Ақ гүлім | |||
Главная Вернуться Следующая | |||
Зядан Қожалымов Ақ гүлім Алматы 2012
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-5 Қ 56 Қожалымов З. Қ 56 Ақ гүлім . Әндер, терме-толғаулар.Алматы: Шалкөде, 2012 – бет. ISBN 978-601-7262-11-2 Кітаптың авторы бұған дейін «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән жинағымен танымал, тылсым құпия сырлары мен халықтық емшілік саласында жиырмадан аса кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші ғалым, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ақын-сазгер, академик – Зядан қажы Қожалымов.Бұл жинақта автордың кейінгі жылдары жазған поэзиялық шығармаларының таңдаулы әндері мен рухани тәрбиелік ерекшелігі бар терме және толғаулары іріктеліп және алғашқы ән жинағымен толықтырылған. Автордың біраз шығармасы республикалық және облыстық радиоторабының алтын қорында сақталған. Көп жылдан бері емшілер мен оқырмандар «Құдірет», «Ақ гүлім», «Қуаныштарым» т.б. әндерін емдік қажеттеріне пайдалануда. Автордың өлеңі мен поэзиясы ізгілікті, адалдықты, дінді, отан сүйгіштікті, имандылықты насихаттай отырып, оқырманға ақыл-кеңестер береді. Ар, жан, тән, имандылық тазалығы кітаптың негізгі ұстаған мақсаты. Кітап поэзияны құрметтейтін ән сүйер қауым мен оқырман қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-5 ISBN 978-601-7262-11-2 © Қожалымов З., 2012 © «Шалкөде», 2012
ЗЯДАНҒА АҚЖОЛ ТІЛЕЙМІН!
Өнер десе ішкен асын да қоя салатын қазақтың мінезі әу бастан-ақ белгілі. Табиғат солай жаратқан. Әуен-жыр халқымызға құдайдың бере салған енші, сыйы. Сондықтан да әрбір қазақтың тұла бойы тұнған әуез, сырлы саз десем, менің бұл ойымды ешкім артық айтты дей қоймас. Кейіигі жылдары қатарынан суырылып, алға озғандар тобынан Зядан Қожалымовты да көріп жүрмін. Әуен-жырларының бәрі де көз алдымда туған сияқты, жаныма жақын, ойымада. Төл туындылары көптеген газет-журналдарда да жарияланып жүр. Радионың күнделікті хабарларында әуелете шырқайды. Демек, мұның бәрі бекер болмады, өмірден өз жарасымын тапты! Жақсы жыр мен әдемі ән ешқашан да өшпейді, өміршең келеді. Зяданның туындыларында да сондай сипат бар. Олар өзінің сонылығымен, әуенділігімен, мәнділігімен ел арасына ене берері сөзсіз. Әуелгіде ол қарапайым әндерімен ерекшеленсе, бүгіндері термелер мен толғауларға да бақ сынап, бапты дүниелер тудырады. Әдетте мұндай шығармалар жазу сазгермін деген әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл күрделірек жанр саналады. Оған бару үшін үлкеи ізденіс қажет. Өнердегі жолы күн өткен сайын ашыла түскен сазгер әрі ақын замандасым Зядан Қожалымовқа сәттілік пен ақ жол тілеймін! Құрметпен, Темір ТАЙБЕКОВ - сазгер 22.12.2000 жыл, Алматы.
ӘН ӨЗЕГІ – ИМАНДЫЛЫҚ
Тәуелсіздік тарих тағдырдың біздің ұрпаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті деп білген жөн-ау. Бағытымыз бен сол бақытымыз баянды болсын, тәңірім ұзағыңнан сүйіндірсін дейміз! Өтпелі кезеңде, әсіресе жастар арасында көрініп қалып жатқан өгей қылықтар сол кездегі «биік мақсатты тәрбиенің» нәтижесі ме екен демеуге шара жоқ. Әйтпесе, біреуді қорлап алу, қорқытып алу, қолындағысын тартып алу деген тағылықтар болар ма еді? Қарандар түлегін қияға самғатып баулитыны сияқты, бізде жеткіншек ұрпақты бос белбеу тірлікке емес, басқалармен бірдей бағын сынап, есесін жібермейтіндей нартәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз ләзім. Жастарға жамандық біткеннен аулақ болу жолын көрсету, ақыл-парасаты мол, әкөзі ашықә зиялылардың еншісі деп білеміз. Сондай кісінің бірі республика жұртшылығына мейлінше танымал азамат Зядан Қожалымұлы. Ол кісінің республикалық басылымдарда жарық көріп жүрген мақалаларының басым көпшілігі адалдық, адамгершілік, имандылық деген киелі ұғымдарға құрылған. Бір мақаласында ол кісі былай дейді: «Адамды адам ретінде оқшаулап тұрған оның рухани мәртебесінің биіктігі, рухани игілікті тұтынғандығы. Ал мәдениет дегеніміз, сол рухани игіліктердің басы тоғысатын ұлттық ұя», – дейді. Айтқалы отырғанымыз Зәкеңнің басылымдарға жарияланып жүрген мақалалары туралы емес (ол туралы арнайы әңгіме етсе де болмас еді) емшілік қасиеті туралы. Мақала басында ескерткеніміздей тәуелсіздік арқасында ортамызға Ақ гүлім қайта оралған халық емшілігі дейміз. Республикамызда халық емшілерінің ассоциациясы өмірге келіп, халық емшілерінің құрылтайына бірауыздан Зядан Қожалымұлы оның Президенті болып сайланғандығы туралы Республикалық біраз басылымдар жария еткен болатын. Бүгін сол әруақты азаматтың көпшілік сұраулары бойынша әр кезде басылым беттерінде жарияланып жүрген шипалық қасиеті бар «Құдірет» атты өлеңін көпшілікке ұсынуды жөн көрдік. Сариев Ә. "Шымкент келбеті"газеті, № 25 (308) 21.06.1996 ж. ХАЛЫҚ ЕМШІСІНІҢ ЖҮРЕГІНЕН ТУҒАН ӘН
Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының президенті Зядан Қожалымовты жұртшылық халық емшілері қауымдастығын тұңғыш ұйымдастырушы әрі осы дәстүрлі саланы одан әрі дамытушы ретінде біледі. Бұл кісінің халық емшілерінің қара шаңырағын басқарғанына да міне бес жылдай уақыт болған екен. Содан бері Халықаралық дәрежедегі халық емшісі Зядан Қожалымов Ассоциацияның жұмысын жолға қойып, сол арқылы әруақты емшілердің танылуына өзінің лайықты үлесін қосып жүр. Ал, енді Зякеңнің тағы бір қыры туралы әркімнің біле бермесі анық. Ол – бұл қасиетті адамның өнер саласындағы ізденістері. Атап айтар болсақ, ол өлең жазып, ән шығарады. Халық арасында таралған әндері де жоқ емес. Төменде халық емшісінің жаңа әндерінің бірін оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз. "Апта" газеті, Жезқазған, №43 (196) 25.10.1996 ж.
КӨҢІЛ КҮЙІН ТЕРБЕГЕН
Зядан Қожалымовты халық емшісі ретінде білетінбіз. Оның негізгі мамандығы инженер-электрик болса да, құдай берген құдіртеттің арқасында оған емшілік қасиет дарыған. Ол Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан журналистер және психологтар Одақтарының мүшесі, Халықаралық және Ресей халық емшілері Ассоциасының мүшесі. Халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог. Ол осы қасиеттеріне қоса өлеңжыр жазумен де шығұлданады. Оның бірқатар поэзиялық шығармалары Республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген. Енді осыларға қоса Зядан өзінің өлең, терме, толғауларына ән де шығарып жүр. Биыл Алматыда оның көп жылдан бері жазған өлеңдері іріктеліп, «Көк тәңірі жүр жебеп» – деген атпен ән ноталарымен қоса жарық көрді. Кітап шағын болғанымен, оның ішіндегі дүниелер адамның көңіл-күйінің әр шақтағы иірімдерін дөп басып сырлы сезімдерге жетелейді. Автордың шығармаларында ізгілікті, дінді, адамгенршілікті насихаттайтын сарын басым. Сондықтан да оның өлеңдері салиқалы, салмақты, мазмұнды болып келеді. Ақынның өзі де бір өлеңінде:Қонды қалай деп оны сұрамағын, Бағы ғой берген маған бір Алланың. Ата-ана нәз жыры бойға дарып, Шабыттанып, ой шалқып, жыр жазамын, – деп ақындық өнердің қалай дарығаны жөнінде сыр шертеді. Ақын қай күнде де халықпен бірге, соның мұнын мұңдап, жоғын жоқтаған. Елінің жақсысына сүйеніп, жаманына күйінген. Оны қоғамда болып жатқан сан қилы өзгеріс құбылыстар да толғандырмай қоймайды. Сондықтан да ол «Тағдырдың тәлкек заманы-ай» деген әні бар өлеңінде мына заманның қым-қуат құйтырқы тірлігін суреттей келіп:Шаттанған елім, жайнағың, Бұзылмай, халқым, қаймағың. Тәуелсіз елсің мінекей, Бағыттан енді таймағын, – деп елінің тәуелсіздігіне тәубе етіп, оның тәуелсіздігіне тәубе етіп, оның болашағына зор сеніммен қарайды.Кітаптың жартысына жуығы толғаулар мен термелерден тұрады. Бұл шығармаларында да Отанға, еліне, өз халқына деген ақынның сүйіспеншілігі, адамгершілік, ар-ождан, бабалар, ағалар рухына деген тағзым арқау етіп алынған. Мәселен, «Халқыма айтар жан сырым» атты ұзақ толғауында: Имандылық ордасы да менің елім болды, Бақыт құсы келіп саған мәңгілікке қонады. Ырысыңмың ырыздығыңның несібесі алдында, Жаратушы бір өзіңді қорғауына алады, – деп түйіндейді.Кітапта көптеген өлең, толғауларының ноталары қоса берілген. Ол жөнінде сазгер Темір Тайбековтың пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Жақсы жыр мен әдемі ән ешқашан да өшпейді, өміршең келеді. Зияданның туындыларында да сондай сипат бар. Олар өзінің сонылығымен, әуенділігімен, мәнділігімен ел арасында ене берері сөзсіз. Әуелгіде ол қарапайым әндерімен ерекшеленсе, бүгіндері термелер мен толғауларда да бақ сынап, бапты әндер тудырды». Біз де кітап авторына – шабытың шарықтай берсін, өнер әлеміне сермеген қанатың әсте талмасын, – деп тілейміз. М.Нұрмұқанов, "Солтүстік Қазақстан" газеті, 28 тамыз 2001.
