Ақ гүлім
7
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Иманым

Әні: автордікі

f

f

 

Жортып кең даламен келеміз біз,

Жарысып желмаямен желеміз біз.

Мекке мен Мәдинаға сапар шектік,

Аллаға бар ықылас береміз біз.

 

Қайырмасы:

Иманым-ай, иманым-ай!

Қажылыққа бару бір арманым-ай.

 

Шырқырап қиналғанда жанымыз да,

Түседі еске дала, халқымыз да.

Отбасы, өскен орта, ару-қалам,

Әрдайым ойлағанда кірер түске.

 

Қайырмасы:

Арманым-ай, иманым-ай!

Орындалса ойдағы қиялым-ай.

 

Алланың нәсібі мен ырызғысы,

Қажылық мұсылмандық ізгі ісі.

Бір Алла қуат берсе оралармыз,

Сезініп имандылық, діннің күші.

 

Қайырмасы:

Арманым-ай, арманым-ай!

Ағарып тазарса екен иманым-ай,

Иманым-ай, иманым-ай!

Барлық мүмін жетсе екен арманынай.

 

Арманым-ай, арманым-ай,

арманым-ай, Иманым-ай.

Маңгыстау. Жаңаөзен. 12 қазан 1999.

 

 

Шипагер баба

Әні: автордікі

f

 

Тәуелсіз ел еңсесі биік деген,

Қазақ елі көрінуде биіктерден.

Өтейбойдақ еңбегі дараланып,

Қытай, қазақ ғылымы төрін берген.

 

Қайырмасы:

 

Данашпан атам, Ғұлама бабам.

Ақылы асқан заманнан,

Әр сөзі дана. Ілімі дара,

Өшпейтін мұра қалдырған.

 

Шежіресінде халқының жазылмаған,

Тарихынан ғұламалар орын алған.

Жаһангер асылдардың көшін бастап,

Шипагар Өтейбойдақ дараланған.

 

Қайырмасы:

 

Қазақтың шашты әзизі сөзі қалды,

Шипалық баяндай көзі қалды.

Жарты ғасыр жат елде жатса-дағы,

Туған елге дүние-ай қайта оралды.

 

Қайырмасы:

 

Ел білімі дәулеттің қайнар көзі,

Бабаның іске асты арманы енді.

Ұстанып қадіріне жете білсек,

«Шипа баян» – ұрпағына ғылым енді.

 

Қайырмасы:

 

Алматы, 12.06.2009.

 

 

Еркем-ай

Әні: автордікі

 

Әкеңнің атандың еркесі,

Анаңның болдың кенжесі.

Жаратқанның тағдыр-ай,

Жат жерден болды мекенін.

 

Қайырмасы

Қиналма қызым, қиналма,

Жаттыққа әке қия ма?

Тағдырың солай қызым-ау,

Тоқтатуға бола ма?

Ұмытпа қызым атамекенді,

Еліңмен, тілің, дініңді.

баталар қабыл болсын де,

Қиналма қызым, қиналма.

 

Жат жұрттық қызға жарасқан,

Куә ғой оған көк аспан.

Қос аққу болып ұша бер,

Бақытты өмір тілеймін.

 

Қайырмасы

Қарттықтың келді кезеңі,

Әкең де оны сезеді.

Жат елге кеттің еркем-ау,

Рухымда сені жебейді.

 

Қайырмасы

Алматы. Үйде. Сағат: 8.50. Бейсенбі, 09.07.2009.

 

 

АТАМЕКЕНД І АҢСАУ

 

Біздің жердің қысы бар, бораны бар,

Көктемі бар, қысының ызғары бар.

Жыл мезгілі жатады қайталанып,

Жазы салқын, суытқан күзі қоңыр.

 

Нарынқолдың табиғаты осындай,

Жанға шипа таза ауасы досыңдай.

Қара теңіз жағасында бұл мезгіл,

Жатады екен өмір бойы қосылмай.

 

Тау ауасын өскен едік жұтып біз,

Әр маусымды аңсауменен күтіп біз.

Мына жерде елес екен табиғат,

Туған жердің енді сырын біліппіз.

 

Қар мен жаңбыр араласып жарысқан,

Қосарланып жер бетінде табысқан.

Тау толқыны ауысқандай теңізге,

Буырқанып бір-бірімен қағысқан.

 

Бір-бірімен палуандай алысқан,

Шаршап барып бір құшаққа қауышқан.

Бәйге атындай тізбектелген кемелер,

Су бетінде толқындармен жарасқан.

 

Өз еліме, өз жеріме жетер ме?!

Ой салды ғой көңіліме бөтен жер.

Сағындырған қасиетті ел қазағым,

Қауышайын аман атамекенге.

Сочи. Ақпан, 1985.

 

 

АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

 

Кімге біреу береді ақындығын,

Айтса айтар ақынға жақындығын.

Ақынжанды жігітпін жас кезімнен,

Жырым елге танылсын, батыл үнім.

 

Ақын жаны ежелден жырға құмар,

Көңілінде мейірім шуағы бар.

Ақын деген өжет ол тайсалмайтын,

Айтып барып бар ойын бірақ тынар.

 

Ақын жүрек махаббат жыры болар,

Ғашықтардың сезімдік сыры болар.

Ақындардың қаһары арыстандай,

Найзағайдың отындай батыл болар.

 

Ақын жырын сүймейтін жандар бар ма?

Ақындарда, шіркін-ай, арман бар ма?

Сұлулықтың сиқырлы сырын сезген,

Ақын елдің үні ғой әр заманда.

 

Шүкіршілік, бір Алла бергеніне,

Әркім жазбас шабытты өлеңді де.

Қуат берген бір Алла ақынына,

Өлеңімді қалдырам мен өмірге.

 

Қонды қалай деп оны сұрамағын,

Бағы ғой берген маған бір Алланың.

Ата-ана нәз жыры бойға дарып,

Шабыттанып ой шалқып жыр жазамын.

Алматы. 1988.

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх