Ақ гүлім
9
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Бала кезім

 

Кешегі бала кезім, балдай кезім,

Иілген шыбықтай талдай кезім.

Қайталанса дер едім өз аузыма,

Ғашықты жырлаған, балдай сөзім.

 

Бала кезім о кезім, қайран кезім,

Оралмастай артымда қалған кезім.

Кетіп пе едің артынан бір сұлудың,

Құйын болып түйілген қуған желдің.

 

Балалық жас, бал дәурен қайран дәурен,

Қызықты екенсің ғой, сен әуреңмен,

Анау, мынау нәрсеге қызықтырып,

Асау тайдай жұлқынтып, тәлкек еткен.

 

Көрсетпесең көрсетпе сағымыңды,

Азайтпағын өмірден алымыңды.

Бірақ сен балалық шақ болсаң-дағы,

Өсірдің арманымды, ақылымды.

Сочи, 17.02.1985 ж.

 

 

 

Ақындық

 

Кімге біреу береді ақындығын,

Ақын інім, ей жаным жақын інім.

Сыйлап келем өмірде ақындарды,

Ақындардың құдіретін жақындығын.

 

Ақын жаным ежелден, асыл жаным,

Сезесің бе сұлудың асылғанын.

Ақындар-ау артынан жүреді екен,

Ақылын қосатын сүйген жарын.

 

Ақындық саудасы емес саудагердің,

Мен айтпаймын ақындық қайдан келдің?

Әкемде бар ақындық, апамда бар,

Қалдырған жалғызына мұрасы едің.

 

Өткенімен елу жыл ел жаңарып,

Көрдің бе әне барады таң ағарып.

Қырға барып ақындар отырған ба,

Қаламы мен қағазын қолына алып.

Сочи, 17.02.1985 ж.

 

 

 

Сочи

 

Атыңды Сочи деген естіген ем,

Өзіңе кімдер келіп көсілмеген.

Қырандар мен сұлулар сауық құрып,

Өзіңнен кімдер келіп түстік жеген.

 

Біреулер саған қонақ боп үлгермеген,

Біреу сені тек ғана күндіз көрген.

Ұшып өтсе самолет бұлт үстінен,

Сочи десе біреулер түсінбеген.

 

Қара теңіз жағасын қоныстанып,

Жолы жатыр Сочидің жиекті алып,

Бір жүз елу шақырым ұзындықты,

Ақ маржандай тізілген Вулет алып.

 

Өсімдіктер өсіп тұр әрбір жерден,

Ескерткіш қып орнатқан әрбір елден.

Паркінде "Дендарарий", "Ривере",

Өзіңе туысқандық сәлем берген.

 

Тау мен теңіз егіз боп жарасып тұр,

Биік үйлер таулармен таласып тұр.

Мұнаралар салынған тау үстінде,

Тұлымыңдай бойжеткен жарасып бір.

 

Оңтүстігін қарт Кавказ Сочи алған,

Әзербайжан жеріне тақап барған.

Дауалы сары суың "Мяцесттың",

Талай елдің сарбазы арман еткен.

 

Барамын менде кетіп Сочи сенен,

Қойның толған өзіңде өлең екен.

Талай жырлар жазылды бір өзіңде,

Келер жылы өзіңе тағы келем.

Сочи, 17.02.1985 ж.

 

 

 

Тоқтатып мені қария

 

Тоқтатып мені қария,

Жарадың балам жарадың.

Атаңның орны дария,

Ашылсын бағың қарағым,

Өз ақылыңмен аяндап,

Өсіп те жаным келесің.

 

Деді де маған қарады,

Қарашы аға "Минуарды".

Қайда кетіп барады,

Үлкейіп кетті тамағы.

 

Деді де қария күрсінді,

Үндемей кеттім бір жолға.

Түсінгені болар осы деп,

Кездесіп тағы бір жолда.

 

Сөйлестім тұра қарсы кеп.

Түсің қария мен кім деп.

Ол теңтегің ақын ғой,

Өмірде қалар білгін деп.

 

Сол Минуар бұл күнде,

Екі-үш кітап иесі.

Ақындардың келеді,

Атойлатып ағасы.

 

Содан кейін қария,

Жақсы көрді тентегін.

Кәсіп етіп келеді,

Өзі сүйген ермегін.

Сарыжаз, 18.06.1985 ж.

 

 

Құс арманы

 

Қанат қағып балапан ұша алмады,

Ұшу оның туғанда болды арманы.

Көмек сұрап жаутаңдап ана шағала,

Анасына қарап ол шырылдайды.

 

Биікке балапанды лақтырдым,

Ілінді бір ағаштың ол басына.

Жанында менде оған қарап тұрмын,

Анасы қайта келді баласына.

 

Шағалалар теңізге қайта қонды,

Денесін түйе өркешті толқынға ұрды.

Су астында сүңгіді балықтай боп,

Таза ауаға тағыда көтерілді.

 

Шағалалар кетті ұшып ұясына,

Бірақ та ол да баласын қия алсың ба.

Қос сұңқарлар аспанда қалықтайды,

Сәлем беріп адамның баласына.

Сочи, 20.02.1985 ж.

 

 

Көңілшек

 

Ақ көңіл неткен жан едің,

Жайыла түсіп әркімге.

Тәуелді ме едің сен оған,

Сыйқынды олар білді ме.

 

барады әне өсектеп,

Ішіп жегенін есептеп.

Түсінбеген наданда,

Өйткен сыйың не керек.

 

Өзіңе де обал жоқ,

Бір басыңда досың көп.

Ақылыңда жетеді,

Түзу жүрер жолыңды ұқ.

 

Оңбағандар осындай,

Кездеседі өмірде.

Көрінеді досындай,

Кір қалдырып көңілге.

Сочи, 20.02.1985 ж.

 

 

 

Бұл кім еді

 

Кеше бұның тұқымы құрып еді,

Тіріліп қайта тағы тұрды ма енді.

Жапандағы жалғыздың үні шықпас,

Қамшыменен төбеден салғын деді.

 

Төрт жастағы ол кезде сәби кезім,

Менде аңғарып қалып ем елдің сөзін.

Адам болып қатарға қосылғанда,

Туыспын деп атады маған өзің.

 

Мен бар жерде көкем деп мұнаяды,

Мен жоқ жерде өсегі молаяды.

Көре алмасаң бірер ай бұл туысты,

Келмедің деп тағы да кінәлайды.

 

Бұл кім еді мен-дағы жауынгермін,

Ұлымын ғой кешегі кемеңгердің.

Ақ қабағым жарқырап жұрт алдында,

Көшін бастап келемін мен елімнің.

Сочи, 21.02.1985 ж.

 

 

 

Толқындар

 

Бәйгеге қосқан аттай боп,

Жарысады толқындар.

Кетеді кейде шатқал боп,

Түйе өркешті сағымдар.

 

Өші бардай жағаны,

Ышқына кеп ұрады.

Ақ көбігі шашырап,

Бураға ұқсап қалады.

 

Алды жота болады,

Ортада ойпаң қалады.

Ақ толқындар жарасып,

Ақ жалау боп барады.

 

Өте күшті құдірет,

Су бетінде жатыпты.

Талай кеме талқан боп,

Су түбіне батыпты.

 

Бара алмайсың жақындап,

Күші оның керемет.

шағала жүр қанатты,

Толқынменен би билеп.

 

Қара теңіз жағасы,

Толқын билеп тұрады.

Самарқау ғана самалы,

Аймалап мені барады.

Сочи, 21.02.1985 ж.

 

 

Шектемегін

 

Мен болдым талай жерде, талай елде,

О, досым көргенімді сен көп деме.

Болмадың деп тағы да анау жерде,

Жолдасым өкпелеме, өкпелеме.

 

Өкпелесең мен-дағы өкпелімін,

Есептеші өмірім көп пе менің.

Жетпейді көп дегенің өміріме,

Шектемегін сен мені шектемегін.

 

 

 

Жырлар

 

Жырлар, жырлар,

Өтті жылдар.

Біреу өлсе,

Өмірді біреу жырлар.

 

Өтті жырлар,

Кімде мұң бар.

Арым таза адаммын,

Таза жырлар.

 

Жырлыр, жылдар,

Егізісің өмірдің.

Жырлар сен де,

Құдіретісің көңілдің.

 

 

Мақсатыма

 

Қанша жыл "Жалғыз" болып атаңғанда,

Бұл сөзді отыз екі жылдай жаттағанда.

Мәкетай сен-дағы папаңа ұлы атаңдың,

Дүниеде ең бақытты мен болғанымда.

 

Мәкенім папасына серік болған,

Папасы мен Аршатының қорғанысың.

Екі әкпе, бір іні, екі қарындасың да,

Папаңнан кейін сені қуат қылсын.

 

Мәкетай сенің жолың өте бөлек,

Өмірде нағыз адам болу керек.

Өмірге бір келеді бұл адамзат,

Келемін сені міне құлыным деп.

Алматы, 29.02.1987.

 

 

Қырықтың асып қырқасын

 

Ей, жарандар, қырыққа келдім қараңдар!

Күтіп тұрма тойымды, ақ ниетті адамдар.

Иіліп сәлемімді беремін мен,

Қырыққа келген ортаңда қыран бар.