ШИПАЛЫ ЖЫР ЖОЛДАРЫ
Бұл кітаптың авторы – Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналшылар және Психологтар одағының мүшесі, халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог. Мұнда автордың көптеген жылдардан бері жазған поэзиялық шығармаларының таңдаулылары іріктеліп, республикалық және облыстық баспасөзде жарық көрген әрі радиоларда орындалған әндері мен рухани тәрбиелік ерекшелігі бар терме және толғаулары топтастырылған. Біраз шығармалары облыстық және республикалық радионың алтын қорына қалдырылған. З.Қожалымов «Құдірет», «Ақ гүлім», т.б. әндерін көп жылдан бері халық шырқап келеді. "Ана тілі" газеті, 24.05.2001 ж.
Күндесең де іштен тың , үнде мегің... "Көк Тәңірі жүр жебеп", Зядан Қожалымов. "Тоғанай Т" баспасы, 2000.
"Күндемегің, ей досым, күндемегің, Күндесең де, іштен тың, үндемегің...", "Көк тәңірі жүр жебеп" – деп аталған көк кітапша ішінен сөз бен саз өнерінің қағидаларына сәйкес көркемдіктен гөрі адамгершілікті, адалдықты, ізгілікті уағыздайтын осындай қарапайым көсем ойлар мен ақыл-кеңестерді іздесек, іздегенімізді табамыз. тылсым күш құдіретін зерттеуші, әрі тікелей байланысушы, Қазақстан Халық емшілері қауымдастғының президенті, түрлі Халықаралық халық емі ассоциацияларының мүшесі, биоэнерготерапевт, жантанушылық білгері, рухани сауықтырушы шипагер Зядан Қожалымовты өлеңшілік, һәм сазгерлік қырынан таныстыратын кітаптың күміс тіні – Ар, Ождан, Жан, Тән тазалығы. белгілі кәсіби сазгер Темір Тайбеков сәт-сапар тілеген кітаптың музыкалық редакторы – Әшірхан Телғозы, әдеби редакторы – Әнуар тарақ. Басылымдарда жарық көріп, әуе толқындарында орындалып жүрген емдік шипалық әндері мен рухани тәрбиелік сыпаттағы терме-толғаулары топтастырылған. Әндерінің көбінің сөзі мен сазы – өзінікі. Төлеу Қосан, Эльмира Жанабергенова, Ләззат Зяданқызы әндерін шығарған терме-толғаулары бар. Ел, жер, дін сүйіп-сыйлаған жүректің толғақ – бұрқағы: "Халқыма айтар жан сырым", "Ашылсын бағың, қазағым", "Иманым", "Тәубеге келу", "Құлпытасқа тағзым..." Көңілдің кейбір кездерінде туған ой иірімдерінің қалқыған көбігі: "Өмірім", "Көңілім", "Өлеңім", "Шіркін, дүние-ай", "Адам аласы ішінде", "Тағдырдың тәлкек заманы-ай", "Күндемегің..." Ән сүйген, рух сүйген әркіміңізге көк тәңірі жебей жүр! Гүлзира Серғазы, "Алматы ақшамы" газеті, 20 маусым 2001.
Құдірет
Ән авторынан: Құрметті редакция алқасы, "Құдірет" – әні 7 маусым 1992 жылы дүниеге келгенді. Өзінің жеке тарихы әруақты жандар мен әруақ рухы арақатынасымен жалғасып жатқандай, 11 маусым 1992 жылы республикалық радио торабының "Жастар" бағдарламасы эфирге шығарды. Содан бері Республиканың облыстық радио тораптары арқылы тұрақты берілуде. "Құдірет" – әнінің адам жанын емдеуде де шипалық қасиеті күн сайын артуда. Тіпті сөзін жаттап алып, ем үшін өзіңе пайдаланып жүргендер де көбеюде. Менің әлемдік сеанстарымда да орындалды. Осыған байланысты халық тілегін ескеріп, әнді нотасымен баспа бетіне беріп отырмын. "Жас Алаш" газеті, 21 ақпан 1995.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | |||
|