ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

43

  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45




2003 жыл

 

01.01. Алматыда қар. Суық. Жаңа жылды аязбен қарсы алдық.

04.01. З. Қожалымов қажылыққа қасиетті Мекке-Мәдинеге бару үшін, қажетті медициналық құжаттарды жинауға кірісті.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 11 жыл.

22.01. З. Қожалымов Таразда. Облыстық филиалда жиналыс өткізді. Облыстық теле және радиотораптары сұхбат алды. Жиналыста бөлімше директоры Қ. Жолдасов болды.

04.02. Алматы аэропорты. Алматы-Жидда ұшағына отырып, «Спутник Қазақстан» фирмасы атынан қажылық сапарға аттандық.

26.02. Жидда-Ташкент-Алматы ұшағымен елге 249 адам оралды.

22.03. Наурыз мейрамы тойлануда. Жаңа жыл құтты болсын!

28.04. З. Қожалымов «Қазақстан-1» телеарнасында Денсаулық сақтау министрлігі мамандары және емшілер қатысқан бағдарламада сөз сөйледі.

04.06. Ғылыми жұмысымды жалғастыру үшін ҚазҰУ-ның «Психология және педагогика» орталығына бардым.

05.06. Қауымдастық пен Денсаулық сақтау министрлігінің «Халық медицинасы Орталығы» арасындағы қарсыластыққа – 12 жыл толды.

06.12. Қазақ радиосынан халық емшілігі туралы эфирден З. Қожалымов сөз сөйледі.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 12 жыл.

 

2004 жыл

 

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 12 жыл.

10.03. Құрбан айт мерекесі басталды.

11.03. Қауымдастықтың 12 облыстық филиал директорларымен Алматы қаласында арнайы жиналыс өткізілді.

22.03. Наурыз мейрамы құтты болсын!

09.04. З. Қожалымов халықаралық «Экология» Академиясының академигі толық мүшесі болып сайланды.

23.04. З. Қожалымовқа Ресей Халық медицинасы академиясының атынан «Үшінші мыңжылдықтың үздік емшісі» атағы берілді. Марапатты аталған Академияның вице-президенті А. Затеев табыс етті.

07.06. З. Қожалымовтың «Құдірет» әнінің шыққанына және эфирден тарағанына – 12 жыл.

16.06. З. Қожалымовтың Атыраудағы «Сары әулие» әрекетін тоқтатқанына – 12 жыл.

17.06. З. Қожалымовтың 60 жылдық торқалы мерекесіне байланысты «Атамекен», «Отбасы және денсаулық» журналдарында және «Егемен Қазақстан» (26.06.)   «Жетісу» (24.06), «Түркістан», «Жас Алаш», «Шипагерлік баян», «Ана тілі», «Тамаша», «Ақбаян», Райымбек ауданының аудандық «Хан Тәңірі» т.б. газеттерде мақалалар жарияланып, құттықтаулар жазылды.

01.07. З. Қожалымов 60 жасқа толды.

09.07. З. Қожалымовтың торқалы тойын балалары «Жұлдыз» мейрамханасында атап өтті. Тойда З. Қожалымов туралы түсірілген 20 минуттық кинофильм көрсетілді. З. Қожалымовқа Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» атағын осы ауданның мәслихатының хатшысы аудан әкімінің атынан той иесіне табыс етті.

28.07. З. Қожалымов Павлодар облысы, Баянауыл ауданының әкімінің шақыруымен Баянауылдың орталығында болды. Халықпен кездесу өткізді.

10.08. Қауымдастық пен Халық медицина Орталығы бірігіп «Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты І конгресті өткізу туралы келісімге қол қойылды.

12.09. З. Қожалымовтың аталған конгреске арналған кітабы баспадан шықты.

16.09-19.09. «Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты І-Халықаралық конгресі З. Қожалымовтың төрағалық етуімен Республикалық Балалар үйінің ғимаратында өтті. Конгреске 950-дей адам қатысты. Бұл жұмыстың бәрін қауымдастық атқарды. Ал, РХМО басшы Ш. Шинтаев пен сенімді орынбасары Ә.Ниезов екеуі қулыққа салынды. Өз абыройларын көтермек болды. Бірақ, олардың ойлағандары іске аспады. Сусындарын ішіп, тойлап жүрді. Қатысушылар алдында масқара болды.

03-07.10. аралығында З. Қожалымов Ақтөбе, Шымкент және Жамбыл облыстарындағы қауымдастықтың филиалдарында болып қайтты.

12.10. З. Қожалымов өзінің кітаптарын Астанадағы «Отырар», «Президент» кітапханасына және медицина Академиясы кітапханасына 4 данадан сыйлыққа табыс етті.

14.10. З. Қожалымов «Астана» телеарнасынан сөз сөйледі.

14.10. З. Қожалымов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің І орынбасары м.ғ.д., профессор Айқан Ахановтың қабылдауында болып, қауымдастыққа мемлекетті лицензия алу жөнінде келісті.

13.12. Сағат 10.00 ҚР Денсаулық министрлігінен қауымдастықтың атына сериясы ЛП және № 004531 нөмірлі лицензиясы берілді.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 13 жыл.

2005 жыл

 

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 13 жыл.

13.05. З. Қожалымов қауымдастықтың Балқаш қалалық филиалын ашты.

20.05. З. Қожалымов Ақтөбе қаласында филиал жұмысына байланысты болды.

27.05. Алматыда академик, халық емшілігінің жанашыры Шора Сарыбаевқа арналған ғылыми конференция өтті. «Анкара» қонақ үйіндегі торқалы тойының дастарханына З. Қожалымов пен жұбайы Түймекүл қатысты.

09.06. З. Қожалымов Астанада іссапармен болды.

21.07. Алдағы 23-25.09.2005 «ҚР дәстүрлі емес халық медицинасының өркендеуі» атты Халықаралық конгреске арналған З. Қожалымовтың кітабы баспаға тапсырылды.

24.09. «ҚР дәстүрлі емес халық медицинасының өркендеуі» атты Халықаралық конгресі Республикалық Балалар үйінде басталды. 876 адам қатысты. Банкетте 400-дей адам болды.

26.09. Сағат 19:00 конгресс аяқталды.

20.10. Алматы қалалық «НұрОтан» партиясының бөлімшесінің Төрағасы ел президенті Н. Назарбаевтың «Алғыс хатын» З. Қожалымовқа табыс етті.

04.12. ҚР Президентігіне кандидаттарды сайлауға дауыс беру басталды.

05.12. Н.Назарбаев ел Президенті болып 91,5% дауыс жинап қайта сайланды. Құтты болсын!

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 14 жыл.

 

2006 жыл

 

10.01. Құрбан айт. Елімізде тұңғыш рет бір күн демалыс берілді.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 14 жыл.

22.03. Наурыз мерекесі.

18.04. З. Қожалымов Тараз қаласында Жамбыл облыстық филиалында болды.

20.04. З. Қожалымов Түркістан және Шымкент қалаларында облыс филиалдарының қызметтерімен танысты.

08.06. Биыл өтетін форумның «ҚР Халық медицинасының бақсылық өнері» атты кітабын З. Қожалымов баспаға тапсырды.

12.06. З. Қожалымовтың «Тылсым дүниенің құпиялық емі» атты кітабы баспаға тапсырылды.

16.06. З. Қожалымовтың Атыраудағы болған «Сары әулие» мен жергілікті әкімшілік арасындағы тартысты басқанына – 14 жыл (16.06.1992).

28.06. Алматыдағы «Алатау» санаториясында Мәскеуге тіркелген Халықаралық комплементарлы медицина, халық медицинасы, психологтар мен емшілер ассоциациясының ІІ-Съезді өтті. Аталған ассоциацияның президенті Г. Гальперин және З. Қожалымов Съездге төрағалық етті.

12.07. Жоғарыдағы аталған З. Қожалымовтың екі кітабы баспадан шықты.

22.07. ҚазҰМУ-нің «Конгресс холл» залында «ҚР Халық медицинасының бақсылық өнері» атты І-Халықаралық форум өтті. Форумға З. Қожалымов төрағалық етті. 766 адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен ғалымдар және шетелден қонақтар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

23.07. Сағат 18:00 З. Қожалымов сөз сөйлеп форумды жапты.

06.09. З. Қожалымовтың «Рухани емшілік ғаламаты» атты дұғалық емдік кітабы баспадан шықты. Жалпы баспадан З. Қожалымовтың 15 кітабы шықты.

24.09. Оразаның бірінші күні. Ораза ұстадық.

23.10. Ораза айт құтты болсын!

07.11. З. Қожалымов қауымдастықтық 15 жылдығына арналған үш тілдегі (қазақ, орыс, француз) «Киелі шаңырақ» атты кітабын баспаға тапсырды.

28.11. Мәскеуде қызметін бастап жалғастырған ал, Алматыда тіркелген «Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар мен емшілер» қауымдастығына басшылық етуді және тұрақты қалдыруды З. Қожалымовқа өткізді.

20.12. Қауымдастықтың 15 жылдығының Құрылтайына қатысуға делегаттар келе бастады.

22.12. ҚР Ғылым Академиясының «Ғалымдар үйінде» (Құрманғазы көшесі, 29) қауымдастықтың 15-жылдық торқалы тойы басталды. Құрылтайға 430 делегат пен 30-дан аса ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Құрылтайды қауымдастықтың президенті З. Қожалымов ашып, оның аяғына дейін төрағалық етті.

24.12. 15 жылдыққа арналған Құрылтай аяқталды.

31.12. Жексенбі құрбан айт.

 

 

2007 жыл

01.01. Құрбан айттың екінші күні.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 15 жыл.

13.02. З. Қожалымов Ақтөбе филиалында жиналыс өткізіп, емшілерге мамандықтары бойынша сабақ берді.

18.02. З. Қожалымов Атырауда.

12.03. З. Қожалымов өзі құрған «Халық медицинасы және ғарыштыққуат» Академиясының ҚР Әділет басқармасынан тіркелгені туралы заңды құжатын алды.

15.03. З. Қожалымов Шымкентте. Емшілерді оқыту, сертификаттау жұмыстарын бастады.

22.03. Наурыз мейрамы.

11.04. З. Қожалымов Астанада. Жиналысқа Қостанай, Ақмола, Астана мен Көкшетау қалалары филиалдары директорлары мен емшілер қатысты. Емшілерге сабақ өткізіп, қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

26.06. З. Қожалымов Шымкентте. Осы қалада «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты Халықаралық конгресін өткізу туралы филиал басшылары мен емшілерге тапсырма берді.

13.07. Аталған конгреске арналған З. Қожалымовтың кітабы баспадан шықты.

19.07. З. Қожалымов жұбайы Түймекүлмен Шымкентте.

26.07. Шымкент қаласында (Қонаев даңғылы, 88) М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Өнер» институтының мәжіліс залында аталған конгресс басталды. Конгреске 500-ден аса емшілер, ғалымдар, шетелдік мамандар т.б. жанашырлар қатысты. Конгрестің басынан аяғына дейін З. Қожалымов төрағалық етті.

27.07. Сағат 18:00 З. Қожалымов сөз сөйлеп конгресті жапты.

12.10. Ораза айт.

09.11. З. Қожалымовтың екі ғылыми мақаласын «Пойск – Іздеу» және «Адам әлемі – Мир человека» ғылыми журналына тапсырды. 

24.11. Қауымдастықты жоюға және оның жауапты басшыларын құртуға дейін барған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы (Алматы) «Халық медицинасы Орталығы» ШЖС жабылғанына 1 ай болды (бастығы Ш. Шинтаев). Халықтың даналық сөзі «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген өсиеті 16 жылдан кейін аталған қарсыластардың өз басына келді. Олар өздерің өздері жапты. Аллаға шүкір!

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 16 жыл.

Газеттерге мақалалар жарияланды. Бөлімшелерде аталып өтілді.

2008 жыл

 

01.01. Жаңа жыл. Күн суық, қар қалың.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 16 жыл.

05.02. З. Қожалымов Ақтөбе қаласында филиалда.

17.04. З. Қожалымов Ақтөбе қаласында өтетін «Қазақтың болжампаз және көріпкел бабалары» атты (25-27.07.08) форумға арналған арнауын жазып бітірді.

10.06. Аталған форумды өткізу үшін облыс әкімінің Жеткерген Оралмахамбетов пен З. Қожалымов кездесіп, келісім жасасты.

26.06. Жетесіз әрі опасыз Ж. Оралмахамбетов әр түрлі сылтаулар айтып, аталған форумды өткізуге қарсы болды. Бұған дейін 500-ден аса қатысушылардың екі жақты билеттері және қонақ үйлер мен жеке үйлерге төлеген миллиондаған қаражаты және мейрамханаға қауымдастық төлеген кепілдік қаражат бәрі-бәрі көкке ұшты. Жағдай өте ауыр болды. З. Қожалымовтың сол кездегі жағдайын сөзбен айтып жеткізу өте қиын еді. Амал жоқ. Сол кездегі облыс әкімі Сағындықов та қабылдамады. Қысқасы, Бекет ата мен Мөңке би қасиеттеріне арналған форум Ақтөбеде өтпейтін болды. Мұндай опасыз басшыларды бұрын соңды кездестірген емеспіз. Өздерінің аталған екі атасының аруақтары көп ұзамай Ақтөбе өңірінде ауыр жағдайлар болуына бүгінде әсер етті ме дейміз. Өз аруағы өзің ұрды деген осы шығар. Дегенмен, Ж. Оралмахамбетовтың жазасы алда болары анық.

26.06. З. Қожалымов Оңтүстік Қазақстандағы бөлімше басшылары Ұ. Байділдаеваға, Б. Туребековке және Т.Анарбаевқа телефон соғып, әкімшілік басшыларына барып, келісу жөнінде тапсырма берді. Тапсырма екі-үш сағатта орындалды. Форум Түркістан қаласында өтетін болды. Оңтүстіктің азаматтарын Алла жарықасын! Жетесіз Жеткерген Оралмахамбетов сияқтылардан Жаратушым сақтасын.

28.06. З. Қожалымов Алматыда. Түркістанда өтетін форумның құжаттарын қайтадан дайындады. Шымкенттен кешкі сағат 20:00 Т.Анарбаев форум өтетін жердің және басқасының бәрінің дайын екенін хабарлады.

01.07. З. Қожалымов Шымкентте. Түстен кейін Түркістанда. Өтетін ғимаратқа риза болды.

03.07. З. Қожалымов Алматыда.

14.07. Түркістанда өтетін форумның дайындығы аяқталды.

17.07. З. Қожалымов Түркістанда.

18.07. Түркістандағы «Көктем» мейрамханасы мен форум өтетін орын «Батыр» жастар орталығына қажетті қаражаты төленді.

24.07. Сағат 12:00 форумға қатысушылар Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жиналып, мәдени шаралармен танысып, кесенеге зиярат етті.

25.07. Түркістан. Сағат 10:00 форум басталды. З. Қожалымов басынан аяғына дейін төрағалық етті.

26.07. Сағат 18:00 форум аяқталды.

08.08. Бейжиңде «Олимпиада» ойындары басталды.

01.09. Ораза басталды. Ораза ұстадық.

20.10. З. Қожалымов философия ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын ҚазҰУ-ның философия және саясаттану факультетінің ғылыми кеңесіне өткізді.

27.11. З. Қожалымов өзінің кандидаттық миниммумынан философия тарихы мен философия мәдениеті мен араб тілінен кандидаттық емтихандарын өте жақсы тапсырды.

08.12. Құрбан айт.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 17 жыл.

1. З. Қожалымов диссертациясын кафедрада қорғады. Кафедра қорғауға жіберілсін деп шешім шығарды.

2. З. Қожалымов № 365 нөмірлі 24.00.01 – Мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы (бағасымен) туралы ҚазҰУ-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Н.М.Темірбековтың қолы қойылған куәлікті алды.

3. Жазған ғылыми кандидаттық диссертациясын тексерілгеннен кейін ғалым хатшы, бөлім бастығы мен ғылыми проректор қолдарын қойып бекітті. Алда кезекті диссертацияны қорғау уақыты белгіленбек.

 

2009 жыл

 

01.01. Жаңа жыл.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 17 жыл.

02.03. З. Қожалымов философия ғылымдарының кандидаттық дәрежесіне алу диссертациясын бекіту үшін ҚазҰУ-нің ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры Темірбеков Нұрлан Мұқанұлының қабылдауында болды.

10.06. З. Қожалымов кандидаттық диссертациясы негізінде «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты монографиясына ҚазҰУ-ның профессорлары, философия ғылымдарының докторлары:  Ж. Ж. Молдабеков, А. Т. Құлсариева, Б. И. Абирова, Г. Ә. Сәрсенбекова ғылыми-танымдық пікірлерін жазып берді.

29.06. З. Қожалымовтың аталған ғылыми-монографиялық еңбегі мен «XV ғасырдың  ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты еңбегі баспадан шықты.

04.07. З. Қожалымов Таразда.

14.07. З. Қожалымов туралы жазушы-журналист Мейірбек Ақынбековтың «Егемен Қазақстан» газетіне «Еңбегі ерен емші» атты мақаласы шықты.

24.07. «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (XV)» атты VI Халықаралық ғылыми-теориялық конгресі Тараз қаласында «Жастар» сарайында өтті. Конгреске 475 адам қатысты. Конгреске З. Қожалымов басшылық жасады. Конгрес кезінде З. Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми-монографиялық еңбегінің тұсаукесері болды. Ғалымдар: М. Мырзахметов, Ж. Зекейұлы, Т. Жаңақұлов, К. Ермаханы, Т. Бекен, Ж. Молдабеков, В. Вовк, С. Құрбанқожа, З. Жандарбек т.б шетелдік ғалымдар аталған ғылыми-монографиялық еңбекке өте жоғары баға берді. Сценарииін жазған және «Шипагер баба» әнінің сөзі мен сазының авторы З. Қожалымовтың жарты сағаттық «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты спектаклі тұңғыш рет сахнада көрсетілді. Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрының актерлері, ҚР мәдениет қайраткерлері: Жасұзақ Айтпанбетов (Өтейбойдақ), Алтай Сәдібеков (Әз Жәнібек хан), Жүніс Әлімбек (Жиренше) рөлдерді өте жоғары орындап шықты. Қоюшы режиссер ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық фестивальдардың лауреаты Қыпшақова Гүлшат Нүсіпжанқызы. «Шипагер баба» әнін тараздық әнші – Сатыбалдиева Зәуре орындады.

Сағат 19:00 «Сәт» мейрамханасында салтанатты банкет болды.

25.07. Конгресс табысты аяқталды. Конгресті З. Қожалымов сөз сөйлеп жапты.

01.08. «Айқын» газетіне Таразда өткен конгресс жөнінде мақала шықты.

04.08. «Алматы ақшамы» газетіне «Қазақтың ғұлама шипагері» атты мақала шықты.

06.08. «Қазақстан-Zaman» газетіне Таразда өткен конгресс жөнінде мақала шықты.

10.08. «Мегаполис» газетіне З. Қожалымовтың «Целитель целителю рознь» атты сұхбаты шықты (журналист Анастасья Цирулик).

13.08. «Қазақстан-Zaman» газетіне «Өтейбойдақ – екінші ибн Сина» атты З. Қожалымовтың сұхбаты шықты (журналист Гүлжанат Таубайқызы Шонабай).

18.08. «Егемен Қазақстан» газетіне «Халық емшілері бас қосты» атты мақала шықты.

21.08. Ораза қабыл болсын!.

31.10. «Қазақ радиосы» арнасынан «Сазгер Қожалымов» атты 30 минуттық хабар берілді.

04.11. Осы хабар «Шалқар» радиосының арнасынан қайталанды.

08.11. З. Қожалымовтың «Өтейбойдақ» спектаклі Қазақ радиосынан 18:10 берілді (журналист Алтын Иманбаева).

10.11. Қазақ радиосының Бас редакторы Саясат Бесбаев хабарласып, аталған спектакль мен оның музыкасына риза болып өте жоғары баға берді.

15.11. Осы хабар «Шалқар» радиосының арнасынан қайталанды.

27.11. Құрбан айт мерекесі.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 18 жыл.

 

2010 жыл

 

18.02. Қауымдастықтың Төралқасының төрағасы З. Қожалымовтың төрағалық етуімен Төралқа отырысы өтті. Күн тәртібінде: 2010 жылы 23-25 шілдеде Астана қаласында VII Халықаралық «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты конгресін өткізу туралы қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Іс жоспары жасалынды.

12.03. Қауымдастық президенті З. Қожалымов мырза Астана қаласында болып, онда филиал мүшелерімен жиналыс өткізді. Конгреске дайындық жөнінде тапсырмалар берді. Арнайы қаулы қабылданды. Жиналысты Қауымдастық президенті З. Қожалымов мырза қорытындылады.

03-09.03. Бес күндік сапармен қауымдастықтың оннан аса емшілері америкалық «FOREVER LIVING PRODUCTS» коорпорациясы ұйымдастырған әлем елінен он екі мың адам қатысқан Халықаралық конгресіне арнайы шақырумен тегін қатысып қайтты. Т. Қожалымова, Б. Шайдаева, Г. Илясова т.б. ең жоғарғы атақтарын алды.

25.05. Қауымдастықтың Төралқасының кезекті жиналысының отырысында З. Қожалымов қауымдастықтың құрамындағы филиалдардың қызметтері жөнінде қарады. Көптеген филиалдардың қызметінің жақсара бастағандығы аталып өтілді. Әлі де өз бетімен кеткен, қауымдастықтың Жарғысын мойындамайтын, өткен жылғы қауымдастықтың кезектен тыс XIII- Құрылтайының қаулысының ескертпелерін орындамаған, Қызылорда қаласында заңды тұлға ретінде тіркелген (05.07. 2006) қауымдастықтың «Салауат» филиалы қызметін тоқтатып және оны жабу жөнінде Төралқаның шешімінің  қаулысы қабылданды (директоры Шалапов Әбсаттар - Түркістан қаласының тұрғыны). «Салауат» филиалы құрамындағы  қауымдастықтың мүшелерін өздерінің тұрған жері бойынша сондағы қауымдастықтың филиалдарына есепке алу жөнінде  филиал директорларына арнайы тапсырма берілді. Төралақаның қаулысымен т.б. құжаттар Қызылорда облыстық Әділет Департаментіне, Салық комитетіне және Статбасқармасына жіберілді.

10-16.06. «Ана тілі» газетінде жазушы-профессор Ораз Қауғабайдың  Зерттеуші ғалым Зядан Қожалымовтың «Ғаламның жұмбақ сырлары» атты кітабына пікірі шықты.

23.07. Әсем Астанадағы мәдени шаралар. Халықаралық VII-конгресс өтерден бір күн бұрын (23.07.2010) бүгінде әлем елін әсемділігімен және көріктілігімен таңқалдырған, әлемнің «Жемчужинасы» атанған Астана қаласының көркем жерлерімен, әсем ғимараттарымен конгреске қатысушылар танысу бақытына бөленді. Қаланы аралау сәулетті де сәнді «Бәйтерек»-тен басталып, «Хан шатырынның» сұлу сымбатымен танысып, қазақтың соңғы ханы Кенесарының Есіл бойындағы ескерткішінде болып сурет пен бейнетаспаға түсті. Одан кейін қатысушыларға арнайы келісілген параходпен Есіл өзенінің салқын ауасында дем алып, тағы да әсем қаламен өзен арқылы танысуға мүмкіндік туғызылды. Ерекше сезімге бөленген емшілер сергек сезіммен және көтеріңкі көңілмен конгрестерін келесі күні бастап кетті.

24-25.07. Астана қаласындағы Мемлекеттік  «НАЗ» би театрында «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» ұйымдастыруымен «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты Халықаралық VII-конгресі өтіп, өзінің жұмысын табысты аяқтады. Конгресс жиналысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Академик З.Қожалымов ашып жиналысты аяқталғанға дейін басқарды. Конгресте қалалық әкімшіліктен пен жауапты мекемелерден және шетелдік  Ресей (А.Затеев), Қытай (Чу Джун Хуа), Өзбекстан (Г.Таджибаева), Қырғызстаннан (А.Аттакуров) т.б. шетел өкілдері мен қатар Қазақстаннан ғалым-профессорлар (Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, Т.Бекен, Т.Өмірзақов, О.Қауғабай, А.Иманбаева, К.Төлешов) т.б. ғалымдар мен емшілер сөз сөйлеп құттықтауларын жеткізді.

Термеші Үсенов Алтай мырза конгреске арналған арнауды (сөзі: З.Қожалымовтікі) ерекше сезіммен тамылжыта орындады. Қазақстан мен шетелдердің байқауларының жүлдегері әнші Диана Шик З.Қожалымовтың «Сағындай болып», «Өмірім» және «Шипагер баба» әндерін өзіндік мәнерін түрлендіріп, ерекше сезіммен орындады. Әнші жақында Европаның біраз елдерімен қатар Жапонияда болып осы үш әнді орындағанда халықтың ықыласына бөленгендігін және арнайы марапаттарға ие болғандығын арнайы атап өтті. Қазақстанға белгілі әншілер алматылық Иманбаева Алтын, Әлдекенов Сағат, Алмешова Шарбану, Үсенов Алтай, Сейтенова Ажар, астаналық жас әнші Бегасылов Рахат және астаналық кәсіби домбрашы Жүсіпов Асқар мен қобызшы Жүсіпова Жанар және Раисов Ақадил конгрестің бағдарламасына сәйкес тамаша әндер мен күйлерді орындап, конгреске қатысушылардың алғысына бөленді. Арнайы дипломдармен және конгрестің медалдарымен марапатталды. Негізгі баяндаманы З.Қожалымов мырза жасады. Конгрестің бағдарламасына сәйкес меймандар мен емшілер емдік шеберлік класын көрсетті. Әсіресе, дәрігер емші Зейнолла Нұрғалиұлының «Қара жорға» әні бойынша билеген биі қатысушыларды ерекше сезімге бөледі. Шеберлік кластарына қатысқандардың барлығына ұйымдастыру комитеті атынан арнайы дайындалған дипломдар берілді. Сонымен қатар, ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың «Ғаламның жұмбақ сырлары» мен «Целительская традиция и философия» ғылыми монографиялық еңбегінің тұсаукесерін жазушы-құрметті профессор О.Қауғабай ашып, оқырманға таныстырып өз тілектерін білдірді. Жоғарыдағы ғалымдар мен қатар қатысушылар арасынан шығып сөйлегендер қос еңбекке оң бағаларын беріп, кітап авторының шығармашылығына табыстарын тіледі. Конгрестің алғашқы күні «Меруерт» мейрамханасында конгреске қатысушыларға арналған дастархан жайылып, думанды кеш өткізілді.

Қауымдастықтың кезектен тыс Құрылтайы. Қазақстан халық емшілер қауымдастығының Жарғылық баптарына сәйкес Астана қаласында кезектен тыс XIV-Құрылтайы өтті. Құрылтайдың күн тәртібіне сәйкес Қауымдастықтың Қызылорда қаласында тіркелген «Салауат» филиалының (филиал директоры Әбсаттар Шалапов) қызметін жабу мен тоқтату жөніндегі және қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамайтын, жеке бас пайдалары үшін қызмет ететін және мемлекетке салық төлемейтін отыз үш (33) қауымдастықтың мүше-емшілері құрамнан шығару жөніндегі бұдан бұрынғы қауымдастық Төралқасының (№3.25.5.10) қаулысын өзгеріссіз бекітті. Сонымен бірге Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20(жиырма) жылдығының торқалы мерей тойын өткізу жөніндегі қауымдастықтың кезекті V-құрылтайын 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында өткізу туралы Құрылтай делегаттары өз шешімін қабылдады. Құрылтай жиналысын ашу мен жабуды оның президенті, Академик З.Қожалымов мырза басқарып, аяқтады.    

Жаңа кітап жарық көрді. Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан ғалым З. Қожалымовтың «Қазақстанның дарынды емшілері»-«Одаренные целители Казахстана» атты қазақша-орысша анықтамалығы жарық көрді.

«Шалкөде» баспасынан жаңа  ғылыми жинақ  жарық көрді. Бұл ғылыми жинақта «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты 2010 жылдың 23-25 шілдесінде Астана қаласында («Наз» мемлекеттік би театры) өткен VII-Халықаралық ғылыми-теориялық конгресіне қатысқан Қытай, Ресей, Орта Азия және Қазақстан Республикасының ғалымдары мен зерттеушілерінің және емшілерінің осы саладағы ғылыми еңбектері мен баяндамалары енгізілді. Авторы З. Қожалымов.

22.12. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы құрылғанына – 19 жыл.

Қауымдастықтың барлық филиалдарында мереке аталып өтілді.

 

2011 жыл

 

11.02. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқа жиналысы өтті. Күн тәртібінде: қауымдастықтың 2011 жылғы іс-жоспарлары қаралып бекітілді. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20 жылдық мерей тойына дайындықты бастау жөнінде шешім қабылдады. Төралқа жиналысын қауымдастықтың Президенті З.Қожалымов мырза басқарып, қорытындылады.

17.02. Сатқындық. Бүгін бұрынғы Республикалық халық медицинасы Орталығының директоры кейінгі кездегі жекеменшік “Халық және рухани емшілері” мекемесінің директоры Ш. Шинтаевтың өзінің орынбасары, өзбекстан азаматы Ануар Ниезовтың арнайы Өзбекстаннан алып келіп емшілік куәліктерін бергізген өзбекстандық бандит емшілері қауымдастықтың вице-президенті Александр Бодровты Алматы қаласындағы өз үйінде қарнын суық қарумен жарып және басынан ату қаруымен атып өлтірді. Мұнын себебі, А. Бодров қауымдастықтың заңды сайланған вице-президенті екендігін елемей, қауымдастықтың басшысына хабарламай Ш.Шинтаевтың жекеменшік мекемесіне өздігінен ауысып кеткен. Оған арнайы тапсырма беріліп, жеке сайтында қауымдастықтың қызметін заңсыз деп жариялауды (заңды тіркелген ұйымды), қауымдастықты таратуға әрекет етуді және оның басшысы мен атақты емшілеріне де шара қолдануды тапсырғанымен, оны біз білдік және А. Бодровқа өзінің басы кететіндігін ескерттік. Ақыры Ш. Шинтаевтың командасының тапсырмасын орындай алмағандығы үшін, А.Бодров Ш.Шинтаев пен А.Ниезовтың өзбекстандық бандит емшілері тарапынан өлімге душар болды. Бұл емшілік жүйесінде аталған адамдардың ұйымдастырған “Бандитизмі” болатын. “Біреуге ор қазба, өзің түсесің” деген халық даналығы дәлелдеп тұр.

14-19.04. Әлемнің 150-ден аса мемлекетінен қатысқандар қызметін көрсететін Американдық Forever Livinc products компаниясының арнайы шақыруымен Қазақстандық 200-ге жуық компания қызметкерлері құрамында қауымдастық басшысы мен оннан аса емшілерде компанияның Австрияның “Вена“ қаласында өткен әлемдік форумына қатысып қайтты.

12-20.05. З. Қожалымов пен Т. Қожалымова арнайы іссапармен ҚХР-ның Құлжа қаласында болып қайтты. 

23-25.07. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20 жылдығына арналған кезекті V-Құрылтайы «Altyn Kargaly» санаториясының конференция залында өтті. Құрылтайға 250-ден аса делегаттар және арнайы шақырылған ғалымдар, журналистер, шетелдік меймандар қатысты. Күн тәртібінде қауымдастықтың президенті, академик З.Қожалымовтың «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты баяндамасы тыңдалды. Баяндамада қауымдастықтың 20 жылдық тарихындағы жетістіктерге, кемшіліктерге, жеке емшілердің нәтижелеріне және филиалдар қызметінің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталды.

Баяндама бойынша жарыссөзде ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, А.Жақанов, Т.Төлендиев, Т.Бекенов, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, Ә.Тарақ, Ж.Зекейұлы, жазушы профессор О.Қауғабай, ғалымдар Б.Шайдаев, Р.Нурахунова және Кадыракунова  Ашырхан (Қырғызстан), Нұрсланбай Кадырхан мен Чу Джун Хуа (ҚХР),  заңгер Ә.Әділбеков (Қапшағай) журналистер Н.Байсақалова, Е.Айғалиұлы, Т.Ильяшов, А.Мұсаұлы сондай-ақ, қауымдастықтың мүшелері де сөз сөйлеп құттықтады. Делегаттар 20 жылдықтың төс белгісі және сертификат, диплом, құрмет грамоталары және алғыс хатымен марапатталды. Кеште мерейтой дастарханынан делегаттар дәм татып, қуаныштарын бөлісті. Делегаттарға қауымдастықтың 20 жылдық тарихи кезеңдері бойынша дайындалған видеофильм көрсетілді.

24.07. Кітап тұсау кесері өтті. Қауымдастықтың кезекті V-Құрылтайында оның «Шалкөде» баспасынан шыққан З.Қожалымовтың қауымдастықтың 20 жылдық тарихынан толық мәлімет беретін үш тілде жазылған кітап-альбом «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі», “Флагмаг народного целительства“, Leader of healing (қазақ, орыс, ағылшын) еңбегі мен «Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері» атты ғылыми-монографиялық кітаптарына арналған ғалымдардың жеке пікірлері тыңдалды. Кітап жөнінде сөйлеген профессорлар Ж.Молдабеков, Е.Керімбек, А.Жақанов, Ә.Тарақ, Ж.Зекейұлы, С.Құрбанқожа, т.б. делегаттар бұл еңбектердің маңыздылығы жөнінде құндылығы мен қажеттілігін атап өтті.

24.07. V-Құрылтайда Құрамнан шығарылғандар тізімі. Қауымдастықтың қайтыс болған, жеке арыз берген және принципсіз қауымдастық Жарғысының талаптарын бұзған 25 (жиырма бес) мүшелері қауымдастық құрамынан шығарылсын. Атап айтқанда:

Бодров Александр (Алматы қаласы) және Нургожин Жолбай (Арқалық) қайтыс болғандар,  Ильясова Мехриниса, Курышева Анна, Курышев Андрей, Оспанов Ардак, Сагатбекова Майра, Скидан Галина (Алматы қаласы),  Жумагелдиева Күләш, Зарипова Нина, Киятбек Нұрбара (Алматы облысы), Жанқапан Дәурен, Едилов Буркит, Абдилдина Гүлнар (Астана қаласы), Тұрлыбаева Гүлмира (Атырау), Алыбаев Шолпанбай, Садыков Серік (Тараз), Ахметжанова Амина, Ибатов Хамитжан, Черебедов Анатолий (Темиртау), Айымбетов Миятбек, Шалапов Әбсаттар, Ахмедов Рысдәулет, Эргешев Хусеин, Эргешев Хасан (ОҚО), Жанабаева Жайнагүл (Өскемен). 

Қауымдастықтың “Шалкөде“ баспасынан бұрынғы Бас директоры, м.ғ.к., доцент Бекен Тұрсынның Рухани саулық денсаулықтың негізі“ атты кітабы жарыққа шықты.

17-22.08. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен Т. Қожалымова Американың Вашингтон қаласында өткен Халықаралық Симпозиумге қатысты.

30.10. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрылғанына – 20 жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 20 жыл.

 

2012 жыл

 

10.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2011 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2012 жылдың іс жоспарын бекітті.

11.03. Қауымдастықтың алғашқы қызметкері, эмблемасының авторы және есепшісі болған Сәрке Қайырбай Дайырманұлы 59 жасында дүниеден өтті. Хантәңірінің Текес ауылында 1953 жылдың 7 мамырында дүниеге келген азамат жастайынан сурет салу өнеріне жақын болды. Нарынқол ауданының Текес орта мектебінде білім алуын бастаған ол орта мектепті Кеген ауданының (қазіргі Райымбек) Жалаңаш ауылындағы мектеп интернатта бітіріп шықты. Армияда болды, жақсы қызметі үшін арнайы сыйлыққа да ие болды. Армиядан кейін Алматы мемлекеттік көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, оны бітірген соң өз мамандығы бойынша өнер саласында жұмысын жалғастырды. Одан кейінгі өмірі қауымдастықпен және жеке шаруашылықпен байланысты болды. Мінезі жайсаң, адал, білімді өнер маманы, жора-жолдасына, туыстарына және таныстарына сыйлы азамат ауыр науқастан ортамыздан 11 наурызда жалған дүниеден пәни дүниеге аттанғанын сезбей де қалдық. Артында жары мен азамат болған екі ұлы қалды. Қайырбайдың жасамаған жасын, жетпеген жақсылықтарын, Жаратушыдан тілеген ізгі тілектерін артында қалған екі ұлына бұйырсын демекпіз. Марқұм Қайырбай Дайырманұлының қылқа-ламмен сызып өрнектеген туындылары мен қауымдастықтың эмблемасы мәңгілік ескерткіші болары анық. Өз жұмысына жауапты асыл азаматтың топырағы торқалы, жаны жәннаттан, қабірі жарық болғай.

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқасы.

Қауымдастық филиалдары ұжымы, 2012 ж.

23-28.03. З. Қожалымов пен Т. Қожалымова Венгрияның Будапешт қаласында өткен Халықаралық Симпозиумға қатысып қайтты. 

02.04. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2012 жылдың 13-14 шілдесінде Шымкент қаласында “Халық емшілігінің өркендеуі және пайдалану жолдары” атты Республикалық конференцияны өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. 

20.06. Қауымдастықтың негізін қалаушылардың бірі, бұрынғы Бас директоры, ардагері Бекен Тұрсын Балғымбекұлы дүниеден өтті.

Кенеттен келген сырқаттың салдарынан ардақты азамат, ғылыми медицина мен халық медицинасына ерекше үлес қосқан және қолтаңбасын қалдырған. Халқына да және өзін білетін ұжымдарға да сыйлы, ақылгөй, ғалым Тұрсын Балғымбекұлы бақи дүниеге аттанды.

13-14.07. Өткен шілде айының 13-14 жұлдызында Шымкент қаласында “Халық емшілерінің өркендеуі және пайдалану жолдары” атты республикалық форумы өтті. Форумға республиканың барлық облыстарындағы қауымдастықтың мүше-емшілері, ғалымдар және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан т.б. шетелдердің емшілері де қатысты. Форумға барлығы 280-нен аса адам қатысып, оның бағдарламасына сәйкес құттықтау, баяндама, дәрежелік шеберлігі және музыкалық терапия бойынша екі күн бойы нәтижелі өткізілді. Форумға дейін қатысушылар Шымкент қаласының көрікті жерлерін тамашалап және Сайрамдағы сансыз бабтар кесенелеріне зиярат етіп, дұға бағыштады.

Форумды ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик З.Қожалымов: “Шипагерлік дәстүрі – халықтық өнер” атты тақырыпта баяндама жасады. Қауымдастықтың 21 жылдық тарихи кезеңіндегі халық емшілігінің өсуі мен дамуы, өркендеуі және кемшіліктері мен болашағы жөнінде төраға баяндамасында толық қамтылды. Баяндама мен форумның тақырыптық негізінде жарыссөзге философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков, м.ғ.д., профессорлар Керімбектің Ермаханы, Жасан Зекей, п.ғ.к., профессор С.Құрбанқожа, х.ғ.к., доцент Туғанбаев Мырзабек, заңгер Әділбеков Әбдіберік, Берік Қабен (ҚХР), Поношева Саржан (РФ), Таджибаева Г. (Өзбекстан), т.б. шығып сөйлеген емшілер мен меймандар өздерінің пікірлерін білдіріп, форумға қатысушыларды құттықтады. Алғашқы күні кешке форумның мерекелік дастарханынан қатысушылар дәм татып, би билеп, ән айтып көңіл көтеріп, тамаша сезімге бөленді. Форумда қатысушыларға төс белгілері, сертификат, диплом, құрмет грамоталары мен алғыс хат және шеберлік дәрежелі дипломдары табыс етілді. Өнер саласындағы ән айтып, би билеген өнерпаздар арнайы форумның дипломымен марапатталды. Форумға қатысушылар  форумның қызметіне қанағаттанарлық баға беріп, қуанышпен тарқасты.

14.07. З.Қожалымовтың жаңадан “Шалкөде” баспасынан шыққан көлемді монографиялық-тарихи еңбегі “Орындалған аманат” тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде профессор Ж.Молдабеков басшылық етті. Кітаптың құндылығы жөнінде ғалымдар Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа және мамандар Қ.Құттыбаева, К.Кумаров, Х.Парманов, Ә.Әділбеков т.б. өз ойларын білдіріп, кітаптың құндылығына жоғары баға берді.

14.07. Қауымдастық президентіне “Профессор” атағы берілді.

“Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының” Ғылыми Кеңесінде ғалымдар бұған дейін осы академияның негізін қалаушы және президенті З.Қожалымовтың ғылыми еңбектеріне ғылыми талдамалық баға бергендігін Ғылыми Кеңестің ғылыми хатшысы профессор С.Құрбанқожа хабардар етті. Атап айтқанда: ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, З. Жандарбек, Ө. Мырзағалиұлы т.б. ғалымдар З.Қожалымов он жылдан аса уақытта халық шипагерлігі саласында философиялық және психологиялық зерттеу тақырыптары саласы бойынша 40-тан аса ғылыми-танымдық мақалалары ғылыми журналдарда жарияланғандығы және жеті монографиялық еңбегінің оның ішінде төрт кітабының оқулық екендігі туралы құндылығына тоқталды, жоғары баға бергендігі  айтылды. Сондай-ақ ғалымдар, зерттеуші-ғалым З.Қожалымовтың ХV ғасырдағы ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін зерттеп, ғылыми айналымға енгеніне жол салғаны және оның құндылығы туралы Ғылыми Кеңесте атап өтілгендігі баяндалды. Ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың қазақ және орыс тілінде шыққан “Шипагерлік дәстүрі және философиясы” – “Целительская традиция и философия” атты монографиялық еңбегі (2009-2010) Қазақ Ұлттық Университеті философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылыми Кеңесі жиналысының шешімімен баспадан шығаруға бекітілгендігі аталып өтілді (Хаттама№4. 29.12.2008). Баспасөз беттерінде 400-ден аса ғылыми-танымдық, емдік мақалалары жарияланған. Өзі ашқан емшілер мектебінде оның негізгі бағдарламаларын жасаушы, оқулығын жазушы және басшысы әрі ұстазы болып келе жатқандығын да ғылыми Кеңесте аталып өткендігі туралы осы академияның Ғылыми Кеңесінің Төрағасы, профессор Ж.Молдабеков Ғылыми Кеңестің шешімінің қаулысымен форумға қатысушыларды таныстырды. Академияның Ғылыми Кеңесінің хатшысы,  профессор С.Құрбанқожа Ғылыми Кеңестің шешімін оқыды. Шешімде ғалым-зерттеуші З.Қожалымовқа “Халық медицинасы және ғарыштыққуат” Академиясының “Профессор” атағы берілсін делінген (Хаттама №01, 20,06.2012)

 

Ғылыми Кеңес Төрағасы, философ.ғ.д., профессор                                   Ж.Молдабеков

 

Хатшысы,п.ғ.к.,проф.                                                                                   С.Құрбанқожа                                                                   

 

Ғалымдары мен Қауымдастықтың басшылары, филиал басшылары және  мүшелері мен емшілері қауымдастықтың басшысын ғылыми профессор  атағымен құттықтап, деніне саулық, қызметіне табыс тілейді.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 21 жыл.

 

2013 жыл

 

11.02. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2012 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2013 жылдың іс жоспарын бекітті.

23-30.04. Қауымдастықтың президенті Зядан қажы мен Төралқа мүшесі  Түймекүл Қожалымова мен Б. Шайдаев Американың Тынық мұхитындағы Гавайи аралдарында өткізілген “Әлемдік симпозиумге” қатысып қайтты. Бұл симпонизмге әлемнің 91 елінен 22 мыңға жуық шақырушылар қатысқан. Симпозиум өз жұмысын үш күнде аяқтады. Адамның денсаулығына өте пайдалы, химиялық қоспасы жоқ таза Алоэ өнімдерін тарату бойынша Қазақстан әлемде 5-орынға ие болыпты. Ал Еуропада 1-ші орынға ие болған. Жолсапарының ұзақтығы 37 сағатқа созылған, оның 26 сағатқа жуығы аспанда әуе жолында болған. Алматыдан шыққан ұшақ Алматы – Амстердамға (Голландия) 7 сағат, одан әрі Атлант мұхитын оның материгін және Американың солтүстігінен оңтүстігіндегі Seattle қаласына дейін 13 сағат ұшса одан ары Тынық мұхиттағы Гавайи аралдарына дейін 6 сағатқа жуық ұшқан. Жолдың ауырлығы ұзақ болғанымен өте қызықты және нағыз демалыс болғанын атап өткен жөн.

26.04. Сатқындық. Қауымдастықтың вице-президенті Ермек Мырзагельдиев ұзаққа созылған, ем қонбайтын қан қысымы сырқатынан қайтыс болды. А. Бодров Ш. Шинтаев пен А. Ниезовтың арнайы тапсырмасын орындамағандығы үшін, ол о дүниелік болғаннан кейін, арнайы тапсырманы осы қауымдастықтың вице-президенті Е.Мырзагельдиевке орындату үшін, Ш. Шинтаев (жекеменшік “Халық және рухани емшілік” мекемесі директоры) өз жанына алды. Ол екі жылдан аса уақыт бармаған жері және көрмеген елі аз болған жоқ. Е. Мырзагельдиев те қауымдастықпен оның жауапты адамдарын ыдыратуға және жоюға уәде бергенімен, ол да орындай алмағандығы үшін жазылмас дертке душар болған еді. Ол өлерінің алдында қауымдастықтың басшысына өзіне қастандық жасалғанын сезетіндігін хабарлаған болатын. Бұл да сатқындықтың белгісі еді. “Асқақтасаң бір күні асыларсың” деген халық мәтелі осыған дәл келіп тұрғандай. 

13.05. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2013 жылдың 13-15 қыркүйекте Түркістан қаласында “Халық емшілігінің емдеу жүйесінің болашағы” атты Халықаралық форумды өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. 

31.05. Американдық Forever компаниясының арнайы шақырылуымен қауымдастық президенті З.Қожалымов және  қауымдастық емшілері Қожалымова Түймекүл, Шымкенттік Маскеевтер Умсын мен Сабыр Италияның Сардиния аралының Жерорта теңізі жағалауында өткізілген Еуропалық саммитіне қатысып қайтты. Бұл саммитке Еуропа мен Орта Азиядағы, Жапония, Индия, Африка елдері мен Аргентина, Бразилия т.б. елдердің ең жоғары атағы мен дәрежесіне ие болған Алоэ өнімдерін таратушы осы компанияға тіркелген азаматтар қатысты. Қазақстаннан 80-ге жуық арнайы шақырылғандар көңілді барып, қуанышпен елге оралды. Осы саммиттің өтуі қарсаңында Forever компаниясының 35 жылдығы аталып өтіп, мерейтойының соңы тамаша билермен, әндермен жалғасты. Алматы – Киев – Рим – Колория бағытындағы аспан ұшағы 10 сағаттай ұшса, жалпы жол ұзақтығы 17 сағатқа созылған. Колория қаласынан ары 40 шақырым аралықта орналасқан саммит отетін Сардиния аралына автокөлікпен жеткізілді. Жерорта теңізі жағасындағы таза ауа, көрікті ғимараттар мен сан алуан гүл шығаратын ағаштар өз әсемдігімен сонда демалушылардың көңіл-күйін көтеріп, қуатына қуат бергендей әсер ететіндігіне куә болдық.

15-18.07. З. Қожалымов пен Т. Қожалымова Украинаның Киев пен Одесса қалаларында арнайы іссапармен болды.

13-15.09. Түркістан қаласында “Халық емшілігінің емдік жүйесінің болашағы” атты Халықаралық форум табысты аяқталды. Форумға еліміздегі көп салалы ғылымдардың ғалымдары мен емшілер және шетелдерден келген меймандар қатысты. Форумда ғалымдар мен емшілер әр түрлі тақырыпта халық емшілігінің емдік жүйесінің болашағы жөнінде ашық пікірлерін білдірді. Шеберлік тақырыбында емдеу әдіс-тәсілдері көрсетілді. Кешке мейрамханада өткен мерекелі дастарханның отырысында форумға қатысушылар әсем ән мен бидің рахатына бөленді. Көңілді кеш өтті. Қасиетті Түркістанның киелі жерлерімен танысқан форумға қатысушылар қуаныштарын жасыра алмай, қайтарларында мейірмандылықпен келер жылы амандықпен кездесуге тілектерін білдірді.

14.09. З.Қожалымовтың жаңадан “Шалкөде” баспасынан шыққан “Өмірімнің тағдыры” атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде профессор Ж.Молдабеков басшылық жасады. Кітаптың құндылығы жөнінде ғалымдар Е.Керімбек, Ө.Мырзағалиұлы, С.Құрбанқожа, З.Жандарбек, жазушы-профессор О.Қауғабай және мамандар Қ.Құттыбаева, Х.Парманов, Ә.Әділбеков, Ж.Сәрсенбай, К.Төлешұлы т.б. өз ойларын білдіріп, кітаптың құндылығына жоғары баға берді.

14.09. Қауымдастықтың кезектен тыс Құрылтайында қауымдастықтың мүшелігінен шығарылғандар:

Құрылтай делегаттарының бекітуімен марқұм болуларына байланысты қауымдастықтың бұрынғы бас директоры Бекенов Тұрсын Балғынбекұлы, вице-президент Мырзагелдиев Ермек, қауымдастықтың алғашқы ұйымдастырушысы және эмблемасының авторы Саркеев Қайырбай Дайырманұлы, халық емшісі-журналист Файзуллаев Сәттібек, халық емшісі Стамбеков Жексебай, халық емшісі Салиева Гүлжамал Жауханқызы, мүшесі Уисенова Халима, емші Әкімбаев Сламхан және емші Абдувахапов Тойжан қауымдастық құрамынан шығарылды.

Қауымдастықтың Жарғылық міндеттерін орындаудағы жеке тәртібінің нашарлығы, жауапсыздығы, мәдениетсіздігі және қауымдастықтан байланысын себепсіз үзгендігі үшін Тұрымбетова Қазына, Мендібаев Аубакир, Баймуханова Гауһар (Сәтбаев қаласы), Рзаханова Гүлнара, Майорова Людмила, Шарыпова Нина, Наурызбаева Рая қажы, Илясова Мехриниса, Мақсұтбаева Гүлмира қажы, Череминова Оксана, Буралкиев Жүрсін (Алматы), Киямбек Нұрбатима (Алматы обл.) Сатыбалдина Руза, Ахметов Пернебай (Тараз), Саденова Гүлдария қажы, Садыбекова Служан, Полуянов Дмитрий (Астана), Шормаков Жидабек (Қаратау), Мергенбаева Аида, Серікбаева Айжамал, Оразова Қалдыгүл (Қызылорда) және ақтаулық Косумова Менслу қауымдастықтың мүшелік құрамынан шығарылды.

 

Филиалдар қызметі тоқтатылды

Құрылтай делегаттарының бекітуімен Қауымдастықтың құрамынан Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қарағанды қалалық филиалдары мен Семей аймақтық филиалын есептен шығару жөніндегі қауымдастықтың Төралқасының 21-қаңтар 2013 жылғы №2 хаттамасының қаулысы бекітілді.

 

2014 жыл

 

20.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2013 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2014 жылдың іс жоспарын бекітті.

21.01. Құрылғанына 22 жыл толған қоғамдық бірлестіктің атқарған еңбегі ұшан-теңіз. “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” РҚБ (Республикалық мәртебе) 2013 жылы қызметіндегі ерекше табыстары үшін Халықаралық рейтинг одағының (Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь) «Сала көшбасшысы-2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» Ұлттық Сертификатымен марапатталды.

Қауымдастық президенті Зядан Қожалымов көп жылғы еңбегінің арқасында Отанның алдында сiңiрген еңбегі үшін Халықаралық рейтинг одағының «Қазақстанның даңқы» Орденімен марапатталды (Куәлік № 01724, 21.01.2014).

18.04. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2014 жылдың 02-03 тамызында Алматы қаласында мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясын өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. 

02-03.08. Алматы қаласында ҚР Ғылым Академиясының «Ғылым ордасында» мәдениеттанушы ғалым, халық медицинасының академигі Зядан Қожалымовтың 70 жылдық мерейтойына орай, оның ғылым саласындағы сіңірген еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференцияны өткізу комитетінің төрағасы философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің профессоры Жақан Молдабеков «Шипагер ғалымның еңбегінің ғылымдағы құндылығы» атты баяндама жасады.  Баяндамасында шипагер ғалым З. Қожалымовтың 25 кітаптың оның ішінде 7 монографиялық еңбектің және 500-ден аса ғылыми-танымдық, мәдени-тәрбиелік және шипагерлік мақалалардың авторы екендігін және XV ғасырдағы шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін тұңғыш зерттеуші және оны ғылыми айналымға енгізуші сондай-ақ, қазақтың халық емшілігінің ғылыми негізінің алғашқы қалаушысы екендігін атап өтті.

Конференцияға ҚХР, Ресей және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары мен емшілері және Қазақстандық ғалымдар мен 340-тан аса халық емшілері қатысты.

Шипагер ғалымның еңбегі жөнінде м.ғ.д. профессорлар Керімбектің Ермаханы (ХҚТУ), Жаханов Амангелды (ҚазҰМУ), Жасан Зекейұлы (Алматы), Мырзағалиұлы Өтеп (ХҚТУ), м.ғ.к., доцент Құлмаханов Тұрғанбек, ф.ғ.д., ҚазҰУ-нің профессоры Әнуар Тарақов, з.ғ.д., профессор Әлдибеков Жапар, п.ғ.д., профессор Құрбанқожа Сансызбай, жазушы профессор Ораз Қауғабай және профессор Марқайұлы Көпей (ҚХР), Тұтқабаев Ералжан (Өзбекстан), Журавлев (Ресей), журналистер Орынбай Оралбеков «Тамаша», ақын Серікжан Қажи “Президент және Халық”, Жексен Алпартегі «Айқын», Нұржамал Тегінбайқызы «Алматы ақшамы», Жұлдыз Баймолла СТВ, т.б. арнайы меймандардан Танкиев Кадырғали (Атырау), Әбназаров Үмбет (Алматы), Садибеков Әділ қажы (Алматы) және емшілерден Костюкеевич Л.А., Құттыбаева Қализа, Сағи Уатқан, Парманов Халтұрсын, Төребеков Бақтыбай, т.б. сөз сөйлеп ғалым З. Қожалымовтың еңбектерінің құндылығы мен маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ақын-сазгер З. Қожалымовтың Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына арнап жазған сахналық қойылымы көрсетілсе, ән-толғауларын жыршылар мен әншілер тамылжыта орындады.  «Терісқақпай» театрының әртісі Дайырбеков Дархан З. Қожалымовтың «Ауыл әзілдері» атты шығармасын сахнада орындады.

Конференция соңында ғалымдар мен емшілер, шипагер ғалымның ғылыми еңбектері мен поэзиялық және прозалық шығармашылығына, сазгерлік өнеріне ризалықтарын білдірді.

“Шалкөде” баспасынан  ғалым академик Зядан қажы Қожалымовтың “Ғұмырнама” атты кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық шипагерлік саласында жиырмадан астам кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші ғалым – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың 1991-2014 жылдары аралығында баспасөз беттеріндегі сұхбаттары, жеке мақалалары, еңбектеріне ғылыми пікірлер, жеке авторлар мақалалары, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы зерттеуі, өнер саласындағы еңбектері, құттықтаулар мен арнаулар, жарық көрген кітаптары мен ғылыми еңбектерінің тізімдері мен жеке ой-түйіндері т.б. мәселелер қамтылған.  

Осы жылы “Шалкөде” баспасынан  ғалым академик Зядан қажы Қожалымовтың Түнгі ғажайып” атты кітабы жарық көрді.  Зядан Кітаптың авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық шипагерлік  саласында жиырмадан астам кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі  – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың прозалық жанрдағы жазған тылсым құпия сырлары, ел ішіндегі естеліктері, өзі жөнінде, дала ғұламасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы жазылған спектаклі, радио сұхбаттық әңгімелері жеке ой-түйіндері т.б. еңбектері қамтылған.    

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрылғанына – 23 жыл.

19.12. “Шалкөде” баспасынан  ғалым академик Зядан қажы Қожалымовтың “Ғибратты өмір” атты кітабы жарық көрді.

Бұл еңбектің авторы халық медицинасы саласының белгілі ғалымы, өнер саласында да таныла бастаған ақын-сазгер, мәдениеттанушы ғалым, халық медицинасының профессоры, академик, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың ширек ғасырға жуық ғылым мен өнер саласындағы жетістіктері туралы өткен «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференцияда (ҚР ҒА «Ғылым ордасы» ғимаратында, Алматы, 02-08.2014) баяндама жасаған және құттықтаған көп салалы ғылымның ғалымдары, өнер саласы мамандары мен емшілердің пікірлері, ғылыми мақалалары, автордың телеарналарға берген сұхбаттары және автордың торқалы мерейтойына байланысты ізгі тілектер мен құттықтаулар т.б. мәселелер жинаққа енгізілген.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 23 жыл.

 

2015 жыл

 

06.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2014 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2015 жылдың іс жоспарын бекітті.

27.03. “Албан Ата шежіресі” 1, 2 томының (А, 2011) құрастырушы авторы Тынышбек Алмабекұлының “Тоғанай-Т” баспасынан “Хан-Тәңірі қырандары” ұлылардың ұрпақтарымыз-энциклопедиялық жинағы шықты.

Бұл энциклопедиялық жинаққа Хан-Тәңірінің түлегі “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” президенті, профессор, академик, ақын-сазгер Зядан қажы Қожалымов пен қауымдастықтың заңгері Әбдіберік Баймұханбетұлы Әділбеков, қауымдастықтың жанашыры, Республикалық халық медицинасы Орталығының негізін қалаушы әрі тұңғыш Бас директоры, м.ғ.к., Тұрарбек Төлендиев енген.

30.03. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2015 жылдың 25-26 шілдесінде Қостанай қаласында «Қазақстанның солтүстік аймағындағы халық емшілігінің өркендеуі» атты Республикалық конференциясын өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. 

25-26.07.  Қостанай қаласында “Қазақстанның солтүстік аймағындағы халық емшілігінің өркендеуі” атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияны оны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор, Академик Зядан қажы Қожалымов ашты. Конференцияға 250-ден аса Қазақстандық және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан сияқты тағы басқа да шетелдерден келген шипагерлер мен осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар және арнайы қонақтар қатысты.

Жарыссөздер мен баяндамалар оқылу барысында  м.ғ.д., профессор Жасан Зекейұлы, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ профессоры А.Шаяхмет, ХҚТУ профессорлары С.Құрбанқожа, Ө.Мырзағалиұлы және Қытай дәрігерлері Чу Джун Хуа, А.Әжікен (ҚХР) т.б. меймандар мен Қазақстан емшілері конференциясына қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастыру комитетінің басшысы З.Қожалымов “Халықтық шипагерліктің өркендеу жолдары  атты тақырыпта баяндама жасады.

Екі күн бойы емшілер әртүрлі емдеу әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік емдік сеанстарын жүргізіп, тәжірибелерімен алмасты. Медальдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Үш күнге созылған конференцияда емшілер Қостанай қаласының мәдени орындарын аралап және өздерінің ғылыми-тәжірибелік білімдерін өсіріп, өзара қатынастарын жақсартып, қуанышпен тарасты.       

17.09. Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингісінің 2014-2015 жылғы саралауының нәтижесі бойынша “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” РҚБ (Республикалық мәртебе) 2014-2015 жылдардағы қызметіндегі ерекше табыстары үшін Халықаралық рейтинг одағының (Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Грузия) «Сала көшбасшысы – 2015» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы – 2015» Ұлттық Сертификатымен марапатталды.

Қауымдастық президенті, академик Қожалымов Зядан қажы көп жылғы еңбегінің нәтижесінде қоғамдық қызметіндегі жетістіктері үшін Халықаралық рейтинг одағының (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Грузия) «Экономика мақтанышы» ордені және «Жылдың үздік басшысы-2015» ұлттық сертификатымен марапатталды.

