ғұмырнама 20 | ||
главная вернуться 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||
VI ТАРАУ автордың Өнер саласындағы еңбектеріне мамандардың пікірлері ЗЯДАН ҚАЖЫ ҚОЖАЛЫМОВТЫҢ «60 ЖЫЛДЫҒЫ» ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ МӘТІНІ Авторы: Нәзира Бердалы, ақын Кімдер кепіл тағдырдың сырларына, Кімдер жетпек таулардың қырларына? Құдіретін бір Алланың білмеппіз-ау, Шипасын тигізетін құлдарына. Кеткенде ауылым-ай өкпелі ме ең, Сондағы іздеп менің кеткенім – ем. Алланың ақ пейілін сезінген соң, Мен қалай ізденбестен текке жүрем, – жеп жырлаған ақын, сазгер, халықаралық дәрежедегі халық емшісі Зиядан қажы Қожалымов бүгінде алпыстың асқарына шығып отыр. Оны тек емші деп атауымыз жеткіліксіз болар. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Президенті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Халық медицинасы орталығы Бас директорының орынбасары, Қазақстанның «Құрметті халық емшісі», «III мыңжылдықтың үздік емшісі» атанған оны жалпы халық парапсихолог, биоэнерготерапевт, ғалым ретінде де таниды. Өзі жырлағандай: Мен қуансам, халқым, сен де қуандың, Біткендей боп шарықтауы қыранның. Сұм пиғылдар тайды сұрқай жолына, Демеп мені, шырқау шыңға шығардың. Зядан қажының өлеңдерінен шырқау шың, биік құз, көкпен таласқан асқақ, асқар таулар бейнесін жиі кездестіруге болады. Мүмкін, бұған әсер еткен оның туған жеріне тән әйгілі Хантәңірі шығар. Иә, Хантәңірінің байрайында, Текес өзенінің жағасында дүниеге келген ол мектепті Нарынқол ауылында оқып бітіреді. 1964-1969 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, инженер-электрик мамандығын игеріп шығады. Бір ұлымын Нарынқолдың жайнап шыққан, Бастауынан бір тамшы қайнап шыққан. Шабыт берген, бойыма шипа берген, Дарыған, Хантәңірідей заңғар шыңнан. Адамға жақсы қасиет атаулыны сіңіріп, дарытатын – біріншіден, ата жұрттың табиғаты, ата-баба қаны болса, екіншіден – ананың ақ сүті. Бұл – ғасырлар бойы мызғымай келе жатқан заңдылық. Зядан Қожалымов әулие абыз Албан Әлмеректің тікелей ұрпағы, ал XV ғасырдың ғұлама ғалымы, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлымен он төртінші атада қосылады. Сондай-ақ, «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» демекші, өз анасы Өзипа Сыбанқызы діни сауатты, киелі көріпкел еді. Халық арасында Өзипа апа «Ақ Апа» деген құрметті атқа ие болған. Өзіне-өзі жоқтықта тәубе дейтін, Артығын да барлықта білдірмейтін. Жүзінен шуақ төгіп шапағатты, Қатты айтып жалғызына зекірмейтін. Сіздің ізді жалғаумен біз келеміз, Бүгінде өсіп жатыр немереңіз. Жалғыз орын төрдегі бос тұрады, Ыстық болып ұрпаққа Күн – бейнеңіз! Бұл Зиядан қажының «Құлпытасқа тағзым» – атты өлеңінен үзінді. Бабадан қонып, анадан дарыған емшілік қабілетін Зядан Қожалымов ең алғаш 1989 жылы байқаған. Содан бері ол он рет ірі халықаралық форумдар мен конгрестерге қатысып, емдік сеанстар өткізіп, жақсы нәтижелерге жеткен. 1990-1993 жылдары Алматы, Мәскеу және Гурзув қалаларындағы Халықаралық емшілер білімін жетілдіру мектептерінде білім алған. Зиядан қажы Қазақстан қоғамдық «Экология» академиясының академигі, Қазақстан Журналистер және психологтар одағының мүшесі, халықаралық «Жаңа өрлеу», «Бейбітшілікке мәдениетпен», «Парапсихология», «Туысқандық құпия» және «Ресей халық медицинасы» қауымдастықтың толыққанды мүшесі. Бір сөзбен айтқанда, Зиядан Қожалымов – сегіз қырлы, бір сырлы, кез-келген қазақ баласына үлгі боларлықтай тұлға. Сонымен қатар, Қазақстандағы халық медицинасы жаңа дәуірінің көшбасшысы. Оның тікелей араласуымен жетпіс жыл бойы қапаста жатқан халық емі жарық таңын қарсы алды. Мұндай азаматтың шәкірті болуға құштар жандар аз емес. Шәкірт болып үлгергендер тіпті көп. Олардың бәріне Зядан қажы мейіріммен қарап, дұрыс жол, оң бағыт нұсқап, бойдағы бар қасиетті игеріп, пайдаланудың ғылыми нұсқаларын үйретіп келеді. Көп жасаған айта алмаса өсиет, Көп көргеннен табылар мол қасиет. О, тағдырым, үміттеніп келемін, Жақсылығымды бір өзіме нәсіп ет, – деген осы да. Ішкі сырым бір өзіме, құпиялық құбылыс, Аруақтарым жатыр, міне, риза болып тып-тыныш. Тілейтінім бар жақсылық құдіретті Алладан, Келсе екен деп елімізге ынтымақпен нұр-ырыс. Бұл өлеңді жазған кім? Әрине, мұндай жыр жолдары мұсылмандықтың шарттарын түсініп, толық орындаған жанның қаламынан ғана тууы мүмкін. Меңінше, Зядан Қожалымовтың жоғарыда аталған атақ-еңбектерінің бәрінен жоғары тұратын бір сөз бар. Ол – Зядан «қажы» деген сөз. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», – дейді қазақ. Осы бір мақалдан-ақ халқымыздың ата-баба аруағына деген құрметке қаншалықты мән бергенін байқауға болады. Жеті атасын білмеген жетесіз. Өйткені, кешегісін саралай алмаған жанның бүгіні баянсыз, болашағы – бұлдыр. Зиядан қажы ата-баба алдындағы перзенттік парызын өтеп, әрі халықтық медицинаны ғылымға енгізе отырып, XV-ғасырдың ғұлама ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбегін зерттеп, насихаттады. 200-ден астам ғылыми-танымдық, имандылық тақырыбындағы мақалалары республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған Зядан Қожалымов бүгінгі таңда үш кітаптың авторы. Олар: «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы» және «Көк тәңірі жүр жебеп». Бұған қосымша ол «Албан шежіресі» және «Әлмерек баба» кітаптарының авторлары құрамында, имандылыққа, тылсым дүниеге қатысты көптеген мақалалары Қазақ энциклопедиясына енген. «Халық емі» және «Шипагерлік баян» газетіне шығарды. Ақындығым айтпаймын «асып кеткен», Жан емеспін мен оны кәсіп еткен. Той-думанның базары ән-жыр болса, Халқым сүйген ұлы ғашық еткен, – деп жырлайды Зядан қажы, Зядан ақын, Зядан сазгер. Алла Тағала бір құлының басына өнерді, қасиетті берсе, жалғыз етіп бермей, үйіп-төгіп береді екен. Алланың сондай шексіз мейірімнің дәлелі – Зиядан қажының өмірі. ӘН. Бүгінде Зиядан қажы – үлкен отбасының әкесі, бірнеші немеренің атасы. Құдай қосқан қосағы – белгілі емші Түймекүл Құлмаханқызы. Ақ апасы Өзипадан алған тәрбие, дарыған қасиетін дамытып, ел құрметіне бөленіп жүр. Өз ордаңның еркелеген гүлі едің, Жарқылдап жанған шапағатты нұр едің. Сезініп пе ең, сонау бір жастық шағында, Жар боламын деп, нәзік те іңкәр жүрегім, – деген Зядан қажының жырының кейіпкері. Қазақ Құдай көп көрмесін деп, бала санамайды. Дегенмен, қуаныш қос-қостан, жақсылық жұп-жұппен келеді демекші, Зядан қажының отбасында биыл ай маңдайлы екі ұл немере дүниеге келді. Райымбек пен Арнұрдың бесік тойы аталарының алпысқа толуымен сәйкес келгендей. Сағына жұтар самалым, Қорғаным менің, қамалым. Шапағат шашқан бәйшешек, Қорғаны ата-ананың. Шапағатты рух ордасы тек ғана шаттықа толсын, алпысыңыз айбынды болып, жүзге дейін өмір толқындарымен жүзе беріңіз, аса қадірлі Зядан аға!!! Туған күнің ұмытылмас тәтті күн, Өзіңменен бірге көрер шаттығым. Тойлайықшы, көңіліміз серпілсін, Қызықтайық қуанышын бақыттың. Алматы, 01.07.2004 ж. МУЗЫКОТЕРАПИЯ Музыка и стихи академика Кожалымова З., которые лечат... Конечно же, в мире существует огромное количество методик исцеления и способов решения каких-либо проблем. Академик Зядан-Кажи Кожалымов знает их все. Ну или почти все! Многие методики расширяет и дополняет новыми знаниями, много создает новых. Богатый событиями жизненный путь, ценнейший накопленный опыт талантливого человека нашел свое отражение не только в научных трудах, но и в его музыке и стихах, в его песнях. И эти песни были подхвачены людьми, их поют, их слушают. Эти песни излучают позитивную энергию и... лечат! Именно так! И случай, в лице доктора философии Александра Владимировича Бодрова, свел Зядана-Кажи с казахстанской певицей Дианой Шик. И с тех пор песни великого целителя заняли прочное место в репертуаре талантливой певицы. Хорошие песни в хорошем исполнении не могут оставить слушателей равнодушными. А началось это звездное сотрудничество в тот момент, когда Диана готовилась к турне по четырем европейским странам и ей были необходимы песни на казахском языке. Зядан-Кажи безвозмездно предложил Диане выбрать песни из своей коллекции. В результате были отобраны три песни, колоритные и певучие: “Шипагер баба”, “Өмірiм” и “Сағымдай болып”. Теперь предстоял трудный этап обработки полученных песен. За аранжировку взялся Даурен Байназаров, живые инструменты прописывал гитарист Жас. Диана в это время работала над акцентом и правильным произношением текста. И вскоре все было готово к записи вокала. Запись проводили на студии DerikRecords в Алматы, а сведение было доверено тому же Даурену. В итоге в песни был вложен новый ритм и много других идей талантливых музыкантов. Песни получились! Первое испытание песен Зядана-Кажи на международном уровне состоялось в марте 2010 года в столице Ирландии Дублине в шикарном The Point Theatre, что на северном берегу реки Liffey. Диана пела вживую, под минус. Она осознавала, что многие не понимали смысла песен и петь нужно для души и с душой. “Я не скажу, что жизнь моя плохая... она сложная и простая. Важно сохранить веру во Всевышнего, не зацикливаться на материальном и верить во все хорошее” - пела Диана, а зал молчал. К концу первой песни (“Өмірiм”) Диана закрыла глаза, сердце сжалось от ожидания реакции публики. Прошло несколько томительных секунд и... зал взорвался аплодисментами. Это был успех! Волнение вмиг улетучилось и две следующие песни исполнять было легче, публика была уже предрасположена к песням Зиядана-Кажи и к этой молодой казахстанской певице. После концерта Диана получила приглашение от лорд-мэра Дублина Эммер Костелло. Очень обаятельная женщина! Она сердечно поприветствовала Диану и вручила ей памятные подарки с дублинской символикой. Она же и предложила выступить на ирландском радио и рассказать о казахском культурном наследии, о традициях казахского народа, о его героях. В заключение мэр отметила, что Ирландия – невероятно открытая страна с потрясающе гостеприимными людьми, которые рады встречать здесь носителей другой культуры. А также пожелала Диане больших творческих достижений. На следующий день состоялось интервью на популярной ирландской радиостанции “NEAR 90.3 FM”. Оно прошло достаточно продуктивно и интересно. Диана много рассказывала о музыкальных тенденциях в Казахстане, о своих творческих планах и в заключение оставила в студии песни Зиядана-Кажи, которые теперь будут звучать и для ирландских радиослушателей. Встречи с казахстанскими студентами, проходящими обучение в дублинских университетах, всегда проходили в традиционных ирландских пабах в неформальной свободной обстановке. Благо большинство пабов было оснащено неплохой музыкальной аппаратурой и владельцы пабов не запрещали ею пользоваться. Диана пела и для студентов и вместе с ними. Но аплодировали ей не только наши студенты, но и все посетители пабов, очень тепло принявшие песни на казахском языке! После таких встреч снова и снова убеждаешься в том, что народные песни нужны народу! И это огромный стимулирующий фактор, заставляющий раскрывать свой потенциал и творить с удивительным воодушевлением! Следующий концерт проходил уже в небольшом английском городке Essex перед студентами местного университета. Молодая аудитория Диану уже ничуть не смущала, поскольку песни прошли боевое крещение перед ирландскими студентами. Казахского языка здесь никто не знал и Диана решила исполнить казахские песни в свободном европейском стиле, позволив себе держаться на сцене достаточно раскрепощенно. В успехе сомнений не было! И ее ожидания оправдались с лихвой. Молодежь не засиживалась на своих местах и с азартом танцевала под звуки зиядановских песен. Но в Essex был всего один концерт и проходил он рамках “Интеллектуальной олимпиады”, организаторы которого узнав о том, что Диана Шик в соседней Ирландии, пригласили ее для выступления перед студентами - победителями олимпиады. Конечно, в зале были не только победители, аудитория собралась весьма приличная по размерам и продвинутая по своим знаниям. Об этом можно было судить и по отзывам, которые многие студенты оставили на сайте Дианы www.diana-shik.kz. И не удивляйтесь тому, что больше всего комментариев получили песни Зиядана Кожалымова. Но вот наступил следующий день и Диана выехала в Лондон, чтобы оттуда отправиться на итальянский остров Сардиния, а точнее, в город Кальяри, где было запланировано провести ряд концертов перед местной аристократической публикой. Итальянцы, казалось изысканные и утонченные, воспитанные на традициях оперного искусства, тем не менее оказались людьми весьма восприимчивыми и к культуре казахского народа. Очень внимательно слушали! Правда, им ничего другого и не оставалось, поскольку в зале оперного театра Piccinni танцевать запрещалось и зрители могли только смотреть и слушать. Смею заверить, в удовольствии они не потеряли. Диана прекрасно справилась с концертной программой, в которой прочное место заняли песни Зиядана-Кажи. Зал аплодировал и что-то кричал на своем итальянском. Но то, что песни понравились, было понятно и без слов, хотя слова bella donna и bellissima в переводе и не нуждались. В Кальяри состоялось еще два концерта, но на меньших площадках и публика была более демократичной. По крайней мере, под песню “Омерiн”, народ пританцовывал. А на второй площадке произошел курьезный случай. После исполнения песни “Шипагер баба” к Диане подошли две женщины и мужчина и через переводчика стали спрашивать о смысле этой песни. Потом пояснили, что они представляют духовный центр Сатья Саи Баба и не о нем ли песня. Диана с удовольствием объяснила, что у нас в Казахстане тоже были и есть духовные наставники, отцы, мудрецы и целители. И эта песня написана одним из них в честь другого. Но время итальянской части турне подошло к концу и Диана опять собирается в дорогу. На этот раз в столицу Чехии - Прагу. Там запланирован один концерт на площадке знаменитой О2 Арены. Однако турне Диана вынуждена была прервать, возникли какие-то недоразумения с чешской визой. Это было неприятно, масса переживаний. И хотя приглашающая сторона принесла свои извинения в связи со срывом концертов по форс-мажорным обстоятельствам, было несколько обидно возвращаться домой, не завершив турне. Хотя что-то положительное в этом было. Многодневное напряжение, калейдоскоп событий, стран, городов накопили усталость молодой артистки и, видимо, отказ во въезде в Чехию был ей как знак свыше - пора остановиться и осмыслить то, что уже имеешь. Все, что ни делается в жизни - все к лучшему! Переживать и расстраиваться было некогда - работа, учеба, семья... Да и Зядан-Кажи поддержал Диану: ничего страшного, что один концерт не состоялся, зато будет другой, да не один еще... И тут же предложил Диане выступить на конгрессе целителей Казахстана, запланированный на конец июля в Астане. Конечно, предложение для Дианы было неожиданным, но она ответила решительным “Да”. И начала собираться в дорогу. Путь до Астаны был не близким, 1200 км Диана планировала преодолеть на своей машине. Выехав ранним утром Диана к вечеру добралась до нашей столицы, проведя за рулем 12 часов. Дорога была не из простых, но легких путей она никогда и не искала. Утром следующего дня, а было 24 июля, Диана вышла на сцену зала Астанайского Государственного театра «Наз», собравшего под своими сводами целителей со всего Казахстана, а также из соседних России, Китая, Киргизстана и Узбекистана. 300 человек выжидательно смотрели на Диану. Все знали казахский язык, все знали кто такой Отебайдак! “Тәуелсiз ел еңсесi биiк деген, Қазақ елi көрiнуде биiктерден...” – начала петь Диана, внимательно следя за этой очень непростой аудиторией. Петь было невероятно трудно. “ Отейбойдақ еңбегi дараланып, Қытай, қазақ ғылымы төрiн берген.” - продолжала Диана и глаза зрителей стали теплеть. А концовку песни уже встретили аплодисменты и восторженные выкрики. Зядан Кажи, предсе-дательствовавший на этом конгрессе, остался очень доволен исполнением Дианы и для нее это было очень высокой оценкой. Уже позднее, после исполнения песни “Шипагер баба”, Диана призналась, что чувствовала очень большую ответственность и волновалась не меньше, чем на концертах в Европе. Зядан-Кажи вручил Диане диплом за успехи в культурных мероприятиях оргкомитета. И это было приятно! В принципе, это всегда приятно, когда что-то оценивают по заслугам. В такие моменты острее всего чувствуешь свою нужность и именно такие моменты остаются в памяти на всю жизнь. В перерыве конгрессмены-целители обступили Диану, казалось, их интересовало все: и какой веры Диана придерживается, и какой она национальности, и откуда она родом, и нет ли в ее родословной восточных корней... Это был живой неподдельный интерес. Диана отвечала на все вопросы, каждый раз подчеркивая, что песни Зядана-Кажи магические, они привлекают внимание любой публики и уже звучат не только в Казахстане, но и далеко за его пределами. После перерыва Диана исполнила еще две песни, которые также были встречены на “ура”. Песни Зядана-Кажи живут сейчас своей жизнью, им суждено жить долго. Ведь в них богатство нашего народа, его культурное наследие. Они несут в себе энергетику сильных и талантливых людей. Они заряжены духовностью и любовью к людям! Да воздаст Всевышний слушающим их! Академик А.В.Бодров Газета «Шипагерлік баян», №11, 2010 ЗЯДАНҒА АҚЖОЛ ТІЛЕЙМІН! Өнер десе ішкен асын да қоя салатын қазақтың мінезі әу бастан-ақ белгілі. Табиғат солай жаратқан. Әуен-жыр халқымызға Құдайдың бере салған енші, сыйы. Сондықтан да әрбір қазақтың тұла бойы тұнған әуез, сырлы саз десем, менің бұл ойымды ешкім артық айтты дей қоймас. Кейінгі жылдары қатарынан суырылып, алға озғандар тобынан Зядан Қожалымовты да көріп жүрмін. Әуен-жырларының бәрі де көз алдымда туған сияқты, жаныма да, ойыма да жақын. Төл туындылары көптеген газет-журналдарда да жарияланып жүр. Радионың күнделікті хабарларында әуелете шырқайды. Демек, мұның бәрі бекер болмады, өмірден өз жарасымын тапты! Жақсы жыр мен әдемі ән ешқашан да өшпейді, өміршең келеді. Зяданның туындыларында да сондай сипат бар. Олар өзінің сонылығымен, әуенділігімен, мәнділігімен ел арасына ене берері сөзсіз. Әуелгіде ол қарапайым әндерімен ерекшеленсе, бүгіндері термелер мен толғауларға да бақ сынап, бапты дүниелер тудыруда. Әдетте мұндай шығармалар жазу сазгермін деген әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл күрделірек жанр саналады. Оған бару үшін үлкен ізденіс қажет. Өнердегі жолы күн өткен сайын ашыла түскен сазгер әрі ақын замандасым Зядан Қожалымовқа сәттілік пен ақ жол тілеймін! Құрметпен, Темір Тайбеков - сазгер 22.12.2000 жыл, Алматы. ӘН ӨЗЕГІ – ИМАНДЫЛЫҚ Тәуелсіздік тарих тағдырдың біздің ұрпаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті деп білген жөн-ау. Бағытымыз бен сол бақытымыз баянды болсын, тәңірім ұзағыңнан сүйіндірсін дейміз! Өтпелі кезеңде, әсіресе жастар арасында көрініп қалып жатқан өгей қылықтар сол кездегі «биік мақсатты тәрбиенің» нәтижесі ме екен демеуге шара жоқ. Әйтпесе, біреуді қорлап алу, қорқытып алу, қолындағысын тартып алу деген тағылықтар болар ма еді? Қырандар түлегін қияға самғатып баулитыны сияқты, біз де жеткіншек ұрпақты бос белбеу тірлікке емес, басқалармен бірдей бағын сынап, есесін жібермейтіндей нартәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз ләзім. Жастарға жамандық біткеннен аулақ болу жолын көрсету, ақыл-парасаты мол, көзі ашық зиялылардың еншісі деп білеміз. Сондай кісінің бірі республика жұртшылығына мейлінше танымал азамат Зядан Қожалымұлы. Ол кісінің республикалық басылымдарда жарық көріп жүрген мақалаларының басым көпшілігі адалдық, адамгершілік, имандылық деген киелі ұғымдарға құрылған. Бір мақаласында ол кісі былай дейді: «Адамды адам ретінде оқшаулап тұрған оның рухани мәртебесінің биіктігі, рухани игілікті тұтынғандығы. Ал мәдениет дегеніміз, сол рухани игіліктердің басы тоғысатын ұлттық ұя», – дейді. Айтқалы отырғанымыз Зәкеңнің басылымдарда жарияланып жүрген мақалалары туралы емес (ол туралы арнайы әңгіме етсе де артық болмас еді) емшілік қасиеті туралы. Мақала басында ескерткеніміздей тәуелсіздік арқасында ортамызға қайта оралған халық емшілігі дейміз. Республикамызда халық емшілерінің ассоциациясы өмірге келіп, халық емшілерінің құрылтайына бірауыздан Зядан Қожалымұлы оның Президенті болып сайланғандығы туралы Республикалық біраз басылымдар жария еткен болатын. Бүгін сол аруақты азаматтың көпшілік сұраулары бойынша әр кезде басылым беттерінде жарияланып жүрген шипалық қасиеті бар «Құдірет» атты өлеңін көпшілікке ұсынуды жөн көрдік. Сариев Ә. «Шымкент келбеті» газеті, № 25 (308) 21.06.1996 ж. ХАЛЫҚ ЕМШІСІНІҢ ЖҮРЕГІНЕН ТУҒАН ӘН Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының президенті Зядан Қожалымовты жұртшылық халық емшілері қауымдастығын тұңғыш ұйымдастырушы, әрі осы дәстүрлі саланы одан әрі дамытушы ретінде біледі. Бұл кісінің халық емшілерінің қара шаңырағын басқарғанына да міне бес жылдай уақыт болған екен. Содан бері халықаралық дәрежедегі халық емшісі Зядан Қожалымов Ассоциацияның жұмысын жолға қойып, сол арқылы аруақты емшілердің танылуына өзінің лайықты үлесін қосып жүр. Ал, енді Зякеңнің тағы бір қыры туралы әркімнің біле бермесі анық. Ол – бұл қасиетті адамның өнер саласындағы ізденістері. Атап айтар болсақ, ол өлең жазып, ән шығарады. Халық арасында таралған әндері де жоқ емес. Төменде халық емшісінің жаңа әндерінің бірін оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз. Қуаныш Сихынбаев “Апта” газеті, Жезқазған, №43 (196) 25.10.1996 ж. КӨҢІЛ КҮЙІН ТЕРБЕГЕН Зядан Қожалымовты халық емшісі ретінде білетінбіз. Оның негізгі мамандығы инженер-электрик болса да, Құдай берген құдіреттің арқасында оған емшілік қасиет дарыған. Ол Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер және Психологтар одақтарының мүшесі, Халықаралық және Ресей халық емшілері Ассоциациясының мүшесі. Халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог. Ол осы қасиеттеріне қоса өлең-жыр жазумен де шұғұлданады. Оның бірқатар поэзиялық шығармалары республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген. Енді осыларға қоса Зядан өзінің өлең, терме, толғауларына ән де шығарып жүр. Биыл Алматыда оның көп жылдан бері жазған өлеңдері іріктеліп, «Көк тәңірі жүр жебеп» – деген атпен әндері ноталарымен қоса жарық көрді. Кітап шағын болғанымен, оның ішіндегі дүниелер адамның көңіл-күйінің әр шақтағы иірімдерін дөп басып сырлы сезімдерге жетелейді. Автордың шығармаларында ізгілікті, дінді, адамгершілікті насихаттайтын сарын басым. Сондықтан да оның өлеңдері салиқалы, салмақты, мазмұнды болып келеді. Ақынның өзі де бір өлеңінде: Қонды қалай деп оны сұрамағын, Бағы ғой берген маған бір Алланың. Ата-ана наз жыры бойға дарып, Шабыттанып, ой шалқып, жыр жазамын, – деп ақындық өнердің қалай дарығаны жөнінде сыр шертеді. Ақын қай күнде де халықпен бірге, соның мұнын мұңдап, жоғын жоқтаған. Елінің жақсысына сүйініп, жаманына күйінген. Оны қоғамда болып жатқан сан қилы өзгеріс құбылыстар да толғандырмай қоймайды. Сондықтан да ол «Тағдырдың тәлкек заманы-ай» деген әні бар өлеңінде мына заманның қым-қуат құйтырқы тірлігін суреттей келіп: Шаттанған елім, жайнағың, Бұзылмай, халқым, қаймағың. Тәуелсіз елсің мінеки, Бағыттан енді таймағын, – деп елінің тәуелсіздігіне тәубе етіп, оның болашағына зор сеніммен қарайды. Кітаптың жартысына жуығы толғаулар мен термелерден тұрады. Бұл шығармаларында да Отанға, еліне, өз халқына деген ақынның сүйіспеншілігі, адамгершілік, ар-ұждан, бабалар, ағалар рухына деген тағзым арқау етіп алынған. Мәселен, «Халқыма айтар жан сырым» атты ұзақ толғауында: Имандылық ордасы да менің елім болады, Бақыт құсы келіп саған мәңгілікке қонады. Ырысың мен ырыздығыңның несібесі алдында, Жаратушы бір өзіңді қорғауына алады, – деп түйіндейді. Кітапта көптеген өлең, толғауларының ноталары қоса берілген. Ол жөнінде сазгер Темір Тайбековтың пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Жақсы жыр мен әдемі ән ешқашан да өшпейді, өміршең келеді. Зяданның туындыларында да сондай сипат бар. Олар өзінің сонылығымен, әуенділігімен, мәнділігімен ел арасында ене берері сөзсіз. Әуелгіде ол қарапайым әндерімен ерекшеленсе, бүгіндері термелер мен толғауларда да бақ сынап, бапты әндер тудыруда». Біз де кітап авторына – шабытың шарықтай берсін, өнер әлеміне сермеген қанатың әсте талмасын, – деп тілейміз. М.Нұрмұқанов, “Солтүстік Қазақстан” газеті, 28 тамыз 2001. ШИПАЛЫ ЖЫР ЖОЛДАРЫ Бұл кітаптың авторы – Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер және Психологтар одағының мүшесі, халықаралық дәрежедегі биоэнерготерапевт, рухани шипагер, парапсихолог. Мұнда автордың көптеген жылдардан бері жазған поэзиялық шығармаларының таңдаулылары іріктеліп, республикалық және облыстық баспасөзде жарық көрген әрі радиоларда орындалған әндері мен рухани тәрбиелік ерекшелігі бар терме және толғаулары топтастырылған. Біраз шығармалары облыстық және республикалық радионың алтын қорына қалдырылған. З.Қожалымовтың «Құдірет», «Ақ гүлім», т.б. әндерін көп жылдан бері халық шырқап келеді. «Ана тілі» газеті, 24.05.2001 ж. Күндесең де іштен тың, үндемегің... “Көк Тәңірі жүр жебеп”, Зядан Қожалымов. “Тоғанай Т” баспасы, 2000. “Күндемегің, ей досым, күндемегің, Күндесең де, іштен тың, үндемегің...”, “Көк тәңірі жүр жебеп” – деп аталған көк кітапша ішінен сөз бен саз өнерінің қағидаларына сәйкес көркемдіктен гөрі адамгершілікті, адалдықты, ізгілікті уағыздайтын осындай қарапайым көсем ойлар мен ақыл-кеңестерді іздесек, іздегенімізді табамыз. Тылсым күш құдіретін зерттеуші, әрі тікелей байланысушы, Қазақстан Халық емшілері қауымдастығының президенті, түрлі халықаралық халық емі ассоциацияларының мүшесі, биоэнерготерапевт, жантанушылық білгері, рухани сауықтырушы шипагер Зядан Қожалымовты өлеңшілік, һәм сазгерлік қырынан таныстыратын кітаптың күміс тілі – Ар, Ұждан, Жан, Тән тазалығы. Белгілі кәсіби сазгер Темір Тайбеков сәт-сапар тілеген кітаптың музыкалық редакторы – Әшірхан Телғозы, әдеби редакторы – Әнуар Тарақ. Басылымдарда жарық көріп, әуе толқындарында орындалып жүрген емдік шипалық әндері мен рухани тәрбиелік сипаттағы терме-толғаулары топтастырылған. Әндерінің көбінің сөзі мен сазы – өзінікі. Төлеу Қосан, Эльмира Жанабергенова, Ләззат Зяданқызы әндерін шығарған терме-толғаулары бар. Ел, жер, дін сүйіп-сыйлаған жүректің толғақ – бұрқағы: “Халқыма айтар жан сырым”, “Ашылсын бағың, қазағым”, “Иманым”, “Тәубеге келу”, “Құлпытасқа тағзым...” Көңілдің кейбір кездерінде туған ой иірімдерінің қалқыған көбігі: “Өмірім”, “Көңілім”, “Өлеңім”, “Шіркін, дүние-ай”, “Адам аласы ішінде”, “Тағдырдың тәлкек заманы-ай”, “Күндемегің...” Ән сүйген, рух сүйген әркіміңізді көк тәңірі жебей жүрсін! Гүлзира Серғазы, «Алматы ақшамы» газеті, 20 маусым 2001. Құдірет Ән авторынан: Құрметті редакция алқасы, “Құдірет” – әні 7 маусым 1992 жылы дүниеге келген-ді. Өзінің жеке тарихы аруақты жандармен аруақ рухы арақатынасымен жалғасып жатқандай, 11 маусым 1992 жылы республикалық радио торабының “Жастар” бағдарламасы эфирге шығарды. Содан бері Республиканың облыстық радио тораптары арқылы тұрақты берілуде. “Құдірет” – әнінің адам жанын емдеуде де шипалық қасиеті күн сайын артуда. Тіпті,сөзін жаттап алып, ем үшін өзіңе пайдаланып жүргендер де көбеюде. Менің әлемдік сеанстарымда да орындалды. Осыған байланысты халық тілегін ескеріп, әнді нотасымен баспа бетіне беріп отырмын. “Жас Алаш” газеті, 21 ақпан 1995. | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | ||