ғұмырнама 13 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
Өтейбойдақтың ізін қуушы ғалым Зейнолла Нұрғали Дәрігер-емші Алматы облысы
Зерттеуші-ғалым З.Қожалымовтың басшылығында өтейбойдақтану мектебінің негізі қаланды. Көне заманғы қазақи тілде жазылған еңбек бес жарым ғасырдан кейін, бүгінгі қазақ тілінде толық ғылыми айналымға енді. Біз Шығыс Қытай елінен келген дәрігер-емшіміз. Ол елде дәрігер болсақ, бүгінде қауымдастықтың құрамында адал басшының көмегімен қазақтың емшілік жүйесінде қызмет етіп, оған өз үлесімізді қосудамыз. Баспаған жер мен танымаған елге келгенімізде, не істерімізді білмей және қайда барарымызды түсіне алмай жүргенде Алланың бұйрығымен, ғалым-шипагер З.Қожалымов ағамызбен кездесіп, оның құшақ жая қарсы алуы ізгі армандарымыздың нұрлана түсуіне, рухымыздың өсуіне, бізді өз туысындай қабылдайтын басшының барына риза болдық. Ол бізді тәрбиеледі, баулыды, дәрігерлік пен емшілік жүйесін қатар жүргізуге сауатты нұсқау берді. Сондықтан да осындай ғалым әрі адал басшыға рахметімізден басқа айтарымыз жоқ. Шипагер Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баянын» қайтадан тірілткен, жаңғыртқан халық емшілерін бір ортаға жиған, бүгінде басшылық және ғылыми атақтарынан басқа бірнеше ән мен жырдың, толғаулардың авторы атанған ақын-сазгер Зядан қажы ағамызға, ғылыми еңбегімен ұйымдастыру жағындағы абыройының асқақтай беруіне ізгі тілегімді білдіремін. Қауымдастықтың құрамындағы оның емшілерінің ынтымағы мен бірлігі және еңбектеріндегі 2012-2013 жылдың қызметінің нәтижесінде Халықаралық рейтинг комитетінің «Сала көшбасшысы-2013» қабырға алтын медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» ұлттық сертификатымен марапатталуы да басшымыздың жауапкершілікпен ұйымдастыруының нәтижесінде жеткен көрсеткіш. Өзінің басқарған ұйымының болашағының жақсы болуына тер төккен, барлық кадрлеріне тең көзқараспен қараған, емшілік пен ғылымды, ұлттық өнерді қатар ұстаған және халықтық шипагерлік өнерінің өркендеуіне үлес қосушы қауымдастықтың адал басшысы әрі мақтанышымыз Зядан қажы Қожалымов мырзаға ғұмырының ұзақ, денінің сау, қызметі мен шығармашылық зерттеуінің табысты болуына және торқалы тойына құтты болсын демекпін! «Шипагерлік баян» газеті, №6, 2014
Академик Зядан қажы Қожалымовтың «Өмірімнің тағдыры» атты кітабынан алған әсерім Зекейұлы Серік Қытай медицина ғылымдарының жоғары дәрежелі дәрігері, аға зерттеуші, академик Қаскелең қаласы
«Емшілікке ширек ғасыр өмірімді арнадым. Адалдықты сақтадым, бағытымнан таймадым. Тәңірімнің тағдырымның сынағанда келемін. Сеземін, ауыр жүкті көтермесін басқаның.», – деп бастағанындай, осы «Қазақстан халық емшілері қауымдастығына» жүрек қанын сарқа жұмсап, талай сындардан өтіп, сан қиыншылықтарды жеңіп, ауыртпалықтарды көтеріп, қайсарлықпен қажымай еңбек етіп келе жатқаны мен мұндалап тұрады. Иә, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары, тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болған болса, «ҚР Емшілер қауымдастығын» құру да сондай оңайға соқпағанын кітапты оқыған сайын терең түсінеміз. Зядан ағамызбен Түймекүл тәтеміз екеуі 1991-жылдың күз айларында Мәскеудегі емшілер мектебінде білім алып оқып жүрген кездерінде, Зядан ағамыз өз елінің, өз ұлтының «Халық емшілер қауымдастығын» құру бекіміне келеді. Содан бастап тәтеміз екеуі талай емдік сеанстарды сәтті өткізіп, сандаған жұдырықсыз соғыс майдандарын бастан өткеріп өз білімдерінің, қазақ елі рухының қолдауында, халықаралық конгрестерге шеберлік емдік сеансы бойынша қазақ ұлтының атынан тұңғыш рет шығып шебер емдік өнерлерін әйгілеп табысқа жетіп, өздерін ғана емес бүкіл қазақ елін, қазақ емшілігін әлемге паш етеді. Осылайша, сан мәрте сайыстар мен емдік сеанстардың арқасында жолыққан қат-қабат қиыншылықтарды жеңіп, кедергілерді аластай отырып, жаңа шаңырақ көтеріп жатқан тәуелсіз қазақ елінің, емшілері мен ғалымдары және халық емінің жанашырлары қолдап қуаттауында 1991-жылдың 22-желтоқсанда «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» ресми құрылады. «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» құрыла сала бірден сара жолға түсті дегендік емес, қиын-қыстау жолдармен Зядан ағаның көтерер ауыр жүгінің басталуы еді. Содан бастап өзінің білімін жан-жақты шыңдап, онан сайын жетілдіре түскен Зядан ағамыз қат-қабат қиыншылықтарды жеңіп, жолыққан кедергілерді бірден аластай отырып, тәуелсіз қазақ елінің қолдап қуаттауында, аға буын ғалым-дәрігерлердің қолдап-демеуінде, қалың дәрігерлер мен емшілер Зядан ағаның жетекшілігінде бір ниетте жалықпай еңбек етуінің арқасында «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» жоқтан барлыққа келді, одан сайын есейіп ержетті, бүкіл елге, бүкіл дүниежүзіне танылды. 2011-2013 жылғы қауымдастықтың қызметінің көрсеткіші бойынша Халықаралық рейтинг комитетінің нақты мәліметтері шешімімен «Қазақстан халық емшілер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Сала көшбасшы-2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» ұлттық сертификатымен марапатталуы біз үшін мақтаныш әрі қуаныш. Осы нәтижеге жетуінің өзі көшбасшымыз З. Қожалымов ағаның білімді ұйымдастыруымен емшілер қауымын адалдыққа баулуының нәтижесі деуге болады. Зядан ағамыз: «Емшілік өнері – біреулердің тірі тауары емес, ол таңдаулы іздемпаз халықтың рухани байлығы. Емшілік намысын қолдан бермейтін арлының ісі, тектіліктің табандылығы, Алланың аманаты», – деген қағиданы бекем ұстаған. Қайсы елдің қазіргі заман медицинасы болсын, олардың барлығының ата-бабасы халықтық медицина, халық емшілігі деп айтуымызға әбден болады. Шығыстың әйгілі ғалым емшісі Әбу Әли ибн Сина десек, шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485) шығыстың "екінші ибн Синасы" деп аталуына өтейбойдақтанушы ғалым З.Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» (Алматы. «Шалкөде», 2009) атты ғылыми монографиялық еңбегінің нәтижесі деп ғалымдар өз бағасын берді. Ұлы шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын әлемдік деңгейге жеткізіп, оның «Шипагерлік баян» (алғаш 1994-жылы Қытайдағы Шинжиан Ғылым-техника-денсаулық баспасынан жарық көрген) атты ұлы еңбегін жете зерттеп оны халықаралық деңгейде үгіттеу, бүкіл дүниеге таныту Зядан ағамыздың төл еңбегі деп айтуымызға әбден болады. Қара үзген ұлы шипагер бабамызға арнап, Зядан ағамыз «Шипагер баба» атты ән шығарды, әннің сөзінде музыкасында өзі жазды, сонымен қатар, арнаулы түрде «Шипагер баба» атты сахналық көрініс жазып, сан мәрте сахналарда орындатып, шипагер бабамызды бүкіл дүние жүзіне танытты. «Ел үмітін ер ақтар, ер есімін ел сақтар» – деген міне, осы. Емшілер жүгін арқалап, ел үмітін ақтап келе жатқан, нағыз ғалым ардагер ағаларымыздың бірі осы Зядан қажы ағамыз десек артық айтқандық болмайды. Зядан аға «Қазақстан халық емшілер қауымдастығын» өзі құрып, өзі жетекшілік еткелі, өзінің әділ турашылдығымен, ақкөңіл адалдығымен, жанашыр бауырмашылдығымен келе жатыр. Осының арқасында бұл қауымдастық талай дәрігер-емшілерге арқа-тірек, баспана болып келеді. Өзімде солардың бірімін. Еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында, ата-жұртқа оралдық. Қытайда жоғары дәрежелі дәрігер болып жұмыс істегеніммен, бұл жерге келе-сала, осы жаққа үйлесіп, жұмыс жасап кету маған оңайға түспеді. Бұл тұста бір жағынан бауырым Жасан Зекейұлы ашқан «Жас-Ай» шығыс медицинасы орталығында жұмыс істей жүріп, Жәкеңнің таныстыруымен Зядан ағаға келіп сәлем беріп мән-жайымызды айттық. Ол кісі бізді ыстық ықыласпен қызу қарсы алды, мені қауымдастыққа қабылдады, әрі «Қазақстан халық емшілер қауымдастығының» жаңа тарихымен таныстырып жетекшілік жасады, маған үлкен демеу, қолдау көрсетті. Осылайша өз еліме, өз халқыма жақсы қызмет істей бастадым. Сондықтан «Қазақстан халық емшілер қауымдастығына» және Зядан ағаға үлкен алғысымды айтамын. Осы жетістіктердің барлығын жинақтап айтсақ еліміздің, тәуелсіздігінің, ел ағаларының дұрыс бастамасының арқасы деп толықтай айтуымызға болады. «Елдігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз мәңгілік, тәуелсіздік тұғыры биік болсын. Ел ағаларының дұрыс-дана бастамасынан айырмасын» – деп үнемі тілек тілеп отырамын. Зядан ағамыз өз қолымен құрған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» өмірі ұзақ ғұмырлы болсын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғассын, шипагер бабалар рухы риза болсын, әлемдегі көшбасылық орны тіптіде бекемдей түссін, алған асуларынан алар асулары көп болсын, шыққан биіктерінен шығар биіктері көп болсын, болашағы нұрлы – жарқын, істері мәңгілік болсын деп тілеймін! Алла тағала ізгі армандарының биігіне жеткізсін! Алдағы мерейтойы құтты болсын! «Шипагерлік баян» газеті, №5, 2014 ж.
ЕМШІЛІК ӨНЕРІН ӨРКЕНДЕТЕЙІК Зікірия Жандарбек А.Яссауи атындағы ХҚТУ-і Археология, этнография және дінтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Түркістан қаласы «Шипагерлік баян» газеті, №12, 2013
Жетпістегі зиялы ғұмыр иесі Кенже Оразай ҚР Журналистер одағының мүшесі Алматы қаласы Қаннан дарыған бойындағы емшілік қасиетті Зядан Қожалымов ең алғаш 1989 жылы байқапты. Қазіргі уақытта халық медицинасы мамандығы саласының профессоры, академик, Қазақстан Журналистер одағының және психологтар Одағының мүшесі, халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құпия» және «Ресей халық медицинасы» қауымдастықтарының толыққанды мүшесі, Ұлттық бизнес-рейтингтер халықаралық рейтинг одағының «Сала көшбасшысы-2013» атағы мен осы ұйымның «Қазақстанның даңқы» орденінің иегері болған Зәкең 1990-1993 жылдары аралығында Мәскеуде халықаралық емшілер білімін жетілдіру мектебінен білім алған. Осы салада көп уақыт үздіксіз ізденіс пен зерттеулер жүргізу нәтижесінде 400-дей ғылыми-танымдық мақалалар мен 20-дан астам кітаптың авторы атанды. Оның ішінде «Ғаламның жұмбақ сырлары», «Тылсым дүниенің құпия емдері», «Рухани емшілік ғаламаттары» және «Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары» атты еңбектерін ерекше атап кетуге болады. Зядан ағаның ерекше еңбектерінің бірі ретінде шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының XV ғасырда жазып қалдырған «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін ғылымға енуіне ықпал етіп, оны халық арасына насихаттауға қатысқандығын айта кету қажет. Ө.Тілеуқабылұлына арнап бабаның туған жері Шалкөдеге құлыптас қойылуына басшылық жасады. Бұл өз кезегінде өткен ғасырлар қойнауында қалып кеткен бабаларымыздың рухани және адамзатқа өмірлік қажетті құнды дүниелерін қайта тірілтумен бірдей болды деп айтуға болады. Алматы облысының Райымбек ауданының құрметті азаматы. Осындай жер жанаты саналатын табиғаты көркем, киелі топырақта туып-өскен аты аталған қауымдастықтың президенті ақындық, сазгерлік талантымен де көпке танымал болды. 2003 жылы қасиетті Мекке-Мәдинаға барып қажылық парызын атқарып қайтты. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде Зядан Қожалымов – сегіз қырлы, бір сырлы, кез-келген қазақ баласына үлгі боларлықтай тұлға. Сонымен қатар, Қазақстандағы халық медицинасы жаңа дәуірінің көш басшысы. Мұндай азаматтың шәкірті болуға құштар жандар аз емес. Олардың бәріне Зиядан қажы мейіріммен қарап, дұрыс жол, оң бағыт нұсқап, бойдағы бар қасиетті игеріп, пайдаланудың ғылыми нұсқаларын үйретіп келеді. «Шипагерлік баян» газеті, №6, 2014 ж.
ХАЛЫҚ ЕМІНІҢ КЕЛЕШЕГІН ЕКШЕСЕК Керімбектің Ермаханы м.ғ.д., профессор, Түркістан қаласы Ғылыми-техникалық революция дүмпуі ғаламат жетістіктерді дүниеге әкелген қазіргі таңның айналамыздың, әсіресе адам табиғатының алуан түрлі құпиясы әлі де толық ашылмаған күйі қалып отырғаны баршаға мәлім. Сондай-ақ әулие, тәуіп, бақсы-балгер, көріпкел, есепші, жұлдызшы, құмалақшы, экстрасенс, сәуегейлердің іс әрекеттерін қазіргі медицина ғылымының тиянақты түсіндіре қоймағаны тағы бар. Бұның жолын кім табады, қандай жүйе жұмыс жасауға болады, дүниеге екі түрлі көзқарас күшін бір арнаға қалай бағыттау мүмкіндігі бар. Міне, бұл өте ойласуды керек ететін үлкен бағыт. Қазақстанның ең киелі жерлерінің бірі қасиетті Арыстанбаб – Түркістан жерінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылғанын, онда Шығыс медицина факультеті бар екенін сіздер жақсы білесіздер. Енді бізге құдай тағала үлкен білім ордасын елімізге нәсіп еткен екен, оны өз дәрежесінде халыққа жайлы ұлттық маман дайындау үшін көркейту сіз бен біздің борышымыз. Өйткені, бабаларымыздың бабасы әл-Фараби өз отанынан білім ордасын таба алмай, ел кезіп кеткенін естен шығармағанымыз жөн. Бұл білім ордасы Қазақстан және Түркия елбасыларының қолдауымен дүниеге келген. Осы университетте Шығыс медицина факультетінің іргетасы да қаланған еді. Оның алғашқы ұйымдастыру жұмыстарына біз де қатысып факультетті қажетті оқулықтарымен қамтамасыз етуге атсалыстық. Ал енді мақсат не дейсіз ғой? Міне, мені көптен мазалап бүгін қолыма еріксіз қалам алдырған аталмыш факультетті шынайы шығыс медицинасының жоғары мектебіне айналдыру туралы ой еді. Ол үшін біз оқуға талапкерлерді қабылдар кезде олардың арасындағы бойында емшілік, көріпкелдік қасиеті барларын іріктеп алса, қабілеті бар жастар медицина саласынан жоғары дәрежелі білім алса, емшілеріміздің біліктігі арта түсіп, қазіргі кез болып жүрген кейбір келеңсіз жайттар жойылар еді. Жаңаша дамып келе жатқан ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері табиғатының алуан түрлі құпиясын шешу үшін халық емшілерінің де өркенін өсіріп, екі түрлі көзқарастың күшін бір арнаға, бір мақсатқа, яғни адамның денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Ол әрине, бүгін-ертең шешіле қояр шаруа емес шығар, десек те, ойласып көрсек деген ниет. Болашақта университеттің Шығыс медицинасы факультетінің қазіргі оқу жоспарына арнайы мұсылман, оның ішінде Түрік халықтарының сондай-ақ Жапон, Монғол, Қытай, Тибет, Индия және Еуропа халық емшілерінің құпия сырларын оқыту бағдарламасына ендіріп, Алматыдағы халық медицина орталығы мен Қазақстан халық емшілері ассоциациясына мүше емшілер және басқа да шет елдерден әртүрлі саладағы білгір, дарынды халық емшілерін университетте сабақ беруге шақыру қажет. Бұл білім беру жағы десек, енді емшілік қасиеті бар талапкерлерді университетке қабылдау арқылы олардың табиғи қабілетін біліммен ұштастыру. Оларды оқытудың біршама ерекшелігі болатынын ескеріп, соған ыңғайлы жағдай жасау жағын да айта кетуді жөн көріп отырмын. 1. Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетіне халық емшілерінің өкілін оқытуды заңдастырып және сондай арнаулы топқа қабылдайтын (мүмкіндігіне қарай) орнын, санын бекіткен жөн. Емші талапкерлер арасында да, конкурс болуы міндетті. 2. Университеттің Шығыс медицинасы факультетіне қабылдаудың жалпы ережесіне емшілік қасиеті бар тобына қабылданатын талапкерлер үшін қосымша талап тілектер қосылса (Халық емшілері тобына 40-45 жасқа дейінгілер қабылданады). Халық емшілері тобына қабылданушылардың қолында «халық емшісі» деген куәлігі бар немесе емшілік қасиетін емтихан алдындағы конкурста байқатып, одан сәтті өткендер қабылданады деген ескерту ендірген дұрыс. 3. Қабылданған емші-студенттерге өздерінің ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау шарт. Әйтеуір солардың кәсібін жетілдіруге толық еркіндік беріп сабақтан басқа уақытта кәсіби (қасиеттік) машықтануға, дәрет алу, намаз оқу, сиыну, ғарышпен байланысып, аруақтармен тілдесу т.б бақсылық өнерін жетілдіруге жәрдем беруді ескерсек. Аталған арнаулы топты бітірген емші студенттер университеттегі Шығыс медицина факультетін бітірген студенттер мен құқығы бірдей болып мемлекеттік ауруханаларда қызмет етілуін заңдастырса дейміз. Қазіргі уақытта осы аталған университеттен емшілік қасиеті бар, дарынды жастардың бітіріп өз мамандықтары бойынша халқына қызмет жасап жүргендері баршылық. Енді «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» құрылғанына 20 жыл толды. Бұл мерзімде оның президенті Зядан Қожалымов әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылым зерттеушісі, Қазақстан бойынша емшілер қауымдастығының басын қосып, жыл сайын: Алматыда, Шымкентте, Түркістанда, Таразда биыл 2010 жылы – Астанада белгілі тақырып бойынша ғылыми конференция, форум халықаралық конгрестер өткізіп келеді. Осы ғылыми-теориялық конференцияларда, емшілер қауымына арналған ғылыми кітаптар талқыланып отырады. Мысалы, Тараз қаласында өткен конгресте Зядан Қожалымов мырзаның «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми монографиялық еңбегі талқыланды. Монографияда қазақ халқының халық шипагерлігінің тарихы және хv ғасырдың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерліктің негізін қалаушы әрі оның емдік әдіс-амалдары туралы, адам биоөрісімен рухани медитациалық және музыкалық емнің шипасы мен денсаулықты жақсарту мен тазару мәдениеті туралы ғылыми таңдамалық анықтамалар берілген. Осындай емшілер қауымын жетілдіру мақсатында жазылған ғалымдар еңбектері, ғылыми мақалалары аз да болса жарық көруде. Енді емшілер қауымының білімін жетілдіру мақсатында жаратылыстану және медицина студенттерінің бағдарламасына сай жазылған менің соңғы жылдарда шығарған оқулықтарым: «Тәнтану атауларының латынша-қазақша-орысша сөздігі» (Алматы, «Ана тілі», 1996) «Тәнтану» (Алматы, «Білім» баспасы,2004), «Баланың туылғаннан кәмелетке дейнгі өсіп-дамуы, тән-жан тәрбиесі мен гигиенасының жас ерекшеліктері» (Түркістан «Тұран» баспасы, 2008), «Дене шынықтыру-Спорт мектебіндегі жасөспірімдердің тән-жан-тәнтірлігінтануы (физиологиасы) мен гигиенасы («Түркістан», «Тұран» баспасы, 2009), «Тәнтірілігінтану» (физиология) атаулары және заңдылықтары, теңдіктері, тұрақтылықтары мен ерітінділердің түсіндірме анықтамалары («Түркістан, Тұран» баспасы, 2009) т.б. Соңғы кезеңдерде ел ықыласына бөленген «Жас-ай» Шығыс Тибеттік медицина орталығы болып саналады. Бұл орталықтың басқарушысы Жасан Зекейұлы – академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор халықаралық инемен емдеу Академиясының мүшесі, жоғары дәрежедегі Қытай-Тибет медицинасының дәрігері. Осындай шығыс медицинасының жалпы халыққа берері көп. Сөйтіп, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшыларының 20 жыл тынбай еңбектенуі нәтижесінде халық емшілерінің білімі, саналы түсінігі, деңгейі өте жоғары дәрежеге көтерілді. Сондықтан да сенімді түрде халық емшілерінің келешегі зор болмақ. Қазақ халқын тәрбиелеуде де бағытымыз дұрыс. Аллаға шүкір. Мақаламызды тұжырымдай келе, біріншіден, жоғарыда айтқан емшілік қасиеті бар, сертификаты бар жастарды Қазақстан бойынша жоғары және арнайы білім беретін оқу орындарына қабылдауды түбегейлі шешкен жөн. Екіншіден, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан Әбу Насыр әл-Фараби атындағы емшілер қауымдастығының ғылыми зерттеу орталығы ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Мінеки, айтар ойымды тәмәмдадым. Ниетіміз – ақ! Халық арасынан шыққан қасиетті, дарынды халық емшісі, тәуіп, бақсы-балгер, көріпкел, есепші, жұлдызшы, экстрасенс, т.б қазіргі медицина жетістігімен сусындайтын жас буындарға жол ашылсын. Олардың да игілігін халық көрсін, дертіне шипа алсын, нәтижесінде халқымыздың дені сау болсын демекпіз. Аумин, Алла үшін, Ғылым үшін! «Шипагерлік баян» газеті, №07, 2012
Кожалымов Зядан – организатор нового уровня народной медицины в Казахстане Костюкевич Любовь Целитель биокосмоэнергет г. Алматы Много людей, далеких от научных знаний, накопленных к настоящему времени, пытаются судить о результатах и достижениях в этой области. Скепсис, неверие, плохое знание не только физики, химии биологии, психологии, не говоря уже об энерго-информационных процессах, создают неблагоприятное мнение об этой сфере деятельности народных целителей. Об энерго-информационных взаимодействиях, о Теории Энерго-информационного Поля, окружающего людей и Землю в целом как воздух, многие не имеют никакого представления, мысля еще по старинке. Наш Президент Ассоциации как раз уделяет пристальное внимание в своей работе людям, вносящим научное обоснование методов народной медицины, а также объясняющим с этой точки зрения взаимодействия как между людьми, так и с природой. Казалось бы, почему человек делает на расстоянии едва заметные пассы, а другой чувствует облегчение самочувствия? Кто-то накладывает руки на болевые участки – происходит постепенное излечение ряда заболеваний либо параллельно с официальными методами излечения, либо самостоятельно. Я сама на себе прочувствовала этот волшебный процесс, когда мы возвращались с Международного Форума «Будущее лечебной системы народной медицины», с13 по 15.09.2013 года, который проходил под руководством нашего уважаемого ученого-философа Зядан кажи в Туркестане. Кроме содержательных выступлений и обмена опытом после основных сообщений на заседаниях, мы смогли посетить святые места, оставившие глубокое впечатление. Ощущался прилив энергии и желание работать с еще большей пользой. У меня на обратном пути в поезде заболела давняя травма. Лиля, одна из целительниц, спросив, почему не сплю, ничего не говоря, за несколько секунд сняла боль. Чудо? Да, но имеющее научное обоснование! Примеров успешной эффективной работы специалистов, объединяемых Ассоциацией, можно привести множество. Это о чем говорит? Что Президент собирает вокруг себя достойных людей, обладающих знаниями и определенными способностями в своих разделах народной медицины. Причем тех, кто не подтверждает свою деятельность на благо больных, духовное оздоровление общества, и не участвует в мероприятиях Ассоциации, где проводится повышение квалификации и обмен опытом между специалистами народной медицины, Президиум Ассоциации отчисляет. Достойные ее члены отмечаются грамотами, па мятными знаками и так далее. Практически каждый целитель проходит систематическое обследование через аурокамеру и на аппаратах по методике Фолля, подтверждая объективно не только свои способности, но и возможность и правильность воздействия на пациентов. Словом, руководство Ассоциации следит за «чистотой» ее рядов. Вы все сами знаете, сколько недоброжелателей хотели бы объявить народную медицину лженаукой и закрыть это направление деятельности, хотя народные целители и врачеватели существуют тысячелетиями. Ассоциация систематически проводит учебу и посвящение вновь прибывающих специалистов. Это важно для ее авторитета, имиджа и эффективности работы. Чрезвычайно важно ежегодное проведение мероприятий, на которые приглашаются специалисты разных направлений народной медицины не только из Казахстана, но и ближнего и дальнего зарубежья. На них обязательно проводятся мастер-классы, где целители делятся своим полезным опытом в лечении больных с некоторыми заболеваниями. Очень интересно прошел VII Международный Конгресс «Духовное и музыкальное целительство», проведенный Ассоциацией целителей Казахстана, совместно с Международной Ассоциацией СТНМиЦ , Академией народной медицины, проведенный в столице нашего государства – Астане в 2010 году. Прошли не только насыщенные дни работы, но и была организована большая культурная программа. Посещению уникальных сооружений этого города также было уделено внимание. Надо отметить, что в заключение мероприятий всегда организуются вечера, где участники знакомятся между собой уже в более неформальной обстановке, показывая свои таланты – кто-то поет, кто-то танцует, кто-то читает стихи свои или народных поэтов. Прекрасные по звучанию музыкальные произведения, написанные Зядан кажи, проникновенно исполняемые на мероприятиях, производят приятное впечатление, наводя на философские размышления, показывая красоту и мелодичность творчества Зядан кажи, также замечательны голоса исполнителей. Надо отметить, насколько внимательно отношение руководителя Ассоциации к каждому члену Ассоциации, наблюдая за их деятельностью, подсказывая, советуя молодым, какие программы нужно освоить для эффективной помощи людям. Я лично отношусь с глубоким уважением и благодарностью за его организаторские способности, обширный кругозор и масштабное мышление в вопросах народного целительства не только в Казахстане, но и на международном уровне. Газета «Шипагеролік баян» №6, 2014
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 | ||
![]() | ||