Рухани-сауықтыру саласындағы жетістіктері мен ерекше еңбектері үшін, қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша «Экономика мақтанышы» ордені және «Жыл маманы-2015» ұлттық сертификатымен халық емшілері: Таджиметов Хайрулла (Түркістан), Қожалымова Түймекүл (Алматы), Джульдыбаев Абай (Орал қ.) және Максеева Унсун (Шымкент қ.) марапатталды.

Рухани-сауықтыру саласындағы жетістіктері үшін, қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалі және «Жыл маманы-2015» ұлттық сертификатымен халық емшілері: Құмаров Қабылкарим (Астана қ.),  Мұқаметқан Бақытгүл (Талдықорған), Туреев Ерлан (Алматы обл.),  Бесембаев Құмарбек (Құлсары қ.), Серикбаев Қоныс (Атырау обл.), Сикумбаева Райса (ОҚО), Сейденов Мухитдин (Шымкент қ.), Калиева Жамила (Атырау қ.) марапатталды.

Рухани-сауықтыру саласындағы жетістіктері үшін, Ұлттық  бизнес-рейтинтер Одағының (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия) «Жыл маманы-2015» ұлттық сертификатымен халық емшілері: Тұрақын Тұрсынғазы (Ақтөбе),  Зурихан Дүлдүл мен Зурихан Дауыл (Алматы, Іле), Мадигалиев Ерхан (Алматы), Өтегенова Динара (Алматы), Анарбаев Талғат (Шымкент), Тажібаева Ғазиза (Жетісай, ОҚО), Серік Зекейұлы (Алматы обл.), Мовшович Максим (Алматы) марапатталды. 

03.11. Қауымдастық Жарғысының 5.2 бөлімі негізінде қауымдастықтың Павлодар облыстық филиалы Павлодар облыстық Әділет Департаментінен тіркеуден өтіп, өз қызметін бастады.

05.11. “Хабар” телеарнасының бағдарламаларына сәйкес қауымдастықтың президенті, академик З. Қожалымов арнайы Астана қаласында халық емшілігінің қажеттілігі мен болашағы жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі б.ғ.д., профессор Салтанат Байқошқаровамен “Жекпе-жек” өткізді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі кейбір шенеуніктердің халық емшілігіне деген қарсы көзқарастарына қарсы әділетті әрі сауатты пікірін айтып, халықтық емшіліктің ұлттық мұрамыздың жойылмайтынын және қызметі өте маңызды екендігін дәлелдеп берді. Жекпе-жектен кейін қауымдастық президентінің атына рахметін айтып, ықыласын білдіргендер және халық емшілігінің мәңгілік өміршеңдігін қалайтындар саны көбейе түсуде. Сонымен бірге көп салалы ғалымдар да әділ бағаларын беріп, шипагерліктің ғылыми саласындағы еңбегіне риза болып, оны одан ары дамыта түсуге өз ықыластарын білдіруде. Халық бар жерде оның халықтық шипагерлік өнері мәңгі жасайды, өркендейді, дамиды және ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді.   

27.11. Қауымдастық президенті профессор З. Қожалымов қауымдастықтың облыстық филиалының құрамындағы  қауымдастықтың мүше-емшілерінің жалпы жиналысын ашып, сөз сөйлеп қауымдастықтың ширек ғасырлық тарихымен оның болашағы жөнінде баяндама жасап, аталған филиалдың қызметі мен мүшелерінің қызметіне табыс тіледі. Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша Павлодар облыстық филиалының директорлығына ұсынған халық емшісі Шахмарданова Айгульдің кандидатурасын жиналысқа қатысқандар толық қуаттады. Қауымдастық президенті жиналыстан кейін үш күндей емшілерге дәріс оқыды. 

07.12. Қауымдастықтың Ақтөбе облыстық филиалының директоры Құттыбаева Қализа қажы өзінің жеке ұсынысына байланысты қызметінен босатылды.

Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша, Ақтөбе облыстық филиалының директоры қызметіне қауымдастықтың “Құрметті мүшесі”, Халық емшілігінің магистрі, Әділбаев Ғани   Оразбайұлы тағайындалды.

10.12. Қауымдастықтың Атырау облыстық филиалының директоры мекенжайының ауысуына байланысты (Орал қаласына) Ермуханова Гулпара өзінің жеке талабы бойынша қызметінен босатылды.

Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша, қауымдастықтың Төралқа мүшесі, қауымдастықтың Құлсары қалалық филиалының директоры, халық емшісі Бесембаев Құмарбек қажы қауымдастықтың Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.  

Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша, қауымдастықтың қызметін қайта ұйымдастыру мен ірілендіру мақсатында және филиал қызметінің қанағаттанғысыздығы мен филиал директорының (А. Бузауова) мекенжайының бес жылдан аса Астана қаласына ауысуына байланысты, қауымдастықтың Жезқазған филиалының қызметін тоқтату және Қарағанды облыстық Әділет департаментінің тіркеуінен шығару жөнінде қаулы қабылданды. Қаулыны орындау оның директоры А.Бузауоваға тапсырылды

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 24 жыл.

 

 

2016 жыл

06.01. Ірілендіру мақсатында қауымдастықтың Жамбыл облыстық филиалы қайтадан Жамбыл облыстық Әділет Департаментінен тіркеуден өтіп, өз қызметін бастады.

Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша Қауымдастықтың Жамбыл облыстық филиалының директорлығына халық емшісі Есенгельдиева Алия тағайындалды.

11.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2015 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2016 жылдың іс жоспарын бекітті.

24.03. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2016 жылдың 29-31 шілдесінде Алматы қаласында қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойына арналған кезекті VI-Құрылтайын өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. 

13-19.05. Қауымдастық президенті З.Қожалымов мырза Қостанай, Астана, Қарағанды қалаларында іссапарымен болып қайтты. Филиалдардың мүшелерінің жалпы жиналысына қатысып, қызметтерімен танысты. Филиалдың жалпы жиналысында Қауымдастықтың 25 жылдық мерекесіне арналған кезекті VI-Құрылтайына қатысу үшін делегаттарын сайлады.

Қостанай. Қауымдастықтың басшысы Қостанай облыстық филиалының қызметінің қанағаттанарсыздығын атап өтіп, осы филиалдың директоры Нисамбаева (Дарибаева) Багиткульды өзінің жеке арызы бойынша қызметінен босатты. Филиал директорлығына қауымдастықтың мүшесі, халық емшісі Хакимов Мухамеджанды ұжымға таныстырып, оны филиал директорлығына тағайындап, жалпы жиналыста бекіттірді. Филиал мүшелері М.Хакимовтың кандидатурасын толық қуаттады. Жиналыстың соңынан филиал емшілеріне арнайы сабақ өткізді.

Астана. Астана қалалық және Ақмола облыстық филиалы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Филиалдың қызметіндегі жеке жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталған, қауымдастық президенті З. Қожалымов мырза филиал директорлары Қ. Құмаров пен Б. Ахметоваға қауымдастықтың 25 жылдық мерекесіне дайындалуды, берілген тапсырмаларды өз уақытында орындап және филиалдың қызметтерін жақсартуды атап тұрып ескертті. 

Қарағанды. Қауымдастықтың басшысы Қарағанды облыстық филиалының қызметінің қанағаттанарсыздығын атап өтіп, филиал директоры Дәуір Шәкіржанның жеке қателіктері мен жалған құжаттарды емшілерге бергендігі жөнінде баяндады. Д.Шәкіржанды өзінің жеке арызы бойынша қызметінен босатты. Филиал директорлығына қауымдастықтың мүшесі, халық емшісі Қалауов Ахметті ұжымға таныстырып, оны филиал директорлығына тағайындап, жалпы жиналыста бекіттірді. Филиал мүшелері А.Қалауовтың кандидатурасын толық қуаттады. Жиналыстың соңынан филиал емшілеріне арнайы сабақ өткізді.

03-04.06. Шымкент. Қауымдастық президенті З. Қожалымов Шымкент қаласында іссапармен болды. ОҚО және Түркістан қалалық филиалдарының емшілерімен жиналыс өткізіп, қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойына дайындықтарын тексеріп, арнайы тапсырма берді.

15.06. «Шалкөде» баспасынан З. Қожалымовтың «Халық емшілерінің анықтамалығы» мен «Өмірімнің шежіресі» атты кітаптары жарық көрді.

17.06. З. Қожалымовтың «Ширек ғасырлық киелі қауымдастық» атты тарихи альбом кітабы «Нур-Принт» баспаханасына тапсырылды.

01.07. З. Қожалымовтың «Өлмейтін мұраөшпейтін тарих» атты кітабы «Нур-Принт» баспаханасына тапсырылды.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45

в начало