Ақ гүлім
10
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Өз абыройларын өздері жоғалтты

 

Көреалмағандар «Өлді деп» мені таратты,

Содан бері, «Тірімін» талай таң атты.

О Жаратушым, емшіні «Құл» еткен надандар,

Өз абыройларын өздері бүгін жоғалтты.

 

«Заңсыз» ұйымым заңды болды бұл күнде,

«Заңдылар» құрып барады міне, әр түнде.

О тәңірім, қуат бер мына құлыңа,

Қалмасын дақтар мәңгі болып жүректе.

 

Адал жандар ор қазсаңда түспейді,

Жыландар, әлі арамдық талай тістейді.

Ақтың жолын Алласы қолдап тұрғанын,

Бағы тайғандар бұдан былай білсе игі.

Алматы, 6.02.2007.

 

 

 

Құдірет күші билеп алды арманды

 

Құдірет күші билеп алды арманды,

Көріп те келем опасыз мына жалғанды.

Қабағы түсті жайдары кеше халқымның,

Білмеймін Алла, бұған кімдер кінәлі?

 

Ұйқыда болмай, ұйықтағанды күзеттім,

Білмеймін әлде, жете ме менің мізетім

Айлықсыз еңбек, түсінер емес надандар,

Отына түсіп жатырмын күнде азаптын.

 

Халқым да, жақын туыс та,

Қойындас жармен жолдас та,

Түсінбей жүрген бір малғұн,

Алыстағы болар туыс та.

 

Бойдағы күші құдірет,

Тарауда әлде өріске,

Жеткендей толқын мамырқап,

Күн шығыстағы қуыста.

 

Сенесің мейлі, сенбессің,

Тағдырға тегі көнбессін.

Кешірім сұрап келетін,

Күндерді ерте сезгейсің!

 

Мамырқау мына таңдағы,

Құбылыс беті айдағы.

Өзгертіп жатқан жоқ шығар,

Құбылыс түрі жандағы.

 

О, Алла сенің сенемін сырлы сырыңа,

Шығасын өзің биіктің биік қырына.

Бармасамда пенденің өзі жанына,

Көрсеттің мені Шыңбұлақ шыңы қырында.

 

Мен болып сөйлеп, көрініп ием пендеңе,

Еңбегім жанып келеді, міне келеді.

Тағдырдың тәлкек еткені түсіп торыма,

Білемін ертең есебін әлі береді.

 

Мен жұмбақ адаммын алыс шабатын,

Надан емеспін аяқтан шалып қабатын.

Түсіңбейсің халқым, түсінерсің әлі де,

Адаммын сізге, махаббат нұрын шашатын.

 

Сен мені білесің бе, әлде күлесің бе?

Түсетін күнін келер күресуге.

Шамаң жетсе қара күш иесіне,

Бақыттысың дер едім тіресуге!

 

Абайда, Жамбыл емеспін,

Жаулармен қарсы егестім.

Өлгені келген, өшкені жанған ортаның,

Мұрасы үшін күрестім.

Алматы, 22.06.1996 ж.

 

 

 

Кешір мені, кешір енді кеш халқым

 

Кешір мені, кешір енді кеш халқым,

Мен пендемін жаны сүйген өз халқың.

Кетсе егер қателесіп, жең мен қол,

Әділ баға кір қалтырма бер халқым.

 

Асуынанда талай асу астым деп,

Мақтанбаймын, дәу кеудесін бастым деп.

Келсе-дағы «Айдаһарлар» алдыма,

Ойлағам жоқ, одан қорқып қашқым кеп,

 

Кімдер қосып жатпады адамдарың,

«Әулие» деп атауда надандарын.

Жерлестіктің жалауы көтеріліп,

Бәйгеге қосуда тай-байталдарын.

 

Байтал шауып бәйге алса, күлерміз біз,

Жүйрігін жүз ішінен тереміз біз.

Қалып қалса бәйгеңіз жол ортада,

Өкпелемей ешкімге кетесіз Сіз.

 

 

 

Балалық дәурен, жас дәурен

 

Балалық дәурен, жас дәурен,

Көкпарда серкеш өңгерген.

Ақ боз үйде той болса,

Кешке өлеңге үлгерген.

 

Қолтыққа қысып дәптерді,

Әліппені ашуға беттеді.

Мектептің ашып есігің,

Алыстап одан кетпеді.

 

Аялаған мектеп ұясын,

Он жылды қалай қиясың.

Өсиет қалды көңілде,

«Оқысаң адам боласың».

 

Балалық дәурен бітті де,

Жігіттік дәурен басталды.

Балалықтың қылығын,

Бір жолата тастады.

 

 

 

Шыға да келді «болыс» боп

 

Ей жастығым, әлде мастығым,

Болған жоқ маған қастығың.

Өмірге келді жаңадан,

Болыс деген бастығың.

 

Тобылғы қурай, құрақ шөп,

Аралап жүрген елде көп.

Кешегі ғана жыс бала,

Шыға да келді «болыс» боп.

 

Мәпелеген тұлпарға,

Мінгізді елім сұңқарға.

Күтіп тұрса алдымнан,

Институт деген мекемен.

 

Бес жылы кетті өмірдің,

Білімнің сырын шешем деп.

Ашылды сыры көңілдің,

Түймекүліме қосты жетелеп.

 

Шаттықтың шамын жағам деп,

Қайтадан келдім ауылға.

Кішілік жасап берем деп,

Арттағы туыс-бауырға.

 

Осылай өмір басталды,

Жастық шақ артқа тасталды.

Жазамын деп ойлап едім,

Осындай бір дастанды.

 

Дастан емес немене,

Өмірдің өзі шежіре.

Сұңқарда болып жүремін мен,

Өзім өскен елімде.

 

Инженер-энергетик мамандығым,

Ешкімге де болмады жамандығым.

Аймағын Нарынқолдың жарқыратып,

Орындаудамын «Ильичтың» аманатын.

 

Жарқыратқан әлемді электр,

Электр елге керек бір.

Жүрегі болып планетаның,

Колхозда және ГРЭС-те.

Бақыттымын дей алам,

Партия қайда жіберсе.

 

Бүгінде жаным жылайды,

Сырғайда дауысым ырғайды.

Басына түссе ауырлық,

Көресің әлі қайдағы.

 

Елдің де болдым қаймағы,

Жолдаста болды қайдағы.

Ауыршылық заманда,

Қоқысқа ұқсама сайдағы.

 

Жалғызы едім атаның,

Артынды қалған жалғанда.

Әкесіз өсіп өмірден,

Кездестім талай қайғыға.

 

Жолмай кеткен туыстар,

Қайтадан келген күн туды.

Кеткенде елден көшіп мен,

Жалғыздық деген күн туды.

1987.

 

 

Қуаныштың шаттығы

 

Қуаныштың шаттығы жалғасып тұр,

Құдірет бір құдайдан жармасып бір.

Өзім жалғыз болғанмен ел біледі,

Айналайын ата-баба әруағы пір.

 

Ата-баба әруағы күш береді,

Күш келеді, көзіме іс келеді.

Қанша жерге барып мен тоқтар екем,

Кім біледі, а, Құдай кім біледі.

 

Бір құдірет келгенің бірден сездім,

Айта алмай бір сөзімді кірбеңдедім.

Денемде бір сезім күш билеп алды,

Бойымда сезілді құдіреті бір кереметтің.

 

Асықпаған арбамен қоян жетер,

Айналайын ақ елім батаңды бер.

Батаңды бер бабалар, әруақтарым,

Ұран ғып аттарыңды атап өтер.

19.07.1990.

 

 

Нұрын төгіп ғаламның жер бетіне

 

Нұрын төгіп ғаламның жер бетіне,

Сұлулық ұқсап кеткен келбетіне.

Әулиелі аталар әруақтары,

Бойымды кетті міне тербетіпте.

 

Көк аспаннан естілген ғаламат үн,

Кетпейтіндей есімнен ғажайып түн.

Сағыныштың сазындай үніне ұқсап,

О, дүние-ай ғажайып бүгінгі түн.

 

Батасы ақ ниеттер қабыл болды,

Қайтадан гүлдегендей көңіл толды.

Бәрінде ажыратып берген кезде,

Аянмен өзіме қасиет қонды.

 

Әруағы ата-баба алып шықты,

Еліме жарты жылда таныстырды.

Тағы да басталғандай жаңа күрес,

Алдымнан қараниеттер тағы шықты.

 

Кездесті талай-талай маған мықты,

Әруағы Райымбек алып шықты.

Қолдаған құдіреттің қоршағаны,

Темір торлар ішінен алып шықты.

1991.

 

 

Жетісай мен Киров еліне

 

Сабыр, сабыр сабырды,

Сағынып келдім сағымды.

Жетісай мен Киров еліне,

Сынапта келдім бағымды.

 

Сәлем берді аспанда,

Жұлдыздардың сағымы.

Түнделетіп жеткенде,

Найзағайдың жарқылы.

 

Әруағы қолдап демеді,

Ешкімде мені бөлмеді.

Айналдым елім өзіңнен,

Таныған менің сырымды.

04.06.1994

 

 

Райымбек баба әруағына

 

Айдаһардай жауына қарсы тұрған бабамның,

Еске алмай әруағын қалай отыра аламын.

Қылышымен қақ жарған қара тастың қойнауын,

Өз атын өзі ұрандап дарияны қақ айырған.

 

Бабаларым қалдырған мен жалғыз жаманмын,

Бабам басқан жерлерден мен көремін іздерін.

Өтсе-дағы бір ғасыр өлмейді екен әруақтар,

Білмей қалдым мен-дағы келгенін баба әруағын.

 

 

 

Өтпейді күнде уақыт

 

Өтпейді күнде уақыт,

Қараймын келген ел жаққа.

Қалған еді елде көп бақыт,

Көрінсе деймін сол жақта.

 

Отырма күнде папам деп,

Папаң бөпем келед деп.

Амандық тілеп жолыма,

Мені де ойлап жүр ме деп.

 

Әне-ау деп папам Нұршатым,

Әкем деп күнде Гүлшатым.

Отырма екен жаутаңдап,

Мақсатым мен Аршатым.

 

Кірсе де есі тайраңдап,

Қалатын күнде сайраңдап.

Ләззатым мен Гүлзатым,

Оларда жүр ғой папалап.

 

Алыстан болжап көретін,

Бақылап сырттан жүретін.

Серігімсің ғой сен маған,

Сырымды жалғыз білетін.

 

Туада жалқы болғанмен,

Өмірде жалғыз емеспін.

Көрінер маған күн болып,

Сен менің жалғыз гүлімсің.

Алматы, 31.03.1987.

 

 

Өттім талай өткелден

 

Өрледі көңіл, өрледі,

Есіктен басым төрледі.

Ойламаған жерімнен,

Басыма бақыт келген-ді.

 

Кешегі қайран өмірім,

Дария болды көңілім.

Апаның ақ тілеуі,

Баласына қондырды киесін.

 

Қиында жолдар кездесіп,

Өттім талай өткелден.

Жақсы адамдар жүздесіп,

Тағдырымды шештім мен.

 

Қазақтың жерін шарладым,

Алысқандарды қоймадым.

Тағдырымды тәлкек еткізбей,

Емшіліктің сақтадым қаймағын.

 

Қиында қиын кездерде,

Шыдадым талай сөздерге.

Намысын қорғап киенің,

Көтерілдім талай белеске.

 

Сиқыршымен де күрестім,

Дуақанмен де тірестім.

Жалғасып келеді өмірде,

Таусылмайтын күресім.

 

Қанша жерге барамын,

Қандай жерде қаламын.

Маңдайдағы үш әріп,

Таба алмадым шешімін.

 

Әлі де талай кезеңде,

Кездесер қызық өмірде.

Көре алмайтын күңдестер,

Кір келтірді көңілге.

 

Атадан тудым бала боп,

Ойламадым осылай болам деп.

Жаратқанның жазмышы-ай,

Шипагерлікке қалдым мұра боп.

 

Шетелде болдым, сынастым,

Талай-талай қыр астым.

Көзіңде ашып келемін,

Түсінбейтін жуастын.

 

Мыңдармен жалғыз күресіп,

Тілсіздермен де тілдесіп.

Жалғастырудамын өмірді,

Елдігім үшін көрініп.

 

Қаншама дүре соқпады,

Оғыңда тура оқтады.

Жібергенмен арам ниетін,

Денеме дарып батпады.

 

Жалған-ай, жалған, жалған-ай,

Орындалған ба арман-ай.

Жалғыздың жары Жаратқан,

Сынақтан өтсем болғаны-ай.

 

Мәңгілік өмір болмайды,

Арамдар көңілі толмайды.

Басыңды исең жауына,

Әруағыңның өзіңді ұрғаны.

 

Қорықсаң қорық Алладан,

Бәрімізді ол жаратқан.

Адамдардың бәрі бір,

Бір анадан жаралған.

             ***

Мейіріміңдей ананың,

Құрметіңе айналдым.

Жайқалған орман көк жасыл,

Көңілді менің қазағым.

 

Келгенде аңсап алыстан,

Тіліміз бірден табысқан.

Мейіріміңнен білінді,

Ұлдары байтақ Жайықтың.

24.09.1992.

 

               ***

Кешегі сәби бүгінде орта буынды,

Жігіт те болып өскенінді олда ұғынды.

Ширекте ғасыр шежіресін баяндау,

Кімге де болса, жазу ауыр-ды.

 

Арттағы қалған өмірдің өзі бір тарих,

Ей, адамдар қалдырдың одан не алып.

Күндегі күйбең тіршілік қой баяғы,

Барады самай біліңбей ол да ағарып.

 

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх