Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары 10 | ||
На главную 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Библиотека | ||
Адам – ғаламның көшірмесі Біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырлардан бастау алатын дәстүрлі қытай медицинасы адамды ғаламның кіші көшірмесі ретінде қарауды басшылыққа алады. Бұған сәйкес қоршаған орта мен адам ағзасында болып жатқан процестердің барлығының кезеңдік сипаты болады және күн мен түн, таңертең және кеш, жаз және қыс, жылу және суық, сергектік және ұйқы, дем алу және дем шығару және т.б. сияқты активті ян және пассивті инь күштерінің (немесе энергияларының) өзара әрекетіне негізделген. Инь мен ян басында жалғыз ци энергиясынан пайда болған: ци «қоюланып», мөлдір, белсенді, жеңіл энергетикалық ағын ян-ға және бұлдыр, пассивті, ауыр инь-ге бөлінген. Біріншісі жоғарыға көтеріліп, аспанды құрды, екіншісі төменге түсіп жерді жасады. Инь мен янның пассивті және активті күштер ретіндегі өзара қарым-қатынасы қозғалыс пен бес алғашқы элементті (стихия) тудырды – су, от, ағаш, жер және металл. Бұл бес стихия – барлық заттар мен табиғат және адам ағзасы күйлерінің бірізді кезектілігінің негізі. Бес стихия энергиясы Әр стихия ғаламда болып жататын белгілі бір процестердің символы болып табылады. Ағаш стихиясы – туу мен өсуді, яғни пассивті иньнен активті янға өту символы. От – ян белсенділігінің ең жоғарғы күйі, қозғалыс пен дамудың, шекті өмір күшінің символы. Металл – яннан пассивті иньге өту символы. Су – активті күштің шекті төмендеуі және тиісінше иньнің көрінісі. Жер – ғалам мен оның кішкентй көшірмесі адам бағынатын процестердің кезеңділігі ұстанымының символы. Бес стихияның энергиялары адам ағзасын қоректендіреді, өйткені адам қабылдайдтын тамақтың бәрінде осы энергиялар бар. Тамақ өнімдерінің әрқайсысы өзінің энергетикалық табиғатына қарай қандай да бір стихияғс сәйкес келеді. Адам тәнінің органдары да стихияға сәйкес келеді және ағза тұтастай қоршаған ортамен өзара әрекетте болып, бес аспекті бойынша үлесімділік тепе-теңдігін құрады. Адам ағзасының ғаламмен тепе-теңдіктегі өміршеңдігінің осындай сипаты ұқсас құбылыстар бойынша құрылған. Мысалы, ағаш – (өсімдік ретінде) жылдың жылы маусымдарында өсу қасиетіне ие, жасыл түсі басым (бұталары, жапырақтары), соған байланысты өсу мен жасыл түс беретіндердің бәрі ағаш алғашқы элементіне жатқызылды. Оттың – күйдіріп-жандыру қасиеті бар, қызыл түстер басым және осы қасиеттерге ие құбылыстардың бәрі от алғашқы элементіне жатқызылады. Жер – өсімдіктерге қорек береді, оған жеміс беру, дәннің өскінге, өскіннің сабаққа айналу қасиеті бар. Осылайша өзгеру және жеміс беруге қабілеттілердің бәрі жер стихисына жатады. Металл – суды сіңірмейді (құрғақ), өңдеу нәтижесінде дәл, айқын көріністерге ие болады (сымбаттылық), бұзылады (сынғыш). Осындай қасиеті барлардың барлығы металл стихиясына жатқызылады. Су – табиғаты салқын (суық қасиеті бар), ағады, төмен қарай жылжуға қабілетті, тірі және өлі нысандардағы осы қасиеттер олардың су стихиясымен байланысын білдіреді. Барлық бес стихия бір-бірімен тығыз байланысты. Барлық құбылыстар мен осы бес стихияның арасындағы ұқсастықтар негізінде ежелгі Қытай дәрігерлері адам ағзасының қоршаған орта мен ағзадағы өмір сүру процестерінің арасындағы өзара байланысының толық сипатын жасап шығарды. Осының арқасында олар қандай жыл мезгілі қандай ауруларды емдеуге қолайлы, адамның аурумен күресте қандай түстерге қарауы керек, емдік диетада қандай дәм басым болу керек, қандай әуен аспаптары қандай ауруларды емдеуге жақсы екендігін анықтады. Қандай ауру болмасын, олардың барлығы ағзаның қоршаған ортамен өзара байланысындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, яғни инь мен янның бес стихиядағы тепе-теңдігінің бұзылуы ретінде қарастырылды. Қытайдың дәстүрлі медицинасының түсіндіруіне сәйкес адамның өмірлік күші тыныс алудың арқасында ағзаға түсетін ци энергиясымен байланысты. Сыртқы ци демді ішке тартқан кезде жиі ішкі ци-ға айналып отырады, ал демді сыртқа шығарғанда осыған кері процесс болады. Сондықтан ағзаның жалпы энергетикалық күйі тыныс алу жүйесінің саулығымен анықталады. Ағзада ци энергиясы ерекше каналдар – меридиандар арқылы таралады, солардың бойымен өтіп, ағзаның ішкі органдары мен жүйелерін қоректендіреді. Меридиандардың анатомиялық сипаты жоқ, сондықтан да өлік денесін сойғанда немесе хириургиялық ота кезінде олар көзге көрінбейді. Алайда қытай дәрігерлері анықтаған меридиандар жүйесі теріге акупунктуралық әсер етумен емдеуге бастама болды. Мәселен: инемен емдеу, күйдіру, белгілі бір нүктелерді сылау. Бұл әдістер көптеген ауруларды дәрі-дәрмектер мен отаға жүгінбей-ақ емдеп жазуға көмектеседі. Меридиандарды акупунктура нүктелерін білгілі бірізділікпен қосатын сызықтар ретінде елестетуге болады. Өмір нүктелері Ежелгі замандарда-ақ Қытай емшілері денедегі бір жерлерді басқанда ауру адамда ауырсыну болатынын, ал басуды әрі қарай жалғастырғанда аурудың басылатынын байқаған. Бұл жерлер өмір нүктелері деп аталды. Емшілер теріні осы нүктелердегі тесу аурудың сыртқа шығып, күйдіргенде оны өлтіреді деп болжаған. Өмір нүктелерін зерттеу олардың орналасу тәртібі мен бес стихияның ішкі «бітеу» органдар – жүрек, өкпе, көк бауыр, бүйрек, бауыр және бес «қуыс» органдар – асқазан, тоқ ішек, ащы ішек, өт қабымен байланысын табуға мүмкіндік берді. «Бітеу» органдар инь энергиясының басымдылығымен, «қуыс» органдар ян энергиясының басымдылығымен сипатталады. Кейіннен тағы да екі меридиан анықталды – перикарда меридианы шартты түрде инь органдарына жатқызылады, қан айналысын, тыныс алу мен жыныстық органдардың жұмысын реттеуге қатысады. Ал, «үш жылытқыш» меридианы ян жүйесіне жатқызылады, бес «бітеу» және бес «қуыс» органдардың тәннің жоғарғы, орта және төменгі бөліктерінде біріктіріп, солардың жұмысын жақсартуға қатысады. Он екі жұп меридиан ци өмір энергиясының өту процестеріне байланысты болады. Адам өміршеңдігінің физиологиялық және психологиялық аспектілері Қытайдың дәстүрлі дәрігерлері бұл ұғымға тиісті меридиан мен органдардың жұмысын қосады. Соған сәйкес қытайдың дәстүрлі медицинасында ішкі органдардың анықтамасы академиялық медицинадағы анықтамасынан өзгеше. Қытайдың дәстүрлі медицинасында органдар физиологиялық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да қарастырылады. Жүректің жұмысына қан айдау жүйесін басқару, тердің бөлінуі, өмір күшін, сана мен ойлауды реттеу кіреді. Жүрек қалыпты жұмыс істеген кезде сана айқын, ойлар нақты, психологиялық күй тұрақты болады. «Өкпе» ұғымына қытай емшілері өкпемен қатар жоғарғы тыныс алу жолдарын, кеңірдек тарамдарын, денедегі тері мен түк жабындарын (тері мен түк те «тыныс алады») жатқызады. Өкпе тыныс алу жұмысын, өмір күшінің және ағзадағы сұйықтықтың реттелуін бақылайды. Өкпе жұмысы бұзылғанда демігу, жөтелу, терінің құрғауы, ісіну және зәр шығарудың бұзылуы байқалады. «Көк бауыр» ағзаның физикалық күштерін анықтайды, жады күшін демеп, сананы қорғайды. Көк бауыр жұмысы бұзылғанда бұлшық еттер босап, тез шаршайды, тәбет жоғалады, иммунитет жоғалады, гематомалар пайда болады, ал әйелдерде етеккір өте көп келетін болады. «Бүйрекке» бүйректен басқа зәр шығару жүйесі, бел, сүйек, құлақ, сондай-ақ бастағы шаштар жатады. Сондықтан да бүйрек жұмысына бала туу қабілетін, сұйықтықтардың қалыпты айналуын қамтамасыз ету, қан айналу процесіне қатысу, ағзаға түсетін сыртқы ци энергиясының сіңірілуі, жілік майының және бас миы ткандерінің дамуы, жілік майы мен бастағы шаш, есту қабілетінің күйін басқару кіреді. Оң жақ бүйректі қытай емшілері жыныстық қабілетпен байланыстырады: ерлерде бұл шәуҺеттер мен өміршең спермотозоидтардың жасалуы, әйелдерде жүйелі етеккір және жүкті болған жағдайда ұрықты ұстап тұру. Сол жақ бүйрекпен тұқым қуалаушылық энергиясын, сондай-ақ әйелдердің гинекологиялық денсаулығын байланыстырады. «Бүйрек» денсаулыққа және жеке тұлғалық белсенділікке деген ерік-жігер көзі ретінде қарастырылады. Бүйрек жұмысы бұзылғанда сегізкөз ауырады, бас айналады, ақпаратты есте сақтау қабілеті бұзылады, ойлау шапшаңдығы төмендейді, тістер мен шаштың түсуі, ал әйелдерде гинекологиялық аурулар пайда болады. «Бауыр» – анатомиялық бауыр, дененің бүйір беттері. «Бауыр» барлық органдар арасында өмір энергиясының таралуын реттеуді басқарады. Әрі ағза үшін зиянды және улы заттарды зарарсыздандырады, өттің бөлінуін реттейді, байланыс аппаратын (сіңірлер мен фасциялар) басқарады, жүйке жүйесін тұрақтандырады, көру қызметін және түсті қабылдауды бақылайды. Бауыр жұмысының бұзылуынан психикада өзгерістер туындайды, әйелдердің етеккір цикліне әсер етеді, күйзеліс, ашушаңдық, ызақорлық жағдайын тудырады, қайғылы көңіл-күйде болу, ұйқысыздық, бас айналу, аяқтың тартылып қалуы, қанның ұюының өзгеруі, көздің көру қабілетінің бұзылуы, ас қорыту жұмысының бұзылуы пайда болады. «Асқазан» – қызметтерімен жиынтықта қарастырылатын тиісті анатомиялық орган. Асқазан жұмысының бұзылуында жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы, қыжыл және басқа ауырсыну жағдайлары байқалады. «Ащы ішек» – ащы ішектің өзі мен оның қызметтерін қамтиды. Қызметтері – асқазанда қорытылған тамақтан сұйықтықтар мен коректік заттарды сору, сұйықтықтарды көк бауыр жұмысын қамтамасыз етуге арналған «таза» және тоқ ішекке жіберілетін «бұлдыр» сұйықтықтарға бөлу, сонымен бірге жүректі қалдықтармен (зат айналу өмінмдері) уланудан қорғау. Ащы ішек жұмысы бұзылғанда ас қорыту процесі бұзылады, зәрдің мөлшерін төмендететін сұйықтықтардың сіңірілмеуі пайда болады. «Тоқ ішек» – бұл тоқ ішек пен оның қызметтері: суды сору, нәжісті қалыптастыру, ағзадан нәжісті шығару. Тоқ ішек жұмысы бұзылғанда іштің қатуы немесе іштің өтуі байқалады. «Өт қабы» – анатомиялық орган және оның қызметтері: өтті жинау және оны өт шығару органдары рақылы ас қорыту жүйесіне жіберу, сондай-ақ психика жұмысының белгілі бір аспектілерін басқару. Өт қабының жұмысы бұзылғанда көз бен тері сарғайып, ауызға ащы дәм келіп қана қоймайды, сонымен бірге ұйқысыздық, негізсіз үрей пайда болады. «Қуық» – анатомиялық орган және оның қызметтері: зәрдің жиналып-сыртқа шығарылуы. Зәр шығару жұмысын бақылау қабілетінің жойылуы немесе зәрдің шықпауы қуық жұмысының бұзылуынан болады. Қалыпты жағдайда меридиандар ағзаны энергиямен қамтамасыз ету жолдарының қызметін атқарады, ал ауру кезінде ауру кіретін және сауыққан кезде оның сыртқа шығатын каналдары болып табылады. Терең меридиандар ішкі органдарға жарамды, ал дененің беткі жағына жақындары тері мен бұлшық еттерден өтеді. Әуенмен жұмыс істеуге көмек Егер сіз айналаңыздағы адамдарды – әріптестеріңізді, жақындарыңыз бен туғандарыңызды терең түсінгіңіз келсе, сіз оларды түйсігіңізбен түсініп, олардың өмірлік мақсаттарын анықтайтын стихиясына енуіңіз керек. Ол үшін «басқа белгіге кету» әдісін пайдалануға болады. Одан басқа сіз сол белгіге тиісті әуенді тыңдай отырып, өзіңізде сол стихияға тән адамдардың қасиеттерін дамыта аласыз. Бұл өмірде жаңа жол ашу үшін аса маңызды болады. Алайда бұл процесс тікелей қарым-қатынас болуын талап етеді, ал оның бар қыр-сырын кітапта айтып түсіндіру мүмкін емес. Әуенмен емдеу – ұстаздың бақылауымен үйренетін өнер. Сеанстарды өткізу үшін, мысалы, П.И. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» («Времена года») шығармаларын немесе А.Вивальдидің «Жыл мезгілдерін» және қызықты ән мен күйлерін таңдау керек. Сіздің туған уақытыңызға сәйкес келетін шығармаларға ерекше назар аудару керек. Бірақ ағымдағы жыл маусымына сәйкес келетін әуендерді де тыңдауға кеңес беріледі, өйткені бұндай шығармаларда көктем, жаз, күз, қыс энергиялары бар. Көктем энергиясы психолгиялық тұрғыда тазару, ұстамдылық және жұмсақтық береді, өйткені бұл ян маусымы. Жаз энергиясы тән мен жан мүмкіндіктерінің кемелденуі – ян энергиясының белсенділігінен туындайды. Күз энергиясы инь адамға тыныштық, сенімділік береді. Қыс энергиясы де иньдік болып табылады, ол адамның өмір күшін үнемді жұмсауға, жан мен тән денсаулығын көктем келгенше сақтауға көмектеседі. Бұдан былай бұл әдісті пайдаланудың үлкен маңыздылығын білген жөн. VI тарау БАЛДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
БАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Бал ... Бұл ғажайып сөзді асықпай, әндетіп айтып көріңізші. Ауыз қуысында тәтті дәм мен денедегі жеңілдікті сезесіз бе? Иә, солай! Балдың адам ағзасына тигізер әсерін ешкім де жоққа шығара алмайды. Адамның денсаулығы үшін Жер-Анамен жаратылған бұл өнімнің сиқырлы күшін біз ерте жастан-ақ таныдық. Нан мен бал адамның ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі тағамы. Ибн Сина нанды ең жұғымды зат, ал балды түтікшелердің аузын ашуға жәрдемдесетін және сору әрекетіне ие емдік дәрі деп есептеген. Емдік-профилактикалық дауа ретінде бал бауыр ауруларында, жүрек-қантамыр жүйесі, бүйрек абсцесінде, бронхоэктатикалық ауруында, өкпе ауруында, үйреншікті алиментарлық ілмекте, трофикалық типтегі жарада, жаралардың ауыр емделуінде және т.б. ауруларда кеңінен қолданылады. Балдың құрамында фруктоза көп болғандықтан, оның геронтогендік әсері өте аз. Қысқаша айтқанда, өсімдіктердің шірінінен бал тасымалдаушы арамен өндірілетін тәтті шәрбәт тәріздес зат. Араның азығы, адамның құнды тамақтану өнімі. Гүлді балдың құрамында 13-20 % су, 75-80 % көмірсу (глюкоза, фруктоза және т.