Ақ гүлім | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Түйінді ойлар
Қазақтың ұл-қызы, Астанаға жиылды. Құдірет күші осында, Келуге мені бұйырды. *** Еңбегім менің ақталып, Атымда қалды жатталып. Баспасөз бен ақпаратта, Жатыр ғой күнде үгіттеп. *** Басталды сайыс бірден-ақ, Шабуылға шықтым жалғыз-ақ. Кеудемді қысқан құдірет, Арналғандай жауларға-ақ. *** Ағаш басы тербелсе, тербелемін, Барлық жанды өзімдей тең көремін. Құны бардай әкемнің бұл өлеңде, Мәңгі бақи жарысып мен келемін. *** Әйелің болса ақылды, Атағын шығар аспанға. Жаман болса алғаның, Жата бер жастық жастан да. *** Ұрынсаң егер пәлеге, Әйгілі болар әлемге. Сондықтан ойлан достарым, Жарайтын болғың кәдеге. *** Айту керек ақылды, Жеткізем десең дәлірек. Түсінбеген наданға, Ақыл айту не керек. *** Адамның бәрін жаман деп, Мекеннің бәрін панам деп. Көп айтқаннан не пайда, Айтпаса халқың данам деп. *** Көп сыйлы шешен болғанша, Көре сап көсем болғанша. Туа сап неге болмадың, Аспандағы айдай боп. *** Адал достың қадірін, Алыста жүрсең білерсің. Арам достың қадірін, Құм сияқты терерсің. *** Еңбек, еңбек еңбекпен, Келесін мәңгі бейнетпен. Бақытына арманның, Өмірінде кім жеткен. *** Сабыр, сабыр сабырым, Сабырым менің тағдырым. Сабыр түбі сары алтын, Сабырдан қорқар қабырым. *** Сап, сап, сап сары аяқ, Келеді әне алаяқ. Өзіне тілеп жаөсылық, Басқаларды қаралап. *** Оттай болып күйеміщ, Нардай болып желеміз. Кетпесін кәдең өмірге, Ақыры бір күн өлеміз. *** Қызғанғанмен не пайда, Тастаған қырып – жерін жоқ. Мақтанғанмен не пайда, Сыйлайтұғын елің жоқ. *** Біреулер аңқау болғансып, Арамдықты ойлайды. Біреулер марқау болғансып, Адалдықты ойлайды. *** Нелер бізде көбейді, Нелер бізде жоқ еді. Мақтанбағын ағайын, Жұрттың бәрі теңелді. *** Өмірде бар ғой баршылық, Көкіректе қалды – таршылық. Қайдан шықты демегін, Өсіп тұрған тал шыбық. *** Сынаймын деп біреуді, Сыналып өзің қалмағын. Сынамасаң шамаңды, Тістелер сенің қармағың. *** Ең күшті дін ислам, Исламнан мен ысылам. Бисмилла деп бастасам, Денемен қуат күш алам. *** Тағдыр мені жетеледі өрлетті, Төмен жақтан жоғарыға төрлетті. Жастығымда қиыншылық көрсемде, Үлкейгенде салиқалы төре етті. *** Мені жалғыз дейді жақын жұртымыз, Мұндай сөзді қазақ енді құртыңыз. Жалғыз емес мен екеумін енді біл, Халқым бар ғой есептеші екеуміз. *** Өткенсін бе қалай сенде ұятсыз, Тарих қозғап ей ағайын қайтесіз. Он болсаң да, жүз болсаң да сапаң жоқ, Жалғыз озса көре алмасың қайтесіз. *** Жауларымен келем міне күресіп, Адамдармен жүрмін күнде тіресіп. Түзу жүрсем, халқым оны көреді. Кетеді әлі меніменен ілесіп. *** Қайтпаймын мен жүрем алға тіресіп, Күш бермеймін дұшпаныма сіресіп. Сенбеймін мен адамдарға өмірде, Сөйлейтұғын басқа тілде тілдесіп. *** Жалғыздықтың тартып келем азабын, Сәтті болсың о, Құдайым қадамым. Ықыласын алсам деймін өмірде, Баталарын ақ адамның. *** Мен кетермін шығады тағы біреу, О, халқым көрсетпесін саған жылау. Халқыма арналады құдіретім, Мен саған тірліктегі жалғыз бұрау. *** Күресіп дұшпанмен күндіз түні, Естілмейді жалғыздың жалғыз үні. Селкілдеген серілер толып кетті, Көреалмас түсінбейтін осы күні. *** Жау кеткенмен үйімнен қыдыр кетпес, Тақиялы қазаққа ешкім жетпес. Ата жауын дүниеде досым деме, Өз еліне өмірде ешкім жетпес. *** Мен тоямын жоқ болса да тоямын, Өйткені мен кешегі жалқы баламын. Сансыздардан жалғыз ұрпақ болсам да Орындалса аманаты Өзипа апамның. 1991-1992 жылдар
ТОЛҒАУЛАР, ТЕРМЕЛЕР
ЖАНЫМНЫҢ МӘҢГІ ӨЛМЕС ЖАЛҒАСЫ БАР
Өлген өлер, өмір сүру жалғасады, Дүние бір-бірімен алмасады. Қонақ боп жер бетіне жаратылдық, Алдыда жаңа өмір жол ашады.
Сын етті басымыздан талай рет, Тәубе еттім, Тәңіріме қанағатпен. Атқарар ісімізді Аллам білер, Өткіз сен өміріңді адалдықпен.
Жаратқан тәңірімнің күштілігі, Ғарыштағы көрінді шың биігі. Аманаты сызылған адамзаттың, Әруақтың колында жүр күнделігі.
Көрсетті тауларымды асатұғын, Жауларымды кеудемнен басатұғын. Ешкім де, маған мұңып жатканы жоқ, Сен емес, пенде деді жаситұғын.
Жалғанды жалпағынан басқандарды, Көрсетті кеудемсіп, асқандарды. Өтуде бұл тірлікте бастан бәрі, Байлықтан басы айналып тасқандарды.
Алланың сынағынан өтіп жүрмін, Кейде мен кеңістікқе кетіп жүрмін. Сен қашан жәй табасың рухым деп, Деген сөзін әруақтардың естіп жүрмін
Тіршілік қуатымен нәр береді, Бір Алла тұлабойға әл береді. Шайтанның сұмдығынан сақта құдай! Ақ жолы иманымның елес берді.
Басыма түскен талай ауыр күнде, Ұйқысыз артта қалды талай түн де. Маңдайдағы үш әріп құпиясын, Білмесе екен, деп келем тірі пенде. *** Өлеңді жазайын деп жазғаным жоқ, Көкейде ізгілікпен маздар тілек. Айтамын бар сырымды осы өлеңмен, Құдайым мұны берді, арманым жоқ.
Маңдайда жұлдызымдай тұрған жанып, Жүр міне қасиетімді жұрт аңғарып. Өлеңді, жазуды да серік еттім, Жаныммен, жүрегіммен құмарланып.
Болса да нендей қиын жасқанбаймын, Көздегем жоқ, ешқандай бас пайдамды. Бір Аллаға сиынып жүрмін міне, Құтқарудамын үрейден сасқандарды.
Алланың суын ішіп бастауынан, Қорықпайтын жаным бар жасқанудан. Тәңірдің тағдырының ауыр жүгін, Сеземін, көтермесін басқа адам. *** Адам еттік нашарларды жолдан тайған, Қайта шапты өзіме ол антұрған. Киелі рух ордасын қорғаудамыз, Аңдыған ішкі-сыртқы жауларынан.
Күресумен талай жыл өтті өмір, Бірде ысып, бір суып кейде көңіл. Кездескен кедергіні бұзып өттік, Алдымыздан көрінді шапағат нұр.
Асқан кезде қырықтың қырқасынан, Жамандықты тілейді кім басына. Торына тәңірімнің мен іліктім, Бір жағдайға кезіктім бұл жасымда.
Тиістік, қарсыласка құйын болып, Көріндік, мықтыларға тиын болып. Сонда да алған беттен біз қайтпадык, Болса да бір сәттерде қиын жолым.
Жақсылық жолындағы күресіміз, Ол қосқан халқымызға үлесіміз. Арамдықты ауыздықтап жібермедік, Шешініп батырларша күрестік біз.
Арқамыздан кімдер келіп соқпады, Талай тиді жанымызға шоқпары. Жолы болмай ниеті арам надандар, Өз әруағы табанында тапталды. *** Мен қуансам, халқым сен де қуандың, Біткендей боп шарықтауы қыранның. Сұм пиғылдар, тайды сұрқай жолына, Демеп мені, шырқау шыңына шығардың.
Қой көтерер семіздікті жалғанда, Кетті-ау талай, асылдар да арманда. Қайырлы боп, жаңарып қайта халық, Тәупих берсін тәңір өзі жалғанға.
Арамдықпен түсірем деп торыңа, Тұзақ қойдың, тобырыңмен жолыма. Қалыңына сен табынсаң калтаңның, Мен табындым Құдайдың ақ жолына!
Келгенімде орта жасқа ой тұнып, Көңілімді отырсам деп жайлы қып. Бекер екен пенделіктің болжамы, Қызметіне тап болдым «дидар ғайып».
Биікпін деп кол созсаң да аспанға, Бір Алладан, тосқауыл бар сасқанға. Бір Құдайға, құлшылығың туар сол, Өксітіп бір өр кеудеңді басқанда.
Арманына жетсін алдан тілеген, А, Құдайым, молайт елдің ырысын. Жүрсін бәрі туыс болып ұғысып, Бейбіт таңман алсын әркез тынысын.
Жанымның мәңгі өлмес жалғасы бар, Тәңірдің бақылаушы айнасы бар. Адамдықты сақтайды бір-ақ нәрсе, Жан-тәніңнің тазалығы, иманы, ар. Алматы, 1995.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | |||
|