 

О, балалық менің жас шағым,

Артыма қалай тастадым.

Білмейде қалдым мен өзім,

Ағарған самай шаштардың.

 

Дүниеге де келген кез,

Тобылғыны ат қып мінген кез.

Уайымсыз, қайғысыз,

Жалаң-аяқ жүрген кез.

 

Қозы-бұзау баққан кез,

Жағалай суды шапқан кез.

Ақ сүйек қуып ақ түнде,

Танаға мініп шыққан кез.

 

Думаны көп қой қазақтың,

Бәйгеге мінуге жараппын.

Құран мен ат бәйгесінде,

Сұнқары болдым қанаттың.

 

Қырықтың асып қырқасын,

Мінездер қалды бұрқасын.

Думанды өткен күндерді,

Қайтіп бір адам байқасын.

 

Аттап бір өткен күндерім,

Көңілді өткен түндерім.

Келмейсін енді айналып,

Артында қалды келбетін.

 

Өтті ғой күндер шырайлы,

Күтудемін алда күндерді.

Арттада қалып барады,

Күндерім менің көп жылғы.

 

Алдыңда елу күтуде,

Өмір болса көруге.

Сыңдарда әлі кездесер,

Қуат бер Алла жеңуге.

 

Өмірге келге адаммын,

Адал бол деймін қадамым.

Арамдықтан аулақ боп,

Адам боп мәңгі қаламын.

 

Сақтағын адам қасиетін,

Қорғағын бабалар өсиетін.

Атадан қалған ұлы сөз,

Ұрпаққа қалса дегенім.

Алматы, 22.12.1984.

 

 

АРМЫСЫҢ  АТА  МЕКЕН

 

Армысың ата мекен асыл елім,

Сағынып мен Алматыдан тағы келдім.

Қусырып сәлем берем үлкендерге,

Кешегі балапанын Зяданын.

 

Ұяңнан шыққан едім қанаттанып,

Ағамыз Мұхамеджаннан сауат алып.

Ары қарай білімімді жалғастырған,

Ағамыз Қанағатқа айтамын рахмет.

 

Әруағы ата-баба қолдап келеді,

Әр сөзі туыстардың қанат береді.

Еске алам өздеріңді күндіз-түні,

Құс болып балапанын самғап келеді.

 

Намысын әруағымның қолдап келем,

Балалық кезімдегі арманым еді.

Атадан болсын дағы жалғыз қалған,

Елім бар қуатымен қанат береді.

 

Бабамның қоныс жеткен Тұзкөл жері,

Албанның Құрманының Елікбайы.

Жақсының ұрпағы боп артта қалған,

Кешегі мен болымын Қожалымның...

 

Атым бар баба қойған, Зядан деп,

Болсың деп халқы үшін дана адам деп.

Әруағыңнан айналайын Өзипа апам,

Тілеген бақытымды жалғызым деп.

 

Қостаудың қойнауында жатқан толқып,

Көрінеді жарқырап Тұзкөл балқып.

Ашылған тоғыз құлақ суыменен,

Республикаға аты оның жатыр тарап.

 

Суы емес соры да оның шипа екен,

Адамдар шипалығын ұққан екен.

Балшығын Алматыға тасып жатыр,

Жеріне санатория орнар мекен.

 

Бабамның басқан ізі асқан ғасыр,

Өзінде көп шежіре әлі жатыр.

Шығады түзгенімнен талай жұлдыз,

Ғалымы, депутаты және батыр.

 

Талмаймын, шаршамаймын, қала алмаймын,

Ешкімге түзгенімді қия алмаймын.

Бабамның бір көзіндей мөлдіреген,

Бір көруге әрқашанда бір арманым.

Алматы, 26.01.1990 ж.

 

 

Баркөрнеу

 

Атыңда даңқты ғой Баркөрнеуім,

Суанда сенен биік тау көрмедім.

Өзіңнің еңсене ұқсап ер тумасам,

Алдында алқа көптің «әудер ме» едім.

 

Атыңда ерекше қасиетті атамекен,

Кім сені «Баркөрнеу» деп атады-екен.

Жер асты ураныда сыртқа шығып,

Саған да соның мұны бата ма екен?

 

Баркөрнеу, басың, биік, баурың төскей,

Бір қараса биігінде бар мол теріскей.

Ағайын, туыстарға деген ризалық,

Қалады-ау, бәрі де үміт, көрген түстей.

 

Баркөрнеу, тау сұңқары қырандайсың,

Кемдік деп, кедейлік деп ұялмаймын.

Іздесем шаттық, байлық табар едім,

Мен-дағы, тек өзіңді қия алмаймын.

Жаркент, 15.01.1986.

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх