ғұмырнама 1 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВ
ғұмырнама
Алматы 2014 УДК 070 ББК 76.01 Қ 56
Пікір жазған: Әнуар Тарақ – филология ғылымдарының докторы, профессор
Қожалымов З. Қ Ғұмырнама. Сұхбаттар, жеке мақалалар, ғылыми пікірлер т.б. / З.Қожалымов. – Алматы: Шалкөде, 2014. – 385 бет.
ISBN 978-601-7262-20-4
Кітаптың авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық шипагерлік саласында жиырмадан астам кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші ғалым – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың 1991-2014 жылдары аралығында баспасөз беттеріндегі сұхбаттары, жеке мақалалары, еңбектеріне ғылыми пікірлер, жеке авторлар мақалалары, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы зерттеуі, өнер саласындағы еңбектері, құттықтаулар мен арнаулар, жарық көрген кітаптары мен ғылыми еңбектерінің тізімдері мен жеке ой-түйіндері т.б. мәселелер қамтылған.
Кітап ғалымдарға, зерттеушілерге, халық емшілері мен көпшілік оқырман қауымға арналған.
УДК 070 ББК 76.01
ISBN 978-601-7262-20-4 © Қожалымов З., 2014 © «Шалкөде», 2014
Елбасының алғыс хаты
Құрметті Зиядан қажы!
Сіздің және Сіздің әріптестеріңіздің мені Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсынып, сенім артқандарыңызға тебірене толқыдым және өте ризамын. Мұны президентке кандидат ретінде мені ғана емес, елімізде болып жатқан оң әлеуметтік-экономикалық және демократиялық қайта құруларды қолдау деп бағалаймын. Сізді және Сіздің әріптестеріңізді 4 желтоқсан күні келіп, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының болашағы үшін дауыс беруге шақырамын! Табыстар тілеген ізгі ниетпен, Нұрсұлтан Назарбаев
Уважаемый Зиядан Хаджи!
Меня очень тронуло Ваша поддержка и поддержка Ваших коллег мою кандидатуру в Президенты РК и доверие, оказанное мне, и я от всей души благодарю Вас. Я оцениваю это как поддержку не только меня, как кандидата, но и как поддержку положительных социально-экономических и демократических перестроек, происходивших в нашей стране. Вас и Ваших коллег призываю голосовать 4 декабря за будущее нашей Родины - Республики Казахстан!
С пожеланиями успехов, Нурсултан Назарбаев
Dear Ziadan Kozhalymov!
I am very grateful to you and your colleague’s support of my candidacy for President of the Republic of Kazakhstan and I’m really grateful for trust. I appreciate your support not only as the candidate, but also as support of the positive social and economic and democratic reform that took place in our country. I call you and your colleagues to vote on December, 4th for the future of our Motherland – the Republic of Kazakhstan!
With best wishes, Nursultan Nazarbaev
Алғы сөз
Қазақ халқының емшілігі – ежелден келе жатқан дәстүрлі емдеу тәсілдері бар ұлттық медицинаның қарапайым түрі. Сонау замандардан-ақ ата-бабаларымыз табиғаттың қасиетін білген, сезінген, өсімдіктер дүниесінің пайдасы мен зиянын пайымдаған, оларды адам денсаулығына пайдаланған. Тіпті төрт түлік мал өнімдерінің денсаулыққа қандай ықпалы барын жете сезінген. Ежелгі ауыз әдебиетінде, аңыз-әңгімелерде, көріпкелдік, болжампаздық, шипагерлік, емшілік, бақсы-балгерлік, түс жорушылық, т.б. адамның айрықша қасиеттері жайлы аз айтылмайды. Тек Совет үкіметі кезінде ислам дініне теріс көзқарас салдарынан халық емшілігі ұзақ уақыт көлеңкеде қалды. Алайда ел арасында оның білгірлері адам денсаулығы жолында аянып қалмады. Жариялылық келіп, ел демократияға бет бұра бастағанда емшілер әр өңірден шыға бастады. Еліміздің тәуелсіздік алуынан кейін-ақ, Республика үкіметі халық емшілігіне кең жол ашты. Солардың арасында бүгінде халқымызға есімі белгілі, ұзақ жылдардан бері халық емшілігін дамытуға үлес қосып келе жатқан Зиядан қажы Қожалымовты бөле-жара атауға болады. Оның табандылығымен, жігерлілігімен құрылған «Қазақстан халық емшілері» қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі міне, 23 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Осынау емшілік бірлестігінің атқарған істері де қыруар. Солардың басы-қасында оның тұңғыш президенті З. Қожалымов жүрді. З.Қожалымовтың 23 жылдың ішінде жазған кітабы да 23. Бұл үлкен еңбекқорлықты, ізденісті қажет етеді. Олардың бірқатары таза емшіліктің қыр-сырларына қатысты. Ол мақала, зерттеулер жазумен бірге, өлең де жазады, ән де шығарады. Мысалы, 2001 жылы шықққан «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабы әлі күнге дейін көпшілік ықыластана оқитын, қолдан-қолға көшіп жүрген бағалы еңбек. З. Қожалымовтың «Тылсым дүниенің құпия емдері», «Рухани емшілік ғаламаты», «Ғаламның жұмбақ сырлары», «Рухани және музыкалық шипагерлік», «Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері» атты кітаптарының атаулары-ақ айқындап тұрғандай – халықта баяғыдан қалыптасып, дәстүрге айналған емшіліктің сан-қырлы ерекшеліктерін, емдеу тәсілдерін, денсаулықты күту жолдарын, табиғаттың түрлі көздерін пайдалануды үйретеді. Бәрі де пайдалы ақыл-кеңестер ғана емес, тіршіліктен түйіндеген тәжірибелер. Осыншама кітапты ешқандай қосалқы авторсыз-ақ өзі жазды. Зиядан аға жазуға кеш келсе де тез машықтанды. Әрине, алғашында ақыл-кеңес берген, түзетіп, өңдеген қаламдас інілеріне деген ризашылығы жүрегінде. Алғашқы жазған мақаласы ғанағаттандырғаннан кейін Құдай берген бақ та, дарын да білім де қатар қонған Қожалымовтың қаламы жорғалап кете берді. Шабыты шалқыған шақта жыр да жазды, әнге көңілі құштарланды. Ең алғаш «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-өлеңдер шағын жинағы Алматыдағы «Сөздік-Словарь» баспасынан 2000 жылы шыққан еді. Содан кейін оқырмандар қызыға танысқан «Мәңгілік құпия шежіресі» (448 бет) атты кітабы да сол баспадан жарық көрді. Екі жылдай жаңа құрылған қауымдастықтың түрлі жұмыстарымен жүріп, үзіліс жасаған Зиядан аға 2004 жылдан кейін өнімді еңбек етті, кітаптан соң кітап шығарды. Солардың басым көпшілігі қауымдастық жанынан өзі ашқан «Шалкөде» баспасынан басылып шықты. Бірқатар кітаптары «Қазақстан халық емшілері» қауымдастығының жұмысына, өткізген форумдарына конференциялары мен түрлі жиындарына, шараларына арналды. З.Қожалымовтың қазақ ғылымына әкелген ауқымды еңбегі және зор жаңалығы – XV ғасырдағы шипагер ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты ежелгі дәуірдегі медициналық энциклопедиялық еңбегінің ғылыми айналымға енгізілуі. Қазақ халқының тарихына, дәстүр-салтына, елдің, мемлекеттің негізіне шет елдік және ТМД елдеріндегі кейбір ғалымдардың теріс көзқарастары туындаған кезде Өтебойдақ бабамыздың осынау ғаламат еңбегінің құндылығын дәлелдеп шықты. Түрлі саладағы ғалымдарға үн қосты. Сөйтіп «Шипагерлік баянның» беймәлім әлемін ашуға ұмтылған, Ө. Тілеуқабылұлы мұралары бойынша бірқатар диссертациялық жұмыстар қорғалды. Ал баба кітабының халықтық және қазіргі медицинамен тығыз сабақтастығын, басқа да ерекшеліктерін пайымдаған зерттеуші бірқатар кітаптар жазды. Олар: «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық емшілігінің өркендеуі», «Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары», «Қазақтың ғалым шипагері Ө.Тілеуқабылұлы», «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» және т.б. 2009 жылы 24-26 шілдеде Тараз қаласында өткен «Қазақтың ғалым шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлы (XV ғ.)» атты халықаралық конгреске арнайы қатысқан Қытай, Ресей, Франция, Орта Азия және Қазақстандық ғалымдар шипагер Өтейбойдақ баба туралы жан-жақты мағлұмат алды. Абайтанушы ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы: «Бұл бабамыз туралы жазылған тұңғыш кітап. Енді Зиядан омбылап із салды. Бабаға осылай ғылыми тұрғыдан із тасталды, енді оның артынан еретіндер үлкен жол салу керек... Шын мәнінде біздің Өтебойдақ бабамыз қазақтың ибн Синасы. Бұл еңбекті Зиядан жайдан-жай жазбаған. Осындай жауапты ғылыми еңбекті автор ғарыштық байланыстық жүйені және өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақ түсіндіре білген. Қысқасы Зиядан Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналақ тарактатынан» кейінгі екінші еңбегі ал, Қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн... Қысқасы З.Қожалымовтың қазақтың ғұлама шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін таза ұлттық филолософиялық танымдағы зерттеуін ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын», – деп айрықша атап өтті. Ал, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, философия ғылымдарының докторы Жақан Молдабеков: «З.Қожалымов Қазақ хандығындығының қараүзген шипагері, шығыстың екінші ибн Синасы Өтебойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын насихаттауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан жанашыр іздемпаз, ғалым» – деген пікір берді. Мұндай жақсы пікірлер әр сала мамандарынан да білдірілді. Бұлардың бәрі З.Қожалымовтың еңбегін құрметтеу екені белгілі. З.Қожалымовтың жазған мақалалары мен зерттеу еңбектерінің саны 500-дей. Ал олардың шығарылу географиясына қарасаңыз, әр алуан. Республикалық, қалалық, облыстық газеттер өз алдына, республикадағы ең беделді ғылыми басылымдарда да жарияланған. Тақырыптары да әр алуан, халық медицинасы, философия, психология, ислам дінінің ерекшеліктері, әдеп, адамгершілік, имандылық мәселелері, т.б. Зиядан ағаның әр мақаласы өзіндік ой-пікірмен, ғылыми тұжырымдарымен дараланады. Әр еңбегі оқырмандар тарапынан да пікір туындатып қолдауға ие болды. Он шақты журналдарда да мақалалары жарық көрді. Міне, тағы бір "Ғұмырнама" атты кітабын сіздерге ұсынып отыр. Бұл – жетпістің заңғар шыңына шыққан елімізге белгілі халық медицинасын зерттеуші, ғалым, парапсихолог, қажы, ақын әрі композитор Зиядан Қожалымовтың ұзақ жылғы еңбегінің жемісті нәтижесі. Қажымай-талмай еліне үлкен еңбек жасаған З. Қожалымовқа денсаулығыңыз зор, жазарыңыз көбейе берсін, өрісіңіз жаңа ұрпақпен кеңейе берсін демекпіз!
Филология ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің профессоры Әнуар Тарақ
Қауымдастықтың данқы өрледі
Құрылғанына 22 жыл толған қоғамдық бірлестіктің атқарған еңбегі ұшан-теңіз. «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» РҚБ (Республикалық мәртебе) 2013 жылғы қызметіндегі ерекше табыстары үшін Мемлекеттік статистиканың ресми деректері негізінде ғана, Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама «Ұлттық бизнес-рейтингінің», «Ғылыми-ақпараттық статистикалық зерттеулер орталығы» және «Ұлттық бизнес-рейтингтер Халықаралық рейтинг одағының» (Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь) «Сала көшбасшысы – 2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы – 2013» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы – 2013» Ұлттық Сертификатымен марапатталды.
Комплексная рейтинговая программа, определяющая действительных лидеров экономики Казахстана исключительно на основании официальных данных Государственной статистики «Национальный бизнес-рейтинг», «Научно-информационный центр статистических исследований», «Международный рейтинговый Союз национальных бизнес-рейтингов» (Россия, Украина, Казахстан, Беларусь) награждает РОО «Ассоциация народных целителей Казахстана» (Статус Республиканский) почетным званием «Лидер отрасли-2013», что подтверждается соответствующими элитарными знаками почета – Национальным сертификатом – «Лидер отрасли-2013», и памятной настенной Медалью с золотым покрытием «Лидер отрасли».
Қауымдастық президенті Зядан Қожалымов көп жылғы еңбегінің арқасында Отанның алдында сiңiрген еңбегі үшін Мемлекеттік статистиканың ресми деректері негізінде ғана, Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама «Ұлттық бизнес-рейтингінің» «Қазақстан данқы» орденімен марапатталды (Куәлік № 01724, 20.01.2014).
Комплексная рейтинговая программа, определяющая действительных лидеров экономики Казахстана исключительно на основании официальных данных Государственной статистики «Национальный бизнес-рейтинг» награждает за исключительные трудовые достижения перед Отечеством Президента Ассоциации Зядана Кожалымова орденом «Слава Казахстана» (удос. № 01724, 21.01.2014). Қауымдастық президенті Зядан Қожалымов қызметіндегі жетістіктері үшін Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама «Ұлттық бизнес-рейтингінің» “Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін»» медалімен марапатталды (Куәлік № 044, 12.05.2014).
Комплексная рейтинговая программа, определяющая действительных лидеров экономики Казахстана исключительно на основании официальных данных Государственной статистики «Национальный бизнес-рейтинг» награждает за исключительные трудовые достижения перед Отечеством Президента Ассоциации Зядана Кожалымова Медалью «За заслуги и достижения» в трудовой деятельности (Куәлік № 044, 12.05.2014).
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті Зядан Қожалымов 2013 жылдағы еңбектегі ерекше жетістіктері үшін Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама «Ұлттық бизнес-рейтингінің» «2013 Жылдың маманы» дербес Ұлттық Сертификатымен марапатталды. Комплексная рейтинговая программа, определяющая действительных лидеров экономики Казахстана исключительно на основании официальных данных Государственной статистики «Национальный бизнес-рейтинг» награждает президента ассоциации народных целителей Казахстана Зядана Кожалымова за исключительные трудовые достижения Персональный сертификат «Специалист года 2013». Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті Зядан Қожалымов 2013 жылдағы еңбектегі ерекше жетістіктері үшін Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама «Ұлттық бизнес-рейтингінің» «2013 Жылдың маманы» дербес Ұлттық Сертификатымен марапатталды. Комплексная рейтинговая программа, определяющая действительных лидеров экономики Казахстана исключительно на основании официальных данных Государственной статистики «Национальный бизнес-рейтинг» награждает президента Международной Ассоциации «Специалистов традиционной народной медицины, психологов и целителей» Зядана Кожалымова за исключительные трудовые достижения персональный сертификат «Специалист года 2013».
I ТАРАУ
СҰХБАТТАР
АССОЦИАЦИЯ – ІЗГІЛІК ОТАУЫ
Республикамызда халық емшілерінің ассоциациясы өмірге келіп, өз қызметін бастап кеткеніне біраз уақыт болды. Халық емшілерінің бастарын қосып, қызметіне бағыт-бағдар жасайтын бұл орталықтың алдына қойған аса зор мақсаты бар. Біздің тілшіміз республика халық емшілері ассоциациясының тұңғыш президенті Зядан Қожалымовпен әңгімелескен еді. – Зәке, республикамызда бұрын-сонды емшілер ассоциациясы түгілі халық емшілерінің ашық жұмыс жасауына да мүмкіндік болған жоқ қой. Сондықтан алғашқы әңгімені Республика Халық емшілері ассоциациясының тұңғыш президенті өзіңізді көпшілікке таныстырудан бастасақ. – Емші Қожалымовтар семьясы туралы соңғы жылдары республикалық басылымдарда азды-көпті жазылды емес пе. Семьямда өзім, жолдасым және 19 жасар қызым Ләззат 2-3 жылдан бері аруақ қуат беріп, емшілік жолға түскен жағдайымыз бар. Бәріміз де – халықаралық дәрежелі емшіміз. Өткен жылдың желтоқсан айында болған республикалық халық емшілерінің Құрылтайында әріптестерім сенім артып, ассоциация президенттігіне сайлады. Мақсатым – сол сенім биігінен көрініп, жұмыс жасау. – Ассоциацияның алғашқы қадамына елеңдей қараушыларға не айтасыз? Республика халық емшілерінің асоциациясы – емшілер отауы ғой. Отаудың керегесінің кең, уығының мықты, шаңырағының берік болуы оңай шаруа емес. Бұл орайда жоқтан бар жасап, тіршілік етіп отырған жұмыстарымызды айтуға болады. Осы күнге дейін арнайы мекенжайымыз тұрақталып болмаса да, ассоциация Әділет министрлігінің тіркеуінен өтті. Мемлекеттен бір тиын жәрдем алмастан тарихта тұңғыш рет қазақ тілінде оқытатын, емшілердің республикалық білімін жетілдіру мектебін ашып, онда 300-ге жуық емші сабақ алды. Ассоциацияға 500-ден астам емші мүше болып тіркелді. Бұлардың арасында жоғары ғылыми атағы зор адамдар да бар. Алты облыста филиалдарымыз ашылды. Сегіз ай ішінде мамандарымыз 40-қа жуық халықтың емдеу тәсілдерін ашты. Емшілердің қасиетін аша түсуде Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында өткізген емшілердің республикалық семинарлары жемісті нәтиже береді. Бұрын-соңды қудалаудан басқа мұндай бас қосуды көріп білмеген емшілер өздеріне жанашыр қоғамдық ұйымның нақтылы жұмыс істеп отырғанына көздері жеткен сияқты. Алда біздің қойған ұсынысымызды қуаттап, жоғары үкімет орны келісім берсе, медицина институты жанына емшілік қабілеті бар жастар үшін екі жылдық халық емшілері оқу орнын ашу ниетіндеміз. Бұған қосымша қалған барлық облыс орталықтарында жыл аяғына дейін филиалдармыз ашылмақ. Мұның бәрі, сайып келгенде, жаңа құрылған ассоциацияның емшілерге деген нақтылы қамқорлығын көрсетсе керек. – Қадам жаман емес сияқты, дегенмен бізде мұндай жұмыстың кедергісіз өріс алуы қиын ғой. Оның үстіне қазанына қасық салдыра қоймас ғылыми медицина қызметкерлерінің өздерімен иықтас балама күштің жауыннан кейінгі жауқазындай ду етіп шыға келуіне тарылыс танытуы заңды құбылыс емес пе! – Несін жасырамыз, бәрі демейміз дегенмен, осы заманғы ғылыми медицинадан абырой таппаған кейбір маман дәрігерлер ешқандай ұлт дәстүрінен, тілінен, түрінен, дінінен және халықтық емдеу әдістерінен хабары болмаса да, кешегі ата-баба аруағының емшілерге жіберіп жатқан рухани көмегіне күмәнмен қарап, оны мұқатып бағуға тырысуда. Осы топтың ішінде халық емшілерінің жалған жанашыры республика халықтық емдеу орталығының директоры Е.Әбілқасымовтың тобыр жетекші болып жүруі емшілердің ашу-ызасын тудыруда. Бұл мырза «Казахстанская правда» газетінің 11-сәуірдегі санында «Будет ли у Казахстана свой Федоров?» деген сұхбатында интервью авторы Куце деген журналистке былай деп жауап беріпті: «Республика халық емшілерінің ассоциациясын Әділет министрлігі заңсыз тіркеген. Ассоциация халық емшісінен ант алып, Құран ұстайды екен. Оқуы қазақ тілінде» дей келіп, біздің дінімізге, тілімізге Әділет министрлігіне тіл тигізген. Орталықты халық емшілерінің қаржысы есебінен күн көріп, солардың тапқан табысынан жүз мың сомдық медициналық апараттар сатып алып отырып, сөзінің соңында шаруашылық есепте жұмыс тәжірибесі бай, орыстың атақты көз дәрігері Федоровтан да асамын деп лепіреді келіп. Әрине, мынадай бастық тұрғанда орталық жұмысы қалай онсын. Осы сияқты өзіміздің танымал емшілеріміз де ұят тірліктер жасауда. Мысалы, жамбылдық В.Мыңбаевтың қысырақтың үйіріндей топ-тобымен жас қыз-келіншектерді және жігіттерді шәкіртім деп өз артынан байдың құлындай ертіп жүруін қалай түсінуге болады? Осы заманның аспандағы құдайы, Меккедегі Мұхаммеді, жердегі жалғыз әулиесі Виктор ғана ма? Мұндай мақтаныш таза емшінің кәсібі болмаса керек. – «Халық емі» газетінің ашылуына орай пікіріңіз? Бұл өзі қазіргідей өтпелі кезеңде толғағы пісіп жетілген мәселе. Халық емшілері мен қазіргі олардың проблемалары туралы басқа басылымдар мен радио, теледидарда аз жазылып, аз айтылып жүрген жоқ. Ол үшін рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Ал жүйелеп, нақтылап жазып көрсетуде, республикалық халық емшілері өз құрылтайында құрған біздің ассоциациямен пікірлесе отырып жұмыс жасауда аздаған көңіл толмайтын жағдайлар бар. Журналист ағайындардың біреуді мақтаса, кейде жердегі адамды көктен бірақ шығаратындары бар. Таза халық емшілері туралы жазса мейлі. Кейде емші атын жамылып жүрген алаяқтарды жапа тармағай барлық басылымдардан жарыса мақтап жатқаның көргенде ішін ашиды. Мысалы, сондай алаяқтың бірі Ә.Талиповты қай газет қалай мақтамады? Сол мақтауды оқыған сырқат жандар сенімі алдында кім кінәлі? Алдымен толық зерттемей, дәріптеп жаза салатын сіздің әріптестеріңіз кінәлі. Сондықтан «Халық емі» газетін ашудағы үмітіміз бен ниетіміз – осы мәселелерге таразылық жасау. Емшілер тәжірибесін насихаттаумен бірге емші атағын жамылып, ел үстінен күн көріп жүрген алаяқтардың аяғына тұсау салу. Аруақ күшімен жұмыс жасайтындарды ынтымаққа шақырып, бойларындағы күштерін халық игілігіне жұмылдыру. Арнайы газетіміз болмаса, бұл мақсатқа жету оңай шаруа емес. Әңгіменің соңында республика халық емшілері атынан газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
Сұхбаттасқан: Бақтыбай Айнабеков «Халық емі» газеті №1, тамыз 1992
ЕМШІЛЕР – ЕЛ КЕТІГІНЕ
Өткен, 1991 жылы желтоқсанның 20-23 жұлдыздарында Алматыда Қазақстан емшілерінің бас қосқан мәжілісі болды. Оған республикамыздың он үш облысынан және Алматы қаласынан жүзден аса емшілер қатысып, алғаш рет Халық емшілері ұжымы (ассоциациясы) құрылды. Үш күн халық емшілері өз тілек-талаптарын, ұсыныстарын білдіріп, тұңғыш рет құрылғалы отырған ұжымның міндеттерін белгілеп, қаулы, жарғыларын бекітті. Халық арасында адал қызмет көрсетуге Алла мен аруақтар атынан ант етті. Емшілер ұжымы көп ұлтты Қазақстан халқына үндеу қабылдап, тәуелсіз еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ашық хат жолдады. Мәжіліске қатысушылар бір ауыздан мақұлдап, ұжым президенттігіне бірнеше елдің халық емшілері ұжымының мүшесі, халықаралық емшілер одағының вице-президенті Зядан Қожалымовты сайлады. З.Қожалымов қазақ емшілері ұжымының алда тұрған міндеттері, жеке өзінің бағдарламасы мен мақсаты жайында баяндап, халық арасында адал қызмет етуге Құран ұстап ант етті. Біз төменде қазақ топырағында алғаш құрылған ұжымның президенті Зядан Қожалымовпен арнаулы тілшіміз М.Есләмғалиевтың сұхбатын ұсынып отырмыз. ТІЛШІ: Зиеке, қой жылы той жылына айналып, тағы бір теңдессіз тарихи қуанышқа кенелдік. Қазақстан тәуелсіз ел болып, бір-бірімізді құттықтау үстіндеміз. Осы ақ түйенің қарны жарылған күнмен жаңа құрылған ұжым мүшелерін және Сізді құттықтауға ұлықсат етіңіз. ҚОЖАЛЫМОВ: Өлген тіріліп, өшкен жанған күнді ұзағынан сүйіндірсін! Әумин! ТІЛШІ: Әумин! Қазақ топырағында алғаш құрылған халық емшілері ұжымының мақсат-міндеттері туралы журнал оқырмандарын хабардар етіп өтуіңізді сұрар едік. ҚОЖАЛЫМОВ: Ұжымның мақсат-міндеті ауқымды. Мен ең басты дегендеріне ғана тоқталып өтейін. Атап айтқанда, ондаған жылдар бойы тізесін батырып, халық тынысын тарылтып келген үстемдік әкімшілдік, бұйрықшылдық дәуірі әлсіреп, адамдар діні мен ділі, тілі мен санасын қайта жаңғырта бастады. Ұмыт бола бастаған немесе мүлде адам жадынан өшкен қасиетті әдет-ғұрып, салт-дәстүр, бәтуалы сөз, киелі ұғым қайта жанданды. Соның бір айқын айғағы – халық емшілерінің адамға деген игі ниетінен туатын сөзі – дәру, емі – шипа жандардың өз құқығын иемденгендігі. Бірақ солардың қазір сайда саны, құмда ізі жоқ. Әркім әр жақта өзінше тырбанып жүр. Біздің мақсатымыз осылардың басын қосып, қазіргі экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты халыққа жете қызмет көрсете алмай отырған дәрігерлерге қол ұшын беретін, бір орталықтан басқарылатын емшілер ұжымын ұйымдастыру. ТІЛШІ: Сіз халық емшілері қатысқан осы мәжілісте Қазақстанда алты мыңға жуық емші бар дедіңіз. Аз емес секілді... ҚОЖАЛЫМОВ: Мен онда емшімін деп халық арасында өз білгеніңше ем-дом көрсетіп жүргендерді қоса айтқанмын. Біздің ұжымның басты міндеті – емшімін деп ел аралап, халықтың қалтасын қағып жүрген дүмшелерден арылу. Ол үшін ұжым жанынан арнаулы комиссия құрылып, барлық емшілер аттестациядан өткізіледі. ТІЛШІ: Комиссия құрамына кімдер кірмекші? ҚОЖАЛЫМОВ: Бұрынғы Одақ көлемінде танылғандар мен халықаралық дәрежедегі емшілер, республикалық емшілер орталығының өкілдері және медицина мамандары кіреді. Емшілік талабы мен таланты барлар ең әуелі осылардың алдынан сынақтан өтеді. ТІЛШІ: Халық емшілер ұжымы өз алдына дербес, ешкімге бағынбайтын мекеме болуы керек деген сөздер айтылуда. Бұл не сөз? ҚОЖАЛЫМОВ: Иә, ондай пікірдің айтылғаны рас. Бірақ халық емшілер ұжымы ешкімге байланысы жоқ, айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау бола алмайды. Ол ғылыми медицинамен, денсаулық сақтау министрлігімен үнемі тығыз байланыста болады. Сонымен бірге, Қазақстан үкіметінің заңдары мен жарғыларын басшылыққа алады. Әлгідей ұшқары пікір айтушылар – ұжымның аяғынан шалушылар. ТІЛШІ: Кейбір дінбасылар халық емшілеріне тоңтеріс қарайды деген рас па? ҚОЖАЛЫМОВ: Дінбасылар арасында, өкінішке орай, ондайлар ұшырасады. Бірақ, біздер, халық емшілері дін жолынан қарға адым алшақ кете алмаймыз. Бес мезгіл дәрет алып, бес мезгіл намаз оқып, Құдай жолын ұстанып, кіршіксіз таза жүру – әр емшінің басты парызы. ТІЛШІ: Емшілер ұжымының жанынан арнаулы курс ашамыз делінді. Курстың міндет-мақсаты не? ҚОЖАЛЫМОВ: Курс екі айлық мерзімге созылады. Талапкер емшілер әуелі халыққа танымал немесе халықаралық емшілер ұжымының мүшелерінен дәріс тыңдап, өзара тәжірибе алмасады. Содан кейін қала емханаларына жіберіліп, дәрігерлер жанында бір ай бойы іс-тәжірибесін пысықтайды. Әлгі мерзім өткен соң, дәрігерлер оларға қанша адамды емдеді, ем-домы ауруды айықтыруға себепші бола алды ма деген мәселелерді мәлімдеп, анықтама қағаз береді. Сондай жағымды қағаз әкелгендерді комиссия талқысына саламыз. ТІЛШІ: Содан кейін ғана халық емшісі деген куәлік бересіздер ғой, шамасы? ҚОЖАЛЫМОВ: Жоқ, біз бірден оларға емші деген куәлікті ұстата салмаймыз. Біз әуелі әр облыста болмағанмен, аймақтарда халық емшілері орталығын ұйымдастырамыз. Оған халыққа танымал емшілер басшылық етіп отырады. Әлгі курстан өткен талапкерлерді біз әуелі соларға көмекші – ассистент ретінде жібереміз. Талапкер бір не екі жыл өз қабілетін сол жерде танытуы қажет. Белгілі мерзім өткеннен кейін талапкер емші сол жерден лайықты деген анықтама қағаз әкелгеннен соң ғана комиссия «Халық емшісі» деген куәлік береді. ТІЛШІ: Талап орынды екен. Енді осы ұжымның алдында қандай қиындықтар тұр? ҚОЖАЛЫМОВ: Жаңа ашылған ұйым мен ұжымдарға қашанда күдікпен қарап, артық-кем сөздер айтылып жатады. Тіпті өздеріне мүлдем жат, қайшы мекеме деп санап, аяқтан шалатындар да табылады. Оны айтасыз, сол құрылған ұжымның әлдебір мүшелігіне енбей қалғандардың өзі алауыздық жасап, қарсы әрекет қылмасына кім кепіл? Ал дүмшелікпен ел қалтасын қағып жүргендер ертең біздің әлгідей қатал сынымыздан өте алмаған кезде ұжым атына небір сорақы сын кесегін алатыны тағы ақиқат. Сондықтан, сол қиындықтың бәрін жеңіп, халыққа мойындату үшін әлі талай күресу керектігіне көз жұмып қарауға, соқыр тәуекел етуге болмайды деп ойлаймыз. ТІЛШІ: Үкімет тарапынан қандай көмек күтесіздер? ҚОЖАЛЫМОВ: Егер бәрі ойлағанымыздай болса, біз өзімізді өзіміз қаржыландыратын мекеме болмақпыз. Бізге тек Алматыда және болашақта аймақтарда ашылатын ұжым филиалдарын мекен-жаймен қамтамасыз етсе және құқығымызды қорғайтын мемлекеттік заң бабы болса жетіп жатыр. Әйтпесе, мемлекет мойнына масыл болатын мекеменің біріне айналмақ емеспіз. Әрі алған жайымыздың құнын төлейтін салығымыздың өзі өтейді емес пе? ТІЛШІ: Енді жеке басыңызға байланысты бірер сұрақ. Сіз бұрынғы КСРО-ның бірнеше республикасы халық емшілерінің мүшесі ғана емес, халықаралық емшілер ұжымының вице-президентісіз. Ол аз десеңіз, зайыбыңыз Түймекүл, қыздарыңыз Ләззат, Гүлзат және балдызыңыз Қызтумас пен бажаңыз Сәттібек, бәріңіз бүгінде танымал емшісіздер. Сөйте тұра, осындай жауапты жұмысқа мойын бұруыңыздың себебі не? ҚОЖАЛЫМОВ: Иә, қара басымның қамын күйттесем, жанұяның қажетінен асып-төгілерлік табыс табуға болар еді. Барлық жағдайыңызды жасаймыз деп Ресей елі де қайта-қайта шақырды. Кез келген шет елге шығып, ем-дом жасауға тағы құқым жоқ. Әйтсе де, «ат айналып қазығын табады» демекші, мен өз халқымнан, қазақ жұртымнан жырақ кеткім келмеді. Әрі ел ішінде халықтың қалтасындағы барлы-жоғын сыпырып алушылар көбейіп барады. Ол аз десеңіз, шет жерлерден келген көзбояушы, сиқыршы, қараниетті келімсектер де бой көрсетуде. Оларға қарсы тұрып, күресе алатындар – нағыз аруақты емшілер. Мен солардың басын құрауды мұрат-мақсат тұттым. Менің игі ниетімді түсінгендіктері болар мәжіліске жиналған жүзден аса емшілер бір ауыздан ұжым басшылығына сайлады. Үміттерінен шығып, сенімдерін ақтауға Құран ұстап ант бергеніме өзіңіз куәсіз. ТІЛШІ: Жыл құсының басы секілденіп наурыз мейрамы келді. Бұл барлық мұсылман халқы үшін жаңа жылдың басы. Ендеше сіздің жаңа жылдық тілегіңіз қандай? ҚОЖАЛЫМОВ: Өткен қой жылы – нағыз той жылы болды. Сол той мешін жылы одан әрі жалғасып, еркін де, іргелі ел болып, Қазақстан әлемге әйгіленсін! Халқымыз аман болсын! Ел тізгінін ұстаған ерлеріміз мұрат-мақсатына жетіп, халқы үшін істеген игі істерін жүзеге асырсын! Халқымыз бірлікте болып, мұрат биігіне көтеріле берейік! Әумин! ТІЛШІ: Әумин! Жауаптарыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан: М.Есләмғалиев «Денсаулық» журналы №3-4,1994
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||