ғұмырнама 8 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
Профессор Сансызбай Низанұлының “Ұлттық тәрбие негіздері” атты монографиялық еңбегіне ПІКІР Бүгінде ұлтымыздың кенжелеп қалған салт-дәстүрін, ұлттық тәрбиесін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға жеткізуді және оларды тәрбиелеуде арнайы этникалық ұлттық тәрбиенің негіздерін қамтитын еңбектің қажеттілігі өте маңызды. Осы мақсатты жүзеге асыруда өзіндік тәрбиелік үлесін қосатын еңбектердің қатарына педагогика ғылымдарының кандидаты халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құрбанқожа Сансызбайдың "Ұлттық тәрбие негіздері" атты еңбегінің (Түркістан, 2010. 573 бет) маңызының құндылығын ерекше бағалаған артық етпейді. Кітап мазмұны мен қосқанда алты бөлімнен тұратын түркілік дүниетаным, ислами дүниетаным, түркі-ислам және Йассауйлік дүниетаным, ұлттық дәстүрдегі дүниетаным, бүгінгі таңдағы сабақтастық және оқу-тәрбие бағдарламасына сәйкестілігі сияқты өте маңызды тақырыптық құндылықтарды қамтиды. Еңбектің негізгі идеясы ұлттық тәрбиенің маңызы мен әдіснамасы, ғылыми жүйелерін басшылыққа ала отырып осы ұлттық тәрбие негізінде “Кемел адам” тұлғасын қалыптастырудың негізгі жолдарын қарастырады. Мәселен, түркілердің тіл, дін және жазу туралы дүниетанымы арқылы олардың аруақтар туралы дүниетанымына да тоқталады. Тіл мен діннің ұлттық сипаттағы дамуына оның әдет-ғұрып, наным-сенім, ырым-тыйым сияқты дәстүрлерінің үлкен әсері барын және бұны дамытуда аруақыттағы әріптік жазу жүйесінің маңыздылығын ғалым оқытушы тілге түсінікті түрде сипаттап береді. Имандылықтың басты негізі оның діни сеніміне байланыстылығы және білімділігіне тәуелділігін Қожа Ахмет Йассауйдің танымдық идеяларымен және исламдық дүниетанымның маңыздылығы бұл еңбекте айқындала түседі. Бүгінгі таңда “Йассауйтану” дәрісінің және “Диуани хикметінің” тәрбиелік негізінде ұлттық педагогикалық ілімінде жаңа сипаттағы тәрбиелік негіздерін ғалым ұсынады. Ұлттық тәрбиелік сипаттардың ішіндегі бата сөзінің құпиясы, қазақтың төл және кірме әдет-ғұрыптарын, әулиелер және ондағы физикалық құбылыстар туралы, қазақи шипагерлік пен кірме халықтық шипагерліктің өзара ұқсастығы мен бірлігі туралы және аруақтар жөнінде де ғылыми негізде жасалған тұжырымдамалар тек ғана студенттермен қатар қарапайым оқырман қауымға да маңыздылығын атап өткен жөн. Сөздің құдіреті, көріпкелдік құпиясы, өлең, жыр, толғау және суреттер мен қолөнердегі физикалық құбылыстардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде жасалған талдаулардың маңыздылығы өте зор. Ғалым өзі қосымша емшілікпен шұғылданатындықтан ол, дем салу, дәрісіз ем, оң және теріс био, дұғаның күші адам және әулиелер кесенелерінің құпиялары, әртүрлі діндердің жеке құпиялары мен келешекке бағыт-бағдар беруді ұмытпағаны қажеттіліктен десек артық болмайды. Профессор С.Құрбанқожаның негізгі қызметі ағартушылық- педагогикалық саласы болғандықтан өзінің көп жылғы оқығанын, көңіліне сақтағанын, көргенін, естігенін, білгенін ғылыми түрде халықтық ұлттық педагогиканың бір саласы ұрпақ тәрбиесін дамытуға, атап айтқанда ұлттық тәрбиені жалпы дамытуға арналған қажетті еңбегі “Ұлттық тәрбие негіздері” өзінің жеке үлесі мен құндылығы арта берері анық. С.Құрбанқожа ол ғалым-педагог ғана емес, ол шежіреші, ақын-сазгер, емші және батагөй т.б. көптеген қасиетке ие танымал тұлға. Ғалым-педагог С.Құрбанқожа өзінің ұлттық тәрбиелік еңбегіне Қ.А.Йассауй іліміндегі: “Дертсіз адам, адам емес мұны аңда, Ғашықсыз инсан хайуан жынысы мұны тыңда” – хикметін негізгі басшылыққа алады. Өзі жырлағандай: “Йассауй жастайынан зерек болды, Дін үшін түркі еліне керек болды. Армандап бала жастан хикмет жазу, Мекені алпыс үште қылует болды” – деген идеясының ұлттық тәрбиенің негізімен жалғаса беруіне, еңбегіне тілектестік білдіремін. Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының академигі, профессор Зядан қажы Қожалымов “Шипагерлік баян” газеті, № 11, 2012 ж.
Тастан қажы Әлібековтың «Хиджама медицинасы» жинағына ПІКІР Адамзат баласы рухани танымының өсіп өркендеу кезеңінде өздерінің болашақ ұрпақтарының денінің сау, келбетті азамат болып өсуі жолдарын іздейді. Адамдар алғашқы тұрпайы дәстүрлі емес халық медицинасын дамыта келе дәстүрлі медицинаға одан кейін осы заманғы ғылыми медицинаға жеткенге дейін әр түрлі емдік жүйелеудің әдіс-тәсілдерін пайдаланып, сырқаттарынан айыққаны жазба еңбектерден мәлім. Араб әлеміне ислам діні толық еніп қабылданған соң араб елінің ұлы ғұламалары алғаш рет қасиетті Құран Кәрімнің жеке-жеке аяттарын зерттеп оның бірнеше пайдалы қасиеттерін анықтады. Құран дұғаларының емдік шипалық жүйесі бойынша ислам медицинасының негізіне жол ашылды. Бүгінде ғылыми медицинаның мамандары дұғамен емдеу тәсілі мен басқа да емдеу тәсілдерін ерекше оң көзқараспен қабылдап, жоғары баға беруде. Исламдық хиджамалық арам қанды сорып алу тәсілі исламдық медицинаның бір тармағына жатады. ХV ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Шипагерлік баян» атты медициналық еңбегінде жылдық мезгіл ауысуына қарай адамның қанының құрамы өзгеріске ұшырайды, жаңаланады. Әсіресе, көктемде қан су тасқынымен қоса тасиды. Сондықтан артық арам қанды алып тастау керек, алмаса қан құтырып өзінің құрамына қауіп төндіреді деп, қан алудың шабақтама, тілу, теңгерме, сору т.б. әдістерін ұсынған. Қан алудың қарапайым тәсілі әр халықтың арасында ертеден пайдаланып келген емдік жүйе. Ал исламдық хиджама тәсілі жоғары дамыған медицинаның емдеу жүйесінің санитарлық тазалық ережелерін қатал орындаушы халалдық емдік жүйеге жатады. Осы салаға қарағанда араб елінен хиджамалық емдік жүйе бойынша екі рет білімін көтеру курсын тамамдаған, Қазақ еліне емдік жүйені алғаш жеткізген, Халықаралық хиджамалық емдеу жүйесінің белді маманы, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының «Құрметті мүшесі», рухани сауықтырушы Тастан қажы Әлібековтің емдік шипасына емделушілер де ризалықтарын білдіріп, жоғары бағалауда. Жаңа емдік жүйенің тез дамуы мен ел ішінде таралуы сырқат жандарды бүгінгі химиялық қоспасы бар дәрілерден алшақтату десек артық болмайды. Исламдық қан алу жүйесінің елімізде кең таралуына алғаш жол салған, насихаттаған рухани сауықтыру магистрі Тастан қажыға жасаған емің шипалы болсын, алғаның алғыс болсын деп, Алла тағаланың ризалық нұрлы рахымына бөленуіне, батылдықпен бастап көрсеткен шипалық еміне сәттілік тілеймін. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті, дінтанушы ғалым, Академик, профессор Зядан қажы Қожалымов Алматы. 01 шілде 2013 ж.
Ақжолтай тілек Тылсым құпия иелері болған тарихи тұлғалар еліміздің тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін зерттеліп, тұжырым жасалған соң ұлт тарихынан өз орындарын ала бастады (өз бағасын алмай жүргені де жеткілікті). Кеңестік солақай саясат қазақ халқының емшілік өнері тарихына кері әсерін тигізді. Тіпті, атауға да тыйым салып қойды. Сол дәуірдің ұлтжанды ғалымдарының халық емшілігі жайында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде мүмкіндіктері болмады. Тек соңғы жиырма жылдың көлемінде ғана ата-баба дәстүрін жаңғыртып, емшілік дәстүр сабақтастығының арқасында емделушілерге шапағатын тигізіп, елдің алғысы мен құрметіне бөленіп жүрген шипагерлер жөнінде айтуға рұқсат берілді. Олар жөніндегі ашық оң пікірлерді білдіру ақпарат құралдарының жақсы әдетіне айналып келеді. Атыраулық журналист Жолдас Жанқуаттың бұл жинағы – халқымыздың өшкен тылсым сырлар құпиясының қайта өркендеуіне аз да болса қосылған толымды еңбек. Жинақта Қазақстан халық емшілері Қауымдастығының облыстық филиалдарын 20 жылдан аса басқарып келе жатқан, санаулы ғана халық емшілерінің бірі – атыраулық Гүлпара Әбсаттарқызы Ермұқанованың өмір жолы, қасиет-шарапаты және адамгершілік болмысы туралы жазылған мақалалар, емделушілердің және ұрпақ тілегі, басқа да мақалалар топтастырылған. Емшілік, болжампаздық қасиет халқымызда бұрыннан болған, оған тарихи деректер куә. Әлемге әйгілі француз жұлдызшысы Мишель Нострадамус пен болжаушы-көріпкел болгарлық Вангадан бір ғасыр бұрын өмір сүрген алдағы 4 мың жылды болжаған қазақ Майқы би бабамыз болғандығы тарихымызға жазылды. Көріпкел-болжампаздар Мөңке би, Бекет ата, Абылайханның түсін болжаған жетісулық Өтеген батыр және өз шығармаларында болжампаздықтың белгісін жырлаған Бұқар жырау мен маңғыстаулық Қашаған жырау, басқа да бөлек қасиет иелері сайын сахарада өмір сүріп, ғарышпен байланыстық жүйенің құпия жолдарын аша білген. Қазақ халқы – қаны таза, тылсым күш иелерінің ұрпағы. Оны әлем жұртшылығына мойындата білді. Алдағы уақытта бұл әлі тың деректермен дәлелдене бермек. Осындай киелі халықтың емшілік, көріпкелдік, болжампаздық, басқа да бөлек қасиет иелері сайын сахарада өмір сүріп, ғарышпен байланыстық жүйенің құпия жолдарын аша білген. Бұл даналардың тылсым құпиялары көбінесе ауыз әдебиетінде насихатталып, жазба әдебиетте толық жазылмады. Нақты ғылыми талдауға толық енген жоқ. Енді оларды жандандырып, іздеу, зерттеу келешек ұрпақтың парызы. Тарихтағы «ақтандақтар» салдарынан біз егемендікке қол жеткізгенге дейін басқа ұлттардың көріпкел-болжампаздарының қасиеттеріне табындық және өзімізді киесіз тылсым күш иелерінің ұрпағына қостық. Осындай киелі халықтың емшілік, көріпкелдік, болжампаздық, басқа да қасиеттерін дамытуға өз үлестерін қосып жүрген азаматтар аз емес. Бойында бірнеше тылсым күштің құпиялары бар халық емшісі Гүлпара Әбсаттарқызының есімін сондай ерекше дарын иелерінің қатарында атауға болады. Ол Алланың берген күшімен, байсалдылығы және ақыл-парасаты, келешекке деген сенімі арқылы алғашқы тылсым күштер сынағынан сүрінбеді, жол таба білді, ақиқаттың ақ жолынан жеке үмітін үзбеді. Емшілік қасиеттің құндылығын дәріптеп, қол үзбей келеді. Гүлпара – қайын атасы, дала дәрігері, Ленин орденінің иегері фельдшер Қоңыр Таңқыұлының батасын алып, аманатын адал орындап жүрген ұрпақ. Бүгінде халық емшілігінің биік белестерінен көрініп жүрген мәдениетті, білімді адам. Гүлпараға емделушілер де ризашылығымен жырын арнайды. ...Сөйлегенде қайнар бұлақ сарқыраған, Сіз неткен асылсыз – жарқын адам?! Бір өзіңнен, ақ апа, қаншама жұрт, Қаншама адам өмірі жарқыраған, – деп емші шипасының таза да қонымдылығын көрсетіп береді. Дала дәрігері Қоңыр Таңқыұлы туралы жазылған «Антқа адалдық» атты тарихи еңбегінде (Алматы, «Өлке», 2007 ж.) атыраулық белгілі журналист Назарбек Қосшиев ата мен келін, халық емшілігі хақында көп тер төккен екі тұлға туралы нақты, шындықты таразысымен баяндай білді. Бұл еңбек қалың оқырманның ықыласына бөленіп, іздеп жүріп оқиттын дүниеге айналды. Журналист Ж. Жанқуаттың «Қасиет» атты жинағы да өзіндік аудиториясын тауып, жақсы бағасын аларына сенім кәміл. XXI ғасыр ғылымының жаңа бір саласына жататын тылсым құпиялар бағытында еңбек етіп жүрген, қазақ ұлтының дарынды ұрпақтарының жетістіктерінің көбейе беруіне деген ниетіміз қабыл болғай. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті, Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының президенті, профессор, академик Зядан қажы Қожалымов Алматы, сәуір 2014
Дәрігер, рухани халық емшісі Зүрихан Баймолланың «Өмірімнің өткелдері» атты еңбегіне П І К І Р Тағдыр, ол Алла тағаланың әрбір құлынының тіршілік өміріндегі маңдайына жазылған тағдырнамалық өмір жолы. Басқа адамдар сияқты шипагер Зүрихан осы тағдырнамалық өмір жолынан өтуде. Зүрихан Баймоллаұлы көрші елден ата жұртына қоныс аударып келмегенде мұндай шипагерлік құнды еңбек те жазылмас еді. Ол өз Отанын аңсап, шөлдеп жетті. Талай қилы-қилы қиын кезеңдерден қинала өткен күндерінде, өзінің отанына деген адами ыстық махаббатын таза сақтады. Бұл арманы да осы ғасырдың басында орындалды. Ата-бабасының елінің топырағын басып тұрып көзіне жас алды, суынан шөлі қанғанша ішіп шөлін қандырды. Отанның таза ауасынан дем алып тұрып, тауы мен тасына, орманы мен суына қарап ізгі арманның орындалғанына тәубе етті. Ұлтының мейірманды, иманды ақ жарқын адамдарына риза болды. Қиял мұхитына еніп жеттім-ау деген арманын да жасыра алмады. Отаны Қазақ еліне келіп қоныстанған соң Зүрихан жаңа тұлғалық жағынан көрінді. Ол өз кәсібі шипагерлік ілімін кәсіп етуден және нәсіп етуден бастады. Шипагердің шипалы емінің жақсы нәтижесі оны емделушілердің құрметіне бөледі. Емі қонымды, дарымды болуы Зүриханның білімділігі, мәдениеттілігі мен байсалдылығы және осы заманғы ғылыми медицина мен халық емшілігінің тізгінін тең ұстап, көне халықтық емдік жүйенің көп салалы жағын меңгеріп анықтай алуында. Өз талғамымен жүйелеп адамның жеке-жеке сырқаттарының себептерін нақ анықтайды. Сырқат түрлеріне дәрі-дәрмек жасап емдеп жазу тәсілі ерекше болғандықтан кез-келген шипагердің қолынан келе бермейтін шипалық емі оңына басты. Шипагер Зүрихан Баймоллаұлының ерекшелігі сол бүгінде медицинаның емдік күші жетпейтін аурулардың түрі талма, тері аурулары, сал, ісік, грыжа, жоғары қан қысымы мен жүрек, өкпе, жүйке, т.б. ұзақ жылғы сырқаттарынан құлан таза жазылғандардың қолтаңбасынан анық байқалады. Мен алғаш осы бір орта бойлы, орта денелі, қараторы, жұмсақ мінезді, байсалды, көп сөйлемейтін, өзгеше ерекшеленбейтін азаматпен танысқанда оның мұндай талант иесі, таза адам жаны мен тәнінің білімді шипагері деп ойламаған едім. Сөйтсек, Зүрихан өз құпиясын ішіне бүгіп сақтаған білімді шипагер екен. Денсаулық – зор байлық. Дені саудың ісі алға басады. Жаманшылықтан, уайымшылдық пен қайғы-қасіреттен жаны мен тәні таза болады. Сырқат адамдар жаны мен тәні саулығын қалпына келтіру үшін ерте заманнан адамдар балгерлер мен емші, бақсы және тәуіптерден көмек сұрады. Қазірде дәрігерлерден ем қонбағандардың көбінің халық емшілеріне қаралып көбейе бастауы осыған байланысты. Халық емшілерінің шипалы емі қонып ұзақ жылғы сырқатынан жазылып, ізгі армандарының орындалып, қуанышқа бөленген сырқат жандардың рахымдық ризалық қолтаңбалары осы еңбекте айқын көрсетіледі. Кітаптың баяндау сөзі мен талғамдық тұжырымдары нағыз ұлт тілінің көркем бай пәлсапалық танымы бойынша жазылған. Бұл еңбекте халықтық шипагерлік ілімінің үздік жетістіктері жүйеленіп берілген. Кітап авторы өзі мен отбасы, шипагерлік саладағы жеткен жетістіктері мен алған марапаттарын, алғыс хаттарын көрсетуі құптарлық. Зүрихан шөлдегенде сусын берген, қисайғанда тіреу болған, жалғызсырағанда жанына демеу болған, рухани тәрбиелік үлесін қосқан азаматтардың аттарына ризашылығын білдіруі – Зүриханның адамгершілік тұлғасын айқындайды. Кітапта автор өзі туралы анықтама, баспа беттерінде жарияланған мақалалары, алғыс хаттар, жүрек жарды лебіздер мен ақ тілектер, емделушілердің ғанатты алғысқа толы өлең-жырлары, қолтаңбалар және дәрілік өсімдіктер, жан-жануарлардың емдік мүшелері мен металл-металлоидтардың шипалық рецептік тізбесі көрсетілуі шипагердің білімділігі мен өз ісіне ұқыпты әрі адалдығын көрсетеді. Шипагер Зүрихан шипагерлікке қойылатын талап пен ауырмау үшін амал іздеу тәсілдерін де түсінікті түрде ұсына білген. Шипагер Зүриханның қызметтік жауапкершілігі мен сырқатты емдеу әдіс-тәсілдері ХV ғасырдағы қазақтың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емдік жүйесінен көп нәрсені үйренгені, оны тәжірибеде нақты жүзеге асырып жатқанын аңғартады. Бұл үлкен жетістік. Шашырап құрып кетуге аз қалған ұлттық халықтық шипагерліктің қайтадан халқының игілігіне айнала бастауы Зүрихан сияқты емшілердің еңбегі деуге толық құқылымыз. Халықтық шипагерліктің «Өшкен отының қайта тұтануы» еліміздің тәуелсіздігінің жемісі. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласына жататын халықтық шипагерлік (емшілік) өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тектік өнер. Шипагерлік өнер қаншама ғасыр ауыр жағдайларға ұшыраса да, халыққа өзінің қажеттілігі мен мәнділігін жойған жоқ. ХV ғасырдың ғалым шипагері, бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы дәстүрлі емес халықтық шипагерлікті осы заманғы ғылыми медицинаның «Үш шыңы» атанған «Қанықталғы», «Анықталғы» және «Дарымдалғы» жүйесінің негізін жасады. Осы еңбегі үшін шипагер баба «екінші ибн Сина» атанды. Құдайға шүкір, Өтейбойдақ бабамыздың ілімін іс жүзінде пайдалана бастаған ғылыми орталар мен емшілердің қатары көбеюде. Аталған мамандардың ішінде шипагер-дәрігер Зүрихан Баймоллаұлының шоқтығы биік тұрғандай әсер қалдырады бізге. Лайым солай болғай! Еңбек көпшілік оқырманның қажетіне жарауы автордың бақыты. Бүгінде қауымдастықтың емшілері жеке кітаптарын жазып, оқырманға ұсынуда. Өте қуанарлық жайт. Әлдебір көреалмастар айтқан «сауатсыз емшілер» сауаттыға айналып өз жақтастары мен оқырмандарын қуантып жатса, біз де жарыса қуанамыз. Шипагер Зүриханның шипалық емі қонымды, емделушілердің алғысына бөлене берсін. Кітаптың кішкене кемшілігінен гөрі оның қажеттілігіне үлкен мән берген жөн демекпіз. Халықтық шипагерліктің әлі ашылмай, қолданылмай және зерттелмей жатқан мол құнды байлығын халық игілігі мен ғылым саласына пайдалануына үлес қосатын шипагерлер қатары көбейе берсін. Шипагер Зүриханға шығармашылық табыс, айтқаның әділ, емің қонымды және алғаның алғыс болсын демекпін! Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті, Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының президенті, профессор, академик Зядан қажы Қожалымов Алматы, 25 сәуір 2014 жыл
III ТАРАУ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕРІНЕ ғалымдардың ҒЫЛЫМИ ТАЛДАУЛАРы Және ПІКІРЛЕРі ТАБИҒАТ ЗАҢЫ – ТІРШІЛІК БАҒДАРЫ «Бүгінгі имандылардың түсіндіруінше, адамзат 2000 жыл бойы өзі жазған заңмен өмір сүріп келді. Сондықтан, жер бетінде өмір сүріп жатқан адам баласы имансыздыққа айналды. Діннен безді. Бұл жағдай адамзаттың жер бетінен жойылып кету қаупін төндірді. Егер де адамзат табиғат заңымен өмір сүрер болса, дәл бүгінгідей табиғаттың апатына ұшырамаған болар еді» – деп түсіндіреді автор. Яғни, жаратушы күштің бар екенін мойындап, имандылықпен өмір сүру керектігің айтады. Бірақ кейбір адамның санасы оған жетпейді. Демек, адамзат қалай болған күнде де жаратушы күштің бар екенін және оның құдіретін мойындай бастады. Міне, ештен кеш болса да, қазақ ұлтының болашағын ойлаған адам халықаралық дәрежедегі рухани шипагер, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, биоэнерготерапевт Қожалымов Зядан «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегінде тұңғыш рет тәңірдің құдіретінен болып жатқан адамзатқа белгісіз қүпиялардың көзін ашып беріп отыр. Адам баласы қандай дәуірде өмір сүрсе де өзіндік діни нанымы, сенімі, танымы болды. Шамандық (бақсылық) күшті дамыған «тәңір дінінің» кезінде халық көктегі жаратушысына, күнге, айға табынғаны аруаққа сыйынғаны белгілі. Қазақ еліне VIII-IX ғасырда ислам діні жеткенімен, оны бірден қабылдау оңайға түспеді. Халық ислам діні қағидаларымен бірге тәңірлік діннің кейбір сенімдерін (аруаққа, киелі жерге, табиғат құбылысына т.б. табынуды) жалғастырып келеді. Бұл халыққа ислам дінінің қағидалары мен шариғаттың шарттары әлі толық үгіттеліп жетпегендігінен, әрі діни насихатшылардың сауатсыздығынан болып отыр. «Жасанды» құдай жасағандарға қарсы ақпарат құралдарында аз айтылады, – дейді автор. Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі еркіндікте өмір сүріп жатқан қазақ халқы мен мұсылман боларын, не тәңіріне сыйынарын білмей, идеясын ажырата алмағандықтан темірді қыздырып, жалап бақсы болғысы келеді, болмаса дұға оқып дем салғысы келеді. Бірақ, ара жігін аша алмай екі идеяны араластырып алып емші болып жүр. Міне, осыдан келіп Алланың елшісі мен пайғамбары да көбеюде. Оны айтпаған да, біз көрген кешегі арақкештер мен нашақорлар бүгінде иманды немесе ауыл имамы болып шыға келеді. Бұның барлығы қазақтың дінсіздігі. Бұдан не шығып, не тынады. Сайып келгенде дүмше молда ел бұзардан шығып отырған әңгіме. Осының салдарынан келіп бүгінгі жастарымыз, батысқа еліктеп кім айтса, соның құрбаны болып кетіп барады. Бұл еңбекте автордың негізгі бір баса көңіл аударған қағидасы тылсым дүниенің жұмбақ сырларын ашып беруге ұмтылуы. Бұл сырлардың авторлары кімдер еді: бақсылар, болжаушылар, жұлдызшылар, жауырыншылар, құмалақшылар, көріпкелдер, телепаттар, биоэнергетиктер, халық емшілері деп санап келіп, әрқайсысына арнайы тоқтап, талдау жасап, түсініктеме береді. 445 беттік бұл көлемді еңбек жалпы 11 тараудан тұрады. Алғашқы «Қайта оралған киелі қасиет» пен «Тән және рух» атты бірінші және екінші тараулар арнайы талдауды керек етпейді деген пікірмен біздер атап ғана өтіп отырмыз. Себебі бұл екі тараудың мазмұнынан азды-көпті болса да оқырман қауым хабардар болар деген ойдамыз. Үшініші тарауы «Ғарыштың беймәлім қонақтары» жөнінен көпшілікке белгілі алып қашпа пікірлер көп-ақ. Біреулер сол жерге ұшып барып келдім десе, енді біреулері ұшып жүрген тәрелке тәрізді ұшатын дененің ішіндегі адамдарды көргендігін баяндайды. Бұл тәрелке тәрізді аппараттың қалай ұшып-қонғаның көрдік деп тағы біреулер қолымен қойғандай етіп баяндайды. Осыған орай бұл еңбектен бір сілтеме келтіре кетейік. Бұл қандай құпия. Бұл құбылысты әскери бақылау орындарына радиолокациялық экраннан көрген, оның жылдамдығы – сағатына 10.630 шақырымдай болған. Алғашында 13 сағат 45 минөтте көрсе, 13 сағат 59 минөтте арнайы әскерилер басшыларының бұйрығы бойынша бұл ұшқыш денені атып түсіреді. Жерге атып түсірілген жат планеталықтардың бұл кемесінің ұзындығы 18,2 м., 8.64 метр салмағы 50.000 килограмнан астам болған. Осы корабльден табылған ергежейлі екі жалтырбастың мәйіті, тегі анықталғаны, анықталмағаны туралы әлі ғылыми тұрғыдан мәлімет жоқ. Бұл құбылысты американдықтар қанша жасырып ұстағаны белгісіз болғанымен, аспан әлемі кеңістігіндегі осынау алып кеме (корабль де, басқа беймәлім тірлік иелері де) адамзатты бей-жәй қалдырмасы анық. Бұдан басқа да көптеген жұрттың көзбен көргендері әңгімелерге де сан жетпейді. Төртінші тарауда «Тәндегі нүктелер мен белгілер құпиясына байланысты не білеміз. Әрине арнайы белгіні мамандар биологтар білсе біле жатар. Ал халық бұқарасы не біледі. Бұл да біз үшін бір шеті ашылмаған құпия. Соның бірі, айталық алақан, саусақ сызықтарының да адам өмірі үшін қаншалықты дайын жазба екенін біле береміз бе? Әрине бұл алақан сызығын біліп, болмаса ой-жобамен біліп айтатындар да бар. Бірақ негізінде ғылыми тұрғыда көпшілігі ой-жобамен соғатынын қайтесіз. Егер алақан және саусақтардағы сызықтар толық анықтамасын білетін болса, онда болжамы анық болар еді. Өкінішке орай көбінше дұрыс болмайды. Бізге құпия болып тұрған негізгі үш сызықтан тұратыны анық болды: өмір сызығы, жүрек сызығы, ақыл-ой сызығы болады екен. Міне осы сызықтардың орналасуын да адам баласының өмір болмысын толық анықтап алуға болады екен. Адам қабілетіне толық талдау жасау үшін қолдағы сызықты оқу да тағыда үш сызық бар екен. Тағдыр сызығы, күн (аполлон), денсаулық (қарын немесе бауыр сызығы) деп атайды. Одан басқа да толып жатқан өмір тағдырын анықтайтын сызықтар бар. Басқасын айтпағанда, алақан терісінің түсінің тым қызыл болуы жан-жағында болатын жағдайларға тез араласып, адамдарды бірден жақсы көруге ұмтылатындығын білдіреді. Егерде алақанның терісі боп-боз болып көрінсе, ондай адам салқынқанды, өзімшіл келеді. Тері сарғыштау болса, ондай адам тоң мінез, ашушаң, сарыуайымшыл болады – деп дәлелдейді. Тіпті, қолдың сыртқы формасының (кескінінің) жүз елуге жуық түрі бар екен. Ғылым оның екі-ақ түрін айырыпты. Мысалы, шаршы бітімді алақан иелері қоғамдық саяси өмірден аулақ жүреді. Махаббат пен достыққа берік, ғылымға бейім еңбекқор келеді. Үшбұрышты пішінді алақан иесінің саусақтары жіңішке және қозғалған кезде дірілдеп тұрады. Толық еркіндігі жоқ махаббатқа тұрақсыз келеді. Ұзынша жіңішке алақанның ұшы ұзын әрі саусақтары жіңішке тырнақтары бадам дәні тәрізді болып келеді. Мұндай адамдар сақтық пен тәжірибені аз меңгереді. Қолдағы жазуды оқу (хиромантия) – тұңғыш рет Үндістанда пайда болған. Одан кейін Қытайға, кіші Азия, Жерорта теңізінде пайда болады. Үнділер менің алақаныма жазылды десе, қазақтар менің маңдайыма жазылды дейді ұлттың тәжірибелерінде. Ал енді қазақтың маңдайына жазылғанын оқиық. Адамның бет әлпетіне қарап, мінез-құлқын, көңіл-күйін оқуға болады. Мысалы, беттегі әжім сызықтарына қарап, ол адамның қай жері сырқаттанатынын қандай ауруға бейім екендігін байқауға болады. Сондықтан мүмкіндік болғанша адам өз бойындағы аурулардың алдын алуға мүмкіншілігі бар ғой, егер де бетіндегі әжімдерінің сырын білсе. Маңдайдағы көлденең орналасқан сызықтар ой еңбегімен шұғылданатын адамдар. Екінші себебі қатты күйзелістен кейін оңала алмай жүрген, өзін-өзі жегідей-жеп жүрген адам. Кеңсіріктегі әжім ылғи қапаланып, өмірге риза болмай жүрген адамдарда кездеседі. Сондай-ақ қуық, зәр жолдарында да кеселі бар деген сөз. Әйелдерде бұл әжім жатырының, ал еркектерде бүйрегінің төмен түскендігін білдіреді. Сол жақ езудегі сызық – асқазан ауруларын білдіреді. Мойынға түскен әжім іштің қатуы (геморрой), бауырдың ауруынан хабар береді. Еріннің үстіндегі әжімдер мінезі ауыр, тұйық адамдарда, болмаса ашушаң, шорт мінезділерде кездеседі. Жалпы мұндай әжімдері бар адамдарда аш және тоқ ішектері жұмыс істемеуі мүмкін. Бүйрегінің ақауы бар адамдардың көзінің астында әжімдер болады. Көздің бұрышындағы әжімдер мейірімділіктің ғана белгісі емес, өт жолдарының да ауруы болуы мүмкін. Міне, біз әлі біле бермейтін, әрі мән бермейтін беттегі әжімдер өз денсаулығымызға байланысты нақты анықтамалар бере алады. Егерде өзімізге өзіміз, тұрақты түрде бақылау жасау арқылы бақылап жүрсек, көп нәрсені ұтарымыз анық. Адам денесіндегі ғажайып суреттер де адамның ғажайып құпия сырларын білдіреді. Бүгінгі таңда халықтың аузында жүрген «дуалау» – деген сөз өте көп айтылып жүр. Әр нәрсенің себеп-салдары бар. Әрине ғылымда анықталмаса, біз дуа жөнінде айтпақ тұрмақ білмеген де болар едік. Ал Құранды басқа діни кітаптарды оқитын болсақ, дуаның не екенін ғылыми тілде баяндап береді. Осы дуаға байланысты автордың бір сөзін келтіре кетейік. «Маған келген баланың ауруы – су ішпейді. Суға түспейді, арық суынан өзі өте алмайды. Туыстары оның көзін байлап қойып жуындырады. Бірақ, басқа сұйық ішкенімен, таза суды көріп тұрып ішпегеніне он бес жылдан асқан. Кезінде жас қыз бес жасында анасымен қонақта болғанда дастархан басындағы бір үлкен кісіге (ұлты өзбек көрінеді) қылығы ұнамаса керек. Әлгі шал жас нәрестеге су ішкізеді. Сол күні ертесіне қыз бала судан қорқу ауруына душар болады. Арада қанша жыл өтсе де ем қонбайды. Осы ауруды емдеген автор, суға дуа оқып, құдай сәтін салды ма деймін алғашында суы бар ыдысты қолына ұстаудан қорыққан студент қыз, бір сағаттан артық қарсылық білдіріп барып, денесі қалтырып, әрі үрейленіп, әйтеуір әрең дегенде бір стақан суды ішті. Суды ішіп болып: "Аға су қандай тәтті, тағы бір стакан су беріңіз", – дегені. Ақыры жазылып еліне қайтты. Дуа қайтарылғанда жасаған кісінің өзіне кері қайтады. Егер дуа жасаған адам өліп кетсе, оның дуасының зардабын ұрпағы тартады. Жалпы дуашылық тұқым қуалайтын дерт. Олардың ішінде жасанды шәкірттік жолмен дуалық ететіндер де бар. Бұлардың көбі адамдарды жыланша арбап, алдап адам өзінің қастандық қуатын басқаға жіберу арқылы өзінің сенімін арттырып, басын айналдырып алады. Әсіресе, Оңтүстік, Қызылорда, Жамбыл облыстарында дуалаушылар ордасы күннен-күнге етек жайып кеңіп барады. Бұл облыстардағы емшісымақтар мен діндарлар кейпіндегі дүмшемелер арасынан дуа етушілер көбеюде. Бұлар өз отбасы ішінде де, туыс-жақындарына да дуа жасай береді. Автор осы «жасанды» дуалаушылар республиканың басқа өңірлеріне де тарай бастағандығын аса бір өкінішпен ескертеді. Дегенмен де, болашақта кімде-кім емшіге барғанда, қандай емшіге барып отырғанын білсе, көп дүниеден біздер сақтанған болар едік. Енді бір кез сиқыршылықтың құдіретіне көз жіберейікші. Адамзат жаратылысынан бері өмір сүрудің тиімді жолдарын қарастыруда. Солай бола тұрса да сиқыршылық та адамзат тарихында көнедегі тамыр жайып келе жатқан «әдет-ғұрып» деуге болады. Ал сиқыршылық Құран Кәрімде ең үлкен күнәлардың қатарына жататындығы анық көрсетілген. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын көне Үнді елінде, Мысыр, Греция, Рим, Австралия мен Африкада пайда болып, содан бүкіл әлемге тарай бастаған. Содан бұл «жат» өнер қазақ жерінен де аттап өте алмады. Жалпы барлық адамда бірдей сиқыршылық қасиет дамымайды. Табиғи немесе арнайы құпия сиқырлық мектебінен өткендер көбінесе ашық түрде көріне бермейді – деп дәлелдейді автор. Автордың бүгінгі сиқыршылардың не істейтіндігіні адамға қалай қастандық жасайтындығы жөнінде тағы бір мысал келтіре кетейік. «Шегіне жеткен сиқыршылар өздерінің құрбаны санайтын адамды емдеймін деп, денесінің әр мүшесінен бірнеше тырнақ, шаш және кірпік талшықтарын, сілекейін алады екен де, оны бал арасының балауызымен араластырып одан қуыршақ бейне жасайды екен. Осы бейнені жеті күн шам астына қойып, мен балауыз емеспін, мен жүрек пен бауырмын деп үнемі айта береді екен. Жеті күннен кейін балауыз шамның қызуымен еріп біткен құрбандық қуыршақ өлді деп есептейді екен. Осы кезде сиқыршы сиқырлаған адамда өледі. Ал егер өлтіргісі келмесе, қуыршақ бейненің көзін ойып, соқыр етіп отырғызып қояды. Ал, тіпті өлтіргісі келсе, қуыршаққа пышақ тықса да, сиқырлаған адам өлді деп дәлелдейді. Бұл еңбектің келесі бір тарауы – «Қарғыстың қасіретіне» көңіл аударайық. Ата-бабамыздың ең соңғы теріс батасы «білгеннің тілің алма, күлің шашылмасын» – деген екен. Бұл не деген сөз. Білгеннің тілің алмаса өзің де бұл дүниеден ақымақ болып өтесің. Күліңді шашатын ұрпағың ғой. Бұдан артық қандай қарғыс болады. Сондықтан ата-бабамыздың «Қарғыс алмай, алғыс ал» – деп тілейтіні осыдан болса керек. Адамның жан-тәнімен берген қарғысы, теріс батасы міндетті түрде адамның алдынан шығады. Енді бір сәт қарғыс қайдан туады, себебі неде? Адамдар бірін-бірі жетіскендіктен қарғамайды. Оның себебі адамдар біріне-бірі моральдық, материалдық кемсіту, қорлау, жәбірлеу, келеке ету, алдап-арбау, ауыр жағдайға душар етеді. Міне, осыдан кейін зардап шегуші қарғыс айтуға мәжбүр болады. Бұл қарғыс сол қорлаған адамның өзіне тимесе де оның үрім-бұтағына теріс ықпалын тигізері ақиқат іс. Өзгесін айтпағанда, қазақта: «Әрбір басқан қадамыңды дұрыс баспасаң, қайда болса солай жүріп, Жер-ананы құрметтемесең – киелі Жер ананың да қарғысына ұшырайсың» деген қағида тегін айтылған ба. Сап-сау адам, қара жерде тайып жығылып, мертігіп қалғандардың қаншасын көрдік. Сайып келгенде, күнделікті тіршілігімізде қателігіміз бен біліп істеген қиянатымыздың ара жігін ашып берген бұл еңбектің негізгі хикаясы – адам баласы соңғы екі мың жыл өздері жасаған заңмен өмір сүріп келетіндігін түсіндіру. Егер дейді автор тәңірдің бізге өмір сүрсін деп берген табиғаттың заңымен өмір сүрсек қой, адам баласы дәл бүгінгідей қайғы-қасіретке, табиғат апатына ұшырамаған болар еді – деп қорытады. Пендеге Алла жар болсын деген тілектеміз. Төтенайдың Базарбегі, тарих ғылымдарын докторы, этнограф «Шипагерлік баян» газеті №2, 2004
ҚАУЫМДАСТЫҚ – ХАЛЫҚ ЕМШІЛІК АЙНАСЫ З. Қожалымовтың «Киелі шаңырақ» атты кітабына пікір Халыќ емшілігініњ тарихы антропология жєне архиология ғылымдарыныњ ашќан деректері бойынша, ќазаќ халќыныњ тамыры мен тегі, сонау тас дєуірлерімен астасып жатќаны белгілі. Адамдыќ санаѓа ие болѓаннан бастап, єр дєуірдіњ өз дењгейіндегі, емшілік өнерініњ болѓандыѓы аныќ?!.. Тіпті, жануарлар єлемін, арасан суларын, емдік ќасиеті бар шөптердіњ т‰рлерін аса сезімталдыќпен ем ретінде пайдаланатындыѓын, адамдар тым ертеден-аќ байќап ањѓарѓандыќтары жайында жазылѓан ањыз-ертегілер көп. Міне, дєл осы кезењде ќазаќ халќыныњ т‰п-тамыры болып саналатын – Саќ дєуірініњ мєдениеті мен танымына келіп тірелеміз. Б±л дєуірде пайда болѓан таным, ањыз-миф, дєст‰р мен салт, тіл өнері (фольклор), тарих, этнографиялыќ заттар, ритуал мен ырымдарды зерделей сараласаќ, сонау ыќылым замандарда пайдаланѓан халыќ емініњ іздерін көреміз. Мєселен, тас б±лау мен тері б±лау ќаншалыќты көнелігімен ќоса, соншалыќты пєрменді емніњ тєсілі екені, тіпті б‰гінге дейін ќолданылады. М±ндай мысалдар өте көп. Ал, сөз өнерімізге ауыссаќ «ауру астан – дау ќарындастан», «ерменді жерде – ер өлмейді», «жалбызды жерде – жан ќалады», «алып анадан туады», «он сегіз мыњ ѓаламды – бір тарыныњ хауызына сыйдырѓан», «жанды да – балыќ, жансыз да – ќамыс ‰лкен», «сөз с‰йектен, таяќ еттен өтеді», «жалѓыз ауыз сөзбен адамды өлтіруге болады» – деп айта берсе толып жатыр. Терењнен таратып отырѓан, халыќ емшілігініњ тањќаларлыќтай ќайсыбір сипаттарынан айрылып ќалѓанымызды да несіне жасырамыз. Мысалы, к‰лпарша болып кеткен с‰йекті бєз-ќалпына келтіре алатын ќазаќтыњ сыныќшыларын ќазір табу ќиын. М±ны мен өз көзіммен көріп, өзіме жасалѓандыќтан айтып отырмын. Ќазіргі травматологиямен салыстыра келіп, Қ±дайыма мыњ да бір ш‰кіршілік етемін. Ќазаќ арасында кењ тараѓан халыќ емдері – баќсылардыњ емі мен ќандауырмен ќан алудыњ сан алуан т‰рлерін еске алѓанымыз жөн. Сөз т‰йінін наќтылап айтсаќ, б‰гінгі Европалыќ медицина келгенге дейін, халќымызды ауруѓа бермеген, не ќилы сырќат-дерттерден емдеген, осы халыќ емшілері болып табылады. Мєселен, парапсихологиялыќ баќсы-балгерліктіњ шыњы – Найманның Баѓаналысынан шыќќан Ќойлыбайдыњ ќ±діретін еске алсаќ, табиѓаттаѓы тылсымдарды ѓылыми ж‰йелеген ѓ±лама Албаннан туып иісі ќазаќтыњ маќтанышына айналѓан ¤тейбойдаќ Тілеуќабыл±лыныњ «Шипагер баянын» т‰бегейлі т‰гендеп зерттеу ќажет. Көріпкелдік ќасиеттері б‰гінге дейін ањыз болып кеткен, данагөй ќарияларымыз Асан ќайѓы мен Мөњке билерді де, б‰гінгі парапсихологияныњ жетістіктерімен ж‰йелі т‰рде зерттеуден ±тарымыз көп. Ендігі жерде, республикадаѓы халыќ емшілері ќауымдастыѓы, келешек баѓыттарын ѓылыми негіздеу арќылы, емшілікті б±рынѓыша ќарањѓыда ќарманѓан ќалыбында ќалдырмай, жања технология мен методологияѓа батыл ќадам жасаѓандары жөн. Ќауымдастыќќа – 15 жыл. Ќазаќстан халыќ емшілері ќауымдастыѓыныњ ќысќаша тарихына көз жіберсек, ±йымдастыру комитеті 30 қыркүйек 1991 жылы ќ±рылѓан екен. Оныњ бірден-бір Төраѓасы болып, халыќаралыќ халыќ емшісі З. Ќожалымов сайланыпты. Ќауымдастыќтыњ бірінші Съезді 20-23 желтоќсан 1991 жылы Алматыда ашылып, оѓан 15 облыстан 200-ден аса халыќ емшілері ќатынасыпты. Осы жиналыста Зиядан Ќожалымовты ќауымдастыќтыњ президенті етіп бекітеді. Ќазіргі кезде ќауымдастыќтыњ жанындаѓы «Шалкөде» баспасы мен «Шипагерлік баян» атты газеті бар. Осы жылдардыњ ішінде қауымдастыќ сан т‰рлі ќиыншылыќтарды басынан өткізді. Ќолдан жасалынѓан толып жатќан кедергілерді пєрменді т‰рде шешу арќылы, ќоѓамдыќ ±йым ретінде беделі биіктеп ‰немі өркендеу ‰стінде екені рас. Єсіресе, олардыњ республика көлемінде бедел ала бастаѓаны, 22 желтоќсан 2001 жылы өткізген VІІ-съездінде он жылдыѓын атап өтуімен ірі ќадамдар жасады. Ересен ‰лкен ќажыр-ќайрат көрсетумен абыройын тапќан, академик Зиядан ќажы Ќожалымовтыњ басшылыѓы халыќ емшілерініњ көњілдерінен шыѓып отыр. Сондыќтан да ол ќауымдастыќќа ‰зіліссіз басшылыќ жасап келеді. Қазақстан халыќ емшілері ќауымдастыѓыныњ жања бір сатыѓа көтерілген т±сы, 16-18 ќырк‰йекте 2004 жылы Алматыда өткен "Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы" атты І-ші Халыќаралыќ конгрестіњ мєні ерекше болды. Ал, «Дєст‰рлі емес халыќ медицинасы» атты форумда 24-26 ќырќ‰йек 2005 жылы б±рынѓыдан да к‰рделі мєселелерді к‰н тєртібіне шыѓарып ашыќ талќылай білді. Осы жиында «Халыќ емшілері академиясын» ашып т‰рлі баѓыттаѓы ѓылыми орталыќтар ашуды єњгімеледі. Биыл өткен (22-24.07.2006ж.) Халыќаралыќ форумында, тіпті б±рын-соњды көтерілмеген «Халыќ емшілігіндегі баќсылыќ өнері» жайында жан-жаќты пікір алмасу мен көзбен көріп ќолмен ±стаѓандай, б‰гінгі баќсылыќтыњ жай-к‰йімен таныстырылды. Міне, осы форумда қауымдастыќтыњ 15-жылдыѓын атап өтудіњ шешімі ќабылданды. Б±л жолы да көптеген жетістіктермен ќоса, єлі де ѓылыми ж‰йеленуді жетілдіре алмай отырѓан ќауымдастыќтыњ кемшіліктері сөз болды. Осындай жања талап пен маќсат 22 желтоќсан 2006 жылы өткелі отырѓан 15-жылдыќ мерейтойда да ќаралуѓа тиісті. Ќазіргі халыќ емшілерініњ өз бойындаѓы ќасиетін аныќ т‰сінбеудіњ салдарынан, олар парапсихологияныњ жеті т‰рлі сипаттарын көріпкелдік, болжампаздыќ, алыстан сезіну (телепатия), т‰с көру, ќ±малаќ (карта) ашу, емшілік, басќа адамдардыњ ќасиетін ояту, тєрізді ќ±былыстарды, тіпті ажырата білмеудіњ єсерінен, бойында жоќ емшілікпен айналысып, «шарлатан» атанып ж‰ргендері де аз емес. Міне, халыќ емшісініњ ж‰ріп өткен он бес жылындаѓы аныќ байќалып отырѓан мєселелерді атап айтсаќ, жоѓарыда аталѓандай болып жіктеледі. М±ны б±рынѓысынша ќалдырмай, өздеріне лайыќты ќасиеттерімен жетілдіріп, ќызыѓы мен шыжыѓы мол, к‰рделі к‰рмеулерді шешпесе болмайды. Ол шешімдердіњ жолын іздестіру, тікелей «Ќазаќстан халыќ емшілері ќауымдастыѓыныњ» алдында т±рѓан ењ ‰лкен міндеттердіњ бірі екені белгілі. Ќалайда, «Халыќ емшілері академиясын» ашу, кезек к‰ттірмейтін шара екенін т‰сінгеніміз жөн. М±ны шешу, халыќ емшілерініњ ќолынан келетініне, бір басшылыќќа баѓынып, береке-бірлікпен дамудыњ жања жолына т‰сетініне сенгіміз келеді. Оѓан ат салысып ж‰рген ѓалымдар тобы, міндетті т‰рде ѓылыми т±жырымдарын жасауѓа көмектеседі. Осылайша, ж‰йеленетін іске, аќ жол тілейміз... Т‡ЙІН. Ќазаќстан халыќ емшілері ќауымдастыѓыныњ 15-жылѓа толып отырѓан, өзініњ мерейтойына арнап шыѓармаќшы З. Қожалымовтың «Киелі шањыраќ» атты кітаптыњ мазм±ны мен мєні зор. М±ндаѓы жасалынѓан ±лан-ғайыр ењбек, сөз жоќ, қауымдастыќтыњ президенті, академик Зиядан ќажы Ќожалымовтыњ атына арналады. Кітаптыњ тарау-тарауѓа етіп бөлінуі оныњ мазм±ны мен көркемделуі жаќсы ойластырылѓан. Тіпті, ѓ±мырнамалыќ жинаќ ретінде беріле отырып, ±сынып отырѓан адамдардыњ өмір деректерімен ќоса, тартымды танымдары мен пікірлері сєтті айтылады. Осыншама мол ењбекті жаќсы көњілмен ќ±птай отырып, б‰кіл республика көлеміндегі халыќ емшілерін торќалы тойларымен ќ±ттыќтап, дендеріне саулыќ, абырой, баќыт тілеймін. Ќасиетті халќымыздыњ мерейіне ізгілік ќосып, оныњ денсаулыѓын саќтауѓа жєне ±рпаќ тєрбиесіне пєрменді көмек етуге, қауымдастыќтыњ ќосар ‰лесі мол екені даусыз. Ѓасырлар бойы, мыњ өліп, мыњ тірілген ж±ртымыз, өзініњ тєуелсіз мєртебесіменен жоѓалтќанын тауып, дєст‰р-салты мен халыќтыќ таѓлымына оралса екен. Ќауымдастыќ та осы баѓытта ж±мыс істейтініне сенеміз. Дана ж±ртымыздыњ келешегін, аруаќ ќолдап, Алла жарылќасын! Єумин... Жазушы-дєрігер, фантаст, м.ғ.к., КСРО денсаулыќ ісініњ ‰здігі, педагогика ѓылымдарыныњ докторы, Зайсан ауданыныњ ќ±рметті азаматы, Махамбет сыйлыѓыныњ лауреаты Совет-Хан Ѓаббасов З. Қожалымовтың «Киелі шаңырақ» кітабынан. Алматы. «Шалкөде», 2006. 399-404 бб.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||