Ақ гүлім
16
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

СҰҢҚАРЫМ, ҚЫРАН ЕДІҢ БАЛА КЕЗДЕН

 

Кешегі жас жігіт, бүгінгі кәрі қыран,

Жоғын жоқтап келеді жан жағынан.

Өртеп жатыр іштегі қайғы шері,

Қандай ауыр айырылған тұңғышынан.

 

Қырық жасқа ғұмырың ауған кезде,

Қанатым сынады деп ойладым ба?

Жаратқан жазмышына көнудемін,

Ойран болды-ау, іштегі арманым да.

 

Кешкі мезгіл, жаз кезі, ашық аспан,

Самал жел соғып тұрды шығыс жақтан.

Алматы да емханада анаң жатты,

Күтуде еді Ляззат атты жас сәбиін.

 

Апам жүрді жақсылық болады деп,

Келіннен немерелі боламын деп,

Акең күтті сендерді сағынышпен,

Анаңмен сенде келдің екеу болып,

 

Көбейткен жалғыздықтың қатарында,

Сеніп ем таңымның жарқырап атарына.

Артыңнан қатар ерді сіңлі-інілерің,

Өмірдің көріп өстің жарқын жолдарында.

 

Алғыр болдың жасыңнан айтарлықтай,

Жаратушы қасиетін берді мақтарлықтай.

Көре алмай кейбіреулер қылығыңды,

Тілеуші едік өзіңді пәледен «сақта Құдай».

 

Алматы да дүниеге кеп, тауда өстің,

Тау самалына демалып талай кештің.

Өзендердің жағалап тасын теріп,

Нарынқол Сарыжазының төсінде өстің.

 

Сұңқарым қыран едің бала кезден,

Алланың құдіретін ерте сезген.

Мектепті де медалмен бітіргенде,

Өнеріңмен талайды таңсық еттің.

 

Өтуде көз алдымнан өмір жолың,

Әкенің жалғастырдың оқу жолын.

Мамандық алдың инженер дипломы,

Алматы темір жолы академияның.

 

Жаратқанда талантты берді саған,

Журналист ең теледидарда жарқыраған.

Домбырамен ән салғанда тамылжытып,

Деуші еді талай мамандықты ұтіп алған.

 

Біз тіріміз, жалған-ай, жүрміз міне,

Көреалмаймыз тек сені тіршілікте.

Рухың шарлап аянын беріп жатыр,

Әке, шеше, жақынның бәрінеде.

 

Бала кезің алғашқы балбыраған,

Бесігіңді тербетіп, апаң әнін салған.

Апаң кетті бір жасыңда ана жаққа,

Қызғанатын қызым деп сені бізден.

 

Сен атандың содан бері апа қызы,

Болып жүрдің жанымда жалғыз көзі.

Жалғызының алғашқы тұңғышы боп,

Киелі апа қасиеті алғаш саған қонды.

 

Жүрудеміз өмірдегі тіршілікпен,

Бейнең түр алдымда күлімдеген.

Қанатсызбын ұшуға ана жаққа,

Інгендей ботасы өлген зарлымын.

 

Сен кеткелі кеудеден қуат кетті,

Талай түн, ай, жылымен зулап өтті.

Өмірдің жалғандығы сезілгендей,

Ойпыр-ай, Ляззатым қайда кетті?.

 

Өмірден кәрі мен жаста өтті,

Өлмесе ата-баба қайда кетті.

Өзің өскен ортада орының бос,

Жалған-ай, құдіретің қандай еді?

 

Дүние-ай, қуанттың да, жылаттың да,

Жарқыраған күнімде таң атқанда.

Адамзат қонағы мең бұл өмірдің,

Қоштаспай-ақ, аттанар Жаратқанға.

 

Қыста кеттің қызым-ау, қыста өтті,

Көктем келіп, жаз кетіп, күзде жетті.

Жалғызсырап әкең жүр, жаутаңдаған,

Жаратқан ием неге осынша еңіретті.

 

Жетімдікті көрген ем екі жастан,

Төзімдімін, жаралдым қандай заттан.

Көреалмайтын жауымда жанымда жүр,

Әкеңменен топ болып арпалысқан.

 

Есіңде ме қызым-ау, жас едің ол кезде,

Олардың да топ боп әкеңе келгенінде.

Біз ержеттік, әкем жалғыз емес деп,

Есімде, жылап тұрып жеткенің де.

 

Содан бері ширек ғасыр болыпты,

Жас балада жігіттікке толыпты.

Әке, шешең самайы да ағарып,

Аталықтың жолына да жетіпті.

 

Жалғанның, ыстығы мен суығы да,

Сезілмейды жарығы мен қараңы да.

Анаң көріпті о дүниедегі бейнеңді,

Қабырыңа кеп дұға оқып жатқанда.,

 

Биязы үнмен жыламаңдар депсің сен,

Ескерткішіңді жылап тұрып өптім мен.

Қос бөбегің көз алдыма елестеп,

Жер бетіне жалғыз сыймай кеттім мен.

 

Қабірің де сезіп жатырсың ба, қарағым,

Сен дегенде шөлдегенін әке-анаңның.

Бұл дүниенің жалғандығын сезініп,

Біздердің де сенің жаныңа барарын.

 

Жалғыз едім жасымнан жылап өскен,

Сен жалғыз деп жақында түртіп өткен.

Атқарайын қызым-ау,шерімді сезесің бе?

Көреалмайтын жауларымнан сезіктенем.

 

Сен кеткелі домбыраң үнсізденді,

Құлағыма сарынды үнің келді.

Кім сезеді іштегі мұңның зарын,

Көңілім босап, денеде дірілдеді.

 

Әкең түсті аурып аурухана төсегіне,

Күшті болды денедегі кеселімде.

Ақырын жан жағыма қараудамын,

Есті жиған төртінші күн кешінде.

 

Түн мезгілі көзім ашық жатқанды,

Бір көрініс көз алдымда басталды.

Ғажайып бір көріністер көрініп,

Ғарыш байланысы денеме енгенді.

 

Денем ысып жылып кетіп барады,

Көріпкелдік бар денеме тарады.

«Қосайынба», деген даусың естіліп,

Жіңішке сауле қараңғыда тарады.

 

Есім дұрыс, көзім ояу жатырмын,

Көрудемін керегедегі сызық жарығын.

О дүниенің тіршілігі жердегіге ұқсайды,

Мен түсіндім екінші өмір барлығын.

 

Қайда жүрсем түсімде сені көремін,

Әруағың да қоршауда мені тірегім.

Сағындым сенің әсем үнді даусыңды ,

Тыңдағанда әніңді ауырады жүрегім.

 

Тағдырым ғой қызым-ау тағдырым ғой,

Мыңдарменен алысып шынықтым ғой.

Жағыздың жары құдай деген екен,

Қайытпайтын, құдірет күші намысы ғой.

 

Бұл дүниенің есігін кімдер келіп ашпады,

Аттанғандар қара жер топырағы жастығы.

О дүниеде орының пейіштен болсын шырағым,

Қанша мықты болсада баса алмайды қайғыны.

19. 07. 2010.

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх