ғұмырнама 22 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
7. ЗЯДАН ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ТҮЙІНДІ ОЙЛАРЫ Адам баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам, байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді. *** Көлденең тұрған шырмауық торлар – ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Жаратушының еркінде. *** Біреудің қолбаласы болып одан жәрдем тілегенше, Алланың жарлықтарына үміт арту, одан жақсы амалдарының жемісін іздеу бірден-бір айқын жол және адамгершіліктің ең биік сатысы болмақ. *** Киелі қасиет – ол Алла Тағала сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері. Ол халықтың рухани өрісінің жеткен биігі. *** Тылсым күш құдіретін дарынды киелілерден хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының дарындыға сыйы әрі құпиясы. *** Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – қазақ елінің тарихында дарынды, киелі құпиялы тылсым күш иелерінің басын қосқан, тылсым сырлары мен халық емшілігін тұңғыш ғылыми айналымға енгізген бәйтерегі. *** Қауымдастық емшілері арасындағы ақылы жетпегендерге – ақыл, қиналғанға – қамқор, әлсірегендерге – қуат, жолдан адасқандарға – жарқын жол, діннен безгендерге – имандылық шуағын үйретуде, қисайғанға – сүйеу, құлап бара жатқанға – тіреу болды. *** Қауымдастықтың алғашқы кезеңінде осы қауымдастық арқылы атақ, абыройға ие болған мүшелері мен емшілері арасында қарсы күштерге қосылып, сатқындық жасаған жалданбалы жалған атақтар иелері «әулиелер», «аналар», «пайғамбарлар» аз болмады. 20 жыл өткенде олар өз аттарын тарихтан өшірді. *** Халық емшілігі – халықтық тектік мұра. *** Емші біреулерді қасиеті арқылы байытатын «құлдар» мен «күңдер» емес. Емші мен дәрігер қызметін біріктіру үшін елу жылдан аса уақыт керек. *** Шипагерлер өз мәдениетін, білімін, имандылығын, адалдығын және парасаттылығын дамтықанда ғана абыройға ие болады. *** Мен өткен заманда емші, балгер-бақсыларды, көріпкелдер мен болжампаздарды «есі ауысқандар» қатарына қосқан жандарды – бүгінде емшілерді бизнес көзіне айналдырғандарына таң қаламын. *** Емші – мәдениетті, сауатты, иманды және қайырымды болу керек. *** Шипагерлік те – мәдени мұраның бір саласы. *** Алла тағаланың шапағат рақымы – қазақ еліне нұрын шашуда. Қазақ елінің халықтарының имандылығы мен рухани парасаттылығын әлем халқы алдында асқақтатар күнде алыс емес. *** Жақсылық ойлаған – жардан құламайды. *** Жалған әулиелер өмірі – қысқа болады. *** Бөлінгенді бөрі жейді. *** Жаратушы атаққұмарлардан сақтасын. *** Құдайсызға құдайдың да жазасы болады. *** Қасқыр да қас қылмайды қандасына *** Қазақ ақылдан кенде емес, ешкімнен кем де емес. *** Жалғандықтың жолы қысқа болады. *** Жасандылық – жазылмайтын жараның түрі. *** Ұрлықтың бір түрі – «Жиендік». *** Емшілік өнері – құпиялы қасиет және ол біреулердің тірі тауары бола алмайды. *** Емшілік жүйесінің басшылары мен білімділерін жоюға әрекет еткен «бандиттік» топ ұйымдастырғандар жазаларын алары анық. *** Емшінің еңбегіне белгіленген – Жаратушыдан баға жоқ. *** Жетем бе, жетпеймін бе арманыма, Ойымның шығар мақсат заңғарына. Иман жүзді адамдар көбейсе екен, Сыйынған бір Аллаға, аруағына. *** Күндемегін ей досым, күндемегін, Күндесең де іштен