Ақ гүлім
17
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Арнаулар

 

d

 

 

«Қазақстан мен Орталық Азиядағы халық

медицинасының өркендеуі» атты

I-Халықаралық конгресіне

 

Арнау

 

Арнаудың авторлары: З. Қожалымов және С.Жұманов

 

Армысыңдар дарынды киелілер,

Құдіретіне Алланың бас ие білер.

Ел ішінде танылып емшілікпен,

Сіздерді ерекше бір сүйеді Ел.

Оңтүстікке оң қадам басқандарың,

Еліңе үлкен үлес қосқандарың.

Емшілер қауымдастық арқасында,

Халықаралық Конгресін ашқандарым.

Көтеріп киелі рух мәртебесін,

Шуағын тылсым дүние шашқандарым.

Өмірде қызық қиын жол жүресің,

Бұл дүние жалғандығын зор білесің.

Көтеріп киелілер еңселерін,

Құтты болсын бас қосқан конгресің.

Адамзатқа адалдық жарасады,

Адал жанға Алла да қарасады.

Алланың артық берген сыйы емшіге,

Тылсым дүние сырына жол ашады.

Зядан қажы ағаның еңбегі көп,

Сізбенен жарық емші-ау болашағы.

Алланың сынағынан өткендерім,

Кейде ұшып кеңістікке кеткендерім.

Киелі бабалардың рухын қолдап,

Халқына адал еңбек еткендерім.

Болса екен халқым әркез саламат тек,

Тәубе етіңдер тәңірге қанағат деп.

Бәрің де көп қиналып көрдіңіздер,

Ақ ниетпен ақ жолға қадам басып,

Жиналдық конгреске жамағат боп.

Орындап Алла берген амалдарды,

Бұзып өттің көлденең қамалдарды.

Жолдан тайған талайлар адам болып,

Емшілер арқасында аман қалды.

Орның жоқ бұл өмірден бос қалатын,

Жайың жоқ ешкімнен де жасқанатын.

Бір Аллаға сыйынып қоғам құрған,

Зиядандай басшың бар басқаратын.

Зиядан қажы ағамыз зиялы деп,

Ұран боп ортамызға тасталатын.

Тәңір берген көтеріп ауыр жүгін,

Зиекең құрды емшілер қауымдығын.

Мақсат еткен ақ жолын бір Алланың,

Қауымдастық жағдайы тәуір бүгін.

Нұрсұлтан қазағымның нұры деймін,

Зияданның қолдаған ісің деймін.

Тиіскең қарсыласқа құйын болып,

Қиын кезде бір болған тағдырлас боп,

Нұрекеңнің жолын қолдаған Зиекең деймін.

Иманжүзді киелі емшілерім,

Өмірден өз орныңды еншіледің.

Шипаңның құдіретімен сырқат жанға,

Ем жасап, сауыққанша көншімедің.

Қазақтың ұлы емшісі Өтейбойдақ,

Өтпеді ме, өмірден халқын ойлап.

Сан ғасырдың бейнесі қырғын-сүргін,

Болмады ма қазақтың салтын жоймақ.

Рухты бабаларым сақтап қалған,

Біздің жер біле-білсең алтын аймақ.

Арыстан бап, Қожа Ахмет, Әз Әлмерек,

Бабалар пір Бекет пен Райымбек.

Баба Түкті Шашты Әзиз, Укаша Ата,

Халқына әруағымен қорған, тірек.

Ден қойып бақсылықтың сарынына,

Іздеу салған қазақтың дарынына.

Қорқыт Ата, Қойлыбай бақсылардың,

Ілімін де шығарды-ау жарығына.

Бүкіл әлем қазақты танып білді,

Киелі рухты бабалар барлығында.

Ибн-Сина, әл-Фараби, Құртқа баптар,

Жамандықтан ел-жерін, әркез сақтар.

Жол ашқан жұлдыздарға Ұлықбектей,

Бабаларды бүкіл әлем болды мақтар.

Төрт рет конгресті өткізгенің.

Емшілікті ғылымға жеткізгенің.

Әлемнің төрт бұрышын мойындатып,

Тылсым дүние құдіретін дәлелдедің.

Он бес жылдық тойыңды жақсы тойлап,

Он алтыншы жылға да бет түзегенің.

Жақсылық жолындағы күрестерің,

Халқыңызға ол қосқан үлестерің.

Арамдықты жібермей ауыздықтап,

Шайтан жолға бармауды біле ескердің.

Орындасаң бабалар аманатын,

Ел ішінде шықпас еш жаман атың.

Барға шүкір Тәуба деп, жоқшылыққа,

Қарағаның Аллаға қанағатың.

Жан дауасын емдейтін емшілердің,

Тілейміз есен-аман саламатын.

Алла берген қасиет бойларыңа,

Ақын елдің ары мен айбары да.

Жақыптай әнші жігіт баянымен,

Емшілері конгресі тойларында.

Толғады киелі ақындардың ойларын да.

Жүрекпен шын сезініп Алланы біз,

Бәріңіз әруақ жолын жалғадыңыз.

Жақсылықпен көрісіп, сағынышпен,

Орындалсын мақсат пен арманымыз.

Халықаралық конгресс жылда өтіп,

Бір Алла бола берсін қорғанымыз.

Шымкент қаласы, 26.07.2007 ж.

 

 

 

Киелі бабалар рухына тағзым

«Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары

құпиялары» атты I - Республикалық форумына

 

Арнау

 

Арнаудың авторлары: З. Қожалымов және С.Жұманов

 

Бисмиллә сөздің басын бастағаным,

Шырқалсын шартарапқа асқақ әнім.

Еленген ел ішінде еңбегімен,

Армысыңдар ақ ниетті Емшілерім.

Дертке дауа айтатын өсиетің.

Шипаңа ел-жұртың бар бас иетін.

Келуде ұрпағына қайта оралып.

Сегіз қырлы, бір сырлы қасиетің.

Еңсең биік Ел болып Егеменді.

Дін-салтым кең төріме егеленді.

Елімді өрге бастап келе жатқан,

Нұрсұлтан елбасымыз көрегенді.

Елбасының алғанда «Алғыс хатын»,

Қуанышқа біздерді бөлеген-ді.

Жаратқан жалғыз Алла пендесіне,

Бермеген байқасаңыз кем несібе.

Зиядан қажы ағаның еңбегі көп,

Жасырамын сіздерден мен несіне.

Көзінен нұр, сөзінен жыр шашыраған,

Түсінгенге Зиякең асыл адам.

Ғарыштың құпиясынан ғылым іздеп,

Қиындықтан қаншама жасымаған.

Айтар болсақ бәрін де жасырмастан,

Дегендей ақыл жастан, асыл тастан.

Зиядан қажы ағаға мың рахмет,

Ел-елдегі емшілер басын қосқан.

Алматыда басталған жолың, бәрі,

Емшілер конгресс пен форумдары.

Бесінші рет бас қосқан бұл отырыс,

Түркістанның төрінен орын алды.

Басып өтіп өмірдің көп белдерін,

Артқа тастап қиындық өткелдерін.

Шаршамай шатты өмірді қуат етіп,

Қуанышпен Түркістанға жеткендерің.

Емшілерім ел жайын ескердіңіз,

Бабаларым бастаған көшке ердіңіз.

Болжампаз бабалар мен көріпкел деп,

Аталатын форумға қош келдіңіз.

Ал енді жыр маржанын теремін мен,

Тарихтың алып жазып дерегінен.

Бабалар өткен талай әруақты,

Алдын ала өмірді көре білген.

Таныс қой тарихымнан жалпы маған,

Келмейді ғой өмірге қайтып адам.

Төрт мың жылды болжаған бабаларым,

Соның бірі білсеңіз Майқы бабам.

Француздық Мишельдо Нострадамус,

Жер әлемге болды ғой ол да таныс.

Майқы би он төрт ғасыр ілгеріде,

Көре білген 200 жыл одан алыс.

Кереметіне Алланың таң қаласың,

Әр адамнан, әр қасиет аңғарасың.

Асан қайғы бабамыз жел маямен,

Қазағымның болжаған бар даласын.

Айтқан жақсы бәрін де біліп адам,

Есімі де еліне жылы болған.

Өмір сүрген Ақтөбе аймағында,

Болжампаз Мөңке би Тілеуұлы бабам.

Адалдықты мақсат етіп алдарына,

Ақ жол бастап Алла деп арманына.

Шопан ата есімін пір санаған,

Бас иеміз пір Бекет әруағына.

Түзей білдің қазағым жолыңды анық,

Ел болдық егеменді, бағың жанып.

Бес ғасырдан өткенде Өтейбойдақ,

Бабалардың арманы орындалып.

Шипагерлік баяны үнқағаз боп,

Үн қатуда ел-жұртқа жалынданып.

Ден қойып емші-бақсы сарынына,

Іздеу салған қазақтың дарынына.

Қорқыт пен Қойлыбайдай дарындының,

Ілімін де шығарды-ау жарығына.

Бүкіл әлем қазақты танып білді,

Себепші рухты бабалар барлығына.

Өкінгенмен не пайда өткеніңе,

Шүкір дейміз бұл күнге жеткеніне.

Шәкәрім “Үш анығын” жазып беріп.

Еңбектері танылуда көпке міне.

Машһүр Жүсіп тірісінде асын беріп,

Көрегендігімен о дүниеге кетпеді ме.

Қазақтың ақын-жырау, шешендері,

Қол бастаған батыр мен көсемдері.

Бұхар мен Қабан жырау, Шәкәрімнің,

Жырлары болжампаздық көрсең тегі.

Хандардың ішіндегі дара тұлға-ай,

Қазақтың басын қосқан дара қылмай.

Өтеген батыр еді Жетісуда,

Жорығанда түсінде хан Абылай.

Алла деген ақ жолды табады алдан,

Жақсы ғой ұлы есімдер бағаланған.

Кешегі өткен Мұқағали ақының да,

Көріпкелдік қасиетімен дараланған.

Жақсылығы емшілер таралуда,

Жазғандары кәдеге жаралуда.

Шипагерлік баяны ақылшы боп,

Үнқағаздан барлығы нәр алуда.

Бірлік бар да, қамал жоқ алынбас түк,

Шүкір Алла, бабалар жолын бастық.

Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдерінде,

Интернетте көрінуде қауымдастық.

Талай ақын-даналар жыр ғып келген,

Өмір бар да тоқтамас тірлік-деген.

Жылдан-жылға көбейіп қатарымыз.

Қандай жақсы бас қосқан, бірлікпенен.

Жаратқан жалғыз Алла қолдағаны,

Өнер берсе адамға ол да бағы.

Зядан қажы мен Сейітқұлдай,

Қара-көсе ақынның толғағаны.

Ел тарихтың сақталса қойнауында.

Бабалар жолы ол да жалғанғаны.

Келген қазақ жақыннан, қанша алыстан,

Басын қосқан бұл жерде бар танысқан.

Бақтыбай, Талғат, Ұлболсын,

Сансызбайға, Мың алғысты айтамыз барша атынан,

Түркістанда форумның өтуін дайындаған,

Бір Алла айырмасын мол табыстан.

Қалаймыз мұндай жиын жиі өткенді,

Жақсы көрген қазақпыз сый еткенді.

Жыл сайын форумдарда кездесейік,

Бір Алла қабыл етіп ниеттерді.

Пайғамбарым Мұхаммед,

Меккемізден қолдасын.

Түркістанда Қожа Ахмет жүрегінде орнасын.

Маңғыстауда пір Бекет әруағы болсын жолдасың.

Барлығының тілеуін, қабыл алсын Алла шын.

Түркістан қаласы, 25.07.2008.

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх