Ақ гүлім | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
Шағала ма едің шарықтар Әні: автордікі
Шағаласы ма едің теңіздің, Шуақты күндей қабағың. Сезімтал жансың дара бір, Жарқ ете қалды жанарың.
Шарықтап даусың далаға, Кетті ғой қалқып тарала. Жаңғырттың менің атымды, Жарқ еткізіп ғаламға.
Ойымды бөліп тың дара, Түсінген жалғыз сен ғана. Найзағай ойнап тұрғандай, Сілкінді байтақ кең дала.
Шағала болып шарықтап, Барасың көкке сен қалқа. Атымды менің алып бар, Қиялым жетпес шалқарға. Атырау – Нүкіс – Кызылорда. 31.07.1992.
Қаракөз қарындас Әні: автордікі
Ақ құсы болып арманның, Қайдан келдің, шырағым. Көптен бері өзіңнің, Шыңылдай ма кұлағың.
Елесі боп келдің бе, Жаны бір құштар ағаңның. Тұрғандай жанып көңілде, Аруы дарқан даламның.
Жанарың жалын лаулаған, Жасқанар адам қараған, Тимесін саған көз бен тіл, Жүргейсің, қарындас сен аман. Атырау. 21.09.1992.
Ынтымақты елім Әні: автордікі
Қазағымның келемін жерін шарлап, Желеп, жебеп жүр әркез мені әруақ. Имандылық еліме сәуле шашты, Жаратқан иеміздің өзі қолдап.
Егемендік алдық деп шаттанамыз, Тату болсақ өмірден бақ табамыз. Даламызда гүлденіп жайқалуда, Орындалды көксеген арман нағыз.
Діннен безіп, тілінен айырылған, Қазағымның азапты жайын ұғам. Жіктеліп бөлінбегін, бірік халқым, Әрқашан арта берсін ынтымағың.
Ынтымағың, ынтымағың, ынтымағың. Карағанды. 22.04.1993.
Сағымдай болып Әні: автордікі
Сағымда, сағым сағымның, Сағымы болып жанымның. Мен үшін жаным, аяулым, Жаратқаныңа табындың.
Сағымы болып ағынның, Алдында жүрдің жанымның. Аллаға иіп, басыңды, Ақ тілеу тілеп жалындың.
Қадалып талмай жанарың, Жолыма ұзақ қарадың. Нұр болып бейнең қасымда, Алысқа кетсем қорғадың.
Көзіндей болып анамның, Ардақтым мәңгі саналдың. Ұрпаққа тілеуің нұр боп Өзіңнен демеу табамын.
Жарадың жаным, жарадың жаным, жарадың. Ақтөбе. 20.05.1993.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | |||
|