ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

32

  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

ҒАЛЫМ ШИПАГЕР ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ  «ШИПАГЕРЛІК БАЯН» АТТЫ ЕҢБЕГІ БОЙЫНША ШАҒЫН ТҰҢҒЫШ САХНАЛЫҚ КӨРІНІС

«ҚАЗАҚТЫҢ ҒАЛЫМ ШИПАГЕРІ ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ» АТТЫ VI-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕ КӨРСЕТІЛДІ ( Тараз қаласы. 24 шілде 2009 ж.).

  

фото Сценариін және «Шипагер баба» әні мен сөзін жазған: Зядан Қожалымов - Қазақстан  журналистер Одағының мүшесі,  мәдениеттанушы, Өтейбойдақтанушы ғалым.  Ақын, сазгер.

фотоҚоюшы режиссер: Қыпшақова Гүлшат Нүсіпжанқызы Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, халықаралық фестивальдардың лауреаты, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының  актеры.

Шипагер ғалым Өтейбойдақ баба өмірінен шағын көрініс көрсеткен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының майталман актерлері:

Өтейбойдақ рөлінде – Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, актер Жасұзақ Айтпенбетов.

Әз Жәнібек хан рөлінде  - Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, актер Алтай Сәдібек.

Жиренше рөлінде - Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, актер Жүніс Әлімбек.

«Шипагер баба» әнін орындаған: Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің білімгері, әнші – Сатыбалдиева Зәуре.

фотоБейнелеу: Ғимараттың залындағы көрермендерге қарсы керегеге XV ғасырдың ғұлама ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) туған жері Жетісу өлкесінің, Шалкөдесі аңғары мен Айғайтасы, тау қыраттары, ну орманы мен дәрілік өсімдіктері, өзені мен қараршасы т.б көріністерін бейнелеген суретшінің декорациялық сызбасы ілінген. Сызбаның төменгі жағында сол замандағы Ұлы жүздің Албан елінің бір тайпалы руының киіз үй бейнесінде қоныстары сызылған. Осы бейненің оңтүстік жағының ортасында екі қоржынын иығына асқан, қолындағы аса таяғына сүйенген, мұңды, аспан әлеміне қарай көз тастаған бір қарт ғұлама адамның бейнесі кескінделген. Бұл адам сол заман оқымыстысы, осы заманның екінші Ибн Синасы атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді.

Декоративті сызбаның ең жоғарғы жағында қазақ, орыс және ағылшын тілінде Ө.Тілеуқабылұлы атты Халықаралық конгрестің өтетін мерзімі көрсетілген және ортасында Ө.Тілеуқабылұлының суреті бейнеленген декоративті жазу  ілінген.

Басталар алдында: Сахнадан сонау XV-XVII ғасырлардағы қазақ даласының зарлы әуенді үні баяу ырғақпен естіледі. Сахна шымылдығы ашылып, сол қанатынан зор денелі, қаба сақалды, басында сәлдесі бар, ұзын шекпен киген, екі қоржынын оң иығына асқан және аса таяғына сүйенген бір ұлы адам тұрады. Ол іштей ұзақ ойға батып жан-жағына қарап өзінің өскен ортасын, туған жерін, замандастарын, аралаған елін, атқарған қызметтерін, көрген қиыншылықтары мен жетістіктерін және жеке басындағы ауыр тағдырын есіне алып ауыр күрсінгендей болады. Бұл ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді. Ол ойлы жанарын тіке қадап ақырын таяғына сүйенді. Дауысын көтере сөйлеп көк аспанға көз тастайды. Одан кейін жерге отырып, таяғына сүйеніп өз мұңын өзіне баяндағандай құс ұйқылы көзі жұмылып кеткендігін де байқамай қалды. Түсі ме,  әлде өңі ме, елес пе, әлдене түсіне алмай  аян алды.

– Ей, «Бойдақ» уайымдама, арманың орындалады. Уайымдама, -  деген үн құлағына нақ естілді де, көз алдынан сағым ішіне еніп бара жатқан ақбоз атты, ақ киімді, ақ сақалды қария бейнесі көрінді. Ол бір демде ғайып болды...

  Өтекең бұл құс ұйқылы түсін жақсылыққа жорыды. Алладан үміт үзбеді.

Өтейбойдақ:

– Бисміллә, бисміллә, бисміллә.

фотоО-о. Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла тағала. Сен осы әлемді алты-ақ күнде жараттың. Жұманы өзіңе құрмет көрсететін күн еттің. Біздің ғұмырымыз сенің қолыңда. Бірінші жұма күні көрген түсімді де, сенің жіберген аяның деп білемін. Сексеннің жиегіне іліне бастадым. Жинап-тергенімді, білгенімді, жазғанымды болашақ ұрпаққа несібе ете гөр. Алла тағалам, несібе ете гөр. Жаратқан ием, 8 жасымнан шипагер әкем Тілеуқабылдың қасында болып көп нәрсені үйрендім, білдім, көрдім. 70 жыл өмірім қазақ даласының Жетісу, Шалкөде, Жаркент, Нұра, Торғай, Сырдария, Омбы т.б. көптеген жерінде өтті. Ауырғандардың сырқатына Алланың әмірімен ем-дом жасадым. Өздігімнен оқып білім алдым. Фараби және Баласағұн сияқты, тағы басқа оқымыстылардың еңбектерімен танысып, өз білімімді өсірдім. Өлдіге саналған үсігендер мен күйікке ұшыраған және суға кеткендерді де ажалдан алып қалдым. Уа, Жасаған өзіңнің берген ырызғы мен несібеңнің арқасында өзім жасаған емдік дәрілерімді алғаш өзіме пайдаландым. Ажал ауызынан өзімді-өзім алып қалдым. Сөйтіп мың өліп, мың тірілдім. Уа, көк аспан, мына мен басып тұрған қара жер, мен аралап қойнауынан дәрілік шөптерді алған ну орман тоғайым, менің кіндік қаным төгілген Шалкөдемнің Айғайтасы мен Қарааршам куә бол! Куә бол!

Жиренше:

– Асса лаумағалейкүм шипагер!

фотоӨтейбойдақ: Уағалейкумассалам, Жиренше төрлетіңіз.

Жиренше:

  Шипагер, әулие десем де болады өзіңді. «Ей, Жиренше уайымдама, жазыласың» - деп жасаған ем-домынан міне, көріп тұрсың ауруымнан құлан таза айықтым. Алла разы болсын! Сені ел-жұрт Шашты Әзіз, білім ұрған, есі ауысқан дейді ғой. Бұл қалай?

Өтейбойдақ:

– Мүмкін, мүмкін. Адамның жаны мен басқару мүшесін білу үшін Омбыда жүргенімде тірі түлкінің терісін сыпырып алып далаға жібердім. Ол терісіз де зытты. Ақыры ұзап барып өлді. Шалкөдеде тірі қойды бауыздамай, жүрек жанына пышақ сұғып жіберіп, жүрегін суырып алдым. Өлді. Қойды бауыздамай басына таспен ұрдым. Өлді. Осылай ми мен жүректің қызметін анықтадым. Шалкөдеде тананың жұқа шабына баланың денесіне шыққан қызылшаны ектім. Сол екпемен қызылмен ауырғандарды емдеп жаздым. Кім білсін, атым да Бойдақ, жар да сүймедім. Жас сәбидің иісін иіскемедім. Өмір бойы білім қудым. Кезбе болдым. Елімде менің жайымды түсінер ілімді де жоқ. Бәрі сауатсыз. Өз әрекеттеріне өздері мәз. Ей, кім түсінер дейсің. Жазымышқа көнетін күн де жақын, ізімді басар, ілімім мен білімімді жалғастырып ие болар да ешкім жоқ. О, тағдыр-ай!

   Жиренше:

– Иә, тағдыр. Әйтсе де соншама алыс жақтан өзіңді босқа іздеп келгенім жоқ. Әз Жәнібек ханымыз тек өзіңді күтіп отыр. Бұған не дейсің шипагер?

 Өтейбойдақ:

– Оу. Бұған не дейін, тезірек атқа қонайық деймін.

Жиренше:

– Әп, бәрекелді.

Өтейбойдақ:

– Ассалаумағалейкум, хан ием.

Жиренше:

– Ассалаумағалейкум, алдияр тақсыр.

