ғұмырнама 16 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
Шипагер Өтейбойдақтың мұрагері Ораз Қауғабай Жазушы-профессор, Алматы қаласы Зядан Қожалымов ағамен мен алғаш рет 1996 жылы жазда Райымбек ата кесенесі басында таныстым. Мені сыртымнан біледі екен. Әлмерек абыз жайында жарияланған мақала, эссе, зерттеулерді айтып, алғаш кездескен сәттен-ақ, ағынан жарылып, әңгіме айтты. Орта бойлы жүзінен нұр төгілгендей сөзге шешен, ойға сұңғыла ағаның іш тарта әңгімелескені есімде ерекше қалды. Бір жылдан кейін Зиекеңмен Әлмерек қорымы сайында, мазары маңыңда абызға арналған ас кезінде екінші рет кездестім. Баба ұрпақтары жиналып әулиеге ескерткіш орнату жөнінде осы аста әңгіме қозғаған. Қонақтарға арналып тігілген киіз үйдің бірінде күндіз сырласып, түнде әулие қасиеті жөнінде хикаялар мен аңыздар айтып, таңертең ерте ояндық. Зиякең бойындағы қасиет пен талантты және ерекше рухани энергия мен қуатты-күшті түнде ол кісімен бірге жатқанда сездім. Түн ішінде бір кезде үйге сиыр сүйенгендей болды. Мен орнымнан тұрып, далаға шығып сиырды айдап жібермекші болдым. Құдайдың құдіреті далаға шыққанда сиырды көре алмадым. Бұл оқиға бірнеше рет қайталанды. Менің далаға шығып, үйге қайта кіріп жүргенімді сезіп, түнде бәрін көріп жатқан Зиякең: «әй, Ораз не болды», – деп сұрады. Мен ақылым жетпейтін тосын құбылысты айттым. Зиякең: «Ол сиыр емес, әулиенің рухы ғой бізге белгі беріп жатқан», – деді. Біраздан кейін таң атты. Зиякең аруаққа арнап дұға оқып, «аруақ әлемі» жайында әңгімеледі. Осы бір таңғажайып оқиғадан кейін Зиякеңмен етене-жақын араласып, бір туған бауырдай болып кеттік. Ағалы-інілі болып келе жатқанымызға жиырма жылға жуықтады. Құдай беріп, Алла тағала дарытқан, Тәңір Ием сыйлаған Зиякең бойындағы тылсым қасиет, дарымдылық пен талант және еңбекқорлық қашанда қайран қалдырып жүреді. Қазақтың рухани әлемінде ұлы тұлғалар жөнінде жазып, зерттеген, оларды елге, әлемге танытқан кемеңгерлерді халық қазір жақсы біледі. Мысалы, М.Әуезов Абайды зерттеп кітап жазды, атын әлемге шығарды. Ал, Ақжан Машанов әл-Фарабиді зерттеп, оның мұраларын ғылыми айналымға ендірді. Медеу Сәрсекеев деген жазушы ағамыз Қаныш Сәтбаев туралы үлкен еңбек жазды. Біздің кейіпкеріміз Зядан Қожалымов қазақ халық медицинасы тарихында бұрын-соңды болмаған шипагер, шешен, шежіреші, қара үзген емші, ғұлама және ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін зерттеп, теңдесі жоқ еңбек жасады. Өтейбойдақтың дәрігерлік еңбектерін насихаттап, оны халыққа таныстыру жолындағы Зякеңнің табанды жанкешті ізденісі – бұл айтары жоқ зор еңбек. Қаншама кітаптар шығарды, қаншама ғылыми мақалалалар жазды, қаншама ғылыми конференциялар мен форум және конгрестерді өткізіп халық емшілігінің ерекше пайдалы емдік әдіс-тәсілдерін таныстыру мен оның әлемдік дәрежеге көтерілуіне аянбай еңбек етіп келеді. Егер осының барлығын арнайы еңбек етіп жинақтап шығарса онда дәстүрлі халық медицинасы тарихында үлкен мұра болып қалар еді. Өтейбойдақ атамызға байланысты алғашқы ғылыми мәслихат Алматы қаласында Алматы облыстық әкімшілігінің сол кездегі басшысы марқұм Заманбек Нұрқаділовтың ұйымдастыруымен 1997 жылы қараша айында өтті. Марқұм Заманбек Нұрқаділовтың Зиекеңді мінбеге шығарып, шипагер баба туралы оның тұжырымдамаларын айтқаны әлі есімде. Бұдан кейін Зиекеңнің бір министрліктің актив залында өткен шипагерге байланысты мәслихатта көтерілген мәселелері республикалық басылымда жарияланды. Өтейбойдақтың шипагерлік ілімі мен емшілік әлемі қазақ дәрігерлік тарихында ерекше орын алады. Күні бүгінге дейін қасиетін жоймаған «Шипагерлік баян» бұл ұлттық бренд. Міне, осыны бұдан ширек ғасыр бұрын біліп, зерттеп, насихаттап, ұрпаққа өнеге, емшілерге үлгі етіп келе жатқан Зиекең шын мәнінде «тәуіп-ғалым» десек артық болмас. Өйткені, Зиекең алдымен бойында «биоөрісі» бұлқынған, қуат-рухы тасыған ерекше жаратылған айрықша жан ғой. Ол кісі жан-тәнімен беріліп ізденеді, еңбектенеді, өзі көрсетіп дәлелдеп, уағыздайды. Сауатты ойларын қағазға анық әрі дәл түсіретін қабілетіне де қайран қалған едім. Бейнелі ойнақы қазақ тіліне де Зиекең «су жорға» екен. Сондай-ақ деректер мен мәліметтерді, оқиғаларға байланысы нақ орнына қоя біледі екен. Көрген, естігендерін және білгендерін, оқығандарын ойланып, толғанып, саралап барып жазатын қаламгерлік қарымына да риза болғанмын. Сондай-ақ зерттеп жүрген тақырыбына байланысты деректерді өте жақсы әрі тартымды жазатыны ерекше ұнады. Зиекеңе байланысты әңгіме әлқиссасын Өтейбойдақтан бастадым ғой. Енді өзім куә болған зерттеушінің бір еңбегіне айрықша тоқталуға тиіспін. Бұдан он шақты жыл бұрын Зиекең Өтейбойдақ өмірге келген Алматы облысы, бұрынғы Нарынқол ауданының (қазіргі Райымбек) Шалкөде жайлауының Айғайтас өңіріндегі бір төбеге белгі қою үшін (23.07.2003) үлкен шара ұйымдастырып, өзі бас болып көп адам көлікпен жолға шықтық. Алматыдан 400 шақырымнан аса сонау Қытай шекарасындағы жолы тау-тас, ел-жұрт аз, қырқа-құздар мен кереге таулар қоршаған өңірде Өтейбойдаққа белгі қою оңай болған жоқ. Емшілердің көліктері жолсыз жерлермен, беткей қырқалармен жүріп, тіпті батпақты кешуге дейін барды. Көп қинала жеттік. Зиекең емшілер мен келе жатқан қонақтарды сабырға шақырып бәрін дітттеген жерге шақырды. «Айғайтастағы» Қарарша төбенің етегіндегі сайға киіз үй тіккізіп сонда адамдарды қондырып баба рухына арнап ас беріп дұға оқыттырды және төбеге Өтейбойдақ бабаға арнап құлыптас пен қоршауын қойғызды. Бұл Зиекеңнің аруақ алдындағы аманатын орындаумен басқаларды да имандылыққа шақырудағы жақсылығы болатын. Бұл жөнінде Алматыдағы «Қазақ елі» телеканалының арнасында арнайы көрсетті. Қауымдастық басшысы З. Қожалымовтың жасаған жақсылығын қазір көбіміз біле бермейміз. Ал, білгісі келгендер айтқысы да келмейді. «Тарих жолы», «Мәңгілік ел» деп даурығып жатырмыз. Мәңгілік ел болу жолында үндемей іс бітіріп, тарихқа еңбеген тұлғалардың мұрасын зерттеп оны тарихқа енгізген және насихаттап жүрген шын көреген Зядан аға сияқты зиялылар қазір аз. Зиякең жетекшілік ететін «Қазақстан халық емшілер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі тек қазақы ем-домды үгіттеп, онымен шұғылданумен шектелмейді. Халық медицинасы саласына ғылыми зерттеулермен қатар ұлттық өнеге, патриоттық тәрбие, салт-дәстүрді де насихаттайды. Бұдан бұрын Астана (шілде, 2010) қаласында қауымдастықтың үлкен Халықаралық «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты форумы өтті. Келелі жиын үлкен насихат пен ашылды. Алғашқы күні мәдени орындар Бәйтерек тұрған жерден басталды, содан соң Астананың «Хан шатыры» және Кенесары хан ескерткіші, т.б. орындарға саяхат жасалды. Емші-шипагерлер Есіл өзенінде қайықтармен серуеңдеді. «Ақорданың» тұсына келгенде емшілер әнұран «Менің Қазақстанымды» шырқады. Бұрынғы Одақтас Республикалардан және Қытай мен Орта Азия сияқты үлкен мемлекеттерден келген халық медицинасын зерттеуші ғалымдар қатысқан жиында емшілер, дәрігерлер, шипагерлер және әншілер де өздерінің шеберліктерін көрсетті.Бұл жиналыс астаналықтарды да қуанышқа бөлеген еді. Ал, қауымдастықтың 2013 жылдың қыркүйегінде қасиетті Түркістан қаласында айрықша тағы бір мәслихаты өтті. Алдымен емші, дәрігерлер, ғалымдар, зерттеушілер, ерекше тылсым қасиет иелері «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне келіп, әулие рухына арнап дұғаларын бағыштады. Содан соң үлкен бір ғимаратта конференция басталды. Халықтық медицина мен шипагерлік өнердің қазақы ем-домының небір тәжірибелерін ортаға салды. «Шеберлік класс» тәжірибесі көрсетілді. Қазақстанның барлық облыстарынан келген емшілер, тәуіптер, шипагерлер, сәуегей жұлдызшылар қабілет пен қарымдылығын көрсетіп, екі күнге созылған жиналыс қатысушылардың ризашылығымен аяқталды. Зиекеңнің «кие қасиет», тылсым дүние, сәуегейлік, көріпкелдік жөнінде зерттеп жазып келе жатқанына да ширек ғасырға жуықтады. Көптеген шетелдерде болып осы жақсылықтардағы жаңалықтары басқа елдердің зерттеушілерінің назарына іліккен Зиекең өткен 2013 жылы Америка құрама штатының Гавай аралдарында болып шипагерлік қасиетке байланысты өткен Халықаралық үлкен жиынға қатысты. Зиекең әрдайым шетелдерден шақыру алып тұрады. Мысалы, 2012 жылдың 15-18 желтоқсанында Австрияның Вена қаласында өткен жиынға және 2013 жылдың сәуірінде Лондонда өтетін жиналысқа және 2013 жылдың шілдесінде Швецарияда т.б. елдерде өтетін Халықаралық жиналыстарға ұдайы шақыру алады. Жағдайы келгенде қатысқаны да бар. Әрине, Зиекең көптеген жағдайларды құпия ұстайды, әрі мақтанбайды. Қазақтың: «Құдай оңда, аруақ қолда», – деген мәтелінде ашылмаған бір сыр, жұмбақ бар. Зиякең сияқты зерттеушілер мұны жақсы біледі. О, бастағы мамандығы инженер-электрик болғандықтан физикалық биоэнергетикалық заңды жете білетін зерттеуші, ғалым, адам энергиясының қуатын және тылсым күшті терең білетіні тәнті етеді. Зиекең бойында туа біткен ғажайып қасиеттер тоғысқан. Ол – сазгер, ол – ақын, ол – шипагер. Ол сөз өнерінің шешені, шежіреші, «Албан шежіресі» авторларының бірі. Құдай тағала бойына осынша қасиет дарытқан адам туралы айтпау, жазбау және өнегесін үлгі етпеу бұл күнә. Бұдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген Өтейбойдақтың ілімі «Шипагерлік баяның» тереңнен зерттеп, талдап өзі қаржы тауып, өзі кітап жазып, өзі газет шығарып, бір өзі бір «ғылыми мекеменің» жұмысын атқарып, күн демей, түн демей, еңбек ететін осы таза арлы ағаны өзім ерекше құрмет тұтамын. Қаламгер болғандықтан Зиекеңнің ақындығы мен жазушылығын да айта кеткен орынды. «Шипагерлік баян» газетіне жиі жарияланатын ән, эссе, әңгімелері, әзіл-ысқақтары оқырманын ойлантып, әсерге бөлейді. Ал, жырлары мен әндері кімді де болса баурап алады. Зиякеңе Түймегүл жеңгемізді Құдай қосқан. Бұл жеңешеміз де тегін емес. Қасиет құпиясын сыртқа білдірмейді. Жеңешеміз Алматы Медицина институтын бітірген провизор. Шипагерлік қасиет бойында жас кезінен болған. Ол қазақтың ұлы тұлғасы Дінмұхаммед Қонаев атасына барып ізет білдіріп, батасын алған. Бүгінде халық медицинасының профессоры және бірнеше осы саланың ғылым академияларының академигі атанған Зядан қажы Қожалымов ағамыз бен жеңгеміз Түймекүл Құлмаханқызы екеуі ұрпақ өсіріп бәрін үйлі-жайлы етіп, немерелері мен шөберелеріне ата-әже атанған киелі қасиетке ие тұлғалар. Зиекеңе алдағы 70 жылдық мерейтойының қуанышына байланысты зор денсаулық, шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тілейміз. «Шипагерлік баян» газеті, №6, 2014 ж.
Зиядан қажы – үлкен адамгершілік иесі Оралбеков Орынбай «Тамаша» баспа үйінің директоры Алматы қаласы Зиядан қажы туралы айтқанда, оның адамдық, зиялылық болмысын айтқым келеді. Иә, Зиядан жездеміз зор қасиет иесі ғана емес, ғалым, академик, ұлы зерттеуші. Бұл тақырыпта сандаған кітаптар жазса да аз болар еді. Бұл жағын білікті мамандарға қалдыра отырып, мен Зекеңнің адамдық, зиялылық болмысына тоқталмақпын. Олай дейтін себебім: бойында ерекше қасиет ғана емес, адамдық зор тұлғасы болмаса, ширек ғасырдай уақыт бойы еліміздің емшілері мен шипагерлерін ұйымдастырып, білімін көтеруге көмектесіп, зор жақсылық жасап, жанашырлықпен еңбек етпес еді. Зиядан қажы жездемізбен мен осыдан он төрт жылдай бұрын танысқан едім. Ол кезде біздің «Тамаша» баспа үйі аяғынан енді тік тұрып, «Тамаша», «Ақбаян» газеттерін шығара бастаған болатын. Осындай ісіміз бірден алға жүрмей жатқан шақта редакциямызға елгезек те аңқылдақ, жарқын жүзді кісі келе қалды. Танысу барысында ол кісінің – Зекең екенін біліп, жылы қарсы алып, әңгімелестік. Өмірде сөйлесе қалсаң, жаныңа нұр құйып, қуат беретін, көңіліңді әп-сәтте шуақты ететін адамдар сирек болады ғой! Мына Зекең тап сондай адам екен. Ол кісінің келуімен жұмысымыз да жанданып, бағытымыз айқындалып, халық үшін жақсылық жасаудың қандай болатынын түсініп, қауқылдаса әңгімелесіп, бір жасап қалдық. Иә, шынын айтқанда, мен өзім жезде ғана емес, жаныма таудай қуат берер аға тапқандай сезімде болдым. Сол байланысымыз осы күнге дейін жалғасып келеді. Шынын айту керек, біз «Ақбаянды» негізінен қыз-келіншектерге арнап, жезтаңдай әнші Мәдина Ерәлиеваның есімін мәңгі есте қалдыру үшін шығара бастаған едік. Біз осы кезге дейін сол бағытымыздан тайған емеспіз. Сол ниетімізге Зекеңнің бірде тағы бір тың ой тастағаны бар. Оның асыл жары, шипагер Түймекүл апаймен де танысып, жұртқа жақсылық жасау бағытын да басылым идеясына қосып алдық. Зекең – үлкен шипагер болса да, жұмыс басты кісіні көп мазаламай, Түймекүл апаймен жұмыс жасауды жалғастырып, қаншама мың адамдардың жолын ашып, тұмар беріп, өмірін жақсы арнаға бұрып келеміз. Осы идеяның бастауында Зекең тұрды. Сол кісінің халық үшін жақсылық жасау идеясын қолданып, жүзеге асырып келеміз. Осындайда Зиядан қажы ағамыз «идея менікі еді, апаларыңа ауысып кеттіңдер, апаларың менен жақын болып кетті ғой», деп әзілдегені болмаса, реніш, өкпе білдірген емес. Қайта осы ісімізді қолдап, қуаттап отырды. Тағы бір адамгершілік қасиетін айтпай кетуге болмайды. Еліміздің халық емшілерін тәрбиелеп, ұйымдастырып отырған Зекең адамның бойындағы емшілік қасиеттерін бір қарағанда-ақ біле береді, адам аурасын сезіп отырады екен. Бір жолы редакциямызға келгенде, «аға» деп жүретін Ғалия атты келіншек: – Аға, басым сынып тұр, емдеп жібересіз бе? –дегені бар ақжарқын кісіге еркелеп. Зекең бұған күлді де: – Мына бастықтарыңа адам бойындағы жаман қуатты қуатын емшілік әдісті үйретейін, сосын сені емдейді, – деді маған қарап. Мен аң-таңмын. Ондай емшілік қасиетім бар-ау деп ешқашан ойламаған екенмін. Зекең басқа бөлмеге мені ертіп барды да, адам бойынан жаман қуатты қалай қууға болатынын үйретті. Былай қарасаң оп-оңай нәрсе, ал оны мен білмейтін едім. – Жезде, мен емші емеспін ғой, – дедім аңтарылып. – Сенде сондай қасиет бар. Әлгі қарындас сияқты, өзіне жұрт сұғын қадап, бойына жаман қуат жіберген жағдайларды емдей аласың. Сенің қолыңның ондай ем жасауға қуаты бар, – деді салмақты үнмен. Сол күні-ақ мен Ғалияның басына ем жасадым. Ал ол болса бір сағаттан соң: – Ағай, басым ауырғанын қойды. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, – деді қуана сөйлеп. Зекеңнің осы үйреткен ем жасау әдісін анда-санда қолданамын. Редакция қызметкерлері, үйде қыздарым, т.б. кісілер «басым сынып бара жатыр» десе, емдей қоятын болдым. Міне, бұл да Зиядан қажы ағамыздың арқасында. Ол кісінің ешбір пайда көрмесе де, адамдарға жақсылық жасағысы келген қасиетін біз де үйреніп жүрміз. Жаныңа нұр құятын, сөйлесе қалсаң, жаның жадырайтын асыл қасиеті бар Зекеңнің бұл күнде 70 жасқа толып отыр дегеніне сенгің келмейді. Өйткені, оның жаны жас, жүрісі ширақ, істе әбжіл, тынымсыз жанды ылғи да жас көреміз. Зекеңді ұзақ өмір сүріп, асыл жары, Түймекүл апай екеуі халыққа жақсылық жасай берсе дейміз! Шыққан биігіңіз, құтты болсын, Зеке! Қартаймаңыз, басыңыздан бағыңыз таймасын! Біз сізге алар асуларыңыз әлі де көп бола берсін демекпіз!
Халықтан алған алғысын Орынбеков Қуат Бақсы Павлодар қаласы Бисмілләһ, сөздін басында, ақыл-сана ойында, Жырдан да шашу шашайын, емшілердің тойында. Луһман һаким піріміз, бұрылса біздің тіліміз, Қыл қобызға жан берген, Қорқыт баба пірімде. Шашты Азиз бабадан, келе жатыр сырымыз, Асан қайғы әулие, зікір салған күшіміз. Көкке де жайды ғанатын, ақсұңқардай ұшатын, Оларда қалды тарихтан, нәрін алды халқымыз. Бәрің де білген Құдайым, үмбетім оған тәуба ет, Меккеде жаткан Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет. Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда Түмен баб, Шопан ата Бекетім, тілегін берген құдірет. Лашын баб пен Шермен баб, Ибраһим, Ысқақ, Якубым Сүлеймен, Дәуіт, Зұлқайнар, Иса менен Хазіретім Жебірейл мен Микайл, Исрафиль мен Әзрейл Ғанатын жайған жақсыға, қолдауы болған бақсының. Ибн Сина дәрігер, ол тәуіптердің атасы, Каф тауында оқыған, сөзінің жоқ қатесі. Он бір жаста оқыған, ілімдері жазылды, Өлгендерді тірілтіп, тарихта атын қалдырды. Қобызын тартып Қойлыбай, атты орнынан шаптырған, Жиырма мың адам тас атып, күл әлемді таң қылған Бұл қазақтың даласы, сөзіме менің қарашы Сөйлеген сайын өрледім, Аллаға басымды иемін. Сұлтан Упі әулие, Меккеде намаз оқыған, Құдығына карасаң, тастарды қалай ойдырған. Ескелді, Балпық, Райымбек ғасырға аты жазылды, Солардан қалған ұрпағы, ұлы тойға жиылған Көтен Тәуіп әулие, тасыған Лепсі суынан, Жалайырдың тойында, қазақ үйді алғызған. Өтейбойдақ бабаның, өнерін қалай ұмытам, Мәшһүр Жүсіп асылдың, көріпкелдігін айтпасам. Қабылиса жыраудың, қасиетін ұмытсам, Адасқаным болмай ма, осы тойда айтпасам. Кешегі кеңеc дәуірде, олардың атын айтпадық, Тұңшықтырды, өлтірді, сонда да жолдан таймағам. Құтты болсын тойыңыз, Әлмерек баба ұрпағы, Зядан, Шейх, Хазірет біртуар қазақ баласы. Партияның тұсында, ата жолдан таймадың, 1989-жылдан емшілікті бастадың. Қожалым әкесі, бабалардан бата алған, Албан, руы ішінде, Құрман оның атасы. Хан Тәңірдің тауында, кіндік қаны тамған жер, Жер жаннаты жерұйық, бабалары қонысы. Шілде айының бірінде, Текесінің төрінен, Отан соғыс кезінде, дүниеге келген күн. Бейнет пенен қиыншылық өтіп басынан, Жығылып, сүрініп, жүгіріп бақыт құсын қондырған. Ілім алып жасынан, ғылым жолын іздеді, Инженерлік маманы, оқыды дәріс заманын. Әл-Фараби бабаның, философ алды атағын, Шығыс, Тибет, Қытайдың емшілігін зерттеді. Бақсы, балгер, көріпкел бойына бітті қасиет, Болжампаздық, сынықшы, адам сырын ол білді. Академик атағын, ғұламалар беріпті, Дін ғылымын оқыған, бойына аруақ дарыған. Алты ұрпақ келтірген, Түймекүл апай жан жары, Түркістан киелі жерінде, Құлмақан ата ұрпағы. Немерелер тараған, Әлмерек баба тұяғы, Зядан қажы аталып, Қағба тасты айналды. Намысын қорғап емшінің, адал еңбек адамы, Өтейбойдақ бабаның, Шипагерлік баяны жанғырды. Сегіз қырлы, бір сырлы, ән мен сазгер шебері, Ақын, жыршы, термеші және халық емшісі. 1991 жылдың желтоқсанында қазақтың салты жаңғырған, Ұмытқанын тіріліп, тәуелсіздік ел болған. Құрылтай жиып, Зядан жақсыларды жинаған, Қауымдастық құрылып, президенті сайланған. Еңбек етті шаршамай, әділеттен таймады, Бес мыңдай мүше жиылды, ел сыйлады емшісін. Медаль алды жақсылар, төрге шықты бақсылар, Жалған айтсам табыңдар, өтірік болса шабыңдар. АҚШ, Ресей, Австрия бәріне даңқы жайылған, Венгрия, Италия мен Түркия алтынмен аты жазылған. Елбасы Әбіш Нұрсұлтан, қауымға «Алғыс хат» жазып, Зядан Хазірет еңбегін ел тарихында қалдырған. Үш мыңжылдық үздік емшісі, отыздан асқан ән жазған, Жиырма екі кітабы мен мақаласы оқырманын жинаған. Сала көшбасшы «Алтын медалін» марапатын ол алды, Алатаудың шыңындай, биік өрлетті емші атағын. «Еңбегі үшін ерлігін», омырауға тақты жұлдызын, Нострадаумс даңқысын, Парижде берді сыйлығын. Он жеті филиал ашылды, бұл қазақтың даласы, «Данқы» ордені берілді, бағалады оның еңбегін. Мен жырлайын ары қарай, құпиядан сыр ашып, Бабаларым аңсаған, ата жолын жаңғыртып. Дүние жүзі бақсылар, Алматыға жиылған, Дария оттың ішінде, өнерлерін көрсетіп. Қойлыбайдың ұрпағы, зікір салып ол жеткен, Қызыл темірді құрсауды, аузына отын ол салған. Емшілерің қашқанда, Зядан қажы саспады, Аузына салмады темірді, ол да бақсы боп ойнады. Көкке ұшып бүркіттей, Бура болып шайнады, Дария суы қайнады, айдаһардай жайнады. Таулар кетті жаңғырып, құйын соқты жел болып. Жалған сөзді айтпайын, орта жолдан қайтпадым. Рухани емші, ғұлама, қалайша жырға қоспайын, «Шипагерлік баян» газеті емшілер жайын жырлаған. Бағалаңдар еңбегін, осы Зия ағаның емшілер, Жиырма үш жылдың ішінде, қауымдастықты сақтаған. Мықтыларым, дөкейім, қыспаққа сізді алған еді, Қайратыңнан тайынбай, күш қуатты жинап ең. Қалқаң болды қоғамға, дұшпандары жеңе алмай Жаңғырсын әлі атағы, ассоцияция даңқының. Парапсихолог, жазушы, халық аралық емшісіз, Әлемге деңгейі тараған, дәрігерлік бірі аз, Жырласам жырым таусылмас талай, жырым айтылмас, Жетпіске келді жасыңыз, әлі де ғылым жазыңыз. Халықтан алған алғысын, жүз кітапқа сыйғызбас, Мың дұшпаның жиылса, дәрежесін ала алмас. Шәкірттері сан жетпес, гауһарындай шашылған, Жиылған мында емшілер, басқа сөзге қосылмас. Ұлы тойдың төріне, ақын жазушы ғұлама, Академик, философ құрметтеп бәрі жиылған. Тәуіп, бақсы, балгер, көріпкелдер бәрі бар, Жазушылар зерттеуші бұл жиынға асыққан. Жауырыншы, сынықшы, құмалақшы тағы бар, Жұлдыздармен болжайтын, ақылшысы да табылар. Алты алаш қазақтың, мырзалары бәрі отыр, Ел басқарған ағалар, бәрі де бүгін сөз алар. Ағалар мен жеңгелер, ініміз бен келіндер, Қарындас пен күйеулер, бәрің де тойға келіндер. Жақсы тілек айтуға, немерелер ол келді, Күл қазақтың даласы, сөздің айтам данасын. Тілейін сізге денсаулық, Оған қоса жүз саулық, Шаршамасын жүрегің, Жазып жақсы тілегін. Гүлді болсын өмірің, Есен жүрсін ұрпағың, Аяласын халайық, Ағармасын самайың. Жүзге келсін жасыңыз, Күш қуатпен тасыңыз, Қазы болсын асыңыз, Жорға мініп шалқыңыз. Шашу шашып күмістен, Патша тақсын алтыннан, Ұлы Абай айтқандай, «Кітаптар қалсын артыңнан». Дұшпандарың әрмен кет, Дос-жарандар бермең кел, Аға, сұлтан, ұлық бол, Жарлыны жарлы демейін. Құр құландай жорғалап, Құбылып күйді тартқандай, Қырғауылдай қырғалап, Сәкеннің берсін көркін. Жамбылдың жетіп жасына, Кененнің берсін өлеңін, Меккеде жатқан Мұхаммед, Қолдасын сіздей үмбетін. Бұл термені жырлаған, Қуат інің толғаған, Қате болса кешірсін, Қатесіз пенде тумаған. Қызыл тілім сайраған, Кешіре гөр, Жаратқан, Бәрі де Алла қолында, Алладан ешкім аспаған.
ПЕРСПЕКТИВЫ НАРОДНОГО ЦЕЛИТЕЛЬСТВА КАЗАХСТАНА Парманов Халтурсын Врач-целитель Алматин. обл. Судьба каждого человека определено и указано богом. В связи с изменением времени, с 1990 года появилось возрождения народного целительство РК. Среди целителей появились одаренные целители, которые имеющи высокая знание способности. Из них за благо народного целительства Казахстана в конце 1991 года была организовано по инициативе и Председательством организационного комитета народного целителя Международной категории Зядана Кожалымова. И он был избран Президентом вновь созданного «Ассоциации народных целителей Казахстана». Сегодня уважаемый Зядан кажы является автором более 20-ти книг по направлению духовно-оздоровительном, научно-просветительном и учебники по народной целительской медицине. Уважаемый Президент Ассоциации З. Кожалымов в течение четверти века дал огромный вкалд народной медицине на научной основе и поднял культурности, знание и поднял дружеские отношения между членами Ассоциации. Более 15-ти лет под руководством Президента Ассоциации проводится Международные6 Республиканские конференции, форумы и конгрессы по системе народного целительства. На сегодня высокие успехи Ассоциации высоко ценят Казахсьтанские и зарубежные государства. З. Кожалымов является автором истории народного целительства Казахстана прошлого и ностоящего Он изучал на научной основе обселдовал казахского народа труды «Шипагерлік баян» Казахского ученого целителя XV века Отейбойдака Тлеукабылулы. По монографические труды «Целительская традиция и философия» (Алматы. 2010 г.) во время презентации данного труда ученые Казахстана, Средний Азии, Китай и РФ и т.д. признали Отейбойдака Трлеукабылулы «вторым Ибн Синой». Газета «Шипагерлік баян», № 6, 2014
