ғұмырнама 7 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
емшілік МӘДЕНИЕТІ Кейінгі кезде баспасөз беттерінде халықтық дәстүрлі емес халық медицинасының мұрагерлері әрі дамытушысы халық емшілері жөнінде жақсы, жаман және реніш те жазылған мақалалар жиі көрініс беруде. Халықтың арасында бабадан ұрпаққа тектік қасиеті арқылы жалғасып келе жатқан және олардың құпия ілімін жалғастырушы нағыз емшілер барлығына күмән келтіруге болмайды. Бүгінде қазақ елінде қанша мыңдаған емші барын бір Алладан басқа ешкім де білмейді. Осыдан жиырма жыл бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы орталығы» құзырлы министрліктің заңнамалық бұйрықтарын пайдалана отырып, жеті мыңға жуық емшілерді өздерінің арнайы сынақтарынан өткізгенін білеміз. Осының барлығына қасиетінің жақсы-жаманына қарамастан «Кәсіби халық емшісі» атағын беріп мекен-жайларына халықтың денсаулығы саласында қызмет көрсетуге жіберіп, оларды бірінші сортты емші санатына жатқызып сауатсыздардың мәртебесін асқақтатқаны барша қауымға мәлім. Осы «кәсібилер» күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы «Құтқарушы» есебінде жазбайтын ауруы жоқ деген атпен жарнамаланса, ал бүгін де осы жеті мың емшінің жетпістейі ғана халыққа дұрыс қызмет көрсетуде. Сонда таңқаласың, алты мыңнан аса емші қайда кетті? Бүгінде бұл орталық онға жуық ғана емшімен қызмет көрсетуде. Бұл қалай? Кім ұтты? Кім ұтылды? Ойланатын жайт. Мұның басты себебі орталықтың аты алғаш “Халық медицинасы” одан кейін «Шығыстық медицина» одан кейін «Ашық» және «Жабық» қоғамдық бірлестік болып өзгерді. Бұл аз болғандай осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жартысы шектеулі жолдастық серіктестікке (ШЖС) - айналды. Ал қалғаны 2007 жылдан бастап ШЖС-ке айналды. Бірақ кейінгісі анау алғашқы (1990) жылғы құжаттарымен қызметтін жалғастыруда. Бұл алдау ма қалай? Бұнысын сауатсыз емшілер қайдан білсін. Оларға бәрі бір болғанымен түбінде бармағын тістері анық. Есеп беретін заңды орындарға ШЖС құжаттары арқылы есеп береді. Ал емшілерге көне құжаттары арқылы қызмет етеді. Осыған сенгендер әлі де торға ілініп өздерін аты өшкен «Кәсіби халық емшісі» санайды. Осындай тәрбиеге душар болған емшілерден қандай мәдениеттілік күтуге болады? Бүгінде емшілерді арнайы алты айлық медициналық сынақтан өткізетін бұл жеке меншік ШЖС орталығы емес, әрбір емшінің өзінің тұрған қаласының және облысының Денсаулық сақтау басқармалары арқылы жүзеге асатындығын білетін уақыт жетпеді ме? Сонда қанша жыл халық емшісі жаны ашымайтындардың “тірі тауары” болып жүре бермек? Осыдан мынандай ой туады. Осы орынның басшысы өткен жылы беделді бір газетте (Егемен Қазақстан) «Қос діңгекті қосамын» – деген уәдесінен айныды ма, бүгінде өздері басқаратын «бір діңгектің» де құлап бара жатқаның сезбейтін сияқты. Одан да әр нәрсені бастап, аяқтап, саралап, бағасын алып барып айтқан дұрыс шығар, бұл да емшілік мәдениетінің көтерілуіне ықпал етіп, бос сөздік пен уәдеден арылтар еді. Ең негізгі өздерін емшінің тірегімін деп есептейтін осындай орындардың жауапкерсіздігінен емшілік мәдениеті төмендеп халықтық сенімнен алшақтап, діни көзқарастарға жат әрекеттерге барып жатқандығын мойындаған жөн. Осы орталықтың жанынан ертеде «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы» құрылған-ды. Алғашқы басқарған Әділхан Ерманов мырза он сегіз жылдай “кіші құдай” болғанымен ештеңе істемеді, бос сөзбен сауатсыздарды алдап келді. Ә.Ерманов мырза 2004 жылдың қыркүйек айының соңында өз үйінде мен Ақтөбе медициналық Академиясының емдеу факультетін бітірдім деп оның дәрігер деген дипломын көрсетті. Емшілер болса көрімдігін бере бастады. Сонда мен және Ш.Шынтаев мырза екеуіміз жағамызды ұстадық. Сонда өмірі медициналық оқу орынның табалдырығын аттамаған, бірде-бір дәрінің атын білмейтін азамат қалай дәрігерлік дипломға қолы жетті? Бұған дәлел Ә.Ерманов мырзаның өзінің қауымдастығының Ақтөбедегі филиалының хабарландыруын береміз: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в офис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан господином Ермановым А. Для справки: Ассоциации профессиональных народных целителей Республики Казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента ее создания и все это время ее бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес офиса: улица Кисилева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН». Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б.». Міне, жалған «дәрігер» Ә.Ерманов мырза ақыры өз қауымдастығының емшілерін тастап өзі де кетті. Кейінгі екі жылда бұл қауымдастықты дәрігерсымақ Нұржанов Бауыржан деген басқарады. Басқалардан бұрынғы көкелері ала алмаған өшін осы алып беремін деп, бүкіл республика аймағын аралап ағаларының басқа ұйымдарды тарады, олар заңсыз, менікі заңды, мен жарылқаймын деген көне сөздерін қайталап, бұрынғы көкелерінен де озып барады. «Аңқау елге арамза молда» – дегендей аңқау емшілерге ашық түрде ірі бағамен (жақында Қызылорда, Шымкент) жеке «Медициналық лицензия» таратуда. Бауыржан бұған дейін басқа аймақтарды да аралап, өзінің (Жасанды лицензиясын) таратқанын білеміз. Бұл қалай? Сонда Бауыржан мырза Денсаулық сақтау министрілігінің рөлін атқарып, емшілерді арнайы алты айлық медициналық бақылаудан өткізу заңын аяққа таптағаны ма (ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі. бұйрық №532. 10 қараша 2006 ж.). Мұны жергілікті бақылаушы заң, салық орындары неге білмейді? Жалған лицензия алған емшілер енді өз ойларын жүзеге асырарына күмән келтірмеңіз? Тек ғана олар жергілікті орынға салық төлер ме екен, кім білсін. Біздікі тек ескерту ғана. Бұндай жағдай осыдан бес-алты жыл бұрын Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен кейбір емшілердің ұйымдастыруы арқылы ірі бағаға емшілерге лицензия берілгенін де көргенбіз. Лицензия алған емшілер қарызға белшесінен батып, оның аяғы ірі дау-дамайға барғанын да білеміз. Енді емшілер ойланатын шығар кімнің қолына түсіп жүргендерін. Сорақының сорақысы емшілер арасында А.Ерманов мырза сияқты медициналық дипломдарды оқымай-ақ алғандар да баршылық. Мәселен, Алматылық орта білімі бар, жүргізуші болған Тохтахунов Абдрахман мырза бүгінде шөппен емдейтін танымал емші. Бұл азамат Ә.Ермановтан да озып, 2003 жылы наурыз айында өзін “Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін” алдым деп, телеарналарда көрсетіліп және баспасөз беттерінде жариялады. Қысқасы, аспаннан бір “Алланың құтқарушысы” түскендей болды. Мәселен, “Отбасы және денсаулық” журналында “Доктор Тохтахунов” (№11.2003. 16-18 бб.) т.б. газеттер беттерінде жасанды “Медицина ғылымдарының кандидатын” бірнеше жыл жарыса жазды. Ал енді бұның жалғандығын мына екі құжаттан білесіздер. 1. “Ассоциация народных целителей Казахстана” Кожалымову Зиядан кажы: - “На Ваш запрос №015-А от 25.12.03 г. Казахский Национальный Медицинский Университете им. С.Д.Асфендиярова сообщает, что ТОХТАХУНОВ АБДРАХМАН в период с 1981 по 1987 г.г. не обучался и диплом АН №654982 рег. №71 от 25.07. 1987 г. не выдавался”. Ректор КазНМУ, профессор Т.А. Муминов (Исп. Шитикова В.С. /3272/ 927-937.) ФБ- 19 №17-1-13 от 07.01. 2004 г. Ректордың қолы қойылған, ҚазҰМУ мөрі басылған). 2. “Қазақстан халық емшілері ассоциациясының” Президенті Зиядан қажы Қожалымовқа (480057. Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі, 73, 38-бөлме): - “Сіздің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №015-А хатыңызға жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: 2000-2003 жылдар кезеңіндегі ЖАК мәліметтерінде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Ә.Тоқтахунов деген ізденушінің аттестациялық ісі түскендігі және қаралғандығы туралы дерек жоқ. ЖАК тарапынан А. Тоқтахуновқа “медицина ғылымдарының кандидаты” атағы берілген жоқ. Төраға А. Құсайынов (Орындаушы: Ш. Құсайынова, т. 61-81-56. Хат 12.01.04. №В-61-59/13-0070). Міне, көріп отырғандай біз медициналық диплом сатып алғандардың “Шортандарын” ғана көрсеттік. Ал, емшілердің “Шабақтары” ішінде осындай медициналық диплом сатып алғандары да жетерлік. Бұл да емшінің мәдениетсіздігі мен ұятсыздығын көрсетеді. Емшілердің әр түрлі ұйымдарда тіркелуіне байланысты кейбір есепте жоқ емшілер өзінің есебін түгендеп, халықты алдап арам ойларын жүзеге асырып жатқандығын да мойындаған жөн. Осындай алаяқтардың торына түскендерден ренішті хаттардың арнайы орындарға жолдану себебі де, бүгінге дейін емшінің бойындағы тылсым құпия сырларына арнайы ғылыми көзқараспен қарап, бір қоғамдық орталыққа топтастыруға арнайы орындардан ұсыныстар мен мүмкіндіктер жасалмауында. Осының кесірінен кешегі сот үкімімен арнайы жабылған «Фархат ата» және «Аққулар» ұйымдарының халыққа келтірген діни рухани зияндықтары жөнінде бізде өз уағында осындай пікірімізді білдіргенбіз. Шындық өз нәтижесін берді. Біздің алдымызда емшілердің бойындағы кейбір кемшіліктері жөнінде жазылған «Ел ішінде емші жүр» (Жетісу. 30.05.2009 ж.) мақалада емшіге сенуден реніш көп, ал «Ислам және өркениет» газетінде (№12. 21-30.04. 2009 ж.) емшілерді «Аруақтелекомға» теңеп, мазарларға зиярат ететін емшілердің өлі аруаққа табынатыны жөнінде, кейбір ескі мазараттарға пәлен әулие жатыр деп белгі қойып адамдарды табындыратыны, жүрекпен сөйлейтіндері арқылы аталар бата беруде немесе саған реніште деген сияқты адамның миының қызметін торлайтын сиқырлы әрекеттері арқылы өз мақсаттарын жын-шайтандардың көмегімен жүзеге асырып, Алла тағаланы мойындамайтындары жөнінде де реніштерін білдіреді. Енді «Түркістан» газетіндегі «Емші десе елеңдеп...» мақалада (04.06.2009 ж.) автор жалғандықпен ақша жасап жүрген кейбір емшілер жөнінде өз ренішін білдіреді. Өзі де емшіге көрініп жалғандығына қайран қалады. Осыларды үгіттеп отырғандар да жоғарыдағы аты аталған ШЖС Халық медицинасы орталығы. Бүгінде адамдарға, қоғамға, сырқат жандарға беретін тәрбиелік деңгейі төмен, сауатсыз, тек ғана жеке пайдасы үшін, адамдарға молаларды аралататын көптеген аты бар да, мәні жоқ «Ордалардың» қызметіне тоқтау қоятын немесе бір орталықтан бақылайтын уақыты жетпеді ме. Егер бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, бүкіл қазақ мола аралағыш атанса, біраз жылдардан кейін ауданаралық «Жүйке ауруханалары» ашылмасына кім кепілдік бере алады? Біздің ғылыми жақтан бақылауымыз бойынша емшісымақтардың тең жартысы жүйке ауруына ұшырағандар, ал 30 пайыздайы жақсы мен жаманның ортасындағылар болса, қалғаны нағыз таза емшілік қасиеті барлар. Дегенмен, бұл қасиет біртіндеп азаюы мүмкін. Себебі, халықтың "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады" – деген даналық сөзін еске алған жөн сияқты. Мұны неге мемлекеттік бақылаушы орындар ескермей жүр. Алматы ТВ-дан көрсетілген «Қылкөпір» бағдарламасына да ренішін білдіреді. Дегенмен бұл бағдарлама бізде жаңадан басталғандықтан да, көш жүре түзелетіндігіне көңіл бөлген жөн сияқты. Бізде әлі дайындық, білімділік, рухани тазалық пен арнайы дайындау орталығы жоқтығын ескерсек, «Қылкөпірге» қатысушы емшілерге тәуелсіз елімнің бабаларының киелі қасиетінің тылсым құпияларын аша беруіне тілектеспіз. Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кем де емес. Семіргенді қой көтереді. Өткен жылы Тараз қаласында Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 400-ге жуық мүшелері қатысқан кезектен тыс XIII-Құрылтайы өтті. Құрылтайда қауымдастықтың құрамын сандықтан сапалыққа қарай өзгерту қаралды. Қауымдастықтың филиал директорлары мен кейбір мүше емшілерінің тәртібі қаралды. Сегіз қалалық және облыстық бөлімше қызметін (Ақтөбе обл., Ақтөбе қал., Шалқар қал., БҚО Ақсай қал., Қарағанды обл., Балқаш қал., Талдықорған және Есікті қал.) тоқтатуға және елуге жуық мүшесін құрамнан шығаруға қаулы қабылданды. Бұның себебі қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамағандығы, қауымдастықпен байланыстарын үзгендігі, мемлекеттік орындарға өз уағында есеп бермегендігі және себепсіз қауымдастық ұйымдастырған шараларға қатыспағандығы, жалған алдампаздықтары себеп болды. Бұлар қауымдастықтың абыройы мен жетістігін жеке мүдделер үшін толық пайдаланып, өздерінің ұшқан ұясына өздері опасыздық жасады. Бұл шешім бүгінде қауымдастықтың сайтында тұрақты қойылған. Қоғамымызда басқару жүйесінің жақсы жақтары көрініс беруде. Ал, республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» Төралқасы 18 жылдан бері халықтық емшіліктің ғылыми жақтарын зерттеп, оны ғылымдық зерттеу жүйесіне қосуға қол жеткізді. Емшілік, рухани емдік, биоқуаттық т.б. салалар бойынша оқулықтар жазылды. Тылсым құпия сырлары туралы еңбектер де жарияланды. Жыл сайын емшілердің білімін, діни рухани жетістігін, өзара қатынасын және басқа да елдердегі осы саланың мамандарымен тығыз байланысын өркендету мақсатында алты рет халықаралық әртүрлі тақырыптағы конгресстер мен форумдар өткізді. Қысқасы, емшілер рухани жағын байытуда толық өздеріне қажетті оқулықтармен қамтамассыз етілген. Арнайы емшілердің білімін, рухани дәрежесін көтеретін мектептер жұмыс істеуде. Халықтан алғыс алған емші ол рухани дәрежесі жоғары және мәдениетті емші. XV ғасырдың ғұлама ғалым емшісі – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емшіні шипагер деп атауды ұсынады. Шипагер – сырқат жанның ауруының себебін табады, емдейді, жазады, ажалдан алып қалады деген ойын айта келе, оған жету үшін тұрақты негізгі білім мен рухани білімнің қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі емшінің парасаттылығын арттырып, имандылығын жоғарылатып оның адами тұлғалығын биіктетері анық. Кейбір мәдениетсіз емшілер үшін, бабалар қасиетін жоя алмаймыз. Мәдениетті емшілердің құрамы арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оған бүгінгі біздің атқарған қызметтеріміз куә. Емшілер мәдениетін көтерейік! «Шипагерлік баян» газеті, №10, 2009
ҰРЛЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ – «ЖИЕНДІК» Бүгінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының (ҚХЕҚ) жалған жиендері көбейе бастады. Осыдан оншақты жыл бұрын осы ұйымды атын атауға ұялатын еліміздегі осы саланың басқа ұйымдарын басқарғандар енді бүгінде қызметі республикадан да тысқары таныс бола бастаған ҚХЕҚ-ның құжаттары мен Жарғысынан ешқандай өзгеріссіз көшірме жасап, оның негізгі авторы әрі мұрагерінен рұқсатсыз өздерінің Жарғылары мен куәліктерін жасап білімі төмен, ойлау қабілеті нашар, кеше осы ұйымнан адам болып артынан сатқындыққа айналған, бүгінде халықты алдап-арбау арқылы емшісымақ болып жүргендерге таратуда. Жиырма жыл бойы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауы мен қорғауында болған, екі қабатты мекен-жайға орналасқан «Республикалық халық медицинасы орталығы» да (РХМО) өз қызметін тоқтатты. Оның орнында бүгінде педагогикалық колледж студенттері білім алуда. Осы орталық өзінің үстемдік еткен жылдарында аттарын бес рет өзгертті, ақыры тарады. Десе де көне құжаттар әлі күнге дейін аңқау емшілерге таратылуда. Енді осы ұйымның басшылары «Халықтық және рухани емшілік» мекемесін құрыпты. Бұл атау ҚХЕҚ-ның құрылғалы бері Жарғысы арқылы іске асырылып келе жатқан қызметінің өзгеріссіз негізгі түрі. Бұл қалай? Басқа атау құрып қалды ма? Ал, бүгінде «Кәсіби халық емшілері» қауымдастығының (басшысы Бауыржан Нұржанов мырза) өзінің емшілерге таратқан куәлігіндегі терминдік білім беру мамандық түрлерін ҚХЕҚ-ның дипломынан көшіріп алған. Біз бұдан бұрын Б.Нұржанов мырзаның республиканың барлық аймақтарында ірі көлемді қаражатқа емшілерге «Лицензия» таратқаны жөнінде жазғанбыз. Мұндай мәліметтерді біз іздемейміз. Осылардың есебінде болған емшілер арқылы білдік. Олардың айтуынша ҚХЕҚ-ның «Жиендері» ҚХЕҚ тарап кеткен, басшысы өмірде жоқ, біз бәрін шешеміз, білеміз», – деп айтады екен. Сонда жиырма жылда емшілер үшін тырнақтай жақсылық жасай алмаған бұрынғы РХМО-ның басшылары бүгінде өзінің сайты арқылы әлемге әйгілі болып отырған (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) ҚХЕҚ-ын қалай жоя алады? Бұл олардың жиырма жылға жуық таусылмай айтылып келе жатқан әндері. Осыны көпшілік білсін деп жазып отырмыз. «Біреуге ор қазғанша, өзіне өмір тіле» – деген аталық даналық сөздің мәнін бұл «Жиендер» қашан түсінер екен. Кейбір ұйымдардың отыратын орыны да жоқ. Оның басшылары көше кезіп немесе өзінің сенімді өкілдерін емшілердің үйлеріне жіберіп нәпақаларын табу жолдарының нағыз шеберлеріне айналған. Сонда біз жеке адамның құқын таптағандығымыз ба немесе қорғағандығымыз ба? Қолдан емші жасауға болмайды. Бүгінде ғылыми зерттеулеріміз бойынша емшілердің 10-15 пайызы ғана осы жолда жүріп, емдік қызметін атқара алатындығы анықталды. Бұл көрсеткіш әлі де азая бермек. Бұған дәлел бұрынғы РХМО-нан тексеруден өткен 3700-дей емшінің бүгінде сол орталықты сақтап қорғап қалуға 15-20-ның қалмауынан-ақ түсінуге болады. ҚХЕҚ құрылғанына 19 жылдай болса да әлі өзінің атауы мен құжаттарының бір әріпі де өзгерген жоқ. Қаншама қиыншылық жолдардан өтсе де, халықтық шипагерліктің өткені, бүгіні, болашағы туралы көптеген ғылыми танымдық монографиялық еңбектерді ғылымға және халыққа ұсынды. Емшілерді оқытудың рухани және халық медицинасы саласындағы оқулығын баспадан шығарды. Ай сайын «Шипагерлік баян» газеті өз оқырмандарымен жүздесуде. Ал, өзінің сайты арқылы барлық қызмет түрін таратуда. Ал, жоғарыдағы менің «Жиендерімде» бұл қызмет түрінің біреуі де жоқ. Бұл өмір шындығы. «Жиендер» аман болсын! «Шипагерлік баян» газеті, №5, 2010
ЕМШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНЫҢ АЗАЮЫ НЕДЕН? Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңынан бастап бұрынғы Одақ аймағында ғана емес, қазақ еліне де «жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай» – халық емшілерінің қатары көбейе бастағаны бәрімізге мәлім. Сол уақыттағы емшілік саласындағы ғылым мен жеке емшілердің түсініктерінің нашарлығынан, әр емшіде болып жатқан құбылыстармен жалған ақпараттарға сенушілік басым болды. Небір ғаламат иелері өмірге келді деп баспасөз бен ақпараттарда жарыса жазылды және хабарланып көрсетілді. Баспасөз беттерінде мұндай құбылыстарға ие емшісымақтар жеті қабат аспан әлеміне де ұшып барып оралды десе, ал кейбіреулері неше түрлі әулиелердің (сары, ақ, қара, көк тақиялы, ана, алып ана, үлкен ана т.б.) аттарын иеленгені былай тұрсын, пайғамбарлардың қатарына өздерін теңеді. Тіпті, қасиетті Түркістан жерінде емшісымақ әйелдер болса өздерінің түсінде Қожа Ахмет Яссауи бабасы қолдарынан ұстап демеп жүргендерінде республиканың бас газеті арқылы жариялатты. Әулиелердің басқан ізіне аунап Алладан емес, жалған әулиелерден көмек сұрағандар аз болған жоқ. Қолдан құдай да жасалынды. Құдайды атақты жазушының Түрік еліне белгілі газеті арқылы жариялау, ұлттық намысты таптап ғана қалмастан өмірден өткен бабалардың киелі қасиеттерінің тылсым сырларын жоққа шығарумен бірдей еді. Республиканың телеарналарында арнайы кездесулерде әйел емшілерден бата алу әдетке айналған-ды. Қысқасы, қазақ елінде бата беруге жарайтын ер азаматы жоқтай насихаттаудың ақыры, емшілердің бұрынғы пірлері атанғандардың қасиеттерінің өмірлерінің қысқа екендігі бүгінде толық айқындалды. Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі – дегендей байқамай, зерттемей насихатталғандардың кесірінен халықтың тектік халықтық емшілікке деген сенімі азая бастады. Бүгінде сол уақыттардағы үгіттелген, мақталған құдай да, әулиелер де, үлкен-кіші аналар да іздесең біреуінде таппайсын. Ал құдаймын дегеннің өзі де жер басып жүрген жоқ. Сонда құдайда өле ме екен? Бұған оларды үгіттегендер қашан жауап берер екен. Сөзімізді дәлелдесек, өткен ғасырдың соңында Оңтүстік Қазақстан облысында үш жүзден аса, Қызылордада үш жүзге жуық, Атырауда екі жүздей, Батыс Қазақстан облысында жүз елуден аса, Жамбылда үш жүздей, Алматыда екі жүзден аса ал Талдықорғанда жүз елудей емші болса, ал бүгінде қалғаны жеті-он емшіге жетпейді. Бүгінде қызметі тоқтатылған Республикалық халық медицинасының Орталығында есепте тұрған төрт мыңға жуық кәсіби емшінің де екі-үш ғана пайызы қалған. Бұл қалай? Себебі неде екеніне ешкім мән беріп жатқан жоқ. Асыра мақтампаздық пен мансапқорлық, пайдакүнемдік, сауатсыздық, рухани білімнің таяздығы және алдампаздықтың ақыры емшілердің қатарының азаюына әсер еткендігін мойындаған жөн. Халқымыздың: ат шаппайды, бап шабады – деген философиялық талғамы шындыққа жанасқандай. Емшілік мәдениетінің төмендігі халықтық тектік қасиеттіміздің қадірін әлсіретеді, білімділік ғана алға жетелейді. Осы бағытта халыққа шипагерлік қызметін сыйлап келе жатқан халық емшілері қатары әлі де жарыстан қалмай өз үлестерін қосуда. Шипагерлік саласына ғылыми зерттеулердің енді ғана кең құлаш жая бастағанын ескерсек, тек ғана аз мөлшердегі емшілер арқылы әлі де тылмыс құпияның ашылмаған сырларын ашуға болатындығы және бұл зерттеулер жалғасқан сайын жаңа ғылыми тақырыптарды туындайтындығы, ғылыми тұжырымдардың сапасының артатындығы айқын болмақ. Бұл жөнінде қауымдастық тарабынан игілікті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Мәселе емшілердің қатарының азаюында емес, оның сапасының артуында екендігі айқындалуда. «Шипагерлік баян» газеті, №11, 2011
ЕМШІЛІКТЕГІ ЖҮЙЕНІҢ «БАНДИТИЗМІ» немесе Қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты кімдердің адамдары атты? 2011 жылдың 17-ақпаны Қазақстан халық емшілері қауымдастығының соған дейін вице-президенті қызметін атқарған Александр Бодров үшін қаралы күн болды. Оның осы күні өмірі тоқтады. Оны білетін емшілер мен азаматтарға өмірі қабағын шытпаған, жылы шыраймен күлімсіреп жүретін, жүрегінің адал нұрын әрқашанда басқалардың жағдайының жақсаруына арнаған, білімді де білгір өз мамандығының шебері, Қазақстаннан да тысқары таныс болған Александрдың өмірі құпиялы жағдайда қиылады деп ешкімде ойламаған шығар. «Судың да сұрауы бар» – дегендей, бүгінде қызметі мен абыройы Республикадан да тысқары танылған, халықтық шипагерліктің ғылыми орталығына айналған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» беделді вице-президентінің өлімі оның мүшелерінің терең ойланатын және зерттейтін іс-әрекетіне айналды. Қауымдастық Жарғысының баптарында оның кез-келген мүшесінің құқын қорғау және оларға жабылған теріс пиғылдардан алып шығу толық қаралған. Емшілік тектік қасиет оны ешкімде жоя да, бағындыра да алмайтындығы бірнеше ғасырлардан бергі қатал жүйелердің оны жоя алмауы дәлел. Көктемдегі гүлдеген гүлдей жарқырап шыққан неше алуан тылсым құпиясы сырларының иелерін мәпелеп те, қолдап та келгендерден басқа және масқаралап олардың күш-қуатын, ілімі мен білімін жеке бас пайдаларына пайдаланғандар да жиырма жылдан бері өзінің ойына келгендерін істеп келеді. Сонау 1990 жылдын мамыр айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен Алматыда құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» алғаш айдаһардай ақырып, жолбарыстай шақырып өзінің уысына неше мыңдаған емшілерді жиып алып оның ішінен 7000 (жеті мың)-дайына «Құрметті кәсіби халық емшісі» деген атақ беріп, оларды темір торсыз «Мәдени зоопарктің» ішінде ұстап (зоопаркта темір тор бар), рухани және мәдени құқыларын таптап, еркіндігі мен тәуелсіздігін жоя отырып Орталықтың шонжарлары өздерінің жоғарыдағы көкелерінің көмегімен ондағы емшілердің еңбегін пайдаланды. Орталықтағы емшілерді «құлдық пен күңдік» жүйесінде ұстап келді. Өмірі шаңырағы шайқалмады деген Кеңес үкіметі де 70 жылдан кейін қалай шаңырағы кездейсоқ шайқалғаннан кейін, оған бағынышты Республикалар тәуелсіздігін алғаны сияқты бұл, Орталықтың да «кәсіби емшілері» өздерінің құтты мекеннің құрылғанына 20 жылдығына екі-үш ай қалғанда тарап кетті. Бұл қалай? Кез-келген адаммен амандаспайтын, басқаның сәлемін де алмайтын осы бір киелі жандардың не кінәсі бар? Бұған кім кінәлі? Бір жыл уақыт өтсе де жоғарыдағы 7000 кәсібидің өздерінің 20 жылдық өміріне немқұрайды қарауын қалай түсінуге болады? Ойлаймыз, мүмкін олардың осы уақытта ойлау жүйесінің әлсірегені ме немесе зомбиланып дуаланғаны ма? 20 жыл ішінде жоғарыдағы Орталық өз атын «Шығыстық, Ашық, Жабық, Орталық, ШЖС» болып бес рет ауыстырғаннан да еш нәтиже шығара алмады. Бір қызығы осы аталған ұйымның басшысының (Ш.Ш) 2009 жылы қазан айында еліміздің белді газеті «Егемен Қазақстан» газетінде оның «Қос діңгекті қосамын», – деген сұхбаты шықты. Оқырмандар қуанды да және таңғалды да бірақ, біз таңғалмадық. Себебі осы заманғы медицина мен халық емшілігін қосуға әлі де жарты ғасырдан артық уақыт барын білдік, өз пікірімізді білдірдік. Айтуға, жазуға шебер, теле-радиоларда өз абыройларын асқақтатуға үйренгендер өздерінің өтірігіне де ұялатын емес. Қайта өз сұхбатынан кейін бір жылға жетпей белгісіз жағдайда тас-талқаны шығып тарады. Күнәнің ең ауыры өтірік айту, басқаның еңбегін пайдалану және оның құқын таптау. Бұл әрекеттердің әсерінен жоғарыдағы 7000 емшінің құқының тапталғандығын кім қорғай алады? Ойланайық. Ата-бабаның тектік қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа кететін генетикалық құбылыс. Сонымен Орталық тарағанымен оның басшысы өз жеке меншік мекемесін құрып, тағы да жоғарыдағы жақтастарының арқасында емшілерді екінші жағынан жаншудың, таптаудың «Сертификаттық» жүйесін таңдап алды. Мемлекетіміздің емшілердің құқын қорғау жөніндегі заңдарын Құран дұғаларындай жаттап алып, бұлбұлдық сайрауына қайта көшті. Дегенмен, бұл адамдардың қысымын көрген емшілер бұрынғыдай лек-легімен, топ-тобымен келмеді. Емшілердің үйлеріне және облыстарға шабармандарын жіберіп өздерін емшілерді «Жарылқаушы» етіп бұрынғы бұлбұл әндерін тағы сайратты. Ізгі армандары толық орындалмады. Осы бір кезде өздеріне қарсы қауымдар мен жеке емшілерді талқандау, жою мақсатында қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты өз торларына әйтеуір түсірді-ау. А.Бодров Ш.Шынтаев басқаратын «Духовные и народные целители» Учреждениесіне Ш.Шынтаевтың кеңесші және эксперт-ревизоры болып 2010 жылдың шілде айынан қызметке тұрады. Бұған дәлел: «В настоящее время единственной организацией, представляющей интересы специалистов народной медицины в Казахстане и акредитованной на сертификацию целителей, является Учреждение «Духовные и народные целители» под руководством директорв, академика Шинтаева Шакена Мукановича. Это решение закреплено Законом о здравоохранении РК от 18.09.2009 и приказом МЗ РК за №865 от 22.12.2009. С июля 2010 года на должность советника, эксперта-ревизора принят Бодров Александр Владимирович». По этому вопросу на радио Казахстан 14 сентября 2010 года было мое выступление (А. Бодровтың сайтынан 21.02.2011. 14:58). Сонда таңғаласың 20 жыл бойы бірде-бір емшіге тарихи, моральды көмек етпегендер тағы да «жалғыз» жарылқаушы болғаны ма? А.Бодров Ш.Шынтаевқа қызметке бару үшін ол өзінің қызметтен кететін жөнінде қауымдастық Төралқасына арыз жазбады, ескертпеді немесе Ш.Шынтаевтан қатынас қағазын да әкелмеді. Неге? А.Бодровтың Ш.Шынтаевтың мекемесіне оның он жылдан бергі бірінші орынбасары, Өзбекстан азаматы және өзбекстанның арнайы бақылау орнының бұрынғы подполковнигі, емші Ануар Ниезовтың алдауы немесе қорқытуы арқылы барғанына түсінген адамға анық байқалады. А.Бодровтың кейінгі өмірінде қорқыныш, үрей және жақындардан алыс жүру психологиясы қалыптасқандығын байқағанбыз. Ш.Шынтаев неге өзінің жақын адамдарын Қазақстан азаматтарынан алмаған, бұл да ойландырады? А.Ниезов Өзбекстан азаматтары мен Алматыдағы теріс пиғылды адамдардан емшілер командасын құрып «Бандиттік» топ құрғандығы және оларға бағынбаған Қазақстандағы халық емшілігі саласындағы белгілі мамандар мен емшілердің азаматтық құқын жою әрекеті болғандығы кешегі, марқұм А.Бодровтың өлімі дәлел (А.Бодровтың өліміне байланысты емшілердің аты-жөнін және олардың өмір жолдарын зерттеудеміз). Сіздер қалай қарайсыздар оқырман? Мүмкін А.Бодровтың өліміне әлдебіреулердің хабарлауынша бізде кінәліміз бе? Дегенмен, біз ақтығымыз бен пәктігімізді дәлелдей алдық әлі де дәлелдей береміз. Халқымыздың «Біреуге ор қазба, өзін түсесің» – деген даналық сөзі тегін айтылмаған. Орыс халқында: «Ажалыңнан бұрын өлемін десең – мотоцикл айда немесе электрик бол!» – деген даналық сөзіне сүйенсек, енді кейбір данышпан емшілерге ажалыңнан бұрын о дүниеге аттанамын десең, жоғарыда аты аталғандардың командасына бар демекпіз. Таза ұлтжанды, тектік қасиетті сыйлай білетін, білімді де иман жүзді емшілер аман болсын. «Емшілік бандитизмін» құрғандардың жолдары кесілсін. Емшілер мәртебелеріңді сақтаңдар демекпіз. «Шипагерлік баян» газеті, №5, 2011
Күн астында “күнбағыс” сияқты күн көрген “ұры” емшілер Бүгінде халық емшілерінің арасында медициналық білім алмаса да “дәрігер” және “ғылым кандидаты” атақтарын иеленіп жүргендер баршылық. Кейінгі кезде мұндай емшілер өздерін ашықтан-ашық “жоғары білімді медицина саласының дәрігерімін” және “ғылым кандидатымын” деген хабарламаларды да таратудан жалығар емес. Солардың шортандары мен серкелерінің теріс әрекетін көрсету адал ниетті, ақ халатты дәрігерлер мен иман жүзді емшілердің заң алдындағы адалдығы деп білеміз. 1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан 1990 жылы құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» жанынан ҚР «кәсіби халық емшілері ассоциациясы» 1992 жылдың маусым айында құрылып, оған Әділхан Ерманов деген емшіні президент етіп сайлаған-ды. Бұл қауымдастықты да 18 жылдан кейін Ә.Ерманов жауып тастады. Жоғарыдағы аталған Орталық пен Ассоциация басшыларының мақсаты халық емшілерін бір ортаға жию және осы саладағы құрылған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ жою болатын. Осы аталған екі ұйымға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан материалдық және моральдық көмек көрсетілсе де халық емшілері үшін ешқандай ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және емшілік саласы бойынша кітаптар мен газет шығару болмады, ақыры өздерін өздері жапты (2010 ж.). Не үшін? Белгісіз. Әділхан Ерманов мырза 1946 жылы туған. Мамандығы мәдениет қызметкері. Жамбыл облысындағы бұрынғы мәдениет техникумын бітірген. Бір қызығы өзі оқымаған Ақтөбедегі медициналық академиясының (институт) дәрігерлік дипломын алғаны жөнінде өз үйінде 2002 жылдың қыркүйек айында маған, Республикалық халық медицинасы Орталығы Бас директоры Шинтаев Шакенге және көптеген емшілерге көрсетіп мақтанды. Емшілер көрімдігін де беріп жатты. Ә.Ерманов Ш.Шинтаевқа бағынышты болғандықтан мен Ш.Шинтаевқа: “Естіген дәрігерлер мен емшілерден ұят болады, біз масқара боламыз, айтыңыз, Ә.Ермановтың медициналық дипломын жойыңыз”, – дедім. Талап орындалмады. Содан бері 10 (он) жылдан асты. Ә.Ерманов болса Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» деген атақты да алып үлгерді. Оның Ақтөбе қаласындағы жарнамасында былай жазылған: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в офис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных цели-телей Республики Казахстан гос-подином Ермановым А. Для справки: Ассоциации професиональных народных целителей Республики казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента её создания и всё это время её бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здоравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес офиса: улица Киселева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН» Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б» (Хабарлама сақтаулы). Ә.Ерманов мырза бұрынғы «кәсіби халық емшілері ассоциациясын» жапқаннан кейін, енді 2012 жылдың 21-желтоқсанында «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бір-лестігінің филиалы «Халық емшілері – Народных целителей» Ассоциациясын құрған. Ат-алған «Халық емшілері Ассо-циацияның» Республикалық I-конференциясын 2013 жылдың 12-13 наурызында Түркістан қаласында өткізбек. Бұған дейін құрылғанына 21 жылдан асқан «Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы» РҚБ Ассоциацияның атын жамылып бұлардың өмірді қайта бастағаны заң талабына сай келе ме? Ә.Ерманов мырза бірнеше мыңдаған емшілерді бұған дейін ойыншық етіп, өздерінің тірі тауарына айналдырғандары аз болғандай, енді «жалған дәрігер» не тындырмақ? Ол өзіне көмектескен Е.Әбілқасымов пен Ш.Шинтаевке де сатқындық жасағанын білеміз. «Жалған дәрігер» Ә.Ермановтың бастығы «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Садыкова Айжан ханым, өзі басқаратын РҚБ «Ұлттық Медициналық Ассоциациясының» Жарғысына оның құрамында филиалы «Халық емшілері Ассоциациясын» құру жөнінде ҚР Әділет министрлігінен өзгеріс ендіріп тіркеткені заңдастырылған ба, бұл жағы түсініксіз. Дегенмен, А.Садыкова ханым өзінің басқаратын Ассоциациясының құрамында ашқан филиалы «Халық емшілері Ассоциациясымен» аттас заңды тұлға 21 жылдан астам уақыт қызметін жалғастырып келе жатқан «Қазақстан халық емшілері Ассоциациясы» РҚБ барын неге ескермеген? Бұл біздің құқымызды таптау. Қысқасы А.Садыкова ханым “жалған дәрігер” Ә.Ермановтың алдауына түскен. Қауымдастықтың Төралқасы Әділхан Ермановтың заңсыз алған Ақтөбе медициналық академиясының (институты) дәрігерлік дипломының күшін жойғызуды, «ҚР Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» атағынан айыруды және «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ филиалы «Халық емшілері Ассоциациясының» бұған дейінгі құрылған «Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының» РҚБ атын келісімінсіз алуының заңдылығын тексертуді заң орындары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен талап етуде. 2. Халық емшілері арасында ешқандай жоғары білімі туралы дипломы жоқ, бірақ жоғары білімді дәрігерлік дипломды және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын сатып алған Алматылық бұрынғы РХМО (директоры Ш.Шинтаев) Тохтахунов Абдрахман (1956 жылы туған, білімі орта, мамандығы жүргізуші, мекен жайы: Ақан сері к-і, 147 үй. ) деген халық емшісі 2003 жылдың ақпан айынан бері “медицина ғылымдарының кандидатымын” деп өзін баспасөз беттерінде, теледидарларда және жарнамаларда тұрақты хабарлап келеді. Бұл азаматтың жат қылығын медицинаның заңын таптау екендігін ескертіп сол кездегі бастығы Ш.Шинтаевке ескерткенмін. Бәрі өзгеріссіз қалды. Ал, мен А.Тохтахуновты өзіме шақырып ескерткенімде: «Ақшаң болса бәрін сатып аласың», – деді. Бұдан кейін А.Тохтахуновтың 1987 жылы 25 шілдеде АН № 654982 дипломы берілгені рас па деп сол кездегі ҚазақҰМУ ректоры Т.А.Муминовке хат жаздық. А.Т.Муминов мырзадан: “А.Тохтахуновтың КазҰМУ оқымағандығы және АН № 654982 дипломы берілмегендігі жөнінде (ФБ 19 №17-1-13)” хат келді. Және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын алғаны жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары аттес-тациялық комитетінің Төрағасы А.Құсайыновқа хат жаздық. А.Құсайыновтан азамат А.Тохтахуновқа «медицина ғылымдарының кандидаты» атағы берілген жоқ деген жауап келді (12.02.04. №В-61-59/13-0070). Емшілік мәдениетін көтеріп, білімін арттырып және оларды адалдық пен имандылықтың жолына тәрбиелеу қажет. Бірақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халық емшілігі саласына жауапты шенеуніктерінің ширек ғасырға жуық аралықта емшілерге бірде бір жақсылықтың нәтижесін көрсетпеуі, күн астындағы “күнбағыс” сияқты “ұры” емшілердің қатарының көбеюіне себеп болып, ұлттық емшіліктің абыройын айрандай төгуде. Киелі тектік қасиет – ол емшіге Алланың берген сыйы және ешкім де оны жоя алмайды «Шипагерлік баян» газеті, №3, 2013
халық емшілерінің құқылық тәуелсіздігі Халық емшілерінің ширек ғасырға жуық құқыларының арнайы тапталуы халық медицинасының тез өркендеуіне кедергі болғандығын жасыра алмаймыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан ашылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» жиырма жылдан аса емшілер қауымын әлдебіреулерінің қалтасын толтыратын майлы жілікке айналдырып, әйтеуір лицензия, сертификат деген сендердің қасиеттеріңді куәландырады дегеннен аспай келді. Ұлттардың тектік қасиеттерін жалғастырған өзіндік мәнін жоймаған болжаушы, көріпкел, жұлдызшы, емші, құмалақшы, жауырыншы, сынықшы, балгер мен бақсы т.б. ерекше тылсым құпия иелері мәдениетті темір тордың қоршауында болды. Міне осындай мәдениетсіз, білімсіз және жалғанды жалпағынан басқан емшісымақтар мен олардың Денсаулық сақтау министрлігіндегі көкелері халықтық емшіліктің абыройын айрандай төгіп, жермен жексен етті. Қысқасы емшілердің киесінің иесі кетті. «Қудың құйрығы бір тұтам» – дегендей, ақыры емшілер қауымы ҚР Заңымен бостандықтың тәуелсіздігін алды. Ертеде халық емшілері бақылауда болмады, тәуелсіз еңбектенді. Қазақтың емшілері ертеде табиғаттың құбылыстық өзгерістерінің адам денсаулығына өзгеріс әкелетініне ерекше бақылау жасай білді. Жылдың төрт мезгілдік өзгерістерін, жыл он екі айдың құбылымдық әрекеттерін, аспан әлеміндегі жұлдыздық айналымды нақты болжай білуінің шеберлігінің нәтижесінде денсаулыққа зиянды жақтарын бақылады, халыққа ескертті, сырқатты емдеп жазу жолдарын қарастырды. Ертедегі шипагерлер сырқат адамның ауруының пайда болу себептері мен сыртқы түрін анықтау, шипалық ем қолдану әдіс-тәсілдерін өте жауапкершілікпен пайдаланды. Ал, Кеңес заманында тарихы жазылмаған халық шипагерлігі күрделі зерделеу мен зерттеуді асыға күтті. Халық емшілігінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Өйткені, шипагерлік көне дәуірден ғасырлар бойы жоғалмай келе жатқан халық мұрасы. Халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейін өмірі де, болашағы да болмасы анық. Қазіргі медицинаның негізі мен ірге тасын қалаған сол халық емі, яғни халықтық шипагерлік дәстүрі екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Адамзат тарихының эволюциялық өзгерістері мен ғылымның дамуы, халықтық шипагерліктің емдік әдіс-тәсілдерінің ғылыми жолмен дамуына күшті әсері болды. Халықтық шипагерлік өнерінің тез әрі ғылыми тұрғы дан дамуына, Орта Азия мен қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдардың соның ішінде ХV ғасырда даланың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жеке зертханалық ілімдік ғылыми тұжырымдамалары арқылы жүзеге асты. Халық емшілігі медицинаның атасы екендігі жөнінде ресейлік Академик Б.В.Петровскийдің:«Шығыс медицинасының тарихы Тибет, Монголия, Индия, Қытай, Жапонияда осыдан мыңдаған жыл бұрын дамыды. Емдеу әдіс-тәсілдері болды. Бұл осы заманғы медицинаның дамуына өте қажет», – деп тұжырымдайды. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Орта Азиялық және қазақ жерінің ғұламаларының емдеу тәсілі мен медицина саласы бойынша жазылған еңбектерін одан ары қарай жалғастырушы, дамытушы, халықтың игілігіне пайдалануда өзінің жеке талғамдық-танымдық қабілетін жүзеге асырушы болды. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» атты еңбегі кіріспе және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы» атты үш бөліміндегі дәлелдемелер осы заманғы медицинамен үндесіп, бірлесіп, араласып жатқан сипатта екенін мамандар бірауыздан растауда. Одан емделу дәстүріндегі медицина ғылымы тұрғысында да сабақтастық анықталды. Өзіндік терең философиялық танымы мол ғұлама шипагер Өтейбойдақ баба адам бойындағы қанды: «арам қан», «адал қан», «құтырған қан», «қанды ірің» – деп төрт топқа бөлген болжамдық ойының, грек ғұламасы Гиппократтың адамның организміндегі төрт шырын анықтамасы болжамымен сәйкес, үндес келетінін сипаттады. Сондықтан да, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі қазақ ғылымында энциклопедиялық медициналық жаңа жүйелік бағыттың ашылуына өте пайдалы ықпал ете алады. Бұл еңбектің ғылымдағы құндылығын бізден бұрын зерттеп, әділ ғылыми бағасын берген көрші Шығыс еліндегі қандастарымыздың еңбектері және «Шипагерлік баянның» Қытай мемлекетінің жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болуы, қазақтың халықтық шипагерлік мәдени дәстүрінің осыдан бес жарым ғасыр бұрын, іліми негізі толық қалануын білдіреді. Ұлттық шипагерліктің мәртебесінің ғылымда жоғарылауы, ғұлама шипагердің терең ойлылығын, ұлттық шипагерліктің мәдениетін өркендеткен қарапайым халық емін, осы заманғы ғылыми медицинаның негізіне дейін жеткізгендігін бүгінде медицина саласының ғалымдары қуаттап, өз пікірлерін білдіруде. 2012 жылдың 10-шілдесінде өзгерістер мен толықтырулар негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңымен (8-тармақтың 8-тармақшасы) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдары мен қосалқы ұйымдардан емшілерге емші сертификатын беру өкілеттілігі алынып тасталды. Кеште болса емшілер жоғарыдағы шонжарлардың торларынан құтылды, құлдықтың бодандығынан шықты. Емшілік ғылымына «Кәсіби емшілердің» көкелері тарапынан жаңалықтар енбеді, шонжарлар үнсіз қалды. Бұл біздің аталған министрліктегі шенеуніктермен айтысқан 21 (жиырма бір) жылдық шындық жолындағы айтыс пен күресіміздің таза жеңісі еді. Әр нәрсенің негізі ғылыми негізге сүйенеді. Мәңгілік өмір жоқ. Өміріміз айтысқа, өсек-аяңға толы. О дүниеге кеткенде де артымыздан піші-пішілер келіп жатар. Мұны өз уақытында сезе жатармыз. Сондықтан емшілер өткен өміріндегі қаталдықтардан сабақ алып, бұдан былай өздерінің де және қауымдастығының да бостандықтарын құрметтегені жөн. Халық емшілерінің бостандығы мәңгі болғай! «Шипагерлік баян» газеті, № 9, 2013
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||