ғұмырнама 23 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
АСА ҚАДІРМЕНДІ ЗЯДАН ҚАЖЫ! Сіздің қауымдастықты басқарудағы ұйымдастырушылығыңыз, білімділігіңіз, қайсарлығыңыз, қайырымдылығыңыз, ұлттық намысқойлығыңыз, жауапкершілігіңіз бізге өнеге және күш-қуат береді. Сізді, қауымдастықтың филиалдары ұжымы торқалы 70 жылдығыңызбен құттықтап, қызметіңізге табыс, деніңізге саулық және отбасыңызға амандық тілейді. Ізгі ниетпен Қауымдастық филиалдары директорлары: Сәрсенбай Ж. (Алматы), Қ. Құмаров (Ақмола), Бесембаев К. (Құлсары), Байділдаева Ұ. (Түркістан), Төребеков Б. (ОҚО), Нисамбаева Н. (Қостанай), Құттыбаева Қ. (Ақтөбе), Ермуханова Г. (Атырау), Шәкіржан Д. (Қарағанды), Сералиев Б. (Маңғыстау), Каракушов А. (БҚО), Қалиева Ж. (ШҚО), Сатова М. (Жамбыл), Есенова К. (Қызылорда), Бұзауова А. (Жезқазған).
Аса құрметті де қадірлі Зиядан қажы аға! Сізді мерейлі 70 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыңызға тек жақсылық, берекелеріңіз артып, мерекелер көбейе берсін. Алланың бұйрығымен қосқан адал да сүйікті жарыңыз Түймекүл апаймен терең қартайып, ұл-қыздардан өрбіген немерелерден шөберелер сүйіп, шөпшектерді еркелете беріңіздер. Өзіңіздің тәрбиелеп өсірген көптеген шәкірттеріңіздің тек ғана қуаныштарына күә бола беріңіз. Талай елді шарладыңыз аралап, Еңбегіңіз еткен бәрі адал-ақ. 70 жасқа жеттіңіз ғой жемісті, Халық отыр бәрін-бәрін, бағалап. Ақын сазгер, ғалым адам, зиялы, Қадірлеген туған елді, ұяны. Алла берген қасиет көп бір сізде, Жақсы адамға бар жақсылық сияды. Бар тілегім төгіледі жыр болып, Еңбегіңіз егілгендей гүл болып. 100 жасқа да жарық жүзбен жетіңіз, Түймекүлдей апайменен бір болып!!! Ізгі тілекпен: Бақтыбай Төребеков. ҚХЕҚ Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық филиалы директоры Поздравляем нашего дорогого президента АНЦК академика Кожалымова Зядан кажы с 70 летним юбилеем! Желаем ему долгих лет жизни, продуктивной деятельности на благо его детища АНЦК, счастья и благополучия во всех сферах жизни! Шакиржан Дауир Директор Карагандин. обл. филиала АНЦК.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, АКАДЕМИК ЗИЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВ МЫРЗАНЫҢ МЕРЕЙ ТОЙЫНА АРНАУ Сізді ел алдында атқарған еңбегіңіз, қол жеткен биік лауазымыңыз, ең бастысы халықтық медицинаға қосқан үлесіңіз, шипагерлік тарихындағы өзіндік орныңыз орынды бағаланып, бұдан былай да бағалана береді деген сенімдемін. Халықтың көзін ашып, ұлағатты ұстазыңыздың энциклопедиялық еңбегін елге жеткізген ұланғайыр қызметіңізге ақ алғыстар әлі де айтыла бермек. Сізді жемісті 70 жасыңызбен және «еңбектеріңіздің халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық – тәжірибелік конференциясының басталуымен құттықтаймын! Үлгі ұстап ұлылардың ұлағатын, Әйгілеп ел алдында шығаратын. Тылсымның табиғатын танып білген, Зиялы Зиядан деп тұрар атың. «Шипагерлік баянның» шежіресін, Осыған бар мұсылман елжіресін. Баяғы бабаларым қандай мықты, Таңданып кейінгі ұрпақ тебіренсін. Ризамыз қисапсыз еңбегіңе, Қиындық-кедергіні женгеніңе. Ақтарып ақ тілегін елің айтсын, Жайраңдап 70 жасқа келгеніңде. Шипагерлік шырағданың сөндірмеген, Қайта оралды құндылық ел білмеген. Қадірін қайран халық түсінсе екен, Шындықтың нұр шуағын мөлдіреген. Елім деп, ертеңім деп елеңдеген, Бабамның бай-дәстүрін көрем деген, Ұрпағын ұлылыққа жетелеген, Біргеміз қайсар жігіт-кемеңгермен. Шипагер жанға-дауа, дәтке-қуат, Әлі де ағайынды жұбат, қуант. Қазағымның танымын тазартпаса, Сіздердей асыл жандар қайдан туат. Қолдан келсе қызмет етсін дейміз, Талант пен табысыңды көпсінбейміз. Ізгіліктің мұратын іздейтұғын, Ниетің бар қазаққа жетсін дейміз. Бұл күнде жетпіс деген жігіт жасы, Абыздыққа жетелер жолдың басы. Жанында жиналғандар жеміс беріп Аман болсын балалары, жан-жолдасы. Қуанып қайта келдік қасыңызға, Жалғасын жақсылықпен жасыңыз да. Ел жүктеген аманат азаймайды, Жамандық жоламасын басыңызға. Жинап-ап шипагерді маңайына, Келесіз қызмет жасап ағайынға. Тазалық, имандылық, терең білім, Ішінен керегімді табайын да. Жақсы жан-арай шашқан алтын сарай, Тәрбие-тәлім алар қарай-қарай. Мәңгілікке беттеген еркін халқым, Жетсінші жақсылыққа әлі талай. Бұл күнде жігіт жасы-жетпіс деген, Бөгелмей аттай берші кедергіден. Елге қажет азамат аман болсын, Алла берсін күш-қуат. Сізге сәлем. Шын тілек, ізгі көңілмен: Қализа Көшекбайқызы Құттыбаева Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Аса, құрметті Зядан қажы! Сізді 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап, Жезқазғандық шипагерлердің ыстық сәлемін жолдаймыз. Сіз, бағындырған биік белестер, жанымызға жылулық сыйлап, ерен еңбегіңіз біздің де мақтанышымызға айналған. Сіздің қуанышыңыз, біздің де қуанышымыз. Өзіңіз айтқандай, «біз тағдырласпыз», «біздерді тағдыр тоғыстырған» деген шындыққа толы, жүрекке жетерлік үніңіз жанымызда жаңғырып тұрады. Иә, біз тағдырласпыз. Біздерді тағдыр тоғыстырған. Бірақ Сіздің шоқтығыңыз биік, арқа сүйер дара тұлғамызсыз. Барлық құрмет Сізге лайық. Лайым, қасыңызда Түймекүлдей зайыбыңызбен әрқашанда аман-есен жарқырап жүруіңізді Алла нәсіп етсін. Отбасы, бала-шаға, немерелеріңіз аман болсын! Бақыт құшағында көретін жарық күндеріңіз көп болсын! Мерейтойыңыз ұлы тойларға ұласатын мол қуаныш сыйласын! Жезқазған қалалық филиалының атынан, директоры Алтынай Бұзауова Құрметті Қожалымов Зядан қажы! Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Халық медицинасы орталығы Бас директорының орынбасары, Қазақстанның «Құрметті халық емшісі», «III мыңжылдықтың үздік емшісі» атанған Сізді жалпы халық парапсихолог, биоэнерготерапевт, ғалым ретінде де таниды. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. «Қарттары бар ел – қазынасы бар ел» – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз. Біз Сізді жан жүрегіміз жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерей той күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын. Өткен күннің артта қалып елесі, Тіршіліктің жылжы берер кемесі. Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған, Жетпіс жастың құтты болсын белесі. Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас, Бала мен немеренің назына мас. Біз Сізге бақ тілейміз ортаймайтын, Басыңыздан ешқашан ажырамас. Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың, Тілейміз қуанышқа бөленгенін. Жүзге келіп, марқайып отырыңыз, Қылығына қуанып шөберенің. Ізгі тілекпен: облыс емшілер атынан ҚХЕҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры Есенова Күнқияш Жанқуатқызы
ЗИЯДАН ҚАЖЫ АҒАМЫЗҒА Киелі шаңырақтың шипагері, Дертке дауа, жанға шипа емі. Зерттеу жұмыстары нәтижелі, Көп жылғы еңбектері еленді. Қайсар мінез, қажырлы да қайратты, Қаншама шәкірттерін самғатты. Ғылым, білім, ілімдері ұшан-теңіз. Бар әлемге қауымдастықты мойындатты. Сара жолды Өтейбойдақ баба салған, «Шипагерлік баянын» жалғастырған, Қазақтың байытып рухани әлемін, Медицина мен емшілікті тоғыстырған. Сөнген мұра, өшкен үміт қайта жанған, Халқымен қайтадан қауыштырған. Зядан қажы ағамыздың шарапаты, Өтейбойдақ мұрасын табыстырған. Табыстырған, таныстырған арыс қыран, Биік-биік белестерді бағындырған. Ордаңыздың рухы еш өшпесін, Қайырымдылық пен имандылықты қолдап тұрған. Ұзақ болсын ағажан өміріңіз, Тарихта қала берсін есіміңіз. Жетпістің белесінде қажымаңыз, Әлі талай асулардан асыңыз. Метжанова Анаргүл Халық медицинасының магистрі, биоэнерготерапевт, ақын БҚО, Орал қаласы Глубокоуважаемый Зядан кажы!!! Мы поздравляем Вас с Юбилеем!!! Мудры Вы очень, дальновидны, Успехи Ваши – очевидны! И мы поздравить Вас спешим, И от души сказать хотим! Свершенья Ваши так заметны, Что имидж только лишь растет! Решенья Ваши все конкретны, Их уважает наш народ! Желаем крепкого здоровья, И жизни долгих-долгих лет! И Вы добились успехов, Честь и хвала Вам! Желаем Вам, Чтоб были оценены Ваши старанья, Чтобы Вас знал подчиненный любой, Чтобы в семье был уют и покой. Как добрейшей души человека! Путь Ваш озаряет свет! С уважением нарадный целитель РК Ергалиева Куляш г. Уральск Алтын ғасырмен арқаланған азамат Бала қиял балдан тәтті бар әлемді шарлайтын, Көз жеткізбес көкжиекке ұзақ қарап барлайтын. Небір батыр, небір ғалым, ғұламаға еліктеу, Күнделікті маза бермес жеке іске айналсын. Туған жері Нарынқолдың өркеш-өркеш таулары, Талай-талай қиял беріп, сезім оты лаулады. Өрге тартқан жасыл шырша, сылдыр қаққан бұлақтар, Ертегідей ғажайып жас балаң жүректі баурады. Перзентіне ақыл қосар ата-анадай адам жоқ, Мейіріммен нұрын төксе Алланың көңіл тоқ. Өсен, Қожалым, Сәркедей абыз ата ұрпағы, «Ақ апа» деп елі ардақтаған Өзипа анасын. Сөзге шешен, әрі әнші, көріпкел дінге таза, Зияданға қамқор пана болған Өзипа апасы. Деуші еді олар көпшіл жанда ырыс болар, Ондайлардың тілеуі қабыл, ісі де дұрысталар. Апаңды егер ақылшым деп сыйлай білсен, Халқынның ұлы болғаның дұрыс болар. Мәнді өсиет келе мықтап есте қонақтады, Адал қасиет тал бойына бөтен ойды жолатпады. Адамдықтың төл парызына көз жіберіп ойласа, Іңкәрлікке жүрек шіркін рахымына тояттады. Есеюдің ерттеп мініп тұлпарына жасынан, Қанып, қанық ішті бұлақтардың кәусарын. Биіктікті де тау баласы санасында тоқыды, Көріп өсті қалықтаған қыраны мен сұңқарын. Жолдан өтіп, ілім жолы оқу менен тоқудың, Ендігі сәт кең дүниеде қайда самғау үлкен сын. Ата-баба жолын қуып нысанаға жетуге, Тұрды алда тер төгетін қыраттанған биік шың. Өзегі болған, өркені болған өмір салтының, Тең келе қоймас тіпті оған сом алтының. Тіршіліктің кереметі нұр тұтқасы денсаулық, Болып келді, бола бермек керегі әз халқының. Бұл міндетті шешуде де қазағыма өзгеріс боп, Жұрт арманы жүзеге асты Алламыз қабыл ап. Желтоқсанның дүмпуімен дүр сілкінді бар аймақ, Тәуелсіздіктің таңы атты аппақ нұр боп арайлап. Зиядан да көп іздеді керегі бар асылды, Тапты ақыры керемет бір ұтқыр ақылды. Саралай қарап, дарыны мол жандарды, Басын қосып ұйымға бір ортаға шақырды. Қасиетін жұрты біліп, халқы танып білгендер, Жанашыр боп игі істі қолдап жүргендер. Шаңырағың киелі үйдің көтертуге ұмтылды, Емшіліктің қасиетін сыйлаған жанашырлар. Астанамыз Алматыда өткен салиқалы форумда – Салтанатты Құрылтайда 91-дің 20-23 Желтоқсанында. Қазақстан Халық емшілерінің Қауымдастығы құрылды, Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді ақыры соңында. Түлететін бас болып, берекелі алтын ғасырды, Міндет болды лайықтылардан таңдап алу асылды. Қорытындыда емшілердің қарасы көп ұжымын. Басқаруды Зиядан Қожалымовқа тапсырды. Өтейбойдақ шипагердің «Шипагерлік баянын», Талдай оқу ұштай түсті Зияданның талабын. Талай күнді, талай түнді зерде оймен сарп етіп, Тереңге бойлап, ұясын ашты қатпар-қатпар сананың. Деп түйді ол, Сарқытымын зор тұлғалы бабамның, Дарабоз болған, қыраны болған ұлы даланың. Ғұмырының 80 жылын ғылымға арнап баз кешкен, Шашты Әзіздің еңбегін әр жүрекке от қып жағамын. Тылсым күштер деп саналмас еріккенің ермегі, Зияданның аңсағаны көкте және жерде еді. «Шапағатты рух ордасы», «Мәңгілік құпия шежіресі», Басқада зерттеу ізденіс еңбектері соның жемісі. Жылдар өтті жылжып айлары мен күндері де білінбей, Сынағынан өтті көреалмастың кедергісінен сүрінбей. Аясы кең, арнасы мол, тәрбиелі түрлі-түрлі шаралар, Алып шықты ауырлықтан мың түйенің жүгіндей. Бүкпесіз, бұрмалаусыз айтса тура, Емшілік киелі қасиет өшпес мұра. Қиын күрес арқасында көш түзелді. Болса да бұрын ретсіз, ала-құла. Қажетінде сеземіз қимылдар мен тасырды, Ажырата алмас жасық пенен асылды. Бәле қуып, қарсыласқан арам пиғыл дұшпандар, Кеште болса қауым алдында бас ұрды. Демейміз таңдай қақтырар тарландар аз емес, Көзі көрген куәлер мұны әсте жалған демес. Қолы шипа емшілердің талайы дара шықты, Олардың бәрін тізіп айту бүгінде мүмкін емес. Түймегүл ана, кәнігі емші, Зияданның тірегі, Ауыр жүкті қолдап, демеуменен бірге сүйреді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей ізденіп, Тыным алмай бір Аллаға сиынып жүргені. Нарынқолдан шыққан Райымбектей батырлар, Кең өлкені жырлап өтті Мұқағалидай ақындар. Сол аймақтың тастүлегі Зиядан қажының, Өзіне тән сыр сипаты, беделі мен аты бар. Сіңірген еңбек, алған атағын айтсаңыз. Жиырмадан асып, отызға жетіп артылар. Жігітке жеті өнерде аз дейді ғой халқымыз, Зияданның жетістігін мойындайды жалпымыз. Бағаласақ абзал жанды осы іспетті қараңыз, Арта түсіп, аспандайды қазақ деген атымыз. Парапсихолог деген мамандықтан басталып, Ғарыш, табиғат, адам құпиясын ашты жарқын із. Өзі ғалым, сөзге шешен, өзі сазгер, әрі ақын, Мұндай өнер былайғы жұртты таңқалдыратын. Кесек, кесек маңызды ойлар айтып бір мезгіл, Тәтті әнмен жиналған жұртты жандандыратын. Дүлдүл шабыс үдей түсті алпыс деген асуда, Қайрат, жігер тыным бермей жүргеннен соң қасында. Жүйрік уақыт жүрісінен ешуақытта жаңылмас, Желіп жүріп, жетіп кепті жетпіс деген асуға. Зымыран ойың, зымыран күнмен ілеспей, Қала бермек құрбы қиял, кезіп жүрген елестей. Мына сөзі оралып тұр ойына Зияданға дәл қазір, Ештеңе де дами алмас түйсік пенен ой өспей. Ой да өсті, өріс те өсті Алтын ғасыр Заманда, Қозғаушы күш қой Бір денсаулық басы аманға. Қайтарылды зая кетпей төккен тердің төлеуі, Биіктерге жете бергің бас тізгінші қадам да. Тілейміз біз амандығын елге сіңген еңбектің, Аман болсын, өрбіп өскен бала-шаға ұрпағың. Зиядан енді ештеңеге алаңдауға болмайды, Жетпіс жасың құтты болсын салихалы ғұмырың. Көз жетпейтін қиырға дүрбі салып алыстан, Хабар алып, тылсым дүниедегі ғарыштан. Ұзақ ғұмыр Алла берсе бұйыртсын, Жаңылмағай тек қазіргі тарлан шабыстан. Үмбет Әбназарұлы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақ радиосының және Желтоқсан көтерілісінің ардагері Алматы қаласы Қожалымов Зядан қажы ағаға Бисмилла сөз бастадым бір Алла деп, Қорғаным қасиетті құранда көп. Ғылым менен өнерде жарқыраған, Зядан қажы ағама бақ қонсын кеп. Жақсыға Алла өзі жар болады, Жаманға дүние де тар болады. Тарихта аты қалған ұлдарына, Толғаудың мәні де зор болады. Жақсы адам көруге болады арман, Рахат күй кешетін қасында адам. Зиядан қажы ағамыз сондай жан ғой, Құпиялы қыр-сыры әлі ашылмаған. Ақтарайын тарихты тереңінен, Өткен күннің алайын дерегінен. Зиядан қажы ағама Алламыздан, Көп қасиет бойына бере білген. Тірлігінде білінбес жан қадірі, Әр қилы адамның бар тағдыры. Зядан қажы ағамның туған жері, Текесінің баурайы, Хан-Тәңірі. Әр қадамын нақ анық басқан, Арманына жеткен жалықпастан. Тау қыраны талабы орындалып, Ғылымға да сүбелі үлес қосқан. Бұл күні 70 жасқа толған аға, Әрқашан жетелеген арман алға. Екі жаста әкеден жетім қалып, Әулетінің жалғызы болған аға. Аналар ғой дүниеде асыл адам. Өзипа анаңыз өсірген, жасымаған, Сыбанбектей тектінің қызы еді, Ой-ниеті жаманмен қосылмаған. Ақ апасы атанып үлкен елдің, Мәртебесін көтеріп, биіктеткен. Арманы орындалып тірісінде, Немересін иіскеп, сүйіп кеткен. Айта берсем тарих қой өткеніңіз, Асылдардың сынығы,текті едіңіз. Нарынқол тумасы нар тұлға аға, Жемісті 70-жасқа сіз жеттіңіз. Жан бар ма жақсылықты аңсамаған, Еңбегіне дән риза қаншама адам. Зиядан қажы ағамыз ғылымда да, Ізденуден, зерттеуден шаршамаған. Көп қасиет бойына жиып берген, Арқалаған алғысын сүйікті елден. Емшілерге сара жол салып берген, Қажы ағамыз көрінген биіктерден. Шындыққа ұдайы құмар жаны, Алға қарап жетелеп тұр арманы. Емшілердің рухани жан байлығы, «Шипагерлік баянды» шығарғаны. Емші, ғалым, жазушы, ақын аға, Өнерге өлмейтұғын жақын аға. Өтейбойдақ бабаны тірілткендей, Сөйлеттіңіз әкеліп тағы сахнаға. Ой терең, сөзі нық, адал адам, Қаншама шет елдерді аралаған. Жемісті еңбегінің арқасында, Елі-жұрты құрметпен, бағалаған. Сөзіме әр-бір айтқан мән беріңіз, Сіздей жанды ұмытпас мәңгі еліңіз. Шет елдер сахнасында орындалды, Жанға шипа беретін таза әндеріңіз. Ежелден ақыл жастан-асыл тастан, Айтайын өз ойымды жасырмастан. Зядан қажы ағамыз алғашқы рет, 23 жыл шипагер ілімі көзін ашқан. Бабалардың бастаған жолын бастық, Бірлік бар да қамал жоқ алынбас түк. Қажы ағаның қажырлы еңбегінің, Арқасында құрылды қауымдастық. Алланың құдіретіне таң қаламыз, Әр адамнан әр қасиет аңғарамыз. Алланың қасиетін терең ұқсаң, Адаспайтын мәңгілік жол табамыз. Жақсылық болса егер жинағаның, Бұл дүниеда бар байлық, иман, арың. Алланың қасиетіне мойын бұрып, Жақсы ғой тура жүріп, сыйлағаның. Түймекүлдей көрікті жан-жарыңыз, Алла қосып бір болған жолдарыңыз. Төрт қызбен, екі ұлдан, ұрпақ тарап, Барлығы болды-ау сіздің қорғаныңыз. Өмірде көп қой сіздің көргеніңіз, Ел үшін тек адалдық жол іздедіңіз. Қаншама қиындықты жеңіп-өтіп, Түн ұйқыны төрт бөліп, терледіңіз. Аллаға шүкіршілік бұл күндері, Нәтижесін берді ғой еңбегіңіз. Құтты болсын қажы аға мәртебелі, «Қазақстан даңқы» атты орденіңіз. Ақ көңіл адал жанның бірі едіңіз, Көбейсін сүйеніш пен тірегіңіз. Зядан қажы ағама өмір тілеп, Жетпістен аға жүзге сіз жетіңіз. Иманым – жиғаным деп ұрандаған, Қолына қасиетті құранды алған. Зядан қажы ағаға шын амандық, Тілейміз ел болып, бір Алладан! Ізгі шын тілегімен ақын, ҚХЕҚ-ның «Құрметті мүшесі»,
Сейітқұл Жұманов Астана қаласы Баспасөз беттеріндегі құттықтаулар
2. "Қазақстан-ZAMAN" газеті, 26.06.2014. 5. "Алматы Ақшамы" газеті, 01.07.2014. 6. "Время" газеті, 01.07.2014. 7. "Жетісу" газеті, 01.07.2014. 8. "Жас Алаш" газеті, 01.07.2014. 10. "Тамаша" газеті, 01.07.2014. 11. "Алтын босаға" газеті, №14, 2014 Теледидар мен радиоторабында 1. СТВ, сағат 21:00, 29.06.2014. 2. СТВ, сағат 11:00, 30.06.2014. 3. Қазақстан "Таңшолпан" сағат 4. Қазақ Радиосы сағат 14:00 5. Қазақ Радиосы сағат 15:00
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||