ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ КИЕЛІ ҚАУЫМДАСТЫҚ

ЧЕТВЕРТЬВЕКОВАЯ СВЯТОСТЬ АССОЦИАЦИИ

QUARTER-CENTURY SANCTITY ASSOCIATION

20

  главная                                        вернуться  

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

 

ТЫЛСЫМНЫҢ СЫРЫ – ТІРШІЛІГІМНІҢ ЖЫРЫ

 

Зядан қажы аға, ел ағасының жасына жетуіңізбен құттықтаймыз! Өмірдің айтулы асуына жеткен уағынызда өткен өмір жолыңызға бір оралсаңыз!

     Бисмиллаһир рахманир рахим!

Балалық өмірім өте ауыр болды. Екі жасымда әкеден жетім қалып, бір әулеттің жалғызы болып, ана тәрбиесінде өстім. Ешкімнің әкесін де, көкесін де қызғанбадым. Өз рухымды жоғары ұстап, төрт жағы түгел пендедей өмір кешуге, ізгі мақсатыма жетуге тырыстым.

Марқұм апам Өзипа Сыбанбекқызы еліне сыйлы, ақылды, сабырлы, шыдамды әр нәрсені философиялық талғаммен бағалап шешетін еді, бір рулы елдің үлкен-кішісінің ақыл сұрар «Ақ апасы» ғана емес, басқа да ағайындардың киелі рухты құрметті адамы болатын. Апам болашақты да болжай алатын, кез-келген адамның психологиялық мінез-құлқын, талғамын, келбетін, ішкі ойын және тағдырын бірден білетін. Апамның жалғыз арманы жалғыз ұлының саналы өсуіне, білімді болуына демеуші ғана емес, жолын көрсетер кеңесші болу еді. Менің кішкентай кезден бастап толық білім алғаныма дейін және институтқа оқуға түскен кезімде де апам өзі бақылауынан шет қалдырмады. Жолымды көрсетіп, адалдық, ар тазалығы, кішіпейілділік, сабырлық сақтап, әр нәрсені ақылмен шешуді ұдайы ескертетін-ді. Жалғыз ұлының маман болуын, отбасылы, жас иісті сәбилі болуын армандаған апамның арманы көзі тірісінде орындалды.

Келіні Түймекүлді көргенде: «Арманым орындалды, енді мен Аллаға ризамын», – деді. Тұңғыш немересі Ләззаттың жас иісін искеп рахаттанды. Оны жанындай жақсы көрді. Кейде «Қызымды көп иіскелемеңдер, сендердің ығына көніп кетеді», – деуші еді жарықтық. Кейін маған да апамның осы киелі қасиеті қонды. Оны апам көзі тірі кезінде о дүниеге аттанар алдына сүйікті келіні Түймекүлге: «Жалғызымның жотасы бар, сен ие бол!» – деп аманат етті. Кейін келінінің түсіне еніп: «Баламның басына көп қиыншылық келеді, көре алмаушылық көп болады. Алған бетінен таймасын. Қайда барса да өзі жалғыз барсын. Оны халық қорғайды», – деп аян берді. Бұл аян менің киелілер ұйымы қауымдастығын құрғаннан бері он жылдан астам уақытта бәрі де дәл қайталанды. Мен әруақ аманатына қиянат етпедім. Киелі Орданы құруда қарсы күштер мен қиыншылықтар аз болмады. Бүгінде құрылғанына он үш жыл болған Қазақстан халық емшілері қауымдастығының жақсы жақтарын өз еліміз ғана емес, көптеген әлем елдері біледі. Бұған да тәубе деймін. Адам Алла тағаланың добы сияқты көрінеді маған. Сыналатын кезеңде сол Алланың қолында екеніне бүгінде толық сенемін.

Атқарған қызметтеріңіз туралы айта кетсеңіз? 

– Хан Тәңірінің Текесінің баурайында 1944 жылдың 1-шілдесінде дүниеге келдім. Тауда ойнадым, балалық өмірім биікте өтті. Тау самалының бетімді аймалағаны, тау гүлдерінің иісі мені ұдайы өзіне тартып тұрғандай сезінемін.

Нарынқол ауылының Абай атындағы он бір жылдық орта мектебін 1963 жылы бітірген соң, бірден өмір жолымның екінші кезеңі басталды.

Алғашқыда құрылысшы, сонан кейін Нарынқол ауданы Текес ауылдық Кеңесінің хатшысы болдым. Жоғары білім алу үшін 1964-1969 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығын электрлендіру факультетіне оқуға түсіп, инженер-электрик мамандығы бойынша бітірдім.

Сонымен 1969-1976 жылдары Нарынқол ауданы Карл маркс пен Калинин атындағы шаруашылықта бас маман, 1977-1986 жылдары Нарынқол ауданының электр жүйесінің мекемесі мен «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, 1986-1990 жылдары «Алматыэнергоның» энергетикалық қадағалау мекемесінің инспекторы, кәсіпорынның материалдық-қамтамасыз бөлімінің бастығы, «Қазақэлектромонтаж» тресінде бас прораб, 1990-1991 жылдары «Қазақстан» ассоциациясының бірінші вице-президенті, ал 1991 жылдың желтоқсан айынан бері өзім құрған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті қызметін толық атқарудамын. Қосымша 2000-2001 жылдары ҚазМҰУ-дің «Этнопсихология және этнопедагогика» Орталығында ғылыми хатшы болдым. 2003 жылдың шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Халық медицинасы орталығы» Бас директорының филиалдар бойынша бірінші орынбасары қызметін атқарудамын.

Әр адамның жеке тағдыры болады. Менің де тағдырымның ирек-ирек, қисық жолдары болғаны өзіме аян. Одан сүрінбей өту барлық пендеде бола бермесі анық. Өндірістік жұмыс пен бүгінгі киелі орданың жұмысын салыстыруға болмайды. Кейінгісі күрделінің күрделісі. Өйткені, бұрын айқын бағдарламасы мен жолы да болмаған тыңның тың құбылысы. Қысқасы психологиялық жақтан әр түрлі естік ауытқуға ұшыраған көп ұлттың жасы да, жынысы да, білімі де, танымы да, дәрежесі мен атағы да ұқсамайтын тылсым құпиялы азаматтарын бір ортаға жиып, оларға тәрбие беруді нақты жүзеге асыру оңай болмады. Мұндай жақсылықтарыма ала көзімен қарап, мен басқарған ұйымды түп-тамырымен жою үшін бұйрық шығарған, шешімді қабылдаған жоғары шенді көп салалы ұйымдар «шайқасы» он жылға жалғасты. Шындық жолындағы еңбегіміздің жемісінің нәтижесі қарсыластарды мойындата білді. Олар да ақыры ымыраға келді.

Осы бір ауыр кездегі басыма түскен қиыншылықтың апам марқұмның аянымен дәл келгенін сездім, аруақ аманаты үшін киелі орданың шаңырағын сақтап қалудамын.

– Сіздің мамандығыңыз инженер болса да, бүгінгі кәсібіңіз бойынша басқа саланың ғылымын насихаттауға не себеп? 

Елдің бәрі мені медицина маманы, бірі әдебиет пен психология немесе тарих маманы т.б. деп ойлайды. Менің бір ғана жоғары білімді мамандығым бар, қысқасы инженер-электрикпін. Өз мамандығыма құрметпен әрі мақтанышпен баға беремін. Бұл мамандығымның ілімі көп салалы ілімдермен бірлесіп іс істеуіме кең жол ашты. Оқу бітіріп елге келген соң сол 1969 жылдар шамасында Нарынқол ауданындағы электрлендіру, радиоландыру жұмыстары облыста ең артта қалған салалар болатын. Текес, Сарыжаз ауылында радио торабын орнату жұмыстарымен өзім шұғылданып, осы саланың облыстағы мамандарымен келісіп, аз уақытта көп жылдар үнсіз тұрған әр үйдегі радио нүктелерін сөйлетуге мүмкіндік жасадым. Сарыжазда тұрғанда арнайы Алматыдағы сол кездегі ҚазССР байланыс министрлігіне келіп, Шалкөде аймағы шаруашылықтарымен сол кездегі Кеген аймағына теледидарын таратуға келісіп, мамандарын елге алып келдім. Сол кезде Тасашының биігінде тұрған телемұнараның орнын анықтап, дайын ғылыми ұсынысты: Кеген ауданының бірінші хатшысы Серкебаев мырзаға ұсындық. Хатшы: «Сен кімсің соншалық мұндай ұсынысты жасайтын. Біздің өз инженерлеріміз бар» – деген. Сонда хатшыға Алматыдан арнайы әкелген байланыс министрлігі мамандары «Сіз бұл ұсынысты қабылдамасаңыз Кегенде өмірі теледидар болмайды, бәрібір біз Шалкөде үшін орнатамыз. Сіз мына жас инженердің талабына, жігерлілігіне, рахметіңізді айтыңыз», – деді. С.Серкебаев аз ойланып барып, маған қарап: «Сіз, ренжімеңіз, саған рахмет еңбегіне, біз келістік», – деді.

Міне, Тасашыдағы телемұнара осылай орнатылған.

Нарынқол ауданының энергетикалық қуаты облыстағы ең соңғы орында дедік қой. 1977 жылы мен осы ауданның электр жүйесі мекемесіне басшы болғаннан кейін, бірден елді мекендер мен шаруашылық кешендері және жеке мал «ірі қара, қой» отарларына электр желілерін тартқызып, әрі қуаты жоғары ток өткізетін трансформаторларды қойғызып, ауданның энергетикалық қуатын молайттым. Айналасы төрт жылда аудандағы төменгі және жоғары кернеулі электр желілері толық жаңаланды, жоқ жерлерге жаңадан тартылды. Алыс мал отарларына дейін электрлендірілді. Ол кезде аудандық партия комитетінің шешімі бұлжымас заң болатын.

Осынау қасиетті жолға келуіңізге не себеп болды, қалай келдіңіз?

Өткен ғасырдың (20 ғ.) сексенінші жылдарының ортасынан бері осы Алматы қаласының жанындағы Алатау елді мекенінде тұрып келемін. Алматыға қоныс аударып, өз мамандығым бойынша тәп-тәуір қызмет атқарып жүріп, белгісіз бір тылсым қармағына ілінгендей болдым. Ақыры 20-ғасырдың сексенінші жылының ақырынан бастап біржолата емшілікке беріліп, өз мамандығымның қызметінен кетуіме тура келді. Сырқат жандарды бір-бірлеп емдесем кейін топтық емге айналдырдым. Нәтиже жаман болмады. Мен семьялы емші атанған бұрынғы Одақтағы жалғыз ғана әлемдік дәрежелі жанұяның басшысы болып, өз қасиетімізді ірі халықаралық форумдар, конгрестерде жоғарғы дәрежеде дәлелдеп, әрі мойындата алдық. Қазақ халқының қасиетінің құдіретті екенін айғақтап, әрі оны байыту жолында іске кірістім.

Арман шексіз ғой. Ақыры іс әрекетім өз нәтижесін берді. Халықтық емшілер ұйымын құрдым. Емшілердің білімін жетілдіру мен көтеру мектебін аштым. Газеті шығарылды. Емшілерді бастап үш рет халықаралық конгрестерге қатыстым.(Алматы, 20-29.09.1991., 18-21.10.1992. және Қырым, Гурзув, 2-9.10.1993.). Қазақ елінің халық емшілерінің ерекше қабілеттері мен көрегендіктері талай рет әлемнің білгірлері мен ғалымдарын таң қалдырды. 

Білімімді де өздігімнен ұдайы көтеріп, әрі тылсым құпиялар туралы көзқарастық танымымды байыту мақсатында 1991-1993 жылдары Мәскеу, Алматы, Қырым, т.б. қалаларында халық медицинасының ірі мектептерінде дәріс алдым. Әлі де жалғастырудамын. Өзімнің ілімімді дамытып, тәжірибемді молайтып, өз ұлтымның құпиялы, киелі қасиетін ғылымға қосуға армандаған ізгі ниетім алғашқы нәтижесін берді. Бүгінде оқырман халықтың өкілдері мен зерттеушілерден «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы» атты (Алматы, 2001 ж.) ғылыми-танымдық әрі тарихи кітаптарым және «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-толғау кітапшам (Алматы, 2000 ж.) өзіне лайық бағасын алды.

XV ғасырдың ғұлама ғалымы, дала ойшылы, ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегін (Жалын, Алматы, 1996.) нақтылы дәлелдеп, ғылыми жағынан сұрыптап әрі оның әлемдік ғылымда ойып тұрып өз орнын алуы маған оңайға түспеді. Талай кесе-көлденең қиын жолдардан өтуге, небір ғұламалармен сөз таластыруға, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылар алдында дәлелдеуге, оны әуе толқынына шығаруға талай да талай қиыншылықтарға төзуге тура келді. Байсалдылық, сабырлылық танытып, өз ісімнің алға жылжуы үшін талай қиындыққа төздім. Сөйтіп эфирде аты аталып, еңбегі бағаланған Өтейбойдақ баба, қазақ ғылымына бірден еніп кетті. Өз орнын тапты.

Алла тағаланың берген ырыздығы мен несібесіне риза болу, асқақтамай, кеуде көтермей кішіпейіл болу адамгершіліктің таза тұлғалық қасиеті.

«Асқақтасаң бір күні асыласың, баяу жүрсең бәйгеге қосыласың» – деген халқымыздың даналық сөзін әрқашан өз жұмысымда негізгі қағида етіп келемін. Өзімнің таза еңбегім арқылы бақытқа жетіп, кім екенімді халықтың, ұйымның т.б. алдында ақтай алсам, ол менің тазалығымның айнасы мен еңбегімнің таза жемісінің көрсеткіші деп түсінемін. Сондықтан да Алла тағаланың құдіретімен бір мамандықтан көп мамандық иесіне айналуым тылсым құпия күштерінің құдіреті екенін түсіндім.

– Зядан қажы, көптеген замандастарыңыз атаққа құмар. Ал сіз ше?

Маған неге сіздің басқалар сияқты атақ пен данқың және орден медальдарын жоқ, ұшан-теңіз еңбегін атаусыз, – деп өзінше көсемсігендерге, мен маған да және еңбегіме де ғылым мен халық баға береді, жалған атақ пен жарамсыз орден алушылардан сақтасын деумен келемін.

Бұл өмірде бәрі болып жатыр ғой. Бірде-бір ғылыми мақала жазбай-ақ, ғылыми конференцияларда баяндама жасамай-ақ, кітапханаларға бармай-ақ, ғылыми ортаны көрмей-ақ жоғары білімді медицина дәрігері, кандидаты, тіпті қоғамдық ұйымдардың академигі атанып жүрген халық емшілері де тізімге ілініп, өтіріктері әшкереленуде. Осылардың бұл теріс әрекеттеріне күйінемін, халықтан ұяламын және ғылымның қадірін сыйламағаны үшін ұяттарын алдына қоюдамын. Ұятсыздықтары кейде демалуды да ұмыттырады. Маған келетіндер, телефон арқылы мұң-мұқтажын айтатындар, қиыншылық көргендер, ауру жандар, алданғандар, арбалғандар және тағдырдың ауыр қасіретін тартып жүргендер. Осыларды қайтсем қиын жағдайдан шығарудың жолын тауып қуантып, оң жолға түсулеріне көмегім тисе деген ізгі армандарымның нәтижесін көргенде қуанып, шаршағанымды ұмытып та кететін уақыттарым болды.

Кейде шаршағанымды, ренішімді белгісіз бір құдіретті тылсым күш пен әсердің сезімі бойынша ән жазуға, әртүрлі тақырыптағы халыққа, қоғамға қажетті мақалалар жазуға бұрып, күшімді соған арнап келемін.

Айтпақшы, Зәке, мұсылмандық бес парыздың бірі қажылыққа да барып қайттыңыз. Осы сапар жайында айтарыңыз болса?...

– 2003 жылы 4-26 ақпан аралығында Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы мен «Спутник Қазақстан» фирмасының ұйымдастыруымен Араб эмиратында, қасиетті Мекке-Мәдинеде қажылық сапарда болып қайттым. Қажылыққа Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы мен Халық медицинасы орталығынан 12 халық емшісі бардық. Қажылық сапарды өтеуде басты парыз етілген ихрам киіп, Қағбаға тәуеп жасау, Арафатта тұрып, Алладан тілек тілеудің негізгі шарттары Минаға түнеу, Мұздалифаға қону, шайтанға тас ату, құрбан шалу, шаш алдыруларды толығымен орындадық. Кіші қажылық пен үлкен қажылық қасиетті Меккеде орындалып, он бес күнде аяқталды. Бұдан кейін Меккеден 420 шақырым Мәдинеге сапар басталып, бес күндей уақытта аяқталды. Күннің ыстығы (30-35 градустай), ауа-райының құрғақтығы да оңай тимеді. Дегенмен, Аллаға иман келтіріп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Құранның 1-сүресін алғаш Жәбірейіл періште арқылы қабылдаған жері Нұр тауындағы үңгірді көрдік. Сафа тауында болдық. Арафаттағы Рахман төбесіне шықтық. Мекке мен Мәдинедегі «Әл-Харам» мешітінде түнедік. Сөйтіп, айтарлықтай парызды толығымен өтеп, анадан жаңа туғандай, күнәдән пәк болып елге оралдық.

Біздің еліміздің ерекшелігі – жеріміздің табиғаты көркем, нағыз адам пенденің бақытты да баянды өмір сүруге қолайлы қасиетті де, киелі мекен екенін байқадым. Бәлкім, осындай атамекеніміздің қадірін білу үшін, әрбір ел азаматына сыртқа бір шығып келу қажет те шығар...

