бақылап шолуға болады.

Гус Әли шах медитация туралы мынадай пікір айтады: «Медитацияның бір күйінде медитация жасаушы үнемі өзінің жүрегіне көңіл бөліп отырады және ақыл-ойы мен жүрегінің өзгерген күйіне елітіп отырады. Басқа медитациялық күйде ол өзінің назарын Жаратушының атына аударады, Жаратушы есімінің мәні туралы ой толғайды немесе Қасиетті діни кітаптардағы сөздердің мағынасы туралы ойланады да, содан ол өзін қоршаған орта үшін және өзі үшін де жабық болады. «Медитация» деген сөздің жүрекпен сезінетін күйдің атауы болып табылатынын естен шығармау керек, сондықтан егер жүрек Алла Тағалаға бет бұрса, онда оның барлық дене мүшелері мен органдары да Оған бұрылады, өйткені жүрек бәрін өзіне бағындырады. Медитацияның ақырғы мақсаты Жалғыз табынушы туралы ойларға шырмалып, өзі туралы, өзінің қатысы туралы ұмыту болып табылады».

Ұлы сопы ақылгөйі Ибн-э-Мүбәрак өзінің досына «Алла Тағаланы көріп тұрмын  деген санамен өмір сүруге кеңес берген. Оны көре алмасаңдар, онда ең болмаса Оның сендерді көріп тұрғанын саналарыңмен сезініңдер». Осы сөздегі бірінші күй Бақылау деп аталады, ал екіншісі – Медитация.

Ғазали имам өзінің «Кима-и-Саадат» атты ұлы кітабында былай деп жазады: «О, менің досым, жанның шынайылығына апаратын жүрек есіктері сен өлмейінше ашылмайды деп ойлама, жоқ, бұл олай емес. Егер адам өзінің сергек кезінде және оңаша отырғанда Алла Тағалаға бас ұрса, онда ол өзін рухани масқарадан құтқарады. Осындай адам көздерін жұмып, өзінің тән сезімдерін тоқтатып, аузымен емес, жүрегімен Алла Тағаланың Қасиетті есімдерін мадақтап, Аллаға өз жүрегін ашса, егер ол осының айналадағылардың бәрін ұмытып жасаса, онда осы күйге жеткеннен кейін, оның жүрегінің есіктері тіпті ол сергек жүргенде де ашылады. Сөйтіп ол басқа адамдар тек түсінде ғана көре алатын жағдайды сергек, ояу жүргенде де кеше алатын болатын болады. Ол жер мен көктен періштелерді көреді, пайғамбарлар жандарының өзінің қасында жүргеніне рахаттана алады.

Көзге көрінбейтін өрістерді егжей-тегжейлі зерттеу үшін барлық қасиет иелері, ақылгөйлер, пайғамбарлар мен елшілер медитацияға жүгінген, өздерінің ықыластарын бағыттай алу қабілеттері туралы ойланған, сөйтіп олардың әрқайсысы өмірлерінің қандай да бір сатыларында медитацияға жасауға жаттығып бірнаше ай немесе жылдарын өткізген. Бұл пайғамбар мәртебесіне жату үшін ұмтылыс жеткілікті деген ойға жетелемеуі керек. Бұл айрықша шарапат және Жаратушының сыйы және тек Алла Тағала ғана өзінің пайғамбары етіп сайлай алады. Пайғамбарлардың келуі мәңгілікке аяқталды, енді ешқашан да бірде-бір пайғамбар жіберілмейтін болады, алайда түйсік, көріпкелдік және алдын божағыштық бұрынғысынша өмір сүре береді».

 

 

 

 

Медитацияның пайдасы

 

Ойды жүгендеп, бақылауға алып, бағындыруға болады, бұл адам тәнінің дене шынықтыру жаттығуларының көмегімен өзгере алатындығы сияқты. Біз ойлар мен ақыл-ойымыздың бізге ұзақ әсер ететінін білеміз. Егер біздің ойымызға қандай бір қорқыныш, үрей кірсе, арқамыз мұздап, денеміз тітіркенетінін сезінеміз, жанымыз тәнімізді тастап кетеіндей көрінеді. Дәл осы сияқты қуанышты ойлар бізді шаттандырып, өкінішті ойлар мұңайтады. Абыржыған кез келген адамның ойы шашырап, бір шешімге келе алмайды. Ол ықыластана алмау себебінен өзінің мүмкіндігін пайдалана алмайды.

Әдетте демалыс дегенді көпшілік төсекте жатып, күш-қуатыңды жоғалтатындай  ештеңе істемеу деп түсінеді. Алайда демалысқа деген мұндай көзқарас дұыс емес. Көптеген адамдар іштей күйзелісте болса да, сырттай байыпты көрінеді. Олардың ақыл-ой түрлі ойларға беріле беретіндіктен қажыған, сондықтан қуаттары өте жылдам азайып қала береді. Бәріміз білетіндей, ықыластана білу салауатты өмір сүруге көмектеседі. Үнемі қамыға беру бізді өмір қуатымызды көбірек жұмсауымызға мәжбүр етеді. Егер бұл қуат шамадан тыс жұмсалатын болса, денеміздің иммундық жүйесі әлсірейді де біз түрлі ару-сырқаулардың тырнағына іліне беретін боламыз. Жүйке жүйесі тозған кезде ақыл-ой белсенділігі баяулайды, жүйке жұқарып, есте сақтау қабілеті де төмендейді. Шешім қабылдауға күші қалмаған адам өмірдегі ойлаған мақсаттарына жете алмайды. Тәжірибе жүзінде дәлелденгеніндей, ойлардың шырмалуы және ақыл-естің реттелмеуі тән ауруларын тудырады. Жүрек аурулары мен өтте және бүйректе тастың пайда болуы ақыл-естің ретсіздігіне тікелей байланысты. Үнемі ой шырмауында жүру жүйке жүйесіне залал тигізіп, оны әлсіретеді. Жағымсыз теріс ойлар асқазан жарасы, қышқылдылық және іштің қатуы сияқты аурулардың тууына себепкер болады.

Ойды тыныштандыру үшін адамдар сана белсенділігін уақытша әлсірететін шараларға жүгінеді. Мысалы, адамдар санасын мазалаған ойлардан, уайым-қайғыдан арылу үшін алкоголдік ішімдіктер, дәрілер қабылдайды. Бұл ойлау сипатын ешқандай өзгертпейді, бірақ бір мезеттік тыныштық, мазасыздықтан арылу сезімін сыйлайды. Бұндай шаралар денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, жүйке жүйесін әлсіретіп, адам әдеттегідей тез қартаяды.

Медицинада транквилизаторларды екі топқа бөледі: күшті және әлсіз. Бұл транквилизаторлар психикалық ауытқуларды, мысалы, күйзелістерді, шизофренияны, манияның әр түрлерін емдеу үшін пайдаланылады.

Күйзеліс – ауру адам өмірді мәнсіз және мұңлы деп қабылдайтын психикалық ауру. Ол айналаны тек жағымсыз жағынан қабылдайтын болғандықтан, өмірдің тек теріс жақтарын көреді. Ол туған-туыстарынан, отбасынан алыстап, жабық бөлмеде болғанды қалайтын болады. Өзін қорғансыз сезініп, адамдармен араласудан қашып, өзінің бөлмесінің терезе-есіктерін жабық ұстайды. Бұндай адамдардың тіпті күн ыстық болып тұрғанда да қалың көрпені бүркеніп жамылып жатуға ыңғайланып тұратыны, тамаққа тәбеті болмайтыны байқалған, ал тамақпен берілетін қуаттың жеткіліксіздігінен, олардың қаңқасы ғана қалады.

Шизофрения кезінде – аурудың санасы үнемі қысымда жүреді, оның көз алдына елестер, көрінбейтін заттар елестейді. Кейде ол өзінің ізінен қалмай жүретін көлеңкелерді көреді. Кейде ол өз тәнінен азат болып, ұшып жүргендей күй кешеді. Бұндай сәттерде ол терезеден секіріп кету қаупі бар. Енді бірде ол адамдардың дауыстары мен қандай да бір дыбыстарды алыстан естіліп жатырғандай еститін болады. Ол өзі ойлап тапқан дүниесінде тұйықталады. Ол тамаша бақты, өзін соның ішіндегі биік бір жерде көптеген адамдардың күтіп тұрғанын көреді. Кей уақыттарда теріс көңіл-күй оның санасын жеңіп, ол қандай да бір жағымсыз көірінсті көріп жылай бастайды. Оның сезімдері шатасып, кейде ол ақылды болып көрінсе, тағы бірде мәнсіз-мағынасыз сөздер айта бастайды.

Мания дегеніміз бұл – ауру адам ақыл-ой ауруына шалдығып, күйзеліс пен естен адасудан зардап шегеді, бұл ми клеткаларының қабығын бұзатын ойлардың шектен тыс ағынының қысымының нәтижесі болып табылады. Кей уақыттарда ойлар ағыны толастайды да ауру адам өзін бос сезінеді. Қалыпты жағдайда бұл қорқынышты емес, бірақ ойлар ағыны біркелкі болмай, ми клеткасына қысым біркелкі түспейді де, ақырында бұл есте сақтау қабілетінің жоғалуына алып келеді, ауру өткен күннің оқиғаларын еске алуға тырысады, бірақ бұл оның қолынан келмейді. Ойлар ағыны кейде жоқ болып кетсе, кейде ақыл-ой қалыпты жұмыс істей алмайтындай қысым түсіреді. Ми клеткаларындағы ағын ретсіз болып, оның таралуы беркелкі болмайды да, ауру адам қарама-қайшы сөздер айтады. Ол бірде аспан туралы, бірде жер туралы әңгімелер айтады. Енді бірде ол өзін патшамын десе, тағы бірде патшалықтан бас тартып шыға келеді. Аса ауыр жағдайларда ауру шешінгісі келіп тұрады, ас ішу туралы ойламайды, үлкен қашықтықтарға жаяу жүре береді. Ол шаршауды сезінбей, тез-тез жүреді. Ол айналадағыларға көңіл бөлмейді, оның көзі бос кеңістікке тесірейеді. Оның өмірінде қандай бір тәртіп, бірізділік деген болмайды. Мезгіл-мезгіл аурудың дене қуатының артатыны соншалық, оны байлап тастауға тура келеді. Сөздері байланыссыз. Бұндай ауру адамның көздері ерекше жарқырап тұрады. Ол көздерін өте сирек жыпылықтатады.

Психикалық және ақыл-ес ауруларын емдеу үшін берілетін мұндай күшті және әлсіз дәрі-дәрмектердің мынадай теріс әсерлері болады: ауыздың құрғауы, көрудің әлсіреу, қан қысымының төмендеуі, қандағы қанттың артуы, өттің көбеюі, температура, діріл, абыржыңқылық, қорқыныш-үрейлер, ақыл-ой аурулары, тәбеттің жоғалуы және есін жия алмау жағдайына алып келетін басқа да құбылыстар.

Әлсіз транквилизаторлар ауру адамның тынышталуы үшін қолданылады.

Бұл дәрі-дәрмектердің ең бір теріс әсері ауру адамдардың оларға үйреніп кетуі болып табылады. Ұзақ ем қолданған кезде препараттың белгіленген мөлшері әрекет етпейтін болады. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін оның мөлшерін көбейту керек болады. Дәріні аяқ астынан тоқтату ұстамалы аурудың ұстауына, ұйқысыздық, қалтырау, құсу, дененің ауруына және ойды жинақтай алмауына алып келуі мүмкін.

Бұған қарағанда, тәжірибелі терапевт өткізетін медитация ой-сананы тыныштандыратын әсер беріп қана қоймайды, сонымен бірге ойды тазартып, ой ағыны бір қалыпты болып реттеледі. Медитация жан мен естік арақатынасының қалыпты болуына мүмкіндік береді де, ауру адам өзінің жанынан жаңа қуат алады. Ұйқы кезінде және сергек жүргендегі ақыл-ес жағдайы әртүрлі болатындықтан, мидың зақымдалған клеткалары мен зарар келген жүйкелердің емделу мүмкіндігі артады.

Адам денесінде бір-біріне тәуелсіз екі жүйе әрекет етеді, олар: симпатикалық және парасимпатикалық жүйелер. Симпатикалық жүйе жүрек соғысы жылдамдығының артуына, қан айналысының күшейюіне, көздің сыртқы мөлдір қабығының кеңеюіне жауап береді, ал екінші жүйе жүрек соғысының және қан айналысының баяулауына, көздің сыртқы қабығының тарылуына, дененің түрлі бөліктерінің қозғалуына жауап береді. Жүйе еріксіз жұмыс істейді, мысалы, біз өзіміздің тыныс алуымызды бақылай алмаймыз. Демімізді алмай отыруды ойласақ та ол ұзаққа созылмайды, яғни аздаған уақыттан кейін біз қайтадан демалуымыз керек болады. Сол сияқты біз жүрегіміздің соғысын да бақылай алмаймыз.

Медицина қызметкерлері мен психологтар адамдарды көптеген дауасыз дерттерден қорғау үшін парасимпатикалық жүйенің қызметін әсер ету тәсілдерін іздестіруде. Осы бағыттың шеңберінде ғалымдар «Биокері байланыс» әдісін әзірлегеп шығарған болатын, сондай-ақ басқа да зерттеулер жүргізілуде.

Медитация көмегімен парасимпатикалық жүйеге оң әсер етуге болады. Медитация тыныштық күйіне тереңдеуге көмектеседі, бұған күнделікті тірлікте қол жеткізе алмаймыз, өйткені біздің ақыл-ойымыз бір орында ұзақ тұрмайды. Бір жерден екінші жерге тыным таппай, көшіп жүреді. Медитация ерік күшін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге адамның жан саулығы мен тән саулығына пайдалы болып табылады.

Тәжірибелер мен бақылаулар медитацияның төмендегідей физикалық және психикалық артықшылықтар бар екенін дәлелдеді:

– қан қысымын бақылау;

– тіршілік күшінің артуы;

– көру қабілетінің жақсаруы;

– шығармашылық қабілеттердің дамуы;

– жүрек жұмысының жақсаруы;

– есту қабілетінің жақсаруы;

– иммунитеттің күшеюі;

– эмоционалдық қозу, күйзелістерді жеңі мүмкіндігі;

– жай таппай мазасызданудан арылу;

– қызыл қан түйіршіктерінің көбеюі;

– ерік күшін және ұтымды шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту;

– ұйқысыздықты емдеу және ұйқыны жақсарту;

– батылдық пен ержүректілікті дамыту;

– қызғаншақтық сияқты теріс эмоциялардан арылу;

– медитация жасауда жетістіктерге жеткен кезде жын-шайтандардың, сиқыршы-көз байлаушылардың зиянды әсері бейтараптандырылады.

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20 

 pic