ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

5
  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

Выпускники школы народных целителей при АНЦК

 

фото                       фото

 

фото                        фото

 

фото                                фото

 

фото

 

 

Қауымдастықтың басшы органы мен бөлімдері

руководство и филиалы

 

«Өзін-өзі басқарған ел бақытты, өз күшін өзі білген ер бақытты», – деген халық даналығы шындыққа айналды.

Қазақ елінің тәуелсіздігінің жеңісі киелі рухты дарын иелеріне өздерінің орталықтандырылған ордасын құруға әрі заңдастыруға ерікті құқық берді. 1991 жылдың 30-қыркүйегінде ҚР Ғылым Академиясының ғимаратында Республикалық халық емшілерінің қауымдастығын құру жөнінде ұйымдастыру комитетінің жиналысы өтіп, қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Осыдан кейін Республиканың он үш облысынан және Алматы қаласынан республикалық халық емшілерінің бірінші Құрылтайына қатысқан емшілер өкілдері өздерінің қауымдастығының құрылған күнін 1991 жылдың 22 желтоқсаны деп белгілеген қаулы алды. Құрылтайда жаңадан құрылған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» (ҚХЕҚ) Төралқасы құрамын сайлады. Оның құрамына 9 (тоғыз) әр саланың мамандары енді.

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының алғашқы Төралқа мүшелері туралы

1. Қожалымов Зядан      Төралқа төрағасы, қауымдастықтың

                                                Президенті, парапсихолог

2. Чокин Алихан               Төралқа орынбасары, қауымдастықтың бірінші

                                                вице-президенті, м.ғ.д., профессор

3. Айнабеков Бақтыбай              Төралқа мүшесі, қауымдастықтың

                                                вице-президенті, журналист

4. Бекенов Тұрсын          Төралқа мүшесі, қауымдастықтың

                                                Бас директоры, м.ғ.к., доцент

5. Заркешов Елтай          Төралқа мүшесі, қауымдастықтың ғылыми

                                                хатшысы, м.ғ.д.

6. Батталов Қуаныш      Төралқа мүшесі, қауымдастықтың заң

                                                кеңесшісі, заң.ғ.к.

7. Саркеев Қайырбай      Төралқа мүшесі, эмблема авторы

8. Файзуллаев Сәттібек  Төралқа мүшесі, журналист сауықтырушы

9. Алиасқаров Тоқтарбай – Төралқа мүшесі, кадр бөлімі басшысы

 

Қауымдастықтың Жарғысының баптарына сәйкес, қауымдастықтың Төралқа мүшелеріне Төралқа отырысы шешімі бойынша жеке-жеке міндеттемелері белгіленіп қаулы қабылданды.

Қауымдастықтың алғаш емшілердің білімін жетілдіру мен көтеру мектебінің жұмысы басталды. Қауымдастықтың ішкі құрылымдық жүйелік жұмыстарының жоспарлары бекітілді. Арнайы мекенжай қаражаттық негізі болмаған қауымдастықтың жұмысын алға жылжыту оның басшыларына оңай соқпады. Ешкімге түсініксіз болып келген киелі рухтылардың жеке дара қасиеттерін танып, бір жолға бағыт беруде өзара түсіністік, ынтымақтастық, ақылдасу қауымдастық басшыларымен жақындастыра түсті. Республиканың облыстары мен қалаларынан қауымдастықтың бөлімшелері ашыла бастады. Бөлімшелері заңды түрде облыстық және қалалық Әділет басқармаларынан тіркелді. Басшылары сайланды. Бөлімшелердің емшілері өз конференцияларында жеке бөлімше «Ережесін» бекітті. Қауымдастықтың жарғысын басшылыққа алған бөлімше басшысы және мүшелері өздерінің бөлімше ережесі баптары бойынша рухани-ағарту мен денсаулықты жақсарту саласы қызметін халқына арнай бастады.

Қауымдастықтың алғаш бөлімшелерін облыстарда ашарда әсіресе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің облыстарындағы басқармалары (Қызылорда, Арқалық, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жезқазған, т.б.) жеке емшілерге ғана емес, қауымдастықтың басшыларына да қоқандауын қоймады.

Білсек те білмегендей, көрсек те көрмегендей болып, ақыры республиканың он алты облысы мен Алматы қаласынан қауымдастықтың бөлімшелерін ашып, арнайы заңдастырдық. Бұл бір ғана жылға (1992) жетер-жетпес уақыттағы алғашқы ұйымдастыру жұмысының нәтижесі. Қауымдастықтың бөлімшелерін құруды (ашуды) арнайы Төралқа бекіткен кесте бойынша 1992 жылдың сәуір айынан бастап, желтоқсан айына дейін қауымдастықтың басшылары ұйымдастырды.

Қауымдастық алғашқы жылы өте жоғары қарқынмен жұмыс атқарды. Сол арқылы оның құрамындағы басшы және мүшелері, рухани ағарту мен денсаулықты жақсартушылары өздерін нағыз халықтың киелі рухты тектік тылсым қасиетінің жанашырлары әрі ізбасарлары екенін дәлелдей білді.

Қауымдастықтың бұл ізгі қадамын халық пен бұқаралық ақпарат құралдары және басқада сала мамандары мен ғылыми-зерттеу әрі қоғамдық орындардың саналы, иманжүзді нағыз халықтың ұлттық тектік тылсым өнерін қуаттаушылар қолдап, әрі қорғап отырды.

Қарсы күштер қаншалықты қуатты, қорғанышты, беделді, қаражаты басым, атақтары дардай болғанымен олардың бұл теріс әрекеттері қауымдастықтың басшылары мен мүшелерінің күш-жігерін мойыта алмады. Қайта жаңа белсенділік танытып, жаңа бағытта өзіндік бағдарламасы бойынша қауымдастықтың қызметін жандандыруға жолын ашты. Мұндай тапқырлық нәтижесі тіпті қауымдастықтың қызметін тоқтатуға әрекет еткенде де (ҚР Әділет министрлігі шешім хаты 15.12.1992. 10-22-261) және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа министрліктер мен комитеттер және мекемелердің салалық ұйымдары тарапынан қатал қысым болғанда да өз өрісін кеңейтіп, ауыр да азапты қоршаудың торынан шығуға ықпал етті.

Осындай ықпалды қысымнан кейін қауымдастық ҚР Әділет министрлігінен 19.03.1993 қайта тіркеуден өтті. Тіркеу куәлікте N 0080.

Жоғарыдағы бөлімшелер қайта тіркеуден өтті. Ұйымда ыдырау, абыржу, толқу пайда болды. Көптеген мүшелер қауымнан кетті. Кейбіреулері шамасына қарамай, «кәсіби халық емшісі» боламыз деп «Халық медицинасы орталығына» барды. Бірақ, жоғарыдағы орындардың қысымды ықпалынан қауымдастыққа бірнеше миллиондаған материалдық және моралдық әрі психологиялық зиян келді. Қауымдастықтың басшысы мен Бас директоры бөлімдерін қайта тіркету үшін, республиканың облыстарына барып, көп кедергілерге ұшырап, ақыры бөлімдерін Әділет басқармаларына қайта тіркетті.

Қауымдастықтың қызметі кезектен тыс 19.01.1993 ж. өткізілген III  Құрылтайдағы өзгеріс пен толықтырулар енгізілген Жарғы бойынша (19.03.1993 тіркелген) басталды.

Психологиялық көзқарасы, танымы, ойлауы мен талғамы және сауаты әр түрлі деңгейдегі киелі рухты тылсым күш иелерін бір қалыпқа келтіру тозақтың отына жақындағанмен бірдей болды.

Дегенмен, таза имандылар ғана өз қауымдастығын оның түп-тамырын құртуға әрекет еткендерден қорғап қалды. Жылдар жылжыған сайын қауымдастық жұмысы халыққа таныла бастады. Бүгінде қауымдастық өзінің атына байланысты емес, Жарғысы баптарына сай халқына қызметін арнап келе жатқан қайырымды, жалпы көп ұлтты халықтық киелі рухты ордаға айналды.

Қауымдастық өзінің құрамын тазартып келеді. Қауымдастыққа, бөлімшеге жат қылықтарымен көрінген әрі ұдайы қайталаумен болған бөлімше басшылары құрамнан шығарылды.

Олар: Бекзада Дәрішева (Батыс Қазақстан), Рымқұл Макатова (Семей), Сағындық Төкішев (Ақмола), Бауыржан Асқаров (Алматы облысы), Ержан Әбішев (Оңтүстік Қазақстан), Талғат Көмеков (Жамбыл облысы).

Бөлімшелерден кеткен басшылардың орнына жаңа іскер ұйымдастырушы басшылар келіп, игілікті істерді жүзеге асырып келеді.

Қауымдастықтың да, өзінің басқару органының басшылары да өз еріктерімен орындарын ауыстырып келеді. Кейбір білімді, абыройлы басшылардың басқару құрамының ауысуынан қауымдастықтың қызметіне ешқандай ауыртпашылық тиген жоқ. Жаңа басшылық құрамы (Президентінен басқа) тез тіл табысып, қауымдастықтың мүшелерін бір ортаға топтастыра білді.

Бүгінде осы құрамдағы бөлімшелер Жарғылық міндеттерін орындауда жақсы нәтижелері арқылы дәлелдеп, халықтың сенімдеріне, рахметіне ие болып келеді. Қауымдастықтың он жылдық торқалы тойын ынтымақты бірлікпен атап өтуге олар бөлімшелердің құрамын толық қатыстыра аларына қауымдастықтың Төралқасының сенімі мол.

Кез келген ұйымның өзіндік таңбалық белгісі (эмблеммасы) болуы да заңдылық. Қауымдастықтың құрылған күнінен бастап, бүгінге дейін қауымдастықтың қызметінің ілгері басуына өзін арнап келе жатқан азамат Сәркеев Қайырбай Дайырманұлы.

Қ. Дайырманұлы – қауымдастықтың бас есепшісі қызметіне қоса оның қылқаламы арқылы сызылған суреттер де жетерлік. Оның негізгі мамандығы суретші. Осы өнерін жетік игерген Қайырбай ең алғаш қауымдастықтың эмблемасын сызып, оның жеңімпазы әрі авторы атанды. Кейінгі өзгертілген эмблеманың да авторы. Ол қауымдастықтың жалпы қызметі жөніндегі екі кітапты безендіруде өзінің нағыз шебер суретші екенін танытты. «Мәңгілік құпия шежіресі» (авт. З. Қожалымов, Алматы, 2001) және «Шапағатты рух ордасы» (авт. З. Қожалымов, Алматы, 2001). Қайырбайға суретшілік өнері мен қызметіне биік табыс тілейміз.

 

 

Қауымдастықтың алғашқы бөлімшелері

Первоначальные филиалы

 

Қауымдастықтың алғашқы бөлімшелері - Первоначальные филиалы 

фото

 

БӨЛІМШЕЛЕРІ – ФИЛИАЛЫ

Қауымдастықтың 25 жылдығы қарсаңындағы қауымдастықтың бөлімшелерін ірілендіру мен қайтадан құрудағы құрамы

 

 

Состав филиалов в связи с реорганизацией (2016)

 

Алматин. обл. филиал                                  директор        Сарсенбай Ж.

Акмолинский обл. фил.                                директор        Ахметова Б.

Атырауский обл. филиал                              директор        Бесембаев К.                        

Актюбин. обл. филиал                                  директор        Әділбаев Г.

Восточно-Каз. обл. филиал                          директор        Цоберг С.

Жамбыл обл. филиал                                    директор        Есенгельдиева А.

Зап. Каз. обл.  филиал                                  директор        Джулдыбаев А.

Карагандинский обл. филиал                      директор        Калауов А.      

Костанайский обл. филиал                          директор        Хакимов М.                              

Кызылордин. обл. филиал                           директор        Есенова К.

Мангыстауский обл. филиал                        директор        Сералиев Б.И    

Павлодарский обл. филиал                          директор        Шахмарданова А.

Северо-Каз. обл. филиал                              директор        Бекмаганбетов К.

Южно-Каз. обл. филиал                              директор        Туребеков Б.  

Астанинский гор. филиал                           директор        Кумаров К. 

Туркестанский гор. филиал                         директор        Байдилдаева У.                                                               

 

 

қауымдастықтың филиалдарының басшылары –

руководители филиалов ассоциации

 

фото                фото                фото

                          Жанболат Сарсенбай                                          Кумаров Кабылкарим                                      Ахметова Бахыт

                             Алматы облысы                                                      Астана облысы                                                Ақмола облысы

 

 

фото                    фото                   фото

                                    Әділбаев Ғани                                              Бесембаев Құмарбек                                     Джулдыбаев Абай 

                                  Ақтөбе облысы                                                  Атырау облысы                                     Батыс Қазақстан облысы

 

 

фото                  фото                фото

                          Есенгельдиева Алия                                            Қалауов Ахмет                                         Хакимов Мухаметжан

                            Жамбыл облысы                                               Қарағанды облысы                                            Қостанай облысы

 

 

фото                фото       фото                

            Есенова Күнкияш                                                Сералиев Балабек                                         Туребеков Бахтыбай

           Қызылорда облысы                                                Манғыстау облысы                                     Оңтүстік Қазақстан обл.

 

фото                          фото

                                                               Шахмарданова Айгуль                                         Байділдаева Ұлболсын

                                                                   Павлодар облысы                                          Түркістан қалалық филиалы

 

 

фото                                 фото

                                                                Цоберг Сергей                                                         Бекмаганбетов Козы

                                                      Шығыс Қазақстан облысы                                       Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

в начало