Ақ гүлім | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Аға рухына Әні: Т.Қосандікі Марқұм ағам Саркеұлы Дайырманның рухына арнаймын
Екі жетім, екі жесір ұлымыз, Бір еді ғой сырымыз да, мұңымыз. Ажал оғы ойран еткен заманда, Бірімізбен табыстық қой біріміз.
Құдайдағы, адамдағы бөлмеген, Қожалым мен Сәркені де тең көрген. Қос аққудай айдын көлде бір жүздік, Мен боламын бір өзіңді іздеген.
Мен жыласам, сен де қоса жыладың, Қиындыққа сен де бірге шыдадың. Артқа тастап кете бердің, жан аға, Ізін тастап ұмытылмайтын жылдардың.
Қырық тоғыз жасыңда сен жеткенде, Тоңы ілінбес, жер қыртысы кетпенге. Ауырғанмен қиналмады жаныңыз, Денең жатыр таудағы көк бөктерде.
Айтқаның бар қызығыңды көрмедім, Кереметтігің бе, бүгінгіні сезгенің. Өз басыңа дұғамды окып бастарда, Мені ұзақ біткенімше тербедің.
Таңғалғандар, бұл қандай деп керемет, Көз көргенге куәміз ғой, не керек. О, Зиядан, тербеді-ғой әруақтар, Тәуба, тәуба деді халқым оны елеп.
Бұл құбылыс аңызға да айналды, Аңсап елін інің құшақ жайған-ды. Рухы да әруағымның риза боп, Орындалған сияқты іні арманы.
Тарылғанда, тартымсыз да болғам жоқ, «Өзгертіп атты мәнсапқор» да болғам жоқ. Артында калған ұрпағы адал болса егер, О дүниелік әруақтарда арман жоқ. Алматы – Сарыжаз – Алматы. 16 қыркүйек 1995 ж.
«ШАҒАНГЕР » ӘНІ ӘКЕ МНІҢ
Былдырлап тілім шықпаған, Өмірді әлі ұқпаған, Өңіңді қайдан сезейін, Болмаған еді нық кадам.
Санамда сөзің арайлап, Жолдарда жүрдім қарайлап. Жабырқау көңіл жәй таппай, Жүрдім мен, саған алаңдап.
Әкесін көріп басқаның, Жүргенде талай жасқанып. «Қу жетім» деген сөзді естіп, Есімде жылап қашқаным.
Басыма құдай салғанда, Көндім ғой мына жалғанда, Артында қалған белгің жок, Жүрмін ғой енді арманда.
Атыңды еске жаттадым, Көңілге түйіп сақтадым. Қожалым ер деп ұрандап, Өзіңмен әркез мақтандым.
Туылдың ата мекенде, Сүйегім қалды шет жерде. Рухыңды сезем жаныммен, Үйімнен шығып кетерде.
Өткеріп өмір азабын, Тарқатып тірлік базарын. Жай тапсын жаның, әкетай, Атыңды білер қазағым.
Елу жыл бұрын өткенде, Қуарып ағаш кеткенде. «Шағангер» атты әніңді, Естіртті маған Тұзкөлде.
Әніне басса «Шағангер», Тоғызды әкең алам дер, – Деді де бір сәт, Мысакең*, Шырқады баяу мәнермен.
Сынап та жүрмін шамамды, Ұштап та келем қаламды. Өтседе зулап талай жыл, «Шағангер» кайта жаңарды.
Әкемнің әні шабытты, Маған да шабыт дарытты. Әнім де шықты жаңғырып, Сүйсінткен сазы халықты. Алматы. 1993. * Мысакең – Мысабай Сәлбенбекұлы Тасбаев. Бүгінде жасы тоқсанға таяды.
Жеңгелер Әні: Эльмира Жаңабергенованікі
Атымды еркелетіп еркем деген, Сөзінің мәнерімен көркемдеген. Ағаның аманатын алып келіп, Қайным-ау, енді ағаңа кетем деген.
Сапарға аттанарда алысқа мен, Ауылдан кеп, қош айтып, ақыл берген. Баласы «Ақ апамның», «қайным-ау» деп, Маңдайдан жаныма кеп, бір иіскеген.
Сол жеңгелер азайып бара ма әлде, Әр үйдің отын жағар таңсәріде. Қалған жалғыз «жақсыдан» аман бол деп, Тілеу тілеп жүретін маған күнде.
Әлі есімде балашақ, жігіт кезім, Жеңгелерде тұнатын мөлдір сезім. Еркелесем ойымды түсінетін, Ата салтын сақтаған алтын жеңгем.
Ағалардың ұрпағын өсірдіңдер, Қатесін кеткен талай кешірдіңдер. Ибалықты ұрпаққа жалғастырып, Ана атың жаңғырды есіміңде.
Сапарға мен алысқа барарымда, Қарадым жеңгелердің қабағына. Кешегі тұлымды кыз, әдемі жар, Кәрілікке сыр беріп қалғаны ма?
Ақ ниетті, аңқылдақ айдай жеңгем, Ағам сүйіп жарым деп таңдап келген. Сағынарсың, сарғайып көп күтерсің, Тілек тілеп қайнысын арман еткен.
Біз келеміз үмітпен арманға өрлеп, Биіктерге қашанда кұлаш сермеп. Азаймасын жеңгелер қатарларың, Жүрейік сіздер барда біз еркелеп. Тұзкөл – Алматы. 1995.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | |||
|