Ақ гүлім
2
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Бұл еңбегімді балаларымның анасы, немерелерімнің

апасы ақылшым, қорғаушым, ақ ниетті, ақ жарқын көңілді,

өмірлік жан серігім Албан Қожалым келіні көріпкел-емші

жұбайым Түймекүл Құлмаханқызына сыйға тарту етемін.

Автор

 

Әндер

 

f

 

ҚҰДІРЕТ

Әні: автордікі

f

 

Кімдер кепіл тағдырдың сырларына,

Кімдер жетпек таулардың қырларына.

Құдіретін бір Алланың білмеппіз-ау,

Шипасын тигізерін кұлдарына.

 

Кеткенде ауылым-ай өкпелі ме-ең,

Сондағы іздеп менің кеткенім – ем.

Алланың ақ пейілін сезінген соң,

Мен қалай ізденбестен текке жүрем.

 

Бар шығар мына маған наразылар,

Бір Алла ол бір жағын таразылар.

Сол алла әруақ жолын баста десе,

Көңілдің басқа қандай шарасы бар.

 

Сезімтал барлық адам жүгінетін,

Есіткен кұлақ біткен түрілетін.

Бұл күнде әруақ қолдап, барады асып,

Елім үшін шапағат құдіретім.

 

Арманым орындалды көңілдегі,

Іске асып мақсаттарым өмірдегі.

Дос-жарандар ақ ниет көбеюде,

Райымбек әруағы колдап мені.

 

Барамыз әруақ қолдап асқар асып,

Перілер кетіп жатыр бізден қашып.

Сабырлық берсін алла, Зияданға,

Кетпесін бұл өмірден асып-тасып.

 

Қолда! Қолда! Қорға! Қорға!

Батыр бабам әруағы Райымбек.

Қорға! Қорға! Қолда! Қолда!

Батыр бабам әруағы Райымбек!

 

Райымбек! Райымбек! Райымбек!

Райымбек! Райымбек! Райымбек!

Райымбек! Райымбек! Райымбек!

Райымбек! Райымбек!

Алматы. 7 маусым 1992 ж.

 

 

ӨЛЕҢІМ

Әні: автордікі

f

Мұқағали әруағы қолдап жүр ме,

Әруақтары бабалар қорғап жүр ме.

Ақыны боласың деп бұл заманның,‌

Ақ тілеуін алдымнан жолдап жүрме.

 

Оқыса халқым жазған өлеңімді,

Білгені ғой өмірге керегімді.

Көре алмайтын дұшпандар табылады,

Ата тектен қонған бұл өнерімді.

 

Қасиеті казақта дара болған,

Ұрпағымын Әлмерек аңыз еткен.

Рухы қолдап батыр бабалардың,

Жақсылыққа халқымның қолы жеткен.

 

Мұра болған атадан өнерімді,

Қастерлеймін қашанда өлеңімді.

Өлеңім – ол мұратым, күш-қуатым,

Өлеңіммен танытам мен елімді.

Алматы, 1989 ж.

 

 

 

Адалдық

Әні:  автордікі

f

Адамдығым — ол менің адалдығым,

Бойымда дарын да бар, сана, білім.

Жүрегім ақ, жаным да таза менің,

Халқымның пір тұтамын даналығын

 

Сыйламайтын туысты туыс демен,

Бір-біріңді көңілмен ұғыс терең.

Бұзылмасын адамдар ынтымағы,

Болған тату отауға ырыс келген.

 

Адамдар жолдас, бауыр бір-бірімен,

Тірлікте татулықпен тамырласқан.

Арбасқаннан не пайда жыландай боп,

Сыйласқан жөн өмірде жақсылықпен.

 

Тұлабойдан көрініп адалдығың,

Адал ісін лаулатсын саған нұрын.

Арамдықтың түтінін бықсытпағын,

Адалдықты аңсауда адам бүгін

Алматы, 1987 ж.

 

Күндемегін

Әні: автордікі

f

Күндемегін ей досым, күндемегін,

Күндесең де іштен тын, үндемегін.

Іште сақта сырыңды, аша берме,

Жүрген жоқсың қасымда күнде менің.

 

Өлең келер түсіме күнде менің,

Жырда жаркын көңілім, бірге демім.

Ойым менің нұрланар жыр-өлеңмен,

Адамы сияқтымыз бір кеменің.

 

Жыр-кемеде тербеліп шабыттанам,

Өлең жазсам бір жақсы – бақыт маған.

Жыр жазғанда тасимын, шаттанамын,

Көтерілем құсқа ұқсап қалықтаған.

 

Күндемегін ей досым, күндемегін,

Жан сырымды жырымнан білген елім.

Адалдығын аңғартқан ақ көңілді,

Ары таза адамға шын сенемін.

Алматы. 1990.

 

Өмірім

Әні: автордікі

f

 

Өмірімді айта алмаймын жаман деп,

Ұмтыламын мақсатымды алам деп.

Алға қойған бағытыммен жүремін,

Апам айтқан арман етпе жоққа деп.

 

Көп жасаған айта алмаса өсиет,

Көп көргеннен табылар мол қасиет.

О, тағдырым, үміттеніп келемін,

Жақсылығымды бір өзіме нәсіп ет.

 

Адамдарға ойламаймын жамандық,

Кімді өмірде көгертеді арамдық.

Кішіпейілділік халқымызға жарасқан,

Тілейтінім — имандылық, адалдық.

 

Кімдер жеткен арманына жалғанда,

Бұл пәниде сірә армансыз жан бар ма?

Биігімді алсам болды діттеген,

Ұмтылмаймын қол жетпейтін заңғарға.

 

Өмір жолы ауыр бірде, жеңіл де,

Алла берген өлшемі ғой тегінде.

Қайғысы мен қуанышы бір жүрер,

Күніне сан өзгереді көңіл де.

 

Мынау менде жоқ қой дейтін зарланып,

Қу дүниеге қалғандар бар арбалып.

Байлық, мәнсап қуғаныңмен алдамшы,

Өмір мәнін көрген жақсы аңғарып.

Алматы. 1992.

 

Ақ гүлім

Әні: автордікі

f

Толқиды теңіз тербейді,

Толқын-ой, маза бермейді.

Ақ гүлім, өзің ән болып,

Жүректің сазы кернейді

 

Қайырмасы:

 

А-А А АА-А

Теңіздей толқып арайлым,

Асығып саған барамын,

Ай, Ақ гүлім, Бақ гүлім,

Арналды саған бар әнім,

Ақ гүлім-ай, бар әнім.

 

Самалы соқса теңіздің,

Жоқтығынды сезіндім.

Аяулы жарым, ақ гүлім,

Өзіңмен бірге егізбін.

 

Қайырмасы:

 

Ай дидар, ақ гүл – ажарым,

Балаларым ғой базарым.

Өзіңсің бақыт, қуатым,

Ақ гүлім – жырым, саз-әнім.

 

Қайырмасы:

 

Сочи қаласы, ақпан, 1984.

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх