ғұмырнама 9 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
ЗЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ БОЙЫНША ЖАЗҒАН ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМАЛ КІТАПТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ Қазақ халқы егеменді ел болғаннан бері басқа халықтар сияқты өзінің тарихымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің ерекшелігімен, өркениетті мәдениетімен рухани байлығымен көзге түскен ұлы халықтардың біріне айналды. Байырғы қалпына келді. Елбасы, Президентіміз, Нұрсұлтан Назарбаев тіл-көз, бәле-жаладан аулақ болсын! Жуырда, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы 50 елдердің қатарына енуді айтса, кеше ғана 8 алпауыт елдердің басшыларымен қол алысып отырды. Бұл елдің амандығына және келешегі барлығына сенім болып саналады. Сіздердің алтын уақыттарыңызды үнемдеу мақсатында, мынандай тұжырым, шындыққа көңілдеріңізді аудармақпын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – дегендей XV-XXI ғасыр немесе 6 ғасыр өткенде Өтейбойдақ бабамыздың еңбектерін мұра тұтқан, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик, қажы Қожалымның Зяданына нәсіп болды. Оны бұқара ақпарат құралдарында (газет, радио, теледидарда), халықаралық деңгейде: съездер, конгрестерде, "Халық медицинасындағы бақсылық өнері" бойынша ғылыми-теориялық форумға куә болып отырмыз. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Алматыда 22-желтоқсан 1991 жылы ұйымдастырылғанына 15 жыл толды. Өткен жылы (2006 жылдың желтоқсан айында) қауымдастықтың 15 жылдығы тойланды. Осы аралықта Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 10 жылдығы қарсаңында Зядан қажының «Шапағатты рух ордасы» (2001), және «Мәңгілік құпия шежіресі» (2001) ғылыми-танымды екі кітабы және қауымдастықтың 15 жылдығында: «Тылсым дүниенің құпия емдері» (2006) және «Халық медицинасындағы бақсылық өнері» (2006) деген кітаптары таралымы 500-1000 данамен жарық көрді. Ғылыми-танымал кітаптардың тұсау кесері өтті. Онда, XV-ғасырда өмір сүрген «Шипагерлік баян» еңбегінің авторы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан кейінгі қазақ елі тәуелсіздік алып жеке мемлекет болғанда ғана, ата-бабадан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымызға түсініксіз болып келген, шипагерлік, ғарыштық, адам және жер бетіндегі көрінбейтін тылсым күштер жөнінде тағы да, адам бойындағы тектік киелі қасиеттер туралы мәліметтер ана тілімізде түсінікті, көрнекті, дәлелді етіп жазған, алғашқы кітаптар екені атап айтылды. Осыған орай, Ақпарат және Мәдениет министірлгі арқылы, «Ғылыми-танымды» адамның сырқатына ем, денсаулықты дәрі-дәрмексіз жақсартудың бірден-бір жолы – өзін-өзі тану (ақыл-ой, сана) ілімі екенін анықтайтын мұра кітаптар ретінде Қазақстандағы барлық көпшілік оқу орындары, ғылыми кітапханаларына жетерліктей етіп шығаруға арзиды (тұрады) демекпіз. Ал енді, мен бұл кісінің – Зиядан Қожалымовтың Қазақстан халық емшілері қауымдастығының беделін тікелей көтеретін, беделін көтеруде халық емшілерін, сала-салаға, жүйе-жүйеге бөліп жазған ғылыми-танымдық еңбектеріне, оң пікір беріп, жарық көруіне ықпалымды аямаған жан екеніме байланысты, тоқталуды жөн көріп отырмын. Бірінші кітабы – «Шапағатты рух ордасы» (Алматы, 2001 ж. көлемі 317 бет). Оның 1-бөлімі "Құдіретті құт орда", 2-бөлімі "Тылсым дүниенің құпия сырлары", ал 3-бөлімін "Шапағат нұрын шашқандар", – деп атап адамдарды имандылыққа, парасаттылыққа, қайырымдылыққа шақырып, ұйымның рухани-ағарту мен денсаулықты сауықтыру шаралары туралы тоқталып, қауымдастықтың адал, инабатты, ақпейіл мүшелерінің суреті беріліп таныстырылған. Өтейбойдақ бабаның бір ауыз сөзімен – «Шипагерлік те өнердің бір түрі» екенін көрсетіп, бүкіл емшілерге жол ашты. Екінші кітабы – «Мәңгілік құпия шежіресі» (Алматы, 2001. көлемі 447 бет). Бұл кітап Ғарыш, Адам, Жер тылсым сырлары баяндалған ғылыми-танымдық еңбек. Олардың кейбіреулеріне назар аударалық. I-тарау – Қайта оралған киелі қасиет, киелі рухты-қайырымды орта егеменді ел болғанан кейін туды, емшілер ел кетігіне және имандылық-рухани байлығымызға енді келдік, әлемдік дәрежедегі қазақ халқының емдік тәсілдерін ғылыми тұрғыда таныстыру делінеді. II- тарау – жан, тән және рух; жан тіршілік иесі, өлгендердің рухы басқаға қона ма, өлгендердің өмірге қайта келуі; өліп-тіріліп, қайта өлгендер; өлгендерді тірілтетіндер, ажалсыздар мен ұзақ өмір жасағандар; үрейлі әсерлер неден болады; бізге көрінбейтін бейне; көрініп көзге, жоқ болды бейне; аруақтармен сөйлесу деген тақырыптары баяндалған. III-тарау – Ғарыштық беймәлім қонақтары деген тараудың соңында... Құранның мына тұжырымы бойынша Алланың: «Құранның ақиқат екені көкіректеріне жеткенге дейін, біз оларға жер-көкті, тіпті өз бастарындағы ғаламаттарды (белгілерді) көрсете береміз» – дегені осы дәуірімізге дәл келіп тұрғанын көргендейміз («Фуссилат» сүресі, 41-53 аяттар). IV- тарау – Тәндегі нүктелер мен белгілер құпиясы: алақан, саусақ сызықтары құпиясы, адамның қол басы мен табандағы нүктелер, қолдың (меннің) сырын білесіз бе? т.б. V-тарау – кері әсер күштері; дуалау, сиқыршылық, ғайыптың ғаламаттары, қарғыстың қасіреті. VI-тарау – Қоршаған ортаның дәрісіз табиғи емі; асыл тастардың емдік қасиеттері; ән-күйдің емдік қасиеттері және VII-тарау – Тылсым дүниенің жұмбақ сырлары: бақсылық, болжаушы, жауырыншы, жұлдызшы, құмалақшы, көріпкелдік, халық емшілігі және телепатия – деп талданады. Олар жеке адамның бойындағы бір беймәлім күштің әсерінен кенеттен пайда болатын, бізге көрінбейтін, сыртқы белгісіз «рухтармен» байланыс жасайтын құпиялы жұмбақ күш иелері дейді. Құнды кітаптың басқа, соңғы тарауларында адам өмірінде кездесетін: дуалау, сиқыршылық, қарғыстың қасіреті және адамдарды сақтандыру мақсатында, Алла тағаланы ойыншық еткісі келген оңбайды, жалған әулиелер жарға жықпасын және «құдайсызға-құдайдың жазасы бар» деп дәйекті тұжырым берсе, ал ақылдан кенде емеспіз, ешкімнен кем де емеспіз – деген мақаласында Зиядан қажы өз дәстүріміз, өз тілімізбен дініміз тұрғанда бөгде біреулердің ықпалына түспеудің, рухани кіріптар болмаудың қамын ойлайық» – дейді. Үшінші кітап – «Тылсым дүниенің құпия емдері» (Алматы, 2006, көлемі 209 бет). Бұл зерттеуші-парапсихолог, биоэнерготерапевт, тылсым күш емшісі академик Зядан Қожалымовтың, ғылыми-танымдық кітабының I-тарауы, жоғары ғарыштық сана мен ақыл-ой деп басталады. Жоғарғы ғарыштық санадағы хабарларды адам ойша қабылдай алатыны, оны санасында телепатиялық сезімі бар адам сөзбен не өрнек сызу белгісімен жеткізе алатыны, ғарышпен байланыс мейлінше ниеті таза болғаны дұрыс. Ақыл-ой сананы ғана өзгерте алады. Ми мен жүйке желісі-сананың басты бөлшегі болып саналады. Қан – нәзік күш-қуаттың жоспарын (хабарын) тасымалдауға өте шебер болады. Жүйке – өткізгіштік қызмет атқарады. Егер адамзат үйлесімді (гармониялық) заңымен өмір сүрудің жеке ырғағын бұзбаған, кінәсінан денесін тазалап, жамандықтан аулақ болғанда 300-800 жылға дейін өмір сүруіне болады. Арам ниеттілікпен ыңғайсыз жағдайлар жасап, пайда тауып, ойын іске асырғандар өз өмірлерін тез қысқартады. Сондықтан да, адамдар көбінесе өмірдің бір қалыпты жетекші қуаттылық қасиетін сезінбейді (11-бет). Зядан қажы, қазақ халқының адам қайтыс болғанда жаназасын шығарып жерлегеннен бастап, 7 күн, 40 күн және жылдығын беру әдет-ғұрыптарының дұрыстығына мынадай ақыл-ой, саналық тұжырымын айтады. Адам қайтыс болғаннан соң, оның жақсылықтары сүзіліп, нақтыланады, ал теріс әрекеттері кармаға жіберіледі. Жанына хабарлағыш өрісін береді. Бұл оның жекелігі мен мәңгілік өлместігін сақтайды. Өйткені, биологиялық өлім болғанмен бәрі бір энергетикалық ұрық тірі қалады. Жеке дененің астралды қоршауы өлгеннен кейін үшінші күні дене қыртыстанып кетеді. Тоғыз күнге дейін денеден бөлінген қабықша жан өзінің қайтыс болғаннан жермен байланысының биологиялық қатынасын тоқтатып, біздінше 7 күн жермен байланысын үзіп, одан ары жоғары жан (астралды) кеңістігіне қарай жылжи береді. Сөйтіп, жан кеңістікте қайтыс болған күннен бастап 40 күндей болған соң қайтадан екінші биологиялық жоғары саналы өмір сатысына негізі қаланады. Олар өзінің жіберген қателігін ашады. Еске алу құрметін: үштігі, жетісі, қырқы және жылы т.б күтеді. Туыстарының, дос-жораларының тілегі аруақтың о дүниедегі жағдайына жақсылық қосады – деп дәстүрдің дұрыстығына дәйекті тұжырым айтып, елді имандылыққа тәрбиелейді. Адам баласы ғылымның күшімен табиғаттың заңын және өзінің кім екенін сезініп таныды. Уақыт, қуат және саналы сезім түсінігі – бұл үш тұлға әлемнің материалдық негізін қалайды. Ғарыштық сана – бұл әлемдік материя құрамының бағдарламасы мен тәжірибиесінің артуына қарай ауысып, өзгеріп тұратын әрі дамитын алғашқы сезім. Кітаптың 2-тарауы – Барлық сенімнің шындығы біреу – ол өзіңді өзің тани білу. Әлемде екі түрлі: дөрекі-материалды және нәзік рухани немесе жан қуат болады десек, әрбір көрінетін және көзге көрінбейтін нәзік рухани (жаны, сенімі, ақыл-ой, сана) биоөрісі оның денесіндегі барлық энергетикалық (қуат) өрісінің жиынтығы. Ол электр желілі жүйе мен магнитті өрістен, сондай-ақ, ғылымда әлі дәлелденбеген басқа да өрістерден құралады-деп автор өте тың пікір айтады. Осы пікірін жалғастыра, барлық теріс пиғылды ойлар және сезім жүйке жүйелерін бұзады, әрі ластап ғана қоймастан, адам ағзасын өздігінен уландыра отырып, оның денесіндегі күш-қуатының құрылысына кері реакциялық құбылыс туғызады. Осыған байланысты жаны таза, жарық, көңілді, сезімді таза ой (ақыл парасат) ол әрқашанда емдік мақсаттар мен мейірбандылықтың қайнар көзі болып табылады. Олар адамның қанын тазалайды, күш-қуат (энергетикалық) потенциалын (салмағы, ауқымы) күшейтеді әрі оның рухани қабілетін арттырады. Сөйтіп, кімде-кім өзін тани білмесе, ол өмірден аларынан құр қалады, ал өзін-өзі таныған адам ғана нағыз шындықтың билігіне көтеріліп өзін міне «Мен» – деп көрсете алады. Өзінің ішкі дүниеңді таза қуатпен жүрек жылуымен және таза сүйіспеншілікпен толтыр. Себебі: барлық діндерде тек ғана қайырымды, сүйіспеншілік және адамгершілікті үгіттеуі кездейсоқ емес. Адамның биоөрісінің қуаттары – 3 тарауда, биоөрістерді реттеу мен ауру түрін анықтау тәсілдері, 4-тарауда кең түрде берілген (43-105 бет). Ғұлама ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емдік әдіс-тәсілдері – 5 тарауда. Бұл тараудың 111-беттегі – «Шипагерлік баян» кітабындағы «терминдік» – дегенді «атау, атаулық», – деп Өтейбойдақ бабаның аталымымен оқуды қалар едік. 6-тарау – Сандар сыры және 7-тарау – Қарапайым халық емі, - 125 беттен 203-беттерді қамтиды. Бұл емдер тікелей қолданатын емдер, сондықтан да оларды кітаптың өзінен оқыған жөн. Төртінші жаңа кітап ҚР «Халық медицинасындағы бақсылық өнері» (Алматы, 2006, көлемі 218 бет). Бұл ғылыми жинақта тылсым күшті зерттеушілердің ата-бабадан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың тектік киелі қасиеттерінің бірі бақсылық өнерін, өз бойына жинап, халық денсаулығын жақсарту саласына жұмсап жүрген қасиетті күш иелерінің еңбектері мен баяндамалары енгізілген. Жинақ халық емшілерінің ілімін көтеруге және тәжірибе алмасуына үлкен септігін тигізері мол болмақ. Түрік тілдес халықтардың «бақсылық өнерінің» құпия сырлары осы кітапта жинақталып, әлемдік дәрежеге көтерілуіне ықпалын жасайды, әрі шығыс медицинасын жан-жақты дәріптейді, – деп бағалаймыз. Қорытынды, сөзімде әріптес Зиядан қажыға қаламың ұшқыр, ақыл-ойың зерек, мәртебең биік болсын, ал қазіргі емшілерге айтарым: аттары аңызға айналған ата-әжелеріміздің жазып көрсете алмай кеткен олқылықтарын толтыру үшін, кейінгі ұрпақтарымызға мұра ілім-тәлім боларлықтай, қазіргі ақпарат құралдарының жетістігін кеңінен пайдаланыңыздар демекпін. Біздерді Алла жарылқап, аруақ қолдасын, әумин! Жандар Керімбектің Ермаханы, биология-медицина салаларының профессоры Ғылыми жинақ. Алматы, «Шалкөде» 2007
«МӘҢГІЛІК ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІ» АТТЫ КІТАПҚА РИЗАШЫЛЫҒЫМ Әз бабаның ұрпағы Зияданым, Ғажап сырлы ғарышқа қиялдадың!... «Мәңгі құпия шежіре» көк кітабың Танымдықтың талдапты тиянағы! Қонған киең, білдіріп күштілігін, Бергізеді елес әлемнің үсті бүгін. Құдіретке құлақ аспас ғұламаң да – Райынан еріксіз түсті бүгін! Түспесіне амал жоқ екендігін, Құранда қасиет мол бекемдігін, Таным мол талғамдылар басын иді, Ойдыларға өзіңнен өтелді ұғым! Басталып тұр ғасырда ғажабы мол, Ұлылар да ұйып-ап, жазары мол, Айналып кен Құранға, бас исе мол, Өшуі хақ дәуірде азабы мол?! Ойды оңға бөлгізер оқығаның, Отша лаулап жандырар оты барын! Тылсым сансыз, білеміз, бес жүз ғана Ал менікі төртеу-ақ тоқығаным. Еркінбек Қожаханұлы Тоқаев, «Әулие абыз Әлмерек бабам менің»кітабынан 35 бет. Алматы қаласы, «Қазақ университеті», 2002 ж.
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегіне (Алматы, Шалкөде, 2009) пікір Қожалымов Зядан бұл ғылыми зерттеулік тақырыпты қолға алардан бұрын ұзақ жылдар бойы өзі тікелей халық шипагерлігімен айналысқан, Қазақстандағы халық емшілерінің қауымдастығын құрып, оларға басшылық жасап келген, оның үстіне Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) мұрасын жан-жақты зерттеп келе жатқан өмірлік-кәсіби дайындығы бар зерттеуші екенін арнайы атап өткім келеді. Ойымыздың дәлелі ретінде, зерттеуші бірнеше кітаптың авторы, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті лауазымында бірнеше халықаралық конгресті ұйымдастырушы екенін еске салсақ, онымыз орынды болар. Еліміздегі денсаулық мәдениетінің қалыптасуына Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының емшілік сауаттылығы мен шеберлігі үлкен орын алғанын, біз философтар соңғы кезде ғана, онда да шағын ортада біліп жатырмыз. Бірақ осы ғұлама ғалымның және емшінің еңбегі ғылыми тұрғыдан, мәдениет философиясының деңгейінде талданбай келді. Оның басты себебі ғұламаның «Шипагерлік баян» атты еңбегі энциклопедиялық жанрда, арнайы ұғымдық деңгейде, түрлі ғылым тоғысында, көне ұмытылған тіл желісінде жазылған. Сондықтан медицина мамандары, тіл мамандары, педагог-психологтар, философтар осы еңбектің кейбір тарауларымен және қағидаларымен шектелуде. Бұрынғы ізденулер мемлекеттік немесе методологиялық жалпы талдау деңгейінен асып кете алмады. Бұл зерттеу халықтың шипагерлік мәдениетін және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» бірлестіре зерттеп отырған алғашқы философиялық зерттеу жұмысына жатады. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емдеу мәдениетіндегі энциклопедист-ғалым, шығыс медицинасының ғылыми-ұлттық жүйесін қалыптастырушының бірегейі. Тұлғаны шығыс медицинасы мен емшілік дәстүріндегі «екінші ибн Сина» деуге тұрарлық. Осы бағытта насихат және ғылыми жұмыстар тіптен мардымсыз жүргізілуде. Зерттеудің бірінші тарауы «Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі» деп аталынады. Онда емдіктің халықтық сипаты мен түрлері, шипагерліктің негізі мен емдік әдіс-амалдары қарастырылады. «Емдік мәдениетінің танымдық-тәрбиелік маңызы» деген екінші тарауда адам биоөрісінің қуаттары, рухани, медитациялық емнің шипасы, денсаулықты жақсарту жолдары арнайы талданылады. Зерттеудің идеялық-теориялық және қолданбалы бастаулары мыналар: шығыс-тибет медицина жаңалықтары, әл-Фараби, ибн Сина және т.б. Орта Азия ойшылдарының тақырыпқа қатысты қағидалары, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасы, халық емшілерінің түрлері мен тәжірибелері, қазіргі медицина ғалымдардың тақырыпқа қатысты ой-тұжырымдары. Осы бағыттар мен деңгейлердің өзі зерттеушінің көп мәселені қамтығанын, шипагерлік мәдениетінің өзекті, тың мәселелерін көтергенін аңғартады. Адамның тазару мәдениетін қалыптастыру немесе соған ықпал ету мақсатында зерттеуші төрт қосымша кестені – Ө.Тілеуқабылұлының бейнелік нұсқасы, халықтық шипагерліктегі анықтамалар, шипагерлік терминдер сөздіктері тізімі және шипагерлікті оқыту бағдарламасы беріледі. Әр кесте ғылыми танымның өзіндік объектісі ретінде талдауға тұрарлық, тың мәселелер. Зерттеу тақырыбының түйінді мәселелері өзіндік танымдық-әдістемелік шешуін тапқан. Зерттеуші қойылған мақсат-міндеттері бойынша өз ойларын тиянақты жинақтай және жүйелі жеткізген деуге болады. Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты зерттеуі өзінің құрылымы жағынан сабақтас, философиялық деңгейі жағынан ұғымды, тартымды және мазмұнды тың жұмыс. Бұл зерттеудің ізденісі де философиялық ой жүйесі бойынша қарастырылғандықтан да, еңбекті лайықты іргелі жұмыс деп есептеймін. Ғылыми жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының профессоры Молдабеков Ж.Ж.
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегіне пікір Жұмыстың тақырыбының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өзектілігі еш күмән келтірмейді, өйткені өткен мәдениет тарихының тыныс-тіршілігін енді саралауға, онда да болса там-тұмдап азды-көпті жинақталған аз ғана деректерге сүйене отырып қайта қалпына келтіруге тырысу – нағыз ғалымның да, нағыз елжанды азаматтың да міндеті. Оның үстіне, қазақ мәдениетінің шығыстық мәдениет арнасындағы бастапқы тарихы да өзіндік индентификация іздеген қазіргі таңдағы қазақтарға түп тамырға жол көрсеткендей. Зерттеу Ө.Тілеуқабылұлының жарық көрген еңбегі негізінде, оның жалаң шипагерлік шығармашылық емес, дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, адамгершілік-имандылық әлеуетінің барлығын көрсету әрі қазақ шипагерлігінің мәдени бастауын анықтайтын жан-жақты шығарма екендігін дәлелдеу тұрғысынан жазылған. Меніңше, зерттеуші қазақ шипагерлігінің мәдени бастауларын шығыстық дәрітанумен байланыстыра білген. Дегенмен, мәселені тереңнен қазбаласа артық етпейді. Сонымен бірге емшілік баян түп тамырымен мифологиялық сана аясында қалыптасқан дүние. Ал жұмыстың тарихи-ғылыми маңызы зор «Шипагерлік баян» деген Ө.Тілеуқабылұлының шығармасына герменевтикалық талдау бере отырып, оның қолданған ұғымдарының «алты өзегі тұғыр», «түп негізі тиянағы», «кеңістік», «тұрақ» және т.б. сынды ұғымдарын философиялық категориялар деңгейінде ашып көрсетсе зерттеу одан әрі өзінің ғылыми тұғырына шығары анық болады. Сайып келгенде, ешкімнің бұл жұмыстың шипагерлік саласындағы философиялық-мәдениеттанымдық алғашқы жұмыс екендігіне күмән келтіруге болмайды. Жалпы зерттеу жұмысының сұлбасы белгіленіп тұр, сондықтан да бұл еңбек ғылымдағы өз орнын табады деп білемін. Философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Құлсариева А.Т.
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегіне пікір Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеуші зерттеуде қазақ халқының шипагерлік мәдениеті, тарихы, емдік дәстүрлерінің шығыс шипагерлігімен ұқсастығы мен сабақтастығын ғылыми тұрғыдан саралауды мақсат етіп қойған. Осы жолда XV ғасырдағы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерін философиялық мәдени танымдық тұрғыдан қарастыруға тырысқан. Тақырыптың мәнділігі қазақ халқының шипагерлік өнерінің өткені, бүгіні мен болашағына философиялық көзқараспен келуді мақсат етіп қойылғандығынан көрінеді. Зерттеуші халық шипагерлігін ғылыми тұрғыдан қарастырып, зерттеу объектісіне айналдыруда медицина ғалымдары Е.Оразақов, С.Қарынбаев, С.Суханбердин, М.Қожабеков, Ә.Айбақын, З.Шашкин есімдерімен байланыстырады. Қожалымов Зядан зерттеу міндеттері етіп емдіктің халықтық сипаты мен түрлерін ашып, олардың эволюциялық кезеңдері мен бағыттарын саралауды; Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шығыс шипагерлік дәстүрдің ғылыми негізін қалаушылардың бірегейі екендігін, оның емдік әдіс-амалдарының арқауын айғақтауды; емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызын, адам биоөрісі қуаттарын ашып беруді; рухани, медитациялық музыкалық ем, денсаулықты және тазару мәдениетін жақсартудың жолын дәйектеуді; қазіргі жаһандану үрдісіндегі Қазақстан Республикасы мәдениетінде инновациялық дәстүрлі мәдени мұралармен үйлестіру мақсатында «Халықтық шипагерлік» сияқты шипалық дәстүрінің мәдени және тарихи формаларын жан-жақты талдауды қойған. Халықтық шипагерлік тәжірибесінің ұлттық дәстүрмен, медициналық біліммен байланысын еске ала отырып, жас ұрпақтың денсаулығы мен өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында алатын орны бар екендігі аян. Адамның ең басты байлығы – денінің саулығы екендігі белгілі. Ата-бабаларымыз ертеден-ақ денсаулықты сақтауды, аурудың алдын-алуды, емделу жолдарын іздестіріп тауып, байытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Шипагерлікті дәстүрлі өнер түріне жатқызар болсақ, онда шипагерлік тарихы, дамуы зерттеліп, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық дүниетанымның, ақыл-ой даналығының, денсаулықты қорғау мен емдеудің және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі тірегі деп болжауға алып келетін мәдениеттанулық тұрғыдан қаралған зерттеулік ізденісте талпыныс байқалады. Қожалымов Зяданның «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты зерттеуі бұрын зерттелмеген, кең ашылып, толық бір арнаға түспеген тың тақырыптардың қатарына жататындығын ескерсек, зерттеушінің алдында көтерген тақырыпты мәдени-философиялық тұрғыдан жан-жақты саралап, ғылыми негіздерінің көздерін аша отырып, толықтыра түседі. Зерттеуші алдына қойған мақсатына толыққанды жетеді деген ойдамын. Философия ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ-нің доценті Сәрсенбекова Г.Ә.
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегіне пікір Зерттеуші ғалым З.Қожалымовтың «Шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты еңбегі әлемдік және отандық мәдениеттің бір саласы шипагерлік мәдениетін түсінудің, бағалаудың, реттеудің, зерттеудің өзекті мәселесіне арналған. Көне заманнан бүгінге дейін жеткен дәстүрлі шипагерлік өнері – көшпенді халқымыздың рухани өмірінің жетістігі мен мәдени ортасына айналды. Қазақтың мәдени мұрасы мен тарихын толықтырды. Бұл зерттеу өте күрделі, әлі ғылыми атауы мен танымдық дәрежесіне толық баға берілмеген халықтық шипагерлік дәстүрдің проблемалары туралы тың философиялық талғамдық ойлар айтылып, тұжырымдар жасалынып, жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізген. Халықтық шипагерлік ұлт мәдениетінің жетістігінің бір түрі және адам денсаулығын сақтау мен қорғаудың сақшысы ретінде ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп, тамырын тереңдетіп, шипалық қанатын жайып келеді. Зерттеуші осы жетістіктерді ғылымға қосуда анық жинақтауға, шипагерлік мәдениетінің тарихын көне заманнан бастауға, болашақ ұрпаққа ұлттық этникалық мәнін бұзбай жеткізуге түсінікті ғылыми талдау жүргізген. Ұлттың шипагерлік мәдениетінің шындығын бұрмалауға болмайды. Халықтық шипагерліктің ерекшеліктері зерделеніп оның көршілес Шығыс пен Орта Азия елдерінің шипагерлік дәстүрімен сабақтастығы, үйлесімділігі туралы зерттеуші шынайы шындықты нақты дәлелдемелер бойынша ғылыми тілде ұлттық философиялық танымдық ой желісімен баяндап тұжырым жасаған. Осы тұжырым шипагерлік өнер халықтың тектік қасиетінің жалғастық мәдени мұрасы екенін айқындай түседі. Зерттеуде өзінің әліппесі жоқ, сауатсыз деп келген көшпенді қазақтың осыдан бес ғасырдан аса уақыттың өзінде, өзінің медициналық ғылыми негізін қалаған ғұлама шипагері болғанын баяндауда өте нақтылы дәлелдемелер келтірілген. Бұл халқымыздың әлемдегі білімді халық санатында болғанын айқындай түседі. Осы жетістік бұдан былай шипагерлік мәдениетін тереңдете зерттеуге және жаңалықтар ашуға негіз бола алады. Зерттеуші он жылдан аса уақыт осы тақырыпта зерттеулер мен күрделі монографиялық еңбектер жазып, өзі ұйымдастырып әрі басқарып бес рет халық медицинасының халықаралық конгрестерін өткізу арқылы көптеген шет елдердің ғалымдарымен пікірлесіп, қазақтың халықтық шипагерлік дәстүрін үгіттеуге, таныстыруға және бірлесіп зерттеу жүргізуге әрекет етуі де осы саланың үлкен жетістігі деуге болады. Мәселен, зерттеуші З.Қожалымов б.д.д. және ХV ғасырдағы ғалым шипагер Ө.Тілеуқабылұлы еңбегін және одан кейінгі еңбектерді зерттеп, халық шипагерлігі туралы 105 (жүз бес) баспа табақтан асатын бес монографиялық еңбек пен 100 (жүз)-ден аса ғылыми танымдық, діни-тәрбиелік, рухани-емдік мақалалардың және бес рет өткізілген халық медицинасының халықаралық конгрестері мен форумдарының ғылыми-тәжірибелік жинақтарының да жауапты авторы атануы, зерттеушінің бекітілген тақырыпқа үлкен дайындықпен, жеке өмірлік кәсіби тәжірибесімен келгендігін аңғартады. Бұл тақырыптың тартымдылығы баяндаулар мен сөз шеңбері желісінен толық байқалады. Зерттеудің тақырыптық реттілікті сақтауы ғылыми талдамалар ережесіне сай келеді. Зерттеуші халықтық шипагерлік мәдениетінің бастаулары мен емдік дәстүрлерінің тарихи жолдарына өзінің білімділігін айқындай отырып, жоғары жауапкершілікті сақтап зерттеулер жүргізген. Бұл тақырыптық зерттеудің өзара байланыстылығын айқындап береді. Кейбір кемшіліктеріне қарамастан зерттеу жұмысы ерекше құнды болып саналады. Қазақтың халықтық шипагерлік өнеріне алғаш рет мән беріліп, зерттеу жүргізуге назар беріле бастады, бұл ұлттық мәдениеттік ілімдерге тікелей қатысты. Зерттеу өте қажетті, осы заманғы ғылымның талабына сай орындалған, ғылыми талдаулар бойынша баяндалған тақырыптық құндылығымен сипат береді. Осы жағынан қарағанда, зерттеуші З.Қожалымовтың «Халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері» атты ғылыми монографиялық еңбегі ғылыми зерттеудің талаптарына сай орындалған және пайдалануға ұсынуға толық болады деп есептеймін. Философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Абирова Б. И.
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегіне пікір Ғасырлар бойы өзінің құндылығын жоғалтқан халық емшілігінің қайтадан гүлденіп жаңадан тарихын қалыптастыруда алғашқылардың бірегейі болып үлес қосқан, бүгінде мәдениеттанушы ғалым атанған Зядан Қожалымов десек артық болмайды. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында халық емшілігінің республикалық қауымдастығын құрған монографиялық еңбектің авторы қилы-қилы қиын жолдардан өткеніне өзім де куәмін. Автордың қайсарлығы мен ізденушілігі, білімге деген ынтызарлығы және халық емшілігінің құпия сырларына ғылыми талдау жасауы өз нәтижесін берген сияқты. Ғылыми зерттеу тақырыбында жазылған «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты аса құнды еңбекке пікір білдіруіме үш себеп болып отыр. Тілге тиек болып отырған еңбектің авторын 20 жылдан артық білемін. Өйткені, өткен ғасырдағы қызыл империяның «Қайта құру» – перестройка кезінен халқымыздың мәдени мұрасының негізгі болатын көне халық емшілігі денсаулық сақтау ман сауықтырудың маңыздылығы туралы жан дүниеміз Зекеңмен ұқсас болатын. XV ғасырдың туындысы, халқымыздың көне шипагер емшілерінің атасы Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ бабамыздың теңдесі жоқ ғылымнамалық «Шипагерлік баян» атты қасиетті аманат еңбегі 1996 жылы жарыққа шығысымен автор алғаш баспасөз беттерінде жеке мақалаларын жарияласа, бүгінде шипагер еңбегін ғылыми деңгейде зерттеп зерделеуі ерекше құңдылығымен қатар, халық емшілігі тарихындағы тұңғыш ғылыми монография екендігін мойындаймыз. Еңбектің жоғала бастаған дәстүрлі мәдени мұрамыз бен тарихымызды қалпына келтіруге ықпалы мол болатыны анық. Әсіресе, халқымыздың шипалы емшілігі жайында «Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміздің жануына» әсері айтарлықтай. Ел басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «...Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып, мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн болар – дегеніне жоғарыда айтылған ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ғылымнамалық «Шипагерлік баян» атты еңбегі де қосылады. Өтейбойдақтанушы іздемпаз ғалым Зядан Қожалымовтың жан-жақты зерттеуі бойынша бабамыздың еңбегі толығымен ғылыми айналымға енген. Және халқымыздың халықтық емшілігінің б.д.д. тарихы да қамтылып, ғылыми негізде зерттеліп зерделенген. Сондай-ақ, шетел және қазақ ғалымдарының баға беруімен шипагер ғалымның екінші – ибн Сина атануы республикамыздың мақтанышы. Елімізде тұңғыш жарыққа шыққан бүгінгі өмірге сай жазылған ғылыми монографияға пікір жазғандар: Фиолософия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының профессорлары Ж.Ж.Молдабеков пен Б.И.Абирова; Философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры А.Т.Құлсариева және философия ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ доценті Г.Ә.Сәрсенбекова барлығы бір ауыздан монографиялық еңбек ғылыми зерттеудің талаптарына сай, іргелі ғылыми еңбек деп қорытынды жасаған. Республикамызға танымал, көрнекті ғалымдардың жақсы пікірлеріне ризашылығымды білдіремін. Өтейбойдақтанушы ғалымның еңбегіне ғылыми дәрігерлік пікірімді жалғастырмақпын. XV ғасырдың тарихи тұлғасы шипагер-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының халқымыздың мәдени мұрасының бір саласы шипалы емшіліктің дамуына ықпал еткені Зекеңнің зерттеу еңбегінде айқындалған. Өтейбойдақ бабамыздың, яғни шипагер-ғалым еңбегіне монография авторы ғылыми зерттеу жұмыстарын жан-жақты, әрі биік дәрежеде орындауы ұлттық шипагерліктің өркендеуіне жол ашып, шындыққа ұласқандығын білдіреді. Зерттеуші ғалым Зядан Қожалымов: ««Шипагерлік баян» әлемдегі ғажайыптардың қатарынан орын алатын, қазақ халқының данқын арттыратын теңдесі жоқ философиялық ғылымнама, қазақ даналығының өлшеусіз биігіне жеткізеді» – дейді. Халқымыздың шипагерлік дәстүріндегі философиясын қалыптастыруы және оның саласы халық медицинасының дамуына арналған халықаралық конференцияны зерттеуші ғалым сәтті өткізген. Сондай-ақ, ұлт мәдениетінің дәстүрлі халықтың шипагерлік өнеріне жаңа бағыт этникалық философия танымды шешімінің негізі Зядан қажының ғылыми еңбегіне байланысты. Шипагерлік дәстүрі және философиясына арналған монография қазақ, орыс тілдерінде 2009 жылы «Шалкөде» баспасында, 14 баспа табақпен, 500 дана болып шыққан. Монографиялық еңбек: халықтық шипагерліктің мәдени бастаулары және емдік дәстүрлері (Шипагерлік дәстүрі және философиясы) екі үлкен тараудан тұрады. Бірінші тарауында – шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі үш бөлімнен және бірінші тараудың қортындысы жазылған. Екінші тарауда емдік мәдениеттің танымдық-тәрбиелік маңызы. Бұл тарау да үш бөлім және қорытындымен аяқталған. Зерттеу тақырыбы бойынша жарыққа шыққан 36 еңбектердің тізімі де жазылған. Сондай-ақ қосымшаларда: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының анықтамалық емдік және әдіс-тәсілдері бойынша бейнелік нұсқасының кестесі мен халықтық шипагерлігі анықтамалары жан-жақты баяндалады. Оқырман қауымға өте қажетті шипагерлік терминдік сөздерінің көне және қазіргі атаулы тізімі 451 сөздер жазылған. Шипагерлікке арналған сегіз тақырыпты дәріспен отыз сағаттық (лекция мен семинар) кестесінің үлгісі берілген. Соңында пайдаланылған 123 әдебиеттер тізімі көрсетілген. Халқымыздың даналығында: «тарихты елемей тұрып, қазіргінің қадіріне жету және болашақты болжау қиын» делінген. Бұл тұрғыда шипагер ғалым Өтейбойдақ бабамыздың қасиетті еңбегінің жазылғанына алты ғасырға жуық уақыт өтсе де маңызы бүгінде, келешекте де арта беретіні өмір талабы болмақ. Қасиетті еңбекке ғылыми дәрігерлік пікірімді аяқтай келе бір-екі ұсынысымды білдірмекпін. Біріншіден, жаңа әрі көпшілікке қажетті алғашқы монографиялық еңбек мыңдаған кітапханалар мен оқырмандарға 500 дана жетер ме екен?! Екіншіден, XV-ғасырда, ең алғашқы қазақ тілінде жазылған халқымыздың медицинасын, тарихын, мәдени мұраларын басқа да ғылыми салаларды қамтитын медициналық энциклопедиялық еңбекке көп салалы ғылымдардың ғалымдарының зерттеуі қажет-ақ. Әсіресе, шипагерлік халық медицинасының тарихы мен сипаты, түрлері, емдік әдістері денсаулықты түзетуі, емдеу мәдениеті т.б. жан-жақты зерттеп, ұрпағына халқына арнаған аманат еңбегін дүниежүзіне танытуда ауқымды үш тілде (қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде) жарыққа шығару өмір талабы демекпіз. Зерттеуші ғалым З.Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» монографиялық еңбегі өзінің тілінің жаттықтығы, түсініктілігі, ғылыми талдауларының ауқымының дәлдігі мен құндылығы жағынан халық емшілігінің тарихы мен мәдениетін ғылыми негізде философиялық таныммен жазылған тұңғыш еңбектің ғұмырлы болары анық. Медицина қызметінің үздігі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрсын Балғымбекұлы Бекен
Зерттеуші Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми еңбегіне пікір Зерттеуші Қожалымов Зядан қазақ халқының ерен байлықтарының бірі де бірегейі – халық емшілігінің ғылыми астарын қарастыруды қолға алған. Бұл үлкен шаруа. Бұған дейін де шетқақпай көріп келген тарихымыз бен мәдениетімізді қайта түлетіп, жоғалғанымызды тауып жатқан осы тұста, сан ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан емшілік өнері мәдениетінің жаңа заман тұрғысынан екшелеп қарап, өркениет күшіне қайта қосу біздерге парыз. Міне, Зядан мырза осы олқылықты дөп басқан. Бұл ұлтжанды азаматтың әрекеті. Өйткені, тарихи дерек құжаттардың кемшін болуымен қоса, жалпы халық емшілігіне деген көзқарастардың өзінің сан-алуан болуы, зерттеу жұмысын қаншама ауырлатары анық. Қазақ халқының өзіндік емшілік мәдениеті болғанын, өз дәуірінде халық қажетіне жарағанын зерделеп беру үлкен іс. Халық емшілігін зерделеуде Зекең Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіне арқа сүйеуі әбден-ақ орынды. Ұлтымыздың даңқын аспандатқан Өтейбойдақтай емшіні мұраларын тірілтіп, оны бүгінгі ғылыми айналымға жаңғыра отырып енуіне ықпал ету терең зерделеуді қажет етеді. Емшілік тақырыбына бұған дейін терең бойлап зерттеу әрекетін жасаған ғалымдар жоқтың қасы. Қожалымов Зяданның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты еңбегі ең алдымен ғылыми орта мен халық емшілері үшін үлкен қуаныш. Халық емі жөнінен ғылыми еңбек жазуды қолға алудың өзі-ақ ерлік. Тыңнан түрен салып халқымыздың емшілік мәдениетінің қазына байлығына тереңдеп үңілу Зекеннің қолынан келер іс деп пайымдаймын. Әрине, қашанда тыңнан түрен салу оңай бола қоймасы анық. Әрі бірқатар олқылықтардың да орын алуы заңды. Көш жүре түзеледі. Алла қаласа керуен жолға шықты. Осы беталыспен халқымыздың емшілік мәдениетін ғылыми деңгейге көтерер болсақ, сенімнің ақталғаны. Алғашқы қарлығаш қанат қақты. Сең бұзылды. Авторға тек іске сәт дейміз. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Құрбанқожа Сансызбай
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||