ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

42

  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46



VII тарау

 

қауымдастықтың

жиырма бес жылдық шежіресі

 

глава VII

 

двадцати пятилетняя

летопись ассоциации

 

chapter VII

 

twenty five-year-old

chronicle of association

 

 

 

1991 жыл

 

30.09. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру туралы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының «Ғалымдар үйінде» алғашқы ұйымдастыру комитетінің жиналысы өтті. Жиналысқа он облыс пен Алматы қаласының емшілерінен жүзден астам өкілдері және ғалымдар мен баспасөз қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасына Халықаралық дәрежедегі халық емшісі, халықаралық «Жаңа өрлеу» ассоциациясының вице-президенті Зядан Қожалымовты, ал орынбасарлығына медицина ғылымдарының докторы Елтай Ғакипұлы Заркешовты сайлады.

20-23.12. Қазақстан Республикасының халық емшілерінің бірінші Құрылтайы болды. Құрылтайға республиканың 15 облысы мен Алматы қаласынан 164 делегат қатысты.

Құрылтайға медицина саласының ғалымдары, журналистер қатысып өз тілектерін білдірді.

Құрылтайдан қауымдастықтың Төралқасы құрамы /он үш адам/ және басқару әкімшілігі құрамы сайланды.

Қауымдастықтың тұңғыш президентіне Халықаралық «Жаңа Өрлеу» қауымдастығының вице-президенті, Халықаралық дәрежедегі және Ресей мен Қазақстанның «кәсіби халық емшісі», халықаралық бірнеше қауымдастықтардың толық мүшесі, парапсихолог, биоэнерготерапевт Зядан Қожалымов сайланды.

Бірінші вице-президентіне м.ғ.д., профессор Әлихан Ризаұлы Шокин, вице-президенттігіне журналист Бақтыбай Айнабеков, Бас директорлығына м.ғ.к.  доцент Тұрсын Балғынбекұлы Бекенов, ғылыми хатшылығына м.ғ.д. Елтай Ғакипұлы Заркешов, заң кеңесшілігіне з.ғ.к. Қуаныш Батталов сайланды.

22.12. Құрылтай делегаттары Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылған күні етіп қабылдады. Қауымдастықтың Жарғысы қабылданды.

 

 

1992 жыл

 

22.01. Қауымдастық ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, № 0080 куәлігі берілді.

25.01. Қауымдастықтың Төралқасының бірінші отырысы болды. Қауымдастықтың «Ережесін», «Эмблемасын» және қауымдастықтың емшілердің білімін жетілдіру мен дамтыу мектебінің 120 сағаттық бағдарламасын бекітті.

Қауымдастықтың эмблемасының авторы Алматыдағы О. Таңсықбаев атындағы көркем-сурет училищесінің түлегі Қайырбай Дайырманұлы Сәркеев.

29.02. Қауымдастықтың халық емшілері мектебін тұңғыш рет 60 халық емшісі бітірді. Диплом және мүшелік куәліктері табыс етілді. Бұл жөнінде «Халық кеңесі» газетінде (06.03.1992) хабарланды, редакция құттықтау жолдады.

08.04. Қауымдастықтың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 73 емші қатысты. Филиал ережесі қабылданды. Облыстық филиал директорлығына дәрігер-емші Әбішев Ержан сайланды. Конференцияға қауымдастықтың Президенті З. Қожалымов қатысты.

7-9.05. Шымкент қаласында тұңғыш рет қауымдастықтың емшілерінің республикалық семинар кеңесі өтті. 16 облыс пен Алматы қаласынан 245 делегат қатысты. Семинарда ҚР Президенті атына хат және республиканың халқы атына үндеу жолданды. Семинарды қауымдастық президенті З. Қожалымов пен қауымның Бас директоры Т. Бекенов басқарды.

18.05. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде емшілердің үндеуі мен хаты жарияланды.

20.05. Шымкентте қауымның президенті З. Қожалымов халыққа өзінің рухани-сауықтыру емдік, қайырымдылық сеансын жүргізді.

30.05. Қауымдастықтың Қызылорда облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 103 емші қатысты. Филиал директорлығына емші Есенова Күнқияш сайланды. Конференция жиналысына қауымдастықтың президенті З. Қожалымов қатысты.

05.06. Алматы қаласында қауымдастықтың кезектен тыс II Құрылтайы өтті. Құрылтайға 17 облыстан және Алматы қаласынан 220 делегат қатысты. Республика Елбасы атына хат және халыққа үндеу жолданды.

06.06. Алматы қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Халық медицинасы орталығына», қауымдастықтың кезектен тыс II Құрылтайын өткізуіне қысым жасағаны үшін 300-дей емші наразылық білдірді.

07.06. З. Қожалымов өзінің «Құдірет» атты әнін сазымен шығарды.

11.06. З. Қожалымовтың «Құдірет» әні қазақ радиосы «Жастар» бағдарламасынан эфирге шықты. Әнді қызылордалық әнші Жанқияш Ергешова орындады.

16.06. Қауымдастықтың Президенті З. Қожалымов пен Бас директоры Т. Бекенов Атырауға келіп, ондағы алты айдан бері шуы басылмаған әкімшілік пен емші Марат Есенбаев (Сары әулие) арасындағы қарсылық топтары әрекетін тоқтатты. Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театр алдында жиналған мыңдаған халықтың бірнеше күндік ереуілі таратылды. Драма театрды үш күндей қоршап тұрған жергілікті ішкі істер мекемесінің үш жүздей жасақшылары күзеті алынды. Халық тынышталды. Алты айдан бері «жасанды әулие» әрекеті тоқтатылды. Атырауда тыныштық орнады.

17.06. Атырауда облыс әкімінің орынбасары Ә. Ибраевтың басшылығында облыстың денсаулық және заң орындары мекемелері басшылары қатысқан екі жақты келісім жиналысы болды. Жиналыста З. Қожалымов пен Т. Бекенов оларға қауымдастықтың Жарғысына сәйкес оның мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Екі жақты келісім шартқа құжат жасалды. Облыстық денсаулық басқармасы басшысы қауымдастықтың қызметіне қарсылық білдірді. Облыстық Әділет басқармасы басшысы қауымдастықтың Жарғысын қорғап, облыста филиалын ашуына көмектесіп, тіркеуге алатынын білдірді.

20.06. «Жас Алаш» газетінде қауымдастықтың емшілерінің 7-9 мамырда Шымкентте қабылдаған үндеуі жарияланды.

20.06 Атырау қаласында З. Қожалымов халыққа емдік сауықтыру сеансын «Құрылысшы-Мұнайшы» мәдениет үйінде жүргізді. Өзінің шығарған әндерін алғаш емдік сеансқа пайдаланды.

22.06. Қауымдастықтың Атырау облыстық филиалы құрылды. Конференцияға облыстағы 62 емші қатысты. Филиал директорлығына ағартушы-емші Гүлпара Ермуханова сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

06.07. Қауымдастықтың Жезқазған облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 44 емші қатысты. Филиал директорлығына журналист-емші Бәтігүл Омарбекова сайланды. Конференция жиналысына қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен ғылыми хатшы Е.Заркешов қатысты.

19.07. Қауымдастықтың Ақмола облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 83 емші қатысты. Филиал директорлығына В.К. Воронцов сайланды. Облыстық емшілердің конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

31.07. Қауымдастықтың Жамбыл облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 73 емші қатысты. Филиал директорлығына емші-сынықшы Талғат Көмеков сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

09.08. Қауымдастықтың Торғай облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 41 емші келді. Филиал директорлығына емші-сынықшы Назым Бейсенова (марқұм) сайланды. Конференция жиналысына Т. Бекенов қатысты.

18.08. Қауымдастықтың Талдықорған облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 31 емші келді. Филиал директорлығына емші Айбарша Айнабекова сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

28.08. Қауымдастықтың төл басылымы «Халық емі» газетінің алғашқы саны баспадан шықты. Газет Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы № 809 куәлігі берілді.

Редакция алқасы құрамына: Зядан Қожалымов, Әлихан Шокин, Тұрсын Бекенов, Сайым Балмұханов, Мұрат Құлымбетов, Айнаш Көксегенова, Жүніс Ормашұлы (редакцияның жауапты хатшысы), Елтай Заркешов, Бақтыбай Айнабеков енді.

Газеттің Бас редакторлығына қауымдастықтың вице-президенті Бақтыбай Айнабеков тағайындалды.

«Халық емі» газетін «Егемен Қазақстан», «Ана тілі» газеті редакциялары алқасы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, академик Сайым Балмұханов т.б. газет редакциялары мен жеке тұлғалар және емшілер баспасөз беттерінде өздерінің құттықтауларын жолдады.

30.08 Қауымдастықтың Алматы облыстық филиалы құрылды. Облыстық емшілердің конференциясына 78 емші қатысты. Облыстық филиалдың директорлығына емші Бауыржан Асқаровты сайлады. Конференцияның жиналысына вице-президенттер Ә. Шокин мен Б. Айнабеков қатысты.

02.09. Қауымдастықтың Қарағанды облыстық филиалы ашылды. Конференцияға 55 емші келді. Филиал директорлығына емші Нариман Кенжебековты сайлады. Жиналысқа З. Қожалымов пен Е. Заркешов қатысты.

09.09. Қауымдастықтың Қызылорда облыстық филиалы емшілерінің жиналысы болды. Жиналысқа З. Қожалымов қатысты.

12.09. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданының Қазығұрт елді мекенінде қауымдастықтың діни медресесі ашылды. Оның директоры болып шымкенттік емші діндар Аманжол Бабашев, медресе мүдірі болып имам Зәріпбай Оразбаев тағайындалды. Медресенің ашылуында қауымдастықтың президенті З. Қожалымов сөз сөйледі.

20-23.09. Атырау қаласында қауымдастықтың емшілерінің үш күндік тәжірибе алмасу семинары өтті. 14 облыс пен Алматы қаласынан 165 емші қатысты. Семинарға қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен емші Марат Есенбаев басшылық етті.

30.09. Қауымдастықтың Батыс Қазақстан облыстық филиалы ашылды. Конференцияға 75 емші қатысты. Филиал директорлығына Алматылық емші Зейнел-Қабиден Мұхаметуллов (кейін оралдық дәрігер-емші Бекзада Дәрішова алмастырды) сайланды.

Орал қаласында З. Қожалымовтың емдік-сауықтыру сеансын бастады. Қауымдастықтың «Халық емі» газетінің алғашқы 5000 данасын қауымның кадр бөлімінің бастығы Тоқтарбай Әлиасқаров Оралға ұшақпен алып келіп, сеансқа қатысушыларға таратты.

30.09. БҮГІН: Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне бір жыл толды.

18-21.10. Алматы қаласында Республика сарайында Бүкіләлемдік «Бейбітшілік пен мәдениет» атты «Рухани бірлік және келісім» конгресі өтті. Әлемнің елуден астам елінен ғалымдар, дін, мәдениет, өнер қайраткерлері, халық емшілері т.б. мамандар қатысты. Қауымдастықтың құрамынан 200-дей емшілер конгреске қатысты. Емшілер конгреске ұлттық киім үлгілерін киіп келді.

20.10. Республика сарайында қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен жұбайы көріпкел-емші Түймекүл Қожалымова және қауымдастықтың емшісі Марат Есенбаев конгреске қатысушыларға арнап, емдік-сауықтыру сеансын жүргізді. Сеанста З. Қожалымовтың «Құдірет» атты әнін танымал термеші Науат Ойнарова орындады.

14.11. Алматы қаласында қауымдастықтың құрамындағы әйелдердің жиналысы болды. Жиналысқа 15 облыс пен Алматы қаласынан 200-ге жуық әйел емшілер келді. Қауымдастық жанындағы әйелдер ұйымын құрып, оның ережесін қабылдады. Қауымдастықтың әйелдер ұйымының төрайымына емші Күлтай Әлиеваны, орынбасарлығына емші Алтын Сабыралиева мен шымкенттік дәрігер-емші Күләш Шериева сайланды.

18.11. Қауымдастықтың Көкшетау облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 17 емші келді. Филиал директорлығына емші Мұсақұл Добалов сайланды. Жиналысты қауымдастықтың Бас директоры Т. Бекенов басқарды.

2.11. Қауымдастықтың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 15 емші келді. Филиал директорлығына заңгер-емші Серікбай Тәкенов сайланды. Жиналысқа З. Қожалымов басшылық етті.

26.11. Қауымдастықтың Ақтөбе облыстық филиалы құрылды. Жиналысқа 32 емші қатысты. Филиал директорлығына ағартушы-емші Қализа Құттыбаева сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

28.11. Қауымдастықтың Алматы қалалық филиалы құрылды. Конференцияға 79 емші қатысты. Филиал директорлығына В.О.Настенко сайланды. Конференцияға Ә.Шокин, Т.Бекенов қатысып отырды.

04.12. Қауымдастықтың ШҚО Тарбағатай ауданаралық филиалы ашылды. Жиналысқа 21 емші келді. Филиал директорлығына емші Шаймұрат Мәліковты сайлады. Жиналысқа қауымдастықтың Бас директоры Т. Бекенов қатысты.

15.12. Қауымдастық қызметін 3 айға уақтылы тоқтатқан ҚР Әділет министрлігінің арнайы шешімі ешқандай ескертусіз шықты. (№10-22-264, 15. XII.1992).

Қауымдастық қызметі тоқтатылды. Осы шешім республиканың прокуратура, ішкі істер, қаражат, денсаулық сақтау министрліктері мен Мемлекеттік статистика комитетіне және банк жүйесі мекемелеріне жіберіліп, олар қауымдастық қызметін қатал бақылауға алып, өздерінің ойларына келгенін жасады. Есеп шот жабылды. Заң орындары қауымдастық басшысы мен емшілерін күнде қатал сұраққа алды.

16.12. Қазақ елінің тәуелсіздігіне бір жыл толды. Бүкіләлем елімізді тәуелсіздік күнімен құттықтап жатты. Халық Ұлттық егемендік тойын тойлауда. Қауымдастық мүшелері өз шаруасымен әлек болды. Аруақтылардың киелі ордасына «қара құлып» салынды.

20.12. Қауымдастықтың бірінші Құрылтайының өткеніне бір жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына бір жыл толды.

23.12. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов қауымдастықтың құрылғанына арнап «Таң» телеарнасынан сөз сөйледі.

1992 жылдың жыл ақырына дейін қауымдастықтың мүшелігіне өткендер саны бір мыңнан асты. 16 облыстық және Алматы қалалық қауымдастықтың филиалдары құрылды. Қауымдастықтың емшілер мектебінен 700-ден астам халық емшілері өз білімдерін жетілдіріп, дипломдарын алды. Қауымдастықтың мүшелері үшін қуаныш пен қайғысы ортақ жыл осы 1992 жыл болды.

 

 

 

1993 жыл

 

23.01. Қауымдастықтың кезектен тыс III Құрылтайы өтті. 17 облыс пен Алматы қаласынан 236 емші қатысты. Қауымдастықтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қауымдастықтың қызметі емшілік емес, бұдан былай рухани-ағарту мен денсаулықты сауықтыру болып өзгертілді. Емшілікке куәлік беруден қауымдастық құқығын тоқтатты.

19.03. Қауымдастық ҚР Әділет минитрлігінен қайта тіркеуден өтті. Өзгертілген Жарғысы тіркеліп, бұрынғы тіркеу куәлігі нөмірі (№ 0080) берілді.

27.03. Қауымдастықтың уақтылы қызметі тоқтап тұрған 16 облыстық және Алматы қалалық филиалдарын өздері тіркелген облыстық және қалалық Әділет басқармаларынан қайта тіркету үшін қауымдастық президенті З. Қожалымов іссапарға шықты.

Іссапары Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Арқалық, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды және Жезқазған қалаларында болып, филиалдарды түгелдей Әділет басқармаларынан қайта тіркетті. Іссапар 29 сәуірде аяқталды.   

10.05. З. Қожалымов Талдықорған, Семей қалаларында болып, филиалдарды қайта тіркетті.

15.05. Қауымдастықтың барлық филиалдары толық қайта тіркеуден өтті. Жағдай ауыр. Мүшелердің көбі үрейден арылмаған. Бұл халық емін өз басы пайдасына пайдаланғандардың әрекетінен туып еді.

16.05. З. Қожалымов Қызылорда облысының Қазалы ауданы орталығындағы Жанқожа батыр кесенесіне келіп, рухына арнап дұға оқып, емшілермен кездесті.

17.05. З. Қожалымов Байқоңыр қаласына келіп, халыққа қайырымдылық емін жасады. Теледидардан қауымдастықтың қызметі туралы сөз сөйлеп, телесеансын берді.

20.05. З. Қожалымов Ақтөбе қаласына келіп, филиал емшілерімен жиналыс өткізді. Оқып жатқан отыздай емшіге дәріс өткізіп, емтихан алды. Мүшелік куәліктері мен дипломдарын табыс етті. Теледидардан сөз сөйлеп, өзінің телесеансын жүргізді. Радиоторабынан сөйледі.

25.05. З. Қожалымов Шымкентте болып, филиал жұмысымен танысты.

26-31.06. Т.Бекенов Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік қазақстанда болып, филиал жұмыстарына көмектесті.

22.07. Алматы қалалық әкімшілігі қауымдастықтың болашқтағы «Діни-ағарту және денсаулық» орталығы үшін, өзінің № 303 шешімімен Алматы іргесіндегі «Таугүл» совхозынан 0,45 га жер алаңына құжатын берді.

01.09. Жыл басынан бері 152 адам мүшелікке өтті. 105 емші білімін жетілдіріп, дипломдарын алды.

30.09. Алматыдан Қырымдағы (Украина) Гурзув қаласына бүкіләлемдік «Дәстүрлі емес медицинаның» I конгресіне қатысу үшін, қауымдастық президенті З. Қожалымов, емшілер Алтын Сабыралиева мен Майра Тіленбекова (Қарағанды) ұшақпен жолсапарына шықты. Қазақстаннан 30 емші-дәрігер т.б. мамандар барды. З. Қожалымов: «Роль творческого насделия казахской народной медицины в естественном целительстве» атты тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Бұл баяндама конгресс материалдары жинағында жарық көрді. Сонымен қатар емдік сеанстарын өткізді.

23.10. З. Қожалымов Қарағанды қаласында болып, филиал емшілерінің жиналысына қатысып, сөз сөйледі. Нариман Кенжебеков жұмыстағы салғырттығы мен жауапсыздығы үшін Қарағанды облыстық филиалы директоры қызметінен босатылды. Директорлыққа Майра Тіленбекова сайланды.

08.11. Қауымдастықтың Семей облыстық филиалының жиналысына З. Қожалымов қатысты.

12.11. Қауымдастықтың Талдықорған облыстық филиалының жиналысына З. Қожалымов қатысты.

20.12. Қауымдастықтың I Құрылтайына 2 жыл толды.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына 2 жыл толды.

Қауымдастық пен мүшелері үшін 1993 жыл ұйымдастыру мен қайта қалпына келу жылы болды.

 

1994 жыл

 

19.01. Қауымдастықтың кезектен тыс IV Құрылтайы өтті. Республиканың Жоғары Кеңесіне қауымдастықтан депутаттыққа кандидаттар ұсынылды. Кандидаттыққа 5 адам ұсынылды. Олар: З. Қожалымов, Б. Айнабеков, Алтын Сабыралиева, Майра Тіленбекова және Мая Қарамаева.

11.02. Бүгін – оразаның бірінші күні. Теледидардан қауымдастықтың сайлау жөніндегі өздерінің депутаттықа кандидаттарының бағдарламасымен З. Қожалымов таныстырды. Халықты оразасымен құттықтады.

28.02. Радиоторабынан З. Қожалымов тағы да сайлау жөнінде сөйледі.

25.03. Қауымдастықтың бір жылдық жұмысы туралы барлық филиал директорлары мен қауымдастықтың Төралқасының бас қосқан жиналысы өтті.  Осы күні қауымдастықтың қызметіне қарсы топ өзінің пиғылдарын ашық көрсетіп, шабуылға шықты. Заңды аттап кетті. Ақыры осы отырыс соңында олар (Күлтай Әлиева бастап, Алтын Сабыралиева, Мая Қарамаева, Күнқияш Есеновалар қоштаған) өздерінің арамниетті келіспеушіліктерін білдірді. Бірақ ойлары орындалмады.

04.06. З. Қожалымов арнайы шақырумен Оңтүстік Қазақстан облысының Киров, одан соң Жетісай ауданына барды. Іссапары 16.06. айда аяқталды. Халыққа тегін ем жүргізіп, қауымдастықтың қызметін таныстырды. Ризашылығын айтты.

28.06. Түркістан қаласында қауымдастықтың кезектен тыс V Құрылтайы өтті. 200-дей емшілер қатысты. Қасиетті жерлерді аралады. Қауымдастықтың құрамынан төрт аймақтық Батыс, Шығыс, Орталық, Солтүстік қауымдастық құру туралы қаулысы қабылданды.

04.07. З. Қожалымов Жамбыл облысының Байзақ ауданына келді. Халыққа имандылық тәрбиесі жөнінде әңгімелер айтып өзінің қайырымдылық емін өткізді.

11.07. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова екеуі Жамбыл облысының Жамбыл ауданы орталығы Асаға келіп, халыққа емдік сеанстар жүргізді.

20.07. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова және Т. Бекенов үшеуі арнайы шақырумен Жезқазғанға, одан соң Ұлытау ауданы орталығына келді. Емдік қызметтерін 25 шілдеге дейін халыққа жалғастырды.

26.07. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова екеуі Жезді ауданы орталығына келіп, одан ары халқына қызметтерін арнады.

13.08. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова екеуі тағы да арнайы шақырумен Жамбыл қаласына келіп, қайырымдылық емдік-сауықтыру қызмет-терін 17 тамызға дейін жалғастырды.

21.08. З. Қожалымов жұмыс бабымен Ақмолада.

28.08. З. Қожалымов жұмыс бабында Көкшетауда. Теледидардан сөз сөйледі.

16.09. З. Қожалымов қауымдастық қызметіне байланысты Петропавл қаласында болды. Теледидардан және радиоторабынан сөз сөйледі.

24.09. Қауымдастықтың қызметі туралы З. Қожалымовтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде сұхбаты шықты.

15.11. ҚР Әділет министрлігіне Жетісу (Н.В.Кречина), Орталық (М.Тіленбекова), Батыс (Б. Дәрішева) және Солтүстік (М. Добалова) аймақтық ассоциациялардың құжаттарын тіркеуге алуға тапсырылды.

20.12. Қауымдастықтың I Құрылтайы өткеніне 3 жыл.

21.12. З. Қожалымов қауымдастықтың құрылғанына 3 жылдығына арнап Алматы қалалық теледидарынан сөз сөйледі.

22.12. Қауымдастыққа 3 жыл толды. Әнші, термеші, ақын Аяз Бетбаев (Шу) қауымның үш жылдығымен құттықтап, ықыласты жырын арнады.

29.12. Төрт аймақтық қауымдастықтар ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. № 0481 (Жетісу), № 0483 (Орталық), № 0484 (Батыс) және № 0485 (Солтүстік) куәліктерін алды.

1994 жыл қауымдастыққа және оның жеке мүшелеріне табысты жыл болды.

 

1995 жыл

 

11.01. З. Қожалымовтың «Жетісу» газетінде: «Халық емі – халқымның құдіреті» атты мақаласы шықты.

22.01. Қауымдастықтың заңды тіркелгеніне 3 жыл толды.

28.01. Қауымдастық президенті З. Қожалымов Қарағандыға келіп, филиал мүшелерінің жиналысына қатысты.

16.02. Қазақ радиосы торабынан З. Қожалымов өзінің «Халық емі құдіреті» тақырыбында кезекті № 07 сұхбатын баяндады.

11.03. З. Қожалымовтың «Заң» газетіне «Жалған әулиелер жарға жықпасын» атты мақаласы шықты.

23.03. З. Қожалымовтың қазақ радиосы торабынан кезекті № 11 сұхбаты бірілді.

27.04. Қазақ радиоторабынан З. Қожалымовтың «Дертке дауа – жанға шипа» кезекті № 16 сабағы берілді.

18.05. З. Қожалымовтың Қазақ радиосынан № 19 сабағы берілді.

26.06. З. Қожалымовтың Қазақ радиосынан кезекті № 26 сабағы берілді.

18.08. З. Қожалымовтың «Асылдың тұяғы» атты радио-әңгімесі берілді. «Тағдырдың тәлкек заман-ай» толғауын Ләззат Зяданқызы орындады. Адам тағдыры туралы.

30.09. Бүгін қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне 4 жыл толды.

12.12. «Азаттық» радиосынан З. Қожалымов қауымдастықтың 4 жылдығына арнап сөз сөйлеп, мүшелерін құттықтады.

18.12. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Шырмауықтың торынан шыққан қауым» атты мақаласы шықты.

22.12. Қауымдастыққа 4 жыл.

Қазақстанның «Халықаралық радиоарнасы» З. Қожалымовтың қауымдастыққа 4 жыл толуына арнаған сөзін эфирден берді.

1995 жыл – жақсы жыл, эфирден жиі шыққан жыл болды. Ойымызды баспасөзде жазып та, халыққа эфирден сөйлеп те жеткіздік.

 

 

 

1996 жыл

 

06.01. З. Қожалымовтың «Жалған әулиелер жарға жықпасын» атты мақаласы тағы да «Орталық Қазақстан» газетіне шықты.

19.01. З. Қожалымов қауымдастықтың жұмысы туралы Алматы және Алматы облысы теледидарынан сөйледі.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігіне тіркелгеніне – 4 жыл.

06.02. «Жерұйық» газеті З. Қожалымовтың «Жалған әулиелер жарға жықпасын» мақаласын басып шығарды (Талдықорған).    

21.02. З. Қожалымовтың «Ақылдан кенде емеспіз, ешкімнен кем де емеспіз» атты мақаласы «Торғай таңы» газетінде жарияланды.

19.05. «Азаттық» радиосынан З. Қожалымовтың қауымдастық туралы сөзін берді.

20.06. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Шипагер ғұламаның ғибратты мұрасы» атты мақаласы шықты. Бұл шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты кітабы туралы («Жалын», 1996).

29.06. Қазақ радиосы «Жастар» редакциясы З. Қожалымовтың 45 минуттық шығармашылық туындыларынан хабар таратты.

04.07. З. Қожалымовтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде «Асқақтасаң бір күні асыларсың» атты мақаласы жарық көрді.

24.07. «Заң» газетіне З. Қожалымовтың «Алла тағаланы ойыншық еткісі келген оңбайды» атты мақаласы жарық көрді.

31.07. «Алматы ақшамы» газетінде З. Қожалымовтың «Жасанды ақыл-гөйліктен сақтасын» атты мақаласы басылды.

27.09. Қауымдастық ҚР Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өтті. № 1639-1900-00 тіркеу куәлігін берді. Енді барлық филиалдарды қайтадан тіркету керек.

10.10. Қауымдастықтың жаңа Жарғысы, куәлігі, ережесі, көшірмелері барлық филиалдарға қайтадан тіркеуден өтуге жіберілді.

08.11. З. Қожалымов телефон арқылы Батыс Қазақстан (Б.Дәрішева), Ақтөбе (Қ. Құттыбаева), Жезқазған (Б. Өмірбекова), Солтүстік Қазақстан (М. Добалов) филиалдары директорларымен филиалды қайта тіркетуді тездету туралы сөйлесті.

15.11. Халықаралық «Шалқар» газетіне З. Қожалымовтың «Шипагерлік баян» атты мақаласы шықты.

28.11. З. Қожалымов Қазақстан Журналистер одағы мүшелігіне қабылданды.  Куәлік № 2475.

10.12. «Шалқар» редакциясы эфирден З. Қожалымовтың «Рухани-тәрбие» жөніндегі сөзін берді.

18.12. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Киелі рухты – қайырымды орда» атты мақаласы шықты. Мақала қауымның 5 жылдығына арналған.

19.12. «Азаттық» радиосынан З. Қожалымов қауымның бес жылдығына арнап құттықтау сөзін сөйледі.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына 5 жыл толды.

23.12. «Семей таңы» газеті З. Қожалымовтың «Имандылық таразысы» атты мақаласын жариялады (29.10.1996).

***

1996 жыл шығармашылық, еркін демократиялық, өзара түсіністік жылы болды.

 

1997 жыл

 

20.01. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Тиіспеңдер Төле би аруағына» атты мақаласы жарық көрді.

22.01. Қауымдастықтың тіркелгеніне – 5 жыл.

29.01. «Заң» газетіне З. Қожалымовтың «Аруаққа тіл тигізу азғындық емес пе?» атты мақаласы шықты.

27.02. З. Қожалымов филиалды қайта тіркету үшін Жезқазғанға келді. З. Қожалымов Қарағандыда 29.02., Көкшетауда 01.03., Петропавлда 04.03., Ақмолада 06.03., Арқалықта 08.03., Талдықорған 18.03. іссапармен болды.

16.04. «Ақ босаға» газетіне З. Қожалымовтың «Әулиемін деп жүрген әуейі әйелдер» атты мақаласы жарық көрді.

17.04. З. Қожалымов Қазақ радиосының «Жастар» бағдарламасынан қауымдастық жұмысына байланысты болып қайтқан облыстардағы филиалдардың жұмысы туралы сөз сөйледі.

25.04. З. Қожалымов Қызылорда облыстық филиалын қайта тіркету үшін Қызылордаға келді. Филиал қайта тіркелді. Мүшелермен жиналыс өткізді.

11.05. «Көкшетау» газеті (20.03.1997) З. Қожалымовтың «Рухани санамыз азбасын» атты мақаласын жариялады.

20.06. З. Қожалымов филиалдар басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Жалпы жағдайларын, қайта тіркелу барысын сұрады. Қосымша тапсырмалар берді.

23.07. «Хабар» телеарнасынан «Діни таным» жөнінде З. Қожалымов тікелей эфирден сөйледі. «Жетісу» газетіне З. Қожалымовтың «Шапағатын әлемге шашқан шипагер» атты мақаласы шықты.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне – 6 жыл.

03.12. «Солтүстік Қазақстан» газетіне З. Қожалымовтың «Бөлінгенді бөрі жейді» атты мақаласы шықты.

20.12. Қауымдастықтың бірінші Құрылтайы өткеніне  – 6 жыл.

22.12. Қауымдастыққа – 6 жыл.

***

1997 жыл қауымдастық үшін үгіт-насихат, діни рухани тәрбие жылы болды.

 

1998 жыл

 

08.01. Қазақ радиосының «Алтын қорына» З. Қожалымовтың «Толғау, терме, әндері» қойылды. 45 минуттық. «Мирас» қоры. Д I52858. Жауапты авторы: Төлеу Қосанов.

14.01. Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасынан «Рухани тәрбие және ұлттар тарихы» жөнінде З. Қожалымов сөз сөйледі. Сұхбатты журналист Үмбет Әбназаров жүргізді.

22.01. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының заңды тіркелгеніне – 6 жыл.

20.03. Семейдің «Сары Арқа» газетіне З. Қожалымовтың «Бес ғасыр өткен соң» атты мақаласы шықты (№ 6).

28.03. Қазақ радиосынан «Имандылық және жастар» тақырыбында З. Қожалымов сөйледі. Сұхбатты журналист Бақыт Досымов (марқұм) жүргізді.

20.04. З. Қожалымов Қазақ радиосы арқылы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегіне ғылыми талдау жасап, халыққа таныстырды. Сұхбатқа 30 минут берілді. Сұхбаттасқан журналист Ажар Әбекова.

28.04. «Қазақстан-1» телеарнасынан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы туралы сөз сөйледі. Сұхбаттасқан журналист Ұлбосын Айтөленова.

04.05. «Шалқар» радиоторабы З. Қожалымовтың Ө. Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабына арнаған сөзінің 2-хабарын берді. Сұхбаттасқан: журналист Ажар Әбекова.

16.06. Атыраудағы әкімшілік мен Марат Есенбаев тобы (Сары әулие) арасындағы тартысты қауымдастықтың басшылары тоқтатқандығына – 6 жыл толды.

22.06. Ассоциацияның Атырау облыстық филиалының құрылғанына – 6 жыл.

17.07. «Алатау» теледидары журналист Құдайберген Қазыбеков «Ислам» бағдарламасы бойынша З. Қожалымовпен сұхбат жүргізді.

07.08. «Алатау» телеарнасы «Ислам мәдениеті» бағдарламасы бойынша З. Қожалымовтың «Емшілік және имандылық» сұхбатын берді.

22.08. З. Қожалымов өзінің ғарыш, табиғат және адам құпиясы туралы жазып жатқан кітабын «Мәңгілік құпия шежіресі» деп атады.

26.08. «Хабар» телеарнасының «Майдан» бағдарламасынан тікелей эфирде «Діни таным» хабарында З. Қожалымов сөз сөйлеп, пікір алысты.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне 7 жыл толды.

23.10. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы мен наиб-мүфтиі Асылхан қажымен кездесіп, қауымдастықтың рухани-ағарту жұмысы жөнінде пікір алысты.

28.10. «Заң» газетінде З. Қожалымовтың «Жұлдызы қайта жанған «Шипагерлік баян»» атты мақаласы шықты.

02.11. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясына З. Қожалымов: «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы», «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы», «Халық емшілігі» атты ғылыми-танымдық мақалаларын тапсырды.

10.11. «Қазақстан-1» телеарнасының «Шапағат» бағдарламасында З. Қожалымов Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабы жөнінде сөз сөйледі. Сұхбатты журналист Ұлбосын Айтөленова жүргізді.

20.11. Алматы облыстық әкімшілігінің ұйымдастыруымен XV ғасырдың ғұлама ғалымы, ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабына арналған республикалық ғылыми конференция өткізді. Ғылыми конференцияда З. Қожалымов «Шипагерлік баянның ғылымдағы ерекшелігі мен діни, рухани тәрбиелік орны» деген тақырыпта баяндама жасады.

26.11. ҚазМҰУ-де халықаралық «Этнопсихологтар мен этнопедгогтардың» конференциясында З. Қожалымов «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баянының әлемдік ғылымда алатын орны» деген тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Баяндама жинаққа шықты. Алматы, «Эверо», 1998, 159-162 беттер.

28.11. «Егемен Қазақстан» газетінде «Шипагерлік баянға» арналған конференция туралы тілші Саясат Бейісбаевтың мақаласы шықты.

19.12. «Шалқар» редакциясы бағдарламасынан қауымдастықтың құрылғанына 7 жыл толуына арнап қауымның президенті З. Қожалымов сөз сөйледі.

22.12. 1. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 7 жыл толды.

2. «Жетісу» газетіне З.Қожалымовтың: «Шипагерлік баян құпиясы енді ашылмақ» атты мақаласы шықты.

3. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың қауымдастықтың құрылған күніне байланысты «Қанаты қатайған қауым» атты мақаласы шықты.

23.12. Қауымдастықтың хаты бойынша Алматы қаласы, Бостандық ауданы салық комитетінің инспекторлары Ерасыл Абылқасымов басқаратын «Халықтық емдеу орталығының» салыққа есеп беру қызметін тексеруін бастады.

27.12. Қазақ радиосынан қауымдастықтың құрылғанына 7 жыл толуына арнап З. Қожалымов сөз сөйледі.

28.12. «Азаттық» радиосынан (Прага) Ө.Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты еңбегі туралы З. Қожалымов сөз сөйледі. Сұхбатты радионың Алматы бөлімінің бастығы, журналист Саясат Бейісбай жүргізді.

29.12. «Қазақ үні» газетіне З. Қожалымовтың «Ғұлама шипагердің ғибраты» атты мақаласы шықты.

30.12. Ерасыл Абылқасымов басқаратын «Халықтық емдеу орталығының» («Шығыс халықтары емдеу тәсілі ғылыми орталығы» жанама аты) өз кірісінен мемлекет бюджетіне 1997-1998 жылдары төлемеген салығы мөлшері 26 495 170 мың (жиырма алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың 170 теңге) теңге болғанын қауымдастыққа Бостандық аудандық салық комитеті мен Алматы қалалық комитеті атынан хабарлады. Е. Абылқасымов мырза тексеру актісіне қолын қойды.

***

1998 жыл қауымдастыққа қызметінде және жеке мүшелерінде табысты жыл болды. Ең жоғары көрсеткіш өмірлік қарсыласының өз сөзінен өзі жаңылып, тексеру орнының торына ілінуі болды.

 

1999 жыл

 

12.01. Алматы қалалық салық комиетінен қауымдастыққа хат келді. Онда Бостандық аудандық салық комитетінің мамандарының 31.12.1998 жылғы тексеруінің қортындысы бойынша, Ерасыл Абылқасымовтың «Халық медицинасы орталығының» кірісінен мемлекет қаражатына төлемеген салығының мөлшері 26 495 170 мың теңге болды (хат № 081-6-2/10160, 31.12.1998). 

«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген халық даналығына бас идік.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 7 жыл толды.

23.01. Қауымдастықтың атына Е.Абылқасымовтың орталығын тексертуге нұсқау берілгені туралы Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК-нен хат келді (№ 5, 1534.9.XII.1998 ).

28.01. Тағы да Алматы қалалық салық комитетінен хат келді (№ 38-6-2/674. 28.01.1999. Е.Абылқасымов орталығы туралы).

18.02. Бостандық аудандық салық комитеті басшысы Е.Абылқасымовтың мемлекет қаражатына төлемеген салығы 26 495 170 мың екен З.Қожалымовқа айтып тексерудің дұрыстығын түсіндірді.

22.02. Бостандық аудандық салық комитетінен қауымдастыққа Е.Абылқасымовтың орталығының салықты жасырып төлемей келгені (№3-8/1796. Санды 22.02.1999) туралы хат келді.

13.03.1. «Қылмыс пен жаза» - «Преступление и наказание» газетіне (№ 7-8 саны 13.03.1999) З.Қожалымовтың салық орындарының хаттары негізінде (Алматы қаласы мен Бостандық аудандық) «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген» атты мақаласы шықты (Е.Абылқасымовтың төлемеген салығы 26 495 170 мың болғаны туралы).

2. «Жетісу», «Түркістан» газеттерінде «Пархат ата» деген жалған «емшісымақты» Құдайға теңегеніне қарсы, З.Қожалымовтың «Құдайсызға Құдайдың жазасы бар» атты мақаласы шықты (№29-30. 13.03.1999).

08.04. ҚР Кіріс министрлігінің орынбасары, вице-министр Б.Тәжияқовтан қауымдастықтың президенті атына хат келді (№ ДНП-4-22/1527 нөмірлі, 29 март 1999). Онда Е.Абылқасымовтың «Халықтық емдеу орталығының» төлемеген салығы (1997-1998 жылдар үшін) 26 495 170 мың болғанын растап, оны мемлекет қаражатына төлететіні туралы өзіне бағынышты Алматы қалалық салық басқармасына тапсырылғанын және Е.Абылқасымовтың орталығының салық төлеуінің заңдылығын 1992 жылдан бастап қайта тексеруге нұсқау бергендігін, бұл тексеру қатал бақылауға алынғанын сендіре хабарлады.

27.04. «Ақиқат» журналына З.Қожалымовтың «Қолыңда Құраны, аузында иманы» атты мақаласы шықты (№4, 1999, 24-27 беттер).

29.04. Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Салық полициясының Алматы қаласы бойынша Бас басқармасынан қауымдастыққа хат келді (№3-3-2-9/4638. 23.04.1999). Е.Абылқасымовтың орталығының салығы туралы.

15.05. Қауымдастықтың филиалдарының директорларына қауымдастық президенті хат жолдады. Онда Е.Абылқасымовтың орталығының салық жүйесіндегі қылмыстарын хабарлады. Мүшелерді адалдыққа баулуға нұсқау берді.

04.06. Алматы қаласы бойынша салық полициясының Бас басқармасынан қауымдастықтың президенті атына хат келді (№4-3-1-8/6536 нөмірлі, 04.06.1999). Хатта Е.Абылқасымовтың «Халықтық емдеу орталығының» мемлекет қаражатына төлемей жасырып келген 26 495 170 мың теңгені үш салалық жүйенің салығы екенін, оны бақылауға алатынын одан ары бұл ҚР Президентінің 1995 ж. 24 сәуіріндегі № 2235 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығының 41 тарауының 154 бабына сәйкес есептелген салық мемлкет алдындағы борышы болып есептеледі. Салық төлеуші есептелген салық сомасын (айыпақы мен өсімді) уақытыңда төлемесе, салық органдардан міндетті түрде өсіріп алынады» деген жауап келді.

16.08. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясына З.Қожалымов өзінің «Жауырыншы», «Жұлдызшы», «Бал ашу» атты мақалаларын тапсырды.

30.09-05.11. аралығында қауымдастықтың президенті З.Қожалымов «Астана-Ақтау-Мекке-Мәдина-Ақтау-Астана» халықаралық этноархеологиялық экспедициясы құрамында болды. Жаяулай 5000 шақырымдық сапар Түркімен шекарасынан аяқталды (Шешен соғысына байланысты). Бірақ, З. Қожалымов қауымдастық жұмысын Манғыстау облысы елді мекендерінде, Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы халыққа таныстырды. Теледидар мен радиоторабынан қауым жұмысы жөнінде имандылық бірлік туралы сөз сөйледі. Жергілікті басқару органдары мен халық рахметін білдірді.

З. Қожалымов экспедицияның «штабын» басқарды. Жаңаөзен қаласы әкімшілігімен келісіп, экспедицияның жолсапарына аттандырудың бағдарламасын жасап, оған арнайы шешім шығартты. Қасиетті жерлерде (Бекет ата, Шопан ата т.б.) болды. З. Қожалымов өзінің «Иманым-ай» әнін сазымен шығарды. бұл ән Ақтау радиосынан орындалды.

12.12. «Сөздік-Словарь» баспасы З.Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегін қарап шығып, компьютерлік теруге жіберді.

20.12. Қауымдастықтың бірінші Құрылтайы өткеніне – 8 жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 8 жыл толды.

***

1999 жыл қауым мүшелері үшін табысты әрі көңілді жыл болды. Қауымдастықтың қарсыластарымен шындық жолында тайталасқан табандылық жылы болды.

 

2000 жыл

 

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 7 жыл толды.

19.02. «Алматы ақшамы» газетіне З.Қожалымовтың «Қажылықты саудаға салмайық» атты мақаласы шықты (18.02.2000, №21).

04.04. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясына З. Қожалымов өзінің «Бұлау» атты мақаласын тапсырды.

18.04. Қауымдастық президенті З.Қожалымовқа ұлы ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «аян» бергеніне – 2 жыл.

20.04. Алматы облыстық мұғалімдердің білімін дамыту институтында ғұлама, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты кітабына арналған ғылыми конференция болды. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов ««Шипагерлік баян» кітабындағы діни, құқықтық, этнографиялық және астрономиялық мәселелер» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндама ғылыми конференцияның жинағына шықты.

28.04. ҚазММУ-де ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты еңбегіне арналған Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерінің және қоғамдық бірлестіктердің зерттеуші ғалымдарымен «Дөңгелек үстел» сұхбаты өткізілді. «Дөңгелек үстел» сұхбатын ҚазММУ-нің ректоры, м.ғ.д., профессор Талғат Момынов мырза басқарып жүргізіп отырды. Ғалымдар ғұлама еңбегіне өз бағаларын берді. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов шипагер ғалымның еңбегінің баға жетпес құндылығына тоқталды.

«Дөңгелек үстел» соңында республикалық «Өтейбойдақ қорын» құру туралы қаулы қабылданды. Қорды құрушылар құрамы бекітілді. Басшы органы сайланды. З. Қожалымов қордың атқарушы директоры болып сайланды.

16.05. Қауымдастықтың директорларымен З. Қожалымов телефон арқылы сөйлесіп, жалпы жағдайларын білді. Арнайы тапсырмалар берді.

25.06. ҚазМҰУ-нің «Этнопсихология және этнопедагогика» кафедрасы ғылыми кеңесі З. Қожалымовтың психология ғылымдарының кандидаттық дәрежесін алу үшін (19.00.01 мамандығы бойынша жалпы психология және психология тарихы) қорғалатын «Ортағасырлық ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) психологиялық идеялары» атты диссертациясының тақырыбын бекітті.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі комитетке  – 9 жыл.

16.11. «Сөздік-Словарь» баспасына З. Қожалымов «Намаз – дініміздің діңгегі» атты (60 бет) еңбегін тапсырды.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 9 жыл.

23.12. «Тоғанай Т» баспасы З. Қожалымовтың «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән, толғау және терме жинағын баспаға жіберді.

***

XX ғасыр қауымдастық үшін ауыр болғанымен соңында жақсылық сыйлады. Табысы да, абыройы да аз болмады. Жаңа XXI ғасырға қауымдастық өз жақсылығымен қадам басты. Халық сеніміне бөленді.

 

XXI ғасыр – 2001 жыл

 

22.01. Қауымдастықтың заңды тіркелгеніне – 9 жыл.

05.02. З.Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабын «Сөздік-Словарь» баспасы басуға жіберді.

15.02. ҚР ІІМ баспаханасынан З.Қожалымовтың «Көк тәңірі жүр жебеп» атты кітапшасының алғашқы даналары шықты.

19.02. «Қазақ энциклопедиясына» З. Қожалымов «Емшілік» атты мақаласын тапсырды.

13.03. Қауымдастықтың президенті облыстардағы филиалдардың директорларымен телефон арқылы сөйлесіп, қауымдастықтың 10 жылдығын атап өту туралы кеңесті. Бәрі қуаттады.

12-29.06. аралығында қауымдастықтың президенті З. Қожалымов облыстық филиалдарды аралауға шықты. Ақтөбе, Орал, Ақсай (БҚО), Атырау, Қызылорда, Шымкент қалаларында болып, филиалдардың жиналысын өткізді. Қауымдастықтың 10 жылдығын атап өтуге нақты келісті.

03-06.07. аралығында З. Қожалымов Таразда болды.

08-23.07. аралығында З. Қожалымов Жезқазған-Қарағанды-Астана-Шортан-Көкшетау-Петропавл қалаларында орналасқан қауымдастықтың филиалдарын тексеру үшін іссапарда болды. Іссапар қауымдастықтың 10 жылдығына арналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерімен сұхбаттасты.

08.08. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов қауымдастықтың құрылғанына 10 жыл толуына арналған өзінің «Шапағатты рух ордасы» атты кітабын жазуды бастады.

21.08. З. Қожалымов «Сөздік-Словарь» баспасынан шығатын өзінің «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабына баспадан шығаруға келісім-шартқа қол қойды.

04.09. Қауымдастық президенті З.Қожалымов «Шапағатты рух ордасы» атты кітап-альбомының алғашқы тарауларын компьютерге теруге берді.

22.09. З.Қожалымов өзінің «Шапағатты рух ордасы» атты еңбегін толық жазып бітті.

26.09. З. Қожалымов «Шапағатты рух ордасы» атты еңбегін баспаға толық дайындады.

28.09. З.Қожалымов «Шапағатты рух ордасы» атты еңбегін баспаға тапсыруға келісті.

30.09. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру үшін жиналған ұйымдастыру комитетіне 10 жыл толды.

20.12. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының І-Құрылтайының өткеніне 10 жыл толды.

Қазіргі таңда қауымдастықтың республикады 11 облыстық және 6 қалалық филиалдары заңды тұлға ретінде қызметтерін жалғастыруда.

22.12. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толды. Құрылтай жиналысы «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында» (Жамбыл к-сі, 25) 250-ден аса Құрылтай делегаттарының және ғалымдар мен бұқаралық құралдарының өкілдерінің қатысуымен аталып өтілді. Қар қалың, қыс суық болатын. Алланың құдіреті ме түніменен нөсерлеп жауын жауды. Бірақ жердің тайғанағына қарамастан адамдардың көңіл күйлері өте көтеріңкі болды. Себебі, осы бір қиын заманда қауымдастық өзінің облыстық бөлімшелерімен және жеке мүшелерінен қатынасын азайтқан еді. Күтпеген жерден он жылдықтың аталып өтуі қауымдастықтың емші-мүшелерін ұйқысынан шошытып оятқандай етіп, жаңа қуанышқа бөледі. Біраз жылдар бірін-бірі көрмеген емшілердің қуанышпен құшақтасып көріскені әлі көз алдымнан кетпейді. Осынан кейін қауымдастықтың жұмысы алға баса бастады. 

Қауымдастықтың құрылғанына 10 жыл толуына арналған торқалы тойы құтты болсын. Алла тағаланың шапағатты нұры жаусын.

Қауымдастықтың 10 жылдық торқалы мерекесіне тарту ретінде З. Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты монографиялық еңбегі мен қауымдастықтың он жылдығына арналған «Шапағатты рух ордасы» атты кітап-альбомы баспадан шықты.  

 

 

 

2002 жыл

 

17.01. Алматы қалалық ақпарат және келісім басқармасына қауымдастықтың президенті З. Қожалымов барып, өзі жаңадан шығаратын «Шипагерлік баян»  атты газетінің құжаттарын тапсырды.

19.01. Шымкент қаласынан шығатын «Дауа» газетіне ҚХЕҚ-ның 10 жылдығына арналған кезекті VII-Құрылтай материалы шықты.

22.01. ҚХЕҚ-ның ҚР Әділет министрлігіне тіркелгеніне 10 жыл.

22.01. «Тамаша» газетіне З. Қожалымов туралы жазды.

23.01. Қауымдастықтың кезектен тыс ІІІ-Съездіне 9 жыл. Қауымдастықты сақтап қалу Құрылтайы.

31.01. «Дауа» газеті З. Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабын таныстырып, оның ішінен «Алақан саусақ сызықтары құпиясы» атты мақаласын жариялады.

17-20.02. З.Қожалымов Өскемен қаласында іссапармен болып, облыстық Әкімшіліктің ғимаратының жиналыс залында конференция өткізіп (17.02.), қалған күндері халықпен кездесіп әр түрлі мәселелерді шешті.

25.02. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов Талдықорған қаласында болып, Талдықорған бөлімшесінің жиналысына қатысты.

27.02. Қауымдастықтың жаңа газеті «Шипагерлік баян» ҚР Мәдениет, ақпарат және келісім министрлігінің рұқсат куәлігін № 2667-Г берді.

