ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ
КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ
ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ
СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ
QUARTER-CENTURY
SANCTITY ASSOCIATION | ||
главная вернуться | ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||
Международный конгресс
«Духовное и музыкальное целительство» (Астана,
23-25.07.2010 г.)
Қауымдастықтың президенті, ҚР әнұраны орындалуда академик З.Қожалымов мырза конгресті ашуда
Жиналыс Төралқасы Залдан көрініс
мүшесі, ақын Зядан Қожалымов
АРНАУ Самалы Сарыарқаның сағымданды, Талайдың осы жерде бағы жанды. Елімнің ұрпағының басын қосып, Қазақтың ұлылары туын тікті! Топырағы қасиетті менің далам, Аты өзгерген Астана асыл қалам. Бұл дағы белгісі ғой елдігімнің, Қауымға Астаналық берем сәлем! Бүгінде баянды ұлтқа айналдық, Қасиетті, киелі жерге айналдық. Әлемдегі діндерді біріктірген, Құдайдың сүйікті құлы атандық. Еуроодағы қауіпсіздігі мен ынтымағын, Төріндегі басқаратын елі болдық. Нұрекеңнің еңбегін әлем танып, Нұрланған күн сәулелі елге айналдық. Әлемде сұлулығы кескіндеген, Астана мақтанады көркіменен. Он жылдық тарихын атап өткен, Бас қалам Астанама қош келдіңдер! Қауымын Зиядан қажы бастап келді, Үмітін еліміздің ақтап берді. Тылсымын бабалардың сырын ашып, Халқымның құдіретін әлем білді. Әрленіп гүлге оранды біздің дала, Астанам әлем білген әсем қала. Он тоғыз жыл өмірлі қауымдастық, Көрінген ғаламтордан жеке дара. Елемеді елімнің өнерлі үміттерін, Ұқпады өсиеттің біліп тегін. Киесіз, қасиетсіз ұлт десе де, Мықтының бұзып өттік бөгеттерін. Тәуелсіз дәстүрлі ел, сырын жиды, Өскен соң адами рух болып құнды. Өнері, ата-баба емшілікке, Заманның өркендетер күні туды. Шашуын жақсылықтың ақтарамыз. Басшыңыз Зядан қажыны жақтағансыз. Емшілер ұжымынан бірінші боп, Елбасы «Алғыс хатын» біз алғанбыз. Конгресс Алматыда бастау алды, Киелі рух шаңырағы аспандады. Қуанышпен бас қосып жетінші рет, Шаттықпен Астанада басталғаны. Интернетте үш тілде тарихы тұр,
«Шипагерлік газеті» ол дағы нұр. Жоғалған өнер де гүлденді ғой, Астананы бөлесін шапағат нұр! Қазақта Өтейбойдақ дертті қуған, Ибн Сина іліміндей сертті болған. Ванга мен Нострадамустай даламызда, Майқы би, пір Бекеттей ұлы болған. Көріпкел мен болжампаздық қасиетін, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім дәлелдеген. Қорқыт пен Қойлыбайдай бақсыларды, Әлемде мұсылманның көбі білген. Ежелден құпияны тектен білдік, Тылсымның сырларына жаңа үңілдік. Шайтанның жолдарынан сақтандырып, Емшіні адалдыққа серттендірдік. Осындай білім негіз үлгі етілген, Бұдан бұрын алты рет жиын өткен. Рухани, музыкалық шипагерлік, Тақырып, конгрестің бекітілген. Алланың орындалып аманаты, Талқандалды талайдың қамалдары. Қауымға қарсылас та аз болған жоқ, Шықпады ұжымның да жаман аты. Өтсе де қанша ғасыр қырғын сүргін, Халқымның тарихына мойын бұрғын. Ежелден қазақ жері киелі аймақ, Дәстүрін ата-баба сақтап келген. Ғарышқа ғылым жетіп теңелгенде, Тәңірдің ауыр жүгін көтергенде, Он сегіз кітап жазған Зиядан басшы, Жасаған жоқтан барды көрегенге. Қауымда, көп еңбекпен тер төккелі, Ағымға қарсы жүзді, селт етпеді. Ақ жүрек, адал ниет емшілердің, Тарихта жарқырасын еңбектері. Тізіліп жыр маржаны төгілгелі, Халықтың өркендеді емшілігі. Көрмесін көреалмаса табысымды, Күңкілді «күндестердің» күндестігі. Емшіге бата жауған заман болсын, Бір Алла төбемізден пана болсын. Тағы да амандықпен бас қосайық, Барлығы тілектестің аман болсын. Әлемнің түкпірінен келді мейман, Емшілер Астаналық құшақ жайған. Қабылкарым, Күлай қажы, Шарбан қызға, Нұр жаусын, шапағатты бір Алладан! Несібе, ризығы бір Алладан, Арнаудың Зядан ақын жырын жазған. Көпшілік аз да болса көптей көргін, Алтайың ән әуезді жыр толғаған. Жаратқан сақтағайсың жамандықтан, Өткенді жинақтайық аманаттан. Келер жыл жүздесейік амандықта, Еліңе сәлем айт, жамағаттан! Қонақпыз, пендесіміз бұл жалғанның, Оңынан жазылғандай парақтарың. Осыған қанағатпен риза дейік, Нұр жаусын еліме Жаратқанның!
Астана қаласы, 24.07.2010 ж.
Конгреске қатысушылар (Қостанай облысы) Конгрестің жабылуы
Республиканская Форум “Развитие народного
целительства и пути использования” (Шымкент, 13-14.07.2012 г.)
Қауымдастықтың президенті, академик З.Қожалымов мырза форумды ашуда ҚР әнұраны орындалуда
Төралқа мүшелері Залдан көрініс
Термеші Сыпатай Жақып Авторы: Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Зядан Қожалымов
АРНАУ
Қайта оралды оңтүстіктің жеріне,
Келді емшілер сәлем беріп еліне.
Қасиетті бабалардың мекені,
Түркістаның әйгілі ғой әлемге.
Екінші рет Шымкентте бас қосқан,
Ниеттерің қандай жақсы топтасқан.
Құтты болсын форумдарың емшілер,
Ілгерідегі жиындарыңмен жалғасқан.
Арқалаған ауыр жүгін Алланың,
Теріп жүрген несібесін жалғанның.
Киелі жер, қасиетті Шым елі,
Сәлем береді емші деген зор қауым!
Жиырма жылдық қасірттен өткенде,
Емшіліктің тағдырында шешкенде.
Құтты болсын айтамыз бәріңізге,
Жиырма бірінші жылыңа жеткеніңе.
Ертедегі бабалар сыйға тартқан,
Қасиетті ғой менің ұлы далам!
Таныды бүкіл әлем біздің елді,
Данышпан мен даналар ізі қалған!
Елбасы бабалар рухын құрметтеуде,
Емшілердің қорғалуда шипалығы.
Бұрынғы ұмыттырған ауыр күнді,
Нұры жаусын Алланың Нұрекеңе!
Ширек ғасыр жүгі оңай болмады,
Қара күштер тобыменен торлады.
Қуанышы мен қасіреті бірдей боп,
Емшілерде тылсым күшін қорғады.
Қанша мықты болса-дағы жауларың,
Күресуден жалықпадың, таймадың.
Жасадыңдар тарихыңды нақтылап,
Ата жауы дұшпаныңды да талдырдың.
Алматыдан бастаған жиындарың
Жалғасты Шымкент, Түркістан, Тараз,
Астана,
Алматы, Шымкент қаласында.
Қамтылмаған тақырып қалмаған-ды,
Шипагерлік ғылымы саласында.
Тоғыз жылда тоғыз жиын өткізген,
Ғаламшармен ілімдерін жеткізген.
Өткені мен бүгінінде түгендеп,
Жанашыр ғалымдарда көбейген.
Білгендейсің досыңменен қасыңды,
Тегі таза ғалымдардай досыңды.
Халық емі өркендеуде бүгінде,
Емшілікте ғылымға да қосылды.
Ұлы емшісі қазақтың Өтейбойдақ,
Ілімі мен білімі әлемге айғақ.
Басшыңыз Зяданның зерттеуінде,
Атанды ғылымда екінші Ибн Сина.
Емшіліктің саласының ғылымында,
Басшыңның есімі де ғылымға қосылуда.
Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы,
Денсаулық ұйымыда еңбегін бағалауда.
Бөлінуге де болмайды, жауың жейді,
Қорқыт Ата, Пір Бекет, Қойлыбай бақсы,
Ибн Сина, Құртқа баб, Әль-Фараби,
Майқы би мен Мөңке би, Баласағүн
Машһұр Жүсіп, Шәкәрім басқалары,
Емшілік ғылымында да зерделенді.
Болды ғой ғылымда да қиын өткелдерің,
Ғалымдармен бірлесе
ғылымға жеткендерің.
Молдабеков Жақан,
Керімбектің Ермаханы,
Жарықбаев
Құбығұл,
Жақанов Амангелді,
Бекен Тұрсын, Айтолқын Құлсариева,
Мекемтас Мырзахмет, Жасан Зекей,
Құрбанқожа Сансызбайлар көмегі ғой,
Аллаға шүкір дегін! Шүкір дегін! Шүкір дегін!
Елбасы
Алғыс хатынан қуаттанған,
Нәтижең көрінуде ғаламтордан.
«Шипагерлік
баяның» ұраның боп,
Жетістігіңді жеткізіп ел шарлаған.
Ұйымға жасалған заңсыз қысым,
Ол жақсылық түсінсең оны да ұғын.
Өлген мұра тіріліп оты жанса,
Жауларымыз түсінді, соны білгін.
Бәрінде айтқан жақсы білгендіктен,
Көрінуде емшілерде көрегендікпен.
Ұзақ жылғы қасіретті артқа тастап,
Жүздің жүйрігісіңдер озып келген.
Бабалардың киелі жолыменен,
Үлкен кіші бәрінің жөнін білген.
Ертедегі бақсы, емші даналардай,
Емшілерде танылуда емдерімен.
Шипагер Өтейбойдақ бастап берген,
Емшілерге аманатын тастап кеткен.
Шипагерлік мұрасын сақтаңыздар,
Дана сөз айтылмаған тектен-тектен.
Жан-жақтан жиылған көптеп мейман,
Елімізбен, жеріміз де болсын аман.
Қабыл ал аз болса да арнауында,
Басшыңыз Зядан қажы сөзін жазған.
Елімізде атағы бар жыраушыңыз,
Сыпатайдың Жақыбы жыр толғаған.
Бір Алла сақтасын жамандықтан,
Кездестірсін осындай қуанышпен.
Тілектері көпшілік қабыл болып,
Көрісейік келер жолы амандықпен!
Шымкент қаласы, 13.07.2012 ж.
Қауымдастықтың басшылары Форумға қатысушылар
Форумға қатысушылар (Ақтөбе) Форумға қатысушылар (Жезқазған)
Форумға қатысушылар (Қарағанды) Форумға қатысушылар (Қостанай)
Форумға қатысушылар (Семей) Форумға қатысушылар
Форумға қатысушылар (Алматы облысы) Форумға қатысушылар (ОҚО)
Форумға қатысушылар (Алматы қаласы) Форумға қатысушылар (Шымкент)
Форумға қатысушылар (Жамбыл) Форумға қатысушылар
| ||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 | ||