ҒҰЛАМАЛАР ТОҒЫСАДЫ Сәрсенбай Жанболат Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Алматы қаласы Өмір деген өлшеусіз бір дүние екен. Кім қанша ғұмыр кешеді, кім болады, ол жағы белгісіз. Тек, бір белгілісі, ол не істеді, артына қандай із қалдырды, жүріп өткен жолы мәнді ме, мәнсіз бе, деген сауалға жауап іздеу ғана астарлы ақиқатты алдыңызға жайып салады. Бұл жерде айтпағым, осыдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1485) бабамыздың жүріп өткен жолдарымен, сіңірген еңбектерін, бүгінгі күннің ғалымы, профессор Зядан қажы Қожалымовтың салған іздеріндегі, ізденістерін, жалпы барлық еңбектерін салыстырып көрсек деген ойды ортаға салу еді. Ұлы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыз өзінің «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін жаза бастағанда, қазақ даласының төсінде «күндердің-күнінде әлемді дүр сілкіндіретін, осы бір құнды еңбек дүниеге келді» деп ешкім де бағалаған жоқ. Қайта, ұлы бабамызды «тентек, диуана, дәруішке» теңеп, ойлап шығармайтыны жоқ дегендей қарапайым көптің біріне жатқызды. Бірақ, ұлы қасиетті бойына сіңіріп өскен ғалым, шипагер бабамыз ұрпақ қамын ойлады. Қазақтың қанына сіңген таусылмайтын «қаңқу» сөзіне құлақ салмады. Сөйтіп, өшпес мұра жазып, артына қалдырып кетті. Ал, бүгін сол өшпес мұраның соңғы шоғының түтінін қайта түтетіп, отын жағып, лапылдатып, жалынға айналдырған, оны күллі жарты әлемге танытқан ғалым, шипагер Зядан қажы Қожалымовтың еңбегі бағаланып жатыр ма. Тура сол Өтейбойдақ бабамыздың заманындағыдай, бұл күнде де, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар да, «шипагерлік ілімі ғылымда жоқ, олар топтасқан бақсы-балгерлердің шамандардың әрекеті» деп халық емшілеріне үрке қарайтын билік өкілдері дамыған қоғамның сауатсыздығын көрсетті. З. Қожалымов ағамыз 1991 жылдың 22 желтоқсанында құрған әрі басқарып келе жатқан «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігін жоюға республиканың тоғыз министрлігі мен комитеттері жабылып, бір З. Қожалымовты ешқандай себепсіз жазғырды. Қорғансыздың күнін кешкен, оның қандай кінәсі бар еді. Ата-бабамыздан келе жатқан халық шипагерлігін қызғыштай қорғағаны үшін, мықтылардың «тепкісінде» қалды. Бірақ, емшілердің басшысы, қорғанды, қорғалды. Кеш те, болса да халық емшілігін ғылымға қосты. Мен деген ғалымдарды мойындатты. Сондай-ақ, ғұлама Өтейбойдақ бабамыз «Шипагерлік баян» атты еңбегін бес мың беттік қолжазбамен жазса, Зядан қажы ағамызда шипагерлік ғылымына арнаған жиырмаға жуық кітабы және қазақ басылымдарында жарияланған мақалалары бес мың беттің «о, жақ, бұ жағына» барып қалады. Соның біріне тоқталсақ, «Мәңгілік құпия шежіресі» мен «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты энциклопедиялық, монографиялық еңбектері үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көріп, жарты әлемге танылған ұлы еңбек болып саналды. Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы: Шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз қазақтың ибн Синасы. Зядан қажының еңбектері ғылым жолымен мұны толық мойындатады. Қысқасы Зядан қажы Қожалымовтың бұл еңбегі Орта Азияда алғаш жазылған әл-Фарабидің «Медициналық трактатынан» кейінгі екінші еңбек ал, қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласындағы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн... Қысқасы З. Қожалымов өз еңбегінде қазақтың халық медицинасының б.д.д. тарихы мен өркендеуіне және ХV ғасырдағы қазақтың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегіне таза ұлттық философиялық танымдағы зерттеуін ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын, – деп баға берсе, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақан Молдабеков: «Зядан қажы Қожалымов қазақ хандығының қараүзген шипагері, шығыстың «екінші ибн Синасы» – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын насихаттауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан жанашыр іздемпаз, ғалым» – деген-ді айтқан. Демек, қазақ ғалымдары алысты болжайды. Кешегі күнде ғұлама Өтейбойдақ бабамызға Әз Жәнібек хан қол астына алып, қамқорлық жасаса, Зядан қажы ағамызға қазақ ғалымдары қолдау көрсетіп, өшпес мұрасын ұрпағына аманат етуге жол ашты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ғалым ағамызға «Алғыс хатын» тарту етті. Бұл жөнінде Зядан қажы ағамыз «Орындалған аманат» атты монографиялық еңбегінде кеңінен тоқталып өтеді. Бірақ, қалай болғанда да, Өтейбойдақ бабамыз қырғын соғыспен, қуғын-сүргінге толы аласапыран заманда өмір сүрді. Ал, Зядан қажы ағамыздың әуел баста, шекесі қызған жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, бейбіт күн деген аты болмаса, қылышынан қан тамған қызыл империя кезінде, тәуелсіздік алған тұстарға дейінгі қиын кезеңдерді бастан кешірді. Айырмашылығы сол Өтейбойдақ бабамыз ұрпақсыз өтті. Ал, Зядан қажы ағамыз ұл-қыз өсірген абзал әке. Ғылым жолында да талмай ізденіп, еңбек етіп келеді. Бес ғасырдан аса уақытта Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегіне Қытай мемлекеттік сыйлығын берсе (1997) ал, қазақ елінде екінші ибн Сина атануына (Тараз, 2009) өтейбойдақтанушы ғалым З. Қожалымовтың ғылыми монографиялық еңбегі «Шипагерлік дәстүрі және философиясының» (А.2009) ғылыми айналымға енуі себеп болды. Бұған дейін халықаралық, республикалық т.б. орындардың медальдары мен марапаттарына ие болған ғалым Зядан ағаға ұзақ жылғы еңбегінің жетістігі үшін осы жылы халықаралық рейтингі комитетінің «Ұлттық сертификаты» мен «Қазақстан даңқы» орденімен марапатталуы емшілер қоғамы мен емшілер үшін үлкен қуаныш болды. Бүгін де мәдениеттанушы ғалым ағамыз халық медицинасы Академиясының профессоры және бірнеше Академиялардың академигі. Ақындығы мен сазгерлігі де оқырмандар мен тыңдаушылардың сүйікті шығармасына айналды. Егер Өтейбойдақ баба өзінің энциклопедиялық медициналық еңбегі «Шипагерлік баянын» жазуда оннан аса гуманитарлық ғылымдар саласымен байланыстырып жазса, өтейбойдақтанушы ғалым З. Қожалымов ағамыздың еңбектерінде дін, әдебиет, эстетика, психология, философия, физика, биология т.б. ғылымдардың негізгі қағидалары біріктіріліп, ұлттық пәлсапалық негізде жазылғандығы айқын көрініс береді. Шындығын да, екі дүниенің ғұлама ғалым шипагерінің өмірлерін, еңбектерін салыстырудағы мақсатымыз, бірінікін бірінен оздыру емес, екеуінің де ұлы еңбектерін оқырманға жеткізу болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуындағы ғылым көкжиегінің жетістіктерінде шипагерлік ілімінің бар екенін әлем ғылымы мойындағанда оны зерттеген ғұлама ғалымдардың ерен еңбектерінің бағалану барысы біздің елдің ғылымынан назардан тыс қалмаса екен, деген уәж ғана айтамыз. Ғұмырларының арасы бес ғасырға жуық екі ғұламаның бір аймақтың бір жерінен болуы да бізді таң қалдырады. Зядан ағаға бабасының өткен ғасыр соңында берген аяны баба аманаты екенің түсінген зерттеуші ғалым ағамыз З. Қожалымов арқылы Өтейбойдақ бабасының ғұмырнамалық еңбегінің құпия сырлары ашыла береріне зор сенімдеміз. ...Иә, ғұламалар тоғысады. Ғылымда да, өмірлерінің ұқсастығы да, артына қалдырған іздері де. Тарих беттерінде қалдырған есімдері де. Ұрпақ үшін жасаған еңбектері де. Ең негізгі тоғысатын жері қазақ халқының шипагерлік ілімінің болашағын ойлағаны. «Шипагерлік баян» газеті, № 5, 2014
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||