Әз Жәнібек хан:

– Уағалейкүмассалам!

Жиренше:

фото– Алдияр тақсыр, Сіздің бұйрығыңызбен келген өзі білгір шипагер алдыңызда.

Әз Жәнібек хан:

– Дұрыстап, толығырақ баянда.

Жиренше:

Аты - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Ата тегі Ұлы жүз. Зарман. Зарман ішінде Албан. Лұқман Хакімнен тәлім алған. Мекені - Жетісу. Жылы – иіртек (ұлу). Өзі бойдақ. Өмір бойы шипагерлікпен айналысқан. Кемсөзді жан.

Әз Жәнібек хан:

  Жарайсың, алтынбасым Жиренше.

Әз Жәнібек хан: (Өтейбойдаққа)

– Адам пендесін Алла жаратқанда, неден құралмағы шарт болған?

Өтейбойдақ:

– Алдияр тақсыр, адам баласы Алла өзі жаратқан 6 несібелік, адал пендесі өзі теретін 6 нәсіптік ризықтан құралмаққа шарт.

Әз Жәнібек хан:

– Соңы немен тынбақ?

Өтейбойдақ:

– Жылап туылып, жырғап өсіп, ажалдан өшіп, елді еңіретіп, жерді күңірентіп (жалғасы) жербесікке түспекке аттанбақ.

Әз Жәнібек хан:

– Ым-м. Сырқат деген не?

Өтейбойдақ:

– Адамзатына ғана Алла жазған 6 несібеге сан алуан сырқат себепкерлері жұғып, науқастандырып бүлдіру арқылы тұғырлық 6 несібе мен 6 несібелік  ризықты дәнекерді бұзушы сырқат делінбек?

Әз Жәнібек хан:

– Сырқат қалай айықпақ, науқас қалай жазылмақ? Сырқат ішінде оңайшылықпен білінбейтін әрі жанға көп батпайтын бірақ айықпайтын сырқат қайсысы?

Өтейбойдақ:

– Әуелі сырқаттық сипат анықталмақ, соған сай шипа ем дарым заруаты дарымдалмақ. Дарымдалмағы табылса, айығымы алғысты болмақ. Шипа ем дарым заруатында һалал-һарамдық бөлініс жоқ. Олайы, Алла он сегіз мың ғаламды пенделік ризықққа жаратқаны рас. Науқасқа үйлесті күтінім шарты қажет. Бұлай болмағанда  бейнетті көп тартпақ, алдашы ажал торымына жолықпақ.

– Алдияр тақсыр, қандық уылмалық пенденің жанының бітістігі. Яғни, батымы аз болып көрінгенімен тұқым қуаламақ, әрді бұзбақ, ұрпақсыз қалдырмақ, ұрпағы болса да нақұрыстау болмақ, бұл еш емі жоқ айықпайтын дерт.

Әз Жәнібек хан:

– Ол қандай дерт, сырқаттар?

 Өтейбойдақ:

– Қандық уылмалық, мерездік, құлғаналық миғұлалық аллалық шала жаралым болмақ. Емі, шипасы тек алдын ала сақтану ғана. Сақтандыру Алла жар тақсыр, сіздің қолыңыздан келмегі аллалық жазмыш.

Әз Жәнібек хан:

– Иә, одан қалай сақтанбақ шарты бар?

Өтейбойдақ:

– Ол оңай тақсыр, сіз тек көз мұрын шартын орындауыңыз уәжіп мұқтасары.

Әз Жәнібек хан:

– Ол шартта қайсылар болмақ?

Өтейбойдақ:

– Ауыз, яғни бірініші ретте, жат төсектілік, жаман нәпсіні, һарам ниетті тыю шарт. Егер бір адамның заңды некелі әйелінен туған ұлы өз әкесінің заңсыз әйелінен туған қызымен білместіктен үйлене қалса, қанның ірігіштігіне, шала жарымдылыққа әкеп соғады. Яғни, бала көтереді, өлі туады немесе түсік бола береді. Ақыры қызы да, ұлы да қандық уылмадан өліп өкінішке ұрынар. Бұны мен өз құлағыммен естіп, зарын айтқандарды көрдім. Орыны толар ма? Бірақ, Алла, сақтансаң, сақтаймын деген. Екінші, яғни  көз ретте, жеті атаға жетпей рулар арасында қыз алысу қандық уылма дертіне шалдықтырады. Сондықтан жеті атадан аспайынша қыз алыспай құдаласпағаны шарт. Осы шартты қадағаласа, ұрпақ ақылды, зейінді, өнерлі, аңғарлы, көркем болмақ. Үшінші айтпағым, яғни көз, мұрын ретте қарашаларымыздың салтында өте-мөте бозбалалар қыз-келіншектерді беттен зорлықпен сүйетін әб қылықты тыю шарт. Олар мұрынға жел түсіргіш пұшық болу сырқатын тудырып, оны жұқтырып, науқасқа шалдықтырады. Қоса айтарым, сондай науқас пенделер ұсынған асты ішпеу шарт. Алла жар, хан тақсыр, ұлы даңқыңыз көкке көтеріліп, аспандай асуына қараша халқыңыздың амандығы үшін тақсыр, сіз өзіңізге Алла берген жеті қазына, 41 ырыстың иесі болғандығыңыздан қамқорлық жарлық түсіруіңізді ел көңіліне деген үмітпен ізгі тағзым жасаймын.

Әз Жәнібек хан:

– Жарайсың, жарайсың қараүзген шипагерім. Шипагерліктен қара үзіп шыққан Өтейбойдақ. Сыртыңнан бұрында көп естіп едім. Көзің тұр шоқша жайнап. Қандым. Ризамын.

– Күллі Алаш ұранымның көркем болмағы үшін, ауыз, яғни біріншіден, жат төсектілік, жат ниет, бәт қылыққа бүгіннен бастап тыйым саламын. Әгәрәкім, кімде-кім күнәға батса, көзге ілінсе, жұрт алдында қара маңғазға артына қаратып мінгізіп, бетіне қалма жағып, масқаралап, өлімші еткіземін.

– Көз, яғни екіншіден, жеті атаға толмай үйленгендерге екеуіне де өлім жазасы шарт.

– Көз, мұрын яғни үшіншіден, жалпы сүйісу, жат қылыққа баруға бүгіннен бастап тыйым саламын. Жұқпалы науқас болған адам баласына тостағанның шетін тістетпеуі шарт. Жаза 50 қамшы, дүре. Қарсы болғандар жер үймекке көмілмек.

Әз Жәнібек хан:

– Жиренше, осылай деді, -  деп шабармандар төрт тарапқа жар салсын.

Жиренше:

– Алла жар тақсыр, хан ием айтқаныңызды орындаймыз.

Әз Жәнібек хан:

–- Жарайсың Қараүзген шипагерім Өтейбойдақ. Мен саған ақ ордадан оңаша орын беремін. Өңгер, білгеніңді титтей қалдырмай, жасырып жаппай, еш бүкпесіз толық және ашық жаз. Қазынада сақтаймын. Ұрпаққа мирас болсын. Сыйыңды алып, мәртебеңді иелейсің. Халқымның дені сау, көркем ұрпақ таратуына тер төк.

Шипагер баба» әнінің әуені жайлап ойнай бастайды).

фотоӨтейбойдақ:

– Е, Алла көрген түсімнің аян екеніне шүбәм болмап еді. Тәубе, тәубе, міне, міне, шипагерлік баянымды армансыз жазып қалдыруыма мүмкіндік туды. Иншалла, иншалла. Ісімді бастадым.

– Өтіп бара жатқан өмір-ай. Хан иемнің тапсырмасы бойынша «Шипагерлік баянымды» жазғаныма да жеті-сегіз жыл өтіпті-ау. Қуанышым қойныма сыймай барады. Еңбегімді саралап, даралап, қайта мәндеп, сәндеп бітірдім. Енді Алла бұйырса ертең хан иеме апарып көрсетуге Алла нәсіп ет!

