Ақ гүлім | ||
Главная Вернуться | ||
Кітаптың авторы бұған дейін «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән жинағымен танымал, тылсым құпия сырлары мен халықтық емшілік саласында жиырмадан аса кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші ғалым, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ақын-сазгер, академик – Зядан қажы Қожалымов.Бұл жинақта автордың кейінгі жылдары жазған поэзиялық шығармаларының таңдаулы әндері мен рухани тәрбиелік ерекшелігі бар терме және толғаулары іріктеліп және алғашқы ән жинағымен толықтырылған. Автордың біраз шығармасы республикалық және облыстық радиоторабының алтын қорында сақталған. Көп жылдан бері емшілер мен оқырмандар «Құдірет», «Ақ гүлім», «Қуаныштарым» т.б. әндерін емдік қажеттеріне пайдалануда. Автордың өлеңі мен поэзиясы ізгілікті, адалдықты, дінді, отан сүйгіштікті, имандылықты насихаттай отырып, оқырманға ақыл-кеңестер береді. Ар, жан, тән, имандылық тазалығы кітаптың негізгі ұстаған мақсаты. Кітап поэзияны құрметтейтін ән сүйер қауым мен оқырман қауымға арналған.
| ||