Ақ гүлім | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Қуаныштарым Әні: автордікі Сәби болған кешегі, Күндерің еске түседі. Мөлдір көзді балапан, Артымыздан есейді. Мойынға талай асылған, Күндерді еске аламын. Қылықтарына кызығып Жан рахатын табамын Сағына жұтар самалым, Корғаным, менің қамалым. Шапағат шашқан бәйшешек, Шаттығы ата-ананың. Бақытым сендер білемін, Өздеріңсің ғой тірегім. Қуатым – үміт, медетім, Қуаныштарым көретін. Қуаныштарым, қуаныштарым, Куаныштарым көретін. Карағанды, қазан 1992.
Туған күніңмен Әні: автордікі Бүгін тойлап туған сенің күнінді, Еске алдық нәрестелік түніңді. Ерке едің жас сәбидей кеше сен, Жарасатын /әп-әдемі/2 тұлымың. Өз ордаңның еркелеген гүлі едің, Жарқылдап жанған шапағатты нұр едің. Сезініп пе едің, сонау бір жастық шағыңда, Жар боламын деп, нәзік те іңкәр жүрегің. Қара шашың жарасып бір өзіңе, Көрінуші едің құлпырып менің көзіме. Самайыңа ақ та түсті мінеки, Келгеніңді орта жасқа сездің бе? Туған күнің ұмытылмас тәтті күн, Өзіңменен бірге көрер шаттығым. Тойлайықшы, көңіліміз серпілсін, Қызықтайық қуанышын бақыттың. Алматы. 15 қазан. 1992.
Көңілім Әні: автордікі
Домбыра ырғағына көңілім балқып, Шабыттанып кеткендей ойым шалқып Арман көп қой өмірде әр адамда, Болашаққа барады арман тартып. Жетем бе, жетпеймін бе арманыма, Ойымның шығу мақсат заңғарына. Иман жүзді адамдар көбейсе екен, Сыйынған бір Аллаға, әруағына. Қызығына өмірдің кім тояды, Егделік кеп жасың да ұлғаяды. Алдыдан талай жайлар ұшырасар, Тек қана орындалса ой, арманы. Қасиетті бабалар мекенінде, Денем жатса тауымның етегінде. Әруағым шыңға шығып қарар еді, Кешегі өткен өмірдің іздеріне. Карағанды, 30 қазан 1992.
Мейірбан жүрек шуағы Әні: автордікі Аққуы ма едің көлімнің, Аруы ма едің даламның. Осынау әнім шырқалып, Жырымды саған арнадым.
Байқамай қаппын жаныма, Аққудың ұшып келгенін. Қоңырқай күздің таңында, Көңілімді келіп тербедің.
Ой тербеп жалғыз жүргенде, Ойымды бөлдің бір демде. Мейірбан жүрек шуағын, Жүзіңнен көрдім күлгенде.
Ұғынған менің сырымды, Жүрегің неткен жылы еді. Арнадым осы жырымды, Жарыңның әппақ тілегі. Орал. 30.09.1992.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | |||
|