ғұмырнама 2 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
ЛУЧШИЙ ЦЕЛИТЕЛЬ III ТЫСЯЧЕЛЕТИЯ
Самое главное в жизни человека – это здоровье. Но как часто можно сейчас встретить абсалютно здоровых людей? Таких практических не осталось. Обязательно что-нибудь заболит. И тогда мы сразу бежим к врачу, а не которые из нас торопятся к народным целителям. И мы поспешили к целителю – Зядану кажы Кожалымову, президенту Ассоциации народных целителей Казахстана – но не за советом, а для того чтобы узнать о деятельности Ассоциации. – Уважаемый Зядан кажы, расскажите про Вашу деятельность в Ассоциации народных целителей Казахстана. – Ассоциация является республиканской общественной организацией. Она создана 22 декабря 1991 года при участии представителей народных целителей Казахстана. Ассоциация осуществляет деятельность в 19 областных и городских филиалах. В ее составе более трех тысяч членов. Основные цели и задачи: – Объединение в состав Ассоциации потенциально одаренных людей, – содействие в организации духовно-просветительских, учебных, научно-просветительских, культурно-просветительских центров, – защита прав и интересов членов Ассоциации, – содействие изучению и исследованию космических особенностей природой одаренных людей. Народные целители проводят благотворительные оздоровительные мероприятия среди населения. – Какие были трудности в деятельности Ассоциации народных целителей Казахстана? – Являясь председателем оргкомитета по созданию АНЦК и первым президентом, прошел трудности по преодолению взаимоотношений между Ассоциацией и чиновниками разных министерств и народных целителей, которые на данное время идут к нормализации отношений. – Какие достижения в деятельности АНЦК? – Члены Ассоциации, соблюдая законы РК и требования Устава АНЦК, постоянно добровольно поднимает уровень народной медицины людей разных национальностей и духовных населения Казахстана. Участвовали много раз в различных всемирных и международных форумах и конгрессах, где показали достижения и способности народных целителей по научно-теоретической и практической одаренности. При Ассоциации создан научный центр и постоянно действующая школа обучения и повышения квалификации народных целителей по направлениям: народная медицина, биоэнергетика, космоэнергетика, Рейки, психолог-консультант, фэн-шуй, массаж, мануальная терапия, музыкотерапия и т.д. С 1992 года Ассоциация выпускает газету «Халық емі», а с 2002 – газету «Шипагерлік Баян». – Зядан кажы, Вы по специальности инженер-энергетик, а сегодня фактически Ваша деятельность связана с медициной, журналистикой, психологией и т.д. Как Вы это объясняете? – Аллах испытвает человека всю его жизнь. Если человек не выполняет или не понимает таинства своей одаренности, то он встречает не только трудные ситуации, но и психологические отклонения в жизни. Моя работа связана с космической телепатией, народными центрами, научно-исследовательскими учрежденями и отдельными одаренными личностями. Я постаянно согласовываю свои действия о человеческих, природных и космических таинствах с учеными разных специальностей Казахстана и зарубежных стран. – Расскажите о Вашей научно-творческой деятельности. – В 1992-2003 гг. было опубликовано более 150 научно-познавательных статей о духовных и нравственных исцелениях, критике религиозного познания, тайнах исцеления в более 45 республиканских, областных, городских газетах и журналах, а также в Казахской «Энциклопедии», изданы сборники статей международных и республиканских научных конференций. Веду научное исследование по лечебной психологии. Совместно с учеными КазГНУ и КазГНМУ с 1998 года анализирую с научной точки зрения книгу великого ученого, целителя XV века. О. Тлеукабылулы «Сказ о целительстве» сокровенных тайн исцеления. Начиная с 1992 года, более ста раз выступал в эфире республиканского, областного телерадиовещания и давал интервью, читал лекции на разную тему о проблемах народной медицины и нравственности. Я сам сочиняю стихи, пишу мелодии и являюсь автором более 20 песен, терме и толгау. И многие из них в «Золотом фонде» Казахстана и областного радио. В 2000 году вышел в свет сборник песен и толгау под названием «Поддерживает бог с небес». В 2001 году издана научно-позновательная книга «Летопись вечной тайны» о сокровенных тайнах и научно-исторические книги «Орда трансцендентация духа». – Ваши планы на будущее? – Постоянно руководствуясь Уставной деятельности Ассоциации, поднять международный уровень работы Ассоциации. Как сопреседатель организационного комитета совместно с Республиканским Центром медицины буду проводить Первый Международный Конгресс «Народная медицина Республики Казахстан» - «Прошлое, настоящее, будущее» который пройдет в Алматы 16-19 сентября 2004 года. Редакция журнала «Амулет» поздравляет Зядана кажы с юбилеем! Желам здоровья, успехов в работе и всего наилучшего. Журнал «Амулет» №7-8, июль-август 2004
ХАЛЫҚ ЕМШІЛІГІНІҢ ҚАРА НАРЫ
Мына жарық дүниені білгірлер сынақ өмір деп жатады. Сол тегі рас-ау. Кез-келген адамның ғұмыры ұзақ жол десек, кімнің дәм-тұзы қалай болып, қай жерде таусылатыны тағы бір тылсым. Ертедегі естілер мұны бір-ақ ауыз қара өлеңмен былайша түйіндеген. «Дүние – бір қисық жол бұрандаған», Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған. Күнінде тоқсан түрлі пәле көрсең, Сонда да күдер үзбе бір алладан!... Мен зиялы Зекеңді, бір бойында атақ-даңқын атан түйе тарта алмастай абыройы бар Зиядан қажы Қожалымовты көрсем болды осындай ойға қаламын. Өзінің айтуынша «патшаның тағы – балалық шағы» өте ауыр болыпты. Отан соғысының отты күндерінде туған ол екі жасында әкеден жетім қалып, бүтіндей бір әулеттің жалқы шырағы ана тәрбиесінде өседі. «Аналы баланың өзі тоқ, анасыз баланың көзі тоқ» дегендей марқұм анасы Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, ақылды, сабырлы, әр нәрсені байыппен шешетін бір рулы елдің үлкен кішісі ақыл сұрар «Ақ апасы» атанған қасиетті жан еді. Сондай асыл адамның тәрбиесі болар, Зәкең де жастай талапты болды. «Жаста оқыған оқуын – тасқа жазғанмен тең, егде тартқанда оқыған оқуың мұзға жазғанмен бірдей» – деп анасы білікті болуды құлағына құйып отырды. Сөйтіп ол мұның орта білім алып, Алматыдағы Ауыл шаруашылық институтының электрлендіру факультетін ойдағыдай бітіруін өз бақылауында ұстады. Қиналғанда жол көрсетіп, адалдық, ар тазалығы, кішіпейілділік, имандылық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді ұдайы ескертіп отырды. Маңдайдағы жалғыз ұлының оқу бітіріп, адал жар құшуын, сәбилі болуын армандаған ана тілегі көзі тірісінде орындалады. Келіні Түймекүлді көргенде «Арманым орындалды, енді мен Аллаға ризамын» – деді. Тұңғыш немересі Ләззәтын иіскелеп рақаттанатын... Одан кейінгі немере-шөберелерін көре алмағаны өкінішті. Апасы көзі тірісінде о дүниеге аттанарында сүйікті келіні Түймекүлге «Жалғызымның арқасы бар, сен ие бол!» – деп аманат етіпті. Кейін де өзі қасиеті бар келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмастық болады. Алған бетінен таймасын. Қайда барса да өзі жалғыз барсын. Оны халқы қорғайды» – деп аян береді. Бұл сәл кейінірек. Сол екі орталықта жас инженер-энергетик өзі туып-өскен аспан таулар аясында – Нарынқол ауданының Карл Маркс және Калинин ұжымшарында бас инженер-электрик, аудандық электрлендіру жүйесінің бастығы және «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, т.б. қызмет баспалдақтарынан өтіп үлгерген. Кәсіби мамандығы бойынша қаншалықты жұмыс атқарғандығынан бір ғана мысал. Оқу бітіріп келген бетте жастық жігермен Кеген аймағына теледидар тарту үшін Байланыс министрлігіне келіп, оның телемұнараның орнын анықтап дайын ғылыми ұсынысты сол кездегі аудан басшыларына ұсынады. Екінші хатшы Серкебаев мырзаның басында менсінбей қарап, кейіннен ұсынысты қолдап рахмет айтқаны бар. Сөйтіп таулы өңірге теледидар тамашалау мүмкіндігі осылай туған. Нарынқол ауданының энергетикалық қуатының артуына да Зекеңнің сүбелі үлесі бар екендігін ұмытпағанымыз абзал. Зекеңнің бойындағы бір жақсы қасиет – талапшылдығы мен талмайтындығы. Кемеңгер қаламгеріміз Мұхтар Әуезов: «Қай мінезің қасиет болса, сол мінезің - қасірет» демеп пе еді? Сонау 1989 жылдан емшілік жолға біржола өмірін бағыттауға бел байлайды. Көп ұзамай туған еліміз де өз тәуелсіздігін алады. Барлық бұрынғы «жабулы қазан» тақырыптардың қақпағы ашылғанда құпияланып келген халық емшілігін де жарыққа шығару қажеттілігі пісіп-жетіледі. Міне, Зиядан аға сол уақыт жалына жармасып, 1991 жылдың желтоқсан айында-ақ яғни қазіргі Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан соң-ақ дереу ерлік қадамға барып, өзі бас болып, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығын» құрды. Әр адамның жеке тағдыры болады, – дейді өзі. Менің тағдырымның ирек-ирек қисық жолдары болғаны өзіме аян. Бұл – тағдыр сынағы. Одан сүрінбей өту барлық пендеде бола бермесі анық. Өндірістік жұмыспен бүгінгі киелі орданың жұмысын салыстыруға болмайды. Кейінгісі күрделінің күрделісі. Бұрын айқын бағдарламасы мен жолы да болмаған тыңның тың құбылысы. Қысқасы психологиялық жақтан әр түрлі естік ауытқуға ұшыраған көп ұлттың жасы да, жынысы да, ұқсамайтын тылсым құпиялы азаматтарын бір ортаға жиып, оларға тәрбие беріп, нақты істі жүзеге асыру оңай болмайды. Бұндай жақсылықтарыма ала көзімен қарап, мен басқарған ұйымды түп-тамырымен жою үшін бұйрық шығарған, шешім қабылдаған жоғары шенді көп салалы ұйымдар шайқасы он жылға жалғасты. Шындық жолындағы еңбегі қарсыластарды мойындата білді. Олар да ымыраға келді. Ескі көзқарас жаңаны қабылдамай қиналған сәттерінде анасының аянына сүйеніп: Күндемегін, ей, досым, күндемегін, Күндесең де іштен тын, үндемегін. Іште сақта сырыңды аша берме, Жүрген жоқсың қасымда күнде менің, – деп жыр жазып, ән шығарып Мұқағали ағасы сияқты Музаға мұның шақты. Бір Алланың құдіретімен ақын, сазгер атанып, жазған жиырмадан аса әндері, ондаған терме, толғаулары бұл күнде Қазақ радиосы мен облыстық радиолардың «Алтын қорында» сақталған. Сөйтіп, бір қиындыққа адалдықтан ауытқымай білім – білігін қарсы қойды. Көп ізденіп, оқуы мен жазуын ешқашан тоқтатқан емес. Қажылық парызын да өтеп келді. Емшілік жолында халықаралық бірнеше форумдар мен конгрестерде көрнекті нәтижелерге қол жеткізіп, бірнеше халықаралық ұйымдардың толық мүшесі болып, тиісті атақ-дәржесін алды. Тіпті, 1991 жылы Мәскеуде түсірілген "Шығыс халық медицинасы туралы" кинофильмде басты рөльге түсті. Бүгінде ол Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» бас директорының орынбасары, Қоғамдық «Экология» академиясының академигі, «Үшінші мың жылдықтың үздік емшісі», халықаралық зерттеуші психолог-ғалым атануы ол басқарған қауымдастықтың әлемдік деңгейде беделін де танытады. Зекеңнің талмай ізденісінің нәтижесінде 45 басылымда 150-ден аса танымдық мақалалары жарияланды. Ғылыми тақырыпта конференцияларда сөйлеген сөздері 10-нан аса жинақта жарық көрсе, «Қазақ энциклопедиясында» да ғылыми мақалалары шықты. Әсіресе, өзі он төртінші атадан қосылатын XV ғасырдың ғұлама ғалымы, дала ойшылы, қара үзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ұлы мұраларын халыққа таныстыруда, ғылыми негіздеуде айрықша құлшыныспен еңбек етіп жүр. Бұл бабамыздың мұраларын насихаттауда бірнеше ғылыми конференция өткізуге мұрындық болып, туған жері – Шалкөденің Айғайтасының Қара Аршасына ескерткіш құлыптасын қауымдастық атынан қойып, аруағына бағыштап дұға оқытып, ас беруі де елдік, ерлік шаруа. Тоғызыншы атадан қосылатын болжаушы, әулие Әлмерек абыздың есімін, ісін қайта тірілтуде қолға алған жұмыстары да қыруар. Бұл орайда Зекеңнің қаламы да, қарымы да тынбай «Көк тәңірі тұр жебеп» (2000 жыл) әндер мен толғаулар, «Мәңгілік құпия шежіресі» (2001 ж.) ғылыми-танымдық және тарихи-танымдық «Шапағатты рух ордасы» атты кітабының жарық көруі де қауымдастықтың жұмысын жұртшылыққа танытып, шын емші мен жалған емшнің ара-жігін ажыратуға үлкен септігін тигізуде. Ортақ іске қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баян» (2002 жылдан бері шығады) мен "Шалкөде" баспасының да тигізері мол. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі Алладан қасиет қонған шапағат иелерінің саны ресми тіркелім бойынша 2500-ден асады. Дәстүрлі медицинамен қатар дамып келе жатқан халық емшілігінің атына емделуші жұртшылықтан ағылған алғыста сан жоқ. Осынау «Қабілетті қара нар керек, біздің бұл іске!» – деп Махамбет ақын айтқандай ауыр да абыройлы жұмыс өрге басады деп сенеміз. Ендеше, өмірдегі ақ жолын ертерек адаспай тауып, «Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады. Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады» дегендей жарық күнін уақытылы тауып, бүгін ел ағасы 60-тың асуына шыққан Зекеңнің өзін мерейтойымен құттықтап, алдағы атқарар игі істеріне толайым табыс тілейміз. «Жақсы жолдың ұзыны жақсы». Сапарыңыз сәтті де ұзақ болғай, – Зеке дейміз біз де оған.
Қайрат Әлімбеков «Отбасы және Денсаулық» журналы, 6, 2004 ж. 21-бет
ТЫЛСЫМНЫҢ СЫРЫ – ТІРШІЛІГІМНІҢ ЖЫРЫ
– Зядан қажы аға, ел ағасының жасына жетуіңізбен құттықтаймыз! Өмірдің айтулы асуына жеткен уағынызда өткен өмір жолыңызға бір оралсаңыз! – Бисмиллаһир рахманир рахим! Балалық өмірім өте ауыр болды. Екі жасымда әкеден жетім қалып, бір әулеттің жалғызы болып, ана тәрбиесінде өстім. Ешкімнің әкесін де, көкесін де қызғанбадым. Өз рухымды жоғары ұстап, төрт жағы да түгел пендедей өмір кешуге, ізгі бір мақсатыма жетуге тырыстым. Марқұм апам Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, ақылды, сабырлы, шыдамды әр нәрсені философиялық талғаммен бағалап шешетін еді, бір рулы елдің үлкен-кішісінің ақыл сұрар «Ақ апасы» ғана емес, басқа да ағайындардың киелі рухты құрметті адамы болатын. Апам болашақты да болжай алатын, кез-келген адамның психологиялық мінез-құлқын, талғамын, келбетін, ішкі ойын және тағдырын бірден білетін. Апамның жалғыз арманы жалғыз ұлының саналы өсуіне, білімді болуына демеуші ғана емес, жолын көрсетер кеңесші болу еді. Менің кішкентай кезден бастап толық білім алғаныма дейін және институтқа оқуға түскен кезімде де апам өзі бақылауынан шет қалдырмады. Жолымды көрсетіп, адалдық, ар тазалығы, кішіпейілділік, сабырлық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді ұдайы ескертетін-ді. Жалғыз ұлының маман болуын, отбасылы, жас иісті сәбилі болуын армандаған апамның арманы көзі тірісінде орындалды. Келіні Түймекүлді көргенде: «Арманым орындалды, енді мен Аллаға ризамын», – деді. Тұңғыш немересі Ләззаттың жас иісін искеп рахаттанды. Оны жанындай жақсы көрді. Кейде «Қызымды көп иіскелемеңдер, сендердің ығына көніп кетеді», – деуші еді жарықтық. Кейін маған да апамның осы киелі қасиеті қонды. Оны апам көзі тірі кезінде о дүниеге аттанар алдына сүйікті келіні Түймекүлге: «Жалғызымның жотасы бар, сен ие бол!» – деп аманат етті. Кейін келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмаушылық көп болады. Алған бетінен таймасын. Қайда барса да өзі жалғыз барсын. Оны халық қорғайды», – деп аян берді. Бұл аян менің киелілер ұйымы қауымдастығын құрғаннан бері он жылдан астам уақытта бәрі де дәл қайталанды. Мен аруақ аманатына қиянат етпедім. Киелі Орданы құруда қарсы күштер мен қиыншылықтар аз болмады. Бүгінде құрылғанына он үш жыл болған Қазақстан халық емшілері қауымдастығының жақсы жақтарын өз еліміз ғана емес, көптеген әлем елдері біледі. Бұған да тәубе деймін. Адам Алла тағаланың добы сияқты көрінеді маған. Сыналатын кезеңде сол Алланың қолында екеніне бүгінде толық сенемін. – Атқарған қызметтеріңіз туралы айта кетсеңіз? – Хан Тәңірінің Текесінің баурайында 1944 жылдың 1-шілдесінде дүниеге келдім. Тауда ойнадым, балалық өмірім биікте өтті. Тау самалының бетімді аймалағаны, тау гүлдерінің иісі мені ұдайы өзіне тартып тұрғандай сезінемін. Нарынқол ауылының Абай атындағы он бір жылдық орта мектебін 1963 жылы бітірген соң, бірден өмір жолымның екінші кезеңі басталды. Алғашқыда құрылысшы, сонан кейін Нарынқол ауданы Текес ауылдық Кеңесінің хатшысы болдым. Жоғары білім алу үшін 1964-1969 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығын электрлендіру факультетіне оқуға түсіп, инженер-электрик мамандығы бойынша бітірдім. Сонымен 1969-1976 жылдары Нарынқол ауданы Карл Маркс пен Калинин атындағы шаруашылықта бас маман, 1977-1986 жылдары Нарынқол ауданының электр жүйесінің мекемесі мен «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, 1986-1990 жылдары «Алматыэнергоның» энергетикалық қадағалау мекемесінің инспекторы, кәсіпорынның материалдық-қамтамасыз бөлімінің бастығы, «Қазақэлектромонтаж» тресінде бас прораб, 1990-1991 жылдары Қазақстан ассоциациясының бірінші вице-президенті, ал 1991 жылдың желтоқсан айынан бері өзім құрған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті қызметін толық атқарудамын. Қосымша 2000-2001 жылдары ҚазМҰУ-дің «Этнопсихология және этнопедагогика» Орталығында ғылыми хатшы болдым. 2003 жылдың шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» Бас директорының филиалдар бойынша бірінші орынбасары қызметін атқарудамын. Әр адамның жеке тағдыры болады. Менің де тағдырымның ирек-ирек, қисық жолдары болғаны өзіме аян. Одан сүрінбей өту барлық пендеде бола бермесі анық. Өндірістік жұмыс пен бүгінгі киелі орданың жұмысын салыстыруға болмайды. Кейінгісі күрделінің күрделісі. Өйткені, бұрын айқын бағдарламасы мен жолы да болмаған тыңның тың құбылысы. Қысқасы психологиялық жақтан әр түрлі естік ауытқуға ұшыраған көп ұлттың жасы да, жынысы да, білімі де, танымы да, дәрежесі мен атағы да ұқсамайтын тылсым құпиялы азаматтарын бір ортаға жиып, оларға тәрбие беруді нақты жүзеге асыру оңай болмады. Мұндай жақсылықтарыма ала көзімен қарап, мен басқарған ұйымды түп-тамырымен жою үшін бұйрық шығарған, шешімді қабылдаған жоғары шенді көп салалы ұйымдар «шайқасы» он жылға жалғасты. Шындық жолындағы еңбегіміздің жемісінің нәтижесі қарсыластарды мойындата білді. Олар да ақыры ымыраға келді. Осы бір ауыр кездегі басыма түскен қиыншылықтың апам марқұмның аянымен дәл келгенін сездім, аруақ аманаты үшін киелі орданың шаңырағын сақтап қалудамын. – Сіздің мамандығыңыз инженер болса да, бүгінгі кәсібіңіз бойынша басқа саланың ғылымын насихаттауға не себеп? Елдің бәрі мені медицина маманы, бірі әдебиет пен психология немесе тарих маманы т.б. деп ойлайды. Менің бір ғана жоғары білімді мамандығым бар, қысқасы инженер-электрикпін. Өз мамандығыма құрметпен әрі мақтанышпен баға беремін. Бұл мамандығымның ілімі көп салалы ілімдермен бірлесіп іс істеуіме кең жол ашты. Оқу бітіріп елге келген соң сол 1969 жылдар шамасында Нарынқол ауданындағы электрлендіру, радиоландыру жұмыстары облыста ең артта қалған салалар болатын. Текес, Сарыжаз ауылында радио торабын орнату жұмыстарымен өзім шұғылданып, осы саланың облыстағы мамандарымен келісіп, аз уақытта көп жылдар үнсіз тұрған әр үйдегі радио нүктелерін сөйлетуге мүмкіндік жасадым. Сарыжазда тұрғанда арнайы Алматыдағы сол кездегі ҚазССР байланыс министрлігіне келіп, Шалкөде аймағы шаруашылықтарымен сол кездегі Кеген аймағына теледидарын таратуға келісіп, мамандарын елге алып келдім. Сол кезде Тасашының биігінде тұрған телемұнараның орнын анықтап, дайын ғылыми ұсынысты: Кеген ауданының екінші хатшысы Серкебаев мырзаға ұсындық. Хатшы: «Сен кімсің соншалық мұндай ұсынысты жасайтын. Біздің өз инженерлеріміз бар», – деген. Сонда хатшыға Алматыдан арнайы әкелген байланыс министрлігі мамандары «Сіз бұл ұсынысты қабылдамасаңыз Кегенде өмірі теледидар болмайды, бәрібір біз Шалкөде үшін орнатамыз. Сіз мына жас инженердің талабына, жігерлілігіне, рахметіңізді айтыңыз», – деді. С.Серкебаев аз ойланып барып, маған қарап: «Сіз, ренжімеңіз, саған рахмет еңбегіне, біз келістік», – деді. Міне, Тасашыдағы телемұнара осылай орнатылған. Нарынқол ауданының энергетикалық қуаты облыстағы ең соңғы орында дедік қой. 1977 жылы мен осы ауданның электр жүйесі мекемесіне басшы болғаннан кейін, бірден елді мекендер мен шаруашылық кешендері және жеке мал «ірі қара, қой» отарларына электр желілерін тартқызып, әрі қуаты жоғары ток өткізетін трансформаторларды қойғызып, ауданның энергетикалық қуатын молайттым. Айналасы төрт жылда аудандағы төменгі және жоғары кернеулі электр желілері толық жаңаланды, жоқ жерлерге жаңадан тартылды. Алыс мал отарларына дейін электрлендірілді. Ол кезде аудандық партия комитетінің шешімі бұлжымас заң болатын. – Осынау