Ақ гүлім
6
 Главная          Вернуться          Предыдущая          Следующая 

 

Астананың аққуы

Әні: автордікі

f

 

Салтын сақтап ұлтының,

Дәстүрінен жаңылмай,

Жүрегіне жұртының,

Ұялаған сағымдай,

Астананың аққуы,

Өзің бе едің жан қалқа,

Сен көңілдің шаттығы,

Сені тапқан анаңның,

Арманы да жоқ екен.

 

Астананың аққуы,

Нәзіктіктің келбетін,

Қыста барып сезіп ем.

Ұлт дәстүрін сақтаған,

Өз ортаңда жалғыз сен.

Көңіліңіз кең екен,

Асыл оймен кемелден.

Ибалық пен иманды,

Алла бойға дарытқан.

Ардақтайтын арусың

Құрмет көрген халықтан.

Астананың,

Астананың,

Астананың аққуы.

Ақмола. 19.07.1993

 

 

Бажалар

Әні: автордікі

f

 

          Бұл әнді аяулы бажаларым:

          Қареке (Қарабек), Арыстай, Бәзен, Сәттібек,

Жәнібек, Серік – сендерге арнадым.

Автор

 

Бірің алтын, бірің бал бажалар-ай,

Ерекше туған нағыз даналардай.

Ақ жарқын, ашық жүзді, ақ пейілді,

Ауылымда аңсап жүрген ағалардай.

 

Қазағымның қатарын көбейткенде,

Өзімді іздеп келер, шет кеткенде.

Бір кұрсақтан туғандай қуанатын,

Өз бажасы көбейіп, қыз кеткенде.

 

Елімнің қадірлейтін ардақтысы,

Сабырлы, салқынқанды салмақтысы.

Аман бол, ер-азамат, ағайындар,

Жүретін барша елді баурап ісі.

 

Қартаймағын бажалар, қартаймағын,

Өздеріңе сенімді жар тандадың.

Алланың рахымына бөлене бер,

Орындалсын ойдағы бар арманың.

Бар арманың,

     бар арманың,

        бар арманың.

Арыс қаласы. Желтоқсан, 1995.

 

 

Тағдырдың тәлкек заманы-ай

Әні: автордікі

f

 

Тағдырдың тәлкек заманы-ай,

Бұзылды талай қамал-ай.

Соғыспен, аштық, сұмдықпен,

Халқымды талай талады-ай.

 

Адамды итше талаған,

Сиқырлы еткен заман-ай.

Талай да талай, талайды,

Жазықсыз жандар жалманды-ай.

 

Өмірдің көріп азабын,

Халқым сен мойып қалмадың.

Биікте туып жұлдызың,

Оты да жанды-ау, арманның.

 

Тағдырдың тап боп соры да,

Тор құрды елім жолына.

Алладан көмек болған сон,

Ісің де басты оңына.

 

Ұзақта көрген азап күн,

Тағдыры бүкіл қазақтың.

Іздеген мына өмірден,

Арманына жетер ғажап күн.

Құстар да ұшып барады,

Аспанда биік қалықтап.

Думанға бөлеп даланы,

Бақыттың жолын анықтап.

 

Шаттанғын елім, жайнағын,

Бұзылмай халқым қаймағың.

Тәуелсіз елсің мінеки,

Бағыттан енді таймағын.

Таймағын,

     таймағын,

          таймағын

Алматы, шілде, 1996.

 

 

Мойылды арулары-ай

Әні: автордікі

f

 

Жалынды сөзіңменен,

Шипалы еміңменен,

Бойыңа шуақ құйған,

Әсем бір әніменен.

Мойылды арулары-ай.

 

Көркіне көз қанбайтын,

Мойылды-жер жаннаты.

Көрген жан армандайтын,

Арулар ақ халатты.

Мойылды арулары-ай.

 

Аңсаған барша жанға,

Денсаулық сыйлар орда.

Алғыстар алаулаған,

Ем дарып сан адамға.

Мойылды арулары-ай.

 

Бар дертке шипа болған,

Көл суы бойға нәр-ай.

Жанары жалындаған,

Мойылды арулары-ай.

Арулары-ай, арулары-ай.

Мойылды арулары-ай, арулары-ай.

Павлодар. «Мойылды» санаториясы. 26.08.1997.

 

 

 


1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20

 

 

вверх