Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 17 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Асыл тастардың емдік қасиеттері Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін түсінеді. асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Индияда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің “сорылған”, “жоғалған“, “шашылған“ қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді. Асыл тастың мұндай қасиетін Гиппократ та, ибн Сина да, әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж. Баласағұн да, әл-Фараби де т.б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы роліне және материалдық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек. Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонансты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалыпқа келуіне әсер етеді. Асыл тастардың да өңі әртүрлі болады. Олардың тоғыз түрі бар (өңсіз тас, көк-жасыл, көк немесе күлгін, сары, ашық қызыл, көкшіл, сары немесе алтын түсті, қара т.с.с.). Сыйлыққа берген немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мұралыққа қалдырылып отыратын асыл тастардың қасиеті өте жоғары болады. Бұл тастардың басқа тастармен салыстырғанда өзінің иесін қауіп-қатерден, тіл мен көзден, өрттен, найзағайдан, “зұлым күштерден“, құлап қалудан және сыртқы басқа әсерден қорғауда да маңызы зор. Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күнтізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен Күн тасы, Ай тасы, Шолпан тасы, Жұлдыз тасы, Марс тасы, Юпитер тасы, Сатурн тасы және Нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен энергия алмасатын қасиетке ие болуы ықтимал. Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күніне әр түрлі тастар тақса, адамның күш қуаты артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен. Асыл тастардың жеке қабілетіне келсек, гауһар, маржантас, қайрақ тас – араққұмарлыққа, інжу, маржантас, күкірт – аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т.б. – бронхы ауруына, інжу, қорғасын, маржантас – геморройға, мыс, інжу, маржантас – бас ауруға қарсы әсер етеді. Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен “тас емдейді“ деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастардың емдік қасиеттері әлі құпия. Асыл тастардың ішінде де киелісі болады. Оны ұрлап немесе қолды болған тасты сатып алғандардың бәрі әр түрлі апатты жағдайларда өліп тынған. Мысалы, қазіргі Америкада сақталған “Хоуп гауһары“ сондай тас. Ол ертеде Индия храмынан ұрланды. Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап боршалап өлтіреді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланған-нан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т.б. мұрагерлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан өледі. Ақыры гауһар тасты 1863 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алды. Осы кезде тас салмағы 44,5 карат тартқан. Осы Хоуп ғана Индия гауһарының қасіретінен аман құтылғанымен, немересі барлық байлығынан айырылып, кедейлікке ұшырапты. Бұдан кейін гауһар тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу актрисаны князь өзі өлтіреді. Княз да кешікпей анархистер қолынан өледі. Бұл туралы Владимир Мезенцев “Тас туралы ертегі“ кітабында: “Қасірет тас қолдан қолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзімен бірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай, “қалқып“ шығады“ – дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдық милионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағып өлтіреді. Оның әйелі тастың қасіретінен балам өлді деп ажырасып тынады. Бұдан кейінгі иегері француз Хотевил де әйелінен, бір баласынан айырылса, бір баласы суқараңғы соқыр болады. Бұдан кейін бұл тасты Америка жерінде бір алаңғасар кемпір 40 мың долларға сатып алады. Кемпірдің есі ауысады. Ол тасты алты немересіне қалдырады. Бірақ, кемпірмен аттасы Эвелин Маклин де құпия жағдайда өледі. Бұл тас қазір Америкада сақтаулы. Оның шынында қасірет тас екеніне жұрттың көзі жеткендей. Ол тасты негізгі иесі Индияға қайтармаса, Американың жағдайы нашар болуы мүмкін деген де сөз бар. Асыл тастың киелісінің де болатынын білгендей болдық. Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ. Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ: 1. Алтын – өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді. 2. Күміс – шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді. 3. Мыс – іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді. 4. Алмаз – ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады. 5. Жақұт – опасыздық пен қрқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген. 6. Замартас (изумруд) – қуаныш пен көңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады. 7. Алтындалған табас (топаз) – ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады. 8. Александрит – қан айналуды жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі. 9. Гауһар – күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады. 10. Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер “жоспарсыз“ туудан сақтанғанда пайдаланған. 11. Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады. 12. Фируза (бирюза) – адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады. 13. Опал – күдікті ойларды қоздырады, ұрыс-керіске итермелейді. Қорқыныш туғызып, секем мінез қалыптастырады. Ерте кезден-ақ опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі болған. Тек өз-өзіңе деген мықты сенім ғана олардың қатты әсерінен сақтай алады. 14. Аметист – маскүнемдіктен қорғайды, адамның жүрегін ізгілікке толтырып, аумалы-төкпелі ойдан сейілтеді. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса жақсы түс көреді. Аметистпен бетті сипап әжім мен секпілді кетіруге болады. 15. Агат – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңбетіп, есту қабілетіңді жақсартады. 16. Яшма – суық реңді бұл тас болашақтың көзге көрінбейтін пердесін ашады. Қызыл яшма қан аққанды тоқтатып, иіс сезу қабілетін күшейтеді. Ал күңгірт түстісі удан және қастандықтан сақтайды. 17. Гагат – бұл таспен сіреспе мен буын ауруын емдейді. 18. Айтас (лунный камень) – қояншық ауруы мен бүйрек шаншығанын емдейтін болған. 19. Кровавик (гематистің бір түрі) – бақсылардың бойтұмары болып есептелген. Оның көмегімен іріңді жаралар мен зәр жіберу органдарының ауруларын емдеген. 20. Жадейт – әсіресе Шығыс елдерінде жоғары бағаланған. Ол жетпіс жеті ауруға ем, әсіресе ревматизмге жақсы шипалы болған. Асыл тастардың емдік қасиеттерімен қатар олардың да ішінде опал сияқты өте қауіпті түрлерінің барын да таныстырдық. Бір денсаулық үшін дәрі ішіп бекер денені улағанша құдай сыйлаған табиғаттың неше алуан шипалық тасы ма, металы мен металоиды ма әйтеуір бәрінің сырын біліп пайдалансақ, ешкімге жалынышты болмасымыз анық. Бүгінде ел кезіп, халықтың қалтасын алдап-арбап қағып жүрген “емшісымақтарға“ қарап жаутаңдағанша, сан түрлі шипа көздерін өздеріңіз танысаңыздар, бұл сіздердің жабылған бұлақтарыңыздың көзінің ашылғаны дей беріңіз. Халықтың өзін-өзі емдеудің бірте-бірте бастау алып, түбі өркендеп кететініне сенуге болады. Зәрдің емдік қасиеті Медицинада зәрмен емдеу жүйесін “уринотерапия“ деп атайды. Уринотерапиямен айналысу үшін зәрді міндетті түрде ішу керек деп алдына қатал талап қоюшылар қателеседі. Ол тері арқылы да адам ағзасына өте тиімді әсер етеді. Бұлай емдеу денеге массаж жасау, денеге жағу арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда әсіресе, қайнатылып бастапқы көлемнің 4/1 мөлшеріндегі зәрді жағу күткендегідей нәтиже береді. Адам терісінің сезімталдығы өте жоғары, оның әр шаршы сантиметрінде ауруды сезінетін 150-200 нүктеге дейін болады. Міне, сондықтан да зәрмен ем жасау кезінде уқалауды, дене ауырсынғанға дейін жеткізгенде жүйке жүйелеріне шипалы әсер етеді. Міндетті түрде жақсы нәтижеге жетем деушілер қайнатылған зәрмен тоқтаусыз 2 сағат бойына, тіпті одан да көбірек уақыт массаж жасатады. Егер науқас өте әлсіз болған жағдайда арасында шамалы үзіліс жасау арқылы жалғастырады. Бұл орайда массажды табанға, алақанға және бет пен желкеге көбірек жасау керек. Зәрмен және сумен ашығу барысында егер денені зәрмен сылауды қоса жүргізбесе, онда ашығу нәтиже бермейді. Өйткен, ашығу кезінде жүрекке айтарлықтай салмақ түседі, ал денені зәрмен ысқылап отырсаңыз онда жүрекке әсер етуші ауыртпалықтар анағұрлым азаяды да, ашығу жеңіл табысты өтеді. Армстронгтың өз тәжиірбесіне сүйеніп айтуынша денеге зәр жаққанда қан айналымы жақсарып, тамыр соғуы қалыпқа түседі, күш-жігерің сақталып, жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік туады екен. Жаңа зәрді негізінен бір жеріңізді кесіп алғанда, жеңіл-желпі жарақатқа, қырынғаннан кейін заласыздандыру ретінде және қол мен аяқтың терісін жұмсартуға жағады. Ал компресс пен массажды ескі зәрмен /бір тәулік және одан да көп сақталған/ немесе қайнатылмағанымен жасау керек. Әрине, бұл жерде қайнатылғанның ескімен салыстырғанда анағұрлым тиімді екендігі айтпай-ақ түсінікті. Компресті былай жасайды: зәрге малынған жүн матаны ауырған жерге қойып, ол кепкенге дейін ұстайды. Кейде компрестен кейін ұлғайып, ісіну жағдайы да байқалады. Бұған абыржымаңыз, тазалау процесі өткен соң ол жиырылып, жазылып кетеді. Аяқтың башпайына компресс қою өте тиімді, пайдалы емнің бірінен саналады. Ол үшін жүн матаны қайнатылған зәрге малып аяққа қояды да, целлофан пакетпен орап, оның сыртынан носки киеді. Таңертең бәрін ұқыппен шешіп алып, алдымен жылы сумен, одан соң салқын сумен жуып тастайсыз. Аяғыңыздың терісі жаңарып, процедураның күші денеңізге күні бойына қуат берумен болады. Зәрді мүмкіндігінше шыны ыдыста сақтау керек, ал оны денеге жағар кезде немесе массаж жасағанда жалпақтау ыдысқа, алақан толық бататындай етіп құйып алады. Қайнатылып, бастапқы көлемі 4/1 мөлшердегі зәр тоңазытқышта 3-4 күн бұзылмай сақталады. Зәрді теріге жағып емделу барысында ең маңызды орындар: желке, бет. қол, бас пен аяқ екендігін назарда сақтағаныңыз жөн. Сондай-ақ оны денеге жағар алдында шамалы жылытып алу керек, бірақ қайнатып жіберуге болмайды. Зәрді денеге жаққан соң немесе массаж жасап болғаннан кейін арада 5 минуттай өткенде алдымен жылы сумен сабынсыз жуынып барып сүртіну керек. Зәрді тіс ауырғанда пайдалануға болады. Тек жас баланың зәрімен ауызды шайып тастау керек. Зәрмен емдеу жолы әсіресе халық емшілігінде тобық тайып кеткенге, сынықты салып болған жерлерге таңуға көп пайдаланған. Зәрді қалай ішеді. Оның мынандай түрлері бар: 1. Таңертең ашқарынға 1 рет; 2. Күніне үш рет. Таңертең ашқарынға, түсте тамақтан 1 сағат бұрын не тамақтан 1 сағат кейін, үшінші рет кешкі тамақтан 1 сағат кейін: 3. Тәулік бойына немесе күндізгі барлық шыққан зәрін ішіп отыру. Бұл орайда ең тиімдісі тәулік бойында шыққан зәрдің бәрін ішу. Мұның әсіресе, уринотерапиямен айналысуға кіріскен алғашқы 1-2 ай көлемінде ашығу арқылы жүзеге асырса тиімділігі әлденеше рет арта түседі. Одан кейінгі кезеңдерде жас шамасына және әркімнің өз көңіл-күйі мен жағдайына қарай алғашқы екі вариантты пайдаланып, әрбірінде 100- Зәрді іші кезінде мынандай басты ережелер назарларыңыз-да болсын: 1. Зәрдің бастапқы және соңғы бөлігін өткізіп, тек орта бөлігін ғана пайдалану керек (ашығу кезін есептемегенде). Қайнатылып көлемі 1/4 мөлшерінде буланған зәрдің тиімділігі жайшылықтан анағұрлым жоғары. Бірақ оны көкөніс пен жеміске, ботқа жеуге көшіп барып, таңертең 50- 2. Зәрді сораптамай, бірден тартып жіберу немесе тақ есеппен (3-5) ұрттап ішкен жөн. 3. Таңғы әсіресе сағат 3-4 шамасындағы зәр ең маңызды деп есептелінеді. 4. Кешкі сағат 20 мен таңғы сағат 3 арасындағы зәрді пайдаланудың қажеті жоқ. 5. Күніне ең кемі 6. Медициналық дәрі-дәрмектер қолданып жүргенде және жүйкеге ауыр салмақ түскенде уринотерапиямен айналысуға болмайды. Дәрі ішуді тоқтатқан сәттен зәрмен емделуге кіріскен сәттің арасында кем дегенде 2-4 күн өтуі тиіс. 7. Зәрді жиі қабылдаған кезде (күніне 3 және одан да көп) диетадан белоктық тағамдар мен тұзды алып тастау немесе оны мүлдем аз тұтыну керек. Тазартылған және синтетикалық тағамдар: қанттан, үлбіреген ақ наннан, консервілерден, шұжықтан, кептірілген ірімшіктен бас тартыңыз. Сонымен, зәрмен жүйесін білмей бет албаты пайдалануға болмайды. Өйткені, зәр құрамында ащы белоктар болғандықтан немесе ауру адамның зәр бөлу нәтижесінде ауруға ауру жамауы мүмкін. Осы жағын қатаң ескерген дұрыс. X Тарау Өзіңді таны
Рухани даналық Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күнгі жұлдыздар мен ғаламшарлардың орналасуы сіздің болашағыңызды анықтауға көмектеседі, бұрынғы өткен өміріңіздің басты оқиғаларын көрсетіп береді. Даналардың (ежелі уағызшылардың) басшылығымен арнайы жеңілдетіп дайындалған карта өмірдің кейбір бұлтарыстарын ашады – болашақ пен бұрынғы өмір араласып, бүгінгі өмірі үшін айтарлықтай бір жағдайды жасайды. XX ғасырда Кройдондық Говард Картер 1922 жылы туған. КАЗ лақап атымен ол зерттеулер жүргізеді, психологиялық ғылымдарды дамытады. Ол рухани даналықтың адамзатқа екі жақты процестің көмегімен берілетіндігін айтады. Біздің ғаламшарымыздың сыртқы қабығы болады, ол берілетін ақпаратты танып, өзіне қабылдай алатындар үшін ғана түсінікті болады. Алайда сыртқы өрістің жіберген хабарларын қабылдай алатын адамдар аз болмағанмен, олардың барлығы бірдей бұл хабарларды іс жүзіне айналдыра алмайды. Бірақ адамдардың арасында сыртқы пішінді де, жасырын ойды да түсіне алатын, содан кейін оларды адамдардың ойына беріп, идеяларға айалдыра алатын таңдаулылары (олардың саны шектеулі болса да) болады. КАЗ-ға балалық кезінде атасы ғұрыптардың құпияларын үйреткен. Соның арқасында КАЗ Мысыр, Үндістан, Қытай және Тибет, ацтектер мен майялардың, ежелгі гректердің ежелгі тарихымен танысты. Оның ата-анасы спиритуалистер болған, сөйтіп ол да көп ұзамай нөмірлеу, құдай жіберген ілімдерді оқу ұстанымдарымен танысты. Ол сиқырлықтың барлық пішіндерін танып, таңғалды. Оның осы қызығушылығы оған өмірлік жол ашты. КАЗ жердегі адамдармен өздерінің білгендерімен бөлісетін жоғарғы тіршілік иелерімен тікелей байланыс орнатуын үйретті. 1947 жылы КАЗ Психикалық бейбіт сүйгіш билік орталығының негізін құрды. Ол спиритуалдық күштерді пайдалана отырып, зорлық-зомбылыққа, жамандыққа қарсы күресе алатын әрі кез келген адам жүгіне алатындай негізін құрды. Біз қазір материализм ғасырында өмір сүріп отырсақ та, арамызда біздің Жеріміз, Ғаламымыз және біздің өзіміздің негізіміз материалдық емес екеніне, бірақ бәрінің электр энергиясы немесе психикалық күш ретінде сипатталатын дірілден қалыптасатынына сенетіндер көп. Электрдің өзі теріс күштер – электрондар мен оң күштер – протондардан тұратындықтан, біздің көретініміз, тыңдайтынымыз, дәмін көретініміз, ұстап сезетініміздің барлығы, тіпті біздің ойларымыз да теріс және оң психикалық күштердің өзара байланысына қатысты болады. Ежелгі адамдар теріс және оң күштерді материалдық деңгейде жарық пен көлеңке, түн мен күн, туу және өлім, өсу және сөну ретінде көрінеді деп санаған. Олар өмір бақытты, жағымды және жемісті болуы үшін, оң және теріс күштер тепе-теңдікте болуы керек деп есептеген. 100 000 (жүз мың )жыл бұрын қазіргі адамзат қоғамынан өзгеше өркениет болған. Тынық мұхитында ғибадатханасы бар арал болған, онда арнайы ғұрыптар жасайтын адамдар қызмет еткен, олар ғарыштан психикалық энергияны аулайтын болған. Олар адамның бақытты тіршілік етуін қамтамасыз етіп, дүниені билеген. Олардың барлығы материалдық жағынан қамтамасыз етілген, дана әрі білімді болған. Ғибадатхананың бұндай қызметкерлері оң және теріс күштердің арақатынасын басқара алатын болған. Тән – жанның материалдық қабығы, ол өзінің уақытша материалдық қабығында бола отырып, адам қоғамында үйлесімді тіршілік етуге бағытталған өзінің жердегі міндетін орындауы тиіс. Материалдық тән жанның ұмтылысына неғұрлым биік деңгейде көмектессе, ол соғұрлым ұзақ сақталып, махаббатқа, қуанышқа, сұлулыққа, бақытқа толы болады. Материалдық тәнде болған кезінде өз міндетін атқаруға үлгіре алмаған жан жаңа тәнде қайта туады. Көптеген адам өздерінің бұрынғы өмірін еске түсіруге қабілетті. Бұндай естеліктер жанның қазіргі өмірін жеңілдетіп, оның жердегі міндетін орындауына көмектесе алады. Бірақ адамдардың көпшілігі оны еске түсіре алмайды. Төменде КАЗ-дың карта-кестелері келтірілген, олар өздерінің туған күндері мен жылдарын білетін барлық адамдарға өзінің бұрынғы өмірінің мақсаттарымен қатар, қазіргі өмірінің де міндеттерін ашып бере алады. КАЗ кестелерінің көрсеткіштеріне сүйеніп, сіздің бұрынғы өміріңіздің бүгінгіңізбен сабақтасып жатқанын көре аласыз.
| ||