ғұмырнама 3 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІНЕ СЕНЕСІЗ БЕ? (теледидардағы сұхбат)
Бүгінгі талқыланатын тақырып «Халық емшілеріне сенесіз бе?» атты пікір-сайыс. Додаға түсетіндер «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті Зядан қажы Қожалымов мырза және психолог Жарас Сейітнұр мырза. Хабарымыздың алдияры белгілі саясаттанушы Дос Көшім мырза. Олай болса, доданы бастайық. Жарас мырза, бас ауырмай, балтыр сыздамай тұрмайды ғой, сондай жағдайда кімге қараласыз? Дәрігерге ме, әлде тәуіпке ме? Ж. Сейітнұр: – мен ондай жағдайда дәрігерге қараламын. Өйткені, мектепте өткен түсінік бойынша, мен ең бірінші ғылыми білімі бар, ғылыми дәрежесі айқын адамдарға қараламын. Жүргізуші: – Зядан қажы, сіз ше, тәуіпке қараласыз ба, әлде дәрігерге қараласыз ба? З. Қожалымов: – Әрине, қазіргі демократияның заманында әр адамның өзінің таңдауы болу керек. Сондықтан, мен ғылымды да құрметтеймін, ата-бабамыздың тектік қасиетін де құрметтеймін. Жүргізуші: – Өзіңіз емдейсіз бе, тәуіпсіз бе? З. Қожалымов: – Мен солай бастағанмын. Жүргізуші: – Мұндай қасиет сізге қашан дарыды? Қалай жұғысты болды, қалай емдейсіз? З. Қожалымов: – Бұл қасиет текті ата-бабаның ұрпақтарына жалғасады. Жүргізуші: – Өзіңіз немен емдейтініңізді айтпадыңыз ғой. Қалай емдейсіз? З. Қожалымов: – Мен емдеу тәсілдерінің қырыққа жуығын, анықтаудың қырықтан аса түрін білемін. Соның ішінде көбіне дін, энергетика, қимыл, ән-музыка жолдарымен, басқа да көптеген нәрселерді пайдаланамын. Жүргізуші: – Зядан қажы, мына сіздың қарсы алдыңызда тұрған Жарас мырзаның немесе менің қандай сырқатым бар, соны айтып бере аласыз ба? З. Қожалымов: – Мен бұл жерге диагноз қою үшін келгенім жоқ. Қысқасы, мен ғылыми жағынан жалпы танымдық өз ойымды айту үшін келдім. Жүргізуші: – Олай болатын болса, шынын айту керек бақсы, балгер, емші, тәуіп, құмалақшы, көріпкел дейтіндер осы соңғы кездері жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетті. Жарас мырза, сіз осындай халық емшілеріне сенесіз бе? Ж. Сейітнұр: – Осындай саңырауқұлақша қаптап кетті деп жатырсыздар. Осындай құбылыстың орын алуын мен заңдылық деп есептеймін. Өйткені, қоғамның даму кезеңдерінде, өтпелі кезеңдер туған кезде, жаңа бір әлеуметтік саяси-экономикалық реформалар жүрген кезде халық бейімделуге мәжбүр болады. Осы кезде әр адам әр түрлі бейімделеді. Бұл кез-келген адамның алдында үлкен әлеуметтік, психологиялық мәселелер туғызады. Осындай нарық заманы адамға басқа талап қойғандықтан, бұл жерде адам осы тығырықтан шығу үшін әр түрлі жолдар іздей бастайды. Ең бірінші жол, өзінен гөрі сыртқы факторға сенетін адамдар көбінесе тәуіп, балгерлерге барады деп есептеймін. Жүргізуші: – Қымбатты көрермендер, бүгін біздің студиямызда құмалақшы Жібек апамыз отыр. Біздің осы додада кім жеңіп, кім жеңілетінін білу үшін осы студияға арнайы шақырып отырмыз. Апа, енді құмалағыңызды аша беріңіз, бұл қашан дайын болады? Жібек апа: – Бес минуттан кейін. Олардың маған аттары керек. Жүргізуші: – Аттары Жарас Сейітнұр мырза және Зядан қажы мырза. Олай болатын болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз ауқымдырақ болу үшін, біздің тілшілеріміздің арнайы әзірлеген бейнекөрінісі бар еді, соған назар аударайық. Жүргізуші: – Зядан қажы, сюжеттен көрген «Ақ ана», «Ақ ұл» деген емшілерге сенесіз бе? З.Қожалымов: – Ал енді, осы емшілік саласын кейінгі зерттеу бойынша айтайын. Өзіміз бес топқа бөлып жүрміз. Бірінші топтағыларға Пархат ата деген өзін әлемнің жаратушысы деп жүр. Оның әрекеті бүгінгі күнде адамзатты емдеу үшін, күн сәулесі теориясын ойлап тапты дейді. Ол ғылымда бұрынғы бүкіл одақ көлемінде бар дүние. Оның бәрі сыртқа шығып бара жатыр. Дегенменен, бұл топты мен өз уақтысында олардың мына Өзбекстандағы кейбір діни экстремистік топтармен байланысы бары жөнінде айтқанмын. Екінші мәселе, ешқандай адамға да қатынасы жоқ, өздігінен кетіп бара жатқан ауылдың тобы. Үшінші топтар бүгінгі күнде бес-алты бірлестіктерімен және қауымдастықтармен тікелей байланыста, әрі қолдарында лицензиялары бар, «Ақ ана» мен Ермектің тобы. Ал, төртінші топқа кішкене топтар кіреді. Бесіншісі, өзімен-өзі жүргендер. Сондықтан, қазір ретке келтіру мәселесін мен биыл ғана емес, бұдан бірнеше жылдан бері барлық облыс әкімшілігінің бірінші бастығына дейін барлығына хат жазып, кіріп: «Мынау қазақ халқына трагедия, егер осылай кете беретін болсақ, мүмкін, біз екі-үш жылдан кейін облыстық емес, аудандық жүйке ауруханаларын ашатын шығармыз», – деп айттым. Жүргізуші: – Ауылдық ауруханалардың сіздердің қауымдастықтарыңызға қатысы жоқ па? З. Қожалымов: – Жоқ, ешқандай қатысы жоқ. Жүргізуші: – Сізге қатысы жоқ болғаннан кейін сынап тұрған жоқсыз ба? З.Қожалымов: – Мен сынап отырған жоқпын. Біз оны бақылаймыз. Менің қарамағымда бар ма, жоқ па, халық болғаннан кейін сіз де сұрайсыз, басқалары да хабарласып жатады. Сондықтан, біз оларды уақытында бақылап отырамыз. Ал енді жүрек аштыру дегенді, Алла тағаланың Құран аяттарында: «Адамдарды бір-бірінен шатастыру үшін, біреулерге шайтандар ысқырып айтқызады. Соған олар сенеді. Сенбеңдер, күнәһәр боласыңдар», – дейді. Сондықтан, олардың жүйке жүйесіндегі психология ауысу кезінде, адамдар сондай жағдайға душар болады да, соған алданады. Сол себепті, ауру адамдарды, жазылмай ауырғандарды, ауруы дәріге көнбегендерді немесе жоқшылықтың зардабын тартқандарды, жаңағылар байлаған мал сияқты айдап кете береді. Бұл алаяқтық. Жүргізуші: – Жарас мырза, жаңа өзіңіз бейнекөріністі көрдіңіз. «ақ ананың» тәуіптігіне, «ақ ұлдың» жүрек аштыруына сенесіз бе? Ж. Сейітнұр: – Жоқ, сенбеймін. З. Қожалымов: – Біз олардың бәрі бірдей бизнеске айналдырып алды деп айта алмаймыз. Жарастың айтқанына қосыламын. Менің қарамағымдағы емшілер бергеніне риза болады. Мен ешқандай шартты ақша белгілеткен емеспін, қоймаймын да. Жүргізуші: – Біздің студиямызда «ақ ананың» өзі де отыр. Зейникамал Қаржымбайқызы деген атқа ие. Сол кісінің пікірін білейік. З. Қаржымбайқызы: – Жаңа шартты ақша жөнінде айтып жатырсыздар ғой, мен тек ғана Алланың ризашылығы үшін ғана ем жасаған адаммын. Өзімнің жаным үшін ғана ем жасаймын. Мен сегіз жыл медицинада, жүректен кардиологиялық тіркеуде болдым. Құдайға тәубе, он жылдан бері намазымды оқып, осындай жолда жүргеннен бері талма ауруынан құтылдым. Жүргізуші: – Өзіңіз әулиелерге адам апармайсыз ба? З. Қаржымбайқызы: – Апарамын. Оның себебін айтайын. Кез-келген адамды әулиенің басына апара бермеймін. Ол мәселе жөнінде адам баласына түсініксіздеу, өзіме аян, өзіме түсінікті. Сондай өзіме көрінген адамды ғана апарамын. Аты-жөні жоқ, барлығын бірдей апара бермеймін. Жүргізуші: – Біздің студиямызда сондай-ақ, дін адамдары да отыр. Бас мүфтидың орынбасары, найб мүфтиі Әбдімүтәліп мырзаға сөз береміз. Ә.Дәуренбек: – Менің «ақ ана» апамызға сұрағым бар еді. Сіз осы аян берген адамдарды ғана апарамын деп айтып жатырсыз ғой. Сол аяндар сізге жын немесе басқа бір адасушылық жолына апарады деп ойламайсыз ба? З. Қаржымбайқызы: Алланың Құранда берген аяттары бойынша бұларға өз пікірім теріс. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Ғайыпты тек ғана Алла тағала ғана біледі» деп. Яғни, көзге таса нәрселерді дініміз де, шариғатымыз да мұны тек ғана Алла тағала ғана біледі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына бір кісі келіп, артына бір нәрсені артына жасырып қойып «менің қолымда не бар?» деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сенің қолыңда не бар екенін, жалпы, ғайыпты білетін бір ғана Алла. Мен жай ғана Алланың жіберген пайғамбарымын» деп айтқан. Жүргізуші: – «Ақ ананың» өзі намазымды қаза қылмаймын деп отыр ғой. Ә. Дәуренбек: – Енді, намаз оқыпты екен дегенмен, бар мәселе шешіліп қоймайды. Алланың шапағаты сүйген пендесіне қай жерде болса да жауады. Үйінде болсын, мешітте болсын... Жүргізуші: – Енді, «Халық емшілеріне сенесіз бе?» деген бір сауалмен студия қонақтарының пікірін білейік. Студия қонағы Ж. Сәрсенбай: – Қазақстанда 6000 емші болатын болса, соның бес пайызы ғана жаңағы сюжеттегі көрсеткішті көрсетеді. Ал қалғандары академиктер, ғалымдар, неше түрлі жоғары білімі бар емшілер бар. Сол кісілердің ілімдерін, сол кісілердің еңбектерін, сол кісілердің жан-жануар майларымен және де қазіргі тибеттік медицинамен, басқа да қазіргі ғылымдық, танымдық жағынан емдейтін істерін жоққа шығаруға болмайды ғой. М. Тоқашбаев: – Жалпы, адамның ауруы екіге бөлінеді: тән сырқаты, жан сырқаты. Ал емшілікке келетін болсақ, оның да екі түрлі жолы болады: хизбу Аллаһ жолы, хизбу шайтан жолы. Хизбу Алла жолы – бұл шын мәнінде Аллаға берілген адамдардың тазалық жолы. Ал, хизбу шайтан жолы – түрлі көріпкелдік, балгерлік, бақсылық, бал ашушылық, неше түрлі экстросеанстік, бұлардың барлығы түптің түбінде нан табуға негізделген, қазіргі кездегі, өтпелі замандағы алаяқтықтың әр түрлі формалары. Бүгінгі біз көрген бейнекөріністерден де, онан бұрынғы жағдайларды да еске алсақ, сонау «кашпировскиидің синдромы» Қазақстанда әлі күнге дейін қалқып жүр. «Сары әулие», «ақ ана», «қоңыр әулие» сияқты неше түрлі көріпкелдер, емшілердің бәріне еш сенуге болмайды. Жүргізуші: – Зейникамал Қаржымбайқызы, сіз өзіңіз онкологиялық ауруларды емдей аласыз ба? З. Қаржымбайқызы: – Мен жаңа айттым ғой, қолымнан келсе келеді, келмесе ауруханаға жіберемін. Студия қонағы: – Енді олардың емдеуіне мен қарсы емеспін. Мен медицинада қазір қырық үш жыл жұмыс істеп келемін. Балалар онкология ауруларын емдеу ісінде жұмыс істегеніме отыз сегіз жыл болыпты. Сіздердің халыққа қызмет iстегендеріңізге қарсы емеспін. Бірақ, қарсы болатын жерім біреу, қолдарыңнан келмейді екен, алмаңдар десе неге мойындамайсыңдар. Мысал келтірейін, бізде бір бала жатты, осы Шелектен, сүйектің қатерлы ісігі деген диагнозбен, біз рентгенменен диагнозын қойып, емдеп, енді «адамның барлығы бір құдайдың пендесі» дейді ғой. Сол біреудің үгітіне түсті ме, күдік түсті ме, бізден кетіп, емшіге барды. Міне, осы жерде айтайын деп отырғаным, қолынан келмейтін затты алып, бізге қайтарып берді, аяғы үлкен болып ісіп кетті, өкпесіне тағы да ұшқындар түскен. Сондағы менің қарсылығым, қолдан келмейтін іске балта шаппау керек. Студия қонағы: – Бағанадан бері «анау жақсы емдейді ме, мынау жақсы емдейді ме?» деп таласып отырмыз. Ауруға таласудың керегі жоқ. Себебі, ауру өкінішке орай, дәрігерге де, емшіге де жетеді. Алаяқтар дәрігерлердің ішінде де жетеді. Мысалы, ем жасаймын деп, ақша алып өлтіретін дәрігерлер де бар. Ондайды неге айтпайсыздар, мен де дәрігермін, соны білген соң айтып отырмын. Жүргізуші: – Сонда сіз кімге сенесіз? Емшілерге ме, дәрігерлерге ме? Студия қонағы: – Емшілердің жазатын аурулары бар, дәрігерлердің жазатын аурулары бар. Дәрігерлердің жазатын ауруларын емшілер жаза алмайды, емшілердің жазатын ауруларын дәрігерлер жаза алмайды. М.Тоқашбаев: – Бұл жерде «ақ ананың» кеші болып жатқан жоқ, және оған жарнама жасаудың да қажеті жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «адамның оқыған намазыменен, Меккеге барып қажылық өтегендігі оның мұсылмандығының өлшеуіші емес. Адамды оған қарап бағалауға болмайды. Адамды алыс-берісіне қарап бағалау керек» деген. Сондықтан, кім болса да, қандай емші болса да, мен қажымын деп көкірек қағудың орны жоқ. Оның жүз рет барса да қажылығы қабыл болды ма, болмады ма оны бір Алла біледі. Жүргізуші: – Хабарымыздың басында айтып кеттік қой, біздің студиямызда құмалақшы Жібек апамыз отыр. Біз қос пікір-сайысшының қайсысы бүгінгі доданың жеңімпазы болады деп сұрағанбыз. Енді, қайсысы құмалағыңызға түсіп тұр? Бүгінгі додада Жарас Сейітнұр мырза ма, әлде, Зядан қажы жеңімпаз болады ма? Жібек апа: – Бұл жерде емшілер жағы да, медицина жағы да тең түсіп тұр. құмалақ екеуі бірдей дейді. Алла тағаланың күші бәріне де келеді. Екеуі тең түсіп тұр. Жүргізуші: – Құмалақшы апамыз екі жақ та тең түсіп тұр дейді. Дегенмен де, біздің жүргізушінің хабарымыздың дауыс беруі тікелей эфирде жүріп жатқандығын білесіздер. Ал енді, біздің хабарымыздың алдияры сөзге араласады. Дос көшім мырза, сөз сізде. Д. Көшім: – Әңгіме дінге келіп тірелген уақыттарда, менің ойымша, дінге сенбейтін миллиондаған азаматтар емшіге келіп емделеді. Сондықтан, бұл жерде тек ғана дін мен емшінің арасын саралап ғана қоймай, одан гөрі тереңірек келген дұрыс сияқты. Содан кейін, айтайын деп отырғаным, менің жолдасым да «ақ жолға» барып, «аққу» болды. Адамның басына іс түскеннен кейін барып, жаны ауырған уақыттарда ол кез-келген жерден ажалдан құтылудың жолын іздейді. Содан кейін, алғаш рет солардың емделген адамдардан ақша алатынын сезген уақыттарда, оны қойып, бес уақыт намаз оқыды. Мен оқымайтын намазды ол оқиды. Сондағы айтайын дегенім, мұндағы ең негізгі мәселе, әр адамның жеке сенімінде шығар. Сенім арқылы емдейді деген бар. Мен бір мысал айта кетейін, бір үлкен шетелдің ауруханасында мынадай бір тәжірибе жасалыпты. Қатерлы ісіктің ең соңғы стадиясы жақындаған аурумен жүз адам ауырып жатқан екен. Солардың арасына екі айдың iшінде санитарлар арқылы, басқалар арқылы бір кішкентай ғана «Үндістаннан бір тамаша дәрі келеді екен» деген сөзді таратып жіберіпті. Содан, екі айдан кейін барып, бір дәрігер келіп «мен бір кішкентай ғана дәріні жаңадан алып келдім, соны сіздерге берейін» дегенде, аналардың әбден дайындалып тұрғаны, бір-біріне жымиып қарап қояды дейді. «А, ақыры келді» деп. Сөйтіп, жай ғана суға қосылған борды беріпті. Екі айдың ішінде жаңағы аурулардың сексен пайызы жазылып кетіпті. Өйткені, екі ай бойы жаңағы дәріні күтіп, соған сенген. Мүмкін, емшілердің бір жағы сенімде шығар. Ал, сенген адамды жазып шықса, ол құдай алдында күнә емес сияқты. Жүргізуші: – Зядан қажы, «әр молда білгенін оқиды, әр бақсы өзінше сарнайды» деген сөз бар ғой. Дегенмен, осы емшілердің ортақ емі, емдейтін бір айлалары бар ма? З. Қожалымов: – Әрине, ол иландыру әдістері ғой. Дос дұрыс айтып отыр. Уақытында француздің бір дәрігері бәріне диагноз қойып емдегенде біреуіне қонған, екіншісіне зорға барып, үшіншісіне қонбаған. Содан адамға иландыру әдісін ойлап тапқан. Мұның негізін алатын болсақ, ол емшілік психологиясы. Емшілік психологиясы қазір дамып келе жатыр. Себебі, ғылымда қырықтан астам психологияның түрлері бар, ол жерде емшілік психология деген жазылмаған. Қазір біз өзіміздің емшілік психологиямызды негізге келтіре отырып, iшімізден тәжірибе жасап жатқан жағдайымыз бар. Оның жеке-жеке салалары бар. Жүргізуші: – Өзіңіз емшісіз ғой, қандай ауруларды емдейсіз? З. Қожалымов: – Мен уақытында емдегенмін, қазір емдемеймін. Менің жұмысым көп болғандықтан, уақытым жоқ, сол үшін емдемеймін. Бірақ, кейде сәті келіп қалады. Амалсыз, уақыт болса ғана таныстарды емдеймін. Ал мен жаңағы елдер сияқты қырық күн емдеймін, бес күн емдеймін демеймін, менің бір сеанстарымнан жазылып кететіндер де бар. Жүргізуші: – Өзіңіздің емдеулеріңізбен халыққа ешқандай зияным тиеді деп есептемейсіз бе? З. Қожалымов: – Бұрында қара кемпір айтыпты ғой: «...адырам қалғыр, барың менен шыққансың!» деп. Сол сияқты топтық (сары, қара, ақ, көк тақиялы т.б.) әулиеміз дегеннің бәрі бізден шыққан. Бірақ, біз оларға әулиемін деп елді алда дегеніміз жоқ. Оған кім кінәлі? Осы теледидарда діни басқарманың бөлім меңгерушісі отыр, айтыңызшы, қазір Қазақстанда бес мыңнан астам секталар тіркеліп отыр. Оларға кім жағдай жасап отыр? Мемлекет атынан жағдай жасап отыр. Сондықтан да, біз жаңағы мәселені көтеріп, емшілерді бір орынға топтастыруымыз керек. Қазір Қазақстандағы емшілердің барлық саны белгісіз. Мен сізге айтайын, бізде көп болса, жеті-сегіз жүзі тіркеуде болса, анау орталықта он бес мыңдайы бар. Соның барлығын бір жүйеге келтіру мәселесі жөнінде біз еңбек департаментімен келіскенбіз. Оның бәрін біздің жиырма алты филиалымыз бар, сонда емшілерді қабылдайды. Қалалық, облыстық, ауданаралық, сонда жергілікті жерде заңды тіркеледі. Жүргізуші: – Кешіріңіз, бұл тіркеп алып, осылардан бір ақша жинаудың әдісі емес пе? З.Қожалымов: – Жоқ, ондай емес, бұл жерде демократиялық жолмен шамасы келгенше төлейді, ешкімді зорламаймыз. Жүргізуші: – Хабарымыздың алдияры да айтып өтті, студия қонақтары да айтып өтті. Осы ауру адамдардың емделуі көп жағдайда өзінің дайындалуына байланысты дейді. Біздің психолог осы жөнінде не айтады екен. Ж. Сейітнұр: – Психологиялық наным-сенімінде адамның iшкі дүниесі деген өте үлкен ұғым бар. Жазыламын деп тұрған адам, оптимистік тұрғыдан қарайтын адамдар міндетті түрде жеңіске жетеді екен. Осы жерде бір нәрсені айтып кетейін деп едім, ең бірінші дәрігер бола ма, емші бола ма, психолог болмасын, ең бірінші адамға зиянын тигізбеу керек. Ал енді, сенім туралы бұл өте маңызды. Бір мысал келтірейін, дәрігер мамандарын даярлаған кезде бір ауруды оқыған сайын, сол аурудың белгісін өзіңнен таба бастайсың. Сол сияқты, адам өзінде жоқ нәрсені табуы да мүмкін. Мына жерде алдиярымыз өте тамаша мысал келтіріп кетті. Шынында да адамның өзіне деген сенімі өте маңызды орын алады. Егер сенім адамды емдеп жататын болса, ол жақсы нәрсе. Жүргізуші: – Жаңа Зядан қажы айтып өтті, әңгіменің бәрі ақшаға келіп тіреліп жатыр. Тәуіптің барлығы бизнес жасап жүрген жоқ па? Мұның барлығы ақшаға келіп тірелмейді ме? Ж. Сейітнұр: – Сөз жоқ, ондай құбылыстар жоқ деп мен айта алмаймын. Ондай құбылыстар бар. Қазір мына нарық заманы келгелі бері, тіпті мұндай түрлі нәрселер қаптап кетті. Екі-үш айлық курсты бітіреді де адам емдейді. Мен бір нәрсеге әлі таң қаламын, біреу бүкіл, күнін кітапханада өткізіп, 4-5 жыл арнайы білім алып оқиды, ал біреу бір-екі ай ғана курстан өтеді де адам емдей береді. Сонда оған кім беріпті ондай құқықты? Мен соны ұқпаймын. Жүргізуші: – Сіз, емші-психолог болдыңыз ғой, Жарас мырзадан емшілік шығады ма? З.Қожалымов: – Сөз терапиясы деген бар. Кейбір адамның сөзінен оң энергия бөлініп шығады. Осыны растаған болатын Рәтбек қажы. Барлық адамның дұғасы қабыл болмайды, ниетіне қарай. Сондықтан да, Жарастың сөз терапиясы, психологиялық терапиясы арқылы адамның жаны мен тәнінің терапиясын меңгеру керек. Жүргізуші: – Олай болатын болса, Жарас мырза, өзіңіз де хабарымыздың басында айтып өттіңіз ғой, қазіргі емшілердің барлығы бұл кәсіпті бизнеске айналдырып алды деп. Сіз неге олай жасай алмайсыз? Ж. Сейітнұр: – Жалпы, емші мен психологтың арасында үлкен бір айырмашылық бар. Емші – адамға көмек береді, оның мәселесін шешуді өз мойнына алады. Ал біз, психологтар – адамның өз мәселесін, өзіне шешкіземіз. Оған түрлі балама жолдарды көрсетеміз. Бірақ, соңғы шешімді сол адамның өзі қабылдауы керек. Жүргізуші: – Олай болса, енді тағы да студия қонақтарына сөз берейік. Студия қонағы: – Жарас мырзаға сұрақ. Сіз, әсіресе, шетелдік медицинаны жақсы біледі екенсіз, қазақтың халық еміне, Аллаға сенемін дейсіз, өзіңіз мұсылмансыз ба, намазға жығыласыз ба? Ж. Сейітнұр: – Мен мұсылманмын. Қазақстанда жалпы халықтың жетпіс пайызы мұсылман болып саналады. Оның ішінде кәміл мұсылман, намазға жығылатындар көп пайыз алады деп ойламаймын. Бірақ, жүрегіміз, ниетіміз таза, ең бастысы сол деп ойлаймын. Студия қонағы: – Емшінің де емшісі бар ғой, сондықтан, намазға жығылып жатқан адамдардың көбісі солардан келіп жатыр. Бір адамды намазға жыққанның сауабы өте көп. Сондықтан, бәріміз, емші болайық, имам болайық, осы қазағымыздың болашағы мықты болсын, иманды болайық дегім келеді. Студия қонағы: – Ал, меніңше қазір дәрігерлер сондай керемет 6-7 жыл оқып, табақтай дипломмен шыққанмен сол адамның көңіліне, жанына қонатын сөздерді айта бермейді. Ол тек ғана анализды алады да, диагнозды қояды. Енді мына жолмен емделесің дейді де адамды жібереді. Тіпті, кейде ауруханада жатқан адамдар 24 сағат бойына дәрігерді көрмеуі де мүмкін. Ертеңгі тексеруде бірақ көреді. Ал сол екі ортада ол аурумен арпалысып жатады. Солай емес пе? Ал емшілер болса олай жасамайды. Жүргізуші: – Жақсы, рахмет! Әбдімүтәліп мырза, Құранға қол қойғызып емдеуге қалай қарайсыз? Ә.Дәуренбек: – Жалпы, Құранға қол қою немесе Құранмен ант ішу дұрыс емес. Құранда «біз Құранды тура жолға бастаушы және шипа етіп түсірдік» деген аят бар. Егер Құранменен дем салатын болсаң, оған рұқсат. Ал енді Құраннан басқа нәрселерменен, өзіндік бір түсініксіз сөздерменен емдейтін болса, онда дұрыс емес. Студия қонағы: – Бұл ем жүргізу мәселесінде, имамымыз айтып кеткендей, діни шариғатқа, сүннетке лайықты ем жасайтын адамдардың қасиеттерін жоққа шығаруға болмайды. Жүргізуші: – Бір кездері елімізде «сары әулие» деген емші шықты ғой, оның атағы Қазақстанға әйгілі болды, сіз соған сенесіз бе? Студия қонағы: – «Сары әулиені» өзім көрдім, ол кісімен кездестім. Ол кісінің қасиетіне сенбеймін, мойынсұнбаймын деп айта аламын. Себебі, ол кісілер әрбірден соң өзінің бойындағы қадыр-қасиетін Құдай тағала тарапынан деп түсінбейді, барлық қасиет менің өзімнен ғана деп түсінеді. Студия қонағы: – Мен өзім иглотерапевтпін, инемен емдеймін. Ал, жаңағы дұғалармен емдеуге келетін болсақ, оған қарсы емеспіз. Маған қанша адам келсе де, менің өзімнің емдеу тәсілім, бірінші диагноздың қалай қойылғанын, қашаннан бері ауыратынын, бұрында қандай аурулар болғанын анықтап аламын да, содан кейін емдеу сатысын жүргіземін. Студия қонағы: – Дәрігер болсын, емші болсын, басқа болсын, бәрінің де пайдасы Алла қаласа ғана болады. Алла қаламаса, ешқандай да пайдасы болмайды. Сол себепті, менің ойымша емшілердің ең үлкен, мейлі, ол намаз оқы дейді, мешітке бар дейді. Бірақ, ең үлкен зияны мына адамның жүрегінде Аллаға қосып адамды теңеп қояды. Бұл нәтижесінде тозаққа апаратын нәрсе. Жүргізуші: – Ал енді екі пікір сайысшы, мына халық емшілері деп жүрміз ғой: "Бақсы, балгер, құмалақшы, соларға сену керек пе?" деген сөзбен бүгінгі хабарымызда тоқ етер сөздеріңізді айтсаңыздар. З.Қожалымов: – Менің айтатыным, тағы да қайталап айтамын, Алла тағаланың адамзатқа берген аяндары мен құдіретті тылсым күштеріге сенуіміз керек. Ол бір Алланың құдіретімен болады. Мұны бірақ, зерттеуіміз керек. Барлық емшілерге бірдей баға беруге болмайды. Ол біртіндеп реттелетін, дүние. Мұнымен ары қарай қоғам болып, халық болып осы жолда жұмыс істеуіміз керек. Ж. Сейітнұр: – Менің айтатыным, ең бірінші адам өзіне сену керек. Өйткені, адамның екі типі болады: экстреналды, интерналды. Экстренальді деген бүкіл мәселелерді өзгелерден іздейді. Сәтсіздік болса да біреулер кінәлі. Интерналды адамдар жауапкершілікті көбінесе өз мойнына алады. Мен жеткілікті күш жұмсамадым деп есептейді. Сенім ғана адамды алдыға жетелейді. Жүргізуші: – Хабарымыздың алдяры Дос көшім мырза сөзімізге араласады. Д.Көшім: – «Біз бұл жерде емшілерді даттайық деп немесе даттамайық деп отырған жоқпыз» деп айтып кетті. Менің ойымша, өте жақсы айтылған сөз. біз ол үшін жиналған жоқпыз. Біз бұған сенеміз бе, сенбейміз бе деген мәселенің төңірегінде әңгімелесіп отырмыз. Менің таң қалып отырғаным, жаңағы сенім туралы Жарастың сөзінен бір нәрсе туындаған сяқты. Сенімді кейбір емшілер емдікке қолданады, ал кейбір емшілер пайдаланатын сияқты. Соны пайдаланатындар көп пе деп қорқамын. Сонымен қоса, жаңа діннің қатысы бар деп отырғанымыз, сол дінді де пайдаланады. Діннің нақты өзін емес, діннің рәміздерін пайдаланады. Құранға қолын қойып, тағы басқа әулиелерге апарады деген сияқты, мұсылманға жат болса да, оларды пайдаланады. Демек, бұның пайдалану мақсаты көбірек сияқты. Үшіншіден, ақша жөнінде де айтайық, себебі, ол да мәселе. Қысқасы, осы мәселенің негізі надандықта сияқты. Біз әлі күнге дейін не дінді жақсы біле қоймаймыз, не болмаса медицинаны да жақсы бағалай қоймаймыз, кейде емшілерге де көзді жұмып қойып кетеміз. Менің ойымша, сол надандықтан тазара бастаған уақыттарда ғана біз тағы да бір қадам алдыға басатын сяқтымыз. Жүргізуші: – Құрметті көрермендер, меніңше бақсы, балгерлерге сену-сенбеу туралы біздың студиямызда әр түрлі пікірлер айтылды. Әрине, оған сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Қазақта «тәуіптың жақсысы – ауруыңа ауру жамамағаны» деген сөз бар ғой. Сондықтан да, бірінші байлық – денсаулық. бақсыға да, басқаға да күніміз түспесін. Сау болыңыздар! 31 Канал телеарнасы 17.05.2007 ж.
ӨТЕЙБОЙДАҚ – ЕКІНШІ Ибн СИНА – Зядан аға, халық емшілері қауымдастығын құрып, талай жылдан бері осы жолдан айнымай, жүгін бір кісідей көтеріп келе жатқаныңызды жақсы білеміз. Оқырманға түсінікті болсын, мақсат-міндеттеріңізге тоқтала кетсеңіз. – «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі 1991 жылы 22 желтоқсанда еліміздегі халық емшілері мен басқа саланың өкілдерінің қатысуымен құрылған болатын. Міне, 18 жыл болды. Негізгі мақсаты мен міндеттері – ерікті түрде дарынды адамдар мен халық емшілерінің басын біріктіріп, осы саладағы рухани сауықтыру қызметін дамыту. Өйткені, бізде халық емшілеріне тәлім-тәрбие берілуі керек еді, ол жағы ақсап жатты. Сондықтан осы іске бел шешіп кірістім. Көп нәтижеге жетіп отырмыз. Оның айғағы – алты рет халықаралық конгресс өткіздік. Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, білесіз, конгреске аты айтып тұрғандай, алыс та жақын да шет елден мүйізі қарағайдай ғалымдар келеді. – Бізде бұл сала ешқашан ғылыми негізделмегенін айтып отырсыз. Сөйте тұра атақты ғалымдарды шақырып, конгресс өткізуге жүрексінбедіңіз бе? – 2004 жылы «Халық медицинасының өткені, бүгіні және болашағы» атты алғашқы басқосуымызда ұлы халықтың ғалым зерттеушілері: «Тарихы жазылмаған қазақтың қандай халықтық медицинасының тарихы болмақ?» - деп күлді де. Мен: «Сіздердің ата-бабаларыңыз ғылыммен шұғылданбай тұрғанда, біздің ата-бабамыз ғылыми медицинаның негізін қалап қойған. Сенбесеңіздер, міне!» – деп, қасиетті бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының XV ғасырда жазған «Шипагерлік баянын» алдарына қойып, дәлелдеген кезімде, ресейлік, шетелдік ғалымдар қолымызды алып, рахметін айтты. Шипагер еңбегін он жылдан аса зерттеу өз нәтижесін берді. Бұған айғақ жуырда Тараз қаласында 475-тен аса ғалымдар мен емшілер қатысқан «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты VI-халықаралық конгресі болып өтті. Франция, Қытай, Ресей т.б. шет ел ғалымдарының ой-пікірлері Өтейбойдақтың қатардағы ғалым емес, XI ғасырдағы Орта Азияның ғұлама дәрігері Әбу Әли Ибн Сина іліміне ұқсастығы мен сабақтастығы бар, яғни «екінші ибн Сина» екенін толық қуаттай түсті. Шипагер жар сүйіп, сәбилі болмады, оның арманы шипагерліктің биік шыңына жету болды. Шындығында да, еліміздегі «Мәдени мұраны» қалпына келтіру бағдарламасының негізінде Жетісу өлкесінің Шалкөдесінің Айғайтасында дүниеге келген жаһангер, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының осыдан V ғасыр бұрын жазып қалдырған «Шипагерлік баян» еңбегінің әлемдік дәрежеде бағаланып, оның ел ғылымының мақтанышына айналуы ғұлама арманының орындалуы еді. «Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ», – деген ғұламаның арманы іске асты. Жарты ғасырдан кейін өз еліне оралған, Қытай елінің мемлекеттік сыйлығын алған (1967 ж.) ғұламаның «Шипагерлік баяны» желісі бойынша Тараздағы Жастар сарайында Жамбыл облыстық драма театрының актерлері отыз минуттан асатын сахналық қойылым көрсетті. Мақтанғаным емес, қатысушыларды терең толғандырған қойылымның сценарийін жазған өзім, ал сахнаға дайындаған режиссер – Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Гүлшат Нүсіпжанқызы. Осы айтулы шарада жаһангер еңбегіне арналған ғылыми-зерттеу кітабымның тұсауы кесілді. О дүниеліктер аманатын тірілер осылай орындадық. – Сүйінші хабарыңызды естіп қуанып отырмыз. Халықтық шипагерлікті әлі күнге дейін тарихы жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге түсірілмеген ұлттық мәдениетіміздің дәстүрлік өнерінің біріне жатқызып жатқанымыз ілкімде ғана. Соған қарағанда ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын екінші ибн Сина ретінде әлемге мойындату оңай болмаған шығар? – Рас айтасыз. Ертеден бері адамзаттың алғашқы мәдениетінің қалыптасуында зор ұйымдық рөл атқарған мәдени орта, денсаулық ошағы, тәрбие мекені болған халық емшілерінің шипалық орны ғылыми жағынан бүгінде неге ескерусіз қалды? Шет елдердің халықтық шипагерлігі өз ғылымынан өз орнын таба бастаса, ал қазақ еліне әлі сенімсіздікпен қарайтын ғалымсымақтар азаяр емес. Көлденең кері күштер қаншалықты қысым жасағанымен, атадан ұрпаққа жалғасқан тектік қасиетті шипагердің бойынан хан да, қара да тыя алмайды. Ол өмірдің тарихи кезеңдерінің шындығы. Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа ғұлама ғалымдар қатарында Ө. Тілеуқабылұлының (1388-1485 жж.) да есімі енді. Ұлы шипагердің еңбегі қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясы мен психологиясының бүгінде бір құрамдас бөлігіне енді. Ондағы неше алуан сырқаттарды емдеп-жазудың әдіс-амалдары осы күнгі ғылыми медицинаның анықтамаларымен сабақтас, ұқсас және тұжырымдас екені анықталып, оң бағасын алуда. Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануарлар мүшелері және 60-тан астам металл-металлоидтар қоспасынан (бұдан да көп болуы мүмкін) жасаған. «Суға кетіп өлді» дегендерді, аязда үсігендер мен күйікке ұшырағандарды «Тұншықтырма», «Малма» деген емдік әдістеріменен алып қалды. Шипагер өз қызметінде халқымыздың: «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген сөзін әрқашан өзінің шипагерлік ілімінде басшылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқпалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық, сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа стилін ұсынды. Тіршіліктің материалдық-диалектикалық заңына, шешекке вакцина егудің емдік тәсіліне, ми мен қан айналымы қызметіне, суық су мен аязда емдеу әдіс-тәсілдерін ғылымда Ф.Энгельс, Э.Женнер, Де Винчи және П.Иванов ашқан деген ғылыми жаңалықтарды қазақ шипагері олардан III-V ғасыр бұрын іске асырған-ды. Алайда, халық емінің өрлеу кезеңдері жазба деректердің жоқтығынан әлі зерттеліп біткен жоқ. Ал халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де, болашағы да болмас еді. – Олай болса, осы күні емшілік атаулы неге әлі күнге дәстүрлі емес? – Өйткені біздің жүйеде бақсы да, емші, балгер, т.б. емші болып жүр. Емші – үлкен атақ. Емші болу үшін арнайы ғылыми еңбектер жазып, дәрілік шөптермен емдеп, қазіргі заманғы медицинаның талаптарына сай жұмыс істей білу керек. Өтейбойдақ бабамыз өз заманында: «Емші деген ешкінің мүйізін көріп, денесін көрмегенмен бірдей», – деген сипаттама беріп, шипагерлерді емі дарымды және болжамалы деп екіге бөлген. Іштей тағы жиырмадан аса түріне жіктеген. Әрқайсысын жеке-жеке талдаған еңбегімді ғалымдар жоғары бағалап отыр. Кішігірім мақалалар, қолжазбалар болғанымен, бұл салада менен басқа арнайы ғылыми еңбек жазып жүрген ешкім жоқ. Бірақ, менің еңбегім аздық етеді. Өйткені, бұл тек біздің бағыт емес, заман талабы десем, артық айтқаным емес. Өйткені тәуелсіз елдің азаматы да тәуелсіз болуы керек. Бұрын халықаралық қауымдастық, Академия атаулы тек Ресейде болды. Кешегі күнге дейін сол жаққа жалтақтадық. Орта Азия бойынша мен құрған жалғыз ұйымды 1992 жылы жабуға тырысып бақты. Қалай Мәскеуден бата алып, академия құрдық, содан бері ешкімге тәуелді емеспіз. Үкіметтен бір тиын алмай, 18 жыл бойы өз-өзімізді дәлелдеумен келеміз. «Қазақстан-ZAMAN» газеті, №13 тамыз 2009
ЦЕЛИТЕЛЬ – ЦЕЛИТЕЛЮ РОЗНЬ Многие представляют себе народного целителя эдаким сельским самородком без образования. Однако современные целители не так просты. Они посещают курсы повышения квалификации, проводят международные конгрессы, объединяются в ассоциации. Анастасия Цирулик В конце июля в Таразе прошел VI Международный конгресс «Казахский ученый-целитель Отейбойдак Тлеукабылулы». Перед конгрессом стояли различные задачи от методов исцеления О. Тлеукабылулы до космоэнергетики. Так же вручались сертификаты, дипломы, проводились мастер классы и многое другое. Организатором выступила Ассоциация народных целителей Казахстана, которая существует с 1991 года. И как рассказал президент этой организации Кожалымов Зядан кажи: – С тех пор в уставе не изменилось ни одной буквы. По рекомендации Минздрава нас закрывали три раза, это было законное решение. Но мы прошли этот путь и о нас уже четыре года знает весь мир. Членами Ассоциации могут быть народные целители и специалисты, профессионально работающие в области традиционной медицинской деятельности, достигшие 18-летнего возраста, независимо от национальной и расовой принадлежности, вероисповедания и гражданства, имеющие образование в области традиционной народной медицины и/или медицинское образование и соблюдающие правила профессиональной этики. Раз в год мы проводим международные конгрессы, объединяем ученых-целителей из разных стран. Все это проводится для обмена опытом и повышения уровня образованности. К тому же, если проводить такие мероприятия, то наши целители будут знать друг друга в лицо. – Сколько членов вашей Ассоциации занимаются целительством? – Из членов нашей Ассоциации примерно 20-25% занимаются лечением. Остальные в зависимости от здоровья, знаний, в том числе духовных знаний, квалификации занимаются другими видами деятельности. У нас сейчас количество целителей идет на сокращение. Мы переходим на качественную деятельность, раньше стремились к количеству. Можно сказать, что к этому толкал нас Минюст, потому что были требования, что бы Ассоциация объединяла не менее 3 тыс. членов, потом не меньше 10 человек. У нас было 30 филиалов, 9 мы сократили, из-за безграмотности некоторых руководителей. Сколько всего целителей в стране сейчас никто не знает. Часто встречаются псевдолекари, которые, в большинстве своем, ничего не делают, но хвастают своими достижениями. – Существуют ли в Казахстане научные работы по целительству? – Сейчас в нашей стране стало появляться больше ученых, которые интересуются этим вопросом. Кто-то говорит, что целительство это на 65% правда, кто-то, что на 70, а кто-то утверждает, что это шарлатанство. Последний вариант в корне неверен. Все болезни от бога! Это таинство изучается во всем мире. Мы должны создать науку - народная медицина Казахстана. Откройте медицинские учебники, вы сможете прочитать в них о туркменской, азербайджанской и т.д. народной медицине, а о казахской ничего нет. Я надеюсь, что вышедшая недавно моя книга «Целительские традиции и философия» частично исправит эту ситуацию. – Какие методы чаще всего используют целители в своей практике? – Метод номер один у нас - это словотерапия. Большую роль здесь играет самовнушение. Человек доверяет врачу или целителю, и это положительно сказывается на процессе лечения. Основная задача нашей деятельности – оздоровить тело и душу, что бы человек совершенствовался духовно! Существуют различные виды терапии: звукотерапия, молитвотерапия, фитотерапия и т.д. Способности у человека разные. Отейбойдак Тлеукабылулы разделял целителей на два вида - исцеляющие и гадающие. К обеим категориям он относил еще 25 видов: костоправы, целители, и т.д. В Казахстане целителем называют всех – шаман, биоэнергетик, астролог, парапсихолог - тоже целитель. Я этим вопросом только сейчас занимаюсь. Но я всегда говорю: «Если ты костоправ занимайся только этим делом. Если биоэнергетик будь биоэнергетиком. Не надо заниматься всем сразу». – Для того чтобы заниматься целительством необходимо лицензия? – Конечно, закон требует, что бы у целителя была лицензия, он должен быть зарегистрирован и стоять на учете. Необходимо что бы желающий заниматься этой деятельность был психически здоров, имел соответствующие знания, регулярно повышал уровень квалификации. И, естественно, платил налоги. Сейчас не более одного процента целителей имеет лицензии. – Существуют какие-либо методы определения у человека способностей к целительству? – У нас есть лаборатория, в которой возможно определить энергетические способности человека. Годен он или нет, на каком уровне находится. У человека может не хватать энергии, ее обязательно нужно восстановить, что бы быть целителем. После восстановления, мы даем сертификат на один год, потому что состояние энергии очень быстро меняется. Ауру человека мы так же проверяем в лаборатории. Многие целители проходят курс обучения. Кроме того, они получают духовные знания при мечетях и храмах. Им рекомендуется дополнительная литература. Ведь без знаний нельзя. Человек до конца своей жизни должен повышать уровень своей образованности. Есть целители, которым способности достались на генетическом уровне, есть те, кто научился этому делу. – Как отличить настоящего целителя от шарлатана? Настоящий целитель не дает специально рекламу. Люди его знают через знакомых, родственников. Он никогда не будет обещать лечение и исцеление от всех болезней, а сразу скажет, что может помочь при такой-то болезни. Хирургические, онкологические заболевания, инфаркты – это основные заболевания, исцеление от которых настоящий целитель не обещает. А при психологических, неврологических заболеваниях помощь специалиста по народной медицине может быть весьма существенна. У наших целителей нет прайс-листов. Наше основное направление – благотворительная деятельность среди населения. Но я знаю, что многие целители имеют определенные цены. Хороший целитель довольствуется тем, что люди сами дадут в соответствии со своими возможностями. Например, у сельских жителей откуда деньги? Кто-то овощей принесет, кто-то молоко, кто-то скажет благодарственные слова, это тоже очень много значит. Когда человек лечит - из космоса в благодарность поступает новая энергия. Так же не стоит всегда верить тому, что показывают по телевиденью. Я много раз замечал, что люди, которые выступают в различных, передачах плохо подготовлены. Более 50% целителей профессионально непригодны. У 30% имеются нарушения психики. И только оставшиеся 15-20% можно считать настоящими целителями. Эти данные основаны на многолетних исследованиях и доказательствах. При повышении духовных знаний количество целителей уменьшается, методы исцеления изменяются. Каждому целителю мы рекомендуем вести книгу учета. В которую бы он записывал откуда человек приехал, с какой болезнью, год рождения и другие данные. Кроме того, клиент сам должен наблюдать какое у него настроение после сеанса, аппетит, сон. Благодаря подобным наблюдениям, целитель сам будет лучше знать, с какой болезнью он может справиться, а с какой нет. – К чему может привести посещение целителя-шарлатана? – Это может привести в худшем случае к летальному исходу, так как будет упущено драгоценное время. Ведь такие «лекари» назначают длительные курсы лечения 30-40 дней и так несколько раз. В качестве примера можно привести целителей изгоняющих бесов и именующих себя Сункарами или Акку, а якобы божий дом, где проходят курсы лечения - Ордой. Или другой достаточно памятный пример - Фархат Ата. Его метод лечения запрещен, но последователей, которые следуют его учению осталось очень много. После подобных лекарей остается множество зомбированных людей – это психологические травмы. Плюс ко всему этому потерянное время, запущенные болезни. Газета «Мегаполис», № 30 (442) 6 понедельник, 10 августа 2009 г.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||