– Ғылыми және рухани бағыттағы еңбектеріңізден мәлімет бере кетсеңіз?

Бүгінде республикада шығатын әр саладағы 45-тей газеттер мен журналдарда және «Қазақ  Энциклопедиясында» менің 200-дей мақалаларым жарияланды. Оның ішінде ғылыми тақырыпта 15-тен аса, энцтклопедиялық тақырыпта 20-дан аса мақалалар жазылды. 60 баспа табақтан асатын «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән-толғау, «Қасиетті рух ордасы» және «Мәңгілік құпия шежіресі» (Алматы, 2000, 2001) өз бағаларын алумен өз орнына қарай іріктеліп, тағы да екі-үш кітап баспаға әзірленіп жатыр. Республикалық және облыстық теледидарларда 1990-жылдан бері әртүрлі тақырыпта, емдер, рухани-таным және халық медицинасының құпиялары, табиғат пен ғарыштың тылсым сырлары және т.б. туралы берген сұхбаттарым мен дәрістерім бүгінде 70 сағаттан асатын бейнетаспа болыпты. Сондай-ақ, республикалық және облыстық арналарда 1990-жылдан бері жоғарыдағы тақырыптарда ұдайы эфирге шығудамын. Бұл да бірнеше ондаған таспалық сұхбаттар болыпты. Ең маңыздысы – толғау, термелерімнің сөзі мен әні өзімдікі. Әндерім және бір сағаттық авторлық шығармалық еңбектерім 1996-жылы республикалық, ал 1994-жылдан бастап «Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Семей, т.б.» облыстар мен қалаларда «Алтын қорға» алынды.

– Сіз басқаратын Қауымдастықтың ұйымдық құрамы жөнінде мәлімет берсеңіз?

– Бүгінде Қауымдастықтың 20-дан аса облыстық және қалалық филиалдары заңды тіркеуден өтіп, оның мүшелері мен емшілері өздерінің Жарғылық қызметтерін халықтың арасында имандылық пен қайырымдылық саласында нәтижелі атқаруда. Қауымдастықтың жанынан 10-нан аса мамандықта білім беретін халық емшілерінің білімін жетілдіру мен көтеру мектебі тұрақты жұмыс істеуде. «Шипагерлік баян» газеті үзбей шығарылып келеді. Қауымдастық пен республикадағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және жеке тұлғалар арасында тығыз байланыс орнатылған. Халықтың күн санап қауымдастықтың қызметіне сенімі арта түсуде. Ғылыми мекемлер мен бақылаушы орындар да оң көздерімен қарай бастады. Қауымдастықтың қызметі елімізден тыс шетелдерге де таныла бастады. Бұл да ұйым мүшелерінің жемісті еңбектерінің нәтижесі.

Болашақ жоспарыңыз жайында айта кетсеңіз?  

– Қазақтың халқы киелі, жері де қасиетті екені әлемге аян. Осындай ел мен жердің ұрпақтарының киелі қасиетін сапалы, ғылыми тұрғыда көтеру мен әлемдік дәрежеге жеткізу саласында қызметімізді жалғастыра береміз. Көзі ашылмаған бұлақтай болған ата-бабалардың көп салалы киелі қасиеттерінен сыр шертетін құпияларының энциклопедиясын шығару ниетіндеміз. Осы жылы Алматыда өтетеін Қазақстан республикасы халық медицинасының «Өткені, бүгіні және болашағы» атты I Халықаралық конгресті өткізушілердің бірі ретінде аталған шараларды абыроймен аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сөз соңында халыққа және осы басылым оқырмандарына қандай тілек айтар едіңіз?

– Отаныма амандық, халқыма бірлік, әр азаматқа денсаулық, имандылық, жұмыстарына табыс тілеймін. Әмин!

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Ж. Сәрсенбай,

 «Шипагерлік баян» газеті, № 2 (08) 2004.

 

ЛУЧШИЙ ЦЕЛИТЕЛЬ III ТЫСЯЧЕЛЕТИЯ

 

Самое главное в жизни человека – это здоровье. Но как часто можно сейчас встретить абсалютно здоровых людей? Таких практических не осталось. Обязательно что-нибудь заболит. И тогда мы сразу бежим к врачу, а не которые из нас торопятся к народным целителям.

И мы поспешили к целителю – Зядану кажы Кожалымову, президенту Ассоциации народных целителей Казахстана – но не за советом, а для того чтобы узнать о деятельности Ассоциации.

– Уважаемый Зядан кажы, расскажите про Вашу деятельность в Ассоциации народных целителей Казахстана.

– Ассоциация является республиканской общественной организацией. Она создана 22 декабря 1991 года при участии представителей народных целителей Казахстана. Ассоциация осуществляет  деятельность в 19 областных и городских филиалах. В ее составе более трех тысяч членов. Основные цели и задачи:

– Объединение в состав Ассоциации потенциально одаренных людей,

– содействие в организации духовно-просветительских, учебных, научно-просветительских, культурно-просветительских центров,

– защита прав и интересов членов Ассоциации,

– содействие изучению и исследованию космических особенностей природой одаренных людей.

Народные целители проводят благотворительные оздоровительные мероприятия среди населения.

– Какие были трудности в деятельности Ассоциации народных целителей Казахстана?

– Являясь председателем оргкомитета по созданию АНЦК и первым президентом, прошел трудности по преодолению взаимоотношений между Ассоциацией и чиновниками разных министерств и народных целителей, которые на данное время идут к нормализации отношений.

– Какие достижения в деятельности АНЦК?

– Члены Ассоциации, соблюдая законы РК и требования Устава АНЦК, постоянно добровольно поднимает уровень народной медицины людей разных национальностей и духовных населения Казахстана.

Участвовали много раз в различных всемирных и международных форумах и конгрессах, где показали достижения и способности народных целителей по научно-теоретической и практической одаренности. При Ассоциации создан научный центр и постоянно действующая школа обучения и повышения квалификации народных целителей по направлениям: народная медицина, биоэнергетика, космоэнергетика, Рейки, психолог-консультант, фэн-шуй, массаж, мануальная терапия, музыкотерапия и т.д.

С 1992 года Ассоциация выпускает газету «Халық емі», а с 2002 – газету «Шипагерлік баян».

– Зядан кажы, Вы по специальности инженер-энергетик, а сегодня фактически Ваша деятельность связана с медициной, журналистикой, психологией и т.д. Как Вы это объясняете?

– Аллах испытвает человека всю его жизнь. Если человек не выполняет или не понимает таинства своей одаренности, то он встречает не только трудные ситуации, но и психологические отклонения в жизни. Моя работа связана с космической телепатией, народными центрами, научно-исследовательскими учрежденями и отдельными одаренными личностями. Я постаянно согласовываю свои действия о человеческих, природных и космических таинствах с учеными разных специальностей Казахстана и зарубежных стран.

– Расскажите о Вашей научно-творческой деятельности.

– В 1992-2003 гг. было опубликовано более 150 научно-познавательных статей о духовных и нравственных исцелениях,  критике религиозного познания, тайнах исцеления в более 45 республиканских, областных, городских газетах и журналах, а также в Казахской «Энциклопедии», изданы сборники статей  международных и республиканских научных конференций. Веду научное  исследование по лечебной психологии. Совместно с учеными КазГНУ и КазГНМУ с 1998 года анализирую с научной точки зрения книгу великого ученого, целителя XV века. О. Тлеукабылулы «Сказ о целительстве» сокровенных тайн исцеления.

Начиная с 1992 года, более ста раз выступал в эфире республиканского, областного телерадиовещания и давал интервью, читал лекции на разную тему о проблемах народной медицины и нравственности.

Я сам сочиняю стихи, пишу мелодии и являюсь автором более 20 песен, терме и толгау. И многие из них в «Золотом фонде» Казахстана и областного радио. В 2000 году вышел в свет сборник песен и толгау под названием «Поддерживает бог с небес». В 2001 году издана научно-позновательная книга «Летопись вечной тайны» о сокровенных тайнах и научно-исторические книги «Орда трансцендентация духа».

– Ваши планы на будущее?

– Постоянно руководствуясь Уставной деятельности Ассоциации, поднять международный уровень работы Ассоциации. Как сопреседатель организационного комитета совместно с Республиканским Центром медицины буду проводить Первый Международный Конгресс «Народная медицина Республики Казахстан» - «Прошлое, настоящее,  будущее» который пройдет в Алматы 16-19 сентября  2004 года.

Редакция  журнала «Амулет» поздравляет Зядана кажы с юбилеем! Желам здоровья, успехов в работе и всего наилучшего.

Журнал «Амулет», 2004.- № 7-8, июль-август

 

Аруақтың түбі жын ба?

 

Баяғы ата-бабаларымыз «ақырзаман боларда елде бақсы-балгер көбейер» – деген екен. Сол айтқандай қазір не көп балшы, тәуіп, бақсы көп. Ол туралы ел арасында қаймана қазақтың көзін жұмып, аузын ашып тыңдайтын ғажайып «кереметері» аңызға бергісіз. Бір мысал. Менің таныс құрбым әлдебір сектанттың, не болашақты «бұлжытпай айтып беретін» әлгіндей «көріпкелдің» қармағына ілікті. Қазір ақ жамылып бұрынғы өткен әулие-әмбиелердің мазарларын аралап жүр. Онысымен қоймай, адам ойына кірмейтін теріс қылықтар жасап, әулиелердің аруағын шақырып болашақты өзінің «болжауға» тырысатынын қайтерсің. Бұл бір емес, мұндай жағдайды көптеп келтіруге болады. Осындай жағдайлардың басын ашып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алу үшін Қазақстан халық емшілері қауымдастығының төрағасы Зядан қажы Қожалымовқа бірнеше сауал қойған едік.

– Зядан аға, жалпы халқымызда осы дәстүрлі емшілік баяғыдан бар екені баршамызға аян. Жалпы осы емшілік қазір қалай жалғасын табуда?

– Емшілік – көне дәуірден бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан барша ұлттардың текті қасиеті. Тұқым қуалайды. Қаншама ғасырлар бойы, әр түрлі ұлттардың тылсым құпия сырларына тап болған адамдар жағдайдың, яғни заманның қиыншылықтарына қарамастан олар өз бойындағы қасиетін адам денсаулығын жақсаруға бағыттап ашық та, жасырын да емдеп келді.

Сондықтан да қазіргі таңда қай ұлтқа жататынына қарамастан барлық емшілер тағдырлас. Олардың құпия қасиетінде шекара жоқ, бәрі де бір Алланың берген қасиеттері. Бұған дейін емшілік, бақсылық, балгерлік, көріпкелдік, жауырын ұстау мен телапатиялық қасиеттерге мән берілмей келді. Ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсір Баласағұни, XV ғасырдың емші-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбектерінде этникалық, ұлттық ерекшеліктерін жазып жеке тұжырымдамаларын баяндаған. Бұлардан кейін өз кезінде саяхатшы Шоқан Уалиханов та бұл ерекшеліктерді зерттеген. 1961 жылы сол кездегі ҚазССР-ның денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Қарынбаев Алматыда бүкіләлемдік (дәстүрлі емес) Халық медицинасының конгресін өткізіп, бұл саланың дамуына жол ашты. Ел тәуелсіздігінен кейін, қазақ еліндегі киелі қасиет иелеріне (көріпкел, емші, т.б.) тылсым құпия сырларын зерттеп, сырқат жандардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік берді.

1991 жылы желтоқсан айында құрылған Халық емшілері қауымдастығы бүгінде өз мүшелерін Әділет министрлігі бекіткен Жарғысы аясында халыққа қайырымдылық, имандылық, рухани сауықтыру саласында қызмет етуге жұмылдыруда.

– Емшілік, шипагерлік қасиет Алла тағаладан дариды дейсіз. Дін мен емшіліктің қандай үйлесетін және үйлеспейтін жақтары бар? Ел арасында мынадай түсінік бар, егер бір емші дін жолын ұстаса оның «аруағы бар-мыс» деп, немесе дінге тек «жолдан адасып» тәубасына түскендер бет бұрады деп түсінеді.

Емшінің қызметі – тікелей адам өмірімен байланысты болғандықтан діни сауатты, білімді, тәжірибесі мол болуы керек. Емшінің мақсаты – адам жанын неше түрлі зиянды әдеттерден тазарту. Сондықтан өзіміздің емшілерімізге алғашқы күннен бастап-ақ намаз оқуды үйретіп, рухани сауықтыру жөнінде нұсқау беріп келеміз. Адам денсаулығына зиян келтірмеуге, дүниеге қызықпауға, алдап-арбамауға, өтірік айтпауға, тазалыққа шақырамыз. Бұл үмітіміз ақталуда. Қазір 50-ге жуық емші қажылыққа барып келді, жүздеген емшілер діни курстар бітірді.  Ел арасында діни үгіт-насихат жүргізуде.

Сол арқылы жан дүниесі жүдеп-жадап, азып-тозғандарға, теріс жолға түскендерге, нашақорларға, өз отбасынан безінгендерге біздің ұйым рухани көмек беруде.

Бүгінде осы салада қауымдастық құрамында 27 облыстық, аймақтық, қалалық бөлімшелер жұмыс істейді. Сонымен қатар, емшілік пен дін саласын дамыту үшін өз тарапымыздан алғаш «Халық емі» кейін «Шипагерлік баян» атты көлемі 150  баспа табақ газет шығардық. Адамның, ғарыштың, табиғаттың құпияларынан түсінік беретін еңбектерді, Құран аяттарының қасиеттері жөнінде анықтамалар шығарып халық игілігіне жаратып жатырмыз.

– Көпшілік көкейінде жүрген сұрақтың бірі қазіргі халықты алдап «емшімін, бақсымын» деп адам ойына кірмейтін қылықтар шығарып жүрген қаптаған «әулие», «көріпкелдерге» қандай тосқауылдар қоясыздар?

Жалпы біз – қоғамдық ұйымбыз. Бүгінде ел ішінде әртүрлі пікір тудырып жүрген түрлі-түсті «әулиелер», «аналар», «емші пайғамбарлар», «ордалар», т.б. жөнінде көптен бері өз ойымызды телерадио арқылы айтып та, баспасөз бетінде жария етіп те жүрміз. Әрине, «сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» демекші, әрдайым пендеде кемшіліктер болады. Дегенмен топ-тобымен әулиелердің қабірлеріне зиярат етіп, «аруақтар бата береді» деп жүргендерге ежелден қарсымыз. Біз Аллаға сенеміз, құлшылық етеміз. Көптеген емшілердің алаяқтық, алдампаздығы жөнінде жазылып та, айтылып та жүр. Оларды тіртіпке шақыратын қауымдастық емес, заң орындары, жергілікті әкімшіліктер, қала берді дәрігерлік орталықтар.

Мұсылман елдерінде халық емшілігі дегенге қалай қарайды және олардағы ем қандай?

Мысалы араб елдерінде арнайы діни факультеттер бар. Онда Құран аяттарымен емдеуді үйретеді. Алғаш Құран аяттарымен емделуді Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өсиет еткен екен. Содан кейін сахабалар сүрелердің әрбірінің, мысалы, «Ықыластың» 71, «Фәлақтың» 59 емдік, қорғаныс, жол ашу қасиеттерін ашқан. Діни курстарда, факультеттерде мысалы, Санкт-Петербург қаласында 2002 жылы жарық көрген шейх хаким Моунуддин Чиштидің «Суфийское целительство»  атты кітабындағыдай емдік шөптер мен Құран аяттарымен емдеу тәсілі үйретіледі.

Ал, енді адал емші мен алаяқ, жалған емшіні қалай ажыратуға болады?

Адал емшіні сыртқы келбетіне қоса, адамгершілігі, иманжүзді, шындық жолында жүретін, уәдесіне берік, емі үшін кесімді ақша сұрамайтын, тек Алла ризалығы үшін көмек көрсететін іс-әрекеті айқындайды. Олар бір Аллаға сенеді, байлыққа, мәнсапқорлыққа қызықпайды. Сондықтан да олардың айтқаны әділ, емі қонымды, шөппен де, дін жолымен де емдейді. Ал, жалған емшілердің сыртқы пішіні өте кішіпейіл, қулау, адамға туысшыл, жершіл, өзін білімдар санайтын өзімшіл келеді. Олар әрдайым өзіне сенгендерді қорқытып, өз бастарына, аруақтарға табындыруға тырысады. «Аруақтардан бата ал» деп үгіттеп, сырқаттардың қалтасын қағуға тырысады. Ұяты аз, заңға қайшы әрекет етеді. Мұндай «емшілер» көбіне-көп  сауатсыз, Құдайдан қорықпайды. Жалпы емшілер атына кір келтіреді.

Сөз соңында, өзіңіздің халыққа ұсынған «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабыңыз жайлы да айтып өтсеңіз.

Бұл кітапты жазуға себеп болған, кейбір емшісымақтардың Аллаға серік қосқан келеңсіз іс-әрекеттеріне қынжылып, намыстанып, өзімнің мұсылмандық парызым деп жазып шықтым. Ол 2001 жылы мың данамен жарық көрді. Аллаға шүкір, халық бағасын беріп жатыр.

Сұхбаттасқан: Нұрсәуле Құрбанайыс,

«Ислам және өркениет» газеті, №5 (65) 1-15 наурыз, 2006 ж.

 

 

 

1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  12  13  14  15 16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  41  42  43  44  45  46

в начало