ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ
КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ
ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ
СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ
QUARTER-CENTURY
SANCTITY ASSOCIATION | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||
ШИРЕК
ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ
ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ
QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION
ӘОЖ
615.89 (084)
ҚБЖ
53.59
Қ
56
Пікір
жазғандар:
Молдабеков
Жақан
–
философия
ғылымдарының
докторы,
профессор
Жаханов Амангелді
– медицина ісінің үздігі, профессор
Әнуар Тарақ
–
филология ғылымдарының докторы, профессор
Рецензенты:
Молдабеков Жакан – доктор
философических. наук, профессор
Жаханов Амангелды
–
отличник здравоохранения РК, профессор
Ануар Тарак
–
доктор
филологических наук, профессор
Reviewers:
Moldabekov Zhakan – professor,
doctor of philosophy
Zhakanov Amangeldy
– professor, excellent student of health care of
RK
Anuar Tarak –
professor, doctor of philology
Қожалымов
З.
Қ
56
Ширек
ғасырлық
киелі
қауымдастық.
Қазақ,
орыс
және
ағылшын
тілдерінде
жазылған
тарихи
сурет
альбомы
=
Четвертьвековая
святость
Ассоциация.
Историческая альбом-книга на казахском, на
русском и английском языке = Quarter-century
sanctity Association.
Historical an album book on Kazakh, in Russian
and English. –
Алматы:
Шалкөде,
2016 - 569
бет.
ISBN
978-601-7262-30-3
Ғұмыры
ширек
ғасырға
толған
«Қазақстан
халық
емшілері
қауымдастығы»
Республикалық
қоғамдық
бірлестігінің
тарихынан
мәліметтер
беретін
тарихи
кітап-альбомның
авторы
еліміз
бен
шетелдерге
де
танымал
мәдениеттанушы-ғалым,
осы
қауымдастықтың
тұңғыш
құрушы
әрі
президенті
халық
медицинасы
саласының
профессоры,
Академик
Зядан
қажы
Қожалымов.
Бұл
еңбекте
25
жылдық
қауымдастықтың
тарихынан,
халық
медицинасының
өркендеуі
мен
ғылыми
жетістіктерінен,
шипагерліктің
қажеттілігі,
XV
ғасырдағы
қазақтың
ғалым
шипагері
Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының
«Шипагерлік
баян»
атты
еңбегінің
психологиялық,
философиялық,
тарихи
этнографиялық
құндылығы
жөнінде,
сұхбаттардың
және
ұжымның
мүшелерінің
суреттері
т.б.
мәліметтер
ғылыми-танымдық
талдау
негізінде
баяндалады.
Еңбек
зерттеушілерге,
емшілерге
және
көпшілік
оқырман
қауымға
арналған.
Автор исторической книги-альбома известный в
стране и за ее пределами ученый-культуролог,
первый и действующий президент Республиканского
общественного объединения «Ассоциация народных
целителей Казахстана» профессор народной
медицины, Академик Кожалымов Зядан кажы.
В этом труде излагается 25 летняя
летопись Ассоциации, процветание и достижение
народной медицины, потребность народного
целительства, ценность труда ученого-целителя XV
в. Отейбойдака Тлеукабылулы «Шипагерлік
баян», фотографии на интервью, с
фотографиями членов Ассоциации и сведении на
основе научного-познавательного анализа.
Труд
предназначен исследователям, народным целителям
и широкому кругу читателей.
The author of the historical book album known in
the country and beyond her limits the
scientist-culturologist, the first and
incumbent president of the Republican public
association «Association of Folk Healers of
Kazakhstan» professor of traditional medicine,
the Academician Kozhalymov Zyadan
kazhy. In this work the 25th summer
chronicle of Association, prosperity and
achievement of traditional medicine, requirement
of national healing, value of work of the
scientist-healer of the 15th century
Oteyboydak Tleukabylula «Shipagerlik a bayan»
is stated, to the photo on interview, with
photos of members of Association and data on the
basis of the scientific-informative analysis.
Work is intended to researchers, folk healers
and a wide range of readers.
ӘОЖ
615.89 (084)
ҚБЖ
53.59
ISBN
978-601-7262-30-3
©
Қожалымов
З.,
2016
© «Шалкөде»,
2016
Елбасының
алғыс
хаты
Құрметті
Зиядан
қажы!
Сіздің
және
Сіздің
әріптестеріңіздің
мені
Қазақстан
Республикасының
Президенттігіне
кандидат
етіп
ұсынып,
сенім
артқандарыңызға
тебірене
толқыдым
және
өте
ризамын.
Мұны
президентке
кандидат
ретінде
мені
ғана
емес,
елімізде
болып
жатқан
оң
әлеуметтік-экономикалық
және
демократиялық
қайта
құруларды
қолдау
деп
бағалаймын.
Сізді
және
Сіздің
әріптестеріңізді
4
желтоқсан
күні
келіп,
біздің
Отанымыз
Қазақстан
Республикасының
болашағы
үшін
дауыс
беруге
шақырамын!
Табыстар
тілеген
ізгі
ниетпен,
Нұрсұлтан
Назарбаев
Уважаемый Зиядан Хаджи!
Меня очень
тронуло Ваша поддержка и поддержка Ваших коллег
мою кандидатуру в Президенты РК и доверие,
оказанное мне, и я от всей души благодарю Вас.
Я оцениваю это
как поддержку не только меня, как кандидата, но
и как поддержку положительных
социально-экономических и демократических
перестроек, происходивших в нашей стране.
Вас и Ваших
коллег призываю голосовать 4 декабря за будущее
нашей Родины - Республики Казахстан!
С пожеланиями успехов,
Нурсултан Назарбаев
Dear Ziadan Kozhalymov!
I am very grateful to you and your colleague’s
support of my candidacy for President of the
Republic of Kazakhstan and I’m really grateful
for trust.
I appreciate your support not only as the
candidate, but also as support of the positive
social and economic and democratic reform that
took place in our country.
I call you and your colleagues to vote on
December, 4th for the future of our Motherland –
the Republic of Kazakhstan!
With best wishes,
Nursultan Nazarbaev
Ақыл,
қайрат,
жүректі
бірдей
ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абай
Кіріспе
Еліміздің тәуелсіздігінен кейін өткен тарихымыз
бен жоғалған мұраларымыздың құндылықтарын жинап
зерттеуге, қалпына келтірумен оны сақтауға,
қорғауға, толықтыруға мән беріле бастады. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030»
бағдарламасында еліміздегі азаматтардың
денсаулығын сақтау проблемасында «Мәдени мұра»
бағдарламасының бір саласында шипагерлік өнері
де қамтылған. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық
мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық
негіз бар. Шипагерлер емнің негізін қалаушы,
адамның тәні мен жанының бақылаушысы, халықтық
мәдениеттің, дәстүрлі шипалы өнердің, этика мен
эстетиканың қалыптасуына ықпал етушілердің
бірегейі болып саналады.
«Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» 1991
жылдың 22 желтоқсанында еліміздің
тәуелсіздігінен бір жетіден кейін құрылды.
Өзінің осы ғұмырында жоғарғы шенеуніктердің
қысымынан екі рет қызметі уақытша тоқтатылды.
Десе де, Қауымдастық қисайғанға тіреу, құлағанға
сүйеу, жүйесі тозғандарға қамқоршы және ақылшы бола білді.
Бүгінде осындай жағдайға ұшырағандардың
бәрі де бақытты өмір сүруде.
Қауымдастықтың қызметін насихаттауда және
халықтың рухани байлығын өркендетуде
қауымдастықтың «Халық емі» (1992-1994) және «Шипагерлік
баян» (2002) газеттеріндегі танымды мақалалар
мен
«Шалкөде» баспасынан шыққан еңбектер он
нәтижесін беріп келеді. Ғаламторда 2006 жылдан
қауымдастықтың жеке сайты ашылып, онда
қауымдастық туралы толық мәліметтер берілуде.
Бүгінде қауымдастықтың 14 облыс пен Астана және
Түркістан қаласында бөлімшелері қауымдастықтың
Жарғылық міндеттерін табысты атқаруда. Бүгінде
қауымдастықтың құрамында тікелей байланыстағы
5000-ға жуық мүшелері мен емшілері қызметтерін
жалғастыруда. Құрылғанына 25 жыл толып отырған
қауымдастықтың көрген азаптары мен жақсылықтары
бірдей болды, көреалмастар қауымдастықты жоям
дегенімен, қауымдастықтың басшысы мен мүшелері
және жанашырлар оның шаңырағының шайқалуына
мүмкіндік жасатпады. Осы жылдардағы
қауымдастықты жоюға әрекет еткен ҚР Денсаулық
сақтау министрлігі жанынан құрылған
«Республикалық халық медицинасы Орталығы» (1990)
өз қызметін тоқтатқанына он жылға жуықтаса ал,
осы Орталыққа жоғарыдан қорған болған және
басқарғандардың да үндері өшті (Е. Мусин, Е.
Абылқасымов, Ш. Шинтаев). Бұл аты аталған
шенеуніктер қауымдастықтың басшыларын ата
жауларынан да жоғары қойды. Жалған «қылмыстық»
әрекеттер мен сұрақтардың тергеушілер тарапынан
тоқтамауына аты аталғандар өздерінің таныстық,
туыстық тағы басқа әдістерін толық пайдалана
білді. 20 жылдан аса уақыт халық емшілерін жеке
бастарының «құлдары» мен «күңдеріне» айналдырып,
жеке бизнестерін дамытқан (Е. Абылқасымов, Ш.
Шинтаев) шенеуніктер өдерінде тіркелген 20
мыңнан аса емшілердің бірде-біреуін тарих
бетінде қалдырмады. Ақыры жалған құжаттармен
ұйымдарын жойды (РХМО). ҚР Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2012
жылдың 10 шілдесінен бастап, ҚР
Денсаулық сақтау министрлігінің халық
емшілерінің қызметін бақылауы мен рұқсат беру
(сертификат) құқы алынып тасталды. «Басқаға ор
қазба, өзің түсесің» деген халық даналығы
осыларға арналғандай.
Халық шипагерлігі өзінің жеке тарихы бар
халықтың ұлт мәдениетінің дәстүрлі өнері екеніне
ХV ғасырда ғалым шипагер Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлы анықтама берген. Шипагерліктің
өзіндік емдік мәдениеті мен емдеу әдіс-амалдары
қалыптасқан. Халық шипагерлігі тарихы б.д.д.
басталып, адамзаттың өмірімен бірге жалғаса,
қатарласа өзінің шипалық қасиетімен ерекшеленіп
келеді. Кез-келген нәрсенің тарихы
себеп-салдарсыз тумайды. Әлі күнге дейін тарихы
жазылмаған, зерттелмеген, бір жүйеге
түсірілмеген ұлттық мәдениеттің дәстүрлік
өнеріне халықтық шипагерлік те жатады.
Шипагерлік – ол халықтық дүниетанымның, ақыл-ой
даналығының, денсаулықты қорғау мен емдеудің
және мәдени дәстүрлік өнерінің негізгі басты
тірегі. Ол рухани тәрбиенің, шипалы емнің,
адамдар арасындағы өзара дұрыс қатынастың, терең
танымдық білімнің, адамгершіліктің,
қайырымдылықтың қалыптасуына ұйтқы болатын
кеңесуші,
денсаулықты сақтауға, қорғауға бағыт
беретін мәдени ортасы.
Ертеден-ақ, емдік жүйе халық денінің саулығына,
ұрпағының тазалығына адал қызмет етті. Халық
шипагерлігі көршілес Шығыс пен Орта Азия
елдерінің шипагерлік өнерімен сабақтас, үндес
болды. Олардың озық жетістіктері қазақтың халық
шипагерлігінің өркендеуіне зор ықпал етті. Бұл
жетістікті ХV ғасырда жазылған ғұлама шипагер
Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты
медициналық энциклопедиялық еңбегінің құндылығы
айқындай түседі. Халқымыздың осы заманғы медицина дамығанға дейін, ғасырлар бойы
өсіп-өркендеуіне халық шипагерлігінің ықпалы зор
болды. Кеңес заманында қатал саясаттың әсерінен
елімізде халық шипагерлігінің мәдени бастаулары
мен емдік әдіс-тәсілдері туралы, бір-екі ғана
авторлардың мақалалары мен кітаптары жазылып
баспадан шыққанымен, оның тарихы мен болашағына
толық ғылыми талдаулар жасалынбады. Ел
тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары аталмаған
ғұламалар мен шипагерлердің ұлы қасиетін ашуға,
еркін көрсетуге, насихаттауға, зерттеулер мен
ғылыми талдаулар жасауға және олар туралы сүбелі
еңбектер жазуға жол ашылды. Олар ұлт тарихы
беттерінен көріне бастады. Кез-келген ұлттың
өзінің мәдени, тарихи негіздеріне қайта оралуы
өте ұтымды оң бағыт болды. Қазақ шипагерлігінің
тарихы енді ғана зерттеле бастады. Ғалым шипагер
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны»
несімен құнды деген сұрақ заңды да.
Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян»
еңбегі ұлттық этникалық философиялық және
психологиялық тарихи танымдық қағиданы сақтай
отырып жазылған, тұңғыш медициналық
энциклопедиялық ұлттық еңбек. Шипагер Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлы халық шипагерлігінің мәдени,
рухани жақтарын ғылыми тұрғыдан бағалады, оған
қатал талап та қоя білді, өзінің жеке іліміне
жауапкершілікпен қарады. Оның айғағы ғұлама
шипагерлерді емдеу тәсіліне, емінің қонымына,
болжамалығына қарай екі топқа: дарымдалық және
болжамалы деп бөліп, біліміне, еміне,
мәдениетіне қарай шипагерлерді 24 түрге жіктеді.
Бұл жіктемелік жүйесін 20 жылдан аса осы
кітаптың авторы (З.Қ) талдау мен ғылыми
мақалаларында және монографиялық еңбектерінде
және кандидаттық диссертациясында толық
зерттеп, Өтейбойдақтану оқулығының
бағдарламасын жасады. Осы бағдарлама негізінде
жазылған еңбектер арнайы жоғарғы орта оқу
орындарында оқулық ретінде пайдалануда.
Әлі де зерттеулер жалғасын табуда.
Шипагердің «Шипагерлік баяны»: «Қанықталығы» –
шипагерлік жөнінде анықтама, «Нарықталығы» –
адамның сырқатын анықтаудың жолдары
және «Дарымдалғы» – сырқатты емдеп
жазудың
әдіс-тәсілдері
туралы үш үлкен тараудан жазылған
медицинаның үш шыңына айналды. Қараүзген
шипагердің «Шипагерлік баяны»,
ұлттық этникалық философиялық және
психологиялық тарихи-танымдық стилін толық
көрсете білген ғылыми-тарихи медициналық
энциклопедия екенін көрші Қытай мен Қазақ елі
және Орта Азия мен басқа да шетел ғалымдары да
оң бағаларын беруде. Кейбір ерекше тылсым
күшке ие адамдардың бойындағы неше алуан жұмбақ
құпияларын анықтаудың әлемдік тәжірибесі әлі
шешімін тапқан жоқ. Ғасырлар бойы қордаланған
сезімтал киелі қасиеттерді: емшілік, бақсылық,
балгерлік, болжаушылық, жауырыншылық,
жұлдызшылық, құмалақшылық, көріпкелдік пен
телепатия, оташылық, тамыршылық, сынықшылық,
Құран кітабына және алақанға қарап болжаушылық
тағы басқаларының құпия сырын анықтауда әлем
елдеріндегі және қазақ еліндегі зерттеушілері
мен ғалымдары нақтылы ғылыми тұжырымдық
анықтамаға қол жеткізе алмауда.
Қазақтың ғұлама шипагері Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлы өзінен бұрынғы ғұламалар
Әл-Фараби, Баласағұни т.б. ізгі
мақсаттары мен ниеттері бір екендігін
ұлттық философиялық және психологиялық танымда
мәдениетті, сауатты түрде баяндайды. Бұл
сыйластық пен мойындауы бар шындыққа ұласады.
Шипагер Өтейбойдақтың «Шипагерлік баянын»
әлемдік ғалымдардың медициналық жаңалықтарынан да бұрын жазылғанын аңғаруға болады. Мәселен,
әлемдік тіршіліктегі материалды алмасу мен
дамуын Ф. Энгельстің «Анти-Дюрингте» /1870/
жазылды деп келсе, қазақ шипагері Өтейбойдақ
өзінің еңбегінде сау адам өзінің денесіндегі он
түрлі
ыстық-суық, кебір-суық, сіңірім-шығарым,
қатаң-босаң, ояу-тынығу сияқты он түрлі
материалдық қозғалыстың бірлігі нәтижесінде
құрылып: кеңістік, тұрақ, жарық, қараңғы, ыстық,
суық алты тұғырға тұрақтанады. Олар
іркіліссіз, толассыз, шашаусыз кезектесіп
бір-біріне орын беріп, бірін-бірі айналып
отырады деуі оның
тіршіліктің материалдық ұғымына Ф.
Энгельстен
400 жылдай бұрын өз ұғымымен тұжырым
жасағанын
білдіреді.
Сондай-ақ, шипагер Өтейбойдақ «шешекке»
вакцина егуді ағылшын шипагері Эдуард Женнерден
/1796/ 360 жылдай бұрын қолданғаны және дүние
жүзілік ғылымда адамның қан айналымы, жүрек пен
ми қызметтеріне
тұжырымдамаларды Да Винчи, В. Гарвей,
Галилей ашты деп келсе, ал қазақ шипагері
олардан бір ғасырға жуық бұрын далалық
зертханасынан тәжірибеден өткізгені шипагердің
еңбегінде баяндалады. Адамның биоқуатының
ауытқуын теңшеу үшін, кейбір сырқат жандарды
суық суға жатқызып емдеу
тәсілін Ө. Тілеуқабылұлы,
бүгінде кең өріс алған П. Иванов әдісінен бес ғасыр бұрын
емдік жүйеге енгізгені шипагердің
еңбегінде баяндалады. Ғұлама шипагердің бұл
жетістігінен қазақтың шипагерлік мәдениеті мен
оның тарихының ұзақтығы мен ғылыми даму жолының
өркендеуін аңғаруға толық негіз бар деуге болады.
Қазақтың белгілі философия, медицина, психология
т.б. саласы
ғалымдарының пікірлеріне жүгінсек,
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян»
кітабы – Шығыс медицинасының үлгісімен, бірнеше
ғылымдардың басын біріктіріп медицина іліміне
қызмет етуге арналған, адам баласының ең басты
байлығы денсаулықты сақтауға, сырқаттарды
емдеуге бейімделген терең де тарихи ғылымнама.
Сондықтан да халық шипагерлігінің жетістігінің
биіктігін өркендетуде халық емшілерінің қосар
үлесі мол болмақ. Адам биоөрісі қуаттарының
маңызы, рухани, медитациялық және музыкалық
емнің ерекшеліктері мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулықты қорғау мен күту және
тазалықты сақтаудың да қажеттілігі емшілік
мәдениетінің жоғарғы жетістігі болып табылады.
Бұл халықтық шипагерліктің диалектикалық
философиялық этнокөзқарас арқылы дүниеге келген
ілімдік жүйе екеніне толық негіз барын
көрсетеді.
Қазақ ұлты мәдениетінің дәстүрлі саласы
«Халықтық шипагерлікті» мәдениеттану және тарих
тұрғысынан талдау өте құнды. Халқымыздың
шипагерлік дәстүрінің
қалыптасқан
жүйелерінің тарихта алатын орны мен
атқаратын құнды рөлі айқындалып келеді.
Қазіргі мәдениеттанудың өзекті мәселесі –
халықтық шипагерлік тарихы алғашқы рет қазақ
мәдениеті контекстінде қарастырылып, қазақ
дүниетаным үрдістерінде тек шипалық үлгі ретінде
қолданылмай, одан этномәдени қисын іздестіріліп,
емдеудің жоғарғы өнері – шипагерлік туралы
түсінікті байытуда. Шипагерліктің ұлттық
негізінде халықтық емдіктің қалыптасу кезеңдері
мен түрлері (емші, бақсы, балгер, болжаушы,
жауырыншы, жұлдызшы, құмалақшы, тамыршы, сынықшы т.б.) тылсым құпияларына талдау берілуде.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбегіндегі емдік
әдіс-амалдар жинақталып сараланды. Шипагердің «Шипагерлік
баян» еңбегіне тұңғыш рет жан-жақты талдау
жасалынды (З.Қ). Қазақ шипагерлігінің Орта Азия
мен Шығыс шипагерлігімен тұтастығы, ұқсас
жақтары, дүниетанымның ерекшеліктері айқындалып,
емдеу мәдениетінің үйлестігі талданып, оны
жетілдіру және қолдану жолдары «Қазақстан халық
емшілері қауымдастығының» басшысы тарапынан
жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарынан
көрінуде.
Кеңес заманында қазақ халқының емшілік жүйесін
арнайы медициналық оқулықтар мен анықтамаларға
енгізбеді. Халықты киесіз, дарынсыз, білімсіз
етіп көрсету арқылы ұлттық шипагерлік өнерді
жоюға әрекет еткенімен, бірақ ол өзінің
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құпиялы тылсым
қасиетін жоғалта алмады. Қазақ халқының
шипагерлік өнерін тек ғана орыс ғалымдары А.
Левшин, А. Ягмин, Н. Зеленд және қазақтың
ағартушы-ғалымы Ш. Уалиханов т.б.
қолжазбаларынан кездестіруге болады. Кейінгі
кезде халықтық шипагерліктің тұңғыш ғылыми
айналымға енуіне ғылыми зерттеулер мен талдаулар
жасаған ғалым З. Қожалымовтың еңбектеріне
тікелей ғылыми жетекші болған философия
ғылымдарының докторы, профессор Ж. Молдабековтың
басшылығында жүзеге асқандығын және одан ары
дамытуға үлес қосқан философия, медицина,
биология, филология, психология, тарих,
педагогика т.б. ғылымдардың ғалым профессорлары:
Қ. Жарықбаев, А. Құлсариева, Б. Абирова, Г.
Сәрсенбекова, А. Жаханов, Т. Тулендиев, Ш.
Сарыбаев, С. Ғаббасов, Е. Заркешов, М.
Мырзахметұлы, Т. Құлмаханов, Т. Жаңақұлов, О.
Қауғабай, Ә. Тарақов, Ж. Әлдибеков, С.
Құрбанқожа, З. Жандарбек, А. Шаяхмет, А.
Өмешұлы, А. Сбанбаев, Ж. Зекейұлы, Ө.
Мырзағалиұлы, марқұмдар Т. Бекенов пен
Төтенайдың Базарбегі, Жандарбектің Ермаханы т.б.
ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары
өкілдерінің қауымдастықтың қызметінің
өркендеуіне қосқан үлестерін жоғары бағалаймыз.
Ұлттық шипагерлік жүйесінің, дүниетанулық
қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтауда,
оларды түсіндіруде көтерілген мәселелердің
өзіндік қосар үлесі мол. Біздің ғылыми
зерттеуіміздің барысында алынған ғылыми
нәтижелер мен тұжырымдар осы тың тақырыпқа
қатысты болашақ зерттеулер үшін әдістемелік
негіз бола алады. Сондай-ақ оларды
философия тарихы мен мәдениеттануға қатысты оқу
орындарында қосымша және арнаулы оқу орындары
мен емшілердің білімін көтеру мен жетілдіру
курстарында негізгі оқу құралы ретінде
пайдалануға ұсынылды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін халықтық
шипагерліктің, соның ішінде, емдіктің халықтық
сипаты мен танымдық-тәрбиелік маңызын және ХV
ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының шипагерліктің негізін қалаушы
екенін және шипагердің емдік әдіс-амалдарының
негізі айқындалуына, бүгінгі күн талабына сай
қалыптастыра білуге мүмкіндік жасалынды.
Халықтық шипагерліктің әдемі құндылықтарын
сырттан іздемей, оны өзіміздің ұлттық асыл
мұраларымыздан іздеуге, ХV ғасырдағы ғалым
шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мұрасын
зерттеп оны жандандыруға, қолдануға және
мәдениеттану деңгейіне көтерудегі, ғылыми
зерттеуіміздің көкейтесті өзекті, маңызды құнды
мәселелерін толық айқындап беруге қол жеткіздік.
Қазақ елінде ұлттық тілді, мәдениетті, тарихты,
дәстүрлі өнерлерді дамытуға, тарихын қалпына
келтіруге барынша қолдау жасалуда. Әр халықтың
өзіндік ерекшелігіне сай, қазақ халқының
да өзіндік
мәдениеті, тәрбиелік ортасы, әділ қазылық
заңы, дамып отырған өнері, тарихы, әдебиеті,
ілімі, ой-пікірі, философиялық талғамдағы шешімі,
халықтың денсаулығын қорғау мен жақсартудың
шипагерлік емдік дәстүрі болды. Осы мұралардың
көбінена анықтамалар беруде, зерттеуде қараүзген
шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік
баяны» алда келеді. Шипагер баба жалғаннан пайда
болған жасанды ғұлама шипагер емес. Шипагер
өмірде болған, өзі жазып қалдырғандай ұлты,
жүзі, руы және ата-баба мекені көрсетілген, оның
елі мен жері мыңдаған жылдардан бері тарихи және
жағырапиялық атауға ие. Бүгінде кешегі
күні қайнар бұлағының көзі жабылған тарихы және
мәдениеттануы бар дәстүріміздің қыры мен сырының
құндылықтарын тану мен білу және бір жүйеге
келтіру
басты міндетке айналуы тиіс. Осы тұрғыдан
зерделесек, халық шипагерлігі мен қараүзген
шипагер Ө. Тілеуқабылұлының еңбегіне зерттеудің
енді ғана басталғанын ескерсек, оның берері әлі
алда. Бұл сөзімізді тиянақтауда ғұлама шипагер
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының: «Менен ұрпақ
қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге
әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ.
Бұл – соңғылықтар қадірін біліп, ұстана білсе,
қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен
тозатын тулақ», – деген ізгі арманының орындала
бастауы куә. Шипагер еңбегінің Қытай мемлекеттік
сыйлығын алуы да үлкен мәртебе. Шипагерлік
рухани байлық, тәрбие мектебі, денсаулықты
жақсарту мен сауықтыру мекені. Ата-бабамыздың
құпиялы киелі қасиеттері оянып, мәдениеттанудың
халықтық
шипагерлік дәстүрі өнерінің өшкен
оты жанды, жоғалған мұрасы орнына келе
бастады. Енді ғана ұлт тарихынан өз орнын
тапқан, әлем ғалымдары мойындаған «екінші Ибн
Сина» атанған (2009, Тараз) ХV ғасырдың ғалым
шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының халықтық
шипагерлік дәстүрінің оның философиялық және
психологиялық тұжырымдамалары негізін қалаушы
екеніне күманданғандардың аузы жабылды. Бұған
ғылыми зерттеулеріміз куә. Қараүзген шипагер
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы халқынан оқыған,
білімдінің білімін көңіліне тоқыған, ұстазсыз
ұстаз болған дана тұлға. Бабаның еңбегінде басы
артық сөз де, шашыранды ой да жоқ, айтайын деген
ой-толғамын кесіп баян ететін, шындықтың
шынжырын ұстаған ғұлама екеніне қазақ халқының
мақтанышы деуге толық құқылымыз. Өткеннің
тәжірибесін құпиялы түрде тал бойына дарытқан,
озық өнегелі халықтық шипагерлік дәстүрімізді,
тарихи болмысты ұрпақтардың сабақтастығынсыз
елестету мүмкін емес. Енді осы дәстүрдің
құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығы мен
бірлігін жалғастыру, оған дәнекер және адал болу
ғалымдарымыз бен зерттеушілердің және емшілердің
борышы және парызы болмақ.
Қауымдастықтың ұйымдастыруымен «ҚР Халық
медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» (Алматы,
16-18.09-2004), ҚР «Дәстүрлі емес халық
медицинасы» (Алматы, 22-24. 09. 2005), ҚР Халық
медицинасының «Бақсылық өнері» (Алматы,
22-24.07.2006), «Қазақстан мен Орта Азиядағы
халық емшілігінің өркендеуі» (Шымкент,
23-25.07.2007), «Қазақтың көріпкел және
болжампаз бабалары» (Түркістан, 24-26.07.2008),
«Қазақтың ғалым шипагері Ө.Тілеуқабылұлы» (Тараз,
24-26.07.2009), «Рухани және музыкалық
шипагерлік» (Астана, 23-25.07.2010), «Қазақстан
халық емшілері қауымдастығына – 20 жыл» (Алматы,
23-24.07.2011), «Халық емшілігінің өркендеу
жолдары» (Шымкент, 13-14.07.2012), «Халық
емшілігінің емдеу жүйесінің болашағы»
(Түркістан, 13-15.092013), «Мәдениеттанушы
ғалым, академик Зядан Қожалымовтың 70 жылдық
мерейтойына орай, оның ғылым саласындағы
сіңірген еңбектерінің “Халық медицинасындағы
құндылығы мен маңыздылығы” атты халықаралық
ғылыми теориялық конференциясы» (Алматы, ҚР
Ғылым Академиясы, 02-03.08.2014) және
“Қазақстанның солтүстік аймағындағы халық
емшілігінің өркендеуі” (Қостанай, 25-26.07.2015)
атты халықаралық конгрестер мен форумдар және
конференциялардың бағдарламалары жасалынып өте
жоғары дәрежеде өткізілді.
Арнайы жұмыс бабы бойынша дәстүрлі халық
медицинасының симпозиумдарына қатысу үшін
қауымдастық президенті арнайы шақырумен
шетелдерде атап айтқанда: Украина (Гурзув, Кырым
03.10.1993), Австрия (Вена, 14-19.04.2011), АҚШ
(Вашингтон,17-22.08.2011), ҚХР, Құлжа (12-20.05.2011), Венгрия (Будапешт,
23-28.03.2012), АҚШ (Гавай аралдары,
23-30.04.2013), Италия (Сардиния,
29.05-04.06.2013), Украина (Одесса, Киев,
15-18.07.2013) т.б. елдерде болды. Бұдан басқа Англия, Швейцария т.б. Еуропа елдерінің ғылым
саласы бойынша Симпозиумдарына құрметті мейман
ретінде қатысуға шақыртулар көптеп келуде.
Қауымдастықтың жеке қызметіндегі жетістігі
2013-2015 жылдары аралығында халықаралық рейтинг
одағының (Әзербайжан, Беларусия, Грузия,
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина) арнайы “алтынмен
қапталған қабырға” медалімен және “Ұлттық
сертификаттарымен” марапатталды. Осы аталған
ұйымның атынан қауымдастықтың басшылары мен
емшілерінен “Қазақстан даңқы” және “Экономика
мақтанышы” ордендерімен 4 мүшесі, “Сіңірген
еңбегі мен жетістіктері үшін”
және “Кәсіби саладағы жетістіктері үшін”
медалдарымен 30 мүшесі және қауымдастықтың
басшысы “Жылдың үздік басшысы” сертификатымен
және
емшілерден “Жыл маманы” Ұлттық сертификатымен 45
мүшесі марапатқа ие болды.
Қауымдастықтың басшылары материалдық, моралдық
және психологиялық қысымдарын ұзақ уақыт
өздерінің өмір жолдарынан өткізуі, олардың ізгі
арман мақсаттарын және қызметтік іс жоспарларын
тоқтата алмады. Ұлттық намыс, киелі тектік
қасиеттің құпиясы қауымдастықтың емшілерінің
жігеріне – жігер, қайратына – қайрат қосып,
ұлттық тектік қасиеттік намысын оята түсті.
Қазақ халқының “Сегіз қырлы, бір сырлы”
қасиетінің ояну кезеңіне ел тәуелсіздігі
мүмкіндік берді. Бұл мақсат пен бағыт алға қарай
ұлт пен болашақ ұрпақ үшін өз қанатын кеңінен
жая бермек. Құрметпен: автор
Только разум, наука, воля, совесть возвышают
человека.
Думать, что можно иначе возвыситься,
может только глупец. Абай
Введение Всем известно, что
одним из главных семи направлений стратегической программы главы
государства Нурсултана Назарбаева «Казахстан-2030» является проблема
здравоохранения граждан нашей страны. Так же в Республике Казахстан
принята государственная программа развития «Культурного наследия» нашей
страны. Есть полное основание говорить о том, что традиция народного
целительства относиться к одной из областей национальной культуры.
Начались работы по исследованию, воссозданию, сохранению, защите и
дополнению исторических ценностей нашей нации. Самой главной задачей
современных ученых является тщательное исследование исторических и
культурных наследий, передавать следующему поколению, повлиять, чтобы
все имеющиеся ценности не были потеряны и передавались из поколения в
поколение. Целитель – это основатель лечения, наблюдатель за телом и
душой человека, один из первых людей, который повлиял на основание
национальной культуры, искусства традиционного целительства, этики и
эстетики. «Ассоциации народных
целителей Казахстана» организовано 22 декабря 1991 года через неделю
после получения независимости государства РК. О достижениях ассоциации
вещает первая газета «Халық емі» (Народное целительство) (1992-1994), с
2002 года «Шипагерлік баян» и издательство «Шалкөде» пропагандирующая
деятельность ассоциации. С 2006 года ассоциация открыла свой сайт в
интернете. Успешно выполняют уставные обязательства 14 областных и 2
городских (Астана, Туркестан )филиалов ассоциации. Количество членов
Ассоциации достигло более 5000 человек, из них более 200 человек
граждане стран СНГ и других стран мира. В своей двадцати пяти летней
истории ассоциация два раза была закрыта на короткое время,
подвергнувшись сокрушительному нападению семи министерств и комитетов.
Ассоциация пострадала от злодеяний, причиненных со стороны группы,
специально созданной использующими национальное целительское искусство в
своих корыстных целях, На руководителей ассоциации смотрели как на
закоренелых врагов. В то время создававший план уничтожения ассоциации,
имевший большую поддержку и защиту «Республиканский центр народной
медицины» Министерства здравоохранения РК уже около десяти лет, как
прекратил работу (Е. Мусин, Е. Абылқасымов, Ш. Шинтаев). Сегодня никто
не может сказать, где они – действовавшие против ассоциации? 10 июля
2012 года принят Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и
дополнений в некоторые законадательные акты Республики Казахстан по
вопросам сокращения разрешительных документов и оптимизации контрольных
и надзорных функций государственных органов» и убрали контроль над
целителеями Министерство Здравоохранения. Ученый целитель
Отейбойдак Тлеукабылулы еще в ХV веке дал определение тому, что народное
целительство является искусством национальной культуры народа, у которой
есть собственная история. В целительстве существует своеобразная
культура и способы лечения. История народного целительства берет свои
истоки со времен до нашей эры, существует параллельно с человечеством и
выделяется своими целебными свойствами. В этом мире ничего бывает без
причины. К традиционному искусству национальной культуры относится
народное целительство, которое по сей день не имеет полноценной истории,
не полностью исследовано и не систематизировано. Целительство – это
главнейшая опора народного миропознания, мудрости мышления,
здравоохранения, лечения и традиционного культурного искусства. Оно
является культурной средой духовного воспитания, целебного лечения,
правильного взаимоотношения между людьми, глубоких знаний, человечности,
простоты и здравоохранения. Целительство честно
служит во благо здоровья нации и чистоты поколений. Народное
целительство нашего народа очень схоже и идентично с искусством Востока
и Средней Азии. Высокие достижения этих стран существенно повлияли на
процветание народного целительства казахского народа. Данные достижения
мы можем с легкостью найти в энциклопедическом медицинском труде
Отейбойдака Тлеукабылулы «Трактат о целительстве», которая написана еще
в ХV веке. До появления современной медицины народное целительство на
протяжении многих веков существенно влияло на развитие и процветание
казахского народа. Несмотря на то, что в нашей стране очень мало статей
и книг о культурных началах и целебных методах излечения народного
целительства, ее история и будущее все еще остается без внимания
научного анализа. С приобретением независимости в нашей стране появились
огромные возможности для всестороннего исследования и анализа
неизвестных в истории фактов, людей, целителей и их невероятных
способностей. Эти открытия были внесены в историю нашего народа. Для
каждой нации очень важно возвращаться к своим историческим и культурным
началам. Только с недавних времен история народного целительства
казахского народа началась исследоваться. Чем же значим труд Отейбойдака
Тлеукабылулы «Трактат о целительстве»? Этот вопрос вполне закономерен.
Данное произведение мудрого предка написан с сохранением национальных
философских познаний, самый первый национальный медицинский
энциклопедический труд. Великий целитель Отейбойдак Тлеукабылулы
культурные и духовные стороны народного целительства оценивал с точки
зрения науки, к которому ставил жесткие требования и с ответственностью
относился к своей науке. Доказательством сему то, как он различая
целителей по методам и способам лечения разделил на две группы
Дарымдаулык и Болжамалы, которых в свою очередь по степени
образованности, культуры лечения разделил на 24 вида. Об этих его
открытиях исследователь Зядан Кожалымов на протяжении многих лет пишет
научные статьи, посвящает монографии. Три основные части
труда великого целителя «Трактат о целительстве» «Каныкталгы» -
определение о целительстве, «Нарыкталгы» - пути определения болезни
человека и «Дарымдалгы» - способы излечения болезни превратились в
вершины медицины. Ученые соседнего Китая и нашей страны положительно
оценивают труд великого целителя, считая что является он
научно-исторической медицинской энциклопедией в котором полностью
сохранен этнический философский стиль. Мы специально цитируем его без
всяких определений. Современный мир и по сей день не может с точностью
определить те сверхъестественные силы, которыми обладает определенный
круг людей. Ученые и исследователи всего мира, в том числе и Казахстана,
до сих пор не могут раскрыть многовековые тайны балгеров, болжаушы,
жауырыншы и жулдызшы, кумалакшы, ясновидения и телепатии, оташы, тамыршы,
гадания с помощью священного Корана и линиям на ладони. Великий целитель
Отейбойдак Тлеукабылулы очень грамотно на высоком философском и
культурном уровне пишет о том, что является единомышленником с его не
менее великими и мудрыми предшественниками. Что показывает его глубокое
почтение и признание. Неоспоримым фактом является и то, что «Трактат о
целительстве» великого целителя Отейбойдака Тлеукабылулы появился на
свет на много раньше большинства научных медицинских открытий. Например,
в мировой науке принято считать, что о материальном взаимодействии и
развитии веществ пишет Ф. Энгельс в своей «Анти-Дюринг» /1870 /, однако
целитель О. Тлеукабылулы был уверен, что в результате воссоединения
десяти видов материального движения жара и холода, сухости – холода,
впитаемости – высвобождения, твердости – мягкости, бодрости – сна в
организме человека они располагаются на следующих шести видов обитания:
пространство, обитание, свет, темнота, тепло и холод. Человечество –
есть результат взаимодействия и гармонии этих обитаний. Что является
доказательством того, что великий целитель на 400 лет раньше сделал
открытие о материальном понятии жизни чем Ф. Энгельс. А так же, в
современной медицине автором вакцины против «оспы» признают английского
медика Эдуарда Женнера. Считают что это окртыие сделано в 1796 году,
однако наш великий предок в своем труде пишет, как во время
возникновения опасности этой болезни на территории казахской земли 360
лет раньше в результате многочисленных поисков и экспериментов в своей
степной лаборатории придумал простую народную вакцину и ему удалось
спасти свой народ от этой ужасной болезни. В наши дни очень
распространен метод лечения холодной водой П. Иванова, однако наш
великий целитель использовал этот способ исцеления или даже возрождения
более пяти веков назад. Из всех вышеперечисленных достижений великого
целителя можно прийти к выводу о том, что история, культура и научное
развитие и процветание
народного целительства
казахского народа началась в далекие древние времена. Опираясь на мнения
вышеназванных известных казахских ученых, мы можем смело говорить о том,
что труд Отейбойдака Тлеукабылулы «Трактат о целительстве» – это
глубокий исторический труд, написанный в примерах восточной медицины,
воссоединение нескольких наук для служения медицинской науке и
приспособленный для сохранения и лечения самого главного богатства
человека, здоровья. Именно поэтому необходимо провести анализ каждого
слова из этой книги. Дополнить достижениями современной медицины и
сделать из нее основу нашей национальной медицины, что показывает
высокий уровень достижений народного целительства. Значимость энергетики
биополя человека, особенности духовного, медитационного и музыкального
исцелении, создание здорового образа жизни, необходимость защиты и
поддержания здоровья и чистоты полностью описаны в этом научном труде.
Это в свою очередь показывает, что народное целительство – это научная
система, которая появилась в результате диалектического этнического
мировоззрения. В связи с тем, что
данный труд является очень значимым появилась необходимость еще глубже
его исследовать и раскрыть. Анализирование «Народного целительства» с
точки зрения культурологии и истории является весьма значимым событием.
Необходимо конкретно определить место и роль народного целительства в
нашей истории. К научному открытию
данного исследование относиться схожесть и взаимосвязь искусства
народного целительства Востока и казахского народа, а так же
целительский труд ХV века великого целителя ученого Отейбойдака
Тлеукабылулы. Полное раскрытие темы исследования подтверждено мнениями
ученых-исследователей. История народного целительства нашего народа,
которая является самой основной проблемой современной культурологии,
впервые рассмотрена в контексте
казахской культуры; проводя исследование «Народного целительства»
мы рассматривали это не просто в качестве примеров целительства, но был
поиск и этнокультурной логики; полностью раскрыто понятие о высшем виде
искусства – целительстве; проанализированы виды целителей и этапы
становления народного целительства; отсортированы различные способы и
приемы исцеления из труда Отейбойдака Тлеукабылулы; впервые всесторонне
проанализирован труд целителя «Трактат о целительстве» (З.К); определены
схожие стороны и особенности познания мира искусства целитель-ства
Средней и Восточной Азии с искусством нашего народа, проанализирована
культура лечения и предложены пути их развития, процветания и
использования в современном мире. Немаловажную роль в
истории искусства целительства сыграли рукописи о национальных
особенностях народного целительства в ХVII-ХVIII веках русского офицера
географа Н.П. Рычкова, врача С. Большого, в ХIХ веке генерал-майора В.Б.
Броневицкого, путешественника А.И. Левшина, штабного лекаря С.А.
Яроцкого, военного врача А. Ягмина, казахского ученого Ш. Уалиханова и
многих других путешественников. Высоко оцениваем труду
научного руководителя Ж. Молдабекова на труд исследователя ученого З.
Кожалымова под названием «Культурные истоки и лечебные традиции
народного целительства» посвящен основной проблеме исследования,
систематизированию, оценке и мировосприятию целительства, которая
относится к одной из областей мировой и отечественной культуры. А также
ученых профессоров разных наук (философия, медицина, биология,
филология, психология, история, педагогика и др.) внесших вклад в
развитие Ассоциации К. Жарыкбаев, А. Кулсариева, Б. Абирова, Г.
Сарсенбекова, Жандарбек Ермахан, А. Жаханов, Т. Тулендиев, Ш. Сарыбаев,
С. Габбасов, Е. Заркешов, М. Мырзахметов, Т. Кулмаханов, Т. Жанакулов,
О. Каугабай, А. Тараков, Ж. Алдибеков, С. Курбанқожа, З. Жандарбек, А.
Шаяхмет, А. Омешулы, А. Сбанбаев, Ж. Зекейулы, О. Мырзагалиев, марқұмдар Т. Бекенов пен Төтенай Базарбек и других ученых и представителей
средства массовой информации.