б.), органикалық қышқылдар, ферменттер, минералдық және хош иістік заттар бар. Араның балы – тағам өндірісі мен бірқатар дәрі-дәрмектерді дайындауда пайдаланылатын құнды диеталық тағам. Адам ағзасындағы қызылшалы, қамыс қанты гидролизге ұшырайтыны белгілі, яғни глюкоза мен левулозаға ыдырайды, сондан соң бүйрекке барып түседі. Ал табиғи ара балының құрамына енетін глюкоза ешбір өзгерусіз асқазаннан қанға түседі. Мұндай жағдайда бүйрек «демалады» деуге болады. Балдың мұндай қасиетін білетін дәрігерлер көптеген ауруларда табиғи ара балының глюкозасын қанның өзіне енгізеді. Ауыл шаруашылық өндірісінде ара өсіру мал шаруашылығының саласы ретінде ерекше рөлге ие. Осы салада қандай бағыттар бар екен? Соны қарастырып көрелік. Ара балын, ара балауызын, прополис, ара уын, төлдегіш сүтті өндіру, ара тозаңдануы, жатырлар мен ара жанұяларын өсіру. Біздің елде, сондай-ақ шетелдегі көптеген зерттеулер мен тәжірибе бал мен балауыз өндіруден алынатын таза кіріс тозаңдандырудан алынатын кіріске қарағанда анағұрлым аз екендігін көрсетеді. Мәселен, АҚШ-нда бал мен балауыз өндіруден алынатын жыл сайынғы кіріс 100 миллион долларды құраса, ауал-шаруашылығы мәдениетінің егінділігінің аралардың тозаңдандыруы есебінен өсуінен түскен кіріс 1 миллиард долларды құраған. Италияда бұл арақатынас төмендегідей: 2 миллиард және 100 миллиард лир. Біздің елде бал өндіруші араларды тозаңдандырудан түсетін кіріс 3 миллиард рубльді құрайды. Енді халық арасында неліктен «Ара – асыраушы және дәрігер, ара – агроном көмекшісі» деп айтатыны белгілі болды. Балды ара жасайды. Бірақ ол кім? Жәндіктер жанұясының өкілі ме, әлде шағушы пердеқанаттылар өкілінен бе? Ұзындығы Жанұя болып па? Иә. Сонда аралар жанұясы не екендігін қалай анықтауға болады? Бұл – жұмысшы аралардан (99 %), аналықтан және жатып ішерден тұратын бал әкелуші аралар отары. Аралар жанұясының жекелеген түрлері дербес өмір сүре алмайды. Аралар жанұясының саны жаз айларында көбейеді (80-100 сың араға дейін жетеді), күзге қарай азаяды, тек аналық пен жұмысшы аралар ғана қыстап шығады. Мықты аралар жанұясы (100 мың араға дейін) мерзіміне Гүлді бал – өсімдік шырынынан аралар арқылы қалыптасатын өнім. ШЫРЫН ДЕНЕ НЕ? Грек тілінен аударғанда бұл сөз құдайлар сусыны деген мағынаны білдіреді. Шырын – өсімдіктердің сөлінен бөлінетін қантты сусын, ол гүлдеріне тозаңдандырушы – жәндіктерді, кейбір құстарды тартады. Негізгі бөлігі – аралардың алуы. Шырынның құрамы өсімдіктер сөлінің құрамынан ерекшеленеді. Мысалы, ұсақ жапырақты жөке шырыны мен алма ағашында сахароза көп болса, ал таңқурай мен алмұрт шырынында қант көптеп кездеседі. Күнбағыс шырынында глюкоза көп, фруктоза аз, ал сахароза тіптен аз мөлшерде болады. Шырындағы қанттың жалпы құрамы 3 %-дан 80 %-ға дейін және ол өсімдіктің түрінен, климатқа, күн мен мерзімнің уақытына, агротехникаға, ауа ылғалдылығына, тыңайтқыштарға, топыраққа байланысты болады. Түрлі өсімдіктердегі шырын саны жағынан да, сапасы жағынан да алуан түрлі болып келеді. Шырынның құрамында өте көп мөлшерде қамысты (12,3 %) және аз мөлшерде жүзім және миуалы қант (9,2 %), көп атомды спирт (манит), дикстриндер, азоттық заттар, минералды тұздар, қышқылдар және су болады. Нектардың құрамында ауадан келіп түсетін ашытқы болады. Аралар шырынды балға қайта өңдейді және де шырынды сорған кезде оған жұтымды бездер құпиясы араласады. Бұл құпия бірқатар ферменттерге ие. БАЛДЫҢ ҚҰРАМЫ ҚАНДАЙ? Балдың құрамында жартылай шырыннан пайда болған, жартылай аралардың азықты өңдеуі нәтижесінде қалыптасқан органикалық қышқылдар бар. Балға қышқыл дәм берумен оны сүрлемелеудің өте мықты қосалқы амалы болып табылады және ол бұзылған бактериялардың дамуына кедергі болады. Бал құрамынан сүттік, қымыздық, лимондық, тіпті фосфор және тұз сияқты бейорганикалық қышқылдар да табылған. Балдың белсенді қышқылдығы (рН) 3,26 мен 6,50 аралықта ауытқып отырып, орташа есеппен 3,78-ді құрайды. Табиғи ара балының құрамында 75 % инвертирленген қант және 18-20 % су болады. Глюкоза балдың бүкіл құрамының шамамен 35 %-ын (кейде 50 % дейін) құрайды. Бұл қант басқа қанттарға қарағанда тезірек кристалданады. Фруктозаға бал құрамындағы барлық қанттың екінші бөлігі келеді. Фруктозаның кристалдануы глюкозаға қарағанда баяулау жүреді. Егер бал құрамында фруктоза мөлшері глюкозаға қарағанда көбірек болса, онда бал әлсіз кристалданады. Балдағы сахароза мөлшері өте аз, бар-жоғы 2 % ғана. Жаңа жиналған балдағы сахароза мөлшері 6 %-ға жетуі мүмкін. Бал құрамында аз мөлшерде дикстриндер де кездеседі. Бал құрамында ақуыздар да (белок) бар. Олардың түп-тегінің екі жолы бар: біразы шырыннан келіп, өсімді ақуыздарға жатса, басқа бөлігі аралардың сілекей бездерімен бөлініп, мал ақуыздарына жатады. Ақуыз заттарының саны 0,2 %-дан аспайды. Қарамық балында олардың мөлшері біршама көп. Ара қандай еңбекқұмар десеңізші! Бар-жоғы Бал шығу тегі, алыну әдісі және түсі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) Гүлді, 2) Құзды және 3) Аралас. Гүлді бал бір өсімдіктен алынса, монофлерлы (жоңыршқа, жөке, мақта және т.б.), ал әр түрлі өсімдіктердің шырынынан алынса, полифлерлы деп бөлінеді. Полифлерлы бал бактерицидті қасиетке ие. Гүлді балмен қоса аралар құзды бал деп аталатын бал жинайды. Құзды бал шығу түп-тамырына байланысты өсімдік құзды және жануар құзды болып бөлінеді. Құзды бал тағам өндірісінде пайдаланылады. Түркменияның шөлді аудандарында халық соғысқа дейінгі уақытта янтакада қантты бөлініс - «янтачты бал» немесе манка жинаған. Кейде терімнің мол болғандығына байланысты «манканы» тонналап жинап, шетелдерге сатуға шығарған. Қазір «манна» кәсібі құру кету алдында. Аралас балға құзды-гүлді бал жатады. Гүлді балдан басқа қантты балдан ерекшеленетін (бұрмаланған) жасанды балдың бірқатар сорттары белгілі. Мысалы, қарбыздың центнерінен 7- Жасанды бал (қарбыз, қауын және т.б.) төмендегідей тәсілдермен жасалды: жемістің жұмсағын қабығынан бөліп алып, жұмсағынан қысу арқылы шыққан шырынды сүзіп, қоюланып балға айналғанға дейін қайнатады. Шетелдерде дәл осындай тәсілмен жаңа жиналған өріктерден «дала нанынан» өрік балын жасайды. Өрік балы ұзақ уақыт бойы (екі жылдан артық) бұзылмай сақталады. Алыну әдістері бойынша бал келесідей түрлерге бөлінеді: ара ұясы (ұяшықтарға жиналатын бал), орталық тепкіш (ара ұяларындағы ара жинағыштан алынатын), чангтік (үстіне бал құйылған ара ұясындағы бал бөліктері) және тығыздалған (сығылған, мысалы, аршалы) бал.
| ||