28.02. «Хабар-2» телеарнасынан сағат 22:00 қауымдастықтың президенті З. Қожалымов сөз сөйледі.

01.03. «Қазақстан-1» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасынан қауымдастық президенті З. Қожалымов хабарға қатысты. Хабарда журналистер Тыныс Өтебаев пен Бақытжамал Ерманованың сұрауына орай «Құдірет» атты әнінің бір шумағын орындап та берді.

17.03. «Шипагерлік баян» газетін шығару жөнінде қауымдастық президенті З. Қожалымов Бас редакторлыққа Әнуар Тарақовты, орынбасар-хатшылыққа Жексен Алпартегін және ғылыми кеңесшілікке м.ғ.к., доцент Тұрсын Бекеновты, суретшілікке Қ. Сәркеевті шақырып жиналыс өткізді.

26.03. Қауымдастықтан Байқоңырдан филиал ашу құжаттары Жалмаханова Сағираға жіберілді. 

03.04. Сағат 10:00 Жанболат: «Офиске Бостандық ауд. Прокуратурасынан адам келді», – деп З. Қожалымовқа хабарлады. Комиссияда «Халықтық емдеу Орталығынан» Тамара Хамитова, Тоқтарбек Төреқұлов бар екен. Және бір әйел жандайшаптап жүр. /Оны Жанболат емші Құдиярова деді/. Мен оларға: «Сендерге не керек? Кім мына кабинетке кіргізген? Ал, мына басқа ұйымның емшілері неге прокуратураның тексеру комиссиясына енген?Не қатысы бар? Бұл заңсыз.», – дедім. Сонда олар сасып қалды. Оларға: «Сендер не тексересіңдер? Ал тексеріңдер» – дедім. Прокурор Сағатов Ілияс орысшалап бірдемелерді айтып, бір нәрселерді анықтамақ болғанымен, ештеңе шығара алмады. Амалсыз тез қайтып, сағат 17:00-де келетінін айтты. «Тамара мен Тоқтарбек сізге көмектесеміз», – деді. Е, жауыздар өздерін келіп торыма өзін түстің? Ендігі шабуыл менен болсын?!

Сағат 17:00. Екі прокурор келді. Жақсы әңгімелесті. «Аға өзіңіз мына сұрауларға жауап жазып ертең әкеліп беріңізші», – деп қоштасып кетті.

04.04. З. Қожалымов жазған жауабын Бостандық аудандық прокуратурасына И. Сағатовқа тапсырды. Ол разы болды. Іс аяқталды.

26.04. Шымкенттен Сихымбеков Бөрібай (дәрігер, қауымдастықтың мүшесі) мен көмекшісі екеуі келді. ОҚО филиалына директор болды.

06.05 «Шипагерлік баян» газетінің №1 саны 10 000 данамен баспадан шықты.  

05.06. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Республикалық халық медицинасы Орталығының басшысы Е. Әбілқасымовтың ұйымдастыруымен және осы ұйымның жанынан құрылған «кәсіби халық емшілері қауымдастығының» Төрағасы Ә.Ермановтың ҚХЕҚ-ғын жоюға қарсы әрекетіне арналған кезектен тыс ҚХЕҚ-ның ІІ Съездіне 10 жыл (05.06.1992).

07.06. З. Қожалымовтың «Құдірет» атты әнінің шыққанына және  Қазақ радиосынан берілгеніне 10 жыл.

27.06. З. Қожалымов Үшарал қаласына іссапармен келіп, аудандық Мәдениет үйінде қауымдастық мүшелері, аудандық әкімшілік, мешіт, қоғамдық ұйымдар қызметкерлері мен халық қатысқан жиналыс болды (300-ден астам). Алакөл аудандық әкімінің орынбасары Мейрам Арабаев, ақсақалдар ұйымы төрағасы Әлкен Ақанов қатысты. З. Қожалымов баяндама жасады. Пікір алмасып, жиналыс тартымды өтті.

07.07. Сағат 14:00. Қауымдастықтың Төралқасының жиналысы өтті. XV ғасырдың ғұлама ғалымы, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының туған, әрі жерленген жеріне (Шалкөде-Айғайтас, Нарынқол) құлпытас қою туралы Қаулы қабылданды. 24.07. Алматыдан жолсапарға аттануға шешім қабылданды. Комиссия құрамы бекітілді.

20.07. Өтейбойдақ бабаның құлпытасы дайын болды. Шалкөдеге апарылғаны туралы Абдраев Ахмет хабарлады.

24.07. Сағат 08:30. Алматы қаласынан 3 автобус, 2 газель. 10-нан аса жеңіл машина орнынан жылжып, Нарынқол Шалкөдесінің Айғайтасына Өтейбойдақ бабаның туған жеріне жүріп кетті. Қауымдастықтан сол жерге Әбдірақов Ахмет пен Келдібеков Мұрат жіберілген. Олар киіз үй, палатка, көрпе, жастық, т.б. жеткізіп дайындады.

25.07. Айғайтас етегінде. Төбеге жиналдық. Митингіге Қарасаз ауылдық әкімі Жантелі Мұхи қатысты. Жалпы 200-ден астам адам болды. Талдықорғандық емші Шолпан (Шакизада): «Мен таңға жуық аян алдым. Ер адам даусы. Ризамын халқым. Ризамын саған Зядан...деп үзілді, – деп айтты. Ас беріліп, бабаға арнап Құран оқылды.

03.09. Өтейбойдақ Тілеуқабыұлына құлпытас қойылғаны туралы «Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Жетісу», «Түркістан», «Жас Алаш» газеттеріне журналистердің мақалалары шықты.

06.09. «Ана тілі» газетіне «Айғайтаста Өтейбойдақ бабаға қауымдастық атынан құлпытас қойылды» деген мақала шықты.

 15.10. Денсаулық сақтау министрлігінен З. Қожалымовқа «Кәсіби халық емшісі» куәлігі берілді.

20.10. Атырау облыстық филиалының 10 жылдығына арналған жиналыс басталды. Жиналысты филиал директоры Гүлпара Әбсаттарқызы ашып, қауымдастықтың президенті З. Қожалымов баяндама жасады.

23.10. З. Қожалымов Ақтөбеде. Сағат 14:00-де облыстық кітапхана залында 70-тей адам жиналып, екі телеарнадан журналистер келді. Мұның бәрін филиал директоры болған Айжамал Майкөзова ұйымдастырды.

04.11. З. Қожалымов Талдықорғанда болды. Жергілікті «Арай» телеарнасынан (журналист Жансұлу) халық емшілігі мен Талдықорған облыстық филиалының қызметі туралы сөз сөйледі. Мұны кешкі 20:35-те көрсетті.

06.11. Қасиетті Рамазан айы басталды. Ораза ұстадық.

19.11. Апам Өзипаның қайтыс болғанына 31 жыл (19.11.1971). Иманды болсын.

06.12. Ораза айт құтты болсын!

10.12. З. Қожалымов Жезқазғанда. Қауымдастықтың филиалында жиналыс өткізіп, халықпен кездесті.

22.12. Қауымдастықты құру жөніндегі І-Құрылтайына 11 жыл.

Бүгінде қауымдастықтың 17 филиалы (12 облыстық және 5 қалалық) қызметтерін жалғастыруда.

 

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

в начало