В нашей стране в
настоящее время активно поддерживается развитие
и восстановление национального языка, культуры, истории и
традиционных искусств. Как и во всех народах мира, и у казахского народа
существует своеобразная культура, история, среда воспитания,
законодательная система, литература, наука, мышление, философия,
традиция целительства защищающая и улучшающая здоровье народа. Все
вышеуказанные области наук охватывает труд великого целителя Отейбойдака
Тлеукабылулы «Трактат о целительстве». Великий целитель не был
придуманным и не настоящим. Он существовал, жил, как он сам описывает
свое происхождение и географическое место рождения. На сегодняшний день
главной задачей является возродить, исследовать, систематизировать и
открыть все тайны забытой
традиции. Если обратить внимание на то, что только началось научное
исследование народного целительства и труда О. Тлеукабылулы, то все еще
впереди. Чему доказательством являются слова самого целителя: «Несмотря
на то, что мне не
посчастливилось продолжить свой род, у меня есть мой «Трактат о
целительстве», которая однажды прославит меня на весь белый свет. И если
мои последователи сумеют им правильно воспользоваться это принесет им
немало положительного, в противном случае не надо ждать чего-то
хорошего», – которые на сегодняшний день постепенно сбывается. Очень
большим достижением является и Китайская государственная премия за труд
целителя. Целительство – это школа духовного богатства и воспитания,
территория улучшения здоровья. Начались возрождаться тайные священные
силы наших предков,
традиционное искусство народного целительства и на круги своя
возвращается его потерянное наследие. Нельзя сомневаться и в том, что
только открывшийся нашему народу, наш второй Ибн-Сина, великий целитель
ХV века Отейбойдак Тлеукабылулы является основоположником философских
идей традиционного народного искусства целительства казахского народа.
Он всегда учился у свои предшественников и у своего народа, он мог быть
учителем без своего учителя. В труде этого великого целителя невозможно
встретить какихлибо лишних слов, потому что он
умел всегда очень четко, кратко и справедливо выражать свои
мысли. Трудно представить, что было бы с историей и существованием этого
загадочного вида искусства, если бы не было бы поддержки и особого
отношения последователей,
новых поколений. Под руководством
президента Ассоциации проведены на высоком уровне 14 Международных
конгрессов, конференции и форумов по народной медицине РК по темам: 1. “10-летний юбилей
Ассоциации народных целителей Казахстана” (22.12.2001) 2. “Прошлое – Настоящее
- Будущее” (г. Алматы, 16-18. 09. 2004), 3. “Нетрадиционная
народная медицина РК” (г. Алматы, 24-26. 09. 2005), 4. «Искусство Баксы в народной медицине РК» (г. Алматы,
22-24.07.2006), 5. “15-летний юбилей
Ассоциации народных целителей Казахстана” (22.12.2006) 6. “Развитие народной
медицины Средней Азии и Казахстана” (г. Шымкент, 26-28. 07. 2007 г.), 7. «Великое таинство
предков казахов в ясновидении и телепатии» (г. Туркестан, 25-27. 07.
2008 г.), 8. «Казахский
ученый-целитель Отейбойдак Тлеукабылулы /XV в./» (г. Тараз, 24-26. 07.
2009 г.), 9. «Духовное и
музыкальное целительство» (г. Астана, 23-25.07.2010 г.). 10. “20-летний юбилей
Ассоциации народных целителей Казахстана” (г. Алматы, 23.07.2011), 11. «Развитие народного
целительства и пути использования» (г. Шымкент, 13-14.07.2012 г.), 12. “Будущее лечебной
системы народной медицины” (г. Туркестан, 13-15.09.2013 г.), 13. Международной
научной теоретическо-практической конференции “Ценность и роль трудов по
народной медицине” ученого культролога, Академика З. Кожалымова” ((г.
Алматы, 02-03.08.2014), 14. Республиканская
конференция “Развитие народного целительства в Северном регионе
Казахстана” (г. Костанай, 25-26.07.2015).
Президент ассоциации по
специальных приглашением в зарубежные страны РФ (г.Москва, 06.1991),
Украина (Гурзув, Кырым 03.10.1993), Мекка, Медина (02.2003), Австрия
(Вена, 14-19.04.2011), США (Вашингтон,17-22.08.2011), КНР, (Кульджа,
Текес, 12-20.05.2011), Венгрия (Будапешт, 23-28.03.2012), США, острова
Гавайи (23-30.04.2013), Италия (Сардиния, 29.05-04.06.2013), Украина
(Одесса, Киев, 15-18.07.2013) и другие зарубежные страны. А также
приглашен официально в качестве почетного гостя за труды в развитии
национальной науки народной медицины, для участия в Симпозиумах в
Англии, Швейцарии и других Европейских странах. За успехи в
деятельности Ассоциация награжден от «Международный рейтинговый Союз
национальных бизнес-рейтингов» (Россия, Украина, Казахстан, Беларусь,
Армения, Грузия, Узбекистан, Киргизия) почетным званием «Лидер отрасли
2013-2015», что подтверждается соответствующими элитарными знаками
почета – Национальным сертификатом – «Лидер отрасли 2013-2015» и
памятной настенной Медалью с золотым покрытием «Лидер отрасли». А также
награжден от имени Союза 4 человека орденами «Слава Казахстана» и
«Гордость экономики», 30 человек медальями «За эффективность в трудовой
деятельности» и «За профессиональные заслуги» и 45 человек национальным
сертификатом «Специалист года». Руководство и члены ассоциации
подверглись материальному, моральному и психологическому кризису.
Руководство и члены Ассоциации народных целителей Казахстана не
поддавались унынию на пути реализации своих уставных целей и задач. Не
обижались на трудности и давления, происходившие с ними, и не сожалели о
них. Наоборот, это закаляло их мужество и волю, не отрекались от целей,
падали, но поднимались, почувствовали свои права на реализацию
таинственного искусства целительства наших предков. Так добились
создания научной основы целительства и внедрения ее в научную систему, в
результате чего были написаны более пятнадцати познавательных
монографических трудов и учебников, были опубликованы более тысячи
познавательных статей воспитательного характера и в теле-радиоузлах
проводились важные пропагандистские работы, лечебные сеансы и были даны
интервью. Такая масштабная работа находила продолжение в других регионах
нашей республики. Несмотря на различные трудности руководители и члены
Ассоциации будут осуществлять свою Уставную деятельность, цели и задачи
в рамках Конституции и Законов РК.
С
уважением:
автор
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||