фото(Өтейбойдақ өте қуанышты еді. Шаршағанын ұмытып, жаны бір рахат тапқандай күйге енді де, күнделікті төсегіне жатып дем алуға ыңғайланғанды. Құлағына жағымды ән үні естілгендей. Бірақ, шипагер Өтейбойдақ өз ұйқысынан шошып оянды. Құлағына жағымсыз айғай-шу үні естілгендей. Ол өз құлағына өзі сенбеді. Аттан! Аттан! Аттан! Жау шапты! Жау шапты! Деген айғай бүкіл даланы басына көтерді. Аңыраған аналар мен жас сәбилердің зарлы жылауы, мал жануардың шуылдауы, аспан әлемі астаң-кестең болды да кетті. Шипагер баба бір сұмдықтың болғанын сезді. Ол да өз қамын жасап, бұл арадан аманында тез шығып, еліне кетуге әрекет етеді) .

Өтейбойдақ: («Шипагер баба» әні орындала бастағанда).

– Хан ордасында көп тұрақтай алмадым. Сол түні ғақбытылы хан Темір ойда жоқта ордаға басып кіріп Жәнібек ханды өлтірді. Мен жан сауғалап босқындармен бірге Ақордадан әрең қашып шықтым. Күн демей, түн демей жүріп отырып туған жерім Шалкөдемнің Айғайтасына жеттім-ау! Жеттім-ау! Әйтеуір жеттім-ау саған!  Са-а-ға-а-н!

– Қуанышым ерте болған екен. Тіссіз шопандай жасым қалды. Енді «Шипагерлік баянымды» кіндіктес інім Топайға аманатқа тапсырамын. Босқа зарлағанша түзейтінін түзеп, күзейтінін күзеп, жазғандарымды жөндей берейін. Ұрпақтардың игілігі ғой. «Үмітсіз сайтан», ажалым жетсе, кеміс қалар. Өткен іс өтті, өлер шақ таяды. О, жалған дүние-ай!

Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл соңғылықтар қадірін біліп ұстана білсе, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе, отбасы аяқпен тозатын тулақ. Алла, жар бола гөр!

- Ой дүние-ай.

                                          Іске аспады  арманым қараң қалды,

                                         Шың басына шығарда арандалды.

                                         Өтейбойдақ қойыпты атымды әкем,

                                         Жаман ат, жаман ырым мазамды алды.

                                         Қалмады ұрпақ Өтейбойдақ аяңдалды,

                                        Мені өшірмес артымда  шипалық баян қалды.

– Ей жас ұрпақ сендерге аманат! Сендерге аманат! Аманат! Аман-а-а-а-т!...

Сахналық көрініс соңы: «Шипагер баба» әнінің орындалуымен аяқталады.

ШИПАГЕР БАБА

Әні мен сөзі:  Зядан Қожалымовтікі                                   Орындаушы:  Зауре Сатыбалдиев

 

фотоТәуелсіз ел еңсесі биік деген,

Қазақ елі көрінуде биіктерден.

Өтейбойдақ еңбегі дараланып,

Қытай, қазақ ғылымы төрін берген.

Қайырмасы:                                       

Данашпан атам,

Ғұлама бабам.

Ақылы асқан заманнан,

Әр сөзі дана.

Ілімі дара,

Өшпейтін мұра қалдырған.

Шежіресінде халқының жазылмаған,

Тарихынан ғұламалар орын алған.

Жаһангер асылдардың көшін бастап,

Шипагар Өтейбойдақ дараланған.

 

Қайырмасы

фотоҚазақтың шашты әзизі сөзі қалды,

Шипалық баяндай көзі қалды.

Жарты ғасыр жат елде жатсадағы,

Туған елге дүние-ай қайта оралды.

 

Қайырмасы:

Ел білімі дәулеттің қайнар көзі,

Бабаның іске асты арманы енді.

Ұстанып қадіріне жете білсек,

«Шипа баян» – ұрпағына ғылым енді.

 Қайырмасы:

 

Қауымдастықтың ұжымы атынан Өтейбойдақ бабаға туған жері Айғайтасқа ескерткіш қойылды.

 

фото     фото     фото

Өтейбойдақ бабаның туған жері, Шалкөде, Айғайтас (Нарынқол) 23.07.2002                                        Өтейбойдақ бабаға оорнатылған құлпытасШалкөде, Айғайтас (Нарынқол) 23.07.2002

фото     фото    фото                                                                                                                                                                                                                                                       Райымбек ауданы Қарасаз округінің әкімі Жантелі Бозбашаев

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

в начало