қасиетті жолға келуіңізге не себеп болды, қалай келдіңіз? Өткен ғасырдың (20 ғ.) сексенінші жылдарының ортасынан бері осы Алматы қаласының жанындағы Алатау елді мекенінде тұрып келемін. Алматыға қоныс аударып, өз мамандығым бойынша тәп-тәуір қызмет атқарып жүріп, белгісіз бір тылсым қармағына ілінгендей болдым. Ақыры 20-ғасырдың сексенінші жылының ақырынан бастап біржолата емшілікке беріліп, өз мамандығымның қызметінен кетуіме тура келді. Сырқат жандарды бір-бірлеп емдесем кейін топтық емге айналдырдым. Нәтиже жаман болмады. Мен семьялы емші атанған бұрынғы Одақтағы жалғыз ғана әлемдік дәрежелі жанұяның басшысы болып, өз қасиетімізді ірі халықаралық форумдар, конгрестерде жоғарғы дәрежеде дәлелдеп, әрі мойындата алдық. Қазақ халқының қасиетінің құдіретті екенін айғақтап, әрі оны байыту жолында іске кірістім. Арман шексіз ғой. Ақыры іс әрекетім өз нәтижесін берді. Халықтық емшілер ұйымын құрдым. Емшілердің білімін жетілдіру мен көтеру мектебін аштым. Газеті шығарылды. Емшілерді бастап үш рет халықаралық конгрестерге қатыстым (Алматы, 20-29.09.1991., 18-21.10.1992. және Қырым, Гурзув, 2-9.10.1993.). Қазақ елінің халық емшілерінің ерекше қабілеттері мен көрегендіктері талай рет әлемнің білгірлері мен ғалымдарын таң қалдырды. Білімімді де өздігімнен ұдайы көтеріп, әрі тылсым құпиялар туралы көзқарастық танымымды байыту мақсатында 1991-1993 жылдары Мәскеу, Алматы, Қырым, т.б. қалаларында халық медицинасының ірі мектептерінде дәріс алдым. Әлі де жалғастырудамын. Өзімнің ілімімді дамытып, тәжірибемді молайтып, өз ұлтымның құпиялы, киелі қасиетін ғылымға қосуға армандаған ізгі ниетімде алғашқы нәтижесін берді. Бүгінде оқырмандар мен зерттеушілерден «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы» атты (Алматы, 2001 ж.) ғылыми-танымдық әрі тарихи талғамдық кітаптарым және «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-толғау кітапшам (Алматы, 2000 ж.) өзіне лайық бағасын алды. XV ғасырдың ғұлама ғалымы, дала ойшылы, ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегін (Жалын, Алматы, 1996.) нақтылы дәлелдеп, ғылыми жағынан сұрыптап әрі оның әлемдік ғылымда алатын орны туралы толық жеткізу маған оңайға түспеді. Талай кесе-көлденең қиын жолдардан өтуге, небір ғұламалармен сөз таластыруға, барды жоқ ететіндерге қарсы қорған қоюда, бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының алдында дәлелдеп, оны әуе толқынына шығаруға талай да талай қиыншылықтарға төздім. Байсалдылық, сабырлылық жасап, өз ісімнің алға жылжуына сөз табуға тырыстым. Сөйтіп, эфирде аты аталып, еңбегі бағаланған Өтейбойдақ баба, қазақ ғылымына да бірден еніп кетті. Өз орнын тапты. Алла тағаланың берген ырыздығы мен несібесіне риза болу, асқақтамай, кеуде көтермей кішіпейіл болу адамгершіліктің таза тұлғалық қасиеті. «Асқақтасаң бір күні асыласың, баяу жүрсең бәйгеге қосыласың» – деген халқымыздың даналық сөзін әрқашан өз жұмысымда негізгі қағида етіп келемін. Өзімнің таза еңбегім арқылы бақытқа жетіп, кім екенімді халықтың, ұйымның т.б. алдында ақтай алсам, ол менің тазалығымның айнасы мен еңбегімнің таза жемісінің көрсеткіші деп түсінемін. Сондықтан да Алла тағаланың құдіретімен бір мамандықтан көп мамандықты тұлғаға айналуым тылсым құпия күштерінің құдіреті екенін түсіндім. – Зядан қажы, көптеген замандастарыңыз атаққа құмар. Ал сіз ше? Маған неге сіздің басқалар сияқты атақ пен данқың және орден медальдарын жоқ, жазған ұшан-теңіз еңбегін атаусыз, – деп өзінше көсемсігендерге, мен маған да және еңбегіме де ғылым мен халық баға береді, Құдай жоқты пенделікпен бар деп, жалған атақ пен жарамсыз жоқ орден алушылардан сақтасын деумен келемін. Бұл өмірде бәрі болып жатыр ғой. Бірде-бір ғылыми мақала жазбай-ақ, ғылыми конференцияларда баяндама жасамай-ақ, кітапханаларға бармай-ақ, ғылыми ортаны көрмей-ақ жоғары білімді медицина дәрігері, кандидаты, тіпті қоғамдық ұйымдардың академигі атанып жүрген халық емшілері де тізімге ілініп, өтіріктері әшкереленуде. Осылардың бұл теріс әрекеттеріне күйінемін, халықтан ұяламын және ғылымның қадірін сыйламағаны үшін ұяттарын алдына қоюдамын. Ұятсыздықтары кейде демалуды да ұмыттырады. Маған келетін де, телефон арқылы мұң-мұқтажын айтатындар да өмірде өте көп, қиыншылық көргендер, аурулар, алдағандар, арбалғандар және тағдырдың ауыр қасіретін тартып жүргендер. Осыларды қайтсем де қиын жағдайдан шығарудың жолын тауып қуантсам, оң жолға түсулеріне көмегім тисе деген ізгі армандардың да нақты нәтижесі барлығына қуанып, шаршағанымды ұмытып та кететін уақыттарым болды. Кейде шаршағанымды, ренішімді белгісіз бір құдіретті тылсым күш пен әсердің сезімі бойынша ән жазуға, әртүрлі тақырыптағы халыққа, қоғамға қажетті мақалалар жазуға бұрып, күшімді соған арнап келемін. – Айтпақшы, Зәке, мұсылмандық бес парыздың бірі қажылыққа да барып қайттыңыз. Осы сапар жайында айтарыңыз болса?... – 2003 жылы 4-26 ақпан аралығында Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы мен «Спутник Қазақстан» фирмасының ұйымдастыруымен Араб эмиратында, қасиетті Мекке-Мәдинеде қажылық сапарда болып қайттым. Қажылыққа Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы мен Халық медицинасы орталығынан 12 халық емшісі бардық. Қажылық сапарды өтеуде басты парыз етілген ихрам киіп, Қағбаға тәуеп жасау, Арафатта тұрып, Алладан тілек тілеудің негізгі шарттары Минаға түнеу, Мұздалифаға қону, шайтанға тас ату, құрбан шалу, шаш алдыруларды толығымен орындадық. Кіші қажылық пен үлкен қажылық қасиетті Меккеде орындалып, он бес күнде аяқталды. Бұдан кейін Меккеден 420 шақырым Мәдинеге сапар басталып, бес күндей уақытта аяқталды. Күннің ыстығы (30-35 градустай), ауа-райының құрғақтығы да оңай тимеді. Дегенмен, Аллаға иман келтіріп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Құранның 1-сүресін алғаш Жәбірейіл періште арқылы қабылдаған жері Нұр тауындағы үңгірді көрдік. Сафа тауында болдық. Арафаттағы Рахман төбесіне шықтық. Мекке мен Мәдинедегі «Әл-Харам» мешітінде түнедік. Сөйтіп, айтарлықтай парызды толығымен өтеп, анадан жаңа туғандай, күнәдән пәк болып елге оралдық. Біздің еліміздің ерекшелігі – жеріміздің табиғаты көркем, нағыз адам пенденің бақытты да баянды өмір сүруге қолайлы қасиетті де, киелі мекен екенін байқадым. Бәлкім, осындай атамекеніміздің қадірін білу үшін, әрбір ел азаматына сыртқа бір шығып келу қажет те шығар... – Ғылыми және рухани бағыттағы еңбектеріңізден мәлімет бере кетсеңіз? Бүгінде республикада шығатын әр саладағы 45-тей газеттер мен журналдарда және «Қазақ Энциклопедиясында» менің 200-дей мақалаларым жарияланды. Оның ішінде ғылыми тақырыпта 15-тен аса, энциклопедиялық тақырыпта 20-дан аса мақалалар жазылды. 60 баспа табақтан асатын «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-толғау, «Қасиетті рух ордасы» және «Мәңгілік құпия шежіресі» (Алматы, 2000, 2001) өз бағаларын алумен өз орнына қарай іріктеліп, тағы да екі-үш кітап баспаға әзірленіп жатыр. Республикалық және облыстық теледидарларда 1990-жылдан бері әртүрлі тақырыпта сұхбаттар, емдер, рухани-таным және халық медицинасының құпиялары, табиғат пен ғарыштың тылсым сырлары және т.б. сөйлегендерім бүгінде 70 сағаттан астам бейнетаспа болыпты. Сондай-ақ, республикалық және облыстық арналарда 1990-жылдан бері жоғарыдағы тақырыптарда ұдайы эфирге шығудамын. Бұл да бірнеше ондаған таспалық сұхбаттар болыпты. Ең маңыздысы – өзім жазған толғау, термелерімнің сөзі мен әні өзімдікі. Әндерім және бір сағаттық авторлық шығармалық еңбектерім 1996-жылы республикалық, ал 1994-жылдан бастап «Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Семей, т.б.» облыстар мен қалаларда «Алтын қорға» алынды. – Сіз басқаратын Қауымдастықтың ұйымдық құрамы жөнінде мәлімет берсеңіз? – Бүгінде Қауымдастықтың 20-дан аса облыстық және қалалық филиалдары заңды тіркеуден өтіп, оның мүшелері мен емшілері өздерінің Жарғылық қызметтерін халықтың арасында имандылық пен қайырымдылық саласында нәтижелі атқаруда. Қауымдастықтың жанынан 10-нан аса мамандықта білім беретін халық емшілерінің білімін жетілдіру мен көтеру мектебі тұрақты жұмыс істеуде. «Шипагерлік баян» газеті үзбей шығарылып келеді. Қауымдастық пен республикадағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және жеке тұлғалар арасында тығыз байланыс орнатылған. Халықтың күн санап Қауымдастықтың қызметіне сенімі арта түсуде. Ғылыми мекемелер мен бақылаушы орындар оң көздерімен қарай бастады. Қауымдастықтың қызметі елімізден тыс шетелдерге де таныла бастады. Бұл да ұйым мүшелерінің жемісті еңбектерінің нәтижесі. – Болашақ жоспарыңыз жайында айта кетсеңіз? – Қазақтың халқы киелі, жері де қасиетті екені әлемге аян. Осындай ел мен жердің ұрпақтарының киелі қасиетін сапалы, ғылыми тұрғыда көтеру мен әлемдік дәрежеге жеткізу саласында қызметімізді жалғастыра береміз. Көзі ашылмаған бұлақтай болған ата-бабалардың көп салалы киелі қасиеттерінен сыр шертетін құпияларының энциклопедиясын шығару ниетіндеміз. Осы жылы Алматыда өтетеін Қазақстан Республикасы халық медицинасының «Өткені, бүгіні және болашағы» туралы өтетін I-халықаралық конгресті өткізушілердің бірі ретінде аталған шараларды абыроймен аяқтауды жоспарлап отырмыз. – Сөз соңында халыққа және осы басылым оқырмандарына қандай тілек айтар едіңіз? – Отаныма амандық, халқыма бірлік, әр азаматқа денсаулық, имандылық, жұмыстарына табыс тілеймін. Әмин! – Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Қайрат Әлімбек «Шипагерлік баян» газеті, №2, 2004
ИНТЕРВЬЮ С ПРЕЗИДЕНТОМ АССОЦИАЦИИ Снимаю, порчу… и будет вам счастье. Между тем СМИ, размещающие рекламу нелицензированных колдунов и магов, подпадают под ст. 13 п. 3 Закона «О рекламе», которая запрещает пропаганду такого врачевания. Масштабной «охоты на ведьм» в Казахстане пока не объявляли, а потому люди вправе выбирать между традиционной медициной и сверхъестественными силами. Только вот спрос со всех этих доморощенных биоэнергетиков, хиромантов и ясновидящих не велик, впрочем, как с медиков в обычных больницах. Но все же, если вы решились доверить свое физическое и душевное здоровье целителю, следует со всей ответственностью отнестись к его выбору. Как не ошибиться, рассказывает Зядан кажы Кожалымов, президент Ассоциации народных целителей Казахстана. – Зядан кажи, скажите, какой именно человек может считаться истинным целителем? – Первое требование к целителю – это психологическая уравновешенность. Во-вторых, он должен обладать каким-то знаниями – духовными, астрологическими, космоэнергетическими, биоэнергетическими, то есть должен развивать и оттачивать целительский дар, заложенный почти в каждом человеке. Третий – очень важный пункт: настоящий целитель обязан иметь на руках государственный сертификат, разрешающий ему деятельность, и быть зарегистрированным в госорганах здравоохранения, либо в признанных организациях, подобных нашей Ассоциации. Четвертое – человек, который хочет нести помощь людям, должен постоянно учиться, проходить различные курсы, совершенствоваться. И пятое – будущих целителей мы проверяем в специальной лаборатории, имеющейся у нас. Аппаратура российского производства способна протестировать ауру, выявить биоэнергетические способности. Затем независимая лаборатория дает свою оценку, пригоден или нет человек к целительской деятельности. Если энергии не хватает или ее, наоборот, переизбыток, наши специалисты помогают ее скорректировать. Но есть одно «но»: техника проверяет организм в определенный короткий промежуток времени, но не может отследить, что происходит с человеком, скажем, в течение дня, как меняется его состояние. Лаборатория нам не дает 100%-ной гарантии, что целитель действительно от Бога. – Тогда каким образом человек может доказать, что у него есть дар исцеления, он может практиковать, помогать людям? – Наша проверка не в коем случае не дает права на лечение. Чтобы стать настоящим целителем, человеку придется пройти множество инстанций и исследований. Согласно приказу министра здравоохранения, он обязан пройти шестимесячный курс апробации в поликлинике по месту своего жительства. Целитель по указанию горздрава направляется в больницу, где его оформляют как временного работника. Там же выделяют кабинет, где он бесплатно ведет прием больных, заполняет медицинские карты. У пациентов периодически проверяют анализы, и врачкуратор сопоставляет, насколько действия целителя благотворно отразились на здоровье человека. Затем медработники дают свою оценку, и если она положительная, то выдаются документы для предоставления в Минздрав. Там их полностью проверяют и только после этого вручают удостоверение, в котором прописана специализация. Заключительный этап – это получение лицензии. Человек должен определиться, где будет вести прием людей – у себя дома или арендует помещение. После получает заключения СЭС, пожарных, встает на учет в налоговые органы. И уже со всем пакетом документов снова едет в Минздрав, где ему выдадут государственную лицензию на целительскую деятельность. При этом если раньше она позволяла практиковать в любом регионе республики, то сейчас – только по месту регистрации. – Из сказанного можно сделать вывод, что все члены вашей ассоциации лицензированные целители? –У всех, кто практикует, имеется лицензия. В нашей ассоциации состоит 5 тыс. членов, правда, всего 10% из них занимаются профдеятельностью. Остальные пришли к нам, чтобы расширить свой кругозор, подлечиться. К примеру, профессора изучают, и используют наши методики в своих научных работах. Хочу отметить, что в нашей ассоциации со всех без исключения требует справку из психдиспансера. Ведь мы не знаем, приходит ли к нам абсолютно нормальный человек или, может, 10 лет назад он состоял на учете. Главный принцип – не навреди себе и окружающим. Также членство в нашей Ассоциации предполагает добровольные членские взносы – на эти деньги мы и существуем. Фиксированная сумма не установлена, однако более 90% членов взносов не платят. На последнем съезде Ассоциации было принято единогласное решение исключать из наших рядов задолжников. – А ваши целители, имея лицензии, регалии, дорого оценивают свою помощь? – Никто из наших целителей не дает рекламу. Работают по рекомендации, так сказать, нарабатывают имидж. У каждого имеется книга отзывов, где благодарные или недовольные клиенты могут оставить свои записи. Наша Ассоциация не призывает превращать свой дар в средство наживы, мы это осуждаем. Также мы не разрабатываем и не рекомендуем прайс-листы, где расписаны цены на услуги. У нас благотворительная организация. Настоящие целители никогда не просят фиксированную оплату, а работают по принципу «кто, сколько сможет, тот столько и даст». Замечу, что если сумма большая или подарок дорогой, отказываться не принято, ведь человек сам хочет отблагодарить. На мой взгляд, люди, которые делают себе рекламу в СМИ, а потом берут баснословные деньги за свою помощь, поступают неправильно. К нам в Ассоциацию часто приходят жалобы от обманутых граждан, которым пообещали много, а в итоге обвели вокруг пальца. Но наша организация не проверяющий орган, и потому мы не имеем права кому-либо запрещать целительскую деятельность. Для этого существует налоговые органы, КНБ, прокуратура. Но случается, что они боятся связываться с шарлатанами, обладающими невидимой силой. Не буду скрывать, что нашей Ассоциации пришлось закрыть два своих областных филиала, где забыли о своих прямых функциях. Так вот, когда я обратился в налоговый комитет в целях их ликвидации, мне сказали, что до последнего старались обходить стороной и не проверять, якобы там одни ведьмы и колдуны, от которых доброго не жди. Сейчас я как президент Ассоциации понимаю, что настало время переходить от количества в качеству. – Ваши целители занимаются гаданием, снятием порчи? Насколько я знаю, карты вообще считаются греховным предметом… – Гадание – это тоже наука. Не надо превращать все это в бизнес, обманывать людей. Если человек нормально использует свои способности, в том числе умение правильно гадать на картах, кофейной гуще, кумалаке и применяет все в благих целях, то назвать это преступлением я не могу. Но я с большим уважением отношусь к хиромантии – на ладони написана вся судьба. Порча, сглаз снимаются с помощью молитвы, и если целитель обладает большой силой, достаточно будет одного сеанса. Но если вас интересует мое мнение, то я считаю, что лучше вообще не гадать, а во всем полагаться на Бога, только он знает, что нас ждет. Закройте глаза и через молитву задайте вопрос Аллаху, Будде, Иисусу и обязательно услышите ответ. А настоящими целителями становятся только богоугодные люди. – Куда может обратиться нуждающийся человек, чтобы получить действительно квалифицированную помощь? – Самое главное – не доверять сомнительной рекламе в газетах! Я уверен, что 95% из тех, кто трубит во всех изданиях о своих способностях, являются лжецелителями и могут навредить. Подчеркну, что обращаться можно только к лицензированным целителям, которые прошли регистрацию в Минздраве. Понятно, что таких немного. К примеру, можно поинтересоваться в Центре народной медицины, который находится в Алматы. В нем работают 30-40 целителей, хотя раньше было около 4 тыс. человек, но они тоже перешли от количества к качеству. Также люди обращаются за справками в нашу Ассоциацию, звонят из других областей. Я рекомендую целителя в зависимости от проблемы и всегда прошу перезвонить мне и сообщить результата после лечения. – Зядан кажи, а когда вы почувствовали свой дар? – Мне тогда было 46 лет. Прилег отдохнуть после работы в темной комнате, вдруг чувствую свет, открываю глаза и вижу, что над моим телом завис непонятный предмет, похожий на пресс. Испугался, хотел встать и открыть дверь, но даже не смог рукой пошевелить. Где-то вверху прорисовались четкие силуэты людей. В предмете появилась точка, из которой потоком в меня вошла энергия, растеклась по всему телу, и я стал горячим, как при сильной температуре. Через некоторое время я обнаружил у себя необычный дар: одним взмахом руки мог заставить человека, стоящего за несколько метров от меня, упасть. Естественно, начал развивать свои способности, специализировался на биоэнергетике. Но и до этого послания мне приходилось обнаруживать не объяснимые для себя вещи. Например, я мог сказать, где тот или иной человек находился в определенное время и что при этом делал - все удивлялись. Отрадно, что сейчас действительно одаренные люди начинают понимать, что необходимо объединяться и централизованно заниматься своей деятельностью. К тому же, это дает возможность постоянного совершенствования. А раньше нас просто считали пациентами дурдома. – Вы ушли в общественную деятельность и оставили целительскую, не жалеете? А может, больным людям нужна ваша помощь? – Все в жизни идет своим чередом, и на путь нас наставляет Всевышний. По специальности я биоинженер-электрик. Но в один прекрасный момент я круто изменил свою жизнь: окончил московскую Школу биоэнергетики, духовное медресе, был соискателем в КазГУ по специальности психология, начал работать и до сих пор работаю над трудами. К тому же я человек, связанный с космосом, и высшие силы сказали мне, чтобы я начал заниматься организационной деятельностью. И потом, кто-то же должен доказывать целительские способности одаренных людей. Самое главное – нужно уметь правильно через молитву обращаться к Богу и прислушиваться к его подсказкам, а он всегда наставит на истинный путь. Я считаю, пришел человек к целителю – это непроста. И порой его необязательно лечить, ведь люди сами себе врачи, главное – дать правильное направление, указать, в какую сторону двигаться. Вспомните, древние люди искали лекарства, изучали травы, свойства воды. Они умели предсказывать с помощью карт, кумалака, были хорошими астрологами. Современные поколения утратили это чутье. – Вы сказали, что имеете связь с космосом и можете видеть некоторые вещи из будущего, а что ждет Казахстан в дальнейшем? – Землетрясения в Алматы в ближайшие годы я не вижу, нападения со стороны мировых держав тоже не ожидается. Казахстан будет самостоятельно решать свои проблемы, и развиваться в экономическом, социальном и культурном плане. Наша сила – в многонациональном народе. Связина О. Газета «Страна и мир» №32, 18.08.2006
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||