Ақ гүлім | |||
Главная Вернуться Предыдущая Следующая | |||
НАРЫНҚОЛ ТҮЛЕГІМІН
Бір Ұлымын Нарынқолдың жайнап шыққан, Бастауынан бір тамшы қайнап шыққан. Шабыт берген, бойыма шипа берген, Дарыған Хан-тәңірідей заңғар шыңнан.
О, халқым, мен өзіңді қадір тұтам, Өйткені қасиет бар, ақындық бар. Таудан шықкан жанғырық мен болайын, Өздеріңді көруге жаным құштар.
Болашаққа көздеген арман-мүддем, Ұрпағыңмын дәстүрді жалғап жүрген. Сен күн болсаң, мен сенің шуағыңмын, Перзентіңмін, әруақтар қолдап жүрген.
Атымды талай елде білгенменен, Өз атыңнан нәр алып өрлеп келем. Сұрағанға Нарынқолдан түледім деп, Өзіңдей жер жаннатын мақтан етем. Қырым. Ялта. 5 қазан 1993.
АДАМ АЛАСЫ ІШІНДЕ
Туса тусын тағы біреу мендей боп, Тумаса екен әруақ жауы сендей боп. Тапаншаңнан қорқатын да емеспін, Арым таза мазаламас ешкім кеп.
Қайсарлықпен турашыл боп жалғанда, Сағым болып жетсем деймін арманға. Өмір алдан ұсынса да сан сынақ, Бәрінен де шықсам деймін шыңына.
Сенің тобың көп білемін санамай, Қасқырдайсың даяр тұрған талауға-ай. Сені ықтырар әруақтардың киесі, Менің жаным таза, әрі адал, бай.
Қасіретке де, қайғыға да көндім мен, Білек жуан болғанына сендің сен. Білдірмедім жақын, сырлас жандарға, Аянменен сенен бұрын сездім мен.
Жер бетінде сен жүрсің шаян болып шағатын, Жәй оғындай төбеңнен періштемін қағатын. Киелі рух қасиеті бойымдағы қуатым, Қара күшті, қарсыласты сабырлықпен жоятын.
Күресерсің, күрсінерсің, арамдықпен жүрерсің, Ей, алапес, ұлылықтың касиетін білерсің. Қай сайтанның құтыртқанын аңғарарсың түбінде, Бір Алланың торына кеп шырматылып түсерсің.
Мал аласы сыртта болса, адамдікі ішінде, Көріп тұрам жауларымды ұйықтағанда түсімде. Ақ жолымда жүре берем, адалдықты ұстанып, Алғыс болып алдан шығар қайырымды ісім де. Алматы, маусым. 1993.
ОТ КӨҢІЛІМ
Қайран ақыл не демеді, Ақымаққа шашылып. Су сепкендей неге көңіл, Қалдың-ау бір басылып.
Қылықтарын ұнамайтын. Жүрдім кейде жасырып, Қамқорлықты танытумен, Жақсылығымызды асырып.
Болғанымды, толғанымды, Көре алмаса не етпекпін. Дұшпанымды адам етіп, Мақсатыма жетпекпін.
Ақылын да марқұм апам, Айтқан талай кезінде. Кеш түсініп, мақұлдағам, Ойы терең сөзінде.
Көре алмайды кейбіреулер, Іс шарамды жасаған. Құдайшыл боп жақындасып, Тас атады тасадан. Шындық үшін шырылдағам, Соның жолын қуамын. Адамдарға ақ пейілмен, Төгем мейір шуағын.
От көңілім лапылдасын, Халқым үшін сөнбесін. Берерім де көбейе бер, Бір Құдайым қолдасын. Алматы. 25.03.1994.
ТӘУБЕГЕ КЕЛУ
Алла десем бойыма дарыды күш, Жөнге келер ойдағы ауырлық іс. Тегі адам болғанмен, сиқырлар бар, Бәрін көргіш, сезімтал, бәрін білгіш.
Адалдықты аяқпен таптап езген, Арамдар бар адамда ардан безген. Құны бардай қазақта «қара күштер», Небір сұмдық істеуде жалған сөзбен.
Бір Құдайға сыйынам, тәубе деймін, Жаратушым, жолымды қолда деймін. Айналайын ағайын батаңды бер, Ақ тілегіңді жолыма арна дейін.
Бабалардың рухы жүрсін қолдап, Ата-баба дәстүрін келем жалғап. Тәубе деймін істеген бар ісіме, Бір Алла қуат бергей өзің қолдап. Алматы. 1995.
Өлеңдер
Әр бір үйде
Әр бір үйде бір теңіз, Бір теңізде жүзгенбіз. Бір толқынның артынан, Талай жылдар жүргенбіз. Махаббаттың құдіретін, Сонда ғана білгенбіз. Мәңгі бақи келеміз, Бір теңізді ойлап біз. Сондықтан да сөзіміз, Айтылады оған Сіз. Күн болғанмен теңіздей, Толқыны жоқ адамсың. Махаббаттың жырындай, Мәңгі есте қаларсың. Сочи, 6.02.1985 ж.
Құбылмаңдар
Жыл мезгілі сияқты, Құбылмаңдар адамдар. Кездеседі өмірде, Әр ниетті надандар. Ей, жарандар, жарандар! Алды артына қараңдар. Ағайыным, тоқта сен, Келеді әне арамдар. Ал жолдасым дем алып, Жатырмын мен курортта. Өлең жазып отырмын, Мен жырақта сен сонда. Сочи, 6.02.1985 ж.
Гүлшатыма
Сезесің бе аялаған папаңды, Папаң ойлап күнде сені жатады. Қылығыңнан айналайын Гүлшатым, Сағындың ба, сағындың ба, папаңды.
Әрі қатал, әрі жұмсақ мінезің. Мінезіңнің тартқанын сеземін. Қуанышым, ортадағы бөбегім, Берген Аршат саған ерке кезегін.
Тыпыр-тыпыр аяғың, Тілің тәтті шырағым. Ағаң менен әпкеңнің, Ренжітпе, қабағың.
Әр үйде бар көп бөбек, Сенің жолын бір бөлек. Жолын қуғын әкпеңнің, Біздегі сол бір тілек. Сочи, 6.02.1985 ж.
Cағыныш
О, жаным неткен алтын айтқан сөзің, Жетті ғой бүгін міне менің көзім. Білгізбей жалғыздықтың жамандығын, Жеткізген арманыма жалғыз өзің.
Адамдар көп көрмесін жақсылықты, Кім көрмейді өмірде тапшылықты. Мақтанбаймын, өмірім кеше менің, Көріпті таршылықты, жалшылықты.
Келеді өсе бергім, өсе бергім, Өзіңмен үйленгенде нешеде едім. Алматыда жүргенде жалғызсырап, Қолымды ұстап аялап, «Зекең» дедің.
Содан бері өтіпті-ау он алты жыл, Артымыздан өсуде қыз бенен ұл. Бетте әжім, шашта ақ болғанымен, Сен мен үшін боласың мәңгілік гүл. Сочи, 6.02.1985 ж.
Жыл мезгілі
Біздің елдің бораны бар, қары бар, Ызғары бар, көктемі бар, қысы бар. Жыл мезгілі қайталайды төрт рет, Сұлу сүйген махаббаты жазы бар.
Нарынқолдың табиғаты осындай, Қайталайды құшақ жайып досымдай. Кейбір жерде жатады екен бұл мезгіл, Бір-біріне өмір бойы қосылмай.
Өсіп келем тау ауасын жұтып мен, Жыл мезгілін асығумен күтіп мен. Ал, мына жер мезгіліңді білмейді, Күн күркіреп арты қарға ұласқан.
Қар мен жаңбыр бірін-бірі қуысқан, Қуысқанда жердің бетін жуысқан. Тау толқыны ауысыпты теңізге, Су толқыны бір-бірімен таласқан.
Жарысқанда палуандай алысқан, Кешке қарай бір ортада табысқан. Кемелер жүр бәйге атындай тізбектеп, Су бетінде толқындармен жарысқан. Сочи, 10.02.1985 ж.
Қадірім
Семьяңыз бүтін болса амандық, Кездеспейді сізге тегі жамандық. Қабыл алсаң сүйгеніңнің ақылын, Семьяна көрсеткен ол – адалдақ.
Ойласа егер маған біреу жамандық, Арнайтыным оған тегі адалдық. Ата-баба Әлімсадан бері де, Адамзатқа жасамаған арамдық.
Мансап тисе қолына үдірейе қалатын, Атағы кетсе қолынан мүсәпірсіп қарайтын. Жігіт болып өскенше, тұңғиыққа кеткенше, Еліммен бірге болайын, сонда ғана толамын.
Басқалардың озғаны, өз басымның озғаны, Жорғада жорға жорғасы да бер-дағы. Кім болып келе жатқанымды, Қадірімді елім білсе болғаны. Сочи, 10.02.1985 ж.
Біреулер
Біреу кетіп барады жолдан тайып, Біреу кетіп барады жорғаны алып. Біреулер жүр арада арманы жоқ, Біреу кетіп барады көштен қалып.
Біреу кетіп барады намыстанып, Біреу кетіп барады намыс қалып. Неткен халық топтасқан мына жерде, Біреу кетіп барады табыс тауып.
Біреу, біреу, біреу деп жүреді екен, Біреу десе біреулер күледі екен. Топты құрып біреулер екеу болып, Екеу болып, топ болып келеді екен. Сочи, 17.02.1985 ж.
| |||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | |||
|