тың, үндемегін. Іште сақта сырыңды, аша берме, Жүрген жоқсың қасымда күнде менің. *** Мал аласы сыртты болса, адамдікі ішінде, Көріп тұрам жауларымды ұйықтағанда, түсімде. Ақ жолымда жүре берем, адалдықты ұстанып, Алғыс болып алдан шығар қайырымды ісім де. *** Болғанымды, толғанымды, көре алмаса не етпекпін. Дұшпанымды адам етіп, мақсатыма жетпекпін. *** Арамдықпен түсірем деп торына, Тұзақ қойдың, тобырынмен жолыма. Қалыңына сен табынсаң қалтаңның, Мен табындым Құдайдың ақ жолына. *** Ұрынсаң егер пәлеге, Әйгілі болар әлемге. Сондықтан ойлан достарым, Жарайтын болғың кәдеге. *** Айту керек ақылды, Жеткізем десең дәлірек. Түсінбеген наданға, Ақыл айту не керек. *** Адал достың қадірін, Алыста жүрсең білерсің. Арам достың қадірін, Құм сияқты терерсің. *** Сабыр, сабыр сабырым, Сабырым менің тағдырым. Сабыр түбі сары алтын, Сабырдан қорқар қабырым. *** Біреулер аңқау болғансып, Арамдықты ойлайды. Біреулер марқау болғансып, Адалдықты ойлайды. *** Өмірде бар ғой баршылық, Көкіректе қалды – таршылық. Қайдан шықты демегін, Өсіп тұрған тал шыбық. *** Күресіп дұшпаныммен күндіз түні, Естілмейді жалғыздың жалғыз үні. Селкілдеген серілер толып кетті, Көреалмас түсінбейтін осы күні. *** Оттай болып күйеміз, Нардай болып желеміз, Кетпесің кәдең өмірге, Ақыры бір күн өлеміз! *** Бір Алла ғой сезім беріп, жүрегіммен сезгенім, Ерекшелік қасиет бар, жылы жүзді пендемін. Адасқанды ақ жолға сап, ізгіліпен асықпай, Жамандықтан, арамдықтан тазалаумен келемін. *** Имандылық ордасы да менің елім болады, Бақыт құсы келіп саған мәңгілікке қонады. Ырысың мен ырыздығыңның несібесі алдында, Жаратушың бір өзіңді қорғауына алады. (1999 ж.) *** Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым, Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырының сынағында келемін, Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқаның. (2013) Құттықтаулар! ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ Құрметті Қожалымов Зядан мырза! Сізді, Қазақстан Журналистер одағы басқармасы баспасөз құралдарында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарғаныңыз үшін және 70 жасқа толу мерейтойына орай осы "Құрмет грамотасымен" марапаттайды Қазақстан Журналистер одағы басқармасының Төрағасы С.Матаев Жыр-тілек Бар тірлігін ел-жұртына арнады, Өтейбойдақ ілімдерін жалғады. Қайда барса Алла қуат дарытып, Алға ұмтылды Текестің саңлағы. Түсіп талай ортасына тартыстың, Шынықты да жарқырады мәрт ұшқын. Құшағына немерелер толтырып, Шықты бүгін асуына жетпістің! Қиындықта қиналмай жол табатын, Емші, ғалым һәм журналист әрі ақын. Алдында оның сапары көп баратын, Аспанында жұлдызы мол жанатын. Бата беріп жолға салды әз Ана, Тірлік кештің таңнан тұрып бозала. Түймегүлдей жеңешеміз қасыңда, Барша тойың құтты болсын, қажы аға! Әнуар Тарақ, ақын Құрметті Зиядан қажы Қожалымов мырза! Сізді биылғы шілде айында болатын мерейтойыңыз – 70 жасқа толуыңызбен жүз мыңдай оқырманымыз атынан және «Тамаша» баспа үйі ұжымының атынан құттықтаймыз! Сіз Қазақстан халық емшілері қауымдастығын біліктілікпен басқара жүріп, ізденгіш зерттеуші ретінде сансыз қырыңызбен және жан-жақты, сегіз қырлы ғалым ретінде көріндіңіз. Қаншама ғылыми еңбектер жаздыңыз, тылсым дүниенің бұрын ашылмаған есігін аштыңыз, күшті ұйымдастырушы болып танылдыңыз және шипагерліктің сан қырына үңіліп, қазақ халқын әлемге таныттыңыз. Еліміздегі ғана емес, жақын-алыс елдердегі қарсыластарды жеңіп ғана қоймай, өзіңізді мойындатып, еліміздегі емшілердің беделін көкке көтердіңіз. Сіз алған атақтар қаншама! Бәрі де сіздің зор еңбегіңізге ескеріліп, еленіп, бағаланып берілгенін жақсы білеміз... Сіз ХV ғасырдағы қазақтың тума емші-ғалымы Өтебойдақтың таудай еңбегі «Шипагерлік баянын» қайта дүниеге әкелгендей, қадау-қадау зерттеу еңбектер жаза жүріп, бағасы зор еңбектің шипалы емін елімізге ғана емес, дүние жүзіне паш еттіңіз. Том-том кітаптарыңыз осы сөзіміздің айғағы! Сіз қадірлі де беделді әке, арқа тұтар аға, таудай арқа сүйер қамқоршы жансыз. Сондықтан да еліміздің емшілері сізді бірі аға, бірі әкесіндей көреді. Қиын шағында сіздің қамқор қолыңызды ұсынатынын біледі. Адамдық, адамгершілік, зиялылық қасиеттеріңіз қаншама жандарды қуанышқа бөлеп жүрсе, олар шын жүрегімен шаруаңыздың қашанда жемісті бола беретініне сенімді. Біз де сізді құрметтейміз, 70-ке келсеңіз де шаршамай, ширақ жүруіңізге, денсаулығыңыздың мықты бола беруіне тілектеспіз! Әлі де алар талай асуларыңыз алда деп білеміз! Мерей тойыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз жана берсін! Орынбай Оралбеков, «Тамаша» баспа үйінің директоры Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті Зиядан қажы Қожалымовқа! Аса қадірлі Зидан қажы ағай! Сізді асқаралы мерейтойыңыз – 70 жасқа толуыңызбен құттықтаймыз! «Ақбаян» газетінің ұжымы сізді он бес жылдан бері жақсы біледі және басылымымыз сіздің тылсым дүние сырлары, емшілер мен көріпкелдер, бақсылар, т.б. туралы танымдық ғылыми еңбектеріңізді оқырмандарына кеңінен таныстырып, халықтың құрметіне бөленді. «Ақбаян» газеті сіз және шипагер жұбайыңыз Түймекүл апай арқылы таралымын көбейтіп, жұрттың алғысына бөленіп келеді. «Ақбаян» газеті редакциясының ұжымы сізді ізденгіш ғалым, Өтейбойдақты танытушы, білікті ұйымдастырушы, халық емшілерінің білімі мен біліктілігін көтеруші, қорғаушысы, олардың емін академиялық медицинамен тайталаса алатындай ғылыми жолға түсіруші, халық емшілігін ғылыми дәрежеге көтеруші академик-ғалым ретінде жақсы біледі. Сіздің еңбектеріңіз том-том кітаптарыңызда жарияланып, өлмес, өшпес дүниелерге айналғаны бізді де қуантады! Шырайлы өлке – Шалкөде өңірін де сіз арқылы халық біліп, танып отыр. Құрметті Зиядан қажы аға! Алда да сізден тың жаңалықтар күтеміз, тағы да талай белесті алып, атағыңызға атақ қосыла беруіне тілектеспіз. Алла бойыңызға әманда зор қуат беріп, жігеріңізге жігер қосып, денсаулығыңыз мықты болып, ұзақ жасай беріңіз! «Ақбаян» газеті ұжымының атынан: Жанна Қыдырбаева, бас редактордың орынбасары, Ақерке Өмірзақова, бөлім редакторы, Салтанат Әжібекова, «Ақбаян» газетінің Астана қаласындағы тілшісі 1-шілде күні "Қазақстан халық емшілері қауымдастығының" президенті, "Халық медицинасы және Космоэнергетика" академиясының президенті, ҚР халық емшілері "Қоғамдық қорының" президенті Зядан Қожалымов қажы 70 жасқа толып отыр. Отанның алдында сіңірген еңбегі үшін Мемлекеттік статистикасының ресми деректері негізінде ғана, Қазақстан экономикасының нағыз көшбасшыларын анықтайтын кешенді рейтингтік бағдарлама "Ұлттық бизнес рейтингінің" "Қазақстанның даңқы" Орденімен марапатталған болатын. Халықтық шипагерліктің бәйтерегі атанып отырған Зядан қажы ағаны мерейтойымен және алған марапатымен шын жүректен құттықтап, ол кісіге қажымас қайрат, жүрегіне саулық, отбасына амандық тілейміз. "Әйел денсаулығы" газетінің оқырмандары да емдік кеңестеріңіз үшін сізге шексіз алғысын білдіреді. Халық үшін аянбай еңбек етіп жүрген ісіңізге Алланың нұры жаусын! "Әйел денсаулығы" газетінің ұжымы атынан Бас редакторы Фатима Жүнісова Маусым, 2014 Уважаемый КОЖАЛЫМОВ ЗЯДАН АО «БТА Банк» поздравляет Вас с Днем Рождения! Успешная деятельность Вашей компании является ценной для Банка «БТА». За период сотрудничества Ваша компания проявила себя, как активный партнер по бизнесу, широко используя предлагаемую линейку продуктов. Искренне надеемся на дальнейшее плодотворное взаимовыгодное сотрудничество и укрепление партнерских отношений. В День Вашего Рождения, желаем крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, семейного благополучия, движения только вперед - чтобы из года в год оттачивать профессионализм, уметъ в любой ситуации оставаться справедливым и грамотным руководителем. Пусть стороной обойдут Ваш дом ненастья, а мир, достаток и благополучие никогда не покинут Ваш семейный очаг! Пусть из поколения в поколение передается Ваша энергия и опыт. Желаем Вам воплощения в реальность намеченных планов, во благо процветания Республики Казахстан. УВАЖАЕМЫЙ ГОСПОДИН ПРЕЗИДЕНТ! Рад случаю приветствовать Вас и поздравить с открытием VI Международного конгресса по наследию нашего великого земляка Отейбойдака Тлеукабылулы. Выражаю уверенность, что этот конгресс внесет достойный вклад в культурную жизнь нашего отечества. Хочу пожелать всем усачтником конгресса здровья, бодрости духа и творческих успехов. Академик Т. Шорманов Президент Казахской Академии Питания 25.07.2009. Аса қадірменді Зядан қажы! Сізді, "Қазақстан халық емшілері қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төралқасы атынан жетпіс жасқа толған мерекелі мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Сіз, Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Хантәңірі шыңының баурайындағы Текес ауылында 1944 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келдіңіз. Алғашқы мамандығыңыз Инженер-электрик ретінде ауданның электржүйелендіру саласында ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтер атқардыңыз. Бұл күнде Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» ретінде, ғұмырлы еңбек жолыңызда "Қазақстан Даңқы" ордені мен "Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін" медалымен марапатталдыңыз. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатына" ие болдыңыз (2005). Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының толық мүшесісіз (1996). Сондай-ақ, философ-психолог, мәдениеттанушы-ғалым, Өтейбойдақтанушы. Дінтанушы. Шежіреші. Ақын-сазгер деген атақтарға қол жеткіздіңіз. 2003 жылы қажылық сапарда болып Алла жолында парызыңызды өтедіңіз. Ширек ғасырға жуық "Қазақстан халық емшілері қауымдастығының" президенті, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер қауымдастығының президенті (2006), Халық медицинасы және Ғарыштыққуат Академиясының президенті-академигі, "Шипагерлік баян" газетінің Бас редакторы – Ақылдастар алқасының төрағасы т.б. қоғамдық жұмыстарды абыроймен атқарып келесіз. Сіз халық медицинасы саласының профессоры және Халықаралық Ресей халық медицинасы Академияларының академигісіз. Сіздің қызметіңіздің жетістігін Халықаралық рейтинг комитеті жоғары бағалап Қазақстан халық емшілері қауымдастығына "Ұлттық сертификаты" мен арнайы "Алтын медалімен" марапаттады. Сіз қоғам қайраткерісіз, Сіздің жүйрік қаламыңыздан жазылған 23 танымдық ғылыми кітаптар мен әңгіме, өлең, пьеса сынды шығармалар бүгінде оқырмандар мен зерттеушілердің іздеп жүріп оқитын құралына айналды. Бүгінде, 30-дан аса сөзі мен сазын жазған әндеріңіз және жыр-толғауларыңыз өнерсүйер қауымның сүйіп тыңдайтын сазына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 42-ден аса мерзімді басылымдарға, 10-нан аса журналға шыққан 420-дан аса мақалаларыңызды оқырман қауым өте жоғары бағалауда. Халық шипагерлігі саласындағы ғылыми жұмысыңыз өз нәтижесін бере отырып, тарихы жазылмаған халық шипагерлігін ғылыми айналымға енгізіп ғана қоймай, б.д.д. және XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының медициналық "Шипагерлік баян" еңбегін ғылыми негізде зерттеп баспадан шығарған "Шипагерлік дәстүрі және философиясы" атты ғылыми монографиянызды ғалымдар өте жоғары бағалап, шипагер Өтейбойдақ бабаға "екінші ибн Сина" деген атақ берді. Сіз, қажымайтын әрі шаршауды білмейтін еңбекқор адамсыз. Оннан аса Халықаралық конгрестер мен форумдар, конференциялар өткізіп, емшілердің мәдениетін, сауаттылығын, ынтымағын, имандылығын өсіруде үлкен еңбек сіңіріп келесіз. Бүгінде, Қауымдастықтың мүшелері мен емшілері Сізді адал басшы, ғалым, журналист және ақын-сазгер екндігіңізді мақтан етеді әрі сыйлайды. Халықаралық халық емшілігі саласының бірнеше қауымдастықтарының толық мүшесі, Халықаралық парапсихолог, Әлем емшісі, "III мыңжылдықтың үздік емшісі" сияқты атақтарыңыз тағы бар. Шетелдерде өткен Халықаралық форумдарға қатысып, қазақтың халық емшілігі жөніндегі жасаған баяндамаларыңыз өз кезегінде оң бағасын алған. Сіз, тарихи шындықты жырлауда: Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым, Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырының сынағында келемін, Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқаның, – деген жыр жолдарыңыз бүгінде өмір шындығына айналды. Тағы бір жыр жолдарында: Күндемегін ей досым, күндемегін, Күндесең де іштен тың үндемегін. Іште сақта сырыңды аша берме, Жүрген жоқсың қасымда күнде менің - деп жырлап қарсыласыңызға, көреалмастарға қарамадыңыз. Ақыры өз арманыңызға жеттіңіз. Сіздің, бұл еңбегіңіз өшкенді жандырып, өлгенді қайта тірілтіп халықтық шипагерліктің мәңгілік алтын қазығын қалпына келтірді. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеп, алдағы 70 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын демекпіз! Құрметпен Төралқа мүшелері: Құрбанқожа Сансызбай, Сәрсенбай Жанболат, Құмаров Қабылкәрім, Әділбеков Әбдіберік, Бесембаев Құмарбек, Васильев Андрей, Әлімжанов Серік ЖАН АҒА Ұлылықты бойына сіңірген, Тылсым дүние сырына үңілген. Дұшпан күйіп жолында иілген, Дос қуанып, еңбегіне сүйінген. Халық емін ту етіп те көтерген, Ел алдында еңбек жолы өтелген. Тағдыр талқысында баз кешіп, Қаламы жазушылыққа төселген. Өтейбойдақ бабамның аманатын, Орындады, шығарды ғажап атын. Шипагерлік ілімдерін зерттеді де, Ғылым етті, ғылымда саналатын. Арманы көп ұлылығы дарындаған, Жетпіске келді нұрлы, ұлы адам. Ұлы тау мұнарынан қол бұлғайды, Жан ағам, Қожалымов Зядан! Жанболат Сәрсенбай, ақын Зәкеңнің 70 жылдық мерей тойына арнау Мерей той 70 - жылдық құтты болсын, Рухың жылдан - жылға мықты болсын. Белестен талай – талай асып жеттік, Ұрпағың өзіңдей ақ текті болсын. Әруағын бабаларды жандандырдың, Талайын емшілердің таңдандырдың. Жол таппай талай пенде жүргенінде, Жолға сап көпшілікті рухтандырдың. Жол бастап Зәке аға алға шықтың, Алланың көмегімен және рухтың. Ілесті емшілер мен ғалымдарда, Бұл жолға қолын берді талай мықтың, Емшілер сырын аштың талай – талай. Пендеге байқалмайды құпия мұндай. Құпиясын ашып дін мен тылсымның, Пайғамбар ізіменен барасыз әрі қарай. Зәке аға талай – талай қырдан астың, Табалмай жолды кейде отты бастың. Бұл кезде Алла қолдап жол бастатты, Кеудеңе жүрек симай асып тастың. Бұл істі көре алмады талай пенде, Білімнен хабары жоқ көбі кенде. Түсінді талайлары да өз қатесін, Өзгерткен өз ойларын осы кезде. Барлық іс сәйкестенді заң негізде, Бүгінгі ғылымменен бір егізде. Ғылыммен жаңалығы дәлелденіп, Көбінің көзі жетті бұл негізге. Ілімі орта ғасыр шет қалмады, Бабалардың ілімі кең талданды. Құран, Хадис, Хикмет дәстүрлерде, Бүгінгі ғылымменен тең жалғанды. Еңбектің шықты баспалардан, Біразы көрсетілді таспалардан. Еңбегің ғаламторда жарқырауда, Мәліметті алуда оқырманың. Аштың облыс тарда бөлімшелер, Бәрі де заңдылыққа көніп жүрер. Бақыланып әрбір ісі бөлімшенің, Күніне хабарлары жетіп келер. Еңбекті жаздың бүгін том – том қылып, Оқыған мен емшілерді таңғалдырып. Перделері көз алдының ашылуда, Ғаламның құпиясына кеңес қылып. Жылма – жыл білімдері көтерілер, Басса аяқ заманымен қатер жүрер. Әр жылы бас қосады әр қалада, Ғылыми іс – шарасын бірге өткізер. Емшілер ашты талай емнің сырын, Бабалар салып кеткен құпия қырын. Ғылымға алып келді бұрмаламай, Олардың салып берген сара жолын. Келіпті Өтейбойдақ емші жолға, Алыпты Ибн Сина ілімін өзі қолға. Өтіпті бойдақ болып өмірінде, Қалдырып «Шипагерлік баянын» да. Бүгінде біз келеміз сара жолмен, Өтейбойдақ салған дара жолмен. Атанды бүгнде«екінші Ибн Сина», Ғылымды бөліп берді әр саламен. Із салды емшілерге Ибн Сина, Даналық кеңес берді байлық қума. Ашты ол емшілердің талай сырын, Артында мұра қалды дара тума. Иассауи хәл ілімнің жолын ашты, Рауандай түркі еліне сауле шашты. Ілімін жалғастырып пайғамбардың, Хикметпен өз халқының көзін ашты. . Міне мен осылайша толғанамын, Қалам мен қағазды қолға аламын. Жыр арнап 70 - жылдық мерей тойға, Өткен өмірді еске алып ойланамын. Зәкеңе білдіремін тілегімді, Ескерген елге еткен еңбегіңді. Өткердік талай жылды біздер бірге, Ризамын бірге өткізсек қалған жылды. Осымен түйіндеймін жырымды мен, Қол ұшын беріп жүрем көмегіммен. Ел үшін қызмет ету міндетіміз, Көмекті бере – бер ғылыми еңбегіңмен. Осындай мерей тойлар бола берсін, Соңыңнан шәкірттерің ере берсін. Әр жылы шабыттанып, ән жазылып, Әр тойлар дәл осындай бола берсін. Сансызбай Құрбанқожа Түркістан қаласы, 11.03.2014.
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||